Материалдар / "Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы көркемдеуіш құралдар" жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы көркемдеуіш құралдар" жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы көркемдеуіш тәсілдер қалай қолданылған сол турасында талдама жұмыстар берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2023
386
4 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КІРІСПЕ

Шын ант – ақиқат. Ақиқаттан  надан болмаса, адам  аттамайды.  Арғы жаққа бармай-ақ өткен  ғасыр  мен өзіміз күн кешіп жатқан осы ғасырда әлгі ұлт ақиқатына өз үлесін қосқан  са­наулы саңлақтарды ойға түсірсек,  Алаш арыстарының үлгісін бойына  сіңірген, халқын қадірлей алған: «...Қазақ елі  ұйымшыл, ері жауынгер, биі әділ,  намысқор, адамы әрі бітімді, қайратты... болған екен», дейтін Мұхтар Әуезов пен «ұлт бостан бол­ма­йынша адам бостан бола алмайды»,  деп бастап, ұлт  не істеуі тиіс деген сү­белі сұраққа: «Өз тағдырымызға өзіміз жауапкер, өз тізгінімізге өзіміз  ие кезеңде кешегі көп қылық, көп  құ­лықтан уақтылы безіне білсек, уақ­тылы есейіп алмасақ, тарих бір қай­тарып әперген есемізден қайта айырылып қалсақ, оның өкінішінен өмір-бақи арыла алмақшы емеспіз», деп ертеңімізге бет алғанда  шалыс қадаммен шатыспауға ойлы кө­зін тік­кен Әбіш Кекілбаев  – ұлт қара­уылына айналған тұлғалар. Қазір  тұлға көп. Тұлға мен  тұғыр­ды ажы­рататын да – тарих.

«...Ерен ақылды, туасы шешен,  ой­шыл, нағыз ақын, хас жазушы, азамат, қайраткер... Рухы шарболаттай, аза­маттығы асқақ Әбіш Кекілбайұлы... ойын көкіректен шыққан сөзбен көм­кер­генде оның дауысы көкке  жеткендей көпшілік қауымды баурап алады», деп «Қазақтың Шерханы» (Әбіштің өз сөзі) Шер-ағаң, Шерхан Мұртаза  айтқандай, жер басып жүргенде ақыл-парасатымен айбыны асып, кімді де болса мысы басып  тұратын азамат, дарабоз дара өмірден озған соң да өлшеусіз өнегесімен – екінші өмірін көп ұзамай бастап кетті. Әбіш әлемі –  қа­зақ әлемінің бір мәуелі бәйтерегіне айналды. Сан қыры сараланып, кемел келбеті даралану үстінде. Бұлақ суындай тұнық зерделі сөзі саналыға сәуле түсіріп, түсініп, түйсіне алатындарды ойландырып-ақ тастады. 




НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2 Әбіш Кекілбаев өлеңдеріндегі көркемдеуіш құралдар

2.1 Әбіш Кекілбаев өлеңдеріндегі қайталаулар

Әдеби тіліміздің суреттеу тәсілдерін және көркемдегіш құралдарын, сөз байлығын, олардың қыр-сырын білу– сол әдеби тілде сауатты сөйлей де, жаза да білу; әдеби тіл нормаларынан ауытқымау; оны көздің қарашығындай сақтау.

Бүгінгі жұмысымыздың да басты міндеттерінің бірі – Әбіш Кекілбаев өлеңдеріндегі әдебиет теориясына, көркемдеуіш құралдарына талдау жасау. Соның ішінде қайталауларға тоқталатын болсақ, анафора – айтпақ ойды, ұқтырар сезімді мұқият сіңіру үшін өлең жолдарының басында бір сөздің бірнеше қайталанып айтылуы. Мұндай қайталау түрі ақын өлеңдерінде кездеседі. Өлеңдерінен үзінділер келтіру арқылы, сөздерімізді нақтылар болсақ

«Аға!» - дедің, бұрылдым;

Ұп - ұзын екен бұрымың.

«Аға!» - дедің, қарадым:

Жарқылдап тұр жанарың.

«Аға!» - дедің, тоқтадым.

Шарпып кетті от жалын.

«Аға!» - десең, қарағым,

Келе берер қарағым.

Қарай - қарай, шынарым,

Күшейіп кетті құмарым.

Үзіліп кетпей дәрменім,

Айтарым, қалқам, бар менің:

Анасы болшы, қарағым,

Маған тартқан баланың!

«Минут» өлеңінде де алғашқы екі шумақты минут сөзімен басталуы да өлеңге ерекше әр береді. Бұл ақынның сөз таба алмаушылығы емес, ерекшелігі десек дұрыс болар.

Минут!Минут!

Сенің атың – тіршілік,

Жаңа егілген жасыл шыбық тұр шығып.

Бір өзіңде көлеңке де, шуақ та-

Біреу күлсе, біреу жылар күрсініп.

Минут! Минут!

Сенің атың – жаңалық

Қарт ғалымның түссе ойына жаңа үміт,

Жас шәкірттің жалын жанын ой тербеп,

Дүниенің отыр сырын жаңа ұғып.

«Гүл дүкені» өлеңінде де гүл іздейді сөз тіркесінің бір шумақта екі рет қайталануы байқалады.

Біреулердің көздерінде қуаныш,

Гүл іздейді, гүл сұрайды асыға.

Енді біреу өңі қашып қуарып,

Гүл іздейді, қоймақ мола басына.

«Жер-Ананың мен сүйікті перзенті» өлеңінде жер-ананың мен сүйікті перзенті сөйлемі екі шумақтың алғашқы жолдарында солайымен қайталанып келеді.

Жер-Ананың мен сүйікті перзенті

Осалсың деп айта алады маған кім?!

Менің ізім – жердің бүкіл келбеті,

Ажарымын дүниенің, адамымын!

Жер –Ананың мен сүйікті перзенті,

Осалсың деп айта алады маған кім?!

Менің ізім – жердің бүкіл келбеті,

Ажарымын дүниенің, адамымын!

Эпифора - өлеңнің әр тармақтарының соңында немесе әр ой ағымының аяқ жағында бір сөздің қайталанып келуі. Ақындар басты назар  аударған нәрсенің не болмыстың басты қасиетін өлең жолы аяғында бірнеше дүркін қайталап, оқиғаны үдете,дамыта көрсетеді. 

Әбіш өлеңдерінде де қайталаудың бұл түрлерін кездестіруге болады. «Жағымпаздың басына» өлеңінде көбелек сөзін өлең жолдарының аяқ жағында қайталау арқылы ақын негізгі ойды осы көбелектің іс-әрекеті арқылы жеткізбек болған.

Жағымпаздың басына

Қонды келіп көбелек.

Піл болғанда көбелек,

Ол жаншылып өлер ед...

Әй, не керек, не керек!

«Дүниенің бұлаңы-ай» атты өлеңінде –ай шылауының қайталануы да өлеңге ерекше әр береді.

Дүниенің бұлаңы-ай

Дәуренінің сылаңы-ай

Қиял иттің лаңы-ай

Жаратқанның олағы-ай,

Жаралғанның молағы-ай,

Ұзын дәме, шолақ ой,

Өзіне мәз пенденің

Ындыны сірә, толама-ай

Толмаса, түбі толады-ай,

Болғанды басы толағай

Уайым тұрмас ұдайы-ай,

Заманның солай сылайы-ай,

Аулақ болғай, құдай-ай,

Алағай да былағай...

«Төзім жыры» өлеңінде боп қысарған етістігінің де қайталанып келіп, эпифораға мысал бола алатындығын байқаймыз.

Бүтіннің бәрі тесіліп,
Тесіктің бәрі көміліп,
Бойшаңның бәрі кесіліп,
Толының бәрі төгіліп,
Төгінділер шашылып,
Кесінділер мүжіліп,
Шашынды шаң боп таусылып,
Мүжінді күл боп үгіліп,
Шаң шашырап бозаң
боп,
Күл шашылып тозаң
боп,
...Майса толып шалғын
боп,
Майда бойлап балғын
боп,
Қайтқанша кеткен қапылар,
Ес жиғанша жабылар,

«Ауа» өлеңдерінде де қайталанған сөздерді көре аламыз

Сәби жұтса - жайраңдайды, күледі,
Ару
жұтса - албырайды гүл өңі.
Кәрі
жұтса - қарт денесі жайылып,
Жай табады ентіктірген жүрегі.
Таңдамайды ол лашық пен сарайды,
Алаламай бәріне де тарайды.
Әуен қосты
ол сандуғаштың әніне,
Жұпар қосты
ол қызғалдақтың әріне,
Шіркін, бақыт
о да жұпар ауадай
Дүниенің түгел жетсе бәріне!

Айта берсе, бұл тәрізді мысалдар көп-ақ.

Зерттеушілердің пікірлеріне қарағанда, поэзиядағы қайталамаларды дыбыстық, буындық, сөз, қосымшаларды қайталамалар деп ішінара жіктеуге болады. Бұл қайталамалар Әбіш поэзиясына да тəн.

Енді дыбыстық қайталамаларға тоқталар болсақ, олар ассонанс және аллитерация деп жіктеледі.

Дыбыстық қайталауға байланысты толығырақ сипаттаманы Б.Гончаровтың еңбегінен таба аламыз. Ғалым қайталаманың мынадай түрлерін ұсынады:

  • Қандай да бір сөздің бірнеше мəрте қайталануы. (Мұндай жағдай қайталанатын сөзге интонациялық жаңа реңк (оттенок) береді).

  • Үнжазба (звукопись). (Бұл шартты термин жақындығы жағынан аллитерация мен ассонанс жəне солармен мəндес ұғымдарды білдіреді). Л.Тимофеев секілді Б.Гончаров та үнжазбаға «өлең тілінде белгілі бір көркемдік-мəнерлілік əсер беретін дыбыстарды таңдап-талғап қолдану» деген сипаттама береді [12; 121].

  • Тармақ ішіндегі əуезділік, үйлестік («ішкі ұйқастар»).

  • Ұйқас (рифма). (Өлеңнің композициялық мəніндегі дыбыстық қайталау екі тармақты байланыстырып, оны əрі қарай келесі тармақтармен сабақтастырып, жалғастыру қызметін атқарады).

Гончаров дыбыстық қайталаудың интонацияға бағынынатындығын атап көрсетеді. Ол өзінің жоғарыда көрсетілген кітабында өлеңді фонетикалық тұрғыдан ырғақтық жəне интонациялық- синтаксистік құрылымның органикалық тұтастығы ретінде қарастырады. Интонацияның ең маңызды рөл атқаратынына басты назар аудару керектігін айтады.

Әбіш Кекілбаевтың «Арғымақ» өлеңінде аллитерация кездеседі. 1 шумақтың 3 тармағы бірыңғай дауыссыз дыбыстан (ш дыбысы) басталған.

Шаппай тұлпар кісінеме атпын деп,

Шабайықшы шаң қоңдырмай етіне.

Шабайықшы көп жыл тыныш жаттың деп.

Момын қырдың былш-былш ұрып бетіне.

«Археология» өлеңінде өлеңнің екі тармағы дауыссыз қ дыбысынан басталатынын байқаймыз.

...Қасапшыдай қос білегін сыбанып,

Қолда пышақ жалақ-жалақ етеді.

Жердің төсін көптен жапқан құлазып,

Ту биенің сүбесіндей кеседі.

Археолог таңдайын көп қағады,

Қасапшыдай қалың майға сүңгіген,

Қызыл оба - қызылы жоқ жабағы,

Жауыз жылдар бауыздаған сүңгімен.

Ал, ассонансқа мысалдар келтіре кетсек. «Обалар» өлеңінде дауыстыға басталған тармақтарды байқауға болады.

Обалар ылғи маңайым,

Төңірек толы жыр-дастан.

Елегізе қараймын-

Ерлер жатыр тұрмастан.
«Гүлдер дүкені» өлеңінде ассонасқа жақсы мысалды байқаймыз. Бір шумақ бойына өлең тармақтары бірыңғай дауысты
а дыбысынан басталады.

Албырт жігіт алабұртып қарайды,

Ару күтіп тұрған болар бақшада.

Алаулатып алқызыл гүл қадайды,

Айдай жүзін көрсетуге жасқана.

Бұл тәрізді мысалдарды көптеп келтіруге болады. Қорыта айтқанда, ақындардың өз ойын əсерлі жеткізуі шеберлігіне байланысты болса, ол шеберліктің əр түрлі тəсілдерімен беріледі. Сондықтан да поэзияда кестелі сөздер, образды тіркестер, əуенді теңеулер көптеп ұшырасуы — заңды, оның себебі өлеңнің ұйқасқа, сұлулыққа, үйлесімділікке құрылатындығында жатыр. Сол себепті тармақ басындағы, ортасындағы, соңындағы сөздердің үйлесімділікке құрылуы өлеңге ерекше əуезділік үстейді. Мұны сөз өнерінің көрнекті шебері Әбіш те өлеңдерінде дыбыс мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдаланып, іске асырған. Сонымен, қайталамалардың əр алуан түрлерi мəтiн көркемдiгiн арттыратын тəсiлге жатады.














2.2 Әбіш Кекілбаев өлеңдеріндегі теңеулер мен эпитеттер


Теңеу - заттың, я құбылыстың сыр-сипатын, белгі-бедерін, қадір-қасиетін, сапа-сынын өзге затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы танытып, айырықша мән-мағына беру. 

Академик Қажым Жұмалиев теңеулердің жасалу жолын мынадай түрлерге бөледі:

       1. -дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін жұрнақтары арқылы;
       2.
 -ша, -ше жұрнақтары арқылы;
       3. 
секілді, сияқты, тәрізді сөздерінің көмегімен;
       4. 
бейне сөзінің көмегімен;
       5.
 тең сөзінің көмегімен;
       6. 
ұқсас сөзінің көмегімен.

Әбіш өлеңдерінде теңеулерді де жиі кездестіруге болады.

Ақын «Арғымақ» өлеңінде теңеудің –дай,- дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы жасалған түрін пайдаланған.

Қыпшақтардың ой-хой, құба жондары-ай,

Жер тарпыған тұлпарын айт, тұлпарын!

Шар айнадай сауырына қомдап ай,

Арғымақ жүр

Көк шалғынға-көк кілемге

Сүртіп мүйіз ұлтанын.

Берші менің тақымыма біреуін,

Жеті қиян жер түбіне асайын.

Арғымақтай аласұрған жүрегім

Шапшып-ақ тұр,

Оны қалай басамын.

Дәл осылай жасалған теңеулерді жиі кездестіруге болады.

Қасапшыдай қос білегін сыбанып,

Қолда пышақ жалақ-жалақ етеді.

Жердің төсін көптен жапқан құлазып,

Ту биенің сүбесіндей кеседі. («Археология»)

Обыр - тобыр
Жолай көрмей орта түгіл шетіне,
Солған жүрек күн - күн санап тал
жібектей сетінеп,
Тұрсаң болды кеуде тосып өкпек желдің өтіне,
Шуақ емес, ызғар қонып жаз да, қыс та бетіңе.
Елең етпей, қара қанжар қарш - қарш енсе етіңе,
Қарағаштай риза боп тастың тапшы ниетіне,
Бір міз бақпай біткеніңше қажала да кетіле,
Ештеңе алмай есіңе:
...Ақыр бар ғой, бәріне де ақыр бар,
Тартылғанша айдын шалдар ақылдар,
Арыстандай атылар түбі ашу - зар -
Тойлап қалсын, ойнап қалсын пақырлар...(Обыр-тобыр)

Эпитет - заттың не құбылыстың айырықша сипаты мен сапасын анықтап,ерекше көріктендіру үшін қолданылатын айқындаулар.

Қыпшақтардың ой-хой, құба жондары-ай,

Жер тарпыған тұлпарын айт, тұлпарын!

Шар айнадай сауырына қомдап ай,

Арғымақ жүр

Көк шалғынға-көк кілемге

Сүртіп мүйіз ұлтанын....

....Балғын шалғын айналып көк жалынға

Нөкер болып артымда ақ шаң топтансын. («Арғымақ»)

Минут! минут!
Сенің атың - жаңалық,
Қарт ғалымның түссе ойына жаңа үміт,
Жас шәкірттің жалын жанын ой тербеп,
Дүниенің отыр сырын жаңа ұғып.(«Минут»)
Даңғаза ер, дәукес дана, есер көсем
Бастаса, кетпес жерде кетер де есең.
Кесірлі ел атанарсың кесапаты мол,
Бөсе бер, бұл сөзімді бекер десең...(« Даңғаза ер, дәукес дана, есер көсем»)

Дүниенің бұлаңы-ай,
Дәуренінің
сылаңы-ай,
Қиял иттің лаңы-ай,
Жаратқанның о

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!