Материалдар / Адал ұрпақ - мәңгілік елдің кепілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адал ұрпақ - мәңгілік елдің кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Адал ұрпақ - мәңгілік елдің кепілі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2020
739
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Адал ұрпақ – мәңгілік елдің кепілі»

Алматы қаласы Алатау ауданы

Алатау аудандық ББ басшысы

Ақмұрзаева Қ.М.

Мемлекетіміздің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз айтқандай: «Ұлы мақсаттарды өзінің алдына ұлы халық қана қоя алады!» демекші Алматы қаласы Алатау ауданы да жас ұрпақты тәрбиелеуді алдына мақсат етіп қойып, сол мақсатқа жетуде тәрбиенің бір бағыты «Адал ұрпақ» бағыты бойынша жұмыс жоспары құрылып жұмыс жасалып жатыр. Осы бағытта Алатау ауданының мектептерін жұмыла жұмыс жасауға жауапты етіліп №151 ЖББМ тағайындалды.  Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында оқушылардан құралған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мақсаты мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту, білім және мәдениет деңгейін арттыру. Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы рухани адамгершілікке және азаматтық патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асырып, жастардың саяси-құқықтық білімін тереңдетуге ықпал етеді. Осы орайда бүгінгі таңда Алматы қаласы Алатау ауданы мектептерінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары түрлі шаралар өткізіп тұрады. Алматы қаласы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігімен «SANALY URPAQ» республикалық жобалық кеңсесімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн өткізілген сурет салу, эссе жазу, өлең шығару сияқты түрлі іс – шараларға аудан мектептері түгелдей қатысып, қалалық конкурста №151 ЖББМ оқушылары II-III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар аудан мектептерінде әртүрлі сынып сағаттары, сурет көрмелері, флешмоб,түрлі акциялар,кездесулер, «Адал ұрпақ» еріктілер мүшелерінің отырыстары жиі өткізіліп тұрады. Осындай шаралардың бірі: «Парасатты мектеп- болашақ мектеп» тақырыбында 2020 жылдың сәуір айында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Республикалық  «САНАЛЫ ҰРПАҚ»  жобалық кеңсесінің басшысы - Токушев Кайыржан Ахметбековичтің қатысуымен аудан мектептерінде семинар өткізілді. Аудан мектептері бойынша «Парасатты мектеп» кабинеті ашылып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық», «Мәдени-көпшілік іс-шаралар» секциялары бойынша кординаторлар бекітіліп жұмыс атқарылуда. Елімізде орын алған COVID-19 пандемиясы басталғанға дейін аудан мектептерінде оқушыларды адалдыққа шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Адал дүкен» жобасы іске асырылған. Елбасы атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда көп мәселе бүкіл қоғамның белсенді қатысуына байланысты болады. Әсіресе өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан ада болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды. Осы бағытты ұстана отырып Молдабаева Гульшат Жақсылыққызы №151 ЖББМ директоры «Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру» авторлық бағдарламасы аудан мектептерінің 10 сынып оқушыларына «Адам.Қоғам.Құқық» пәнінің оқу үрдісіне енгізілді. Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ол ересектердің қызметінде, жұмысында, қызмет бабында қандай мәнге ие болса, мұнда да сондай мәнге ие болады. Бала ойнағанда қандай болса, есейгенде жұмыста да көп ретте сондай болады. Сондықтан да болашақ қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады. Осы ұғымды ұстана отырып ауданымыздың мектептері «Біз жемқорлыққа қарсымыз», «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыптарында онлайн интеллектуалды марафон өткізді. Мектептеріміз өзара бақ сынасып ауданымыздың №182 ЖББМ «Адал Ұрпақ» еріктілер мүшесінен құралған «Аманат» тобы жеңімпаз атанса,2 орынға И.К.Мандоки №154 ЖББМ құралған «Қоңыр Ұландары» мен №151 ЖББМ «Парасатты» тобы иеленіп, ал 3 орынға №82 ЖББМ «Алатау қырандары» тобы мен №26 ЖББМ «Абай» тобы орналасты. Алатау ауданы мектептерінің ұстаздары да, ұрпақ тәрбиесінен де қалыс қалып жатқан жоқ. Атап айтсақ «Педагогикалық идеялар» сайысына қатысуға белсенді түрде аудан бойынша дайындық жүргізілуде,соның бірі №151 ЖББМ тарих және құқық негіздері пәнінің мұғалімі Кунанбаев Мерей Қанатбекұлы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы ұлттық менталитет ерекшеліктері» тақырыбында дайындалып жатыр. Ауданымыздың қазақ тілі мен әдебиет әдістемелік бірлестік жетекшілері ұйымдасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең үздік мақалалар топтамасын іріктеп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық мәдени негіздері» атты әдістемелік бағдарламаны Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми – әдістемелік орталығына өткізілуге дайындалып жатыр. Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде аталған аудан мектептеріне жоспар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етуге ұсыныс беріліп жұмыс жүргізілуде. Осылайша қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәдени, ақыл-ой, құндылық және әлеуметтік негіздері бар. Қазіргі мемлекет пен қоғамның ішкі дамуы мемлекеттік саясаттың алдын алу құралы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!