Материалдар / Әбілғазының "Шежіре и түрки" жазба ескерткішіндегі тұрлаусыз сөйлем мүшелері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әбілғазының "Шежіре и түрки" жазба ескерткішіндегі тұрлаусыз сөйлем мүшелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Көне жазба ескерткіші болып саналатын Әбілғазының Шежіре и түрки жазба ескерткішіндегі тұрлаусыз сөйлем мүшелеріне талдау жұмыстары жүргізілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2023
350
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алға ауданы

Қарақұдық орта мектебі

«Жас ойшылдар» оқушылар ғылыми қоғамы









Ғылыми жоба тақырыбы:

«Әбілғазының «Шежіре-и түрки» жазба ескерткішінің синтаксисі»


Мырзалы Мөлдір Есенқызы

10-класс оқушысы










Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және туристік болашақ дамуы бар саяхат маршруттары


Жетекшісі: Тонтова Г.М. – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі











Ақтөбе-2020

МАЗМҰНЫ




АБСТРАКТ...............................................................................................................3

КІРІСПЕ....................................................................................................................6

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ...................................................................................................8

Әбілғазының «Шежіре-и түрки жазба екскерткіші» еңбегіндегі тұрлаулы сөйлем мүшелері......................................................................................................8

Әбілғазының «Шежіре-и түрки жазба екскерткіші» еңбегіндегі тұрлаусыз сөйлем мүшелері....................................................................................................11

Әбілғазының «Шежіре-и түрки жазба екскерткіші» еңбегіндегі бірыңғай сөйлем мүшелері....................................................................................................15
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................17

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................18






























АБСТРАКТ


Зерттеу жұмысының мақсаты: халқымыздың төл деректері саналатын шежіренің Қазақстан тарихындағы деректік орнын көрсете отырып, сөйлем құрылысындағы – жалпы синтаксистік ерекшелігін айқындау.

Мақсатымызға толық жету үшін жұмыс мына міндеттен тұрады:

  • шежіренің деректік маңызы;

  • шежіренің сөз тіркесіне талдау

  • шежіренің сөйлем мүшесіне талдау.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: бұл тақырып жеке бір халық, ру немесе тайпаға оның шығуына т.б. ерекшеліктерін анықтауға арналмаған. Аты айтып тұрғандай, бұл тақырып жалпы қазақ халқының тарихындағы шежіренің алатын деректік орнын және синтаксистік ерекшелігін анықтауға арналғандықтан тақырып өзектілігінің ауқымы, аясы өте кең.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Өзектілігіне сәйкес ғасырлар қойнауына кетеді. Ежелгі жазба ескерткішінің сөйлем құрылымындағы, сөйлем мүшелеріндегі ерекшеліктерді айқын байқай аламыз.

Зерттеу жұмысының деректік негізі – біз жұмыс барысында тікелей тоқталған Әбілғазы Баһадүрханның “Түрік шежіресі” еңбегі қолданылған.

Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі – ортағасырлық жәдігерлердің жазылу уақыты – ХVІІ- ХVІІІ ғасырларды қамтыған, соның ішінде Әбілғазының «Шежіре – и түрки» шығармасы бойынша өткен ғасырлар.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: салыстырмалы әдіс, тарихи әдіс, талдау, жинақтау әдістері.










АБСТРАКТ


Цель исследования: определить общие синтаксические особенности словосочетания и строения предложений с указанием фактического места генеалогии в истории Казахстана, являющейся исходными данными нашего народа.

Для достижения нашей цели работа состоит из следующих задач:
• документальная ценность генеалогии;
• анализ родословных фраз
• анализ генеалогической оговорки.

Актуальность исследования: эта тема связана с происхождением отдельного народа, племени или клана и т. Д. не предназначен для идентификации функций. Как следует из названия, эта тема предназначена для определения места и синтаксических особенностей генеалогии в истории казахского народа в целом, поэтому охват темы очень широк.

Уровень изученности темы: В зависимости от актуальности, она насчитывает столетия. Мы ясно видим различия в структуре предложений и членах предложений древнего письменного памятника.

Документальной основой исследования является работа Абелгазы Бахадурхана «Турецкая хроника», на которую мы сосредоточились в ходе нашей работы.

Период исследований - время написания средневековых артефактов - охватывает XVII-XVIII века, в том числе прошедшие века по произведению Абельгазы «Шежире-и турки».

Методы исследования: сравнительный метод, исторический метод, методы анализа, обобщение.





ABSTRACT

Рurpose of the study: to determine the general syntactic features of the phrase and the structure of sentences, indicating the actual place of genealogy in the history of Kazakhstan, which is the initial data of our people.

To achieve our goal, the work consists of the following tasks:

* documentary value of genealogy;

* analysis of pedigree phrases

* analysis of the genealogical clause.

Research relevance: this topic is related to the origin of an individual people, tribe, or clan, and so on. it is not intended to identify functions. As the name implies, this topic is intended to determine the place and syntactic features of genealogy in the history of the Kazakh people as a whole, so the scope of the topic is very wide.

Level of knowledge of the topic: Depending on its relevance, it goes back centuries. We clearly see differences in the sentence structure and sentence members of an ancient written monument.

The documentary basis of the research is the work of Abelgazy Bahadurkhan "Turkish chronicle", which we focused on in the course of our work.

The period of research - the time of writing medieval artifacts-covers the XVII-XVIII centuries, including the past centuries based on the work of Abelgazy "Shezhire - I Turki".

Research methods: comparative method, historical method, methods of analysis, generalization.










КІРІСПЕ

XVII ғасырдағы түркі жазба ескерткіштерінің ішінен Әбілғазы Баһадүрханның «Түркі шежіресі» кітабының алатын орны ерекше. Оның себебі, біріншіден, кітап авторының өз заманының білімді, жан-жақты (тарихшы, ақын, полиглот, жауынгер т.б.) адам болуында болса, екіншіден, оның шығармасының тарихи, әдеби тілдік жақтарының аса құндылығында. Оның дәлелін Әбілғазының өзі келтірген мына сөздерінен көруге болады. Ол өз кітабының кіріспесінде былай дейді: «Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрсе берген, мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі – әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі. Екіншісі – ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түрік тілінде қасида, ғазал, рубаят тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу. Үшіншісі – бұрын Арабстан, Иран, Тұранды билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу». Әбілғазы 1603 жылы Хиуа хандығының астанасы Үргеніш қаласында Жошы ұрпағынан тараған Араб Мұхаммед хан отбасында дүниеге келген. Әбілғазының әкесі Араб Мұхаммедтің Хибаш, Жолбарыс, Аспандияр, Әбілғазы, Шәріп Мұхаммед, Хорезмшах, Ауған атты жеті баласы болған. Әбілғазының 6 жасында шешесі өліп, өгей шешесінің қолында тәрбиеленді. Әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алады. Осы жылдарда ол халық ауыз әдебиеті шығармаларын сүйіп оқып, тарихи тұрғыдан зерттейді, әскери өнер, мемлекет басқару ісін меңгереді. Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі» атты кітабы ғылым дүниесіне XVIII ғасырдың бас кезінде мәлім болады. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл қаласынан кездестіріп, оны орысша аудартады. Одан швед Шенстрем неміс тіліне аударады, ол аударма кешігіп, 1780 жылы ғана басылып шығады. «Шежіренің» баспа бетін көруі оны жан-жақты зерттеуге кең жол ашады. Академик Х.Френ бұл басылымды «Шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс» деп бағалаған, Оның ойынша, бұл басылым Ресей мұсылмандарына өз ата-бабаларының тарихын білуге көмектесіп қана қоймайды, олардың жалпы тарих ғылымына деген көзқарасын оятады. «Шежіренің» ғылым үшін, оның ішінде тарих, этнография және тіл ғылымдары үшін маңызы мен оның кейбір тіл ерекшелігі бұл еңбектің алғашқы аудармашысы Г.С.Саблуковтың кіріспе мақаласында сөз болады. Бұдан кейінгі Әбілғазы және оның шығармалары туралы толық мәлімет беретін зерттеу – А.Н.Каноновтың 1958 жылы жарық көрген «Родословная туркмен» атты монографиясы. Әрине, бұл еңбек, атына сай, «Түрікмен шежіресіне», оның тілдік ерекшеліктеріне арналған. Автор мұнда шығарманың 7 көшірмесінің негізінде оның сыни мәтінін құрастырып, орысша аудармасын және грамматикалық очеркін береді. Бұл еңбек көркем шығарма емес. Дегенмен «Шежіренің» кей тұстарында, әсіресе белгілі халықтардың өмір тіршілігі мен тарихи тұлғалардың мінез-құлқы, істеген жақсылы-жаманды істері туралы сөз болғанда, аңыз-әпсаналар, небір бейнелі сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер жиі бой көрсетіп отырады.

Тілдің басқа да салалары сияқты, синтаксистік құрылыс та заман өткен сайын бірден бірге өзгеріп, толығып, жетіліп отырады. Бірақ тілдің синтаксистік құрылымы онша өзгерімпаз құбылыс емес. Қазіргі əдеби тіліміз синтаксисіндегі сөйлем мүшелері, сөйлемнің көптеген түрлері, сөйлем мүшелерінің бір-бірімен байланысу жолдары онша көп өзгеріссіз-ақ сонау көне жазу нұсқаларында да кездеседі.





































ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2.1 Әбілғазының «Шежіре-и түрки жазба екскерткіші» еңбегіндегі тұрлаулы сөйлем мүшелері

Қазіргі қазақ тіліндегі сияқты, көне түркі тілінде де сөйлем мүшелері тұрлаулы жəне тұрлаусыз болып бөлінген. Тұрлаулы мүшелерге бастауыш пен баяндауыш жатады. Бұлар — сөйлем құрауға негіз болатын, өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүшелері.

Бастауыш. Тұрлаулы мүшелердің ең басты, негізгі мүшесі — бастауыш. Бастауыштар əр түрлі сөз таптарынан жасалады. Бастауыштардың жасалу жолдарына қарағанда, олардың негізі көне түркі тілінен бастау алатындығын аңғару қиын емес.

Зат есімдерден болған бастауыштар. Атау септігіндегі зат есімдер жекеше, көпше жəне тəуелді тұлғада тұрып бастауыш болады. Мысалы: Сүсі үч бың ерміс — Əскері үш мың екен. Іл йеме іл болты — Ел тағы да ел болды. Йағымыз тегіре учуқ тег ерті — Жауымыз айнала жыртқыш құстай еді. Ескерткіште күрделі бастауыштар да кездеседі. Түрк будун қанын болмайын Табғачда адырылты, қанланты — Түркі халқы ханы болмай Табғаштан бөлінді, ханданды. Білге Тоникуқ бен өзүм Табғач іліңе қылынтым — Білге Тоникуқ мен өзім Табғач елінде тəрбиелендім.

Сын есімнен болған бастауыштар. Сын есімдер заттанған кезде, бастауыш қызметін атқарады. Ондайда сын есімдердің сапалық мағынасы жойылып кетпей, əрі заттық, əрі сапалық мағынада жұмсалады. Йуйқа қалың болсар топлағулығ алп ерміс — Жұқа қалыңдаса, таптайтын алып болар. Сүңүгліг қантан келір йана елтді? — Сүңгілі қайдан келіп айдап кетті?

Сан есімнен болған бастауыштар. Заттық мағынаға ауысып бастауыш қызметін атқаратын сөз таптарының бірі — сан есім. Сан есімнің есептік, реттік, жинақтық секілді топтары бастауыш қызметінде тұрады [1; 633]. Көне жазбаларда жинақтық сан есімдер мен есептік сан есімдер тіркесіп келіп күрделі бастауыштар жасаған. Бу үчегү қабысар қалтачы біз өз ічі — тасыш тутмыс тег біз —Бұл үшеуі біріге қалса, біз өз іші-сыртымызды ұстап қана қаламыз. Екі үлүгі атлығ ерті — Екі бөлігі атты еді.

Есімдіктен болған бастауыштар. Көне түркі тілінде көбінесе жіктеу, өздік есімдіктері бастауыш қызметінде жиі жұмсалады. Бен йырдантайан тегейін — Мен терістіктен тиісейін. Өзүм қары болтым улуғ болтым — Өзім қартайдым, үлкен болдым.

Есімшеден болған бастауыштар. Есімше бастауыш болғанда, қимылдық сапаның үстіне заттық мағына жамап тұрады. Йағмысы мен едім — Ілескені мен едім.

Ертеректен сақталған көне жазу нұсқалары синтаксисіне тән белгілердің бірі – есім баяндауышты сөйлем. Ал қазіргі тііміздегі сияқты бірыңғай етістіктен болған күрделі баяндауышты сөйлем өте сирек ұшырайды. Біздің байқауымызша, мұның негізгі себебі, көсемшелердің синтаксистік қызметіне, көмекші етістіктер санының аздығына байланысты тәрізді. Өйткені, ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда жазылған шежірелерде, әсіресе Қадырғалидың парсы тілінен аударған «Жамиғат ат-тауарих» атты еңбегінде, бірінші жағынан көсемше формаларының дәнекерлігі арқылы жасалған күрделі етістік тіпті жоқтың қасында болса, екінші жағынан онда көмекшілік қызметте ерді, тұрор, болғай дегендер сияқты 4-5 етістік қана қолданылған [2].

Қазіргі әдеби тілімізге қарағанда, ертеректе шыққан жазба ескерткіштер, әсіресе осының алдында ғана аталған шежіре, сөйлемнің тиянақты баяндауышы қызметінде қолданылған етістік түріне бай емес. Мұндай баяндауыш қызметіндегі етістіктер жедел өткен шақ пен –ар, -ор, -ұр және –ғай, -гәй формалы түрде, кейбір бұйрық рай формалары түрінде ғана қолданылған. Есімшелер мен көсемшелердің қазіргі әдеби тіліміздегі жіктеле айтылып, сөйлем баяндауышы болатын түрлері, әлдеқалай бірді-екілі түрі ғана болмаса, кездеспейді. Сөйлемді түрлендіріп, жандандырып, құбылтып отыратын, оған әртүрлі эмоциялық, стилистикалық реңк беретін баяндауыш жоғарыда айтылғандай, морфологиялық түрге де, лексикалық түрге де онша бай болмағандықтан, сөйлем баяндауыштары көбінесе, белгілі бірер формада ғана айтылатын санамалы сөздердің қайталанып келе беруінен болатындықтан, сөйлем бір тектес, бір-біріне ұқсас болып келеді.

Қазіргі әдеби тілімізде етістіктің үшінші жағында айтылған баяндауыш өз бастауышымен көпше түрде қиыспайтын болса, ертеректегі жазу нұсқаларында, одан бергі тіпті үстіміздегі ғасырдың алдыңғы он-он бес жылдарында шыққан материалдарда да ондай қиысу үздіксіз кездесіп отырады. Осындай көптік қиысу ХҮ-ХҮІІ ғасырларда шыққан шежірелерде сан есімнен болған анықтауыш пен анықталушы мүше (он екі адамлар, беш кішілер) арасында да ұшырайды. Қазіргі әдеби тіліміздің синтаксистік құрылысына қиысудың бұл түрі де жат.

Баяндауыш. Тіл фактілері оның ұзақ жасайтын тұрақты категория екендігін байқатады. Ол жазбаларда да, қазіргі тіліміздегі сияқты, сөйлемнің бастауышы бұрын, баяндауышы одан кейін келіп отырады. Оларда да, қазірдегі сияқты, анықтауыш пен толықтауыш өздеріннің анықтайтын, немесе толықтайтын сөзінен негізінде, бұрын орналасып келген. Мысал: Алтұн қанатлұғ тұлұм қара құшман (Алтын қанатты жыртқыш қара құспын) (Енисей ескерткіштері) немесе: Бұ кітапты оқығлы, бұ бəйтлəрні мағлұм қылғылы кітапдин яхшы, ғазызырақ тұрор (Бұл кітапты оқушы, бұл жырларды мəлімдеуші (таратушы) кітаптан жақсырақ, ұлылырақ болар) «Құтадғу білік». Бұл мысалдың тек лексикалық жағында болмаса, сөйлем құрылысында, сөйлем мүшелерінің орналасу тəртібінде қазіргі тілдегіден ешқандай өзгешеліктері жоқ. Қазіргі əдеби тіліміз синтаксисінде кездесетін жай сөйлемдердің негізгі түрлерінің бəрі дерлік ертеректегі жазу нұсқаларында да қолданылған. Бірақ құрылыстары жағынан олар барлық дəуірде емес: неғұрлым арғы заманға қарай кетсек, соғұрлым сөйлемнің аз сөзді, жабайы, ықшамды жəне бір-бірімен нашар ұштасқан, келте – келте қайтарылып отырылатын сөйлемдер болып келетіні байқалады. Мұндай сөйлемдердің баяндауыштары, əдетте, жақ жағынан да, шақ жағынан да бірыңғай, бір тектес, көпшілік жағдайда бір сөздің немесе бір тұлғалы сөздің қайталап айтыла беруінен болады [2].

Баяндауыш қызметінде барлық сөз таптары жұмсала береді. Дегенмен, өзінің семантикасы жағынан осы қызметке ең бейім сөздер — етістіктер. Анча өтүнтүм — Сонша өтіндім. Інгек көлүкін Тоғлада оғуз келті — Сиыр көлігімен Тоғлада оғыз келді. Біз екі бың ертіміз — Біз екі мың едік. Баяндауыштар қазіргі тіліміздегідей жақтық, сандық жағынан қиыса байланысады. Сү басы Інел қаған — Əскер басы — Інел қаған.

Ескерткіште көмекші етістіктер арқылы жасалған күрделі баяндауыштар да бар. Олар негізінен е-көмекшісі арқылы берілген. Улуғы шад ерті — Ұлығы шад еді. Чуғай қузын Қара қумығ олурур ертіміз — Чұғай құзын Қара құмды мекендеуші едік.

Көне түркі тілінде есімдер мен етістіктерден құралған құрама баяндауыштар да кездеседі. Мысалы: Артқы қырық аз күллүг қағаны йағымыз болты — Артқы қырқ аз қағаны жауымыз болды. Өзүм өк қаған қысдым — Өзімше оны қаған еттім. Е-көмекші етістігі құрама баяндауыштар жасауға да атсалысады. Бізінте екі учы сыңарча артуқ ерті — Бізден екі шеті жартыдай артық еді. Будун боғзы тоқ ерті — Халық тамағы тоқ еді.

Баяндауыштың формалары алуан түрлі, көп болғанымен, олардың көпшілігі бір негізгі мағынаны түрліше білдіру үшін қызмет етеді. Сондықтан баяндауыштарды атқаратын қызметіне жəне білдіретін мағынасына қарай топтап тану керек. Іс-əрекетті, сапаны болмысқа шақ жөнінен қатысын білдіретін баяндауыштар, іс-əрекеттің қарқынын білдіретін баяндауыштар, іс-əрекетті субъектінің қалауы ретінде атайтын баяндауыштар, іс-əрекетті субъектінің бұйрығы ретінде атайтын баяндауыштар, іс-əрекетті міндеттеу, ұсыныс ретінде атайтын баяндауыштар [3]. Көне түркі тілінде де баяндауыштар осы тəрізді мағыналарды білдіре алады.

















2.2 Әбілғазының «Шежіре-и түрки жазба екскерткіші» еңбегіндегі тұрлаусыз сөйлем мүшелері

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері түрлаулы мүшелер арқылы берілген сөйлемдегі ойды орны, максаты, уақыты, обьектілік тұрғыдан, сондай-ак түр- түс, сын-сапа жағынан толыктырады. Оларға қосымша мән беріп, сөйлемді кеңейтеді, оның мазмұнын толықтай ашып түрады. Олар, әдетте, тұрлаулы мүшелерге багынады. Кейде бір-біріне де бағынуы мүмкін. Толыктауыш пен пысыктауыш үнемі баяндауышка тәуелді болса,ал анықтауыш көбінесе бастауышқа бағына байланысады.

Толықтауыш. Етістіктен, есімнен болған мүшемен байланысып, істің, заттың, сапаның объектісін білдіретін толықтауыштар да кездеседі. Қазіргі қазақ тіліндегі тəрізді, көне түркі тілінде де табыс септігін қажет ету, етпеуіне қарай тура жəне жанама толықтауыштар ұшырасады.

Ескерткіш тіліндегі табыс септікте тұрған сөздер əр уақыт тура толықтауыш болады. Өйткені тура толықтауыштар заттың қимылын білдіретін сабақты етістіктерм

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!