Материалдар / Адалдық пен әділдік.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адалдық пен әділдік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2018
3476
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін -өзі тану сабағының жоспары


Тақырып____Адалдық пен әділдік____

Құндылық__Дұрыс іс- әрекет_

Қасиеттер___адалдық, шыншылдық, әдептілік

Мұғалім_Г. Шаметова_ Сынып___5_



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру; олардың «достық» құндылығының мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

-Адами қарым – қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы және адал достық туралы түсіндіру;

- оқушылардың адалдық пен әділдікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету, өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту;

- оқушыларды адалдыққа, әділдікке және шынайылыққа, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: оқулық, дәптер, интерактивті тақта,


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті (музыкамен)

«Күннің нұры» (3 мин)

-Денемізді тік ұстап, орындықта еркін отырамыз.Көзімізді жұмамыз.Көз алдарыңда көк шалғынды дала. Жұмсақ самал есіп тұр. Аспанда күн нұрын ерекше төгіп, сенің маңдайыңнан өтіп жүрегіңе құйылды. Нұрға бөленген жүрегің жаңа ашылған гүлдей сүйіспеншілік қауызын ашуда. Сүйіспеншілікке толы жүректен күннің нұры сенің аяғыңа түседі.Сенің аяғың тек жақсы жерлермен ғана жүру үшін.Аяғыңнан күннің нұры қолыңа барды, тек жақсыны ғана ұстау үшін. Күннің нұры қолыңнан аузыңа барды, жақсыны ғана айту үшін. Аузыңнан күннің нұры құлағыңа барды, тек жақсы сөз есту үшін. Күннің нұры құлағыңа барды, тек жақсыны көру үшін. Сенің бүкіл тұла бойың сүйіспеншілік нұрына бөленді. Сен осы сүйіспеншіліктеріңді досыңа жібер. Ата - анаңа жібер.Сен сол сүйіспеншілік нұрын туған-туыстарыңа жібер.Барлық мектептегі таныстарыңа жібер.Айналаң сүйіспеншілік нұрына бөленіп тұр. Біздің бөлмеде нұрға бөленіп сүйіспеншілікке толды. Қандай жан тыныштығы. Көзімізді ептеп ашайық.


2. Үй тапсырмасын тексеру. ( Сабақ барысын талқылау)


« Адал бала» Корей ертегісі

Ерте- ерте ертеде таулы ауылда бір бала өмір сүріпті. Оның жалғыз анасы ғана бар екен. Ол ағаш кесіп, базарға сатып, анасына көмектеседі екен. Күндердің күнінде бала ағып жатқан тау суына жуынбақшы болады.Өзен жағасында өсіп тұрған үлкен мәуе бәйтеректі көріп: «Осы ағаш біраз табыс әкеледі, кесіп ала қояйын», - деп балтасын сермей бергенде, суға түсіріп алады.

Бала жылап жібереді, оған балта алтыннан да қымбат қой. Ағашты енді немен кеседі?

Бір кезде ғайыптан бір ақсақал шыға келеді.

  • Балам неге жылап отырсың?

Бала болған жағдайды айтып береді.

  • Жасыңды тый, балам, балтаңды тауып берем,- дейді де суға сүңгіп кетеді.

Бір кезде ақсақал судан шығып:

-Мынау ма, сенің балтаң? – деп таза алтыннан жасалған балтаны көрсетеді.

-Ол не дегеніңіз. Менікі емес!

Ақсақал мырс етеді де, суға қайта қойып кетеді. Сәлден соң қолына күміс балтаны ұстап қайта шығады.

-Мә, балтаңды ал,- дейді.

- Жоқ, ата. Менің балтам темірден жасалған болатын.

Ақсақал тағы да суға сүңгіп кетеді. Бұл жолы баланың өз балтасын алып шығады. Бала өз балтасын көріп, қуанып кетеді.

  • Міне, менің балтам осы. Сізге көп-көп рахмет!

Ақсақал жымия күліп, баланың басынан сипайды.

-Жарайсың, балам! Сен өзгенікін алған жоқсың, алтын мен күміс сенің адал жүрегіңе дақ түсірмеді.Сен енді үш балтаның да иесісің. Оларды базарда сатып, ақша қыл. Осындай ұл өсірген анаң біреуге жалшы болмай, ханшадай болып өмір сүрсін,- деді де, ақсақал көзден ғайып болды.


Бала неліктен алтын, күміс балталардан бас тартты?

Баланың ісін адал деп айтуға бола ма? Неліктен?

Ақсақал қабылдаған шешімді қалай қабылдауға болады?



Түйін: Адамның ниеті, ойы, іс-әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады.

Адал болу кез келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.



Әңгімелесу:


Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?

Адал болу кез – келген адамның қолынан келе ме? Неліктен?

Әділ болу оңай ма?


Дәптермен жұмыс:

Адал – араб тілінің «Рұқсат етілген», «таза» деген мағына беретін сөзі.

Адалдық – ол шыншылдық, әділдік, мойнына алған міндеттемелерінен жалған сөйлеп жалтармаушылық, уәдесінде тұрушылық сияқты қасиеттерді қамтиды.

Әділдік – туралық, дұрыстық, түзулік дегенді білдіреді. Одан таю, яғни әділдікке жатпайтын іс істеп, қиянат жасау, біреудің обалына қалу ол жазықсыз жапа шектіру болып табылады.



  1. Дәйексөз

«Адал достық - өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады»

Әйтімбет шешен



Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам. Досы уәдесінде берік болса, досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине адал дос болғандығы.



Тапсырма:

Адалдық, әділдік жайында өздерің тақпақ, аңыз , ертегілер білесіңдер ме?



  1. Әңгімелеу сұхбат (Мұғалім сыйы)

  2. Мултьфильм көрсету.

«Екі дос» Ел аузынан

Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң ол жаудыңқолбасына:

-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,- дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

-Жарайды, мен сені өлтірмей-ақ қояйын. Мағансол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды- дейді.

-Ол не? – деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

-Маған сенің көздерің керек,- дейді қолбасы.

-Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босыт,- дейді жігіт. Ол бұл сыннан тоқтаусыз өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана келе жатады.

Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.


Аңыз-әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?

Сендердің де адал достарың бар ма? Олардың адалдығын қай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?


Адал дос дегеніміз өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, әділдікті тіке айтатын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп, көмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз досты айтамыз.


  1. Шығармашылық жұмыс,

«Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында мақал - мәтел, өлең, шағын әңгіме жазу.

Әбдімахан Қырмызы


Адалдық дегеніміз менің ойымша-достыққа адал болу,отанына адал болу. Достыққа адал болу дегеніміз-досың бір нәрсеге душар болса оған көмектесуің қажет.Достықтың екі түрі болады.Олар адал достық және амал достық.Адал достық дегеніміз досың жыласа жұбатып,ал қуанса оның қуанышына қуансаң міне осы адал достық.Амал достық дегеніміз досың жыласа қашып кетсең,ал қуанса қуанып бірақ тек ақшасы үшін жүрсең ол ақшасы таусылған кезде қашып кетсең оны амал достық дейді.

Балалар менің сендерге айтарым адалдық ол-өмірде достыққа, отанға адал болыңдар.Сендердің арттарыңнан іні-сіңілілерің сендерге қарап өсетінін ұмытпаңдар.Адал бала-әрқашан адал,жомарт,әділ болады.Әр қашан адал болыңдар.


Махмуд Бота

Адалдық өміріңе керек нәрсе,

Ол да бір жақсылық қой көңіл бөлсе.

Жақсылық жамандықпен дос бола алмас,

Адамдар адал болып өмір сүрсе.

Жақсылық пен жамандық бірдей емес,

Жақсылық ол сияқты кірдей емес.

Жақсылық не нәрсеге ренжіп кетпе,

Жамандық пен бірге жүрсе бәрі елес.


Қуандық Зейнеп.

Адал адам деген – сыпайы, қамқоршы, батыр, жалған сөйлемейтін болуы керек. Кейбір адамдар жалған сөйлейді. Одан тәрбие алмау керек. Біз адал болсақ іні- сіңілеріміз де адал болады. Ал біз адал болмасақ іні-бауырларымыз, аға-әпкелеріміз де жүр ғой дейді. Адал жан досына әрқашан көмектесіп жүру керек. Ата-анасының тілін әрқашан да орындайтын болуы керек. Досын қолдап, сыйлап жүру керек. Адал болса, ата-анасының тілін алса, досын сатпаса ол адал бала деп айтуға болады. Адалдықтың қасында әділдікте бар. Шоқан Уалиханов «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» деп жақсы айтып өткен. Бәріміз де алад болайық, досымызды сатпайық.

  1. Топпен ән айту.

«Достар, достар » Сөзі: Қ. Ыдырысовтікі


Бірге тойлап, бірге өткізген,

Жалындаған жас шағым.

Талай қызық күнді өткізген,

Қайдасыңдар достарым.


Қайырмасы:

Достар, достар жүрсің қайда?

Бірге еді ғой жанымыз.

Еске алысып осындайда,

Кел шырқайық бәріміз.


Бәріміз де таптық бүгін,

Бақыт жолын іздеген.

Достық сезім, достық жалын

Әрқашанда бізбенен


  1. Үй тапсырмасы.

Тақырып: «Адалдық пен әділдік»


Үйге тапсырма: «Ұстаздың шәкірттерін сынау» Аңыз әңгіме



  1. Соңғы тыныштық сәті. (музыкамен) (2 мин)


«Білім мен өнерді сүй. Сусында» Қ. Нақысбековтің өлеңімен аяқтау.


Білім мен өнерді сүй, сусында,

Деп айтсын ел: «Осындай ер тусын да!»

Арың-адал, әділ болсаң әрқашан

Дүниенің бар бақыты уысыңда.......



Түспегені абзал ғой арға дақтың,

Күйін кешпе түнде ұшар жарғанаттың.

Адал адам әрқашан – еңсесі тік,

Әділдікті ту еткін, қолғанатым.



Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»


Бүгін сендер сабақты өте жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар, сол үшін, сендерге көп-көп рахмет айтамын!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!