Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Адам өмірі – басты құндылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам өмірінің маңыздылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Адам өмірі – басты құндылық.


Сабақ мақсаты: Оқушылардың өмірде болатын қиын мәселелерді шеше білуге және достарына көмектесуге тәрбиелеу.


Сабақ формасы: дөңгелек үстел ( 8, 9, 10 кл.)


Сабақ көрнекілігі : суреттер( суицидқа байланысты), кесте, жадынамалар(өлең жолдары), плакаттар( нақыл сөздер), шелек, ақ қағаз,слаид шоу.


Сабақ барысы:


Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгін мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Сабағымды бастамас бұрын алдымен бір – бірімізбен амандасып, сергіту жаттығуын орындайық. Енді қазір бәрімізде орынымыздан тұрайық, бір – бірімізге қарама – қарсы тұрып менің айтқанымды қайталап, қимыл жасаймыз.


Күлім қағып қолымды (қолын бұлғайды)

1,2,3 деп соғайын (қол соғу)

Қарсы тұрған көршіме

Қолымды мен бұлғайын (бір – біріне)

Қарсы тұрған көршімнің

Маңдайынан сипайын (бірінің маңдайынан сипау)

Күлімдеп бір қарайын (жымияды)

Құшақтасып алайын (құшақтайды)


- Қандай сезімде болдыңыздар ?(көңілдерін сұрау). Ендеше жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық. Бүгін сабағымыздың тақырыбы: Адам өмірі – басты құндылық деп аталады. Тақырыпты бұлай алу себебім, қазір суицид әрекеті жасөспірімдер арасында кеңінен алып отыр.

- “ Суицид ” сөзін ағылшын тілімен аударғанда “өзін – өзі өлтіру ” деген мағынаны білдіреді. Соңғы 5 жылда өзінің өмірін қиғандар саны 14157-ге жетіп отыр. 2009 жылдың I жартжылдық қорытындысы бойынша, Республикада кәмелетке толмағандар арасында 216 суицид жағдайлары мен суицидке ұмтылу әрекеттері тіркелген. Жыл сайын әлемде 20 сек. адам өмірімен қоштасады екен.

Енді назарымызды тақтаға аударайық (таблица түсіндіру):






Суицид әрекетінің бөлінуі



Тәсіліне қарай

Жалпы бөлінуі

Ерлер – атылу, суға батып өлу.



Мақсатына қарай

Өзіне – өзі қол жұмсау әрекеті аяқталған, яғни өлімге соқтырған.



Әйелдер – дәрі ішіп улану, тамырын кесу, биіктен секіру

Қыр көрсету ниетіне жету, басқа адамның аяушылығын туғызу

Өзіне – өзі қол жұмсау әрекеті аяқталмаған

Өзіне – өзі құрбан ету













Енді сіздерге бірнеше сұрақтар қоям, осы сұрақтарға өз ойларымызды айтып, ортаға салайық:

  1. “ Суицид ” ұғымын қалай түсінесіңдер?

  2. Адамдар не себепті суицидқа барады?

  3. Суицидтің қандай жолдары бар?

  4. Суицид әрекетінің куәгері болған жағдайда қандай күйде болар едің?

  5. Суицид әрекетін алдын – алу үшін не істер едің?

  6. Қоғамда немесе мектепте суицидқа қарсы қандай шаралар атқарылу керек деп ойлайсын?


Слаид көрсету.


Адамның өмір бір – ақ беріледі. Қамшының қысқа сабындай ғана өмірде сәнді

де мәнді өткізу әрқайсымыздың қолымыздан келеді. Ол үшін өзімізге мақсат қойып, сенімді болайық. Қандай жағдай болса да өмірден бас кешіп, бәрінен жалығуға, түңілуге болмайды. Тығырықтан шығатын жолдың бар екенін ұмытпаңыздар. Ол үшін жанымыздағы адамдарға, жолдастарымызға көңіл бөліп, жанын не жаралайтынын білген жөн.


Тренинг

Ендеше қазір алдарыңызға ақ қағаздың ортасын 2-ге бөліп бір жағына жағымды,екінші жағына жаман қасиеттеріңізді жазыңыздар.Болғаннан кейін мына бір шелекке жаман қасиеттерімізді лақтырып, өртеп жібереміз.Сіздерге 5 мин.беріледі.( музыка – Көңіл толқыны)

Қорытынды:

Адам бойындағы жақсы қасиет арқылы өмірге деген құлшынысы арта түседі. Ең бастысы өмірден түңілмемеңіздер! Сабағымызды ақын ағамыз М.Мақатаевтың бір өлеңімен аяқтасақ деймін.


Шыда, Шыда! (музыка)




Шыда, Шыда!

Шыдай түс, шыда тағы!

Шыдамдыны мына өмір ұнатады

Үміттің құлан иек құла таңы,

Әйтеуір бір атады, бір атады…


Өкінбе, өкпелеме бүгініңе,

Өмір, өмір! Болмайды түңілуге,

Мәңгі сені жаөбаған сүрінуге,

Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2020
256
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12