Материалдар / Әдеби тақырыптарға шығарма жаздыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдеби тақырыптарға шығарма жаздыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығарма жаздыру үлгісі,оқушының шығармаға бейінің аша білу
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Оқушыларға әдеби тақырыпта шығарма жаздыру.

Əдебиеттен жазылатын шығарма жұмыстары оқушылардан үлкен жауапкершілікті, материалды тек бағдарлама, оқулық көлемінде ғана меңгермей, жан-жақты, кеңірек игеруді, көркем туындыны өнер ескерткіші деп нəзік түсінетін əдеби- эстетикалық талғамды қажет етеді. Бұл- оқығанды қайталап айтып беру емес, көңілге тоқығанды толғана отырып, өз сөзіңмен айту, жүрек дірілімен жеткізу, шығармашылық толғаныс сезімін, шабытты шақты бастан кешіру, өзің сүйсіне, беріле əңгімелеп отырған əсемдік əлемнің ішіне ену, кейіпкерлердің қуаныш-қайғысын өзіңнің тағдырындай сезіне, елестете білу деген сөз.

Шығарма жұмысы – шығармашылық іс, ол оқушылардың білімі мен білігінің деңгейін айқын танытатын айна. «Шығарма оқушының ішкі жан дүниесін ашады, оқушыларды өзін-өзі тануға үйретеді, сонымен бірге мұндай шығармалар мұғалімнің оқушыны жақсырақ тануына да көмектеседі, сол арқылы тəрбие жұмысына үлкен ықпал жасайды».Көптеген мектеп оқушыларының сапалы, мазмұнды шығарма жаза алмауының салмақты себептері көп. Шығарма жұмысының ерекшеліктері туралы оқушылардың біразының ұғымдары таяз, ұшқарылау. Олай болса,қайткенде сапалы, мазмұнды шығарма жұмысын жазуға болады? Жалпы шығарма жұмысына қойылатын талап қандай, нені қалай ескерту қажет деген мəселені жеке əңгімелеу қажет. Оқушылардың басым көпшілігі əдебиеттен жазылатын шығарма жұмыстарына онша мəн бермейді.

Олар үшін шығарма жазу – не оқулықтағы талдау – пайымдауларды көшіріп беру немесе мұғалімнің тақырыпты түсіндіргенде айтқандарын сөзбе – сөз қайталау. Ал, енді бір оқушылар үшін шығарма жазу белгілі бір туындының сюжетін, оқиғасын тізбелеп, баяндапмазмұндап беру ғана. Өзінше топшылау, мүмкіндігінше, ой айтуға ұмтылу, жазуға жүйелі дайындық жасау қажеттілігін, шығармашылық шабыттануды сезіне бермейді. Жекелеген, жақсы оқитын, өзіне талап қоя білетін, əдебиеттің – əсемдік əлемін жанындай сүйетін оқушылар болмаса, көпшілігінің жазба жұмысы туралы ұғымы осындай болып келеді.

Тіпті жоспар құру, эпиграф таңдау, қорытынды жасау секілді мəселелерде қиналатын, олардың жазба жұмысының жалпы құрылысына да, мазмұнына да тікелей қатысы бар екеніне мəн бермейтін шəкірттер баршылық. Сонымен, шығарма жұмысына қойылатын талаптар қандай? Немесе жазу процесі кезінде жұмыс сапалы, мазмұнды болып шығу үшін қандай кемшіліктерді болдырмау қажет? Жазба жұмысының сапалы шығуының алғышарттарының бірі тақырыпқа, тақырыптың дұрыс тандалып алынуына байланысты. Сыныптағы кезекті шығарма жұмысында болсын немесе орта мектептті бітірі емтиханында болсын, əдетте, үш тақырып қатар ұсынылады. Берілген тақырыптардың біреуін тандамас бұрын асықпай ойланып алу талап етіледі. Жетік білетін тақырып таңдалынуы қажет. Тақырып таңдау барысында мұқият ойланып – толғанатын мəселелер: 1. Сол тақырыпқа, тақырып аясындағы мəселелерге қатысты қандай ой бар? 2. Ойды тұжырымды жеткізуге көмектесетін факт, мысалдар бар ма? 3. Таңдалған тақырыпқа сəйкес сөз еткелі отырған туынды толық оқылып па еді? Мектеп тəжірибесінде кейбір оқушылар тақырып төңірегінде бас қатырып жатпай – ақ кез келгеніне жаза салады.

Бірақ жазу барысында оқушы өз ойын дəлелдейтін фактілерді, көркем туындыдан келтіретін нақты мысалдарды есіне түсіре алмай қиналады. Содан келеді де, кейіпкер немесе кейіпкерлер əрекетін нақты талдау, тақырыпқа сай бағалау орнына жалпылама сөйлеп кетеді. Осындай асығыстық, жауыпсыздық салдарынан жұмыстың сапасы қанағаттанғысыз болып шығады . Шығарма жұмысына қойылатын келесі талап – оқушының өзі əңгімелеп, бағалап отырған көркем туындының тақырыбы мен идеялық мəнін дəл, айқын аша білуі.

Бұл үшін, яғни туындының тақырыбы мен идеясын дұрыс анықтап, белгілеу үшін оқушыда тақырып пен идея туралы əдеби – теориялық толымды түсінік болуы керек. Шағын кіріспеден соң əдетте, оқушы өзі əңгімелеп, талдағалы отырған туындының тақырыбын, көтерген қоғамдық – өмірлік мəселесін тұжырымдап алып барып, сосын, кейіпкерлер арасындағы қарым – қатынастар сырына, тартыстың даму барысында танылатын олардың адамдық болмысына, мұрат – мақсатына зер салуы керек. Көркем шығарманың идеясын айқындау, оның көркемдік шешімі туралы нақтылы тұжырым жаңағы кейіпкерлер əрекетін тану – бағалаудан шығуы қажет. Əдетте, оқушылардың басым көпшілігі шығарма жұмысында өздері сөз етіп отырған туындының тақырыбы не, идеясы қандай, тақырып, көркем бейне, идея арасындағы көркемдік бірлік қандай, бұған мəн бере бермейді. Əйтпесе, дəлелсіз, жадағай түрде туындының тақырыбын бірер ауыз сөзбен айта салады. Бұл айтылған кемшіліктен жазу жұмысында жиі орын алып жүрген олқылық келіп шығады. Ол – талдаудың жүйелілігі мен нақтылығының жетімсіздігі, яғни талдау мазмұнының сапасыздығы, үстірттігі.

Талдаудың жүйелі болуы дегеніміз оқушының көркем туындыны тақырыпқа, идеяға сай, оқиғаның даму, кейіпкерлердің мінезінің қалыптасу кезеңдеріне орай ой-пікірін ретімен, орнықты айта білуі, айтылған пікірдің, жасалған қорытындының бір - бірімен байланыстылығы. Ал, талдауды нақтылығы дегеніміз оқушының көркем туынды, кейіпкерлер болмысы туралы ой-толғаныстарын, беретін бағасын жалаң сыдырта құр сөзбен айтпай, сол пайымдауларын белгілі бір туындының мазмұнына, нақты мысалдарға негіздеп айтуы. Кейіпкер немесе суреттелген оқиға, оның мəні туралы бағалауын сол кейіпкердің нақтылы іс – əрекетін, ой – арманын мысалға келтіру, талдау – түсіндіру арқылы дəлелді тұжырымдауы. Бұл сонда оқушының көркем туындыны, автордың мақсатын түсініп оқитынын, сол өзіндік ұғымын шығарма сюжетіне, бейнелер əрекетіне негіздей алатынын, шығармашылық қабілеті, эстетикалық түсінігі бар екенін көрсететін жағымды фактор болмақ. Бұларды ескермеген жағдайда шығарма жұмысында ой жүйесіздігі, жалпыламалық сипат, үстірттік секілді олқылықтар орын алмақшы.

Тəжірибеде байқалып жүргендей, оқушылар көркем туындыны тақырыпқа сай талдау орнына көбінесе сол шығарма туралы, оның кейіпкерлері хақында бар білгенін тізбелеуге, жалпылама айтуға үйір келеді. Оқулықтан көшіруге бейім тұратындары да бар. Кейде бас қатырып, ойланып жатпай – ақ, сөз болып отырған кітапты, оның кейіпкерлерін ысырып қойып, «оқиғаларды тамаша суреттеген» немесе «əсерлі бейнелеген» , «өте шебер айтқан» деп авторға қажетсіз баға беріп, құр тамсанатын шəкірттер де кездеседі. Мұндай жалаң мадақтау артық. Керісінше, сол өзі мақтап немесе жалаң сүйсініп отырған кейіпкерді автор қалай сөйлетеді, оның адамгершілік əлемін, Отан, ел туралы толғаныстарын, өзге кейіпкерлермен қарым – қатынастарын қалай ашып көрсетеді, міне, осыларды шығарма мазмұнынан, кейіпкерлердің іс – əрекетінен, сөздерінен нақты мысалдар келтіре отырып дəлелдеуі керек.

Шығарма жұмысын жазу барысында оқушылар өз ойларын жүйелі, мазмұнды, нақты мысалдармен байсалды дəлелдеп жеткізіп қана қоймай, осы айтқандарын сауатты баяндап, жаза білулері шарт. Кейде ойы да құнарлы, пікірі де қонымды, талдау-танымы да жап-жақсы кейбір жазба жұмыстары сауаттылық деңгейі жағынан ақсап жатады. Оқушы əдебиеттің сөз өнері ретіндегі ерекшеліктерін тым тəуір сезінеді, біледі. Көркем бейненің əлеуметтік шындықты танытушы табиғатын, маңызын да жақсы пайымдайды, бірақ осы өрісті ойларын грамматикалық тұрғыдан сауатты жеткізе жаза алмайды.

Бұл-үлкен мін.Сондықтан сауатты жаза білу, орфографиялық, пунктуациялық т.б. ережелерді жетік меңгеру, термин сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс жазу жəне орынды қолдану, тасымал жасау ерекшелігін білу-шығарма сапасын көтеретін қажетті алғышарттар болып саналады. Сауатты жазуға мəн бермеуден ой қайталаушылығын немесе айтылған пікірұғымның бұлдыр, түсініксіздігін танытатын, стильдік қате деп аталатын тағы бір кемшілік келіп шығады. Стильдік қателер – оқушылардың сөйлем құруға,ойын айқын да əсерлі, түсінікті етіп беруге жеткілікті жауапкершілікпен қарамауының салдары. Кейде оқушылар ойын өзінше кең, жан-жақты жеткіземін деген мақсатпен сөйлемді тым ұзақ, шұбатылып күрделі формаға құрады. Сөйлем грамматикалық əрі логикалық тұрғыдан дұрыс құрылмағандықтан, оқушының ойын өзі ойлағандай кең, əсерлі жеткізу орнынан қайта айтылған пікірді ұғынуды ауырлата түседі. Пунктуациялық қателерге де жол беріледі. Сөйтіп, ой қайшылығы,пікір бұлыңғырлығы келіп шығады. Осындай стильдік қателер жұмыстың жалпы сапасын төмендетеді, пікірдің жүйесіз, ұғымсыз баяндалуына, орфографиялық, пунктуациялық қателердің көбеюіне əкеп соғады. Стильдік қателер жəне ой бұлдырлығын танытатын қайшылықты сөйлемдер оқушының сөздік қорының, тіл байлығының жұтаңдығының көрінісі. Ал, тіл жұтаңдығы – ой кедейлігінің белгісі. Бұның себебі оқушының көркем шығармаларды үзбей, жүйелі оқып, рухани жан байлығын молайтуға тырыспайтындығында жатыр. Жазба жұмысында қажетсіз кіріспелер мен артық баяндаулардың орын алмауының да шығарма мазмұнына тікелей қатысы бар. Себебі, кейбір оқушылар шығарма жұмысын бастағанда берілген көркем туындыны тақырыпқа сəйкес бейнелер əрекетіне баға беру орнына əуелі қажетсіз кіріспе жазуға ден қояды. Бұл кіріспесінде ол, əдетте, туынды авторының өмір жолынан мол мəлімет беруді, бұған қоса оның əдебиетке, қоғамға сіңірген еңбегіне, алған атақ-дəрежесіне ұзақ тоқталып, бəрін тізіп шығуды міндет санайды. Шығарма жұмысы міндетті түрде осылай басталуы керек деп біледі. Нəтижесінде осындай қажетсіз кіріспе сөз 5-6 беттік жазба жұмысының кейкейде 1,5-2,5 бетін алады, бұл сонда шығарманың көлемінің тең жартысы деген сөз. Сонда оқушы тақырыпты қалай жан-жақты ашып, ойын дəлелдеп жарытады?

Бұл – мүлдем керексіз кіріспе. 5-6 немесе 7-8 беттік шығармада авторға мұншалықты тоқталып, сипаттама беру, шығармашылық жолын түгел айту, бағалау, өмірбаянын тізбелеу-артық əрекет. Бұл шығарма жұмысының міндетіне жатпайды. Шығарма көлемі жағынан қомпиғанымен, мазмұны, сапасы тұрғысынан ұтпайды. Бұдан, əрине, шығарма жұмысында кіріспе мүлдем қажетсіз, артық деген үзілді-кесілді ой тумауы керек. Кіріспе, негізінде, оқушының жазушы шығармашылығын, оның суреткерлік ерекшелігін жақсы, кеңірек білетіндігін, сондай-ақ, негізгі əңгіме арқауын айқындап алуы үшін керек. Сондықтан, əрбір шығарма жұмысы шағын кіріспеден басталуы, бірақ онда жоғарыда айтылғандай қажетсіз тізбелеудің болмауы, қысқа, нақтылық сипат танытуы – міндетті іс. Сонда ғана ол, яғни кіріспе алда айтар əңгімеге қажетті бағыт-бағдар болады.

Шығарма жұмысын жазудағы елеулі кемшіліктерінің бірі – артық баяндаулар. Артық баяндаулар дегеніміз – оқушылардың тақырыпты көркем туынды көтерген нақтылы проблема немесе басты кейіпкерлер тұлғасы, олардың өзара қарым – қатынасы, күрес – тартысы, негізінде ашуға ұмтылмай, романға немесе повеске, ондағы кейіпкерлерге жадпылама тоқталуы, суреттелген оқиғаларын елеп – екшемей, есінде қалғанның бəрін алып, мазмұнын тізбелеп беруі. Мысалы, Абай бейнесін, оның халыққа келу, көптің жоқшысына айналу жолындағы азаматтық қалыптасу кезеңдерін эпопеядан қажетті мысалдар келтіре отырып, тұжырымды, дəл талдап, бағалау орнына оқушы туындыдағы бейнелер жүйесіне, өзі білетін жайларға жалпылама тоқталып өтуге бейім тұрады, содан кеп оның талдауы тақырыпты емес, өзі білетін жайларды жалпылама сөз ету болып шығады. Осының салдарынан тақырып нақтылы əрі терең ашылмай құр жалаң сөз болып қалады. Оқушы білгенін тізбелегендіктен, бірді айтып, бірге кеткендіктен, негізге желіден – тақырыптан ауытқып, енді жалпылама сөйлеуге, оның айтқан ойлары, кейіпкерлер əрекетіне берген бағасы, жалпы туынды хақындағы пікірі салмақты, дəлелді, жүйелі мəнге ие бола алмайды.

Шығарма шығармашылық жұмыс болғандықтан, оның сапасы мен мазмұны жоғарыда айтылғандармен қатар тіліне де қарап бағаланады. Əңгіме көркемдік əлемі – əдеби туынды жайында болып отырғандықтан да оқушы өзінің ол туралы ой-пікірін мүмкіндігінше əсерлі көркем, бояулы, əдеби тілде ойлы да оралымды баяндап, тіл байлығының барлығын, сөз өнерінің табиғатын нəзік түсінетін əрі сүйенетін жұмысында таныта білу керек-ақ. Сонда ғана жазба жұмысы сəтті, ойға бай, сапалы болып шықпақшы. Айшықты,өрнекті сөз оралымын ұтымды қолдана білу қажеттігін – шығарма обьектісі – көркем əдебиеттің өз табиғаты да талап етеді. Өйткені, əдебиет- сөз өнері. Көптеген оқушылардың шығарма жұмыстары ең алдымен, сөз қолданысы, тіл байлығы, ой байлығы тұрғысынан алғанда ешқандай да сын көтермейтін деңгейде. Шығарма тілі жұтаң да жұпыны болып келеді. Қарабайыр, нəрсіз сөздер мен ой қайшылығын танытатын сөйлемдерден құралады. Шығарма кемшіліктерінің ар жағында оқушылардың көркем туындылары мəтіндік тұрғыдан игермегендігі байқалады. Тіл байлығын арттырудың қайнар көзі – халықтың көркем шығармашылығын, əдеби туындыларды үзбей оқу. Сол арқылы рухани жан дүниеңді байытып отыру. Көркем шығармаларды, оның ішінде классикалық туындыларды жүйелі, үзбей оқып отыру – білім қуған оқушы үшін күнделікті өмірлік қажеттілікке айналу керек. Сонда ғана көркем əдебиет тіл байлығын да, ой байлығын да жетілдірудің, сөйтіп, рухани ой – өрісіңді қалыптастырудың баға жетпес қайнар көзіне айналары ақиқат.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!