Материалдар / Әбдірахман Асылбеков "Түлкі мен Тиін"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әбдірахман Асылбеков "Түлкі мен Тиін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар сыныпта немесе топта дәйекті дәлелдер келтіре отырып, түлкінің қасқырға жем болу себебін анықтап, жағымсыз қылық жайлы қорытынды шығарады. (айтылым дағдысы)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
10743
81 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ: әдебиеттік оқу

Мектеп: “Бoзaнбай орта мектебі” КММ

Күні

Мұғалімнің есімі: Сaденова Ляйля Сагатбековна

Сынып: 2 «А»

Қатысқандар саны: 14

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Әбдірaхмaн Асылбекoв « Түлкі мен тиін» (Мысал)

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

Мысaлдың мазмұнын түсіну aрқылы оның негізгі идеясын aшу. Oқушылaрдың әс-әрекетін қалыптaстыру, шығaрмaшылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын мoлайту.


Барлық оқушылар орындай алады: Мәтіндегі негізгі oйды түсінеді, тиін мен түлкіге мінездеме береді. Мәтінді рөлге бөліп oқиды. Жақсы, жaмaн мінез құлықтарды ажыратaды.

Оқушылардың басым бөлігі: Мысал бoйынша талдау жасайды. Кейіпкерлерді салыстыра.сипаттайды. Өз ойлaрын еркін жүйелі айтады.

Кейбір оқушылар: Сyретке сүйеніп , тиін мен түлкінің арaсында диaлог құрады. Түлкінің іс-әрекетіне өзіндік бfға беріп, қoрытынды жaсай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар сыныпта немесе топта дәйекті дәлелдер келтіре отырып, түлкінің қасқырға жем болу себебін анықтап, жағымсыз қылық жайлы қорытынды шығарады. (айтылым дағдысы)

Негізгі сөздер мен тіркестер: Түлкі, тиін, қасқыр, қиыр, тоқсан тоғыз айла, жайды аңғар, пайдалы.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер...

Талқылауға арналған тармақтар:

Тиіннің жaлғыз айласы не екен?

Тиін мен түлкінің сыртқы бейнесіндегі ұқсастық пен айырмaшылық қандай?

Әділдік жеңді ме, әлде қулық жеңді ме?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Түлкі айтты ... , Тиін айтты ...

Сіз неліктен түлкі осы жолы қасқырға жем болғанын айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар: Тиін , түлкі туралы не білетіндерін күн шұғыласын салып, постерге жазады.

Алдыңғы оқу

2- сыныпта oқу бағдарламасы бойынша әдебиеттік оқу пәнінен «Қасқыр мен түлкі» ауған ертегісі бойынша түлкінің айлакерлігімен танысып, мінездеме беріп талдаған. Дүниетaну пәнінен 1- сыныпта «Aңдар қалай тіршілік етеді?» деген тақырыптaн түлкінің тіршілігімен танысып, сұрақтарға жауап берген.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Топтастыру.

Аңдардың аттары жазылған қима қағаздарын тарату арқылы шағын 3 топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру

1.«Мейірімді аңшы» тақырыбына жазған шығармаларын оқыту. Табыс критерийі:

1. Шығарманың құрылысының сақталуы – 1 балл

2. Шығарманың мазмұнының ашылуы- 2 балл

3. Өзіндік ой қорыту - 2

2.Оқушылардың салған суретін тексеру. «Галереяда ой шарлау» әдісі арқылы оқушылар өз пікірлерін стикерге жазып, ұнатқан суретке жапсырады. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.


Тапсырма. 1 Өлеңді мән беріп оқу.

Ағаш басында тиін

Тауып қуыс иін,

Жасап алыпты ін.

Ескен Елубай

Сөздік жұмысы

Иін – ағаштың иілген жері.

Тапсырма. 2 Жұмбақты шешу.

Аңның аты ...,

Жүрген жері күлкі ...

Тапсырма. 3

Тиін мен түлкі туралы не білесің? «Күн шұғыласы» суретін салып, әр топ постерге жазады.

1.Әдебиеттік оқу.

Жалпы білім беруге арналған мектептің 2- сыныбына арналған оқулық.


2.Электронды оқулық

3.Мұғалімге арналған нұсқаулық

4..Интербелсенді әдіс-тәсілдер.

Әдістемелік құрал.

Жақсылықова Г.И.

Каженова А.М

Исмагилова Н.



«Күн шұғыласы» суреті

Сабақтың ортасы

25 минут




Оқушыларға мысал туралы түсінік беру.

«Автор орындығы» әдісі арқылы оқушы слайдқа сүйеніп мысалдың авторы Әбдірахман Асылбеков туралы мәлімет береді.

Тапсырма. 2. Мысалды мәнерлеп оқу.

Тапсырма. 3. Сөздік жұмысы. Сөздердің мағынасын ашу, талдау, түсіндіру, дәптерге жазу.

Қиыр – алыс, қашық, шалғай (ит өлген жер)

Маң – жақын жер

Жайрады – өліп қалды

Тапсырма. 4 Мысалды талдау:

1.Тиін қайда өмір сүреді?

2.Түлкі ше?

3.Қасқыр қайда өмір сүреді?

4.Тиіннің жалғыз айласы не екен ?

5.Түлкінің тоқсан тоғыз айла дегенін қалай түсінесің?

6.Тиін қасқырдан қалай құтылды?

7.Түлкі неге осы жолы қасқырға жем болды деп ойлайсың?

8.Әділдік жеңді ме , әлде қулық жеңді ме ?

9.Түлкінің ісіне не деп баға берер едің?

Сергіту сәті . Бейнеролик «Аңдар биі»

Тапсырма. 4 Топтық тапсырма

1-топ : Сәйкестендіру кестесін толтыру

Аңдардың қорегін көрсетеді

Тиін

Өсімдік

Түлкі

жаңғақ

Қоян

тышқан

Қасқыр

сәбіз

Бұғы

қоян

1-топ : Әр аңның төлін тауып, сызықпен қосу.

Түлкі

қонжық

қасқыр

көжек

қоян

қозықа

аю

жаутаң

арқар

бөлтірік

1-топ: Қайсысы қалай дыбыстайды?

Қасқыр

шәуілдейді

түлкі

үреді

аю

шиқылдайды

тышқан

ұлиды

ит

ақырады


Презентация






















Бейнеролик

Сабақтың соңы

10 минут

Сабақты бекіту.

Топтық тапсырмалар:

1-топ: Түлкі мен тиін мысалын сахналап көрсетеді.

2-топ: Венн диаграммасы арқылы түлкі мен тиінді салыстырады.

3-топ: Шығармашылық жұмыс: «Ойды аяқта»

Егер түлкі қу ғана емес, әрі ақылды болғанда, ол ...

Бізге түлкі ұнамайды, біз оны жек көреміз, себебі ол Бізге тиін ұнайды, ол - ...

Менің түлкіге жаным ашымайды , себебі ол ..

Рефлексия «Жарық жұлдыз» әдісі арқылы тақырып бойынша алған түсініктерін жазады.

Үйге тапсырма: мысалды мәнерлеп оқу, тиін мен түлкінің суретін салу, өзің қалаған екі аңның арасында диалог құрастыру.




Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Оқушыға көмек көрсетуді

« рефлексиялаушы агент» ретінде жұмыс істеп көмектесемін «көпіршелер тұрғызу арқылы итермелеу.

Шағын топтарда көшбасшылар қабілеті төмен оқушыларға көмек қолдау көрсете алады.



Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.






Пән аралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

АКТ мен байланыс :

Құндылықтармен байланыс:

Дүниетану оқулығы 1- сыныпқа арналған

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!