Материалдар / Әбіш Кекілбаев әңгімелеріндегі ұлттық құндылық көрінісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әбіш Кекілбаев әңгімелеріндегі ұлттық құндылық көрінісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала Әбіш Кекілбаевтың әңгімелеріндегі ұлтымыздың құнды деп саналатын салт дәстүрлерін ғұрыптауға бағытталған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2024
335
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

31 жалпы білім беретін мектеп



Ə. КЕКІЛБАЕВ ƏҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ

ҚҰНДЫЛЫҚТАР КӨРІНІСІ

Əбіш Кекілбайұлы еліміздің мəдени-рухани өміріне белсене араласты. Адамзат тарихына, ел ертеңіне ерекше жауапкершілікпен қарайтын суреткер болып қалыптасты. КСРО ыдыраған тұста тəуелсіз Қазақстанның ірі қоғам, мемлекет қайраткерлерінің алдыңғы легінде белсенді қызмет істеп, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлының сенімді серіктері қатарынан табылды. Елбасының Мемлекеттік кеңесшісі болды. Кəсіби Парламенттің тұңғыш төрағасы, мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарды. Ел парламентаризмін қалыптастыруға, дамытуға, тəуелсіздігіміздің бас идеологы ретінде оны баянды етуге үлес қосты. Елге, Елбасыға деген құрмет, туған жерге деген сүйіспеншілік Əбіш Кекілбаевтай тұлғаға қанат бітіріп, мемлекеттік басқару мен ұйымдастыру ісінің биігіне самғатты. Қай қызметте болмасын халық игілігі үшін баянды еңбек етудің, мемлекеттік жауапкершілік пен қайраткерліктің, жасымас ерік-жігердің үлгісін көрсетті. Мұндай іс халықтың жүрегі жылы, қайраты тасыған адал перзентінің ғана қолынан келеді. Жалпы, саясаткер Кекілбаевты суреткер Кекілбаевтан бөле-жара қарауға болмайтыны мəлім. Екі саланы қатар ұстаған қайраткер тұлға уақыт мінберінен адалдықпен, азаматтық тазалықпен, шешендік шеберлікпен, көсемдік ірілікпен көрінді. Елінің құрметіне бөленді. Əбіш Кекілбаев Мұхтар Əуезовтің алдында студент болып бес жыл дəріс тыңдады. Əлемдік əдебиеттің саңлақ қаламгерлері туралы ұлағатты сөздерді Əуезов лекциясынан алды. Сөйтіп, ұстаздан алған тəлімі мен тəрбиесін көкірегіне тұмар ғып түйген жас дарынның алғашқы қаламгерлік қадамдары университет қабырғасында басталып, ұлы суреткер Мұхаңның, Мұхтар Əуезовтің назарына ілікті.

Əбіш Кекілбаев – ұлттық əдебиетіміздің белді жанрларының барлығында да белсенді қызмет істеген қарымды қаламгер. «Үркер» мен «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры», «Шыңырау», «Бəйгеторы», «Ханша-дария хикаясы», «Күй» сияқты прозалық туындылары арқылы ел өмірінің зəру мəселелерін көтерген халықтың сүйікті жазушысы. Сан қырлы дарын иесі

Ə. Кекілбаев драматургия саласында «Абылай хан» атты дүбірлі дəуір шындығын бейнелейтін пьеса да жазды. «Алтын шуақ», «Дүние ғапыл» деген өлеңдер жинағымен де танылды. Сондай-ақ ол – У. Шекспирді, Г. Ибсенді,

В. Буэроны, Г. Мопассанды, Л. Толстойды, А. Чеховты, И. Бунинді қазақ тілінде сөйлеткен кəнігі аудармашы. Əбіш Кекілбаевтың публицистикалық мақалалары мен жазбалары ұлттық мұраттармен ұштасады. Əсіресе еліміздің тəуелсіздігін талмай толғаған ел мен жер, адам мен заман туралы мақалалары қоғамдық санаға қозғау салады. Осының бəрі Əбіш Кекілбаевтың өмір жолының өнегелі, ел үшін атқарған қызметінің қайырлы да зайырлы екенін көрсетеді. Мұндай өнегелі өмір сүру, ел үшін жатпай-тұрмай еңбек ету ақыл-ойын, ар-ожданын жолдас еткен, қайраты мен ақылын, жүрегін тең ұстаған асыл азаматтың ғана маңдайына жазылады. Ендігі жерде парасат-пайымы бөлек, білім-білігі ерен, зейін-зердесі ерекше заңғар суреткер, ірі мемлекет жəне қоғам қайраткері Əбіш Кекілбаевтың екінші өмірі басталды. Өзі бір дəуірге тұрарлық мазмұны терең мəңгі өлмес дүние жазса, бүкіл саналы ғұмырын ізгілікті, адамгершілікті, ұлт мұраттарын ұлықтауға жұмсаған Əбіш ағамыз туралы да енді саясат пен əдебиет əлемінде шыңдалған шəкірттері том-том еңбектер жазбақ. Бүгін əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Əбіш Кекілбайұлы атындағы дəрісхана ашылды. Бұл дəрісхана алдағы уақытта ұлы қаламгер мұрасын насихаттайтын танымдық əрі ғылыми-əдістемелік орталық болары сөзсіз











































Ə. КЕКІЛБАЕВ ƏҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КӨРІНІСІ

Қандай да бір халықтың өміршеңдігі мен жасампаздығы оның ұлт болып қалыптасқаннан бері өзімен бірге өмір сүріп келе жатқан ұлттық құндылықтарына тікелейбайланыстыекені сөзсіз. Себебі, ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізгі өзегі, ұлт қалыптасуының басты факторларының бірі ғана емес, сонымен бірге сол халықтың сан ғасырлық тарихы мен салтдəстүрінің бедерлі белгісі.

Ұлттық салт-санамыз бен ата-бабаларымыздың асыл мұраттарынан біртіндеп алыстап келе жатқан бүгінгі жаһандану заманында осы бір «ұлттық құндылық» ұғымының санамызда болмашы бір сəулесі ғана қалып бара жатқандығы жасырын емес. Алайда, өзіміздің қандай ұлт екендігімізді еске салып, асыл арнадан ажыратпай тұрған бір киелі күш бар. Ол – халықтың барша болмыс-бітімі мен тамыры терең тарихын қаймағын бұзбай сақтап келе жатқан көркем əдебиет, яғни қасиетті сөз өнері. Əдебиет – ұлттың айнасы. Міне, сондықтан да кез келген халықтың ұлттық рухының қаншалықты дəрежеде екенін оның əдебиетіне қарап-ақ аңғаруға болады.

Сонау ауыз əдебиетінен басталған ұлттық сөз өнерімізде халқымыздың ұлттық болмысы, тыныс-тіршілігі мен рухани құндылықтары тайға таңба басқандай көрініс тапқандығы баршамызға белгілі. Əсіресе өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап ұлттық құндылықтарды шығармаларына басты арқау еткен ақын-жазушыларымыздың саны арта түсті. Бұл жөнінде жазушы Т.Əбдіков: «60-жылдардан бастап біздің қазақ əдебиетінде жаңа белес басталды. Ол белес əркімнің жүрегінде оянған ұлттық идея болды. 60- жылдардағы жаңа бір толқын бүркемелеп болса да, ішкі наразылық арқылы ұлттық идеяны күн тəртібіне қоя бастады» [1, 3 б.] – деген пікір білдірген. Бұл пікірдің растығына сол кезеңдегі қазақ əдебиетінің көрнекті өкілдері О.Бөкей, Д.Исабеков, С.Мұратбеков, Қ.Жұмаділов, Ə.Кекілбаев, Т.Əбдіков, Т.Нұрмағамбетов, Сегізбаев сынды бір топ қаламгерлердің туындылары арқылы көз жеткіземіз. Аталған жазушылардың барлығы «ұйқыдағы» ұлттық салт-санамызды қайта жаңғыртуға барынша үлес қосты. Əсіресе, «дала жыршысы» деген атқа əбден лайық Ə.Кекілбаев сөзсіз, ұлттық салт-санамыздың шырақшысы бола білді. Оның қай шығармасын оқысаңыз да, дархан дала төсінде күн кешкен қазақ деген халықтың тыныс-тіршілігін, асқақ рухын, адамдық асыл қасиеттерін айқын аңғарасыз. «Аңыздың ақыры», «Елең-алаң», «Үркер» атты романдарын былай қойғанда, «Күй», «Шыңырау», «Бəсеке», «Шеткері үй», «Құс қанаты» сынды повестері мен көптеген əңгімелерінде дерлік ұлттық идея басты назарға алынған. Қаламгердің төмендегідей əңгімелеріне терең үңіле отырып, бұл сөзіміздің растығына көз жеткізе аласыз.

Үйде күңгір-күңгір дауыс бар. Соның арасынша сықырлауық сылдырап, үйден біреу шықты. Қолында шелегі. Аруананың бауырына бара беріп, жолаушыдан барыс сұрады. Жолаушы құдайы қонақ екенін айтты.

Əйел:

Онда түсіңіз, қоныңыз, – деді [1, 21 б.].

Халқымыздың қаншалықты қонақжай болғанын білу үшін «Аш бөрі» əңгімесінен алынған осы бір қысқа ғана үзіндінің өзі де жеткілікті болар. «Құдайы қонақпын» деп шақырылмастан келе салған бөтен жанды жатсынбай, құшақ жайып төрінен орын беру дəстүрін қазақтан өзге ешбір халықтан кездестіре алмайсыз.

Көңілі даласындай дархан халқының жанашырлық, бауырластық сезімдерін де сұлу сөзбен сомдай білген:

«Бəйбіше: – Түнекке барасың ба? Мə, қойшыларға ала бар, – деп, табақтан алып қалған бірер омыртқа, қабырғаны шүберекке түйіп, баласына ұсынды. [2,28]

Бір қараған адамға бұл қарапайым қазақ отбасының күйбеңі көп күйкі тірліктерінің бірі болып көрінуі мүмкін. Алайда, бұл сөйлемдердің астарын тереңірек ұғына білген оқырман үшін бұл үзіндіде ұлтымызға тəн асыл қасиеттердің тамаша үлгісі бар.

Жолаушының есіне жаңағы жол үстінде туған жаймақоңыр əуез түсті. Ұзын-ұзын салалы саусақтары перне бойын қармалап жүріп, ақыр тапты. Баппен басталған бала майсаң əуез баппен өрлеп келеді. Ұйықтай қоймаған тентек немереге кəрі əже айтатын көйгейдей жаныңды жайбарақаттыққа шақыратын қоңыр əуез. Құлағыңды құнықтырып, көкірегіңді күмбірлетіп барады. Қунақ жортып, жайсаң жаратылысқа, əдемі əуенге, астыңдағы аршынды атыңа қуана қарайсың [1, 25 б.].

Иə, «нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Осыбір үзіндіні оқып отырып, ұлтымыздың аса қасиетті құндылықтарының бірі қоңыр домбырадан күмбірлеген күйді өз құлағыңызбен естігендей боласыз. Көз алдыңызға талай тарихқа куə болған кең байтақ қазақ даласы елестейді. Бұл да қаламгердің ұлттық құндылықтарды шығармада шебер түрде суреттей білгенінің айқын дəлелі.

Ене, жата беріңіз, мен тұрайын, – деген Торғынды:

Жата бер,қалқам! Жұмысқа дейін бір ұйықтап оян, – деп қозғалтпайды. [1, 31 б.] «Ең бақытты күн» əңгімесінде көрініс тапқан осы бір шағын ғана детальдан халқымыздың өмірінде аса маңызды орынға ие ене мен келін арасындағы сыйластық, үлкенге деген құрмет, шынайыжанашырлық сезімдерін аңғарамыз. Дəл осы əңгімедегі: – Жеңеше, сүйінші, сүйінші! Мына бала не дейді. Қызылтанау боп жүгіріп келеді ғой өзі. Дəулет келіп жүрмесін... [3, 38 б.], – деген үзіндіден ұлт өмірінде маңызды орын алған «сүйінші беру» концептісін кездестіреміз. Байқағанымыздай, баланың «сүйінші» деген бір ауыз сөзінен-ақ жеңгесі бір қуанышты жайттың болғанын сезіп қойды. Автор бұл тұста қазақ халқының салт-санасын өте ұтымды көрсете білген.

Бұл кіргенде үйдің іші ығы-жығы. Төрде, атасының төңірегінде осы ауылдың шалдары. Екі-үш кемпір ошақ жақтағы кебеженің алдында əлі есін жия алмай отырған енесін ортаға алыпты. Екі-үш əйел дастарқан жайып, пішенші ауылдың кебежелерінде қалған ірімшік-құртты табаққа сап əкеліп, ортаға төгіп жатыр [1, 39 б.].

Ал мына бір баяндау арқылы «автор көрші ақысы – Тəңірі ақысы» деген қазақ даналығын дəлелдей түскендей. Автор қолданған бұл деталь көршілік қарым-қатынасқа селқос қарайтын бүгінгі қоғам үшін үлгі боларлық.

«Ажар» əңгімесінде ұлтымызға тəн тағы бір тамаша қасиет былайша баяндалған:

Мына отырған Ажар бұл үйге ұшырармын деп ойлап па еді. Бір күні кешке оралса момын əкесі шолжаңдай енген ерке қызынан қысылып, қызарып кетті. Жатарда əкесі түзге шығып кеткенде, шешесі бүгін біреу сөз салып келгенін құлақ қағыс қылды [4, 48 б.].

Қызға қонақ ретінде қараған халқымыз бой түзей бастаған қыз баласын кешіктірмей құтты қонысына қондыруға аса зор мəн берген. Сонымен бірге, анасы қызымен сыр бөлісіп, ақыл-кеңесін беріп отырған. Міне, автор тағы бір ұлттық құндылығымызды осылайша танытқан.

Міне, қарымды қаламгер Ə. Кекілбаев əңгіме жанрындағы туындыларына ата-бабамыздың асыл аманаты – ұлттық құндылықтарымызды осылайша арқау ете білген. Автордың жоғарыда аталған əңгімелерінен бөлек, өзге де туындыларынан ұлттық бояудың жарқын үлгілерін көптеп кездестіре аламыз. «Жазушының тiлiнде де, дiлiнде де мiн жоқ. Қашанда сергек, қашанда сезiмтал, бəйгенiң алдынан ғана келетiн тұлпарларға ұқсатам мен Əбiштi. Ал, аспанға қарасам оның жұлдызын оңай танимын. Оның жұлдызы сол Əуезов, сол Шолохов, сол Айтматов, сол Нұрпейiсов жұлдыздарымен қатар тұр. Ол да жарық жұлдыз, мəңгi жанатын жұлдыз», – деген екен ақын

Т. Молдағалиев. Иə, ер есімі – ел есінде. Ұлтын сүйген ұлағатты жазушының артында мəңгілік өлмес «Дала балладалары» қалды.





















ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда Ə.Кекілбаев əңгімелері ең алдымен, адамның рухани байлығын, адамгершілікті ту етіп көтереді. Адамдық асыл қасиеттерді мадақтау, зұлымдық пен тоғышарлықты ашына айыптау жазушы туындыларында жемісті жалғасын тапқан. Жазушы тарихтың шындық оқиғаларын, қозғаушы күштерін, тарихи тұлғалардың ақыл-ой өрісін, жеке адам мен халық, хандық мемлекет пен хандық мүдде арасындағы байланыстар мен қайшылықтарды, олардың бітіспес күресін саяси-психологиялық ойлар мен толғаныстар кеңістігінде суреттеді. Халық өміріндегі аса елеулі тарихи, саяси оқиғаларды кейіпкердің ой-сана,

пайым-парасат айдынына шығарып суреттеді. Тарихи оқиғалардың түп негізінде жатқан көкейкесті ой-мұраттардың ерекшелігін, жеке адам мен халық арасындағы қатынастың саяси-əлеуметтік жəне психологиялық алғышарттары мен нəтижелерінің сырларын ашты. Тарихи оқиғалармен тамырлас саяси-əлеуметтік құбылыстар мен қаһармандардың іс-əрекеттерінің түп негізінде жатқан мүдделерді роман-эпопеяның тақырыптық-идеялық өзегінен өткізіп өрді.

Қазақтың халық жазушысы Əбіш Кекілбайұлының екі кітаптан тұратын («Үркер», «Елең-алаң») тарихи роман-эпопеясында халықтың тағдыр-талайында айрықша орын алған аса ірі тарихи, саяси-əлеуметтік оқиғалар эпикалық кең құлашпен, психологиялық терең тыныспен суреттелді. Роман-эпопеяның тақырыптық-идеялық бітімі трагедиялық сазымен, саяси-əлеуметтік мазмұн тереңдігімен ерекшеленді. Роман-эпопеядағы тарихи шындық, халық тағдыры, ел тəуелсіздігі, тарихи

тұлға мен тарихи орта концепциясынан автордың шығармашылық даралығының, суреткерлік даналығының өшпейтін, сөнбейтін оты шалқиды.

Əбіш Кекілбайұлының рухына шексіз құрметімді білдіремін.
















ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Кекілбайұлы Ə. Он екі томдық шығармалар жинағы. Т. 1. – Алматы: Өлке, 1999. – 400 б.

  2. Əбдіков Т. Өзгенің уайым-қайғысын өз жүрегіңмен сезіне бастағанда ғана қол жүреді // Жас Алаш. – 1997. – № 134.

  3. Қабдолов З. Сөз өнері (Əдебиет теориясының негіздері). Өңделіп, толықтырылған екінші басылымы. – Алматы: Мектеп, 1976. – 376 б.

  4. Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. – 392 б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!