А.Байтұрсынов.150жылдығы."Оқуға шақыру"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

А.Байтұрсынов.150жылдығы."Оқуға шақыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған ашық сабақ материалдарыю
Материалдың қысқаша нұсқасы
Түркістан облысы Кентау қаласы
«Дәуір» балабақшасы

Мектепке дейінгі
ұйымдарына көмекші
құрал жинағы

Кентау 2023 ж

Сырбекова Оразкуль Жексенбиевна
Жоғары санатты тәрбиеші

Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым Жомарт Тоқаев Кемелұлы
Педагогтардың Республикалық тамыз - 2022 ж
конференциясындағы сөйлеген сөзінде
"Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез", – деп ұлы
Абай айтқандай, Ұстаз – әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын
тұлға. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет.
Сіздердің арқаларыңызда тұтас бір буынның құндылықтары мен
қасиеттері қалыптасады.
"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деген халқымыз. Ұстазсыз
адам болмайды. Бәріміз де кезінде мұғалімнің тәлімін алып, білімін
үйрендік. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін
лайықты бағалау – өте маңызды міндет. Тарихы терең дәстүр
сабақтастығы ұлттық тәрбие арқылы беріледі.
Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне
әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай,
ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс. Сондықтан, білімі терең,
ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор
жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз –
Қазақстанның жарқын болашағы. Сапалы білім – жетістікке
жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы.
"Жеті түрлі ілім білетін" ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі
міндеті.

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу», - делінген.
Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ иелері бүлдіршіндерімізге тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір
жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі
қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік экономикалық өзгермелі
жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны
жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі
нақты талаптар:
шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары
интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Қоғамның өзгеруімен
байланысты білім беру әдістері де білім көлемі де үнемі өзгеріп отырады.
Ол білім беру заңдылықтарына байланысты өзгеріп дамып отырады. Біз
бала тәрбиесіне қатысты зтәрбиешілер қауымы қандай болмасын
жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының
мазмұнын жүзеге асыруда 4 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың жас
ерекшеліктері ескеріліп, ұйымдастырылған оқу қызметінің білімділік,
дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарының жүйелілігі мен бірізділігі сақталып
әзірленді.
Тақырыпқа сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда сахналық
қойылымдарды тәжербиеде пайдалану әдістері отандық және шетелдік
ғалымдардың: Л.В. Артемова, Л.В. Ворошина, Л.С. Фурмина, Б.Б.
Баймұратова, Т.Қалдыбаева т.б еңбектерінде сипатталған.
Арт терапия терминін ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт
терапия ағылшын тілінен аударғанда «шығармашылық терапия» дегенді
білдіреді.
Арт терапияның ерекшеліктері: музыкалық терапия, драма терапиясы,
ертегі терапиясы, ойын терапиясы, фото терапиясы, құм терапиясы, маска
терапиясы т.б
Жас баланың ойлау, есте сақтау, сөйлеу, көру қабілеттерін дамытуда халық
ауыз әдебиеті үлгілерінің алатын орны ерекше. Солардың ішінде көп тараған
үлгілерінің бірі ертегілер. Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ертегі баланың
қиялына қанат бітіріп, бойындағы игі қасиеттердің қалыптасуына жол

бастайды.
Ертегілер- халқымыздың тұрмыс- салтын, арман-үмітін, өткен
өмірінкеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді салаларының
бірі. Ертегілердің білім мен тәрбие
беру саласында маңызы
өте
зор. Мектеп жасына дейінгі балаларға ертегілерді оқып беру арқылы
адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Әрбір ертегіні оқып беріп, таныстыру
арқылы танымдық қабілеттерін арттыруға болады. Балабақшадағы жоғарғы
топтарда өткізілетін әрбір ұйымдастырылған оқу қызметтерінде ертегілерді
негізгі динамикалық қозғаушы күші, яғни дидактикалық көрнекіліктер
ретінде пайдалануға болады.
Ертегі терапиясы –психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі
сюжетіне әсерленуі, кейіпкерлердің қиыншылықтарына алаңдауы оның
келешекте өз алдына пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне
іштейдайындығын тудырады. Баланың жақсылық пен жамандықты
айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектеседі.
Бала тәрбиесінде үлкен орын алатын мәселенің бірі- балалардың тілін
дамыту. Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетін жүйелі түрде пайдалана
білу баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтіп, ұғымын байыту.
Театрланған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі балалардың
байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру. Сонымен қатар , баланың ойлау
белсенділігі артады, өз бетімен жұмыс түрі дамиды, өз ойын еркін жеткізе
алады.
Мақсаты: тәрбиешілерге білім беру процесін тиімді ұйымдастыруда
көмек көрсету және мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын
дамытып, тілін дамыту және тілге деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.
Әдістемелік құралдардың міндеттері:
-балаларды театр мәдениетіне баулу;
- таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналауға үйрету;
-шығармашылық қабілеттерін көрсетуге жағдай жасау;
Ертегі терапияның жетістіктері:
-баланың сөйлеуін дамытады, сөздік қорын дамытады, дұрыс диалог
құруғакөмектеседі;
-баланың эмоцияларын дамытады, бала ертегі кейіпкерлерін
елестете отырып, кейіпкерлердің ішкі дүниесін ұғынуды, оларға
жанашырлықтанытуды үйренеді;
-баланың қиялы, шығармашылық қабілеттері артады;
-балаға жағымды эмоционалдық көңіл күй сыйлайды;
-баланың ертегіге деген сүйіспеншілігі оянып, әртістік қабілеті артады.
Қорыта келгенде ертегі терапиясы балалардың көркем қабілеттерін
жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға арқылы қарым қатынасқа, өнерге деген
қызығушылықтарын арттырады. Қалай десек те ертегі балалар үшін мереке,
демалыс орны.

Тақырыбы: А. Байтұрсынов 150 жыл «Оқуға
шақыру»
Бөлімі: Сауат ашу. Көркем әдебиеті. Сөйлеуді
дамыту. ҚМҰҚ.
Мақсаты:Қазақтың қараңғы түнін жарық
қылған санаулы жұлдыздарымыздың бірі Ахмет
Байтұрсыновтың өмірбаяны мен еңбектерімен
таныстыру, білімін кеңейту. Ұлттың ұлы ұстазы:
халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері,
ағартушы.
Шығармаларын
жатқа
айту.
Тарихымызды білуге, білім рухында тәрбиелеу,
қайырымдылық ұлы тұлғаларды құрметтеуін
тәрбиелеу.
А.
Байтұрсынов
халқы
үшін
жасаған
еңбектерінің
мәнінің
жоғары
екендігін
ұғындыру.
Жыл бойы оқылған
материалдарды пысықтау,білімді бекіту.Тіл
байлыған дамыту.
Әдіс тәсіл:Ойын сабақ
Құрал-жабдықтар:А.Байтұрсыновтың суреті.
Сужетті суреттер, сандар мен әріптер.Суреттер,
Белингвалды компонент: Күз-осень, қыс-зима,
көктем-весна, жаз-лето
Ұ.О.Қ.
кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Балалар жеңіл қазақи музыка әуенімен топқа
кіреді.
Балалар , бүгін біздің оқу қызметі өте
қызықты әрі мағыналы болмақ. Бұл күнді жақсы,
қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Ұлы
ұстаз Ахмет Байтұрсынов атамыздың 150 жылдық
мерей тойына арналған» «Оқуға шақыру» атты
шаттық шеңберіне шақырамын.
(балалар шеңбер бойы
тұрып педагогпен бірге
-Шаттық шеңбері
Балалар!
айтады)
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ! (жуынып, киініп,
жатқан киіп көрсетеді)
Шақырды тауық мана әлдеқашан, (құлағын тосып
тыңдағанын көрсетеді)

Қарап тұр терезеден күн жылтырап.(терезеге күнге
қарайды)
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да, (проектордан
көреді)
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да.
-А. Байтұрсынов атамыз «Оқуға шақыру» өлеңінде
Жатпа қарап оқуға бар білім ал, оқып үйрен деп
жатыр, сендер ертең мектепке баруға дайынсындар
ма?
–Ал ендеше тексеріп көрейік.
-Бүгін аптаның қай күні? (сол күнді айтады.
Сәрсенбі)
-Балалар бұрын апта күндерін тағы қалай атаған?
-Бір жылда неше мезгіл бар?
Мүсілім:Төрт мезгіл:Күз Қыс Көктем Жаз.
Белингвалды компонент: Күз-осень, қыс-зима,
көктем-весна, жаз-лето.
-Күз мезгілінде қандай мерекелер бар?
Күз туралы қандай тақпақ білеміз?
Ораз:( Шырылдауық шегіртке)
-Қыс мезгілінде қандай мерекені атап өттік, ал осы
мезгіл туралы тақпақтар,ертегілер естерінде ма?
-Анель
Авторы Абай Құнанбаев "Қыс" өлеңі.
Ақ киімді денелі ақсақалды
Соқыр мылқау танымас тірі жанды
Үсті басы ақ қырау түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
-Айзере: Қазақстан Республикасының Призиденті
Қасымжомарт Тоқаев... Биылғы барыс жылын
"Балалар жылы" деп жаңа жылдық құттықтауында
жариялады.'Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы
менбақытты балалық – бұл біздің жалпы ұлтық
міндетіміз ' деп атап көрсетті.
Қыс ертегілері: Жыл басына таласқан жануарлар.
-Балалар біз шаттық шеңберінде қай ақыннын
өлеңімен бастадық?
-А.Байтұрсынов.

Күз мерекелері "Алтын күз"
мерекесі.
1 қыркүйек Білім күні.
Адия: Авторы Тұманбай
Молдағалиев. Күз өлеңі.
Сап сары күз сонымен келді
міне
Ағаштардан жапырақ төгілді
Несібесін жинап жатыр ел
міне
Ауыл маңы бұрынғыдан
көңілді
Жылы жаққа топ топ болып
түзеді
Жаз қызығын көрген біздің
құстард
Ажар:Күз мезгілінде "Алтын
сақа"ертегісі
Ораз:( Шырылдауық
шегіртке)
Қыс мезгілін де орыс халық
ертегісі "Үйшік" ертегісін
айтып үйрендік.
Фатима:
Қыс мезгілінің
мерекелері."Тұңғыш
призидент күні"
16 желтоқсан "Тәуелсіздік
күні"
Жаңа жыл мерекесі.
Айя: "Қолғап"орыс ертегісі
Раян:
Көктем мезгілінің мерекелері
12 сәуір Ғарышкер күні
15сәуір Ғашықтар күні
1мамыр Бейбітшілік күні
9мамыр Жеңіс күні
2мамыр Ораза айт мерекесі.
Нұрислам:
Көктем мегілінің мерекелері
1 наурыз -Алғыс айту күні
8 наурыз -Аналар мерекесі
22 наурыз -Ұлыстың Ұлы
күні

-Дұрыс, ұлы ұстаз А.Байтұрсынов. бүгінгі оқу
қызметіміздің тақырыбы «Ұлы ұстаз
А.Байтұрсынов» деп атанады. Ахмет атамыз
Қостанай облысы, Сарытүбек ауылында қарапайым
отбасында дүниеге келген. Ол сендер сияқты
кішкентай кезінен оқуға, білімге құштар болады.
Әкесі Байтұрсын Шошқаұлы беделдіқазіргі сөзбен
айтқанда ел құрметтейтін кісі болған. Ахмет өз
үйінде хат таниды. Яғни үйінде әкесі, анасы,
ағаларынан үйренеді. Сосын ауылындағы мектепте
оқиды. Ахмет ата он үш жасында палуан атанған.
Ол сол замандағы әділетсіз өмірдің зарын 13
жасынан бастап көрген, білген, түсінген. Оқып
білім алсам, жазуды, сызуды білсем деген
құштарлықпен өскен. А. Байтұрсынов өсейген
кезінде ақын, жазушы, әдебиет зерттеушісі,
аудармашы, педагог болған. Сауат ашу сабағында
өтіп жүрген әріп, дыбыстарды әліпбиді
құрастырған тұңғыш атамыз.
А. Байтұрсынов
атамыздың жазған еңбектері «Әліп-биі», «Тіл
құралы», «Өгіз бен бақа», «Оқу құралы», «Жаңа
әліпби» балаларға арналған еңбектері осылар.
-Ал сендер қандай өлеңімен қанатты нақыл
сөздерін білісіндер?
-Жұлдыз сөзі (аудио дыбыстық хабарлама)
-Балалар жұлдыздар қайда болады?
-А. Байтұрсынов қазақтың жарық жұлдызы.
-Сендер де Жұлдыздай жарқырып жүргілерін келе
ме?
-ендеше есімізге түсірейікші қай ақынның өлеңінде
білім мен техникаға байланысты айтылған?
Ерқанат:"Өнер білім бар жұртта"өлеңі Авторы
Ыбырай Алтынсарин.
Өнер білім бар жұртта
Тастан сарай салғызды
Айшылық алыс жерлерден
Жылдам хабар алғызды
-уақытты көп созбай Жұлдызға көмектесейік.

5 сәуір -Геологтар күні

Мухлиса:Адамға тіл құлақ
қандай керек болса
Білімде сондай керек.
Айару: Сөз көңілге сипат
жағынан көркемділігімен
Мағына жағынан күштілігімен
жағады.
Муслим:
Білімді болуға оқу керек
Бай болуға кәсіп керек
Күшті болуға бірлік керек
Осы керектердің жолында
Жұмыс істеу керек.
-Қанекей, кім қандай өлеңін
біледі?
Нұрахмет: - Авторы
А.Байтұрсынов, «Жұртыма»
өлеңі
Бірлік қып іс етуге шорқақ
жұртым,
Табылса оңай олжа, ортақ
жұртым.
Сияқты қара қарға
шуылдаған
Үрейсіз қоян жүрек қорқақ
жұртым.
Білмейсің жөнің менен
терісіңді,
Ел болып іс етпейсің
келісімді.
Кәусар: - Авторы
А.Байтұрсынов, «Қазақ
салты» өлеңі
Қалтылдақ қайық мініп еспесі
жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып
кешпесі жоқ.
Жел соқса, құйын қуса
жылжи беру
Болғандай табан тіреу еш
нәрсе жоқ.
Бұл күйге бүгін емес, көптен
кірдік,
Алды-артын аңдамаған
бетпен кірдік.

Ұ.О.Қ.
барысы
Негізгі
бөлім

Балалар қарандаршы алдымызда үш түсті із жатыр,
кім қандай түс жақсы көреді сол түсті ізбен жүріп
топқа бөлінейік.
1-тапсырма Сауат ашу «Сиқырлы әріптер мен
сөздер әлемі»
-Дыбыстар нешеге бөлінеді
-Сөз неден құралады
-Сөйлем неден құралады
-Дыбыс пен әріпті не істейміз
1-топ Үлкен,аласа,кішкентай.«бірлік»
2-топ Жуан,жіңішке,«түбі»
3-топ Ұзын,қысқа «береке»

Фатима: Авторы Ахмет
Байтұрсынов. Өлең "Анама
хат"
Қарағым, қомқор анам
Арнап хат жазайын деп,
алдым қалам
Сені сонда,мені мұнда аман
сақтап
Кетер деп "Суға түсіп,отқа
құлап"
Қайғы жеп, мен үшін болма
алаң!!
Ажар: Авторы Ахмет
Байтұрсыновтың нақыл сөзі
"Білімдіден не пайда,білгенін
көпке айтпаса.
Үйреткеннен не пайда
қайырымы болмаса.
Балалар ұнатқан түс ізімен
орындыққа отырады.

Айкөркем:
Циркте ойнар аюды
Циркаш десем күлесің
" Ц" әрпінен ба талған
Балалар дыбыстарға байланысты қандай жаңылпаш Цемент сөзін білесің.
білеміз?
-Дыбыстық талдау жасау
«Гүл, ағаш, мақта, қалам» сөзіне дыбыстық талдау
жасау.

