"Адамдардың күзгі еңбегі."

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Адамдардың күзгі еңбегі."

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала мен ата-анасының сыйластығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Айналадағы әлем

5 сынып Күні_______________

Тақырыбы: Адамдардың күзгі еңбегі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамдардың күзгі еңбегімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:
Білімділік:  Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру. Түзету- дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту; тіл байлығын, сөздік қорларын молайту. Тәрбиелік: Еңбекке, тәртіпке баулу. 

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу,  жинақтау.
Сабақ көрнекіліктері: Суреттер, боямақтар, «Адамдардың күзгі еңбегі» суреттер, кестелер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушымен амандасу
- Көңіл – күйің қалай?

2. Психогимнастика «Мейірімділікпен шақыр»

-Қараңдаршы менің қолымда гүл, ол жай гүл емес, ғажайып. ғажайып гүлді бергенде Бір бірімізге мейрімді сөздер айтамыз.

-Жақсы сөзді есту, ұнады ма?

2. Әңгімелеу

Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)
– Күз қандай болады? (Алтын)
Неліктен оны алтын күз дейді (Ағаштардың жапырақтары сарғаяды да түседі)
Қазір күздің қай айы? (қазан)
Бүгінгі ауа райы қандай? (жиі жаңбыр жауады, далада суытты).
– Дұрыс, балалар, суытты, гүлдер қурады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

- Жыл құстары деп қандай құстарды айтады?

- Ол қандай құстар?

ІІІ. Негізгі кезең.

1.Сабақтың мақсатымен таныстыру

2. Жаңа татақырыпты түсіндіру.

1)Күз мезгілінде көптеген табиғатта өзгерістер болады; аспан бұлттанады, аған, бұта жапырақтары, шөптердің түсі сарғайып, қурай бастайды.

- Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Қазан мен қараша айлары жауынды және салқын болады.

- Жыл мезгілдеріндегі өлі табиғатта болатын өзгерістер өсімдіктерге де әсер етеді. Күзде ағаштар мен бұта жапырақтарының түсі өзгереді және түсе бастайды. Жемістер толысып піседі, тұқым шашады. Шөптер сарғайып, құрайды.

2)Адамдардың күзгі еңбегі.

-Күзді астық ору, оны бастыру жұмыстары аяқталады. Астық тасылады, қамбаға құйылады.

-Көкөністер жиналып, одан қысқа керекті түрлі тағамдар дайындалады. Жеміс беретін ағаштар мен бұталар отырғызылады.

Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау.

Қырмандағы үйілді

Алтын астық – алтын тау. /А.Сәрсенов/


-Күзде жиын-терін науқаны деп атайды. Науқан қолайлы шығынсыз болуы үшін қандай ауа райы қажет деп ойлайсыңдар?

3)Суретпен жұмыс

  1. Сұреттердегі адамдардың күзгі еңбегі жайында айтыңдар.

  2. Суреттерге ат қойындар, оларды өзің еңбек түрімен байланыстырып әңгімелендер.

  3. Өз отбасыңда өсімдіктерге байланысты қандай күзгі еңбек түрлері атқарылатынын жайында айтыңдар.

4.Сергіту сәті.

Қарға біздің қар, қар,

Сауысқаныс саңқ, саңқ.

Торғайларым шиқ, шиқ

 Жапалағым ух, ух.

Көкек көкек, көкек деп,

Ұшады екен желпілдеп.


5.Боямақпен өздік жұмыс (оқушылар боямақтармен жұмыс жасайды).

IҮ. Сабақты бекіту

Бүгін сабақта не туралы айттық?

Адамдардың күзгі еңбегі туралы нені білдіңдер?

V. Үйге тапсырма: дәптерден жазбалар б/ша дайындалу VІ. Бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.00.2020
1917
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі