Материалдар / Әдістемелік әзірлнеме
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдістемелік әзірлнеме

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХІ ғасыр жас буындға берілген білімнің сипаты- нәтижеге бағытталған білім беру. Сондықтан, бұл технологияда оқушы өз топшылауын , өз пайымын еркін білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, өз пікірін , өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге , олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Сәуір 2022
554
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Мазмұны

І. Кіріспе

Оқытудың тиімділігі –тұлғалық бағдарлануында

(түйінді мәселемнің көкейтестілігі)..................................................... 1 бет


ІІ. Негізгі бөлім.

Іс тәжірибенің мазмұны.



1.Әдістемелік теориялық алғышарттар ............................................... 2-3 бет



2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері арқылы

оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың

әдіс-тәсілдері.........................................................................................3-8 бет



3. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі....................8-13 бет



ІІІ. Қорытынды.

Нәтижеге бағытталған білім........................................................13-15 бет



ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................16 бет



Ү. Әдістемелік нұсқау .......................................................................17 бет













1.Кіріспе

Оқытудың тиімділігі –тұлғалық бағдарлануында

(Түйінді мәселенің көкейтестілігі)

Елбасымыздың жолдауында «ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады» - деп сапалы білім беруге ерекше назар аударылып отыр. Педагог К.Д.Ушинский былай дейді: «Біз жан – жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан – жақты зерттеп білуіміз керек». Осы ой бүгінгі таңда мұғалім әрекетінің тұжырымдамасы іспеттес. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымымен басты белгілері мен сапаларын анықтаудың мәні зор. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері еліміздің рухани өмірінде көптеген өзгерістер болды. Бұл оң өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде жаңа мақсат – міндеттер жүктеп отыр. Қазақстан жастарының рухани кеңістігін қалыптастырудың алғышарты бастауыш мектепте жасалынады.ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт Қазіргі таңда мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін-өзі қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді. Ендеше ертеңгі күні қазақ мектебін бітірген жас ұлан қоғам алдында дәрменсіздік көрсетпеу үшін мамандықтың кез-келген саласына қажетті білік дағдыны мектептен алып шығуы керек. Ал білім негізі бастауыштан қаланады. Шығармашылық деген сөздің мәніне үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл-ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді. Шығармашылық дегеніміз – адамның ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғары формасы.Шығармашылық бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың яғни бүкіл тіршілік көзі. Мектептегі үздік бітірген мыңдаған оқушының өмірмен бетпе-бет келгенде икемсіз, дәрменсіз болып шығатын кездері аз болмайды. Сондықтан оқушының шығармашылық мүмкіндігін ашуды, оған бағыт-бағдар берудің қыр-сырын, оқыту жүйесіндегі мәнін, орнын, заңдылықтарын, жолдарын сөз етпекпіз.
Шығармашылықтың түрлері көп. Алайда біздің нысанамыз сөз өнері адамның шексіз мүмкіндігін ашу қасиетімен құдіретті.
Ал бастауыш мектеп- оқушыны шығармашыл етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Сондықтан менің де бастауыш сынып мұғалімі ретінде алдыма қойған басты
мақсатым- шығармашылыққа баули отырып білімді, жаңашыл, бәсекеге қабілетті, ұшқыр ойлы, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

1

ІІ.Негізгі бөлім


Іс тәжірибенің мазмұны

1.Әдістемелік теориялық алғышарттар

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген

сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз.

Л.Н.Толстой

Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік , дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың ойын оқу мен жазуға сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу.
Шығармашылық процестің 3 сатысы бар.
- Бірінші сатысы жаңаны, өзгеше тың дүниені сезе білу, шығармашылық ой талдауға бейімділік, танымдық қызығушылық.
- Екінші сатысы интуиция, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білу, сөз ұшқырлығы, батылдық.
- Үшінші сатысы өзіндік сын, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, дәлелдеме дәйектемелер ұсына білу, оның формаларын табу.
Міне осыған байланысты қазіргі таңда ғалымдар мен психологтар мұғалімдерге баланың білімін ғана көтеріп қоймай жеке шығармашылық баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екенін айтады:
- төменгі сынып оқушылары небір дүниені қиялында қиыстыра алғанымен олардың қиялы тұрақтап, бір образды сюжетті ұстап тұра алмайды, алдын ала ой, идея, мақсат тумайды. Ой-қиял тұрақсыз болғандықтан, оны әрбір тапсырма міндет төңірегінде тұрақтандыру өте қиын. Мұғалімнің міндеті баланың қиялын, ойын белгілі мақсатқа бағыттай білу. Сонда ғана керемет образ тууы мүмкін;
- төменгі сынып оқушылары шығармашылыққа өте белсенділік көрсеткенмен, оны тек ойын ретінде қабылдайды. Сондықтан әдеби жаттығу, тапсырмалар ойын үлгісінде берілуі керек;
- төменгі сынып оқушылары бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге шыдамсыз. Сондықтан педагог міндеті баланы баланы үздік создық фантазия элементтерін емес, көлемі шағын, мазмұны жеңіл болса да, тұтас композициялық туынды әкелуге жетектеу;
- төменгі сынып оқушыларында өзіндік сын мүлдем жоқтың қасы. Олар үлкендік сын ой пікіріне қатты сүйенеді. Міне осы жағдай ситуацияларда педагогтік көреген көз бен қабілет керек. Оқушының қателескен жерін дәл тауып айта білуі және оқушының көзін жеткізе білуі керек. Осы орайда

2

шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруда сыннан өткен мынадай түрлерін алуға болады:
- тақырыпты маөмұнына сай жинақтау;
- белгілі бір тақырыпта пікір талас тудыру;
- сөзжұмбақ құрау, шешу;
- шығарма, шағын әңгіме, мәтін құрау;
- әңгіменің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру, бөліктерге бөлгізу, тақырып қойғызу;
- қиялдау арқылы суретін салдыру, рөлге бөліп оқыту;
- ұнатқан кейіпкеріне мазмұнына кері әңгіме құрату;
- мазмұндама түрлерін жазу;
- адасқан сөзді орнына қойдыру.
Еліміздің білім саласында оқытудың жаңа технологияларының бірнеше түрлері қолданылуда.
Ұстаздардың шығармашылығын, іскерлігін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған шығармашылық топтар бар. Олар:
1. Вариативті (стандарттан тыс жұмыс істейтін мұғалімдер);
2. Тұрақты күнтізбелік жоспармен жан-жақты жұмыс істейтін мұғалімдер;
3. Репродуктивті (кітаптағы білімді қайталау);
4. Проблемамен (зерттеу мақсаты);
5. Инновация (жаңашылдық).

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын оқып үйреніп, оны өз жұмыстарында қолданып жүрген мұалімдеріміз көп. Бұл бағдарламаның ерекшелігі сол, егер адам бойында шын талант болса, оның көрінуіне бірден бір жол болады. Мен өз тәжірибемде «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасына сүйене отырып сабақ жүргіземін . Мәселен, мәтінмен жұмыс істеу және ана тілі сабақтарында оқушының сөйлеу мен жазу тіл байлығын қалыптастыру мақсаттарына байланысты осы әдіс-тәсілдерді таңдап алдым.

2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдері
«Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтқандай, бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу - бүгінгі заманның талабы. RWST бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама 60 түрлі стратегияларынан:әдістерінен тұрады.

Мақсаты – шығармашылық ойлауды,сын тұрғысынан ойлауды дамыту. 
Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген шығармашылық қабілетін дамыту, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады. Білім берудің сапасын жақсарту

3

мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын өз сабақтарымда

қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші,ойланушы,өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетте бағыттаушы, ұйымдастырушы.  Сын тұрғысы-

нан ойлау дегеніміз - сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып,өз ойын еркін және зерттей талпындырып ,тұжырым жасау. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естігенін, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұраптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп,т ұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығарма-

шылық жұмыс жасау. Оқушылардың осындай қабілеттерін дамытуға әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талапта-

рын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде,балаларды шығарма-

шылыққа баулуда,ойларын еркін айтуға тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалыса-

тын бірден -бір тиімді бағдарлама деп есептеймін. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технология-

сымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға,өз бетінше білім алуға,шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем,оқушылыр-оқудың қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін,білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым. 
1.Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады. 
2.Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды. 
3.Топтастарының сұрақтарына жауап береді. 
4.Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.
Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмысты бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді. Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. 

Сабақтың мақсаты үш бөліктен тұрады: 
а) қызығушылықты ояту-сұрақ қою; 
б) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу,мәселені зерттеу; 
в) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені

4

талқылау,яғни үш фазада сабақты бөліп өту,оқыту мен жазу процесін осындай үш сатыға ұйымдастыру. Алдағы болатын құбылысты болжау үшін қиялға ерік береді,ал ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты. Берілген сөздер арқылы ойды кеңейту үшін басқа сөздік қолданыстарды іздей бастайды. Сұрақ қою және жауап беру барысында тілдік қатысымдық бірліктер жүзеге асырады. Аз уақыт ішінде материалдың мазмұнын түсініп,жеткізе білу үшін асқан шешендік. Бір сөз төңірігінде бірнеше ой өрбіту арқылы сөздік дәлдікке жетелейді. Пікірлесу кезеңінде танымдық қорды сыртқа шығарып,тілдік қатынасқа түседі. Берілген сөзге орай ұғымдардың синонимдік қатарын құрастыру тілдік тапқырлықты қажет етеді. 
Мен өз сабақтарымда, көбінесе қазақ тілі пәнінде стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келдім. Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай: 
І фазасы - қызығушылықты ояту 
Үйрену процесі - бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Оқушы өз білетінің еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар стратегиялар жинақталған.С
ІІ-мағынаны ажыратуда үйренуші жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды.Оның өз бетімен жұмыс жасап,белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.Соның бірі INSERT.Ол бойынша оқушыға оқу,тақырыппен танысу барысында V- «білемін»,- - «мен үшін түсініксіз»,+ - «мен үшін жаңа ақпарат» ?- «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.INSERT –оқығаның түсінуге,өз ойына басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Бір әңгіменің соңына тез жету,оқығанды есте сақтау,мәнін жете түсіну-күрделі жұмыс.Оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау,өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. 
Бұл кезеңінде үйренушілер білетіндерін анықтап,білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. 
Ой толғаныс бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарап,баға беруге үйретеді.Оқушылар өз ойларын,өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру,ой түйістіру,өз үйрену жолын,кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді.Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп,жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.Осы кезеңді тиімді

5

етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне ,ауыр –жеңілдігіне лайықтыла қолданылады.
Сын тұрғысынан ойлау-жеке тұлғаға әсер етеді:1)танымдық процестеріне,2)еріктік процестеріне,3)сезімдеріне,эмоцияларына. 
Екінші кезеңге өтсек,оларды талдап маңыздылығы бойынша топтастыруға болады:
1.Әдістердің түрлілігі. 
2.Белсенді практикалық іс-әрекетте болу. 
3.Басқалармен қарым-қатынас жасай білу,басқаларды тыңдай білу. 
4.Қажет болса өз көзқарасын өзгерту. 
5.Топтық тұжырымға келе білу. 
6.Топ алдына шығып,өз ойын айта білу,қорғай білу. 
Осының бәрі де: 
-өздігінен білім ала білуін 
-сын тұрғысынан ойлау іскерлігін, 
-кейбір әдістемелік тәсілдерді дағдыға айналдыруын қалыптастырады. 
Бастауыш сыныптарда көбінесе «Кластер», «Венн диаграмма», «Кубизм» стратегияларымен қолданылсам,орта буындарда шығармашылық,ізденіс,ойлау қабілеттерін дамытатын стратегиялармен пайдаланамын.Мысалы: «Бес жолды өлең», «INSERT», «Болжалды кесте», «Жигсо» т.б. 
-Сабақтар 
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында: 
*бір-бірінің пікірін тыңдау,сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды; 
*өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға; 
*бір-біріне құрметпен қарауға; 
*өз ойын ашық,еркін айтуға,пікір алмасуға; 
*өзін-өзі,бірін-бірі бағалауға; 
*мұғаліммен еркін сөйлесіп,пікір алмастыруға; 
*достарының ойын тыңдай отырып,проблеманы шешу жолдарын іздей отырып,қиындықты шешуге көмектесу; 
*белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды. 
Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы,бағыттаушы адам рөлінде.Әр оқушыға өз ойын,пікірін айтуға мүмкіндік береді,жауаптар тыңдалады. 
Жеке басын құрметтей отырып,білім беру-қазіргі оқытудың негізгі талабы.Өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес.Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап,педагогикалық әрекет,әдістемелік шеберлікпен келу керек.Белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы осы орайда былай депті: «Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті


6

болу.»Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану

арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен

оқушылардың соңғы жылдардағы табыстары қуантады. 
Мұндай табыстар көп ізденудің,жаңаға деген айрықша ұмтылыстың нәтижесінде деп ойлаймын.Қытай ойшылы Конфуций сөзімен қорытындылысақ: «Оқытушы мен оқушы бірге өседі...Оқыту-жартылай білім алу.»


І. Қызығушылықтарын ояту.
Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әр түрлі әдіс – амалдары қарастырылады. Мысалы: «Шаттық шеңбері», «Тілекті тізбек» немесе қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды өтілетін сабаққа тарту.
ІІ. Мағынаны ажырату.

Белсенді түрде оқу. Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше әдіс – тәсілдер бар. Олар болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, білемін, білгім келеді, үйренгенім, сұрақ қоя білуді үйрету, өзара оқыту, топпен болжау, топпен зерттеу, т.б. Осы әдіс – тәсілдерді қолдану бұл кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің дамуы, шығармашылық іс - әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.
ІІІ. Ой толғаныс. Оқуды қорытындылауы.
Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жолды өлең» тәсілдерін пайдаланады. Қазіргі оқыту үрдісінде оң әсерін көрсетіп жүрген әдістердің бірі – «топқа бөліп шығармашылық тапсырмалар беру». Бастауыш сыныпта негізгі міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Бұл мәселені алудағы басты мақсатым – оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу. Осы орайда шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру сыннан өткен мынадай түрлерін алуға болады:
-тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;

-арнаулы бір тақырыпта пікір – талас тудыру;

-сөз жұмбақ құрастыру, шешу;

-шығарма, шағын әңгіме мәтінін құрау;

-өлең, өтірік өлеңдер құрау;

-әңгімелердің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қою;

-елестетіп, қиялдау арқылы суретін салғызу, рөлге бөліп оқыту;

-мазмұндама түрлерін жазу;

-адасқан сөзді орнына қой. т.б.

Ал, сыныптан тыс жұмыс кезіндегі шығармашылыққа баулу түрі:
-мектеп шеберханасына, мұражайға апару;

7

-әр түрлі кездесулер ұйымдастырып, одан алған әсерлері бойынша шығарма, өлең жазу;


-суретті кітапша жасату, жазбаша баяндату;

-мектептегі үйірмелерге, сыныптан тыс жұмыстарға қатысуына жағдай жасау;

-газет – журналдарға жаздырып, оны оқу үрдісінде үнемі пайдалану;

-ауыз әдебиетінің түрлерін сабақтарда кеңінен пайдалану.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Жаңа буын оқулықтарын оқытудағы қазіргі технологиясын қолдану дегеніміз – келешек ұрпақты еркін дамуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау. Осыған байланысты оқыту мазмұнын, түрін, әдісін дұрыс таңдай білу қажеттілігі туады. Баланың бойындағы қабілетін ашу – одан әрі жетілдіру дамыта оқытудың негізінде зерттеушілік білігін және оңтайлы шешімін қабылдауға ынталандыру арқылы баланың бойына еркіндік, мақсаткерлік, еңбексүйгіштік, белсенділік, өз пікірін саналы, шебер ортаға сала білу сияқты оқыта отырып жалпы дамытуды үнемі сабақта жүйелі жүзеге асырғанда жан – жақты гармониялық даму үшін негіз жасалады.


3. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде.
Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технология»терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады. Мысалы, атап айтар болсақ, Ынтымақтастықта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің «Білім беруді

8

ізгілендіру технологиясы», П.М.Эрдниевтің»Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы», Л. С. Выготский, Л.В.Эльконин, В.В.Давыдовтің «Дамыта оқыту технологиясы», В.М.Монаховтың «Модульдік оқыту технологиясы», «Проблемалық оқыту технологиясы», В.Ф.Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», С.Н.Лысенконың «Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы», «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Оқытудың компьютерлік технологиясы», Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту технологиясы»т. б. көптеген технологиялар енгізілді. Бұл педагогикалық жаңа технологиялар бастауыш сынып мұғалімдеріне мынадай қағидаларды ұстанады:оқуға шығармашылықтың енуі, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, жеке тұлғаның дамуына жағдайдың туғызылуы, яғни жеке тұлғаға бағдарланған оқу, тұлға дамуының сыртқы әсермен бірге оқушының ішкі түрткілері негізінде жүргізілуі. Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз-тәжірибеде жүзеге асырылып, нәтиже беретін педагогикалық жүйенің жобасы. Жаңа технологиялардың негізгі қағидалары:
- балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
- оқу мен тәрбиенің бірлігі;
- баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;
- баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
- әр оқушының , оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
- барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі « Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» .
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек.
Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауды осы сабақтарда үйренеді.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
1-кезең-Қызығушылықты ояту. Бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрынғы

9

білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтанда сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!