Материалдар / Адал еңбекті құрметтеу тәрбие сағаты қмж
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адал еңбекті құрметтеу тәрбие сағаты қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
Адал еңбекті құрметтеу тәрбие сағаты қмж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2024
643
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Адал еңбекті құрметтеу

Күні


Сынып жетекші:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Адал еңбекті құрметтеу

Сабақтың мақсаты:

 

Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатынды-ғын түсіндіру. Оқушыларға адал еңбек жөнінде айта отырып,оның маңызын тү-сіндіріп, адал еңбек етуге баулу. Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі кәмпит алғандарды

1-топқа «», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «» тобына бөлемін.

Ой қозғау

-Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?

-Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

-Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?

-Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?

Еңбек дегеніміз – адамның өмір сүруі үшін қажетті іс - әрекеті.

Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады

-«Адал» сөзін қалай түсінесіңдер?

-«Адал» кім?(не?) болуы мүмкін?

- Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?

Сендердің де адал достарың бар ма?

Сенің адалдыққа деген сенімін қандай? «Адалдық – адамшылық бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер?

«Адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен қатар жүре ме? Неліктен?



Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал


Оқушылар

дың пікірі тыңдалады






























Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы. Адал дос дегеніміз - өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас.

Компьютер






















Сабақ басы (13 мин)



Бейне ролик «Адалдықтың өтемі» ертегісін көрсету.


Бұл қандай мамандық? (жұмбақ шешу)

Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.

/милиционер/

Бал тамған мәзір,

Ол бар жерде әзір.

/аспазшы/

Оқу-білім бағдары,

Заманының бағбаны.

/мұғалім/

Өскен шашты жаратпайды,

Қайшысы бар жалақтайтын

/шаштараз/

Келіп баған қасына,

Өрмеледі басына.

/монтер/

Еңбек орны-танабы,

Сүйікті ән- дала әні.

Егін салып, мәпелеп,

Асырайды қаланы.

/дихан/

Өңкей сығай екі топта

Таласып жүр бір допқа.

Бұл кім ?

/футболшы/

Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі

Кеткен жанды кім дейді?

/ұшқыш/



Бұл сөздерді кім айтқан?
1. Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз.

(Абай)

Елге сіңірген еңбек жақсы,

Еңбекті елеген ел жақсы.

(Спандияр Көбеев)

Адамды адам еткен – еңбек. (Фрейдрих Энгельс)

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы секілді тез суалар.

(Абай)

Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ.

Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. (М.Әуезов)




суреттер

 


Ортасы (20 мин)



1-топ: Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айт.

2-топ: «Адал еңбек» сөзжұмбақ құрастыру

3-топ: «Адалдықтың өтемі» ертегісінен қандай ой түйдің?



Мақалдарды жалғастыр:

1.Еңбек түбі — ……. . (зейнет)

2.Жақсы жұмыс — …….. ……… . (жанға тыныс)

3.Еңбек мұратқа ………. . (жеткізер)

4.Жалқаулық аздырады, ………. ………. . (еңбек оздырады)

5.Еңбек етсең ерінбей,

……… ……… ………… . (Тояды қарның тіленбей)

6.Еңбек ердің – көркі,

……. …….. ……. . (Ер елдің көркі)

7.Еңбексіз өмір — ……. ……. . (сөнген көмір)

Еңбектін көзін тапқан,
……… …….. ………. . (Байлықтың өзін табады)

Еңбек мұратқа жеткізер,
…….. …….. …….. . (Жалқаулық абыройды кеткізер)

10.Еңбегің қатты болса, ….. …… …… . (татқаның тәтті болар)











Соңы







«Жалғастыр» «Не істеуге болмайды?». - Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)

- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.) - Құстарды...........................(атуға болмайды.)

- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)

- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)

- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)

«Не істеу керек?»

- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.) - Үлкеннің тілін...................(алу керек..) - Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)

- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)

- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.) Адамды адам еткен – еңбек» — деп Фрейдрих Энгельс айтқандай, адамның адам болып қалыптасуында еңбек шешу-ші роль атқарғандығын, адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене бергенін,сөйтіп талмай, қажымай еңбек етудің арқасында адамзат қоғамы жан-жақты дамып,жетіліп осынау жоғары өркениетке жетіп отыр-ғандығын бүгінгі шарада айтып жеткіздік.



«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесін толтыр.

Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?

Не ұнады?































Рефлексия жасайды.

Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі









презентация









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!