Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ӘДЕБИЕТ ПӘНІНДЕ ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУДА ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Әдебиет пәнінде оқыту сапасын арттыруда қалыптастырушы бағалаудың маңызы
Әділбаева Тұрдыгүл Әділбайқызы
Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық селосы
Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Баға беру және есепке алу - керемет мақсаттар. Білім алу үдерісінде кедергі тигізбейтін және біздің жан салып жатқан ісімізге пайдалы да әділ баға беретін жүйе... Т.Сайзер
Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік-экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын,өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу-аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан-жақты, білімді ұрақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.
Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу-әр ұстаздың,әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерітер өрістеуде. Білім беруді жаңарту-үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер.
Қазіргі таңда Қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік емес, оның тұлғасын білім арқылы дамыту қойылып отыр.
Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді,сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс,ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзылылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.[1]
«Мұғалім әрдайым ізденісте болса, шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынов айтандай, мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы құзіреттілігі арқылы айқындалады.
Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері механикалық түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланылады,бірақ мәні терең меңгерілегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды. Сол себептен оқушылардың қалай оқу керектігіне,түсіну қабілетін дамытып,оны керек кезде пайдалана білетін,ойын нақты жеткізе алатын, көзқарасы дамыған, жігерлі тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету- аталмыш теорияның негізгі мақсаты.
Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі - білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзыреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек, қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзыреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Сол себептен оқытуға деген көзқарас өзгеріп отыр, оқыту нәтижесін бағалауда да жаңа бағытқа ие болуда.
Еліміздің білім беру жүйесіне енгізілген оқытудың жаңа бағдарламасы Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауды ұсынады. Бұл бағалауды екі түрде қарастырады: суммативті (жиынтық) бағалау және формативті (қалыптастырушы) бағалау. Яғни мұғалімдер оқуды бағалаумен қатар оқыту үшін бағалауды пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады.
Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі-білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келеді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Баға әр уақытта субъективті. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен аққиқат есі болып табылмақ.Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді. Бес баллдық бағалау шкаласы басқа да таза нормативтік бағалау құралы сияқты дәлдігі жетіспейтін құрал ретінде ұсынылатындығы күмән туғызбайды.
Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. «Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада-бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәрібін мұқият бақылауы болып табылады.
Жалпы бағалау екіге бөлінеді:
Оқуды (суммативті) бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың немесе модульдің соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының жетістіктерін бағалау үшін қолданылады. Әрбір бөлім соңында өткізіледі (бақылау жұмысы немесе қорытынды сынақ жұмысы), оқушыларға әрбір бөлім бойынша өз білім деңгейлерін көрсетуге көмектесіп, мұғалімге оқушылардың жетістіктері туралы қорытынды пікір жасауға және қорытынды бағаны қоюға мүмкіндік береді. Бағалаудың бұл түрі қалыптастырушы бағалаумен салыстырғанда оқушынының қызығушылығын оята қоймайды және баланы алға жетелеуді көздемейді.
Оқыту үшін қалыптастырушы (формативті) бағалау күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін қолданылады. Ол бағалау күнделікті оқу үрдісі кезінде жүргізіледі, оқушыға өз жұмыстарын өңдеуге және жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі, мұғалімге оқушының материалды меңгергені туралы ақпарат жинақтауға, талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалауды көбінесе «оқушының дүниені тануын бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау» деп атайды, себебі, ол оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуына көмектеседі. Бұл бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді, оқушының материалды меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы білімін диагностикалауына мүмкіндік беріп, мұғалімге оқу үрдісін басқаша ұйымдастыруға көмектеседі, ал оқушыға – өзінің білім алуына деген үлкен жаупкершілікті сезінуді жүктейді. Бағалау – бұл оқушының ілгерілеу дәрежесін анықтаудан гөрі кең ауқымды нәрсе. Бағалау оқушының өзінің таным үрдісіне қызығушылығын арттырып, оны алға жетелейді. Осы орайда қалыптастырушы бағалау басқа бағалау әдістерімен салыстырғанда оқушыға материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі, сонымен қатар сол материалды сараптап, өмірде қалай қолдануға болатындығы туралы ойлануын оятады. Қалыптастырушы бағалау жиынтық бағалаумен салыстырғанда оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етеді. Бұл бағалау шеңберінде мұғалімдерге оқушылардың жетістік деңгейін тексеріп отыратындай, қандай да бір қабілетін айқындайтын қалыптастырушы тестілеу және қолданылып жүрген түрлі әдістер мен формалар ұсынылады. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау түрлерін қолдануды, тиімді кері байланыс жасауды, ол үшін сұрақты дұрыс құруды, бағалау үшін критерий қолдануды ұсынады. Бұл ретте оқушылар өздерінің білімін қандай дәрежеде екенін айтып, алда нені жетілдіру керектігін тұжырымдайды. Осындай рефлексия кезінде алған білімдерді бекіту жүзеге асады, жаңа ұғымдарды енгізумен бірге белсенді қайта құруды елестету, «менімен сәйкес келетін» білімді меншіктеу сияқты жаңа мағына туындайды, ұзақ мерзімді білімдер қалыптасады. Оқушылар өз ойларын сөзбен жеткізуге тырысады немесе графиктік түрде еркін дәйектілейді, өз пікірлері мен идеяларын басқа оқушылармен бөліседі, өз жеке бастарының ойлану операциясын сараптайды. Қалыптастырушы бағалау әдістемесін қолдану қазіргі таңда мұғалім жұмысын бағалаудың жаңа жүйесінің маңызды критерийлері болып табылады.
Қазіргі оқыту тұрғысы бойынша оқушылар оқыту үдерісінің белсенді қатысушылары болғандықтан оларды оқу үдерісіне тарту үшін алдымен олар сабақта не істейтінін, олардан не талап етілетінін білуі тиіс. Сол себептен мұғалімнің жаңа сабақты ұйымдастырудағы алғашқы қадамы – сабақтың мақсатымен, табыс критерийлерімен таныстыруы. Сабақтың мақсаты мен табысқа критерйлері түсінікті болу үшін мұғалімнің көмегімен оқушылардың өздері құрылымдағаны дұрыс. Мұғалім әр оқушының сабақ мақсатын түсінгенін және әр оқушының алдына мақсат пен табыс критерйлерін белгілегенін қадағалап, сабақты қорытындылау кезеңінде мұғалім сабақтың мақсатына қайта оралып, оқушылармен бірге белгіленген критерийлерге әр оқушының қаншалықты жеткенін айқындайды.
Оқыту мен оқу процесі аясында мұғалім оқушылардың жетістіктері мен пәнді түсіну деңгейін формативті бағалауда үздіксіз бақылап отырады. Нақтырақ айтқанда, қалыптастырушы бағалау қалыпты оқытудың құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асуы керек. Сондықтан қалыптастырушы бағалау аясында мұғалімдер оқушылардың мақсатқа қаншалықты қол жеткізіп жатқандығын бақылауға алуы тиіс.
Топтық жұмысты бағалау
Бірқатар дағдыларды дамытып, бағалауда топтық жұмыс бірден-бір қолайлы тәсіл. Өзге формалардағыдай бұл жағдайда да оқушылар табыс критерийімен алдын-ала таныстырылуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім сынып ішінде жүріп, барлық топтарды тыңдап үлгеруі тиіс. Топтардағы кейбір оқушылар табыс критерийі талаптарына тез қол жеткізуі мүмкін. Мұғалім сол оқушылардың есімдерін өзінің арнайы дәптеріне жазып алады. Әрі қарай мұғалім басқа оқушыларға назар аударуы тиіс. Оқушы ұяң немесе ұялшақ болған жағдайда мұғалім қосымша сұрақтар қойғаны дұрыс (Сен осы мәселе туралы не ойлайсың? Өз тобыңның осы мәселені қаншалықты дәрежеде талдағандығы туралы айтып бере аласың ба?). Кейде оқушы талдау тақырыбы туралы теріс түсінік немесе теріс жауап беруі мүмкін. Мұндай жағдайда оқушының өз жауабымен нені айтқысы келгендігін сұраған жөн.
Топтық жұмыс жасау кезінде мұғалім барлық оқушыларды бақылап шығуы керек. Барлық топтарды бір рет аралап, бағалап шыққаннан кейін мұғалім оқу мақсатына жетуге талпынатын оқушылары бар топқа қайта оралады және олардың оқу мақсатына қайтадан қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Кей жағдайда әдетте оқушыларға өз қабілеттерін бірнеше сабақтар барысында дамытуға мүмкіндік береді. Бұл әрекеттер оқушылардың бойында алуан түрлі дағдылардың қалыптасуына түрткі болады. Қалыптастырушы бағалаудың өзге түрлеріндегідей бұл жағдайда да оқушылар жетістік критерийімен алдын-ала таныстырылуы тиіс. Оқушыларға жетістік критерийлері туралы әр сабақтың басында ескерту айтып отырған да тиімді. Кей жағдайларда оқушылар жобаның соңына қарай белгілі бір оқу мақсаттары бойынша жетістік деңгейін көрсетуге тиіс болады. Мұндай жағдайда оқушының аяқтаған жұмысы оның оқу мақсатына жеткендігінің куәсі бола алады.
Өзге оқу мақсаттары оқушылардың өздеріне берілген кері байланыстарға сәйкес жетістіктерін не жұмыс нәтижесін көрсетуді қажет етеді. Мұндай оқу мақсаттарын бір сабақ барысында бағалап үлгеру мүмкін емес. Алғашқы сабақта мұғалім әр оқушының бастапқы дәрежесін анықтап алуы қажет. Ол әр оқушы жоспарға сәйкес жұмысын атқаруға дайын екендігіне және өз мақсатын жете түсінгендігіне көз жеткізуі тиіс. Кейінгі сабақтарда мұғалім осы жетістіктерді оқушының әрекеттерінен бақылап отырады. Әр оқу мақсатына негізделген жетістік критерийі мұғалімнің бақылауын қажет ететін тұстар туралы жан-жақты ақпарат береді. Бұл көлемді әрекет түрлерінің оқу барысында маңызы өте жоғары. Сол әрекеттерді орындау барысында мұғалім әр оқушыға жекелеген қолдау көрсетіп, кері байланыс беріп отыруы міндетті.
Оқушыларды бағалауға қатыстыру, өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау.
Оқушылар алда тұрған мақсаттың мәнін түсініп, оған қол жеткізу үшін не істеу қажет екенін анықтай алған жағдайда ғана олар оқу мақсатына қол жеткізеді. Сондықтан оқу барысында өзін-өзі бағалаудың маңызы зор. Оқушыларының бойында өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуға талпынған көптеген сабақтарымнан аңғарғаным: бұл реттегі ең бірінші және ең күрделі мәселе – оқушыларды өз жұмысы туралы мақсат қою тұрғысынан ойлануға үйрету. Олар бұны қалай істеу керек екенін түсінгенде ғана өз жұмыстарына шолу жасай бастайды, сол арқылы оны өздері орындап, өздері бақылай алады.
Уақыт талабы мұғалімнен сабақты қызықты, тартымды өткізе білуі, көп шығармашылық ізденісті, білімділікті, тапқырлықты талап етеді. Оқушылардың белсенділігінің, жеке көзқарасының қалыптасуын,дамыту,оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болуын талап етеді. Ал білім сапасын көтеру дегеніміз-оқушыны жоғары деңгейге көтеру.
Бүгінгі күні оқушыладың оқу жетістіктерін бағалау-оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен,зерттеу іс әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңа бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдрісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немес сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Осы олқылықтарды толтыру мақсатында мектеп ұжымында жоспарланып өткізілген үш «Lesson Study» цикліне 5-сыныпта қазақ әдебиетінен тізбектелген сабақтар топтамасын өткіздім.
Алғашқы «Lesson Study» цикліндегі тізбектелген сабағымның тақырыптары Тынымбай Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі 2 сағатқа және Нұрдәулет Ақыштың «Нағыз әже қайда?» әңгімесінің 1 сағаты берілген. Алғашқы сабағымда тестке жауап беру барысында оқушыларға интербелсенді тақта арқылы үй тапсырмасын сұрау үшін сынақ тапсырмасын құрастырып жүргіздім. Бұл тәсілім арқылы оқушылардың өзін-өзі бағалауын және өзара формативті бағалауын жүзеге асыру болды. Екінші сабақта үй тапсырмасын сұрау ротация әдісі арқылы тест тапсырмасына жауап беру болды. Онда оқушылар тестке жауап беріп, соңында дұрыс жауаптың кілті арқылы өздерінің білімдерін өздері тексерді. Үй тапсырмасын тест арқылы сұрауда оқушыларға жауаптарын қызыл, жасыл,сары,көк түстермен көрсете отырып, қолдарына осы түстерге сәйкес дөңгелек пішінді парақшаларды таратып, жауаптардың сәйкестігіне қарай ұпайларын әр оқушы өздері есептеп рубрикатор арқылы бағалау бетшесіне өз ұпайларын қойып отырды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әректі де бағаланады.Осылайша, сабақтың әр бөлімі бойынша оқушылар асқан қызығушылықпен өздерін барынша әділ бағалауға тырысты. Бұдан біріншіден,оқушының қызығушылығы артқандығы, екіншіден,мұғалімнің жұмысының жеңілдегенін аңғардым. Сабақтарымда оқушылардың білімін оқушының өзіне және сыныптасына бағалаттым. Алғашқы зерттеу сабақтарымда қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың білім алуға деген ынтасының артқанын сырттай аңғарып,алдағы уақытта тағы да тиімді тұстарын қарастыра бастадым.
Екінші «Lesson Study» кезеңінде Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Анасын сағынған бала» әңгімесінің 2 сағаты алынды. «Қос сақина » әдісі арқылы әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтап, көтерілген мәселені түсінді.Оқушылардың сабақ мақсатына жету жолының айқын бағдары ретінде сабақ мақсатына негізделген дескриптордың нақты әрі қолжетімді құрылуы басты рөл атқаратыны осы тұста айқындалды. 5.1.2.1. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау оқу мақсатына
-Әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтайды; 3
-Көтерілген мәселені түсіндіре алады: 2 деген дескриптор құрылды.
Әңгімедегі отбасылық құндылықтарды айқындайтын сөздерді тізбектеу,
осы сөздер негізінде өз көзқарасын білдірулерін анықтау үшін «Ассоциативті қатар» әдісі қолданылды. Оқушылардың жауаптарын бағалау үшін дескриптор құрылды.
-Отбасылық құндылықтар тұрғысынан талдап, өз ойын жүйелі жеткізеді; 3
-Бүгінгі күннің отбасы құндылықтарымен байланыстырады. 2.Сабақ соңында А,В,С деңгейлі оқушылардың дескриптор арқылы қалыптастырушы бағалауы дәл әрі нақты қойылғаны анықталды.
Сабақ бойынша бағалау бетшесі
|
|
Ұпай
|
Баға |
1-3 |
«2» |
4-5 |
«3» |
6-7 |
«4» |
8-10 |
«5» |
Сынып: 5 |
|||||||||||||||
Бөлім |
ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ |
||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Тынымбай Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» |
||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
5.1.2.1. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау. |
||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
-Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды; -Әңгімедегі отбасылық құндылықтарды талдайды. |
||||||||||||||
Жоспар |
|||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут |
Қызығушылықты ояту
Аяулы Балажан Сұлу Құдіретті Сағыныш Махаббат Қамқоршы Қуаныш Жылулық Мейірім Қадірлі Перзент ![]() -Мына сөздер мен суретке қарап, бүгінгі сабағымызды болжап көріңіздерші? -Бұл сөздер мен фотоға қарап қандай құндылықтарды еске түсіреміз? |
https://youtu.be/W-sR_cPDHa0 |
|||||||||||||
Сабақтың ортасы 30минут Сабақтың соңы 5 минут |
Ой шақыру
Тынымбай Нұрмағанбетов 1945 жылы 10 маусымда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының «Бірлік» кеңшарында дүниеге келген. «Жазушы» баспасында редактор, «Қазақфильм» киностудиясының сценарийлік коллегиясында түрлі қызметтер атқарған. 1996 жылдан “Қазақ елі” газеті редакторының орынбасары. Алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы “Қауын иісі” деген атпен жарық көрген .Жазушы прозасында ауыл адамдарының мінез-құлқы, олардың жан дүниесінің қыр-сыры, ұлттық сана психологиясындағы замана тудырған өзгерістер терең суреттеледі. Нұрмағанбетов жеңіл юмордың шебері, бірнеше комедиялық туындылары бар. Ол «Жоғалған көл», «Кемпірлер үкімі» пьесаларын, «Тырналар ұшып барады» телефильмінің сценарийін жазды. 1-тапсырма Бастапқы танысу Берілген үзінділіер арқылы мәтіннің не туралы екенін болжайды
Сержанның анасын сағынғанын, оны көргісі келетінін, анасына деген махаббатын қандай сөздерінен байқауға болады? (Есмағамбет пен Сержанның диалогі)
-Сен Алматыдан келдің бе? -Иә, Алматыдан келдім. -Менің мамам да Алматыда... -Білем ғой... -Менің мамамды танисың ба? -Неге танымаймын...танимын. Мен сені Алматыға алып кетемін. -Қашан кетеміз? -Ертең ауылға барып қайтамын. Арғы күні пойызға мінеміз. -Бүгіннн, сосын ертең-ң, сосын арғы күн-н... Содан кетеміз ғой? -Кетеміз.
2-тапсырма «Қос сақина » әдісі Әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтайды, көтерілген мәселені түсінеді.
Шығарманы жазған автордың айтайын деген негізгі ойы
Көркем шығармаға негіз болған өмір құбылыстарының түйіні
Идея ![]() Тақырып
Шығарма идеясы Ана мен бала арасындағы сағыныш сезімі арқылы отбасылық құндылықты, адамгершілікті дәріптеу
Шығарма тақырыбы Баланың анасын сағынуы, ана мен бала арасындағы сезім
Дескриптор: -Әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтайды; 3 -Көтерілген мәселені түсіндіре алады. 2 3-тапсырма «Ассоциативті қатар» әдісі Әңгімедегі отбасылық құндылықтарды айқындайтын сөздерді тізбектейді, осы сөздер негізінде өз көзқарасын білдіреді.
Нені түсіндік? «Отбасы құндылығына қосар менің үлесім қандай?»
Әңгімедегі отбасылық құндылықтар:
2. 3.
Дескриптор: -Отбасылық құндылықтар тұрғысынан талдап, өз ойын жүйелі жеткізеді; 3 -Бүгінгі күннің отбасы құндылықтарымен байланыстырады. 2 Сабақты
бекіту: «Ашық микрофон» Сұрақ: Бұл әңгіменің біз үшін маңыздылығы неде? Кері байланыс «SMS» хабарлама Мен үшін бүгін________________құнды болды. Себебі___________________________________ Келесі сабақта_____________________________ Үй тапсырмасы «Бүгінгі күннің отбасы құндылықтары » тақырыбында сыни зерттеу жүргізу. |
|
Үшінші «Lesson Study» циклі кезеңіндегі А,В,С деңгейіндегі оқушыларды зерттеуде сабақтарда қалыптастырушы бағалауды басшылыққа ала отырып Нұрдәулет Ақыштың «Нағыз әже қайда?» әңгімесінің 1 сағатын жоспарладым.Сабақтың мақсаты: 5.1.3.1.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу. Сабақты бастамас бұрын балаларға өз жұмысының сапасын бағалауға көмектесу үшін нақты табыс критерийлерін ұсындым. Бағалау критерийі:
1.Шығармадығы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекетін анықтайды;
2.Кейіпкерлердің образын суреттейді.
Критерий-оқу мақсатының нақты тұжырымы. Нақы табыс критерийлерін ұсынудан күтілетін нәтиже балаларға өз жұмыстарын және басқалардың жұмысын критерий арқылы бағалауды үйрету және тиісті тілді қалыптастыру. Бұл сабақта сонымен бірге бағалау парақшасы дайындалып,одан сабақтардың бөлімдері көрсетіледі. Сонымен қатар сабақтың әр бөлімінің рубрикаторы мен дискрипторы алдын ала оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес дайындалып, әр оқушының алдына тартылады. Сабақтың мақсатына жету жолында алдымен шығарма бойынша сұрақтар қойылды. «Кейіпкерлер кестесі» әдісінде кейіпкерлер іс-әрекеті мен портретіне баға берілді. «Т кестесі» әдісінде Азаттың әжесі мен Жолдастың анасының образына талдау жасалды. «ПОПС» формуласы бойынша «Сендердің ойларыңша,нағыз әже қандай болу керек?» сұрағына жауап алынды. Сабақты қорытындылап, қалыптастырушы бағалау үшін сабақтағы тапсырмаларды қамтитын бір ғана дескриптор құрылды.
- шығармадығы кейіпкерлер портретін ашады; 4
- іс-әрекетін анықтайды; 3
-кейіпкерлердің образын суреттейді. 3
Күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы,сенімді, сыни пікір –көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауда, топтық бағалауда-оқу үдерісінің белсенді қатысушысы ретінде қалыптасуын қамту.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті немесе нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай –ақ баланың дамуы,оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау,қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.! (Александер) [2]
Баға-бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі турлы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Бағалау оқушының білім алуына көмектеседі. Баға арқылы мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және нені істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет.Сыныптағы іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды бақылау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмысын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың еркше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. [3] Осы тұжырымға сүйене отырып, оқушылар өзара және сабақтағы қатысына қарай қалыпастырушы түрде бағаланып отырады. «Бірге ойлаймыз» стратегиясында оқушылар сұрақтарға жауап берген уақытта «қате», «дұрыс» деген сөздерді қолданбадым, себебі,әр оқушының жауабы құнды деген ойдамын, бірақ қате жауап болса, бағыт беру арқылы оқушылардың өздеріне бір-бірін түзетіп отырдым. Оқушылардың жауап бергеніне қарай «өте жақсы», «жақсы», «тамаша», «бәрекелді» деп қалыптастырушы бағалаулармен бағалап отырдым. Себебі оқуды бағалаумен (жиынтық бағалау) қатар, оқыту үшін бағалауды(қалыптастырушы бағалау) пайдаланғанда, бағалу оқудағы аса пайдалы құралға айналады. Оқушыны қандай мақсатта,не үшін, қалай бағалаймыз? Бағалау кезінде мындай мақсаттар болуы мүмкін: оқытудың қиыдылықтарын анықтау, жетістікке жеткендегі кері байланыс, уәж, болжау, стандарттарды бақылау, бағдарламаның мазмұны мен стилін бақылау. Бұл келтірілген барлық бағалаудың түрлерінде бақылау, интерпретациялау,қорытындылауды қамтиды. Осы орайда сабақ соңында әр бала сабақ туралы ойларын стикерлеге жазып «Сұрақтар қорабына» салу арқылы кері байланыс туғызып, оқушылардың сабақтан алған әсерлерін бақыладым. Келесі сабағымды оқушылардың нені қалайтынын,нені білгісі келетінін, бағалаудың қандай тәсілдері ұнағанын білу арқылы жопарлауды ұйғардым.
Құрбы-құрдастарын бағалау өзін-өзі бағалаудың маңызды бөлігі болып табылады. Құрбы-құрдастарын бағалау өте пайдалы, себебі оқушылар өз жұмысына қатысты айтылған құрбыларының пікіріне құлақ асады. Ал оны мұғалім айтқан болса, олар оқушыға сондай әсер етпеуі мүмкін. Құрбы-құрдастарымен бірге жұмыс істеу де маңызды, себебі пікір алмасу оқушы күнделікті өмірінде қолданатын тілде жүреді, сонымен қатар оқушылар мұғалімнің рөлін ойнай отырып білім алады. Оқушылар түсініктемені түсінбеген кезде, олар мұғалімнен емес, өзінің құрбысынан сұрайды. Оның үстіне, бұл тәжірибе құрбы-құрдастарын бағалау ауыртпалығын оқушыға салуға болатындығымен құнды. Сондықтан тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда әр сабақта өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың әдістері көрсетіліп, әр сабақта түрлендіріп отырған дұрыс.
Өзара бағалау оқушыларға бір-бірімен өзар оқуға және бір-бірін өзара қолдайтындай, қажетті кері байланысты орнатуға комектеседі,ол оқушыларға сөйлесу, талқылау,түсіндіру және бір-бірін сыни бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тиімді жасалған өзара бағалау алдағы уақытта оқу кезеңінде оқушылардың одан әрі алға ұмтылуға деген жауапкершіліктерін дамытуға көмектеседі. Жұмысқа баға қоюмен ғана шектеліп қалмайтын оқушыларды өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандырудың көптеген тәсілдері бар. Өзін-өзі бағалау стратегияларының жалпы сипаты-белгілі бір критерийлердің болуында. Бұл –орындалған жұмысқа қатысты сабақ жетістігінің критерийлерін қолданылуы болуы мүмкін немесе таныстырылым кезінде оқушылар бір-біріне іске қатысты сұрақ қоя алады. Оқушылар өздерінің сұрақтарын әзірлеп, оларға берілген жауаптарды бағалау барысында бағалаудың нақты критерийлерін негіз ретінде пайдалана алады. Зерттелер өзін-өзі бағалау және өзара бағалау нақты критерийлерді қажет ететіндігін көрсетеді.Олар:
-не тексеруге тиіс екенін түсіну;
-оқушыларға өзінің жұмыстарын қайта қарауға мүмкндік беру;
Оқушыларға өздернің жеке мақсаттарын анықтауға және өз жұмыстарын жақсарту үшін не істеу керектігін анықтауға көмектесу үшін керек.
Өзара бағалауды қолдану ол мұғалім журналға баға қоймайды деген сөз емес, әрине, мұғалім оқушылар орындайтын жұмысты қарап, оған түсініктеме беріп отырады. Бірақ кей жағдайларда оқушылар өзара бағалауды мұғалім жұмысты тексергенге дейін өткізе алады, ал кейбір жағдайларда өзара бағалауды мұғалімнің баға қоюының орнына қолдануға болады. Мақсат мұғалімнің орнын алмастыруда емес,оқушыларға жақсы нәтижелерге қалай қол жеткізуге болатынын түсінуге көмектесуде екенін естен шығармаған абзал.
Оқушы белгілі бір жетістік критерийеріне сәйкес өзін және басқаларды бағалауға үйренуі керек; бұл істе мұғалімдер оларға қолдау көсетіп отыруы қажет.Оқушы есейген сайын, бұл оған жеңіл тиетін болады.
Жүйелі еңбек қашанда жеміс бермек. «Мектептің тірегі де, тілегі де оқыта білетін-мұғалім»- деп А.Байтұрсынов айтқандай,оқытудың озық үлгілерін меңгеріп,оны іс жүзіне жүзеге асырмайынша жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру тиімсіз. Жаңа модульдерді тиімді пайдалана білсек,мол жетісіктерге жетеріміз сөзсіз. Өткен сабақтарымда бағалауды пайдаланғанымды талдай келе, қалыптастырушы бағалау тиімді деп айта аламын.Мұғалімнің бағалауы (мадақтау,ынталандыру, тілек айту және смайликтерді беру) оқушының көңіл-күйіне әсер етіп қана қомай, оны алдыға жетелейді.
Сабақты ұйымдастыру барысында әрбір сабаққа ерекше дайындалып,қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру талдау мақсатында түрлі жаңа әдіс-тәсілдері пайдаландым.Бұл арқылы мен алдымда отырған оқушының әрбір тапсырманы ынтамен, қызығушылықпен орындалғанын байқадым.Бағалау үрдісінде қатысушылардың барлығы бағалау құралдарын, мақсатын, міндетін, объектісін, қағидасын, әдістерін жақсы түсінуі қажет деп тұжырымдадым. Бағалау оқу үрдісінің түрлі сатысында оқушының білімін, біліктілігін және сезімдерін айқындайтындығын сездім.
Қорытып айтатын болсам,қалыптастырушы бағалау қазіргі таңда өте тиімді тәсіл. Бұл бағалау әдістері бойынша оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты. Қазақ әдебиеті пәніне деген көзқарасы өзгеріп, қосымша ізденіп, көптеген тапсырмаларды орындауда жауапкершілікті сезініп, тапсырманы нақты, дәл орындауға деген белсенділіктері артады.Сонымен қалыптастырушы бағалаудың тиімділігін айтар болсақ:
-оқушының жеке өзіне деген сенім артады.
-білім алуға ынтасы артады.
-өзіндік әрекетін шыңдай түседі.
-танымдық әрекетін арттырады.
-ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.
-білім алуға деген бәсеке артады.
-әр оқушы өз деңгейіне,әрекетіне,қабілетіне қарай әділ бағаланады.
Әр баланың іс-әрекетін мақсатты түрде ұйымдастыру, оған басшылық ету, білімді өз белсенділіктерімен алуға жағдай туғызу-жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдердің басты белгілері екендігі түсінікті болды. Оқушының тұлға болып қалыптасуы үшін бағалаудың тікелей маңызы бар деген ұйғарымға келдім.
Ертеңгі күні қазақ мектебін бітірген, соның ішінде ауыл мектебін бітірген жас шәкірт қоғам алдында дәрменсіздік көрсетпеуі үшін шаруашылықтың кез-келген саласында қажетті ортақ білік, дағдыны мектептен алып шығуы тиіс. Өз ұлтымызды, мемлекетімізді өркендетіп, білімді, болашақ данышпан шікірттер тәрбиелеу үшін бірінші кезекте балалардың сезімталдығын, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауын, ойын, тілін дамытуды қолға алған жөн деп санаймын.
Алдымызда отырған әр шәкіртті бәсекеге қабілетті,өмірде өзін-өзі дамытуға бейім, үздіксіз білім жүйесінде белгілі бір құндылыққа жетелейтін Қазақсан азаматы ретінде тәрбиелеуміз үшін оқушының ықыласын оятып, өзінің ғана емес, өзгенің де өсуіне ықпал ететіндей деңгейге жеткізуге тиіспіз деген тұжырымға келдім.
Ұсыныс:
1.Қалыптастырушы бағалауды іс-тәжірибеде кеңінен насихаттау жұмыстары аудан көлемінде жүзеге асырылса;
2.Тұрақты түрде «Lesson Studi» циклі өткізіліп, А,В,С деңгейлі оқушылардың білім алуға деген қабілеттері зерттеліп отырса;
4.Оқушылардың бірін-бірі және өзін-өзі бағалауына мүмкіншіліктер туғызылып, қолдау көрсетіліп отырылса;
Пайдаланылған әдебиеттер,сілтемелер:
[1] Мұғалімге арналған нұсқаулық, 6-бет
[2] Мұғалімге арналған нұсқаулық, 56-бет
[3] Мұғалімге арналған нұсқаулық, 57-бет
6