-Адасқан әріптер ойыны
«Сағат,қайшы,мақта»
«Қоянға сәбіз береміз» ойыны
«Көршілерін ата»
«Тура кері санау»
Сергіту сәті «Ақ бұлақ»

Гүлсезім:
Сатып алды чемпион чемодан
Чемодан алған -чемпион чек
алған
Лиана:
Электр шамы жанады
Этаждар жымың қағады
Электр жарық бермесе

Аруна: Тоғыз жолдың торабы.
Ханда 40 адамның ақылы бар.
Исмаил:Қазақ халқында қасиетті саналатын
сандар.3,5,7,9,40.
Жеті атасын білген ұл .Жетіжұрттың қамынжер.
Өзін ғана білген ұл.Құлағы мен жағын жер.
Ернұр:
Жеті қазына бар жеті санына байланыстыю

Экран сөніп қалады.
Улуғзод:
Ян ян ян
Жүгіріп жүр қоян
Ян ян ян
Бұл қоян емес шаян
Ораз:
Ықылас пен ыбырай
Ыдыстарын тасымай
Ырыскүлден үлгі алмай
Ынтасы жүр тіл алмай.

1 ҚЫРАН бүркіт-жігіттің алғырлығы
2Қумай тазы -досқа адал беріктігі
3Жүйрік ат- Ат ер қанаты
4Берен мылтық -оты қаhары
5Қақпан -серті
6.Сұлу әйел -жан тазалығы ақыл пара аты.
7Өткір кездік-сұсы

Балалар ұжымдық жұмысты
орындайды.

Балалар, енді шығармашылық өнерімізгеде кезек
келді. Барлығымыз 3 топқа
Шығармашылық жұмыс
1-топ
«Көктем мезгіліндегі гүлденген ағаш»
2-топ «Әуе шары»
3-топ «Көктем талы»
-Ал енді балалар қандай тапсырмалар
орындадыңыздар?
Осының барлығын біз қай сабақтарды өттік?
Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
А.Байтұрсынов деген кім?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Өте жақсы!
Күтілетін нәтижесі:
Орындайды:Берілген тапсырмаларды орындайды.
Түсінеді:Ойын шарттарын түсінеді

Сауат ашу,көркем әдебиет,
сөйлеуді дамыту.
Ақын, жазушы, аудармашы,
Ұлы ұстаз.
«Оқуға шақыру», «Жұртыма»,
«Қазақ салты»

Білімберу саласы: «Әлеумет»
Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»
Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру, жаңа
материалды көрнекіліктер арқылы түсіндіру, сұрақтарға жауап алу,
сөйлемдерді аударту, сөздікдерді қайталау, суретпен жұмыс орындату,
орысшадан-қазақшаға
аударту;
Дамытушылығы: Достарға
деген
мейірімді
қарым-қатынасқа
үйрету. Балалардың ауыз екі сөйлеу тілін, көру, есту, есте сақтау, ойлану
қабілеттерін
жан-жақты
дамыту;
Тәрбиелігі: Адал дос, достаса білуге, адамгершілікке, сыйластыққа,үлкенді
сыйлай білуге, үйретіп тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс,
қайталату, аударма өзара сөйлестіру әдістері қорытындылау.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттер, ертегі
кейіпкерлері, қорапшалар, слайд.
Блингвалды компонент: Дос — друг. Достық — Дружба

Іздену
ұйымдаст
ырушы

козғаушы

Мотивациялық

Ә/К

Тәрбиешінің іс-әрекеті
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің оқу
қызметіне қонақтар келді. Бүгін қандай
керемет күн. Бұл күнді жақсы, қуанышты
көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Дос
болайық бәріміз» атты шаттық шеңберіне
шақырамын.
— Балалар біз барлығымыз шеңберге тұрдық,
біздің шеңберіміз қандай тамаша! Бізді
достық пен сүйіспеншілікке шақыратындай.
Бір шаңырақ астында,
Тату тәті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Әрқашан дос біргеміз.

Балалардың іс-әрекеті
Балалар
шаттық
шеңберіне тұрады.
Бүгін
Кеше
ертең

Бүгін аптаның қай күні?
Қалай айтуға болады?
бүгін,ертең,бірсүгіні,арғы
күн,қасиеті
күн,соңғы күн,азына.
«Нұрға бөлену»
қолымен шақырады
Әңгімелесу (жаңа сабақ)
Балалар бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы
«Дос болайық бәріміз» — деп аталады. қолдарынан ұстайды
Дос, достық дегеніміз адамдар арасындығы
жақсы қарым — қатынасты, бір — біріне айналады

деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезімін
айтамыз.
Достар бір — бірін ренжітпейді, керісінше
нағыз достар бір — бірін құрметтейді,
сыйлайды,
кешірімді
болады.
Достық сезім тек қана адамдар арасында емес,
ел мен елдің арасында да болады. Мысалы
біздің Қазақстан Республикасы басқа
мемлекеттермен достық қарым — қатынаста.
Балалар сендер де бір — бірлеріңді ренжітпей
тату — тәтті ойнасаңдар, бір — біріңе сыйлы
болыңдар, сендерде де достық сезім пайда
болады.
Таңғажайып сәт:
.-Есік қағылады. Қонаққа Дымбілмес
кіреді.Дымбілмес:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

қолдарын көкке созады
құшақтасады
Дымбілмес
Кәусар
Дос дегеніміз екі
адамның бір біріне
деген қарым қатынасы.
Дос деген қиналғанда
жанынан табылатын
жанашыр жан.
Нұрислам
Дөңгелене тұрамыз
тұрамыз
Керегені құрамыз
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп
Достық үйін құрамыз
-Сендер мені таныдыңдар ма?
Раян
Біз балдырған баламыз
-Иә, балалар мен Дымбілмеспін.
Досты көп табамыз
-Балалар мен гүлдер әлемінде тұрамын. Мен Қашан да қайда да
сендерге келе жатып, бір допты көріп,
Біз бірге боламыз
қуанып қолыма алып едім, бір бала келіп бұл Адия
менің досымның добы-деп алып қойды.
Қыздырынып күнге біз
Ән саламыз күнде біз
-Балалар, дос деген кім? -Дымбілмес сен
Балдай тәтті достармыз
жақсы келдің. Біз бүгін «Достық» жайында
Біз қашанда біргеміз
әңгімелесіп жатыр едік.
Айзере
Достығымыз берік боп
-Балалар,айтыңдаршы. Достықты қалай
Бекітейік беріп қол
түсінесіңдер?
Қуанышты күндерде
-Дұрыс айтасыңдар,
Қандай жақсы дос
болған
-Біздің балалар достық туралы көптеген
Айкөркем
тақпақтар мақал-мәтелдер біледі.
Ауыр сөз айтқан дос
Таңғажайып сәт.-Есік қағылады. Қонаққа
емес
Дымбілмес кіреді.Дымбілмес:
Ажар
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Айырмастай досыңа
-Сендер мені таныдыңдар ма?
Қайырылмастай сөз
-Иә, балалар мен Дымбілмеспін.
айтпа
-Балалар мен гүлдер әлемінде тұрамын. Мен Аия
сендерге келе жатып, бір допты көріп,

қуанып қолыма алып едім, бір бала келіп бұл
менің досымның добы-деп алып қойды.
-Балалар, дос деген кім? -Дымбілмес сен
жақсы келдің. Біз бүгін «Достық» жайында
әңгімелесіп жатыр едік.
-Балалар,айтыңдаршы. Достықты қалай
түсінесіңдер?
-Дұрыс айтасыңдар, дос дегеніміз екі
адамның бір – біріне деген қарым –
қатынасы. Дос деген қиналғанда жанынан
табылатын, көмектесетін жанашыр жан.
-Біздің балалар достық туралы көптеген
тақпақтар біледі. Дымбілмес сен ты
-Дымбілмес, біздің топтың балаларының
тату-тәтті, өзара сыйластықта, достық
қарым-қатынаста.Саған түсінікті болу үшін,
Дымбілмес біздің балалар «Достық»
ертегісін сахналап береді.
-Сен отырып тамашала.
-Балалар ертегіні сахналауға шақырамын.
Ертегі.
Автор: Бір күні Құмырсқа жаңбыр астында
қалды. Қайда тығылуға болады? Қараса,
орманда тұрған үйді көреді.Жүгіріп барып,
сол үйге барып тығылды. Жауын сіркіреп
жауып тұр.
Бір кезде қанаттары суланып, әрең ұшып
Көбелек келеді:
Көбелек-Зарина:
-Құмырсқа, Құмырсқа! Үстім су болды, ұша
алмаймын. Үйіңе кіргізші!
Құмырсқа
-Мен сені қайда кіргіземін?! Өзім де әрең
сиып тұрмын, — дейді ол.
Көбелек
-Түк те етпейді! Көңіл жақын болса, жер
тарлығы оқа емес!
Автор: Құмырсқа Көбелекті үйге кіргізді.
Жаңбыр тіпті қатты жауа бастады.
Осы кезде үйдің қасына ентіге жүгіріп
Тышқан келеді.
Тышқан-

МЕНІҢ досымның ең
адал шынайы болғанын
қалаймын.
Исмоил
Досы көпті жау
алмайды
Ақылы көпті дау
алмайды
Улгзод
Дос ақылыңа қарайды
Дұшпан киіміңе
қарайды
Нұрахмет
Жақсы мен дос болсаң
жетерсің мұратқа
Жаман мен дос болсаң
қаласың ұятқа
Алихан:
Досыңа бол адал жан,
Бірдей бөліс сынақты.
Бір нүктеге қадалған екі
көзің сияқты.
Анель:
Екі деген –екі дос,
Бірін –бірі сыйлайтын.
Артық кемді етпей сөз.
Бірін бірі сыйлайтын.
Балалар ертегіні
сахналады.

Ойынды қызығып
ойнады.

-Кіргізіңдерші мені! Үстімнен су сорғалап
Шығармашылық
тұр! — дейді Тышқан жалынып.
жұмысқа белсене
Көбелек пен Құмырсқа:
қатысып,әнді айтты.
-Сені қайда кіргіземіз?! Көрмейсің бе,
өзімізге де орын жетпей тұр!
Тышқан:
-Сығылысып көрейікші?!
Автор: Үшеуі сығылысып, үйді паналайды.
Ал жаңбыр болса, тоқтар емес, шелектеп
құйып тұр. Үйдің қасына секіріп Торғай
келді.
Торғай
-Қауырсындарым су болды, қанаттарым
шаршады! Жаңбыр біткенше үйге кіруге
бола ма? Демалып, қанаттарымды, үстімді
кептіріп алайыншы! — деп жылап жіберді
кішкентай Торғай.
Құмырсқа, Көбелек,Тышқан:
-Орын жоқ қой, сені қайда кіргіземіз?
Торғай:
-Өтінемін, жылжып көріңдерші!
-Жарайды, кіре ғой!
Автор: Құмырсқа, Көбелек, Тышқан
жылжып, үйге Торғайды да кіргізді.
Осы арада алқапқа ырғып шыққан Қоян үйді
көріп айқай салды.
Қоян
-Құтқарыңдар! Менің артымнан Түлкі қуып
келе жатыр, қай жерге тығыламын, қай жерге
жасырынамын? Көмектесіңдер!
Құмырсқа:
— Тағы қысылысып көрейікші, Қоян сондай
аянышты болып тұр! — деді
Құмырсқа.
Қоян да тығылып үлгерді, дәл сол кезде
Түлкі жүгіріп келді.
Түлкі
-Қоянды көрдіңдер ме? — деп сұрады.
-Жоқ, көрмедік.
Түлкі үйге жақындап, тұмсығымен
түрткілеп иіскей бастады.
-Осы жерде Қоян тығылып тұрған жоқ па?

Рефлекcті
к\шы

-Ол бұл жерде қалай тығылады, өзіміз
сығылысып зорға сыйдық!
Автор: Түлкі сары құйрығымен әрі-бері
бұлаңдатып кетіп қалды.
Осы кезде жаңбыр тоқтап, күннің
жарқыраған көзі ашылды. Үйден бәрі қуанақуана алқапқа жүгіре шықты.
-Барлығы бір-бірінің қолдарынан ұстап:
«Досы көпті жау алмайды»
Дәйек сөз. «Достық асыл қазына»
Ойын «Нағыз дос болайық»
Тыныштық сәті.
Шығармашылық жұмыс.
Қолдар.
Ән: «Дос болайық бәріміз»
Сұрақ-жауап.
Балалар сұрақтарға
-Бүгін біз достар туралы
жауап берді.
әңгімелестік.Достарымызға үнемі
жақсы,жылы сөздер айту керектігін
үйрендік.Достықты тек сөздер арқылы ғана
емес жақсы істер арқылы табуға
болады.Достар әрқашан бір-біріне
көмектеседі.Достықтарың ұзақ, тұрақты болу
үшін бір-бірлеріңе көмектесіп, адал
болуларың керек.Сонда ғана достықтарың
берік болады.

Күтілетін нәтиже:
Нені білді: достықты,татулықты,бауырмашыл болып өсуді;
Қандай түсініктерді игереді: сұрақ-жауап арқылы әңгімелеуді, ертегі
желісін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: достықты қадірлей білуді; Досына
қиянат жасамауға үйренеді.

Тақырып: «Арыстан мен тышқан» ертегісі
Мақсаты: Ертегі желісімен таныстыра отырып, ертегіге қызығушылықтарын
арттыру, мәдениеттілікке дағдыландыру достыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: орман суреттері, үнтаспа, арыстан, тышқан суреттері
Сөздік жұмыс: қайырым, кәдеге жарармын Билингвалдық компонент:
арыстан-лев, тышқан-мыш ҰОҚ барысы:

Тәрбиеші: -Балалар, қолымдағы көңілді допты қасыңдағы балаға беру арқылы
жақсы тілектерімізді айтайық, досымызға жақсы көңіл күй
сыйлайық.
Балалар бір-біріне жақсы тілек айтып, орындарына отырады.
–Жақсы балалар! Бүгінгі күнімізді мейіріммен, жақсы көңіл күймен жасайық.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Күз айларын ата?
-Олай болса, күз мезгіліне байланысты кім тақпақ айтып береді?
Тосын сәт:
Осы кезде есік қағылады.
Тәрбиеші: -Балалар, есік қағылған сияқты. Кім болды екен?
Ертегі ханшайымы келеді. Қолында сиқырлы айнасы бар.
Ертегі ханшайымы: -Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар амандасады.
Ертегі ханшайымы: Менің қолымдағы сиқырлы айнамның көмегі арқылы
сендердің араларыңа келіп қалдым. Сиқырлы айнам мұнда ертегі тыңдағанды
ұнататын балалар бар екенін айтты. Сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар
ма?
Балалардың жауабы тыңдалады.
Тәрбиеші: Ертегі ханшайымы, бізге келгеніңіз қандай жақсы болды. Біздің
балалар ертегі тыңдағанды ұнатады және де көптеген ертегілер біледі.
Ертегі ханшайымы: Жақсы, олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Шешімін тапсаңдар бүгінгі айтар ертегімнің атауы шығады.
Жұмбақ:
1.Бір аң бар қайраты бар, болған күшті.
Басынан өткізеді әрбір істі. (арыстан)
2.Үй ішін аралап,
3.Түнде көп жортады.
Қаптарды теседі,
Мысықтан қорқады. (мысық)
Ертегі ханшайымы: Сендер зерек балалар екенсіңдер. Ендеше бүгін
«Арыстан мен тышқан» ертегісін айтып беремін.
Ертегі ханшайымы ертегіні мазмұндап береді. Бейне таспалар арқылы ертегі
көрсетіледі.
Ертегі ханшайымы: Менің ертегім сендерге ұнады ма?
Балалардың жауабы тыңдалады.

Ертегіде не туралы айтылған?
Арыстанды неге аң патшасы дейміз?
Тышқанның орнында болсаң сен не істер едің?
Сөздік жұмыс: қайырым- жақсылық жасау, кәдеге жарармын-менің де бір
көмегім тиер деген мағынады.
Сергіту сәті:
Қасқыр ағаш жарады. Түлкі кілем қағады.
Елік тамақ пісіріп, Қоян үйді салады. Кірпі көйлек тоқиды, Тиін сабақ оқиды.
Дидактикалық ойын: «Дауысын сал, қимылын көрсет»
Ойынның шарты: кубиктің жан жақ бетіне аңдардың суреті жапсырылады.
Кубикті лақтырып қандай аң түссе сол аңның дауысын салып, қимылын
көрсетеді.
Ертегі ханшайымы: -жарайсыңдар, балалар! Зерек, ақылды, көңілді
балалар екенсіңдер. Сендерге ертегілер елінен сыйлыққа әдемі көбелектер
алып келдім. Сыйлығымды қабыл алыңдар! Енді менің ертегілер еліне кетер
уақытым болды.
Тәрбиеші: - Ертегі ханшайымы, қызықты ертегіңіз үшін және де
сыйлықтарыңызға үлкен рахмет!
Балалармен қоштасып, Ертегі ханшайымы шығып кетеді.
Рефлексия:
1.Бізге бүгін қонаққа кім келді?
2.Сендерге қандай ертегі айтып берді?
3.«Жақсылық еккен, алғыс орады» мақалын қалай түсінесің?
Тәрбиеші балаларды мадақтап, көбелектерді сыйлайды.
№10-тақырып: «Арыстан мен тышқан» ертегісін сахналау.
Мақсаты: Балаларды ертегі желісі бойынша рөлдерге бөліп сахналауға
үйрету. шығармашылық қабілеттерін дамыту, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: орман көрінісі, бетперделер
ҰОҚ барысы:
Тәрбиеші: Балалар, бүгін менің қолымда қызыл жүрекше бар, сол
жүрекшелерді бір-бірлеріңе беру арқылы аналарыңның сендерді еркелететін
сөздерін айтыңдар.
–балапаным;
-ботақаным ;

-арыстаным;
-күнім;
Тәрбиеші: жарайсыңдар! Балалар, біз бүгін сендермен орманға саяхатқа
шығамыз. Орман дегенде көз алдарыңа не келеді?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Орманға саяхатқа шықпас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысып алайық.
–Орманға барғанда жүгіріп, топтан бөлініп қалуға болмайды;
-Орманда айқайлауға болмайды;
-Тамақ қалдықтарын тастап, от жағуға болмайды;
Орманға жету үшін автобусқа отырамыз. Жол қысқару үшін әндетіп барамыз.
Балалар екі қатар тізбектелген орындықтарға отырып жайғасады.
Автобус алға зулайды. Бағыттан еш аумайды. Зыр айналар дөңгелек, Көлік
бізге ең керек.
Тәрбиеші: қараңдаршы, балалар, күзгі орман қандай әдемі! Ағаштардан
түскен сары жапырақтар жерді жауып тастапты, бейне бір сары кілем
төселгендей. Ағаштардың басында тиіндер қыстық азықтарын жинап жүр.
Кірпі де ініне тамақ тасып жүр. Жан-жануарлар қыстық азықтарын қазірден
жинап қамданып жүр. Балалар, мына үйде кім тұрады екен?
Алдарынан Орманшы атай кездеседі.
Тәрбиеші: Амансыз ба,Орманшы атай. Біз балалармен күзгі орманды
тамашалауға келіп едік, сізді жолықтырдық.
Орманшы атай: Амансыңдар ма, қарақтарым! Мен орманшы аталарыңмын.
Менің орманыма қош келдіңдер! Орманнан не көріп тамашаладыңдар?
Балалар: -күзгі ағаштарды;
-Тиін , кірпілерді;
-жан-жануарлар қыстық азықтарын жинап, қысқа дайындалып жатыр.Негізгі
бөлім:
Тәрбиеші: біз өткен оқу қызметімізде «Арыстан мен тышқан» ертегісімен
танысқан болатынбыз. Бүгін осы ертегімізді Орманшы атайға сахналап
берейік.
Балалар ертегі желісін еске түсіреді, бетперде киіп сахналайды
Бірінші бала (автор): Ерте, ерте, ертеде орманда аң патшасы арыстан

ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті.
Арыстан ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші
болғанда тышқан жалыныпты.
Екінші бала (тышқан): Тақсыр, мені өлтірмеңіз, бір жолға кешіріңіз . Мен де
бір күні қызметіңе жарармын
Бірінші бала(автор): депті . Арыстан оның сөзіне күліп
Үшінші бала (арыстан): Сен өзің бір кішкентай тышқансың, менің қандай
қызметіме жарамақсың
Бірінші бала(автор): деп жаны ашып, тышқанды қоя береді. Тышқан байғұс
қуанып, «арыстан досым» деп , жүгіріп ойнап кете беріпті. Күндердің
күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың тұзағына түсіп қалыпты.
Шарқ ұрып тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты.
Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл хәлін көріп, қасына
келіп қарап тұрса, арыстан тышқанға қарап:
Үшінші бала (арыстан):

Маған көмектесе аласың ба?

Бірінші бала(автор): Деп сұрайды. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың
жіптерін кеміріп қиып жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарады. Тышқан
арыстанға
Екінші бала (тышқан): Мені кішкентайсың деп, мән бермеуші едің. Міне, сені
бір ажалдан алып қалдым
Бірінші бала(автор): Депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың
қайырымы болатынын жақсы түсініпті.
Орманшы атай: Жарайсыңдар, балалар! Сендердің өнерлеріңе тәнті болдым.
Сергіту сәті
Біз орманға барамыз. Жан жаққа қараймыз. Аю шықты қорбаңдап,
Қасқыр шықты ырылдап, Түлкі шықты майысып, Қоян шықты секіріп,
Қорықпаңдар балалар, Өз орныңды табыңдар!Дидактикалық ойын:
«Құрастыр»
Ойынның шарты: берілген қиындыдан ертегінің құрастыру,атын атау.
Осы уақытқа дейін өткен ертегілерді еске түсіреді.
Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар! Біздің де балабақшамызға
уақытымызда таяды. Орманшы атаймен қоштасып жолға шығайық.

кетер

Орманшы атай: Балалар, сендердің орманға келгендерің қандай жақсы
болды. Сендермен бір сергіп қалдым. Сендерге тәтті орман бүлдіргендерін
сыйлағым келіп тұр.
Балалар Орманшы атайға рахметтерін айтып, қоштасады. Автобусқа мініп
қайтады.
Рефлексия:
-Міне, бізде балабақшамызға келіп жеттік.
Біз қайда серуендедік?
Орманда кімді кездестірдік?
Ормандағы қауіпсіздік ережесін атаңдар.
Бүгінгі оқу қызметімізді өлең жолдарымен бекітеміз. Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен. Өзіңді өзің ая да, Өзің үйрен өзіңнен.

Жеке тұлғаның қалыптасуына бірден бір әсерін тигізетін
қоршаған ортасы яғни қоғам. Әр сәби –болашақ басты тәрбиесін
алатын отбасының маңызы зор. Жас жеткіншектер бойына
адамгершілік, ізгі қасиеттерін сіңіретін орта бұл балабақша. Бұл
мақсатта балабақшада сабақтар, ертеңгіліктер, ойын сауықтар,
әр түрлі іс әрекеттер, ата-анамен жұмыс жүргізіледі.
Бұл схемада ұлттық тәрбие тармақтары көрсетілген.(ұлттық
киімдер, ұлттық тағамдар, салт дәстүрлер, халық ауыз әдебиеті,
ұлттық ойындар, тұрмысқа қажетті жабдықтар, ұлттық
аспаптар, ұлттық ыдыс аяқтар.
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген
сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, болашақта мектепте оқытуға дайындығына,
сөздік қорын молайтып, тілдерін жетілдіруге үлкен үлесін қосатын қазақ халқының мұрасы,
сарқылмас асыл қазынасы - халық ауыз әдебиеті. Сол себепті халық ауыз әдебиетімен
балаларды таныстырып тереңдете жұмыс жүргіздім. Халық ауыз әдебиетіне жұмбақтар,
әңгімелер, өлеңдер, өтірік өлеңдер, жаңылтпаштар, ертегілер,аңыздар, мысалдар,
санамақтар, айтыстар, мақал мәтелдер жатады.
Топта тәрбиеленушілерге ауыз әдебиеттінің үлгілерін үйретуге баса назар аудардым. Онда
ертегілер оқу, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып әңгімелеуге, ертегі-әңгімеде
кездескен кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образды сөздер мен диалогтарды, кейбір өлең
шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білуге талпындырдым. Әсіресе балаларды ауыз
әдебиетінің үлгілері – санамақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мазақтамалар, мақалмәтелдер қызықтырады.
Топтың
дәстүрлері.
Балалардың тамақтанып болған соң айтатын ас
қайыру батасы. Туған күн иелерін құттықтау
кезінде ертегілерден сахналау көрсету. Наурыз
мерекесі ертеңгілігінде ата-аналар дәстүрлі түрде
қазақ халқының салт- дәстүрлерін көрсетеді.
Топта қазақ бұрыш безендіріп, баланың
қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыратын
көптеген дидактикалық ойындар жасақтадым:
«Ұлттық киімдер», «Жұмбақтың жауабын
шеш», «Өрнегін тап», «Тез ата», «Ұлттық
тағамдар», «Енесін тауып, ата», «Мақалды жалғастыр», «Киіз үй», «Ертегі кейіпкерін
анықта», «Сурет бойынша тыйым сөзді ата», «Сипаттама арқылы тап» т.б.
Ертеңгілік, ойын-сауық кезінде балаларға қимылды ойындар ойнату арқылы ойын сөздерін
жатқа үйренеді. Балабақшада балалардың өмірлік дағдылары мен жаңа білім, біліктілігі
жан-жақты дамуы үшін, жаңа технологиялық әдістерді дұрыс таңдай білген жөн.
Көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде Осееваның «Тәтті тоқаш»
шығармасымен таныстырғанда иновациялық «Балық сүйегі» әдісін қолдандым.
Шығарманы бірнеше бөлімге бөліп оқу, бірінші бөлімін оқып проблема туды. Балаларға
сұрақ қоямын –Балалар тоқашты неге екіге бөлді. Балалар жауаптары төменгі сүйектеріне
жазылады. Бөліскісі келмеді, қарындары ашты, өздері жегісі келді, санауды білмейді т.б.
Сосын шығарманың екінші бөлімін оқып, сұрақ қоямын: Не істеу керек? Балалар
жауаптары жоғарыға жазылады. Дүкеннен сатып әкелу керек, пісіріп беру керек, кешірім
сұрау керек т.б. Осы жауаптар ішінен ең үйлесімді кешірім сұрау керек деген шығармадағы
жауап алынады. Сосын шығарманы аяғына дейін оқып, «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол
келеді» деп сабақты қорытындылау.

Бұл «Балық сүйегі» әдісі баланың ойы орамды, тілі ширақ болып, шығармашылық
қия
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
11.02.2023
208
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі