
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Математика сабағында саралау тапсырмалары арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту»
«Математика сабағында саралау тапсырмалары арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту»
Әбуғалиева Ару Сәкенқызы
Атырау қаласы, Жұлдыз селосы
ЖББ №39 орта мектебі
Математика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы
Жоспар:
І. Кіріспе..................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Саралап оқыту дегеніміз не және ол бізге не үшін керек?...........................4
2.2 Математика сабағында саралау тапсырмалары арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру..................................................................................7
2.3 Математика сабағында саралау тапсырмаларын беруде тиімді әдістерді қолдану...................................................................................................................10
ІІІ. Қорытынды....................................................................................................12
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................13
І. Кіріспе
Білім беру-оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудің мақсаты жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Президентіміз Қасымжомарт Тоқаев отандық білім беру жүйесінің үздік үрдісін сақтай отырып, бір орында тұрып қалмай, әрдайым даму жолында болу керектігін айтты. Президенттің айтуынша, бәсекеге қабілетті балаларды қалыптастыруда басты үміт мұғалімдерге артылады деген болатын. Бүгінгі ұстаздың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін жеке тұлғаның құзіреттілігін қалыптастыру.
Қазіргі заман - математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі.
Математика жалпы білім беретін пәндердің ішіндегі күрделі пәндердің бірі. Математика-жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі. Математиканы оқытуда жаңа технологияларды пайдалану ауадай қажет. Қазіргі таңда оқушыны жеке тұлға деп санап, оларды өз сұраныстарына, мүдделеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің сан қилы үлгілерін қолдану керектігі көзделуде. Осы мақсатта мектебімізде оқушылардың білім дәрежелерін тексеру мақсатында, пән бойынша бақылау кескінділері мен тест жұмыстары әр тоқсан сайын жүргізілуде. Математикадан тиянақты білім беру, оқушылардың логикасы мықты, өздеріне сенімді, сабырлы болуына ықпал жасайды. Қызығы да, қиындығы да мол пәнді игерту үшін және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өткізу қажет.
Математика сабағында оқушылардың материалды дұрыс ұғынуы пәнге қызығуының артуы, білімнің берік қалануы мұғалімнің сабақ өткізудегі шеберлігене, әр түрлі әдіс-тәсілдері орнымен қолдана білу жолындағы ізденімпаздығына байланысты. Математика - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі. Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты сабақ сапасын көтеру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденімін, танымын қалыптастыру. Бүгінгі күн талабы жалпы білім беру жүйесіне, оны оқыту әдістеріне үлкен міндеттер жүктелді.[3]
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Саралап оқыту дегеніміз не және ол бізге не үшін керек?
Кэрол Энн Томлинсон саралап оқытуды балаларды жеке оқыту стильдері мен ұйымдастырылған оқу қызметі ретінде сипаттайды. Зерттеу нәтижелері бойынша, саралап оқытудың тиімділігі бұл әдістің оқуда әртүрлі қиындықтары бар балалардың немесе қабілетті, дарынды балалардың оқуына пайдалы болуында. Барлық балалардың оқып-үйрену деңгейі немесе қабілеттері бірдей емес. Саралап оқыту алдын ала ойластырылған үдеріс болып табылады. Әрбір баланың өзіндік оқып-үйрену стилі болады. Соларды ескеру арқылы баллалардың барлығына да табысты болуға көмектесу.
1. Мазмұн арқылы саралау
1) жекелеген балалардың белгілі бір тақырыпты немесе бөлімді оқуды қай жерден бастауы керектігін анықтау үшін алдын-ала тестілерді пайдалану;
2) Блум таксономиясының әртүрлі деңгейлеріндегі ойлауды ынталандыру (есте сақтау, түсіну, қолдану, талдау, бағалау және жасау);
3) ұйымдастырылған оқу қызметін әр бөлім бойынша құрылымдалған бағыттардан тұратын анағұрлым шағын және басқарылатын бөліктерге бөлу.
4) күрделілігі әртүрлі деңгейдегі кең ауқымды оқу тұжырымдамалары мен дағдыларын таңдаңыз.
2. Процесс арқылы саралау
1) әртүрлі оқу дағдыларын дамытуға арналған әртүрлі материалдардың қолжетімді болуын қамтамасыз ету;
2) аудиал, визуал және кинестетик балаларға арналған іс-шараларды әзірлеу;
3) балалардың сұранымдары мен қалауы бойынша өз бетінше оқу қызметіне арналған орындарды (бұрыштарды) жабдықтау;
4) балаларға күрделігі мен абстрактілі ойлау деңгейі бойынша әртүрлі іс-әрекеттерді ұсыну;
5) мазмұн, бағалау мүмкіндіктері мен нәтижелерін қамтитын факторлар негізінде тәрбиеленушілерді топтастыру мен қайта топтастырудың икемді тәсілдерін пайдаланыңыз.
3. Өнім арқылы саралау
1) әртүрлі бақылау стратегияларын пайдалану;
2) балаларға оқытудың әртүрлі стильдерін бейнелейтін ойын және жұмыс түрлерін ұсыну;
3) бағалауды үздіксіз интербелсенді үдеріске айналдыру.
4. Оқу ортасы арқылы саралау
1) оқыту үдерісіне физикалық элементтермен қатар психологиялық элементтерді де қамту арқылы оқуды оңтайландыру;
2) жеке жұмыс пен топтық жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға көмектесетін әртүрлі жиһаздар мен құрылғыларды пайдалана отырып, икемді жоспарлау;
3) топты басқару әдістері қауіпсіз және жайлы оқу ортасын құруға мүмкіндік береді. [4]
Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған келесі әдісін қарастыруға болады:
Тапсырма. Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді.
- Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау.
- Күрделігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдаланыңыз.
Дереккөздер (ресурстар)
- Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.
- Дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады.
- Баспадан шыққан және электронды дереккөздер де пайдалануы мүмкін.
- Бұл материалды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.
Қарқын
- Кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам немесе баяу жұмыс істейді.
- Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады.
- Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.
Қорытынды
- Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.
- Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді.
- Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.
Диалог және қолдау көрсету
- Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.
- Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын-ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.
Бағалау
- Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін.
- Педагогикалық қызмет табыстылықты, жақсартуды, түзетуді қажет ететін салаларды анықтайтын әмбебап үдеріс болуы керек. Сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай жылжи аламыз.
Жіктеу
Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдалы көптеген тәсілдер бар:
- мүдделері ұқасас оқушылар (мысалы, қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі),
- талаптары әртүрлі оқушылар,
- жигсо топтары (бірін бірі үйрететін топтар),
- кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топтары,
- гендерлік топ (ұл, қыз деп бөлінген),
- аралас гендерлік топ,
- ұйымшыл топ. [6]
2.2 Математика сабағында саралау тапсырмалары арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру
Саралап оқытудың басты мақсаты - сынып оқушыларын қабілетті, қабілетсіз жіктерге бөлуді болдырмау.
Саралап оқытудың ерекшеліктері:
1.Саралап оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкідік береді.
2.Саралап оқыту әртүрлі катигориядағы балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3.Саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш денгейі қарастырылады: ең төменгі денгей(минималды базалық),бағдарламамалық, күрделенген денгей.
Базалық денгей-мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы менгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
4.Оқушының жеке тәжірбесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтежелі болу үшін.
Жеке тұлға ерекшеліктеріне;
Психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне,өзінің эмоциясын басқара білуіне);
Пән бойынша білімді игеру деңгейіне, оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек .[5]
Сыныбыңыздың әлеуетін
зерттеңіз. Алғашқыда оқушыларды ең қарапайым ақпаратты қабылдау
қабілетіне қарай 3 топқа бөліп алыңыз:
— Аудиал
— Визуал
— Кинестетик
Сәл кейіндеу оқушыларды:
— Қызығушылығына
— Жылдамдығына (тапсырманы орындау уақытына)
— Ынтасына
— Гендрлік психофизикасына (аса жауапты саралаулардың бірі)
Қолдауды қажет ететіндігі, етпейтіндігіне қарай топтастыруға, жұптастыруға болады. Және өз бетінше жұмыс істей алу қабілеттеріне қарай жеке жұмыстарды, жобаларды дайындау ұсынылады. Осы және бұдан да басқа ерекшеліктерді ескере отырып дайындалған тапсырманы сұранысқа қарай бейімдеу қажет.
Саралау үдерісінде:
Барлық оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, бірақ мұғалім олардың алдыңғы білімі мен тәжірибесін ескере отырып, оқушыдан деңгейіне сай нәтиже күтеді. Барлық оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, бірақ мұғалім олардың жылдамдығын ескеріп тапсырманы орындау уақытын түрлі етіп береді. Барлық оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, бірақ оқушыларға көрсетілетін қолдау олардың деңгейіне, қабілетіне сәйкес әр түрлі болады. Тапсырма беруде топтың немесе жекелеген оқушылардың әлеуеті ескеріледі.Тапсырма ортақ, бірақ ресурстар әртүрлі. Топтастыру процесі – нәтижеге жеткізудің құралы яғни оқушылар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ әркімнің өз рөлі бар (бұл барлық оқушының өз мүмкіндігін көрсетуіне жол ашады). Мұғалім сұрақтарды оқушы деңгейіне қарай саралайды (түсіну, білуден бағалауға дейін).Сыныптағы оқушыларға үй тапсырмасы беріледі, ал кейбір оқушыларға сынып жұмысын аяқтап келу тапсырылады және т.б.[7]
2.3 Математика сабағында саралау тапсырмаларын беруде тиімді әдістерді қолдану
Математика сабағында
саралап оқытуға бағытталған әдіс
түрлері:
– Ойын түрлері;
– Жеке және жұптық, топтық жұмыстар;
– Оқушылардың өз бетінше іс-әрекеттері;
– Нақты жағдайлар,олардың нәтижесін жасау;
– Сұрақтар қоюда ынталандыру (СТО-ға үйрету);
– Оқыту мәселелері.
«Ыстық орындық» әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.
-
«Автор орындығы» оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.
-
«Миға шабуыл» стратегиясы
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?”
4. «3 таяқша» әдісі. Берілген тақырыпқа байланысты 1 сұрақ, 1 жауап, 1 идея әртоп даярлап, көпшілікке салады.
5. «Бинго» ойыны.
Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 – сұрақ. Сабаққа не үшін келдіңіз? Алдымен оқушыларға жауап бергізіп, соңынандайын жауапты ашу,салыстыру.
6.«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі. Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? Өткен тақырып бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде, оқушылар ол келтірілген мысалдардың өткен тақырыпта бар, жоғын анықтайды.
7.«Он сұрақ!» әдісі.
(Негізгі сөзді табу) Оқушы бір сыныптасын таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады (немесе қолына ұстатып, қолын жоғары көтеріп ұстау) – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
8.«Серпілген сауал» әдісі. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз. Мысалы,
– “Самат, Рахаттың жауабы туралы сен не ойлайсың?”
–“Самал, Айгүлдің жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”
– “Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”
9.«Құпия зат» – Мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз: Бұл не? деп сұрамаңыз
10.«9– ромб» әдісі. Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бір қатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.
11. Кері байланыс түрлері. «Алма ағашы» әдісі. Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма–мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл –күйім жоқ.
12. «Бір сөзбен» әдісі. Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.
13. «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының
1 – баспалдағы Мен…………БІЛЕМІН
-
– баспалдағы Мен…………ТҮСІНЕМІН
-
– баспалдағы Мен…………ЖАСАЙ АЛАМЫН
14. «Таңдау» әдісі.
-
Мен үшін сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
-
Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
-
Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
-
Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым.
-
Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін. Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына «+» белгісін қою тапсырылады.
15. Кері – байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны. Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
16.Чемодан(суреті)
17.Қоқыс жәшігі (суреті)
18.Ет тартқыш (Суреті)[8]
Білім мониторингі
[1-кесте]
[1-cурет] [2-cурет]
[3-cурет]
[4-cурет]
[5-cурет]
[6-cурет] [7-cурет]
[8-cурет] [9-cурет]
[10-cурет] [11-cурет]
[12-cурет]
Оқушылар жетістігі
[13-cурет] [14-cурет]
[15-cурет] [16-cурет]
[17-cурет] [18-cурет]
ІІІ. Қорытынды
Саралаған әдістің маңыздылығы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу - танымдық құзіреттілігі қалыптасады. Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады. Саралап оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған. 1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей, оны орындауға барлығы міндетті. 2- 3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы, ал 4-деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды. Әрине, барлық оқушы 4-деңгейді түгел орындап шығады деу артық. 1-2 деңгейді түгел жуық орындайды да, озат оқитындар алға кетеді.
Әрбір оқушы саралап оқыту технологиясының мақсатында өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Саралап оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Саралап оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Саралап оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін:
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу пәнге қызығушылығын арттыру. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі оқушыларға сараланған тапсырма беру.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Қ.Р. «Білім туралы» Заңы. 2007ж.
-
Қ.Р. білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
-
Білім технологиялары Алматы. 2009ж.
-
«Хабаршы» 2020 ж.
-
Беспалко В.П. «Слагаемые педагогической технологии».Педагогика 1989ж.
-
Ж.А.Қараев. «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі». Педагогикалық технологиясы. Шымкент- 2007ж.
-
Кобдикова Ж.У. Оқыту процесін технологияландыру. Алматы 2000ж.
-
Тиімді оқыту мен оқудағы белсенді стратегиялар. Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. Атырау 2018ж.
-
Бидосов.Ә. «Математиканы оқыту методикасы» Алматы Мектеп, 1981ж.
-
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік құрал. Астана 2017жыл.
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012ж.
17

