Әдеби кеш, Тәуелсіздік -таң нұры, Барлық сыныптар үшін

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдеби кеш, Тәуелсіздік -таң нұры, Барлық сыныптар үшін

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге,
Материалдың қысқаша нұсқасы



«№63 Ы. Алтынсарин жалпы орта мектеб» коммуналдық мемлекеттік мекемесі























Тәуелсіздік таң нұры (әдеби – сазды кеш)


Кештің мақсаты:

Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру.

Қазақ халқының ерлігін,даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезім ояту

.Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Бейнетаспа, көркем суреттер.

Сахнаның ар жағынан Қ.Әбділдәқызы «Тәуелсіздік» өлеңі оқылады Құспановтар


Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар! 16 желтоқсан ҚР тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік- таң нұры» атты әдеби-сазды кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын» оқитын ағайынды Құспановтар


1 оқушы (Тәкір Әділет):

Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші. Бір сәт өткен өмірге шолу жасайық. («Көшпенділер» фильмінен үзінді көрсету)


2 оқушы (Айдар Диана):

Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.


3 оқушы (Келес Дәуренбек):

Қазақ халқы – жауынгер халық. Олар аттың жалында, түйенің қомында жүріп – ақ ұлан-ғайыр жерді бізге мұра етіп қалдырды емес пе? Жер болғанда қандай жер! Қазба байлықтың бәрі бар. Ең бай, шұрайлы, құнарлы, әсем жерлер.Сұлу айдын көлдеріміз, асқар тауларымыз, шалқар белдеріміз көз тартарлық табиғат байлығы Қазақстан жерінде!


4 оқушы (Келес Мейрамхан):

ХVІІІ ғасырда «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» заманы еліміз үшін өте ауыр кезең болды. «Жау жеңетін жігітті жарағынан танимын, дау жеңетін жігітті талабынан танимын» дегендей адастырмас ақыл мен қара қылды қақ жарған, әділдік пен береке ұйытар бірлікке шақырған Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің орны ерекше.


Ән «Үш қоңырым» орындайтын: Қалжан Саят


Жүргізуші:

Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,

Азап жүгін, ел жауын қуған ері,

Әділет пен бірлікке жанын қиып.

Әділ өткен ағалардың туған жері.

Бес арыс ұлдары

«Елім»- деп өткен ер.

Жалынды жырлары

Жанымен өтелер.

Үш алып тұлғалар

Бір болып ұраны,

Ғасырлық ұлылар

Мәңгілік жыр әнім - деп


«Арыстар аманаты» бейне фильмін тамаш алауға шақырамыз.

6 оқушы (Қ. Ринат):

Ұлттық намысымызды оятып, салт-санамызға қозғау салған тәуелсіздігімізді біртабан жақындатқан қуанышты да, қайғылы күн – «желтоқсан оқиғасы»

Осы желтоқсан оқиғасына байланысты 8515 адам ұсталып, прокуратура 5324, мемлекттік қауіпсіздік комитеті 550 адамды тергеді. Түрлі дәрежедегі жарақат алған 1283 адам қаланың медицина мекемелеріне барды.


«Желтоқсан жаңғырығы» оқитындар:

11 сынып оқушысы Әлейдар аружан,

10 «А» сынып оқушысы Жәнібекұлы Бақдәулет



Жүргізуші:

Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,

Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.

Бұның бәрін дұрыс болмас түсінгін

Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ!

6 оқушы (Төлеген Аяжан):

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Бұл қазақ халқы үшін үлкен оқиға, әлем картасынан өз орнын тапты. Бүгінде ел экономикасында, әлеуметтік, мәдениет саласында үлкен жетістіктерге жеттік. Елбасы Н.Назарбаевтың білгір саясатының арқасында жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт те, еркін жағдайда өмір сүріп жатыр.

7 оқушы (Қантбек Аяжан ):

Бүгіннің биігінен көз саламын еліме,

Бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме

Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан,

Бір отбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан!

Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын тіккен жер: мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар, бір кісідей маңдай терін төккен жер!

Бүгін міне өркендеуде өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз,

Мәдениет те таң қалдырып, ғылымымыз өрлеуде.

Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға,

Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім аршында!


Жүргізуші:

Далада думан қалада думан жыр бүгін,

Ғасырлар бойы аңсай да күткен бұл күнім,

Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан,

Кеудеме әкеп қондырған бақыт жыр әнін - дей келе ән «Отан – Қазақстан»

Орындайтындар: 6 класс оқушылары Асқар Бибарыс.

Ақтөбенің суреттер бейнесі


Жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!


(Күй ойнап, тақтаға Тәуелсіздік монументі суреті шығады.)

«Тәуелсіздік толғауы» оқитын 11 «Б» класс оқушысы Қыдыралина Нұрзина

Жүргізуші:

Той боп жатыр, міне бүгін қаламда,

Той боп жатыр бүгін менің даламда.

Көркіменен бар әлемді тәнті еткен,

Ел ордамыз – «Астана» атты қаламда.

«Астана» оқитын 8 «Ә» сынып оқушысы Ыбрахым Бақкелді

Ән. «Астана» орындайтын 8 сынып оқушысы Қантбек Аяжан

1 оқушы:

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

2 оқушы:

1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

3 оқушы:

1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

4 оқушы:

1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

5 оқушы:

4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы заңдарға қол қойды.

6 оқушы:

1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

7 оқушы:

1994 жылы 30 маусымда тәуелсіз Қазақстанның ғарышкері Талғат Мусабаев аспан көгіне айлық сапарға аттанды.

8 оқушы:

1995 жылдың 28 қаңтарында тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата заңы» қабылданды.

9 оқушы: 1995 жылы ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбайұлының 150 жасқа толған мерейтойы дүниежүзілік көлемде аталып өтілді.

10 оқушы:

1996 жылы 30 тамызда жаңа «Қазақстан Конститутциясына» 1 жыл толды. Бұл күні Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.

11 оқушы:

1997 жыл «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып белгіленді.

12 оқушы:

1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болды.

13 оқушы:

1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.

14 оқушы:

2000 жыл «Мәдениетті қолдау» жылы болды.

15 оқушы:

2001 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды.

16 оқушы:

2002 жыл «Денсаулық» жылы болып жарияланды.

17 оқушы:

2003 жыл «Ресейдің Қазақстандағы жылы» болып жарияланды.

18 оқушы:

2003-2005 жыл «Ауыл жылдары» болып жарияланды

19 оқушы:

2006 жылы «Қазақстанда Пушкин, Ресейде Абай жылы» болып жарияланды

20 оқушы:

2007 жылы «Қазақстандағы Германия жылы» болып жарияланды

21 оқушы:

2008 жылы «Украинадағы Қазақстан жылы» болып жарияланды

Жүргізуші:

Тәуелсіз – Қазақстаным

Туыңды биік ұстадың,

Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.

Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,

Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!

«Тәуелсіздік таңымен туған жырлар»

1. Маратов С

2. Рашидқызы Ж

3. Құспанова Л

4. Жүкеева Ж

5. Жауынбаев А

6.. Байділдаәулеті А

7. Аймекенова Ә

8. Қалмағамбетова Г

Жүргізуші:

Сан ғасырлар тарихынан кешегі

Туған жердің шежіресі өседі

Менің елім Қазақстан - Отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі.

Ән «Қазақ елі» орындайтын

8 «Ә» сынып оқушысы Жәнібекұлы Е

Жүргізуші:

Тәуелсіздік – тәтті ұғым, қандай ғажап!

Халқымның орындалды басты арманы.

Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,

Күмбез көкте желбірейді көк байрағы

«Тәуелсіздік- таң нұры» - атты әдеби сазды кешіміз аяқталды.

Назар қойып, тыңдағандарыңызға Рахмет!







Атыңнан айналайын егемен ел,


Тәуелсіз күнің туды кенеле бер


Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,


Ғасырдың тойы болшы келе берер


:

Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.

Ақ түйенің қарны міне жарылды,



Тәуелсізбін, егеменмін,дербеспін!












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.02.2019
373
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі