400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

АДАМ АТА-ХАУА АНА ҚИССАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН КЕЙБІР САНДАРДЫҢ СЕМИОТИКАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі қазақ және түрік қоғамында қолданылып жүрген сан компонентті мақал мәтелдердің прагматикалық ерекшеліктері синхронды теолингвистика шеңберінде ұлттық сарасана тұрғысынан зерттелді. Материал жас ғалымдарға, ізденушілерге, ЖОО магистранттарына пайдалы.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Авторы: Дүйсен Гульзада Еламанқызы


әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті


E-mail: gulzadaduisen@mail.ru


ТАҚЫРЫБЫ: РАБҒУЗИДІҢ "АДАМ АТА-ХАУА АНА"ҚИССАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН КЕЙБІР САНДАРДЫҢ СЕМИОТИКАСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ САН КОМПОНЕНТТІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕ КӨРІНІСІ


Қазіргі өмірде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «1,2,3,4...» сандар тізбегін аңыз-әңгімелерден, жыр-дастандардан, салт-дәстүрден, ырым-тыйымдардан, нақыл сөздерден, мақал-мәтелдерден және дүниетанымға байланысты қолданылатын шығармалардан анық көруге болады. Осы сан атаулары қазіргі қазақ және түрік қоғамында мақал мәтел жасауда көп қолданылған. Күнделікті тұрмыста, діни наным-сенім, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге, мәдениетке және рәсімдерге қатысты қолданылып жүрген сан компонентті мақал-мәтелдер тіл байлығы болып саналады. Халық жадында сақталған осы сан компонентті мақал-мәтелдер қазақ және түрік халқының философиялық және діни танымдық көзқарасынан ақпарат береді. Бұл тілдік бірліктер ерте замандардан бергі рухани өмірдің байлығын, оның қыр-сырларын өз бойына жинап, жан-жақты көрсетеді. Әрі сан атауларының мағыналық-мәндік өрісі халықтың таным-түсінігімен, шындығымен тығыз байланысып жатыр. Жалпы таным проблемасымен байланысты ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Яғни, орта ғасырда хатқа түскен туындыларда қолданылған сандар мен халық әдебиеті өнімдеріндегі сандар арасындағы үйлесімділікті мәдени үйлесімділік пен тілдің бірегей ақпарат тасушыға айналғанының белгісі деп санауға болады. Ендігі кезекте талдау нысаны ретінде алып отырған Рабғузидың "Адам ата-Хауа ана" қиссасында кездесетін «1,2,3,4...» сандарындағы мәнді, оның бойындағы абсолюттік пен мінсіздікті табуға деген танымдық ізденіске талпынамыз, яғни қиссадағы сандардың сандық мәнін қазіргі қазақ және түрік тілдеріндегі сан компонентті мақал мәтелдердегі мағыналық өрісімен байланыстыра отырып талдап көреміз. Жоғарыда сандардың ерекшеліктерінің бірі діни сенімнің негіздерінен хабар бере алады дедік. Қазақ және түрік мәдениетіндегі сандық мәндер діни-әпсаналық наным-сенімдерге негізделген. Рабғузидың "Адам ата-Хауа ана" қиссасынан алынған сан есімдер қоршаған орта, діни және өзіндік көзқарас жайлы автордың танымы арқылы қазіргі таңда тілбілім, тілтаным, әдебиет, тарих саласына көптеген ақпарат беріп отыр. Сонымен қатар қиссадағы бір, екі сияқты кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. «Адам ата мен Хауа ана» қиссасы да діни бағытта жазылған туынды. Осы дерек көзі ретінде пайдаланып отырған 1910 жылы Қазан қаласынан шыққан Профессор Б. Сағындықұлының Рабғузидың «Қисас– ул әнбийа» кітабының бірінші қиссасы «Адам ата мен Хауа ана» аудармасында аса рақымды Жаратушының 18 мың ғаламды қалай және не үшін жаратқаны, мейірімділігін, шексіз білімі мен даналығын және өлшеусіз күш-құдіретін көрсету үшін өзіңің құлшылық міндеті жүктелген жаратылыстардың бірі адамзаттың атасы, мүбәрак нұр иесі-Адам атаның (а.с.) жаратылысы жайлы баяндалады. Адам ата адамзат баласының алғашқы үлгісі болғандықтан адамның жаратылысы туралы айтылатынын атап өткіміз келеді. Қиссадағы әңгіме адамның тарихы оның жаратылуынан бұрын барлық кемшіліктерден пәк Алла Тағала мен Оның періштелерінің арасында болған көктегі ұлы әңгімемен басталған.

БІР САНЫ ТУРАЛЫ

Әуел баста Адам баласын асқан махаббатпен жаратқан Алла қиссада «Мен жерде бір орынбасар жаратамын! Барлық жаратылғандардан оны асыл етемін» [2, 235 б.], - деп бастайды. Осы тұстағы бір сан есімінің қиссадағы мағынасы адам баласының бастауы ең алғаш бір ғана адамнан басталатынын меңзейді. Қиссаның дін туралы кейбір жасырын мағыналары түркілердің дінінен/нанымынан туындайды. Бүкіл жаратылыс басы осы бірден басталады және барлық сандар жиынтығы осы бірге келіп тоғысады. Осы «бір» санымен құралған мақал-мәтел мысалдарында қазіргі қазақ және түрік мәдениеттерінде баяғыдан келе жатқан адамдарға түсінікті мағыналары — әлемнің, танымның бастамасы, когнитивтік санадағы «Алланың» баламасы болып табылады. Яғни, Қазақ және Түрік санасында бір дегеніміз Алла тағаланың есімдерінің бірі: бір Алла, жалғыз Құдай деген тіркестер осының дәлелі. Мысалы, жалғыздық бір Құдайға ғана жарасқан [3,39 б.]//кірсіз күн мен ай, мінсіз бір Құдай [3,223 б.] //ердің ерлігін білмеген, Құдайдың бірлігін білмейді [3,370 б.]//bir kararda bir Allah [4] , мағынасы: күші мен шамасы кемімейтін бір Құдай ғана //Allah’a bir can borcu var [4] , мағынасы: тек бір Құдайға ғана жанымен қарыз //Allah isterse bir kulun işini, mermere geçirir dişini; istemezse işini, muhallebi yerken kırar dişini [5], мағынасы: Алладан жазым болса, быламыққа да тіс сынады, -деген мысалдардан қазақ және түрік халықтарының құдайшыл ел болғанын және бір санын жаратушымен байланыстырып, өмір тіршіліктерінде тірек етіп отырғанын көреміз.

ЕКІ САНЫ ТУРАЛЫ

«Екі» саны бір санындағы жетіспеушілік немесе бірегейлік туралы түсінікті екіге және көптікке айналдырады. Алла тағала жалғыз болғанымен жаратылыстарының барлығын жұбымен жаратқан. Қиссада «Құдай тағала тозақтың ішінде екі түрлі халық жаратты» деп Алла тағаланың «Аспан мен жерді қалай жаратқаны туралы» хабарында әңгімеленеді [2, 233 б.]. Қазақ және Түрік әлеміндегі мақал-мәтелдерде екі саны да бір санмен қатар қолданылады: екі кісі қағысса, бір кісіге орын бар [3,34 б.]//Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады, адамнан сұрағанның екі көзі шығады [3,65 б.]//bir taşla iki kuş sürün [5], мағынасы: бір оқпен екі қоян алу//iki ölç, bir biç [5], мағынасы: şеті рет өлшеп,бір рет кес//bir elin nesi var iki elin sesi var [5] , мағынасы: жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас, жұмыла көтерген жүк жеңіл//iki at bir kazığa bağlanmaz, iki baş bir kazanda kaynamaz [7, 366 б.], мағынасы: екі қошқардың басы бір қазанға симайды// iki dinle bir söyle [7, 366 б.] , мағынасы: көп тыңда, аз сөйле- деген мақал-мәтелдерде екі санының мағыналық аймағы көптікпен ұштасып жатады.

ҮШ САНЫ ТУРАЛЫ

Үш саны - бұл мәдениетте, әсіресе діни нанымдарда жиі қолданылатын маңызды сан. «Үш» санының қиссадағы қолданысына зер салсақ: Алла Тағала Адамды жаратпақ болған кезде жерден топырақ әкелуге келген Хазірет Әзірейіл жерге: «Алла тағалаға үш мәрте қарсы келдің. Жазықты болдың. Сенен пайда болған зат тез арада күнаһар болады», – деп оның бетінен бір уыс топырақ алды [2, 240 б.],-деп әңгімеленеді. Алла тағаланың Хазірет Адам алайһи с-саламның денесіне рух кіргізу сәтінде: «үш мәртебе «кіргіл» деген әмір болды» [2, 245 б.], -деп баяндалады. Шайтан Адамды өзі сияқты етпекші болып тыйым салынған пейіштің ішіне кірерде: «Егер сен мені пейішке алып кірсең мен саған үш дұға үйретемін» [2, 253 б.],-деп айла жасайды. Айламен пейіштің ішіне кірген шайтан: «Осы жемістен жеген үш қасиетке жолығады» [2, 261 б.] ,-деп Адам ата мен Хауа ананы азғырады. Көріп отырғанымыздай Рабғузидың «Адам ата-Хауа ана» қиссасында «үш» сан есімі біршама белсендірек жұмсалған. «Үш» санына байланысты аталы сөздер қазіргі қазақ және түрік тілдерінде келесі мақал мәтелдерде көрініс тапқан: Bir günlük ölüye üç gün yiyecek gerek [5] , мағынасы: өлген адам шыққан үйде үш күн бойы тамақ пісірілмейді, көрші, туыс, ағайын үш күн бойы сол үйдегілерге тамақ тасиды// er oyunu üçe kadar [5], мағынасы: ер кезегі үшке дейін// misafir üç gün misafirdir [5], мағынасы: қонақ ету үш күн//padişah yasağı üç gün sürer [5], мағынасы: патшаның тыйымы тек үш күнге жарамды//üç sabah erken kalkan, bir gün kazanır [6, 229 б.], мағынасы: үш күн бойы ерте тұрғанның ырысы артады// ölüsü olan üç gün ağlar, delisi olan her gün ağlar [6, 229 б.], мағынасы: қаза шыққан үй үш күн жылайды, жындысы бар үй күнде жылайды,- деген мақал мәтелдерде «үш» саны шектік сан ретінде қолданылғанын байқаймыз. Қиссада да, қазақ және түрік халқы әр нәрсенің шегін белгілеген, сол шекті үш санымен тұжырымдағанын көреміз.

ТӨРТ САНЫ ТУРАЛЫ

Жалпы «төрт» санының жағымды мағынасы мен эмоционалды мәні бар. «Төрт» саны фольклор мұрасының бірі мақал-мәтелдерде: дүниенің төрт бұрышы/шартарап/; төрт құбыла (батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік); төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар; деген сөз тіркестері осының дәлеліндей. Сонымен қатар: dört göz bir evlat için [7, 368 б.] , мағынасы: Баланы басынан құс ұшырмай өсіру//olan dört bağlar, olmayan dert bağlar [7, 367 б.] , мағынасы: бай төрт бұрышты шарлайды, кедейдің өолы байлаулы//Gökten dört kitap indi, beşinci kötek indi [6, 230 б.] , мағынасы: төрт кітап көктен түсті, бесінші түбір түсті//İki göz cefadır, dört göz sefadır [6, 230 б.], мағынасы: екі көз азап, төрт көз қуаныш, -деп осындай жағымды жағымен қолданысқа жұмсалған. Негізі «төрт» санның кеңінен қолданылуы ислам дінін қабылдауға негізделген. Сондықтан Рабғузидің «Адам ата-Хауа» ана қиссасында «төрт» сан жиі кездестіреміз: «Адамзаттың денесінде Алла тағала төрт түрлі зат пайда етті. Бірі — ақыл, бірі — рух, бірі — нәпсі, бірі — көңіл» [2, 245 б.] -дейді. Әрі қарай хикайатта: «...бұларды төрт бөлік етемін. Бір бөлегі атасының кемерінде болады. Бір бөлегі анасының қарнында болады. Бір бөлегі жер бетінде тірі жүрсе, бір бөлегі өмірге келіп, өліп, көміліп кетеді»-деп адам баласының төрт жағдайда болатыны осы қиссада баяндалып өткен екен.

Қорыта айтқанда Түрік және қазақ халқының хақ жолын қалай ұстанғанын, сенімі қандай болғандығын білу үшін халық санасында жатталып, ауыздан-ауызға көшіп отырған тағылымды мұраларға, яғни мақал мәтелдердегі (бір, екі, үш, төрт) сан есімдерінің тілдік және мәдени семантикасын қиссадағы мәні мен мағынасын ашу арқылы өзара байланыста қарастырдық. Түрік және қазақ халқының мәдениетінде мақал-мәтелдердің дені адамгершілік пен мұсылманшылық ұстанымдарынан туған десек қателеспейміз. Жоғарыда мысал ретінде қарастырған көптеген мақал мәтелдер түрік және қазақ қоғамында шынайы мұсылман танымының болғандығын дәлелдейді. Ортағасырлық ғұлама Рабғузидің «Адам ата-Хауа ана» қиссасының тіл мен әдебиет тарихында маңызды орын алатынын атап өткен жөн. Осы қиссадағы сан атауларының мәдени-тілдік семантикасындағы ақпараттарды ашу арқылы этномәдени-тілдік кеңістіктегі алатын орны мен қызметін айқындадық.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Нұрмұратов С.Е. Насреддин Рабғузи қиссаларындағы даналық тағылымдар // Қазақ халқының философиялық мұрасы. 20 томдық. Ортағасырдағы түркі ойшылдары. 5 том. – Астана: Аударма, 2005. – 353-366 б.

2. Сағындықұлы Б. М. Ғаламның ғажайып сырлары // Адам ата мен Хауа ана қиссасы. – Алматы: Ғылым, 1997. -171-292 б.

3. Бабалар сөзі: Жүзтомдық. – Астана: «Фолиант», 2010. Т.65: Қазақ мақал-мәтелдері. – 488 б.

4. https://bilimainasy.kz/

5. file:///C:/Users/Samsung/Desktop/.pdf

6. https://www.nkfu.com/allah-ile-ilgili-atasozleri-deyimler-ve-anlamlari/

7. https://tr.wikiquote.org/wiki/

8. Erkan HİRİK. NUMBERS IN PROVERBS OF TURKISH WORLD AND THEIR SEMANTIC FIELD. International Journal of Languages’ Education and Teaching Volume 5, Issue 1, April 2017, p. 223-241

9. Mustafa ULUTAŞ, Zekerya BATUR. Meaning Attributes of Numbers in Proverbs and Idioms. International Journal of Languages’ Education and Teaching Volume 6, Issue 3, September 2018, р 361-377

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі