Мазмұны
I Кіріспе
1.1
.Химиялық элементтерге жалпы сипаттама 3
1.2. Адам ағзасын құратын химиялық элементтер 5
II Негізгі бөлім
2.1.Химиялық элементтердің азық-түлік және жеміс-жидектердегі мөлшері. 11
2.2.Химиялық элементтердің жетіспеуінен адам ағзасының бұзылуы 14
2.3.Адам ағзасындағы химиялық биогендік элементтердің ролі. 16
III Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 18
Кіріспе
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында денсаулык сактау ісіне айрыкша мән беріліп, байыпты да жүйелі өзгерістер талап етілуде.
Ешкандай байлыққа бағаланбайтын халыктың денсаулық жағдайын тексеруден өткізу, ол жүйеге колдау көрсету және салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау қай кездегіден де маңызды сипат алып, медицина саласы кызметіне айрықша серпін беретіні анык. Мемлекетімізде соңғы жылдары тиісті қаражаттар бөліп, халыктың салауатты өмір сүруіне көп көңіл бөлініп, ғалымдарымыз табигаттағы өзгерістер және коршаған ортаның әсері жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Әлемдік жаһандану үрдісінде табиғатта тепе-теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялык элементтердің адам ағзасына бірден көбейе түсуі және ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі байқалуда. Элементтердің барлығы да тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететінін анықталған. Олардын табиғатта таралу жағдайларына жасалған зерттеулер бойынша жердің массасының шамамен 50 пайызын оттек, 25 пайыздан астамын кремний құрайды. Оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, калий, натрий, магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт, азот, марганец, фтор, барий жер массасының 99,8 пайызын құраса, ал калған 0,2 пайызы барлык баска элементтердің үлесіне тиеді.
Өткен ғасырдың кыркыншы жылдарында неміс ғалымдары Вальтер мен Ида Ноддактар Менделеев кестесіндегі элементтер әр жұмыртаста кездесетіндігін айткан. Әуелгіде бұл пікірдің колдаушысы табылмады. Кейін ғалымдар химиялық элементтерге талдау жасап, зерттеп, зерделеп, шындыққа көз жеткізді.
Жер бетіндегі барлық тірі ағза, оның ішінде, адам коршаған ортамен тығыз карым-катынаста өмір сүреді. Тіршілік заны ағзада үнемі зат алмасып тұруын талап етеді. Ал ағзамызға химиялық элементтер жеген ас пен ішкен суымыздан түседі. Кейбір ғалымдардың сараптауынша, ағзаға түскен хи- миялык элементтердің әрқайсысы белгілі бір биологиялық қызметті орындайды. Осы бағыттағы зерттеулер нәтижесінде 30-ға жуық элементтің биологиялық ролі анықталды.
Химиялық элементтерге жалпы сипаттама
Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай-ак, бұлардын катарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалык заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: Са, Р. O, Na, Mg, S, B, CI, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы, егер адамның салмағы 70 кгболса, онда 1700 граммкальций, 250 граммкалий, 70 граммнатрий, 42 грамммагний, 5 граммтемір, 3 грамммыс болады. Атап айтар болсам, мәселен, кальций мен фосфор сүйекте, ал хлор тұзды кышкыл түрінде асқазан сөлінде кездеседі.
Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне карай үш топ-ка бөледі:
1. Макроэлементтер (оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор); ағзадағы мөлшері 10%-дан жогары болады.
2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий,
кобальт) ағзадағы мөлшері 10%-15%.
3. Ультрамикроэлементтер сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15%-дан төмен.
Тіршілік үшін маңыздылығына карай химиялық элементтерді үш топка бөледі:
1. Тіршілікке кажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді: Н, О, Са, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Мо, V. Олардың жетіспеушілігі адамнын қалыпты өмір сүруін бұзады.
2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd. Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg. V, Se. Олардың биологиялық манызы осы уакытка дейін толық зерттелмеген.
3. Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.
Сондыктан егер химиялық элементтердің біреуінің жок болуы немесе жетіспеуі ағзадағы калыпты жағдайды бұзады. Керісінше, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да зиян. Тіпті, казір тағамнан улану да көбейіп кетті. Мәселен, соңғы кезде диоксин деген у пайда болды. Ол фосфор калдықтарының ауада азот қышқылдарымен қосылуы аркылы түзіледі. Адам ағзасының әлсіреп, иммундық жүйенің төмендеуіне де осылардың әсері бар.
Адам ағзасын құратын химиялық элементтер
Адамның ағзасы химиялык элементтерді әр түрлі концентрациялайды, МЕНИ микроэлементтер мен макроэлементтер әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән әрі ол жерде концентрациясы жогары болады. Мысалы, мырыш карын асты безінде, йод фтор тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий калканша безінде, шашта, кадмий, сынан, молибден бүйректе, калайы ішек ұлпаларында, стронций қуык безінде, сүйек ұлпасында, барий көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром гипофизде және тағы баскаларда жиналады. Жетіспесе, ауырасыз.
Химиялық элементтердің ағзадагы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы-кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий кобейеді. Ағзадағы макро және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғайған сайын кейбір мырыш, ванадий және хром сиякты микроэлементтердін мөлшерлері кемиді.
Адам ағзасында 1000-1200 грамм кальций болады, соның 99 пайызы сүйекте, тіс кіреу-кесінде, ал 1%-ы ішкі жасушада, кан кұрамында маңызды роль аткарады.
Отандық ақ халаттылардың зерттеулеріне сүйенсек, Қазакстандагы әрбір үшінші әйелде және әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороз ауруының зардабын тартуда. Ал бұл тікелей осы кальций элементінің жетіспеуі салдарынан туындайды екен. Кальций сүйектің саулығы мен беріктігін сақтайды. Әйтсе де адам 35 жастан асканнан кейін сүйектен кальций кеми түседі. Бұл дертке көбіне ақ жаулыкты аналар шалдығады. Нақтырақ айтсак, 60 жастан аскан әрбір төртінші әйел зардап шегеді. Ал ер азаматтарда төрт есе сирек кездеседі. Етеккір үзілісінен кейін әйел ағзасында гормондық өзгерістер болады, сүйектің беріктігі күрт төмендейді. Остеопороз бүкіл қанқаны, әсіресе сан, иык, омырт-ка сүйектерін зақымдайды. Тіпті әлсіз соққының өзі (мәселен, көшеде кұлап қалу) сыныкқа алып келуі мүмкін. Осы ретте кальций мен магний канканың беріктігін сақтайтын негізгі ағза жанашыры. Қан құрамындағы холестеринді төмендетеді.
Йод - өмірлік маңызы бар элемент. Ол калканша без үшін құрылыс материалы (калқанша без йод жинақтаушы орган). Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы алады. Сырт қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылык сезілсе түрлі
ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұкпалы ауруларды тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл ой кемістігі. Қалқанша безі мен гипофиздің жұмысын жаксартады. Радиация әрекетінен корган, радиоактивті подтың жиналуын ескертеді. Йод селенге тәуелді, ол ағзада селенсіз әрекет етпейді.
Бұл элементтің жетіспеуі негізгі зат алмасу процесін төмендетеді. Ағзадағы йодтың аз болуы ең әуелі орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Бала кажетті мөлшердегі йодты ана құрсағында жаткан кезден бастап алуға тиіс. Балалардағы гипотиреоз ауруы жүйке кызметінің ерекше бұзылуына, адамдағы интеллектуалдык мүмкіндіктің тежеліп дамуына, кретинизмге экеліп соктырады.
Ал ересек адамдарда ойлау қабілетінің төмендеуі, жүректің согу жиілігі азаюы байқалады.
Адамның өмір сүруіне бүкіл өмір бойы бір қасық кана йод жеткілікті. Йод адам ағзасында 20-30 мг мөлшерінде ғана болса да оте маңызды үрдістерді аткарады.
Кальций күмісше жылтыраган ақ металл, ол сілтілік металдар тәрізді өте жеңіл (g = 1,55 г/см³), алайда анағұрым катты болады және онын балку температурасы да өте жоғары, 851° С-ге тең.
Са ізбес. Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшык
еттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын камтамасыз етеді.
Калцийдің манызды косылыстары: кальций оксиды СаО сөндірімеген әк, кальций гидроксиді Са(ОН); сөндірілген әк, кальций карбонаты СаСО, әкті су, ғаныш (гипс) CaSO, *2H₂O
Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті катайтуға аса қажет. Кальций сиыр мен кой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Кара бидай наны мен жұмыртканың сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді.
Кальций ағзаға сіңімді болуы үшін D витамині, фосфат, магний, мырыш, марганец, аскорбин қышкылы ауадай қажет.
Фосфор тұздары. Фосфор тұздарының ағза үшін маңызы сүйекті калыптастыруга қатысумен шектелмейді. Фосфордың органикалық косылысы аденозинүшфосфат кышқылы мен креатин биологиялык кышқылдану барысында босайтын қуаттың нағыз аккумуляторы болып табылады. Ағза бұлшық еті жиырылганда, сондай ак мида, бауырда, бүйректе және баска ағзаларда жүретін биохимиялык үрдістерде қуатты нак осы косылыстар түрінде пайдаланады.
Міне сондықтан бұлшық етте қатты жұмыс істеген кезде фосфатты кажетсіну едәуір артады. Егер ересек адамға оның тәуліктік қажеті 1 2 грамм болса, ауыр дене еңбегімен шұғылданатын жұмысшыға немесе үлкен кашыктыкка жүгіретін спортшыда бұл кажеттілік екі есе дерлік артуы мүмкін.
Ал фосфор күш-қуат көзі. Қанканың мыктылығы құрамындағы фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепе- тендік мөлшерін белгілі бір денгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі кордан алады. Бірак В витамині оның арақатынасын реттеп отырады. Фосфор жүйке жасушаларының кызметі үшін де керек. Сондықтан оның мөлшері барлык уакытта біркелкі болуы керек. Фтор, стронций алам тісінің мыкты болуына әсер етеді.
Фосфор ақуызы мол ет, сүт өнімдерінде кездеседі.
Адам денесінде фосфор қосылыстары көп. Фосфор қышқылының калдығы жасуша ядроларында нәсілдік қасиеттер беретін аса маңызды заттарға нуклеопротеидтерге, май тектес заттарға фосфатидтерге көмірсулардан тарайтын әр түрлі заттарға міндетті кұрамдас бөлік ретінде кіреді. Сүйек пен тісте фосфор қышқылының тұздары өте мөте көп. және
Көміртек, сутек және оттек көмірсулар мен липидтердің (майлар) де құрамына кіреді. Ал фосфор фосфолипидтердің құрамына фосфатты топтар түрінде кіреді. Көп мөлшерде липидтер бас миында (12%), бауырда (5%), сүтте (2-3%) және кан сұйықтығында (0,6%) концентрленеді. Фосфордың негізгі бөлігі сүйек ұлпасында-600г. Ол адам ағзасындағы барлык фосфордың 85%-ын құрайды. Фосфор-органогенді элемент, зат алмасуда басты роль атақарады. Жасушаішілік құрауыш АТФ-тің кұрамына енеді және адам канкасы мен тісте фторапатит түрінде болады. Тірі ағзалар фосфорсыз дами алмайды. Адамдарға тәуліктік кажеттілігі 1,3г.
Күкірт адам ағзасында 0,16% массалық үлесте кездесетін микроэлемент. Ересек адамның тәуліктік қажеттілігі 4-5 г-дай. Ол көптеген биомолекулалар-ақуыз, амин қышқылдары (цистеин, цистин, метионин) гормондар (инсулин, дәрумен В1) құрамына енеді. Шаштың каротининде, сүйекте, жүйке ұлпаларында көптеп кездеседі.
Магний-ағзадағы мөлшері 20г. Адам ағзасында тіс кіреукесінде, сүйек ұлпаларында, ми, бауыр, бұлшықет, ұйқы безінде кездеседі. Калий мен магний жасушаішілік сұйықтарда, натрий мен хлор жасушааралық сұйықтарда болады. Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек.
Натрий адам ағзасының миына, сүйегінде, бүйрегінде, ас қорыту сөлінде, жұлын сұйықтығында, көз шырынында, қан түйіршіктерінде болады. Натрий ионы адам ағзасының ішкі ортасының қалыпты болуы үшін үлкен роль атқарады. Олар су мөлшерін реттейді, ферменттердің жұмысын жақсартады. К+, Mg2+, Ca2+, Cl-, Na+ иондары жүйке импульстері мен бұлшыкет жасушаларының жұмысына қатысады. Ағзада натрийдің өзгеруінен жүйке жүйесі, жүрек кан тамырлары, бұлшыкет қызметтері бұзылады. Әр күні адам ағзасына Іг натрий кажет, оны ас тұзы түрінде кабылдайды. Сау адамның ағзасында Na+ қажеттілігі мен ағзадан бөлінген Na+ тепе-тендігі сакталады. 90 пайыздай натрий несеппен бірге шыкса, калган мөлшері термен шығарылады. Калий ионы жүрек соғысын калыптандырады, зат алмасуга асер етеді, бұлшықеттердің жиырылуы мен жасуша ішіндегі ферменттерді белсендіреді. Ересек адамдар ағзасы күніне 2-3г. Калийді кажет етеді. Калий кан кысымын томендетеді. Жүрек қағысын реттейді. Темір ағзаға сырттан түседі, тамактың кұрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жогаргы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дұрыс сінбеуі асқазандағы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің ақуызбен байланысының нашарлауынан болады. Ал тұз кышкылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарынын дұрыс кызмет аткармауынан деуге болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тас түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырак пен судың және коректің сапасына байланыс-ты екендігі түсінікті.
Микроэлементтер деп аталатын ағзадағы мөлшері 0,02% болатын йод, мыс, мышьяк(күшән), фтор, бром, стронций, кобальт жатады. Бұл элементтер ағзада жүріп жататын биохимиялык процестерге тікелей қатысты. Олардын ішінде мыс ересек адам ағзасында 100 мг, бұлшықет, бауыр мен мида болады. Күнделікті ағзаға қажеттілігі 2,5-5мг.
Кобальт пен стронций ересек адам ағзасында 1,2 мг болады. Олар эритроциттердің түзілуі мен лейкоз ауруын болдырмауға катысады.
Ал фтор кальций және калий, натриймен қосылыс түзіп сүйектің, тістің кіреукесінің мықты болуын қамтамасыз етеді. Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады. Сүйек құрылысына қатынасатын ғажап элемент. Фтор жетіспесе адам тістерінен түгелдей айырылып калады. Ол суда кездеседі. Кейбір өзен, көл, бұлақ суларында аз, немесе кездеспеуі мүмкін. Мұндай жерде тұратын халықтардың тісі жаксы деп айту киын. Тіс жолак жолақ болып ауырып кейіннен мүлдем түсіп қалады. Жан азабын катты тарттырады. Фтор жетіспегендіктен тістерді кариес каптап кетеді. Ал суларында фторы коп жерлерде тұратын халықтар арасында тістерін де кариес ауруы бар адамдар, өте сирек кездеседі. Фтор жас балаларға өте қажетті элементтердің бірі. Балалардың тісі құрамында фторы бар препаратпен емдеген де, балалардьщ тістері тез жазылып кеткен. Ал ересек адамдардың тісін сондай препаратпен емдегенде мынандай оң қорытынды бермеген. Суларында фтор аз жерлердің тұрғындарына химиялық құрамындағы фторы бар препараттарды беріп отыруды дәрігерлер жөн көреді. Мұның бәрі арнаулы түрде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындылары деп түсіну керек. Сондай-ақ, өмір тәжірибесінде алынуы сөзсіз.
Ал мышьяк (күшән) өте аз болады. Оның көп мөлшері өте улы. мөлшерде ми ұлпалары мен бұлшыкетте Ультрамикроэлементтер біздің ағзадағы мөлшері міз 10-5 пайыздан
төмен. Оларға сынап, алтын, күміс, уран, торий, родий жатады. Ересек адамдар ағзасында 1мг күміс, 10 мг алтын кездеседі. Күміс пен алтын тұздарының ежелден антисептикалық касиеті бар. Родий-ағзадағы мөлшері 10-11-10-12 пайыз. Ол сүйек ұлпаларын азыктандырады, зиянды ісіктерді болдырмауға көмегі бар.
Мырыш ұйкы безінде, алюминий, мышьяк, ваннадий-шашта, кадмий, сынап-бүйректе, молибден бүйректе және мидын ак затында, калайы ішек ұлпаларында және тілдің сілемейлі кабыкшасында, стронций кумк безінде, сүйек ұлпасында, барий көздің торлы пигментті кабатында, бром, марганец, хром гипофизде, никель-ұйкы безінде, бор-май ұлпаларында. темір канда, етте жинакталған. Ол ағзадағы гормондар синтезіне араласатын манызды элемент. Әсіресе, құрсактагы тіршілік иесінің дамуы кезінде аса қажетті минералдың бірі осы мырыш.
Рубидий, цезий, франций элементтері онкологиялык ауруларды емдеуде колданылатын радиоактивті элементтер екені белгілі. 10 металды Са, K, Na, Mg, Fe, Zn, Cu, Mn, Mo, Со жаткызған. Шамамен
салмағы 70 кг адам ағзасында тіршілік металдарынын мөлшері төмендегідей болады: кальций-1700г, калий, натрий 250г, магний 42г, темір 5г, мырыш 3г, мыс 0,2г, марганец, молибден, кобальт бірге есептегенде 0.12г болады. Өздерініз көріп отырғандай осыншама адам ағзасында кездесетін химиялык элементтерді біз ағзаға коршаған ортамен тікелей байланыстын аркасында ауадан, сулан, өсімдіктен және жануарларды тамак ретінде пайдалану аркылы толыктырып отырамыз.
Селен де микроэлемент. Ағзада селенопротейндердің азаюы әртүрлі вирусты, инфекциялы аурулардын туындауына әкеп соғатынын, селен тапшылык жерлерде ісік онкологиялык аурулар жиі кездесетінін, селеннін адам ағзасында азаюы, иммунитет тұрактылығын бұзатынын да ғалымдар зерттеп дәлелдеген. Бұл элемент иммундык жүйені калыптастыруға ерекше әсер етеді. Ол жетіспегенде бұлшык ет әлсірейді. Әлсіздік, әсіресе, жүрек бұлшық етінде айкын білінеді. Селен теніз өнімдерінде, еттерде мол мөлшерде кездеседі.
Алтын. Күмістің бактерицидтік касиетін арттырады. Ағзадағы иммундык процесті калыпты етеді. Көне Греция мен Римде алтынды (пластинкаларын) ауызға салып, тамак ауруларын емдеген екен. Сондай-ак қазіргі медицинада да алтын коспалары кенінен колданылады.
Күміс. Бактерицидтік және антисептикалык касиетке ие. Әрі кабынуға да карсы әрекет ете алады. Бір сөзбен айтсак, табиғи бактерицидтік металл. Бактерияның 650 түріне карсылық білдіре алады екен. Қазақ халкы ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сеніп, күміс ыдыстан тамак ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс тенге салынған суда шомылдырып, «Баланын күні күмістей жарық болсын» деген жоралғы жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен катар, тангажа-йып емдік касиеті де жок емес. Күмістің емдік касиеті медицинада дәлелденген. Емшілер өте ерте заманда-ак күмістің касиетін ерекше бағалаған. Мысалы, Үндістанда, Египетте, Ресейде күміс косылған суды түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланған. Адамдар мұндай судың өмірлік қуат беретін ерекше сикыры барлығына сенген. Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиетте-ріне ХІХ ғасырдың аяғында ғана мән беріп, зерттей бастапты. Күміс сумен эрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан күміс косылған су ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларга төтеп бере алмауының себебі иммундык жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек кана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады. Тіпті ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамнын жұмыс істеу қабілеті төмендеп, корғаныш касиеті азайып, тез шаршау пайда болады. Шетелдік дәрігер Роберт Бекер күміс иондарының адам ағзасындағы жасушалардың көбеюіне әсер ere алатындығын дәлелдеген. Ол өзінің ғылыми кітабында күміс иондарының катерлі ісік ауруына шалдыккан адамдардың жасушаларын кайта тірілтіп, көбеюіне көмегі барлығын жазған. Сірә, алтын-күміс қасықпен ас ішу тек қана байлыктың көрінісі ғана емес, салауаттылыктын да белгісі болса керек. Күміс бактерияларды залалсыздандырады. Осы касиетіне байланысты баланың кіндігі түскенде, бала кырқынан шыққанда күміс касык не күміс білезік салынған суға шомылдыруды атам қазак ертеден білген деседі.
Химиялық элементтердің азық-түлік және жеміс-жидектердегі мөлшері.
Кальций сүтте, жалпы ағарғанда, балықта, теніз өнімдерінде көп болады.
Ағзада кальций құрамы көп болып кетсе, адам цистит ауруына шалдығады. Ал кальций цемент ұнтағы түрінде өкпеге енсе тыныс жолдарына зиян болады. болады.

Құрманың зияны жоқ. Кептірілген кұрма адам ағзасына қажетті - дәрумендерге бай жеміс. Оның кұрамында ақуызбен көмірсутектен баска темір, фосфор, мыс, марганец, магний, калий, кальций, фтор, селен элементтері бар. Кальций сутектің, фтор тістің беріатігі үшін қажет болса, селен жүрек және катерлі ісік ауруларының алдын алып, ағзаның корганыш кабілетін күшейтеді.
Құрма кұрамындағы амин қышқылы жөнінен алма, апельсин мен бананды жолда қалдырады. Бұрыныракта халық емшілері кұрманы асказан, ішек ауруларына ем ретінде колданған. Құрма күш қуаттын кайнар көзі, сонымен бірге бұлшық еттің нығаюына да әсер етеді.
Жемістің құрамындағы В тобындағы дәрумендер мен көп мөлшердегі глюкоза мимен жұмыс істейтіндер үшін өте пайдалы. Құрма жүкті әйелдер
үшін де өте кажетті жеміс, ол ана сүтінің молабына септігін тигізеді. Бірак кептірілген кұрма майлы және қанты көп болғандыктан, күніне 10 - 15 түйірден артык жеуге болмайды.
1 - сызбанұска.
Бұлшық ет нығайады
Ішек ауруына көмек етеді
Ана сүті молаяды
Асқазанға пайдалы
Cu
P
Se
Ақуыз
Көмірсутек
Mn
Mg
K
Ca
Fe
Құрма
Тамак рационында фосфордың кажетті мөлшерде болғаны жөн. Фосфор мал мен өсімдік өнімдерінде мол. Өсімдік өнімдерінен бөлінген косылыстар ағзаға нашар сінеді, өйткені нашар ериді. Фосфор сырда, сүзбеде, етте өте көп. Әр өнімнің 100 г мөлшеріндегі фосфор төмендегі мысалда келтірілген.

Асқабақ Латын Америкасынан шыккан, бірақ ол біздің жерімізде де орнықты. Қызғылт, сары, дәмді балдырынан баска оның емдік касиетті тұқымы да бар. Оны жапон диетологы Дж. Осава пайдалы өнімдер кестесінің ішінде бірінші орынға қояды. Әсіресе кауын тәрізді емес, дөнгелек аскабақтың тұкымы бағалы. Тұқым несімен пайдалы дейсіз ғой. Онда 36-52 пайыз майлар (холестеролсыз), шайыр, органикалық заттар. Е. A дәрумендері, аздаған Д. К дәрумендері бар және микро мен макроэлементтер мол. Әсіресе ондағы мырыш пен темір бағалы және магний, кальций, фосфор, ақуыздар да көп.
Құрамындағы мырыш рыш бойынша аскабак пен күнбағыс ерекше данкка не болады, өйткені осы өнімдердегі мырыш мөлшері устрицалардан сон екінші орынды иеленеді. Ал мырыш әйелдерге карағанда ер адамдарға 5-8 есе артык қажет.
Нәруыздың кұрамына көміртек 51-55%, оттек 22-24%, азот 15-20%, сутек 6,5-7%, күкірт 0,3-2,5%, фосфор шамамен 0,5%-ды құрайды.
Калий бананда, өрік-мейізде, картопта мол болалы.
Темір жұмыртканың сарысында, карақұмықта, грек жаңғағында, күнжіт, фасоль, өрікте, мейізде көп болады.
Мырыш цитрус жемістерінде, каракатта, сұлыда, кызанакта, кызылшада, асқабақ дәні мен шемішкїде, сарымсакта, сүтте, тазартылган күріште болады.
Казакта «Тамак дәмін тұз келтірер, тұз болмаса не келтірер» деген соз бар. Ас тұзы адам ағзасындағы заттар тұракты болу үшін және Биосұйыктыктың осмос кысымын тұракты ұстау үшін үлкен роль аткарады. Оз ағзаға толык тарай отырып, кан сарысуында, арка-жұлын сұйыктыгында, көз сұйығында, ас корыту сөлінде, өтте, бүйректе, теріде, сүйек ұлпасында, өкпеде, мида хлоридтер, фосфаттар, гидрокарбонаттар түрінде кездеседі. Сондыктан казак халкы тұзды нанмен бірдей кадірлеген, макал-мәтелге қолданған және тұзға байланысты ырымдар мен тиым сөздер де бар. Мысалы: «Ас иманы-тұз», «Доссыз өмір-тұзсыз ас», «Тұзды шашпа, аякпен баспа»т.б. Әрине көп мөлшерде пайдалану ол да зиян, ал мүлде тұзды пайдаланбау оз да зиян екенін ұмытпайык.
Тағам кұрамында молибденнің мөлшері көбейсе, темірі бар ферменттердің белсенділігі төмендейді. Ал өте аз мөлшерде тіршілікке манызды болып табылатын минералды компоненттердің концентрациясы сал ғана көбейсе, улы болып табылады. Сурьма, висмут микроэлементтерінің артык мөлшері ағзада эндемиялык зоб ауруын тудыратыны анықталған. Гағамдағы заттардың концентрациясына ағза реакциясынын тәуелділігін аныктағанда егер кажетті элементтер ағзада төмен болса ағзада дефицит ягни жетіспеушілік болады да ағзада өзгеріс болады, ал оптималды болса калыпты денсаулық сақталады, егер кажеттіліктен жоғары болса ағзаға улы тіпті өлім каупін туғызады.
Химиялық элементтердің жетіспеуінен адам ағзасының бұзылуы
Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердің белсенділігі төмендеуіне, орталык жүйке жүйесінің кызметінің бұзылуына әкеп
соктырады. Кальций-ағзада 1,4% болады. Тіс ұлпасында, жүрек, бауыр,
бүйрек, сүйек ұлпаларында кездеседі. Орта есеппен ересек адамға күніне Іг кальций кажет. Тамак кұрамынан келген кальций ішек жолдарында
гормондардын түзілуіне әсер етеді. Сүйекте, тісте кальций ерітілмеген
кристалдар түрінде, лимфа кан тамырларында иондалған түрінде болады. Қанның ұю механизмі, бұлшык еттің жиырылуы, жүрек кан тамырларының
жиырылуы, жүйке жүйесінің жұмысы да иондалған кальцийге байланысты. Йод жетіспеушілігі иммундық жүйені әлсіретеді, ісік дамуының катерлілігін арттырады, ең алғаш-кы кезекте калканша безінің ау-руын коздырады. Йод ас тұзында болады. Соңғы уакытта ұнды да йодпен байытып жүр.
Йод жетіспеушілігіне байланысты ауруларды емдегеннен гөрі алдын алған жөн. Адам күнделікті өсімдік және жануартекті өнімді қабылдағанмен, ағзага кажет мөлшердегі дәрумен мен микроэлементтердің орнын толтыра алмайды. Ағза йоды синтездей алмағандықтан, тіршілік үшін күнделікті йоды бар тағамдары пайдалану есебінен қажет мөлшерін толтыру қажет.
Йодты күндік нормасы
|
Йод мөлшері |
Категориясы |
Жасы |
|
50 |
Емізулі сәби |
Алғашқы 12 ай |
|
70 |
Ерте жастағы бала |
1 ден 2 жасқа дейін |
|
90 |
Мектеп жасына дейінгі балалар |
2 ден 6 жасқа дейін |
|
120 |
Бастауыш және орта сынып оқушылары |
7 ден 12 жасқа дейін |
|
150 |
Жасөспірімдер, ересектер |
12 ден жоғары |
|
200 |
Аяғы ауыр әйелдер мен бала емізетін әйелдер |
|
Ең жоғарғы мөлшердегі өнімі теніз өнімдері (800-1000 мкг/кг). Теніз балдырлары мен губкалар және балык майы, кальмар, теніз капустасы. Ет, сүт, жұмыртқада йод аз, өсімдіктекті азыкта тіпті аз.
Йод бар өнімдерді қабылдағанда (80-85% мөлшерін ал үшін) мынаны ескер жөн:
-
йодтың қалқанша безге кіруі үшін фермент, селен, мырыш, темір және А. Е дәрумендері бірге жүруі қажет.
-
микроэлементтер пісіру кезінде жойылып кетеді. Егер сорпа дайындасаңыз әңгіме баскада, ал тек картоптың өзін кайнатсаныз, йод сумен бірігіп өзгеріске ұшырайды.
-
кейбір тамак өнімдері йодты өзіне «байлап» алып, ағзаға сінірілуін нашарлатады, ондай касиетке барлык шаршыгүлділер: орымжапырак, шалкам, шалкан, шомыр, соя, бұршак жатады. Бұл оларды жемеу деген емес, керісінше соларды көбірек мөлшерде кабылдау керек деген сөз.
-
йод жетіспеді екен деп тек йодталған өнімді ғана жеуге болмайды, тепе теңдік сактап, май, ақуыз, көмірсуларды да аз мөлшерде қабылдар отырыңыз.
-
йодтың спирттегі ерітіндісін тікелей пайдалануға мүлдем болмайды, 1 тамшы йодтан 11 күндік мөлшерін бірден аласызда, калканша безді «отыргызасыз» және таза йол аллергия беруі мүмкін
Адамның өмір сүруіне бүкіл өмір бойы бір қасык кана йод жеткілікті. Йод адам ағзасында 20 праістерді аткарады. 30 мг мөлшерінде ғана болса да өте маңызды үдерістерді атқарады.
Мырыш жетіспесе нәрестелердің өліп кетуі де мүмкін екен. Содан сон касөспірім шағында ер балаларды безеу, шаштың майлы себореясы. Бұдан кутылудың жолы мол мырыш жеу, мысалы, асқањак тұкымын немесе күнбағыс пістесін шағу.
Темір жетіспеген кезде тері бозарады, тырнақ жұмсарады, әрі тез сынады, ауыз қуысы және ас-казанның сілекейлі қабаты бүлінеді.
Ағзада мырыштың жетіспеушілігі адамның сусамыр ауруына шалдығуына әкеп соғатыны анықталған, сонымен бірге әртүрлі тері ауруларына да ұшырайды. Кейінгі кезде ғалымдардың зерттеуі бойынша прак-шарапқа көп үйір адамның қанында мырыштың мөлшері жетіспейтіні аныкталыпты. Егер мырыш ағзада көбейіп кетсе кальцидің құрамы төмендеп остеопороз (сүйек сынғыштығы) ауруы пайда болады.
Мыс жетіспесе мыс жеткіліксіз анемия ауруы пайда болады. Онда ұлпалардың қалыпты дамуы нашарлайды. Көздін қалыпты көруі бұзылады. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда корланған темір гемоглобинмен байланыска түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көп екендігінің көрсеткіші адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттегінің өтуін қамтамасыз етеді. Мыс көптеген ферменттердін құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу
реакциясын жылдамдатады. Мыс ағзаға тағам арқылы түседі. Әсіресе, теңіз тағамдарында, қырыққабатта, картопта, калакайда, жүгеріде, сәбізде, алмада көбірек кездеседі.
Адам ағзасындағы химиялық биогендік элементтердің ролі.
Химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық ролі әртүрлі, әрі өте маңызды болып келетінін білдік. Бірақ ағзаға биогенді элементтердің тек қана жетіспеушілігі емес артық мөлшері де зиян, өйткені бұл кезде химиялык гомеостаз бұзылады.
Гомеостаз деген термин ол грекше тұракты, біркелкі деген мағына береді. Яғни тіршілік денгейінде жүретін биологиялык процестердің сырткы ортаның түрлі өзгерістеріне қарамай, өзінің құрамы мен қасиеттерінің тұрақтылығын сақтай алатын жағдайы. Мысалы, тағамда марганец артык мөлшерде болса, плазмада мыстың мөлшері көбейеді (марганец пен мыс синергизмі), ал бүйректе азаяды (антогонизм).
Көптеген элементтер (күміс, сынап, корғасын, кадмий, күшән (мышьяк) және т.б.) улы болып табылады, олар ағзаға мөлшерден сәл артығырак түскеннің өзінде ауыр патологиялық әсер қалдырады.
Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінде орын алған 118 элементтің 80-ге жуығы тірі ағзаның құрамында кездесетіндігі дәлелденді.
Химиялық элементтердің биологиялық ролін зерттеу, осы элементтердің алмасуының ара қатынасын және баска да биологиялык белсенді заттар ферменттерді, гормондарды, дәрумендерді анықтау арқылы жана дәрілік препараттарды жасауға және оларды реттеудің оптималды режимін табуға мүмкіндік береді деп корытындылаймын.
«Ауырып, ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» жөн ғой. Ағзада үнемі элементтер қоры болуы үшін уакытында әрі құнарлы тамактанып жүрген абзал.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. А.: Дәуір, 2001. 715-6
-
Кузнецов В.И. Принципы активной педагогики. М.: Академия, 2001.-95с. 3.
-
Сеитов З. С. Биологиялық химия. Алматы. Қайнар», 1992 ж.
-
Сейтембетова А. Ж., Лиходий С. С. Биологиялық химия., Алматы. «Білім», 1994 ж
-
Ж.Ә. Шоқыбаев Бейорганикалык және аналитикалық химия., Алматы «білім» 2003. 262 бет
-
«Химия мектепте» журналы №1/2009, 29-31 бет
-
«Денсаулык» журналы №2/2007, 13-14 бет
-
«Денсаулык» журналы №1/2009, 28-бет
11
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Адам ағзасына химиялық элементтердің әсері"

шағым қалдыра аласыз