Материалдар / Әдебиеттің тектері мен түрлері, жанрлық байланыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдебиеттің тектері мен түрлері, жанрлық байланыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге қазақ әдебиетінен "Әдебиеттің тектері мен түрлері, жанрлық байланыс" туралы дайын реферат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2024
76
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ









РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Әдебиеттің тектері мен түрлері, жанрлық байланыс.








Орындаған: Мұхтар Диана 1701-32

Тексерген: Сапарбаева Қ.Ж









Шымкент - 2022ж

ЖОСПАРЫ:


1. Әдебиеттің тегі мен түрі;

2. Эпос, лирика, драма;

3. Әдебиет тектерінің шығу төркіні;

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;








































Әдебиеттің тегі мен түрі әдебиет яғни сөз өнері эпос, лирика, драма дейтін негізгі үш салаға жіктеледі. Бұлар әдеби жанрлар мен түрлердің тегі деп те аталады және олардың әрқайсысы мазмұны және суреттеу, баяндау тәсіліне қарай өз тарапынан жүйе құрып, жанрлық түрлерге бөлінеді.
Бөлінгенімен, ішкі байланыстарын үзбей, бояулары бір-біріне кіріксе де, өздеріне тән ерекшеліктерін сақтап қалады.

Эпос — әдебиеттің негізгі үш тегінің бірі, әдебиеттің баяндау жанрларының басын құрайды. Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен тыс жүріп жатқандай әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің бір ерекшелігі — сюжет желісінің тежелетіндігі. Эпостық жанрдағы шығармаларда негізгі әңгімеге қатыссыз “бөгде” бір нәрселер бейнеленетін секілді. Шын мәнінде бұл — эпостың өзінің жанрлық мақсатына жету үшін қолданатын тәсілдерінің бірі. Эпос тұтастықты көксейді, шындық дүниені қалайда кең көлемде көрсетуді қалайды. Нәтижеде қомақты, өркешті, кең тынысты шығарма туады. “Батыр Баян” поэмасында Мағжан осы тәсілді шебер іске асырады. Жорыққа аттануға әскерін жинаған Абылай ханға Баян батырды күттіру арқылы оның тұлғасын ғана биіктетіп қоймайды, сол арқылы поэмаға қосымша талай оқиғаларды суреттеп, шығарма ауқымын барынша кеңейтеді, құлашын кең жазады. Эпос оқиғасы сырт оқиға ғана емес. Қаһарманның ішкі дүниесіне бойлау, оның жан диалектикасын ашу қандайда қызғылықты оқиғадан кем әсер етпейді. Эпостық шығармалар тарихы сонау қадым замандардан басталады. Аңыз, ертегі, дастан, жырлар — біздің баға жетпес ұлттық мұрамыз. Болмысты бейнелеу, адам мен қоғам өмірін суреттеу эпос жанрында негізгі үш арнамен атқарылады. Ол жанрлар шағын көлемді (анекдот, мысал, әңгіме, новелла, әпсана-хикаят), орташа көлемді (поэма, повесть) және ірі көлемді (эпопея, роман) болып бөлінеді[1, 63].

Үш текті әдебиет жанрларының бірі — лирика, адамның көңіл-күйін шертеді. Бұл жанрда “ақын адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі” (Байтұрсынов). Адамның сырттан алған әсері көңіл көрігінде балқып, нәзік сәулелі сезімге айналады. Жалт өткен сезім жарқ етіп ақын жүрегін дөп сөзбен жарып шықса, міне, бұл — лирика. Лирика — алдымен сезімнің гүлі, гүлдің хош иісі, көз жауын алған көркі. Мұнда субъектілік басым. Эпоста автор оқиға көлеңкесінде қалса, лирикада алға шығады, өзі өлең мазмұнына айналады. Және өз қалпын “бетін өзгертпейді” (Аристотель). Өлеңнің лирик. кейіпкері көбіне автордың өзіне тартады. Лирик. кейіпкер — жүрегін от сезімге ораған ой адамының бейнесі. Лирик. өлеңдегі сұрапыл тебіреніс, толғаныстар, қызу қанды қарбалас әсерлер соқыр сезім емес, ой көзді сезім. Абай: “Өмірде ойға түсіп кем-кетігің, Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің” десе, бұл — лирик ақын бейнесі. Ой мен сезім лирикада ғашықтардай табысады, сол махаббат ләззатынан көркем сөз атты перзент туады. “Қуатты ойдан бас құрап, Еркеленіп шығар сөз” деп Абай тегін айтпаған. Өлең қолдан жасалмайтынын, ой, қайрат, жүрек тұнығынан қайнап шығатынын ескерткен. Лирик. жанр түрлері қазақ ауыз әдебиетінде терме, толғау нысанында қалыптасты. Әлемдік әдебиетте ертеден өріс алған элегия (мұңды өлең), ода (мадақ өлең), эпиграмма (әжуа өлең), эпитафия (жоқтау), сонет сыршыл, композициясы белгілі нормамен жазылатын өлең секілді түрлері қазақ поэзиясында берік орын тепті. Саяси-әлеум. лирика түрлері де дамыды. Тақырыбы мәңгілік саналатын махаббат лирикасы, табиғат лирикасы түрлерінен қазақ поэзиясы әлемдік поэзияның қай-қайсысымен де иық теңестіретін шығармалар тудырды[1, 65].

Әдебиеттің үшінші тегі — драма. Мұнда оқиға көз алдында өтіп жатады. Кейіпкерлер бастарынан шиыршық атқан шым-шытырық оқиға кешеді. Бәрі әрекет үстінде. Жәй әрекет емес, тайталасқан күрес, айтыс-тартыс, қырқыс. Айлаға қарсы айла, әрекетке қарсы әрекет. Оны істейтін кейіпкерлердің характері. Бәрі соған байланысты: жақсылық та, жамандық та. Характер, мінезділік — адамның өзегі, алтын арқауы. Атом бөлшектенгенде орасан зор энергия пайда болатыны мәлім. Характер ядро іспетті. Драманың ойдағыдай шығуы сол ядроның қуатын қалай “босата” алғанына, яғни кейіпкердің мінезін қалай аша білгендігіне байланысты. Оның тәсілі сан алуан. Характер қақтығыста, тартысқа көрінбек. Қшінде бүккен сырлары, әлеум.-саяси көзқарасы, өзге де адамгершілік, құлықтылық, ар-инабаттылық қасиеттері жан алып, жан берген күрес, шайқастарда ашыла түспек. Ғ. Мүсіреповтың драмаларындағы характерлер дәл сондай шиеленіс, күрес үстінде ашылады. Біреулері махаббаттай пәк, асыл да асқақ сезім үшін, сүйген жарының жолында өзін құрбан етеді. Сөйтіп рухани сұлулығымен көрермен жүрегінде мәңгі ұялайды. Қайсыбірі ұсақтығымен, арам, арсыздығымен жирендіреді. Екеуі жиылып адамның іштей жуылуына, жаңғырып шыңдалуына бастайды.

Әдебиет тектері мен түрлерінің жіктелуінде белгілі шарттылық бар. Эпос, лирика, драма іштей бір-бірімен байланысты. Бір әдебиет көзінен тарайтын бұлақтар. Үш тектің үшеуі де қазақ көркем сөзінің фольклор, дара ақындар әдебиеті, жазба әдебиеті тармақтарының бәрінде бір сапада ойға азық, жанға сусын бола білді. Үшеуі де даму барысында біріне бірі әсер етіп, бірін бірі демеп, ашып, толықтырып отырады. Мыс., жаңа эпос-роман жанры психологизм, драматизм құралдарын барынша пайдаланады. Демек, лирика, драма жанрларынан өзіне керекті нәр алып отырады деген сөз. Роман жанры бірден бүгінгі кемеліне келе қойған жоқ. Оның ілкі өркендері ертеректе, фольклор қойнауларында шым-шымдап өсіп жетілді. Соңғы жылдары фольклортану ғылымы дастан эпосының қайсыбір белгілерінен новелла, роман жанрларының нышандарын тауып, зерттеп жүргені тегін емес. Ертегілік дастандармен қатар, новеллалық, романдық дастандар дейтін түрлер ғыл. айналымға енгізілді. Жанрлық ауыс-күйіс — әдебиет дамуындағы табиғи процесс. Әдебиеттің үш текті жанрларға жіктелуі күллі көркемсөз дүниесіне қатысты заңдылық. Міне, осы ортақ заңдылықтан фольклор, дара ақындық ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті саларын бір-біріне қарсы қоймай, араларына өтпес ор қазбай, қайта оларды бір-бірімен тығыз байланыста тұтас өнер жұйесі ретінде қарап зерттеу қажеттігі туындайды[1, 68].

Драма – (гр. dramo — әрекет) — әдебиеттің эпос, лирика сынды үш тегінің бірі (Әдебиеттің тегі мен түрі). Драмада оқиға тартыс, не тартыстар желісіне жинақталып, кейіпкерлер әрекеті арқылы дамиды. Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады. Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, айтыс, пантомимомен аралас болып, синтетикалық өнер саласы ретінде дамыған. Кейін драма сөз өнерінің жеке тегі ретінде дараланды, оның трагедия, драма, комедия, мистерия, миракль, моралите, мелодрама, фарс, водевиль, трагикомедия, т.б. жанрлары қалыптасты. Классикалық драманың алғашқы үлгілері ежелгі Грекияда пайда болып, Эсхил, Софокл, Еврипид трагедиялары мен Аристофанның комедияларында жоғары көркемдік биікке көтерілді. Драма орта ғасырда аллегориялық бағыттағы мистерия, миракль, моралите түрінде дамыды. Еуропада драма Қайта өрлеу дәуірінде Англия (К.Марло, У.Шекспир) мен Испанияда (Лопе де Вега, П.Кальдерон) дамудың шырқау биігіне жетті. 17 ғасырда Батыс Еуропада классицизмдік драматургия үстем болды. 19 — 20 ғасырларда драма табиғатында лирикалық (Джордж Байрон, Александр Александрович Блок, Ғ.Мүсірепов, т.б. лирикалық драмалары), “деректі” (Дж.Килти, М.Шатров, М.Әуезов, т.б.) көркемдік элементтердің көрініс табуы арқылы арнасы кеңейді.

Драма — көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар желісіне жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі. Драмалық шығармаларда баяндау болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі репликалар (кейіпкер сөзі) арқылы дамиды. Автор кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын білдіретін түсініктемелерді жақша ішіне бөлек жазып отырады. Оларды авторлық ремарка не ремарка деп атайды. Оқиғаның негізгі даму арнасы болып табылатын кейіпкерлер сөзі, яғни репликалар, көбінесе, диалог, кейде монолог түрінде болады. Қалай болғанда да репликалар шымыр, ондағы кейіпкер мүддесі мен құштарлығы, аласұрған сезім әлемі көрермендерді еліктіретіндей деңгейде құрылуы қажет. Олар өлең түрінде де, қара сөз түрінде де бола береді. Драмалық шығармалардың құрылымы ондағы оқиға мен тартыстардың даму қарқынына және ауқымына байланысты көріністерге, актілерге, бөлімдерге бөлінеді. Ал композициялық тұрғыдан Драмада оқиғаның (тартыстың) басталуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін табуы болады. Кейбір шығармалар мұндай классик. үлгіден өзгеше, яғни бірден тартыстың шиеленіскен тұсынан басталуы мүмкін. Ежелгі грек трагедияларында сахналық шығармалардағы тартыс аяқталып, өз шешімін тапқан соң, міндетті түрде бас кейіпкердің азапты күйі көрсетілген. Мұны катарсис, яғни күйіне отырып күнәсінен арылу деп атаған. Сезім мен қайғы-қасіретке толы бас кейіпкер монологі көрермендерге қатты әсер еткен. Қазіргі заманғы драмаларда, әсіресе, қазақ драмаларында осы үрдіс қолданылып жүр[1,70].

2) Драмалық шығармалардың бір жанры (қ. Драматургия). Трагедия бас кейіпкер әрекетінің азаппен аяқталуын көрсетуге, комедия адам қылығы мен әлеум. өмірдегі келеңсіз көріністерді әжуалауға құрылса, драма адамдар мүдделері арасындағы қақтығыс, шиеленіскен тартысқа құрылады. Осы қақтығыстың сипатына, әлеум. мән-маңызына байланысты зерттеушілер қазіргі қазақ драмаларын қаҝармандық драма (мысалы, Әуезовтің “Қара Қыпшақ Қобландысы, 1945; Сәкен Сейфуллиннің Қызыл сұңқарлары”, 1922, т.б.), саяси-әлеуметтік драма (мысалы, Әуезовтің “Еңлік — Кебегі”, 1917, т.б.), тарихи-ғұмырнамалық драма (мысалы, Әуезовтің “Абайы”, 1950; Мүсіреповтің Ақан Сері — Ақтоқтысы”, 1972, т.б.) деп бөліп жүр.


Сөздік көркем туындыларды әу бастан әдебиеттердің тектері деп үш үлкен топқа бөлу етек алды. Олар эпос, драма және лирика. Осылай десек те, қаламгерлердің (әсіресе, XX ғ.) өмірге әкелгендерінің бәрі осы үшемге (триадаға) жата бермесе де, олар күні бүгінге дейін әдебиеттану құрамында өздерінің маңыздылықтары мен беделдерін сақтап келеді.

Платонның «Мемлекет» трактатының үшінші кітабында  Сократ поэзияның тегі турасында ой толғайды. Ақын, бәлкім, біріншіден, өз атынан тікелей сөйлейді, бұл  «дифирамбаларда басымдықпен» (лириканың өзіндік маңызды сипатының мәні бойынша) орын алады; екіншіден, аық сөзі араласпай, кейіпкерлердің «сөз алмасуы» түрінде түзілетін туындылар трагедия мен комедияларға (поэзия тегі ретінде драма тап осындай) тән; үшіншіден, өз сөзіңді қатысушы тұлғаларға тән бөгде сөзбен біріктіру (эпоста ұшырасатын): «Және де ол (ақын-В. X.) қай кезде бөгде сөзді келтіреді және сол кезде оның белгілі бір аралығында өз атынан сөйлейді, оның бұнысы әңгімелеу болып табылады»[736]. Выделение Сократ және Платон бөліп көрсеткнн үшінші, поэзияның (аралас түрдегі) эпикалық тегі оқиға туралы әңгімені қатысушы тұлғаның ( көне гр. diegesis) қатысуынсыз шектеу және айтылатын сөзге  (көне гр. mimesis) іс-әрекет, мінез-құлық арқылы еліктеуге  негізделген.

Аристотельдің «Поэтикасының» үшінші бөлімінде осыған ұқсас пікірлер айтылады. Бұл жерде эпостың, лириканың және драмның сипаты болып табылатын поэзиядағы (сөз өнеріндегі) еліктеудің үш амалына қысқаша сипаттама беріледі: «Бір нәрсеге, бір ғана нәрсеге еліктеп, өзіңнен алыс оқиға турасында Гомер сияқты сөз қозғау, не болмаса, тап осындай, бірақ еліктеуші өзімен өзі қалып, ештеңке өзгертпей немесе барша суреттелетін тұлғаларды қатысушы және іс-әрекет үстінде екендігін танытады».

Қайта Өрлеу дәуірінде аристотельдік үшем нақытылана түстін А.С.Минтурно «De Poetika» (1559) трактатында сөз өнерінің құрамындағы эпос, мелика (яғни, лирика) және сахналық поэзияны (яғни, драма) бөліп көрсетті.

Тап осындай рухта – сөз саптаушыға («сөз иесіне») көркем тұтастықтық қатынастағы типтер ретінде  әдебиет тектері кейінірек бірнеше мәрте қарастырылды. Сонымен қатар, XIX ғ. (әуелі романтизм эстетикасында) эпосты, лириканы және драманы сөздік-көркем формалар түрінде емес, әлдебір ойжүрту арқылы танылатын философиялық санаттама түрінде басқаша ұғыну орнықты да, әдебиет тектері көркем мазмұнның типтері түрінде пайымдала. Осы себепті олардың осы бір қарастыруы поэтикадан (сөз өнері туралы ілімнен) алшақтай түсті. Осылайша, Шеллинг лириканы шексіздік пен еркіндік рухына, эпосты – тап-таза қажеттілікке жатқызса,  драманы осы екеуінің өзіндік синтезі: еркіндік пен қажаттіліктік арасындағы күрес ретінде қарастырды. Гегель (Жан-Польдің ізін ала) «объект» және «субъект» санаттамасының көмегімен эпос, лирика және драманы  : эпикалық поэзия – объективті, лирикалық – субъективті, ал, драмалық болса  – осы екеуінің қоспасынан тұрады деп сипаттады. В.Г. Белинскийдің «Поэзияны тек пен түрге бөлу» (1841) мақаласының арқасында гегельдік концепция (және оған сәйкесетін терминология) отандық әдебиеттануда түбегейлі қалыптасты.

XX ғ. әдебиет тектері талай мәрте психологияның (еске алу, көрініс, қуаттылық), лингвистиканың (бірінші, екінші, үшінші грамматикалық жақ), сондай-ақ, уақыт санаттамасының (өткен, қазіргі, болашақ) түрлінше құбылыстарына жатқызылды.

Бірақ та Платон мен Аристотельден тамыр тартқан дәстүр өзін түгеспей, әлі күнге дейін өмір сүруін жалғастырып келеді. Әдебиеттің тектері әдеби туындының тілдік ұйымдасыру типі ретінде жете назар аударуға лайықты дау тудырмайтын дәуірден үстем реалдылық болып табылады.

Эпос, лирика және драманың табиғатына 1930-шы жылдары неміс психологы және лингвисі К. Бюлер жасаған сөз теориясы өз жарығын түсірді, онда ғалым сөз саптаудың (тілдік актінің) үш аспектісі бар деп тұжырымдайды. Олар өз бойына, біріншіден, сөздің тақырыбы (репрезентация) туралы хабарламаны; екіншіден, экспрессияны (сөйлеушінің эмоциялық айшығын); үшіншіден, апелляцияны (сөз саптауды өзіндік іс-әрекетке айналдыратын сөйлеушінің әлдекімге қарата сөз толғауды) сыйдырады. Тілдік іс-әрекеттің осы үш аспекті өзара байланыста болып келіп, сөз саптаудың түрлінше типтерінде (оның ішінде, көркем) өздерін қилынша танытады. Лирикалық туындылардағы ұйымдастырушы бастау көз және доминант тілдік экспрессия болып табылады. Драма апеллятивтік, сөздің өзіндік іс-әрекеттік қырына назарын аударып, сөз оқиға өрбуінің белгілі бір сәтіндегі жүзеге асатын өзіндік іс-әрекет ретінде танылады. Эпоста өз кезегінде кең ауқымды түрде  тоже широко опирается на апеллятивтік тілдік бастауға (өйткені, туындының құрамына олардың іс-әрекеттерін алмастыратын кейіпкерлердің сөз саптауы енуіне) арқа сүйейді. Осы әдеби текте сырттай сөйлеушінің әлдене турасындағы хабарламасы басымдыққа ие болып келеді.

Сөз тінінің осы бір қасиетімен лирика, драма жәнеи эпос, сондай-ақ (тап олардың өзі айқындаған) басқа да әдеби тектердің қасиеттері: туындының кеңістіктік-уақыттық ұйымдасытру амал-тәсілдері; олардағы адамның өзіндік көрініс берулері; автордың қатысуының формалары; мәтіннің оқырманға арналу сипаты табиғи байланыста болып келеді. Әрбір әдеби тек, басқаша айтар болсақ, ерекше, тек өзіне ғана тән қасиеттерге ие болып келеді.

Әдебетті текке бөлу поэзия мен прозаға бөлшектеумен қабыспайды. Кейбірде сөз ыңғайында  лирикалық туындыларды  поэзиямен, ал, эпикалықты – прозамен дәрегейлестіреді. Бұндай сөз қолданысы дұрысты емес. Әрбір әдеби тек өз бойына әрі поэтикалық (өлеңдік), әрі прозалық (қара сөздік) туындыны сыйдырады. Эпос өзінің өнердің ежелгі кезеңдерінде көбіне өлеңдік (антикалық эпопеялар, француздық ерлік туралы әндер, орыс былиналары мен тарихи әндері және т.б.) болып келді. Эпикалықтың өздік тектік негізінде өлеңмен жазылған туындылар жатыр, олар Жаңа уақыттың әдебиетінде де ара-кідік ұшырасады (Дж. Н.Г. Байронның «Дон Жуаны»,  А. С. Пушкиннің «Евгений Онегині», Н.А. Некрасовтың «Русьте кім жақсы тұрадысы»). Әдебиеттің  драмалық тегіде де әрі өлең, әрі проза, тіпті кейде екеуі қабаттаса бір туынды бойында ұшырасады (У. Шекспирдің көптеген пьесалары). Тіпті басым жағдайда өлең түрінде кезігетін лирикада прозалық болып келеді (тургеневтік «прозалық өлеңін» еске түсірейік).

Әдеби тектердің теориясында өте өткір терминологиялық проблемалар да туындайды. «Эпикалық» («эпикалы»), «драмалық» («драматизм»), «лирикалық» («лиризм») сөздері тек қана әңгімеге өзек болып отырған туындының тектік ерекшеліктерін білдірмейді, сонымен қатар оның басқа да қасиеттерін танытады. Эпикалық деп асқақ-сабырлы, тыншымды қалыптағы өмірді кең ауқымды, күрделі де, көп қырлы әлемге деген көзқараспен пайымдап, әлдебір тұтастық ретінде қабылдау болып табылады. Осыған байланысты кейбірде гомерлік поэмаларда және одан кейінгі  бір қатар туындыларда көрініс тапқан (Л.Н. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілігі») «эпикалық құлаштылық» жайында сөз етіледі. Эпикалы болса, тек эпикалық (әңгімелеуші) туындыларда ғана емес, идеялық-эмоционалдық ауандылық ретінде барлық әдебиет тектерінде драмада (А.С. Пушкиннің «Борис Годуновы») және лирикада (А.А. Блоктың «Куликово алаңында» циклінде) орын алады. Драматизм деп әлдебір қарама-қайшылыққа қатысты көңіл қобалжуымен, алаңдау мен алабұртумен байланысты болып келетін ой ауанын атау қалыптасқан. Және ақыр соңында, лиризм дегеніміз – бұл автор, әңгімеші, персонаждар сөздерінде айшықталған асқақ эмоционалдылық. Драматизм мен лиризм де барша әдеби тектерде ұшырасады. Осылайша, Л.Н. Толстойдың «Анна Каренина» романы, М.И. Цветаеваның «Отанға деген сағынышы» драматизмге толы. И.С. Тургеневтің «Байбатшалар ұясы» романы, А.П. Чеховтың «Үш апалы-сіңілі» және «Шие бағы» пьесалары, повести И. А. Буниннің әңгімелері мен хикаяттарының бойына лиризм барынша сіңірілген. Эпос, лирика және драма, осылайша, туындының эмоционалды-мағыналық типтерінің  эпикалық, лиризмдік және драматизмдік «үн қатымының»  бір жақты-қатаң байланушылығынан азат болып келеді.

Біздің ғасырдың ортасында неміс ғалымы Э. Штайгер осы екі ұғымның (эпос –эпикалық т.с.с.) шектелуінің төлтума тәжірибесін қолданды. Ол өзінің «Поэтиканың негізгі ұғымдары» еңбегінде эпикалықты, лирикалықты, драмалықты ұғыным, еске алу, толқу сияқты ұғымдармен байланысты стильдік (реңктік//тоналдылық — Tonart типті) құбылыс ретінде сипаттады. Және де әрбір әдеби туынды өз бойына (эпостың, лириканың немесе драманың сыртқы формасына қарамай тәуелсіздіктегі) үш бірдей бастау көзді біріктіреді: «Егер де мен лирикалық пен драмалықты лирика және драмамен байланыстыратын болсам, ештеңке түсіндіріп бере алмаймын» деп тұжырымдады.


ӘДБИЕТ ТЕКТЕРІНІҢ ШЫҒУ ТӨРКІНІ

Алғашқы қауымдық синкреттік шығармашылығында эпос, лирика және драма қоғамның ертеректегі кезеңінде қалыптасты. XIX ғ. аса ірі орыс тарихшылары және әдебиет теорияшыларының бірі А.Н. Веселовский өзінің «Тарихи поэтикасының» алғашқы үш тарауын әдеби тектердің шығу төркініне арнады. Ғалым, әдеби тектер іс-әрекеттері жоралғылық ойын-биі болып табылып, еліктеу дене қимылдары қуанышты немесе қайғылы айқай әнмен сүйемелденетін алғашқы қауымдық халықтардың ғұрыптық хорынан шықты деп дәлелдеді. Веселовский эпос, лирика және драманы из  ғұрыптық «хорлық іс-әрекеттердің» дамыған «протоплазмасы» деп ұйғарды.

Хордың белсенді қатысушыларының (ән бастаушылары, корифейлерінің) айқайлауы лиро-эпикалық әндерге (кантилендерге) дамып, уақыт өте келе ғұрыптан ажырауы: «Лиро-эпикалық сипаттағы әндердің ең бірінші болып, табиғи жолмен хор мен ғұрыптың байланысынан бөлініп шығуы болып табылады». Веселовскийше, поэзияның өзіндік ілкі формасы лиро-эпикалық әндер. Осындай әндердің негізінде кейіннен  эпикалық әңгімелеу қалыптасты. Ал, хорлық айқайдан өз кезегінде ғұрыптан бөлініп шыққан лирика (басында топтық, ұжымдық сипата болған) өсіп шықты. Эпос және лирика, осындай репетте, Веселовскийдің түсіндіруі бойынша  «ежелгі ғұрыптық қордың ыдауының салдары». Драма хор мен хор бастауышының реплика алмасуларынан пайда болған деп тұжырымдайды ғалым. Және де оның (эпос пен лирикадан өзгешелігі), дербестікке ие бола отырып, сонымен қатар, ғұрыптық хордың және оған әлдебір ұқсастықтың «барша <…> синкретизмін сақтап қала алған».

Веселовский ұсынған әдебиеттің тектерінің шығу теориясы алғашқы қауымдық халықтар өмірі туралы замана ғылымына белгілі көптеген фактілермен расталды. Осылайша, драманың бірте-бірте ғұрыптық іс-әрекетке қатысушылардың белсенді сөздерімен сүйемелденетін ғұрыптық қойылымдардан: би мен пантомимадан шыққандығы даусыз. Сонымен қатар,  Веселовскийдің теориясында эпос пен лириканың қалыптасуы ғұрыптық іс-әрекеттерден тыс тәуелсіз өмірге келуі есепке алынбаған. Осылайша, мифологиялық аңыздамалар негізінде кейіннен прозалық аңыз (сага) және ерегілер хордан тыс қанат жайды. Олар бұқаралық ғұрыптарда әнге салынбады, тайпаның әлдебір өкілі тарапынан әңгімеленді (және де, ықтималдығы, көп жағдайда бұндай әңгімелеу көпшілікке қаратыла айтылмады да). Лирикада ғұрыптан тыс өмірге келуі бек мүмкін. Лирикалық өзін-өзін таныту алғашқы қауымдық халықтардың өндірістік (еңбектік) және тұрмыстық қарым-қатынастарында дүниеге келді. Әдеби тектердің қалыптасуының түрлі жолдары болды. Және де ғұрыптық хор соның бірі болып табылады.



















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1. Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. –А., 1986.

2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. –А.,1964.

3. Қабдолов З. Сөз өнері. –А., 1992.

4. Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. – А., 2003

5. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. – А., 1998.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!