Әдебиеттанудың жаңа бағыттары мен әдебиетті оқыту әдістемесі
Білім — кітапта. Қазіргі таңда
балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап
оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады.
Нұрсұлтан Назарбаев
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы мен қатар келген Сәлима Қалқабаева Әбдіраманқызының 60 жасқа толуына орай өтетін конференцияға Сәлима апаймыздың өз еңбегінің жетістігін жазып отырмын. Сәлима апай жайында айтар болсам, – филология ғылымдарының докторы. М.О.Әуезов атындағы «Әдебиет және Өнер институтында» әдебиет теориясы бөлімінде ғылыми қызметкер болып қызмет істеді. 1998 жылы ҚазҰУ-дың филология факультетінің Қазақ тілі кафедрасына оқытушы болып қабылданды. 2OO3 ж. Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасына доценттік қызметке ауыстырылады. 2OO6 жылдан Әдебиет теориясы және фольклористика кафедрасында доцент қызметін атқаруда.
Әдебитеттану әдістемесіне тоқталар болсақ әдебиеттану методикасына жақсылап жеңіл әрі анық түсінік берген: Әдебиет сөз өнер болса, оны зерттейтін ғылым – әдебиеттану деп аталады. Әдебиеттану – көркем әдебиетті, әдебиеттің шығу тегі, даму жолдары, көркемдік және эстетикалық ерешеліктері жайлы жалпы заңдылықтарды зерттейтін ғылым. «Әдебиеттануға кіріспе» атты пән жалпы әдебиет туралы, көркем шығарма табиғаты мен оның көркемдік әлемін тану, оған зерттеу жүргізудің техникалық, тәжірибелік ұстаным, ережелері жайлы түсінік береді. Әдебиеттің негізгі теориялық заңдылықтары, әдебиетті 36 зерттеудің әдістемелері, көркем шығарма поэтикасы, стиль, жанр т.б. мәселелер кеңірек қамтылып, олар контексте алынып талданады. Соның нәтижесінде әдебиеттің басқа да пәндерін игеруге көмек беретін теориялық ұғымдарды меңгереді. Пәннің мақсаты: Көркем әдебиеттің теориясын және эстетикалық заңдылықтарын, көркем әдебиеттің туу, даму, ондағы көркемдік дәстүр заңдылықтарын эстетика, психология, мәдениеттану ғылымдарының жетістіктерімен бірлікте қарастыру. Әдебиеттанудың ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері, ғылыми мектептердің ерекшеліктері, өнер салалары мен әдебиеттің дара сипаттары, танымдық, әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық қасиеттері жайында мәлімет беру. Көркем шығарма табиғаты мен болмысы, құрылымы, мазмұн мен пішін, көркем образ бен образдылық, бейнелеу құралдары, көркем шығарма поэтикасы, әдеби тек пен түр, ағымдар мен бағыттар, стильдер мен әдістер туралы, әдеби үрдіс т.б. мәселелерді қарастырып, студенттерге толымды теориялық ұғымдар беру және оны практикамен ұштастыру. Міндеттері: – әдеби теориялық білімдерді толықтай меңгерту; – көркем шығарманы идеялық-тақырыптық тұрғыдан талдай білу; – көркем шығарманы көркемдік тұрғыдан талдай білу; – шығарманы комплексті талдауға үйрету; – көрем шығарманы жанрлық, образдық тұрғыдан талдай білу; – қаламгердің стильдік ерекшеліктерін тани білу; – көркем шығарманың поэтикасын зерттей білу; – ғылыми, әдеби-сын еңбектер жазуға дағдыландыру т.б. Пәнді оқыту объектісі: әдебиет, көркем шығарма, әдеби процесс, әдебиеттану саласындағы ғылыми зерттеулер т.б. Пәннің зерттеу әдісі: Талдау, интерпретация, бағалау, салыстырмалытипологиялық әдіс, жүйелеу әдісі, аналитикалық, синтетикалық, кешенді әдіс. Басқа пәндермен байланысы, алатын орны мен ролі: «Әдебиеттануға кіріспе» пәні әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны пәндерімен түгелдей дерлік мазмұны жағынан сәйкеседі, байланысады. Сонымен қатар қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар: фольклористика, тіл білімі, стилистика, философия, эстетика, психология, мәдениеттану сияқты ғылымдарының жетістіктерімен бірлікте қарастырылады. Әдебиеттану ғылымы және оның салалары. Басқа ғылыми пәндер жүйесіндегі орны. Әдебиет сөз өнері болса, оны зерттейтін ғылым – әдебиеттану. Әдебиеттану ғылымының пайда болу, қалыптасу кезеңдері. Қазақ 37 әдебиеттану ғылымы және оның бастаулары. Әдебиеттану ғылымының негізгі және жанама салалары туралы қазіргі жаңа топшылаулар. Әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны және олардың зерттеу обектілері. Текстология, библиография және историяграфия. Әдебиеттану ғылымының гуманитарлық, қоғамдық ғылымдар, атап айтқанда, эстетика, қоғамтану, философия, психология, мәдениеттану, мәтінтану, герменевтика т.б. жүйесіндегі орны мен өзіне тән ерекшелігі. Әдебиет пен эстетика. Сөз өнері жайлы ұғым. Өнер түрлеріне тән негізгі ерекшеліктер. Өнердің суреттеу пәні. Өнердің суреттеу амалдары. Өнердің суреттеу құралдары. Өнердің туындысын қабылдаудың сырлары. Сөз өнерінің қоғамдық сананың айрықша бір саласы ретіндегі қызметі. Сөз өнерінің сыры мен сипаты. Сөз өнерінің образды бейнелеудегі өзгешелігі. Сөз өнерінің басқа өнер түрлерінен ерекшелігі. Сөз өнерін жасаушы суреткер шеберлігі туралы ғылыми тұжырымдар. Қаламгердің әлеуметтік тұлғасы. Әдебиеттің халықтығы туралы ұғым. Әдебиеттің ұлттық сипаты. Көркем шығарманың қоғамдық мәні. Таным тарапындағы қызметі. Тәрбиелік мәні. Сөз өнерінің эстетикалық сипаты. Әдебиеттану ғылымының туу, даму және қалыптасу кезеңдері. Әдебиеттану ғылымының пайда болу, қалыптасу кезеңдері. Антикалық дәуірдің эстетикалық бағдары. Демокрит, Гераклит, Сократ, Платонның табиғат пен өмірге көзқарасы және өнердің танымдық қызметі туралы ойлары. Аристотельдің «Поэтика» атты еңбегінің мәні мен маңызы. Әсемдікті түсіну, бағалау жайлы өлшемдер. Орта ғасыр философиясының діни ұғым, наным-сеніммен байланысы. Өнердің танымдық негіздері жайындағы басқаша пікір. Символ туралы ілім. Әбу Насыр әл-Фарабидің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” этикалық, эстетикалық мәселелер жайындағы трактаттары. Қайта өрлеу (Ренессанс) дәуіріндегі эстетика. Мәдениет пен ғылым дамуы. Николла Буалоның «Поэтикалық өнер» трактаты, Гораций Флакктің «Поэзия ғылымы», Лессингтің «Лаокоон» еңбектері. Классицизм және ағартушылық дәуір эстетикасы. Д.Дидро, Вильгелм, Фридрих, И.Кант, В.Гегельдің эстетиканы дамытудағы ролі. Ағартудағы демократиялық бағыт. Вольтер, Дидро, Руссо, Гельвеций, Юм, Смиттердің философиялық салондары. Өнердің барокко және классицизмнен рококо, сентиментализм, предромантизм стиліне ауысуы. Қазақстандағы әдеби-эстетикалық ойдың даму тарихы. Батыс Еуропа әдебиетінің орыстың пәлсапалық, эстетикалық көзқарастарының қалыптасуына жасаған ықпалы. Орыс ойшылдарының өнерді материалистік тұрғыда пайымдауының басты себептері. В.Г.Белинскиидің, Н.Г Чернышевскийдің, Н.Добролюбовтың сөз өнері 38 туралы толғамдары. ХІХ ғасырдағы орыс әдеби сынының дамуы. Л.Толстойдың шығармашылық процесс туралы пайымдаулары. Қазақстандағы діни-ағартушылық көзқарас. ХІХ ғасырдағы қазақ оқығандарының әдеби-эстетикалық танымдарындағы орыс пәлсапасының ықпалы. Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсариндердің шығармаларындағы эстетикалық тұжырымдар. А.Байтұрсынов және қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа сапаға көтерілуі. Көркем әдебиеттің образдылығы. Образ және образдылық. Әдебиет туралы ілімнің ең басты пәні – көркем шығарма. Шығарма әлемі – өмір шындығын көркем игеру. Өмір шындығы мен көркемдік шындық. Өнердің өмірді бейнелеу ерекшеліктері. Көркем образдылық ұғымы мен оның компоненттері. Образдылық – суретті, бейнелі сөз. Образды ойлаудың өзіндік ерекшеліктері. Көркемдік қиял мен көркем ойлаудың образ жасаудағы қызметі. Ойдан шығару – образға апарар жол. Ойдан шығарудың адам тұлғасын жинақтау мен даралаудағы ролі. Көркем образ түрлері. Оның жасалу жолдары. Көркем образ – эстетикалық категория. Образ – адам – көркем бейне. Көркем образды әдеби тек, көркемдік әдіс және жасалу тәсілі тұрғысынан бірнеше түрге бөлудің ғылыми мәні. Эпикалық образ. Лирикалық образ. Драмалық образ. Романтикалық, фантастикалық, реалистік, юморлық, сатиралық, трагедиялық, қаһармандық образдар. Көркем образға тән қасиеттер. Жинақтау мен даралау. Тип және характер. Тип және прототип. Характердің жасалу жолдары. Мінездеу, портрет, психологизм, монолог, диалог, пейзаж т.б. Оларды жасаудағы қаламгердің ізденістері. Көркем шығармадағы көркемдік деталь қызметі. Тақырып пен идея. Тақырып – өнер туындысының ірге тасы. Көркем шығарма тақырыбы туралы түсінік. Тақырыптың маңыздылығы, тақырыптың өзектілігі, тақырыптың ірілігі мен ұсақтығы. Тақырып пен идеяның бірлігі. Тақырыптың идеялық-көркемдік шешім табуы. Идея туралы пайымдаулар. Идеяның заманалылығы және маңыздылығы, идеяның күрделілігі. Оның алғы шарттары мен негізгі принциптері. Көркем шығармадағы негізгі идея мен қосалқы идеялар. Авторлық идея мен объективті идея. Авторлық идея және шығармашылық фактор. Мәңгілік тақырыптар мен өміршең идея туралы қазіргі ғылыми тұжырымдар. Әдебиеттеғі ұлттық тақырып пен ұлттық идея жайы. Мазмұн мен пішін. Мазмұн мен пішіннің философиялық әрі тарихи категория екендігі. Көркем өнердегі мазмұн мен пішін туралы ғылыми пайымдаулар. Сөз өнеріндегі идеялық мазмұнның образдылық пішінмен ара қатынасы. 39 Мазмұнның пішінге қарағанда тұрақтылығы, пішіннің өзгермелілігі. Мазмұнның сонылығы. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішін бірлігі. Мазмұнның пішінге көшу процесі. Жаңа шындық – өнердегі жаңа мазмұн. Жаңа мазмұнның пішіндік жаңа ізденісті тудыруы. Мазмұн мен пішін үйлесімі. Әдеби туындының мазмұндық, пішіндік бөлшектері. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішінге қатысты қазіргі ғылыми ой-тұжырымдар. Әдебиеттегі ұлттық мазмұн мен ұлттық пішін жайы және оның тұрақтылығы. Сюжет пен композиция. Әдеби шығармадағы сюжет пен композицияның қызметі. Сюжет туралы әдеби-теориялық пікірлер, оның көркемдік қызметі. Сюжеттің қаламгер идеясын дамытудағы рөлі. Сюжеттің мінез қырларын ашудағы қызметі. Сюжет, оның даму сатылары: экспозиция, шиеленісу, шарықтау шегі, шешімі. Аңдату (пролог), үстемелеу (эпилог), фабула, дәлел (мотивировка), мотив туралы түсінік. Сюжеттің оқиға, құбылыс, фабуладан айырмасы. Сюжет пен авторлық баяндаудың сабақтастығы.Сюжеттің өмірлік негіздері. Сюжет пен тартыс. Сюжеттің жаны – тартыс. Өмірлік тартыс – сюжет пен композицияны өрбітер қозғаушы күш. Композиция туралы түсінік. Көркем шығармадағы композициялық тұтастық. Композицияның сюжетпен байланысы. Композицияның мазмұнмен байланысы. Композицияның мотивпен байланысы. Сыртқы композиция бөліктері. Композиция мен сюжеттің бір-бірінен өзгешелігі. Көркем шығарма композициясына қатысты әр алуан ғылыми топшылаулар. Композиция және автор, кейіпкер көзқарастарының рөлі. Баяндау түрлері. Сюжет пен композицияның мазмұн мен пішінге қатысы. Сюжет пен композиция поэтикасы. Сюжет пен композиция және көркемдік мекеншақ. Әдебиеттегі тек пен түр. Көркем әдебиеттегі әдеби жанр мәселесі. Әдеби тек, оның түрлері туралы ұғым. Әдебиеттің тектері: эпос, лирика, драма. Әдеби шығарманың түрлері: роман, повесть, әңгіме, поэма, баллада, сонет, трагедия, комедия т.б. туралы түсінік. Эпикалық шығарма, ондағы баяндау формалары. Лирика – көркем әдебиеттің негізгі жанрының бірі. Драмалық шығармалардың табиғаты. Әдебиеттану ғылымындағы әдеби сын жанрлары. Эссе, пародия, эпиграмма, памфлет, рецензия, шолу, шығармашылық портрет т.б. Жанр мәселесі туралы ғылыми ой-пікірлер. Аристотель, Н.Буало, В.Гегель, В.Белинскийлердің әдеби жанр туралы толғамдары. Қазіргі әдебиеттанудағы жанр мәселесінің зерттелуі. Жанр жөніндегі болгар ғалымы Ц.Тодаровтың, академиктер В.В. Виноградов («Сюжет и стиль») пен З.Қабдоловтің («Сөз өнері») еңбектері. Көркем әдебиеттің тілі. Құбылту (троп) пен айшықтаудың (фигура) түрлері, көркемдік қызметі. Көркем өнердің өмір шындығын бейнелеу тәсілдері. Көркемділік. Көркем әдебиеттің образдық табиғаты, дүние құбылыстарын бейнелеу арқылы көрсету. Бейнелеу құралдары (құбылту): метафора, метонимия, әсірелеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет т.т. Көркем шығарма тілін құбылтудың жолдары. Метафора, синекдоха, метонимия, кейіптеу, астарлау, ирония, гипербола, литота т.б. Құбылтудың сөз мәнін өзгерту, суреттелетін құбылысты айқындау, бейнеленетін обьектінің мазмұнын тереңдету ерекшеліктері. Әдеби тілдің әсемдігі мен әсерлілігін күшейтетін айшықтаудың (фигураның) түрлері: арнау және оның түрлері, қайталау және оның түрлері, шендестіру, дамыту, түйдектеу, инверсия, элипсис, егіздеу т.б. Айшықтау тәсіліндегі синтаксистік қалыптың өзгеру себептері. Өлең құрылымы мен өлшемдері. Өлең туралы ғылыми пайымдаулар. Аристотельдің “Поэтика” еңбегіндегі өлең сөз туралы тұжырымдар. Әл-Фарабидің “Поэзия өнерінің конондары” трактатындағы поэзия тіліне қатысты пайымдаулар. Абай Құнанбаев пен Шоқан Уәлихановтың қазақ өлең жүйесіне қатысты ойпікірлері. Өлең жүйелері. Метрикалық өлең жүйесіндегі әуеннің қызметі. Тоникалық өлең жүйесіндегі екпіннің қызметі. Силлабикалық өлең жүйесінің буынға негізделуі. Силлабо-тоникалық өлең жүйесі. Өлең құрылымының өзіндік ерекшеліктері. Өлеңнің ырғақтықинтонациялық жүйесі. Шумақтардың құрылымдық сипаты. Шумақтың белгілі бір аяқталған ойға құрылатындығы. Тармақ және оның белгілі бір өлшемге негізделуі. А.Байтұрсыновтың бунақ туралы тұжырымдары. Буын және оның түрлері. Қазақ өлеңіндегі буын сандарының сәйкесу заңдылықтары. Өлең ұйқасы, оның түрлері.Ұйқастың көркемдік қызметі туралы қазіргі ғылыми пайымдаулар. Көркемдік әдіс. Әдеби ағымдар мен бағыттар. Көркемдік әдіс туралы ұғым. Көркемдік әдістің ақиқат өмірді көркем бейнелеу сипаты. Көркемдік әдіс және жазушы дүниетанымы. Әдеби ағымдар, бағыттар және олардың пайда болу жолдары. Көркемдік әдіс пен әдеби ағым, бағыттардың өзара ықпалы. Әдеби мектеп. Әдеби ағым мен әдеби мектептің жазушы қолтаңбасын қалыптастырудағы рөлі. Олардағы көркемдік-идеялық бағыттастық. Көркемдік әдістің әр дәуірде әртүрлі сипат алуы. Көркемдік әдіс пен әдеби бағыт түрлері. Символизм, классизм, сентиментализм, натурализм, романтизм, реализм, модернизм т.б. көркемдік әдістер мен әдеби ағымдардың қаламгер стиліне ықпалы. Реализмнің даму жолдары және түрлері. Кеңестік дәуірдегі социалистік реализм туралы қазіргі ой-пікірлер. Қаламгер және стиль. 41 Стиль туралы әдебиеттанудағы түсінік. Стиль – суреткердің дара шеберлігі, қолтаңбасы. Стильдің көркемдік әдіспен сабақтастығы. Жазушы және стиль. Қаламгердің стильдік ерекшелігі. Стиль құраушы құбылыстар және олар туралы пікірлер. Жазушының стилінің қалыптасу сатылары. Қаламгердің даралық стилін айқындаудағы ойлау типі мен дүниетаным, өмірлік тәжірибе мен өмірбаянның алатын орны. Дәуір және стиль. Қаламгер стилінің халық өмірі, ұлт мәселесімен сабақтастығы. Стильдің көркем шығарма поэтикасымен байланысы. Стильді айқындайтын көркемдік жүйе мен поэтикалық көркемдік компоненттер тұтастығы.Стильдің көркем тіл, баяндау мәнері, суреттеу сарыны, сюжет, композиция құру өзгешеліктерін көрсететін өзіндік сипаттары. Көркем әдебиеттің даму заңдылықтары. Әдеби процесс. Әдеби процесс терминінің мәні. Әдеби процесс – көркемдік дүниенің қозғалысы мен дамуын зерттейтін методологиялық әдіс. Дәстүр мен жаңашылдықтың сабақтастығы. Қазіргі әдеби процестегі жаңа үрдістер. Модернизм, постмодернизм тенденциялары. Әдеби байланыс. Халықаралық әдеби байланыс. Қазіргі қазақ әдебиетінің даму процесі әлемдік мәдениет контексінде. Әдебиетіміздің өрісін кеңейту – бүгінгі таңдағы ұмтылыс. Қазіргі қазақ әдебиетінің идеологияға ықпалы, көркемдік ой-пікірдің дамуына қосқан үлесі. Ұлттық әдебиетіміздің тарихын жаңаша пайымдау. Тәуелсіздік дәуірі жаңғыртқан тақырып – ұлттық тақырып. Ұлттық тақырып аясының кеңеюі. Қазақ романы тарихындағы үлкен бетбұрыс. Тәуелсіздік кезеңіндегі ұлттық поэзия. Қазіргі әдеби процестегі көркем аударма мәселесі. Әдеби процесс. Қазіргі әдеби процестегі жаңа ағымдар. Сәлима Қалқабаева – филология ғылымдарының кандидаты, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доцентінің осы еңбегін оқысаңыз қазақ әдебиетінен сусындап, құнды дүниелерге ие боласыз.
Қорытындылай келе, С.Қалқабаеваның ғылыми еңбектері мен әдістемелік-оқу құралдары оқу процесінде, мамандану пәндерінде қолданылып жүр. «Сұхбаттың сардарлары» атты бұл кітап – журналистика саласында аянбай тер төгіп, республикамыздың қалың жұртшылығына кеңінен танылған, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген, аса тәжірибелі публицист-қаламгерлердің сұхбаттарынан құралған. Кітаптың басты мақсаты – нағыз майталман журналистердің бүгінгі ақпараттық қоғамдағы ең жедел әрі өткір жанр саналатын сұхбатты дайындаудағы шеберлік сырларымен таныстыру. Кітап көпшілік оқырманға және келешек журналистерге арналады. «Әдебиет әдістемесі- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның: қамтитын: объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қыатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. «Әдебиетті оқыту әдістемесінің таяу болашақтағы дамуы оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру, оқытуды саралау, пәндердің сондай-ақ жеке әдістемелердің интеграциялануы, оқыту деңгейінің қазіргі ғылым, мәдениеттің даму деңгейіне жақын келуі, вариативті бағдарламалардың, сабақтардың жаңа технологияларын жасау, әдебиетті оқыту әдістерінің жаңа түрлерін іздестіру болып табылады». Отандық әдістемеліктің даму бағыттарының әлемдік тәжірибенің даму бағыттарымен үндес келуі егеменді еліміздің білім дамуының әлемдік білім кеңістігімен үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа алынып жұмыс жүргізілуде.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
-
Мемлекеттік білім стандарты. – А., 1998.
-
Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. – А., 1997.
-
Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбіп мәселелері. – А., 1994.
-
Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. V – IX, X – XI сыныптар, — А., 1999.
-
Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз