Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
әдеби талдау түрлері
Прозалық шығармаларды сатылай кешенді талдау.
(5 сынып)
Алғы сөз
Білім берудің түрлері мен әдістерін жаңартудың мақсаты - әр оқушының шығармашалық қабілетін барынша дамыту, ұлттық өнердің түрлі жанрларын білуге, жалпы ұлттық мәденитке баулу болып табылады. Біз, ұстаздар қауымы, болашақ ұрпақтарымызды бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелегіміз келсе, бар күшімізді мектепте білім сапасын арттыру үшін жұмсауымыз керек. Ол үшін жаңа технологиялар мен әдістер әбден қажет.
Жастарды ой-өрісі кең, жаны бай, адамдармен қарым-қатынас жасай алатын, адамгершілігі мен жауапкершілігі жоғары, қоғамнан өз орнын тапқан, іскер де қабілетті, шығармашыл тұлға деп білуіміз керек. Осы мақсаттарға жетуде бүгінде оқыту үрдісіне еніп жатқан өзгерістер баршылық. Солардың бірі – сатылай кешенді талдау технологиясы.
«Сатылай кешенді талдау – ұлттық құндылығымызды бағалай білуге, оның білім көкжиегінде кең таралуына ықпал етіп күнделікті өмірде қолданылу аясын жақсартуға бағыттайтын оқыту,»- деп түсінік береді технология авторы Нұрша Оразахынова. Бүгінгі таңда бұл технологияны білікті ұстаздарымыз тек қазақ тілінде ғана емес, ағылшын тілі, математика, химия, әдебиет, тарих т.б. пәндерді оқытуда қолданып келеді. Әсіресе мектеп бітірушілерді ҰБТ-ге дайындау мақсатында өз тәжірибемде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ үстінде, факультативтік, таңдау сабақтарында оқушы білімін жүйелі, нақты меңгерту үшін сатылай кешенді талдау жұмыстарына машықтандырып келемін. Бұл әдіс арқылы білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен шектелмей, баланың жалпы тұлғалық дамуына ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесім табуына да септігі мол деп есептеймін. Әдебиет пәнінен әдеби шығарманы, поэзияны, халық ауыз әдебиеті үлгілерін, шығарманың компазициялық құрылысын, өлеңнің құрылысына сатылай кешенді талдауға үйрету өзекті мәселе болып отыр. Төменде осындай талдаудың бірнеше түрін ұсынып отырмын.
Ғ.Мүсірепов. «Жаңа достар» әңгімесі.
1.Авторы: Ғ.Мүсірепов. 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның семьясында туған. Өз аулында ескіше оқып, хат таныған 14 жасар Ғабит 1916 жылы Обаған деген жердегі нағашыларының көмегімен орыс мектебіне оқуға түседі, бұл мектепті бітірісімен Пресногорьковтағы екінші басқыш орыс мектебінде оқып, жеті жылдық мектептің көлемінде білім алады. Ақын әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері,"Кездеспей кеткен бір бейне" кітабы үшін 1968 жыл Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды, қазақстан Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығын (1977) алды, 3 мәрте Ленин (1962, 1972, 1974), 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту (1957), “Халықтар достығы” (1982) ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
2.Тақырыбы-ең әуелі бірінші жақта жазылуында. Барлық оқиғалар бас қаһарман Қайроштың көзімен көрініп, көзқарасымен беріледі. Баяндаудың бұл тәсілі кейіпкерлердің портретін «ішкі жағынан» көрсетіп жасауда ұтымдылық танытқан. Лирикалық шегіністер, толқынды толғаныстар адам жанын жан-жақты ашып көрсетуге таптырмас табыстарға жетелеген. Романның басындағы он жасар бала мен соңындағы өмірдің не бір қия соқпақтарынан өткен сақа жігіттің өмірге деген көзқарастарындағы жер мен көктей айырма даму үстінде шебер көрсетілген. Романды ажарландырып тұрған тағы бір өрнек – Ғ. Мүсіреповтің шығармашылығына тән жеңіл әзіл мен ащы мысқыл. Юмор мен сатира жау жақтың іс-әрекеттерін бейнелегенде жиі қолданылған. «Қазақ солдаты» романында соғыс шындығы реалистік шыншылдықпен бейнеленген.
3.Жанр түрі-шағын көлемді эпикалық жанр түрі-әңгіме. Әңгіме дегеніміз- көлемі шағын, әдеби дүние. Оқушысын тез тапқыш, өткір, икемді, сүйкімді жанр.
4.Идеясы-автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде,оны өз көзқарасы, дүниетанымы арқылы бейнелейді. Шын дос – таусылмас қазына.
5.Шығарманың композициялық құрлысы-сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын ой бірлігі.
Шығарманың композициялық бөлімі бес кезеңнен тұрады.
5.1.Сюжеттің басталуы-әңгіменің кіріспесі іспетті, әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал- жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар суреттеледі. Қайроштың ауылдан кетуі.
5.2.Сюжеттің байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы іспетті шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Қайроштың қалаға келуі, Шеген мен Борашқа кездесуі,танысуы.
5.3.Шиеленісуі- оқиғаның адамдар арасындағы әрекеттің шиеленісіп, ширығуы.Достыққа апарар жолда.
5.4.Шарықтау шегі- сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы, адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің күшейіп өрбіп жеткен жері, драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі.Қаланың қызықтары мен шыжықтары.
5.5.Шығарманың шешімі- суреттердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі» Адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі, түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал-күйі, күллі құбылыстың соңғы сахнасы. Мария апайдың мейірімділігі, ана аманаты.
6.Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі:
Қайрош
Бораш
Шеген
Мария апай
Қайроштың анасы
7.Портрет.
а) Шеген - сұлу, сұңғақ денелі,бұлшық еттері болаттай, күнге күйген, тобылғы торы
ә). Бораш – аққұба, қағылез, қыз мінезді, көздері жаңа туған бұзаудың көзіндей, бір аяғын ақсай басады
8.Мінездеме
Қайрош – білімге құштар, ақкөңіл, адал, қайратты, ақылды, мейірімді, жанашыр
Қайроштың анасы – абзал, кең жүректі, қамқор
9.Мақал-мәтелдер
Әліпті таяқ деп білмейсің
Өлімнен ұят күшті
Қарға баласын аппағым дейді
10.Тұрақты тіркестер:
Жау жүрек, шегіңді қатыратын, құлағына құйып жатыр, екі көзі алақандай болу
11.Диалект сөздер
Қасқа, үгіршіктер, қорада
12.Жер-су аттары
Гурьев, Каспий, Сарытау, Ақ Жайық.
13. Түйіні тәрбиелік мәні: адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әбдіда Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі.
1.Автор:Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (қазіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келген. Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүлдің қолында қалған. Жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. 1929-1932 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында оқиды, 1953-1956 жылдары Мәскеудегі жоғары әдебиет курсын бітіреді. Еңбек жолын "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде алдымен пошта тасушы (1926), содан кейін корректор болып істеген (1927-1928) ол небары 4-5 жылда "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газеті редакторының орынбасары (1932-1934) дәрежесіне дейін көтеріледі. Әбділданың "Жұмысшының гудогі" өлеңі 1926 жылы "Жұмысшы" газетінде басылады. Әрі қарай өлеңдері "Жұмысшы" және "Еңбекші қазақ" газеттерінде шығып тұрады. Жиырма бес жастағы Әбділда 1934 жылы Қазақстан жазушылар одағының хатшылығына, ал 1939 жылы оның төрағалығына сайланады. 30-жылдары ақын көп оқу, тынымсыз іздену үстінде өндіре де жазады, шығармаларының көркемдік сапасы жағынан да айтарлықтай биікке көтеріледі. "Жаңа ұрпақ" (1935), "Лирикалар" (1936) деп аталған жинақтары бірінен соң бірі жарық көреді.
2.Тақырыбы: Бұл ертегінің тақырыбы еңбек адамын қадірлеуді, туған елін сүюді, ел үшін еңбек етуді үйрету.
3.Жанр түрі-шағын көлемді эпикалық жанр түрі-ертегі.
4.Идеясы: Бұл ертегінің идеясы-ел үшін, отан үшін Толағайдай ерлер туса екен деген тілек, ниет.
5.Шумақ: 40 шумақтан тұрады.
6.Тармақ: 234 тармақты.
7.Бунақ: Бунақ саны-2.
8.Буын саны: 7-8 буынды.
9.Ұйқас түрі: Аралас өлең ұйқасымен (а,а,б,в,в,б) жазылған.
10.Ертегінің композициялық құрылымы:
10.1Сюжеттің басталуы: Саржан атты мергеннің ұлды болуы.
10.2.Сюжеттің дамуы:Толағайдың ер жетуі.
10.3.Шиеленісуі:Толағайдың халқын ойлап күйзелуі.
10.4.Шарықтау шегі:Толағайдың еліне тауды көтеріп әкеліп, жаңбыр жауғызуы.
10.5.Шешімі:Толағай-елі үшін құрбан болды.
11.Әдеби-теориялық ұғымдар:
Теңеу-ақ маралдай, туған айдай екі қасы, ақ тістері ақ меруерттей,
қос жұлдыздай көз жанары, жанған өрттей, көбелектей от айналған, аждаһадай аузын ашқан, тал шыбықтай майыстырып, көк теңіздей көк шалғыны.
Эпитет- ақша беті айменен тең, кере қарсы, ақша маңдай, мөлдір су, көк құрақ.
Кейіптеу-кеудесімен бұлт бөгеген, маңдайынан тер көл боп ақты, түн қап-қара шашын жайды.
12.Сөздікпен жұмысы:
отыз күндік мереке-ұзақ уақыт тойлау,
жай оты-найзағай,
сұсы басты-айбатынан сескенді,
еткен еңбек желге ұшты-зая кетті,
егілмеген-жыламаған.
13.Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: Толағайдың елге деген жанаршылығы мен еліне деген сүйіспеншілігі арқылы ерлік, батырлықты дәріптеу.
Қуандық Шаңғытбаев «Сабалақ»
1.Автор: Қуандық Шаңғытбаев (1925-2001). Қазақстанның халық
жазушысы, ақын. Қазіргі Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданында туған. 1937 жылы Қуандықтың 12 жасында әкесі Төлеген "халық жауы" ретінде он жылға айдалып кетеді. Төлегеннің ағасы Жоныс пен Қуандықтың нағашы ағасы Саудаатылады. Бала Қуандықты пионер қатарынан шығарады.
Он бес жасында үздік оқыған
Қуандық Алматыға келіп, Қазақтың мемлекеттік
университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Сол
1940 жылы бірінші курстың студенті Қуандық Шаңғытбаевтың тұңғыш
кітабы шығады. 1942 жылы 2-ші курстың студенті Қуандық Қазақтың
мемлекеттік баспасына жұмысқа алынады.Тұңғыш өлеңдерін жаза
бастаған болашақ ақын Мұхтар Әуезов, Бейсембай Кенжебаев, Әбу
Сәрсенбаев секілді тұлғалармен танысады. 1942 жылы Қуандық "Қазақ
жүрегі" атты (кейіннен "Ар") бірінші өлең жинағын баспаға
тапсырады. Сол жылы редактор Қуандыққа бастығы Бейсембай ағасы
Мұхтар Әуезовтың "Абай" романының қолжазбасын редакциялауға жасырын
береді. Партия орталық комитетінің адамдары кітаптың шығуына қарсы
болғасын, Кенжебаев пен Шаңғытбаев "Абайды" ешкімге білдірмей
жарыққа шығарады, және 1942 жылдың 26 шілдесінде "Соц. Қазақстан"
газетінде бірігіп рецензия жазады.
2. Тақырыбы: Абылай ханның ерлігі,
батырлығы. (Ақын сонау тарихта болған ертедегі қазақ қалмақ
арасындағы соғысты шығармасына арқау
еткен.)
3.Идеясы:Абылай тағы туама деп
қазақтан,
Тосып келем, сол ендігі арманым!
Қазақ елінің арасынан Абылай сияқты біртуар азаматтардың шығуын армандайды, үміттенеді.
4.Жанр
түрі: Поэма
5.
Cабалақтың бейнесі: Қабағы түйілген, қара мұртты,
жеңіл шидем шапанды, астында құстай ұшқан тұлпар, қолында қаруы
бар, соңында ерген қол,«Абылайлап!»
ұрандаған.
6.Шумақ: 4
7.Тармақ: 16
8.Бунақ: 3
9.Буын
саны: 11
10. Ұйқас
түрі: а б а б Шалыс
ұйқас
11. Композициялық
құрылысы:
11.1.Сюжеттіңбасталуы: Қазақ қалмақ
соғысы.
11.2.Сюжеттіңорын: Аңырақай
жерінде.
11.3.Сюжеттіңбайланысы: Қазақ әскерлеріне жеңілу
қаупінің тууы.
11.4.Шиеленісі: Сабалақтың «Абылайлап!» ұрысқа
кіруі.
11.5.Шарықтау
шегі: Қазақ қолының жеңіске
жетуі.
11.6.Шешімі: Сабалақтың
ерлігі.
12. Әдеби-теориялық
ұғымдар:
Эпитет:Көз қарықты, таудай кепті, қар талды.
Теңеу:Қаршығадай тас қомданып
шүйілген.
Баудай қағып ояқты да бұяқты.
Тұрақты
тіркестер:
Бармағын шайнау өкіну, қиналу.
Жүзі жайнау қуану, мәз болу.
Көз ұшында алыста.
Көз қарығу көзі талу.
13.
Түсіндірме
сөздік:
Аңырақай жердің аты
Сарбаздар әскер, қол, жасақ
Дүбірі шуы, дыбысы
Түзде далада
Туы жығылу жеңілу.
14. Түйіні, тәрбиелік мәні:Отанын сүйе білуге, елінің ертеңгі болашақ жастар екеніне сенімін арттыру.
М.Әуезов «Ақын қонақтар»
1.Автор: Мұхтар Әуезов 1897 жылы қазіргі Семей облысы Абай ауданында дүниеге келді. Алғашында атасы Әуезден мұсылманша сауат ашып, хат таниды. Кейін мұғалімдер семинариясында оқиды. Төңкеріс қарсаңында Алаш қозғалысының Семейдегі жұмысына қатысады. 20 жылдары Ленинград университетінде, Ташкенттегі Орта Азия университетінің аспирантурасында оқиды. Бұл жылдары Мұхтар Әуезов әлем әдебиеті үлгісімен терең танысып, жан-жақты, кемел білім алып шығады.Мұхтар Әуезовтің алғашқы шығармашыларының көлемдісі де, көркемі де прозалық әңгіме, повесть түрлерінде жасалды.
Мұхтар Әуезов жиырмасыншы
жылдардың бас кезі мен орта шенінде көптеген әңгімелер (
“Қорғансыздың күні”, “Жетім” , “Жуандык”, “Ескілік көленкесінде”,
“Кім кінәлі”, “Бартыма” т. б.) жазып, оларда ескі қазақ ауылының
алуан түрлі әлеуметтік шындығын реалистік дәстүрде бейнелейді.
“Қорғансыздың күні ” (1921) – жазушының алғашқы жарық көрген
әнгімесі. Мұнда Ғазиза деген панасыз жетім қыздың адам айтқысыз
озбырлық, қорлыққа шыдамай, боранға ұрынып, үсіп өлгені айтылған.
Бұл шығармада Ақан сияқты қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары
әшкереленеді.
“Қорғансыздың күні” өзінің көркемдік бітімі жағынан қазақ
әдебиетіне жаңа өрнек енгізді. Адам өмірінің қайталанбас, дара
ерекшелігі әңгімеде шебер ашылған. Шығармада болыс Ақан, оның
серігі Қалтай, пәк, сәби қыз Ғазиза, оның қарт әжесінің бейнелері
өте шынайы көрінеді.“Жетім” деген әңгімеде Қасым атты жетім баланың
қасіретті балалық шағы, Иса деген жамағайынның қорлығына шыдамай,
ауылдан қашып шыққан бетінде, қараңғы түнде, тоғай ішінде өлгені
айтылады.Өмірден зәбір көргендердің мұңы мен наласын үлкен
әлеуметтік толғақты мәселе ретінде сипаттау сыншыл реализмнің
негізгі белгісі еді.“Ескілік көлеңкесінде” ескі салт бойынша өлген
апасының орнына кәрі жездесіне тоқалдыққа баруға ризалық білдірген,
өзін сүйген жігіт Қабыштың тілегімен есептеспеген Жәмеш деген
қыздың халі әңгімеленген. Мұхтар Әуезов өмір қайшылықтары мен
теңсіздіктерін әр қырынан көрсету арқылы қазақ әдебиетінде
психологиялық прозаның үлгілерін тудырды.“Жуандық” (1926)
әңгімесінде момын кедей Жақсылықтың өз жолын тауып, ерікті, баянды
өмір жасауға ұмтылғаны, бірақ бұрыннан кедей - кемтарды уысында
ұстап, тізе батырып үйренген Әбіш, Құрман секілді байлардың оған
қиянат, зорлық жасағаны көрсетіледі.
2.Тақырыбы:Ғұлама ақын Абайды акылдығы, өнерге кұштарлығын жайлы.
3.Идеясы: Қазақ елінің арасынан Абай сияқты біртуар азаматтардың болуы.
4.Жанр түрі:Романнан үзінді (әңгіме)
5.Әңгіменің композициялық
құрылымы:
5.1.Сюжеттің
басталуы: Абайдың науқас
күйі
5.2.Сюжеттің
дамуы: Зере мен Ұлжанның
әңгімелері
5.3.Шиеленісуі:
Құтты қонақтардың келуі,
жырлары

