Әбдіжәміл Нұрпейісов 100 жыл «Қан мен тер» трилогиясы туралы баяндама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әбдіжәміл Нұрпейісов 100 жыл «Қан мен тер» трилогиясы туралы баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына орай жазылған баяндама. Баяндама да «Қан мен тер» трилогиясы туралы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Әбдіжәміл Нұрпейісовтың

100 жылдығына орай













БАЯНДАМА

«Қан мен тер» - адам

тағдыры







Орындаған: Ертілеу Ақнұр












2024 жыл

Қазіргі заман қазақ әдебиетінің кесек туындыларының авторы, көрнекті қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы туралы айту оңай емес.

Жазушының адам тағдырын алапат төңкеріс, сұрапыл оқиғалармен астастырған осы бір үздік шығармасы туралы кезінде Одақ көлемінде де, қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдеби сынында да талай көркемдік-теориялық тұжырымдар жасалды. 1974 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған «Қан мен тердің» көркемдік көкжиегі кең.

«Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу» атты үш кітаптан тұратын шығарма қазақ дейтін халықтың тарихи бір дәуірдегі өмір кезеңін қамтиды. Жазушы жекелеген адам тағдырлары арқылы тұтас бір халықтың тарихи тағдырын суреттеді. Берекесі кеткен ел тұрмысының тұтас суреті қамтылған трилогияда қиюы қашқан тірліктен жоғын іздеп, жоғалтқанын табам деп тас басып, теңіз кешіп жүрген тағдырлар бар.

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романындағы орталық тұлға – Еламан. Еламанның өмір соқпақтары, өміртанымдағы өсу жолын көркемдік шешімде көрсетуі – қаламгер Нұрпейісовтің характер сомдау, характер ашудағы елеулі табысы.

Характер эволюциясын жазушы шынайы өмірлік негізде ашқан. Еламанның өсуі – іштей түлеу. Дүниені ой көзімен шолып, айнала қызу өмірдің ащы-тұщысына көне жүріп жетілу Еламанға тән.

Шығарма басталғанда қазандық балық үшін ызғарлы күнде мұз үстіне шығып жүрген балықшылардың ішінен Еламанды кездестіреміз. Екіқабат әйеліне жас сорпа ішкізгеніне көңілі тоқ балықшы жігіттің әзірге мұңы мен қамы – сол Ақбала жайы. Ә дегеннен оқушыға ұнай бастауы да Еламанның осы Ақбалаға деген аяулы сезімінде жатады. Жазушы баяндау арасында сыздықтатып кейіпкердің өмірдерегінен де құлаққағыс еткен.

Еламанды өмір алай да, былай да қақты. Роман басталғандағы жарына жанын беруге даяр жаны таза бейтаныс Еламан трилогия аяқталғанда жазушы іштен алып отырып ашқан кесек тұлғаға айналады.

«Қан мен терде» жазушы адамның нақты жағдайдағы көңіл-күй иірімдерін түрлі ракурста – бірде жегідей жеген ой құшағында, енді бірде сан-саққа тартқан көңіл екпінінде ашады. Сыртқы факторлардың ықпалын жазушы кейіпкердің жүрегінен өткізіп барып қана ашады. Адам баласы өмірдің өтпелі өткелдерін кешіп жүріп не мүжіліп, таусылады, не қатайып, қанаттанады. Адасып, айналып келіп өзін-өзі табады.

«Қан мен тер» кейіпкерлері заманалық аласапырандар кезеңінде ғұмыр кешті. Мұндағы Еламан да, Сүйеу қарт та, Мөңке шал да, Қаракемпір отбасы да, Тәңірберген де, Ақбала да, Судыр Ахмет те өз дәуірінің ақиқатымен ғұмыр сүрген мейлінше толымды көркем бейнелер.

«Қан мен тер» жазушыны осы адамдардың тағдыры толғандырады. Қайғы мен қуаныш алмасқан опасыз тірліктің күншуақ сәттерін де, қапас қара түнегін де жазушы кейіпкер жан дүниесінен іздейді.

Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы қияға беттеп, қиыр шолған қилы ізденістерінің куәсінің бірі де осы – «Қан мен тер».

«Қан мен тер» қазақ әдебиетіне қанша жерден төңкеріс тақырыбын бүркенгенімен әсіре саясиланбаған, алабөтен рухпен желігіп, елікпеген адамшылық қалпымен, кісілік ғұрпымен өмір сүріп жүрген кәдімгі қарапайым пенделерді «қаптатып» алып келді. Кіршіксіз, мүлтіксіз ісі жоқтың қасы. Бірақ «Қан мен тердегілердің» ішінде қымбатымыз да, қимасымыз да, іздегеніміз де толып жүр еді.

«Қан мен тердің» халықтың шығармаға айналуының себебі көп.

Романда орталық тұлға, кесек кейіпкер әлденешеу. Автор белгілі бір дәуірдегі ел тарихын, адам тағдырын, жалпының ішіндегі жалқының өмір шырғалаңын ұдайы қатарластыра, қосқаптал ағыстармен, үзік-үзік, қадау-қадау айқын сәттермен астарлап алып отырады.

Шығарма оқушыны жұмбағына ынтықтырып, Қарақатынның сыпсыңдаған өсек сөзімен басталған.

Бірте-бірте Ақбаланың жайына да қанығамыз. Ақбала бейнесі беймәлім іштарту сезімін туғызып, көптің жүрегін қозғады.

Судыр Ахмет – қазақ әдебиетінің ғана табысы емес, қала берді әлемдік деңгейдегі олжалы бейне. Бір көрмеге күлкі болып жүрген, жадағай, берекесіз біреу. Бірақ бұл – мейлінше күрделі бейне.

Әбдіжәміл Нұрпейісов – кейіпкерді алдын-ала дайындап пісіріп, жетілдіруден гөрі өмірдің өзіндегідей тосын, қапелім сәттерде ашуды көздеп отыратын қаламгер.

Сүйеу қартты да, Қаракемпірді де, Айғанша, Кенжекейлерді де, тіпті «ішіміз жылуға» тиіс емес Тәңірбергенді де өмір ағысының әр иірімінде қолайын тауып көрсетіп кетіп отыру арқылы тұтас тұлға түзіліміне тартады.

«Қан мен тер» өміршеңдігі қаламгердің қолдан мән жасауға ыңғай бермей, қай ғасырда, қандай тарихи жағдайлар ауқымында ғұмыр кешіп жатқандығына қарамастан-ақ атам заманнан адам баласы маңдайын соғып, кеудесін төсеп сүріп өтетін қысқа ғұмырдың қызуы мен ызғары туралы жүрек иланған баянды әңгіме айтқан шеберлік сырларында жатса керек.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2024
888
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі