Материалдар / Адамзаттың ұлы ұстаздары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамзаттың ұлы ұстаздары

Материал туралы қысқаша түсінік
• Ыбырай Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқан ұстаз екендігі жөнінде түсінік беру, Ыбырайдың мектебі мен қазіргі заман мектебінің жағдайын салыстыра отырып көрсету, ұлы адамдардың рухтарына тағзым ете отырып, өмір жолдарын, еңбектерін, үлгі-өнеге тұту, Ыбырай ата өмірін үлгі ету, білімді, ақылды, ізденімпаз, етіп тәрбиелеу, білімді болуға, ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2022
1011
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Адамзаттың ұлы ұстаздары» Ы.Алтынсаринның 180 жыл толуына Мақсаты:

  • Ыбырай Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқан ұстаз екендігі жөнінде түсінік беру, Ыбырайдың мектебі мен қазіргі заман мектебінің жағдайын салыстыра отырып көрсету, ұлы адамдардың рухтарына тағзым ете отырып, өмір жолдарын, еңбектерін, үлгі-өнеге тұту, Ыбырай ата өмірін үлгі ету, білімді, ақылды, ізденімпаз, етіп тәрбиелеу, білімді болуға, ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: презентация, суреттер, күй, қоңырау.


Өту барысы.

1 Ұйымдастыру кезеңі

Музыка ойнап тұрады.

1 Қоңыраудың үні естіледі.

Мұғалім: Қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған кім?

Мұғалім:Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз Ұлы педагог, ағартушы, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсаринның өмір баянына арналған. Ыбырай Алтынсарин - қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты.

Талай дана-данышпан, дарабоз тарихи тұлғаларды дүниеге келтірген дархан Қостанай топырағында ұлтымыздың алғаш білім қоңырауын соққан ұстаз Ы.Алтынсарин да туған.

 Ы.Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысының Торғай аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының-белгілі би Балқожаның қолында тәрбиеленді.Туып-өскен жері-Қостанай облысы Тобол өзені жағасында.

Ы.Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.

Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды,Ресей қоғамының білімді адамдарымен кездесті. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В. Григорьевпен танысты.

Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын көбірек біле түссем деп армандады.Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды.

1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекінісінде қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды.Өзін осы мектепке орыс тілінен мұғалім етіп тағайындайды. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогтік қызметі басталады.Бірақ мектеп үйі, оқу құралына қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды. Бірақ Алтынсарин бұған мойымайды.Ауылды аралап, халыққа мектептің пайдасы туралы әңгіме жүргізеді.Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз балаларды өз үйінде оқытады. Ыбырайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы ашылады.

1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін оқу орны болды.

Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі.1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы-оның ағартушылық аса зор еңбегі.

 Ыбырай балаларды мазмұнды,тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды қазақтың өз тілінде басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісіп, оны 1873 жылы Орынборда бастырып шығарады. «Бұл кітапты құрастырғанда мен»,-деп жазды. Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды.

1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Орынборда 1879 жылы Алтынсариннің тұңғыш оқу құралы «қазақ хрестоматиясын» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгімелерден құрастырды. Олардың бір қатарын өзі жазды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді.

 Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 48 жасында қайтыс болады. Қазақ даласында жарқ еткен жұлдыз сөнгенімен артында мәңгі өшпес мұралары мен шәкірттері халқына қызмет етіп келеді.

Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түпкір-түпкірінде кездеседі.

Жүргізуші: Ы.Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған. Өз шығармаларында Отанын, халқын сүюге, оқып білім алуға шақырды.

Оқушылар жатқа Ы.Алтынсариннің өлеңдерін оқиды.

1. «Кел, балалар, оқылық!»

  • Ыбырай атамыз осы өлеңінде оқу-білімнің пайдасы мен қараңғылықтың зиянын салыстыра отырып сиппаттайды. Ғылым-білімнің басты жауы- қараңғылықтың мән-жайын ашып береді. Ақын сол оқудың үйдегі әке-шешенің үміт тілегімен ұштасып жататынын да әсерлі жеткізеді.

  • «Өнер, білім бар жұрттар».

Ақын «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңінде оқу, білім алудағы мақсатты аша түседі. Оқып білім алудағы мақсат халықтың қажетіне жарау, өз еліңді өркениетті елдер қатарына қосу деп түсіндіреді.

Ыбырай қазақ жастарын оқуға шақырумен қатар, адамгершілікке,махаббат-достыққа,еңбекке, жігерлікке,тапқырлыққа, халқын сүюге шақырды. Былай айтқанда, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып шығуды насихаттап, жастарға дұрыс тәрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын ол жақсы ұғынды.

  • «Ананың сүюі».

 «Ананың сүюі» өлеңінде түн ұйқысын төрт бөлген ананы қадірлеуге, сыйлауға шақырады.

  • «Өзен»

Табиғат көрінісін адамдардың тіршілігімен байланыстыра суреттейтін, негізгі идеясы-туған ел табиғатын суреттеу арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойына табиғатты, Отанды сүю сезімдерін дамыту мақсатында туған өлеңі «Өзен».

Ы. Алтынсарин жазба әдебиетке тән прозажанрының да негізін қалады. Ол-тұңғыш рет балаларға арнап әңгіме жазған жазушы.Ыбырай әңгімелерінің басты ерекшелігі-жақсы мен жаманды салыстыра отырып әңгімелеу арқылы балалардың санасына ой салу, тәрбиелеу. Еңбекті сүю және қадірлеу-Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы.

Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай  шығармалары бар.

  • Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінің қойылымы.

Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік, тәрбие мәселесіне жазылған. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді.

  • Ы.Алтынсариннің «Бақша ағаштары» әңгімесінің қойылымы.

Мұғалім: Қазақ халқының дарынды перзенті Ы.Алтынсарин аса күрделі тарихи кезенде, патша үкіметі Шығыс халықтары арасында қатаң отарлау саясатын жүргізіп жатқан кезенде өмір сүрді. Қазақ халқының тарихында Ы.Алтынсарин ерекше роль атқарадыОл қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашты.

Ы.Алтынсарин өз халқын жан-итәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді.

Ы.Алтынсарин-нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат-ақын, жаңашыл жазушы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.

Мен осы сыныптан тыс шарамды ақын Ақылбек Шаяхметтің жазған өлең шумақтарымен аяқтағым келіп тұр. Слайд


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!