«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын сабаққа енгізудің тиімді жолдары»
Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаттарының бірі – жан-жақты дамыған, мәдениетті, жауапкершілігі жоғары, елжанды тұлға тәрбиелеу. Бұл тұрғыда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, адалдық, әділдік, жауапкершілік, құрмет сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған.
Құндылықтарды пән мазмұнымен кіріктіру
«Адал азамат» бағдарламасының
құндылықтарын енгізудің ең тиімді жолы – оларды пән мазмұнымен
табиғи түрде байланыстыру. Әрбір пән оқушының дүниетанымын қалыптастыруда
өзіндік рөл атқарады.
Мысалы:
-
гуманитарлық пәндерде кейіпкерлер әрекетін моральдық тұрғыда талдау арқылы адалдық пен әділдікке баулу;
-
тарих пәнінде елге адал қызмет еткен тұлғалардың өмір жолын үлгі ету;
-
жаратылыстану пәндерінде жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
-
барлық пәндерде академиялық адалдық қағидаларын сақтау.
Бұл тәсіл құндылықтарды жасанды емес, саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.
Сабаққа кіріктіру - оқушылардың әлемдік мәдениетпен танысуына, сондай-ақ құндылықтықтарды тәрбиелеуге мүмкіндік беретін кеңістік. Сондықтан «Адал азамат» бағдарламасын сабаққа кіріктіру – пәннің тәрбиелік әлеуетін арттырады.
Сабаққа кіріктіруге тиіміді болатын негізгі құндылықтар:
1)Құрмет
– Басқа халықтардың мерекелеріне, дәстүріне, мәдениетіне құрметпен
қарау
– Әр оқушының пікірін тыңдау, сыйлау
2)Мейірімділік және достық
–Мерекелерде адамдар бір-біріне
жылы сөз айту
– Құттықтау мәдениетін қалыптастыру
3)Адалдық
– Өз мерекесі туралы шынайы
ақпарат беру
– Өз отбасы дәстүрлерін адал баяндау
4) Отбасы құндылықтары
– Отбасымен бірге өткізілетін мерекелер туралы айту
– Отбасындағы сыйластықты түсіну
5) Азаматтық мәдениет
– Қазақстандағы маңызды мерекелерді білу
– Мерекелердің ел бірлігіне қосатын үлесін түсіну
Тәрбие мен оқытудың
сабақтастығы: Білім беру сапасын арттырып
қана қоймай, тәрбие мен оқытудың өзара сабақтастығын қамтамасыз ету
— біздің басты мақсатымыз. Бұл жүйе мектепке дейінгі тәрбиеден
бастап техникалық және кәсіптік білім беру кезеңдеріне дейінгі
бүкіл білім беру сатысын қамтиды.
Яғни, бала мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, кәсіби маман
болып қалыптасуына дейін біртұтас құндылықтық бағытпен
тәрбиеленеді. «Адал азамат» бағдарламасы
аясында әр айға арналған құндылықтар жүйелі түрде белгіленген.
Түлектердің меңгеруі тиіс білім, білік және дағдылар нақты
айқындалған. Бұл құндылықтар жүйесін педагогтер сынып сағаттарын
жоспарлауда және күнделікті сабақ мазмұнына кіріктіруде тиімді
пайдалана алады.
Өмірмен байланысты жағдаяттық тапсырмалар
-
Нақты өмірден алынған дилеммалар (адал болу қиын жағдайлар)
-
«Сен не істер едің?» форматындағы тапсырмалар
-
Кейстік сұрақтар арқылы пікірталас ұйымдастыру
Бұл оқушыны ойлануға, өз ұстанымын қалыптастыруға көмектеседі.
Қорытындылай келе, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын сабаққа енгізу – үздіксіз әрі жүйелі үдеріс. Бұл құндылықтар тек тәрбие сағатында емес, әрбір сабақта, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста, мектеп мәдениетінде көрініс табуы тиіс.
Сонда ғана біз қоғамға адал, саналы, жауапкершілігі жоғары азамат тәрбиелей аламыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын сабаққа енгізудің тиімді жолдары»
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын сабаққа енгізудің тиімді жолдары»
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын сабаққа енгізудің тиімді жолдары»
Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаттарының бірі – жан-жақты дамыған, мәдениетті, жауапкершілігі жоғары, елжанды тұлға тәрбиелеу. Бұл тұрғыда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, адалдық, әділдік, жауапкершілік, құрмет сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған.
Құндылықтарды пән мазмұнымен кіріктіру
«Адал азамат» бағдарламасының
құндылықтарын енгізудің ең тиімді жолы – оларды пән мазмұнымен
табиғи түрде байланыстыру. Әрбір пән оқушының дүниетанымын қалыптастыруда
өзіндік рөл атқарады.
Мысалы:
-
гуманитарлық пәндерде кейіпкерлер әрекетін моральдық тұрғыда талдау арқылы адалдық пен әділдікке баулу;
-
тарих пәнінде елге адал қызмет еткен тұлғалардың өмір жолын үлгі ету;
-
жаратылыстану пәндерінде жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
-
барлық пәндерде академиялық адалдық қағидаларын сақтау.
Бұл тәсіл құндылықтарды жасанды емес, саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.
Сабаққа кіріктіру - оқушылардың әлемдік мәдениетпен танысуына, сондай-ақ құндылықтықтарды тәрбиелеуге мүмкіндік беретін кеңістік. Сондықтан «Адал азамат» бағдарламасын сабаққа кіріктіру – пәннің тәрбиелік әлеуетін арттырады.
Сабаққа кіріктіруге тиіміді болатын негізгі құндылықтар:
1)Құрмет
– Басқа халықтардың мерекелеріне, дәстүріне, мәдениетіне құрметпен
қарау
– Әр оқушының пікірін тыңдау, сыйлау
2)Мейірімділік және достық
–Мерекелерде адамдар бір-біріне
жылы сөз айту
– Құттықтау мәдениетін қалыптастыру
3)Адалдық
– Өз мерекесі туралы шынайы
ақпарат беру
– Өз отбасы дәстүрлерін адал баяндау
4) Отбасы құндылықтары
– Отбасымен бірге өткізілетін мерекелер туралы айту
– Отбасындағы сыйластықты түсіну
5) Азаматтық мәдениет
– Қазақстандағы маңызды мерекелерді білу
– Мерекелердің ел бірлігіне қосатын үлесін түсіну
Тәрбие мен оқытудың
сабақтастығы: Білім беру сапасын арттырып
қана қоймай, тәрбие мен оқытудың өзара сабақтастығын қамтамасыз ету
— біздің басты мақсатымыз. Бұл жүйе мектепке дейінгі тәрбиеден
бастап техникалық және кәсіптік білім беру кезеңдеріне дейінгі
бүкіл білім беру сатысын қамтиды.
Яғни, бала мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, кәсіби маман
болып қалыптасуына дейін біртұтас құндылықтық бағытпен
тәрбиеленеді. «Адал азамат» бағдарламасы
аясында әр айға арналған құндылықтар жүйелі түрде белгіленген.
Түлектердің меңгеруі тиіс білім, білік және дағдылар нақты
айқындалған. Бұл құндылықтар жүйесін педагогтер сынып сағаттарын
жоспарлауда және күнделікті сабақ мазмұнына кіріктіруде тиімді
пайдалана алады.
Өмірмен байланысты жағдаяттық тапсырмалар
-
Нақты өмірден алынған дилеммалар (адал болу қиын жағдайлар)
-
«Сен не істер едің?» форматындағы тапсырмалар
-
Кейстік сұрақтар арқылы пікірталас ұйымдастыру
Бұл оқушыны ойлануға, өз ұстанымын қалыптастыруға көмектеседі.
Қорытындылай келе, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын сабаққа енгізу – үздіксіз әрі жүйелі үдеріс. Бұл құндылықтар тек тәрбие сағатында емес, әрбір сабақта, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста, мектеп мәдениетінде көрініс табуы тиіс.
Сонда ғана біз қоғамға адал, саналы, жауапкершілігі жоғары азамат тәрбиелей аламыз.
шағым қалдыра аласыз













