Материалдар / Әдіс- тәсіл түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдіс- тәсіл түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсіл түрлері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Наурыз 2023
332
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Таза тақта.
Оқушылар ӛткен тақырып бойынша тақтаға сұрақтар
немесе ережелер жазып тақтаны толтырады, содан кейін әр
сұраққа жауап беріп, ӛшіріп отырады. Соңында барлық
сұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады.

Ыстық орындық
Тақтаның алдына орындық қойылады. Ол ыстық орындық.
Оған ӛз еркімен немесе мұғалімнің шақыруымен бір оқушы
отырады. Қалған оқушылар тақырып бойынша сұрақтар
қояды. Кей жағдайда ыстық орындыққа мұғалім де отыруға
болады.

Қар кесегі

Бір оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады.
Екінші оқушы оның айтқанын қайталап, ӛзінің
тұжырымын айтады. Үшінші оқушы алдыңғы екі
оқушының айтқанын қайталап, ӛзінің тұжырымын
айтады. Сӛйтіп жалғаса береді.

Миға шабуыл
Ӛткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар
тез жауап беруі керек. Оңай сұрақтардан бастап қиындатуға
болады.

Сұрақтар қобдишасы
Ортаға сұрақтар жазылған қобдиша қойылады. Оқушылар
кезектесіп бір сұрақты алады да жауап береді. Кей жағдайда
оқушылар сұрақтар құрастырып қобдишаға салып, сосын оған
жауап бергізуге де болады.

Құндылықтар спектрі
Ӛтілген материалдар бойынша сӛздер, түсініктер, суреттер
және т.б. Оқушыларға беріп оны құндылығы жағынан
орналастыруды сұраңыз. Оқушы түсінігін тыңдаңыз

Әңгімелесетін әріптестер (жұппен жұмыс)
Ӛткен сабаққа сілтеме жасауды кӛздейтін бастапқы немесе
бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар
әріптестерімен:
жаңа оқылған 3 факті туралы;
оларға жеңіл болып кӛрінгендер туралы
оларға қиын болып кӛрінгендер туралы
алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат
алмасады.

БББ
 Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан
тұратын сурет(кесте) салады
 Олар нені біледі;
 Олар нені білгісі келеді;
 Олар нені білді.
Іnsert стратегиясы
V
+
?
Бұрыннан белгілі,
білетінім, мәтіндегі осы
оймен, тұжырыммен
келісемін

Бұл ақпаратпен келісе
алмаймын, менің
білетінімнен бӛлек,
керісінше

Бұл мен үшін
жаңалық, жаңа
нәрсе

Осы жайлы білгім
келеді, мен бұны
шатыстырып тұрмын

Бір сөйлеммен түйіндеу
Оқушылар тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сӛйлем жазады.
Сӛйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сӛздерден
тұруы мүмкін.
Содан кейін сӛйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе кӛшіріп жазады,
т.б.

Тұжырымдамалық карта

Бүгінгі ӛтіліп жатқан тақырып бойынша
тұжырымдамалық карта жасау (постер)
тапсырылады. Карта тақырыпты ашатындай
болуы керек. Картаға сурет, кесте, ойдың түйінді
идеясы, график т.б. салуға не дайын материалды
жапсыруға болады. Тұжырымдамалық карта
бергенде оқушыға оның қалай бағаланатыны

555
Мұнда оқушылар топ ішінде ӛткен тақырып бойынша
түйінді идеяларды жазады. Мұндағы бірінші 5-топ
саны, екіншісі 5- идеялар саны, үшіншісі 5 уақыт.
Сондықтан топ санына байланысты 434 деп (т.б.)
ӛзгертуге болады, яғни 4 топ 4 минут ішінде 3
тақырыптың түйінін жазу керек деген сияқты.

Джигсо стратегиясы
Мұғалім сыныпты шағын топтарға бӛледі (әдетте, тӛрт адамнан). Мұғалім оларды сыныптың тепетеңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бӛледі.
Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде
таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдың тиісті күрделілік деңгейі сақталуы
керек. Егер топ тӛрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір
сұрақтан тӛрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде
оқушылардың ӛзара келісуі арқылы бӛлінеді.
Нақты бір сұрақты немесе тапсырманы таңдаған оқушылардың барлығы Сарапшы топ деп
аталатын жаңа топ құрылып, ортақ проблеманың шешімін табу үшін олар бірлесіп жұмыс істейді.
Тапсырманы орындаудың бұл кезеңінің соңына қарай оқушы ӛзге «сарапшылармен» ӛзара қарымқатынас жасап, мәселені талқылаудың арқасында ӛз сұрағы бойынша сарапшы болып қалыптасады.
Оқушылар бастапқы топтарына қайтып оралады. Материалдар таратылады да, бастапқы топтарға
ақтық тапсырма беріледі. Ол ұжымдық қорытынды шығару немесе жеке тапсырма болуы мүмкін.
Бұл тапсырманың кӛздегені: тапсырманы сәтті аяқтау үшін оқушылар әрқайсысының сарапшы
топта болған кезде алған мәліметтерін ескере отырып, бастапқы топтың бірлескен «ақылына»
сүйенуін қамтамасыз ету

Өкіл
Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір
адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды
түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір
шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа
топқа барады. Бұдан кейін елші ӛз тобына қайтып оралып,
білгендерін айтып береді. Бұл – шаршататын және бір
сарынды «баяндама жасалатын», мезі қылатын сабақтардан
құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай-ақ бұл әдіс
елшінің тілді қолдану шеберлігін кӛрсетеді, әрі белсенді
тыңдаушылар тобын қалыптастырады.

Тікелей радиоэфир (РАФТ)
Радио жүргізушісі талқыланатын тақырыпты
таңдайды. Студия қонақтарына (тӛрт оқушыға) рӛлдік
карточка беріліп, олар сол карточкадағы рӛлдерін
ойнайды. Тыңдаушылар аудиториясы (сыныптағы
оқушылар) баға береді, сұрақ қою үшін «қоңырау
шалады», ескертпелер жасайды және т.б.

Стикердегі диалог
Бұл әдісті қолданудың әртүрлі жолдары бар. Айталық:
қабырғаға немесе тақтаға пікірлер немесе сұрақтар жазылған
бірнеше түрлі-түсті қағаз ілінеді, болмаса оларды үстелдің
үстіне қоюға болады. Оқушылар оларды оқып, стикерлерге ӛз
ойларын жазып қалдырады. Екінші жолы: 3/4/5 адамнан
тұратын топтар стикердегі сұрақтарға жауап береді немесе ол
жӛніндегі ӛз ойларымен бӛлісіп, талқылап, стикерге ӛз
ойларын жазады, кейін пікірлерін қорғайды. Оқушылар
стикерлерде ӛз пікірлерін /эмоцияларын білдіре алады.

Ақылдың алты қалпағы
Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың
түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді.
Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ
немесе ойдан шығарылған) де, олардан
мәселені талқылау барысында барлық ой
операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы
қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте
жүргізу сұралады. Бұл әдістің кӛздегені:
осылайша мәселенің немесе ойдың барлық
аспектілерін қамтитын карта жасау. Сынып
топтарға бӛлініп, бір топқа бір түсті қалпақ
беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді.

Сурет бойынша әңгіме

Топтарға тақырыпқа сай суреттер беріледі. Сол суреттерге қарап
оқушылар әңгіме құрастыру керек. Онда сурет қай уақытта түсірілген,
нені бейнелейді, қай жерде, осы суретке қарап сол уақыт туралы не
айтуға болады? Деген сияқты сұрақтар төңірегінде әңгімелеуге болады
және оны өтіп жатқан тақырыппен байланысты өрбітуге де болады.

Жұппен оқып, жұппен мазмұндау

Сынып оқушылары жұппен (А, Б оқушы) отырады. Берілетін мәтін 2-ге
бөлінген. 1-ші бөлімін А, 2-ші бөлімін Б оқушы оқиды. Сосын бір-біріне
оқығандарын айтады. Екеуі бірігіп мәтін бойынша сұрақтар дайындайды.
Сынып болып сол сұрақтарға жауап береді.
Топпен де орындауға болады. Топта 4 оқушы болса, екеуден бірігіп
мәтіннің 1 бөлігін оқиды. Қалған екеуі мәтіннің келесі бөлігін оқып, бірбіріне баяндайды.

Стикер
Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз.
Оқушылар топтарда, жұппен немесе дербес түрде мынадай
сұрақтарға жауап бере алады:
 мен нені үйрендім?
 Маған не қиын болып кӛрінді?
 Не күрделі болды?
 Мен енді нені үйренгім келеді?

Дөңгелек стол
Топқа 1 парақ беріледі. Топ оқушысының бірі сол
параққа осы тақырып бойынша 1 сӛйлем жазады.
Екіншісі оның жазған ойын әрі қарай жалғастырып,
екінші сӛйлемді жазады. Соңында тақырып жайлы
мәтін шығады. Бір оқушы мәтінді оқиды, сынып
болып талдайды.

5 жол өлең
1 жол – зат есім
2 жол – 2 сын есім
3 жол – 3 етістік
4 жол – 4 сӛзден тұратын сӛйлем (сӛйлем ойды білдіру
керек)
5 жол – алғашқы сӛздің синонимі

БЛУМ таксономиясы
бағалау
Шығару
(синтез)
Талдау
(анализ)
Қолдану

Түсіну
Білім

Өлше, бағала, рейтинг жаса, салыстыр, қайта
қарастыр. Таңдап ал, орнына қой т.б.
Жоспарла, ұсын, қондыр, жинақта, теріп ал,
құрастыр, ұйымдастыр, дайында т.б.
Бөліп көрсет, эксперимент жаса, тест жаса,
салыстыр, қарама-қарсы қой, сына, диаграмма жаса,
категорияға бөл және т.б.
Қолдан, пайдалан, ойнап көрсет, практикада
қолдан, суретін сал, бейнеле және т.б.
Аудар, суретте, түсіндір, баянда, орнына
қой, әңгімеле т.б.
Анықта, қайтала, белгіле, атап шық, еске
түсір, астын сыз т.б.

Кубизм

1 жақ – талдаңыз
2 жақ – салыстырыңыз
3 жақ – зерттеңіз
4 жақ – суреттеңіз
5 жақ – ойларыңызды байланыстырыңыз
6 жақ – келісіңіз не қарсы шығыңыз

1

Аяқталмаған сӛйлем

Мұғалім оқушыларға тақырыпқа қатысты аяқталмаған сӛйлем ұсынады.
Оқушылар топпен не жеке (жұппен) бірлесе сӛйлемді ӛз ойларымен
аяқтайды. Мұны әр түрлі тақырыпта сергіту сәті ретінде де алуға болады.

Тізбектер

Оқушылар тізбектеле тұрады. Мұғалім не бір оқушы тақырыпқа қатысты
бір сӛз айтады. Келесі тұрған оқушы оны жалғастырады, яғни тақырыпқа
қатысты сӛз айтады. Осылайша жалғаса береді. Кезегінде айта алмаған
оқушы шығып кетеді.
2 түрі: Қол ұстасып тұрған оқушының бірі тақырып бойынша бір сӛз
айтады(не сұрақ қояды), екінші оқушы оның мағынасын түсіндіреді (не
екенін айтады), келесісі сұрақ , сосын жауап деп жалғаса береді.

Бастағы қалпақ

Оқушылар дӛңгелене тұрады. Музыка қосылады, сол уақытта оқушы
басындағы қалпағын келесі оқушының басына кигізеді, ол келесі
оқушының басына кигізеді т.с.с. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің
басында сол сабақ туралы ӛз ойын ортаға салады.

1 минуттағы ой

Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады не бір сӛз айтады. Оқушылар осы
сӛзді естігенде ойларына не түсті, соны 1 минут ішінде жазады. Сосын
сол сӛзді не үшін жазды түсіндіреді. Егер оқушылар сӛздерінің ішінде
ерекше сӛздер болса, сол сӛзді не үшін жазды, бұл тақырыпқа (не
айтылған сӛзге қандай қатысы бар) соны айтып беруі керек

Жұмыс столы

Оқушылар топқа бӛлініп отырады. Әр топ ӛтілген тақырып бойынша
сұрақтар құрастырып, басқа топтардың жұмыс столына жапсырады. Топ
мүшелері қойылған сұрақтардың жауабын бірлесе іздеп табады. Барлық
топ қойылған сұрақтарға жауаптарын түсіндіреді. Егер тақырыптан
қалып қойған маңызды жерлері болса, мұғалім ӛзі сұрақ дайындауына
болады.

Дана үкі

Топпен отырған оқушыларға тақырып бойынша тапсырмалар беріледі.
Оқушылар тапсырмаларды орындайды және ортаға шығып түсіндіреді.
Әр топқа әр- түрлі тапсырма беруге болады.

Бумеранг
Әр топ мүшелері тақырып бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын
келесі топқа береді. Олар сол сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың
барлығы да қатысады. Тақырыптың ішінде қалып қалған бөлімдері болса,
мұғалім өзі сұрақ қоюына болады, әр топқа.
1 топ

2 топ

5 топ

3 топ
4 топ

Жасырын сөз

Оқушылар тақырып бойынша сӛз жасырады. Оны сипаттайды, сол
сипаттама арқылы басқа оқушылар жасырынған сӛзді табады. Сипаттауда
айтатын сӛздерге шектеу қою арқылы немесе қимыл арқылы кӛрсетуді
ұсынуға болады. Мысалы жасырылған сӛзді 3 сӛз арқылы сипатта деген
сияқты.

Түйінді сөздер

Мұғалім жаңа тақырыптың ішінен түйінді сӛздерді әр топқа бӛліп береді.
Оқушылар топ болып бірігіп сол сӛздердің анықтамасын, мағынасын
ашып, басқа топтарға түсіндіреді.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!