әдістемелік хаттама

Тақырып бойынша 31 материал табылды

әдістемелік хаттама

Материал туралы қысқаша түсінік
Кез келген білім беру ұйымы үшін ең маңызды құжаттар – мектептің даму бағдар ламасы және мектепішілік бақылау жоспары. Осы екі құжатты сапалы әзірлеу білім беру ұйымының жоспарлы дамуын қамтамасыз ету тұрғысынан өзекті. Оны іске асырудың тиімді жолы-әдістемелік кеңестегі хаттамалық тапсырмалар. Мектепті дамыту бағдарламасы алдағы бірнеше жылға білім беру ұйымдарын дамыту стратегиясы мен негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды құжат. Даму бағдарламасы білім беру ұйымдарының ағымдағы қызметінің жай-күйін тал дау, негізгі проблемаларды және олардың себептерін талдау, сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен пікірлері ескере отырып әзірленеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҢАӨЗЕН №24 МЕКТЕП ЛИЦЕЙІ

Орта білім беру ұйымдарына арналған ғылыми-әдістемелік кеңес хаттамасы

      №__ 20_23_ жылғы "_25/08_" _______.

ХАТТАМА №1

І – отырыс « Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл» 

ТӨРАЙЫМЫ: А.БЕКЕТАЕВА

ХАТШЫ: Ж.Қожағұл

ҚАТЫСҚАНДАР: МИФ ПБЖ, «ТІЛШІЛЕР» КАФЕДРАСЫ, ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПБЖ, ЭСТЕТИКАЛЫҚ ПӘНДЕР ПБЖ, «ӨРЛЕУ» ПБЖ

КҮН ТӘРТІБІ:

1 әдістемелік кеңес 

1.2022-2023 оқу жылындағы ғылыми- әдістемелік     жұмысына сараптама/А.Бекетаева

 2. «2023-2024 оқу жылында  ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін  оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хатпен,нормативтік құжаттармен       таныстыру./ А.Бекетаева

  3.ӘК мүшелерін, ӘБ,  ЖММ, ОТМ жетекшілерін, жас мұғалімдердің тәлімгерлерін бекіту./ А.Бекетаева

 4. Аттесттация өтетін мұғалімдердің тізімін бекіту /А.Бекетаева

Тыңдалды:

Әдіскер А.Бекетаева: Мектептің мақсаты – баланы оқыту ғана емес, қазіргі заманда өз орнын тауып, бәсекелестікте өмір сүре алатын, елінің болашағына сеніммен еңбек ететін, қандай да бір қиындықтарға төзімді тұлға ретінде өсіру. Қаламыздағы алдыңғы қатарлы білім ошағы №24 мектеп-лицейінің 2022-2023 оқу жылындағы үздік мектеп қатарында болуы- мектеп ұжымы қызметкерлерінің алдына қойылған міндеттердің бірі оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеруі еді.

Мектептің әдістемелік тақырыбы: Функционалдық сауаттылық- білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары –білім.

Ғылыми-әдістемелік жұмыс мақсаты:

-білім сапасын арттырудың қазіргі педагогикалық технологияларын білім тәрбие беру үрдісіне енгізіп, жетілдіру;
 - шығармашылық топтардың жаңа жүйені енгізу және жетілдірудегі жұмыс бағыттарын бекіту, мұғалімдердің ғылыми- әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту;
 - жеке тұлғаны  ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу;
 - үлгермеушіліктің алдын алу және білім беру қызметінің сапасын арттыру;

Ғылыми-әдістемелік жұмыс міндеттері:

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыта отырып, құндылықтарды анықтау;

-мұғалімдерді нәтижеге бағытталған іс – әрекетке бейімдеуге үйрету;

-мұғалімдердің өзін – өзі жетілдіруіне баса назар аудару;

-сабақта АКТ мүмкіншіліктерін қолдану деңгейін арттыру;
 - мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтап, авторлық бағдарлама жасауға бағыттау;
 - пәндік олимпиадаға дайындықтың тиімді тәсілдерін қарастыру;
 - жаңа технологияларды тиімді қолдана отырып, білім сапасын арттыру

-үш тілде білім беру бағдары бойынша тәжірибелерін шыңдау;

Мектепте озық педагогикалық технологияны жинақтау мақсатты, жоспарлы, ұйымдастырылған түрде әдістемелік кеңесте жүзеге асады. Мектепте білім сапасын арттыру мұғалімдерден басталады, ұстаздардың іс-тәжірибесіне қажетті технологияны таңдап алу, оның өсу деңгейін бақылап отыру ісін ұйымдастыру, авторлық бағдарламаларды жасауға басшылық ету, жаңа педагогикалық технология бойынша ұстаздармен ғылыми жұмыстар жүргізу мақсатында «Табыс» орталығы құрылған.

«Табыс» орталығында:

І. «Кәсіби шебер» мектебі; Мақсаты: Мектеп мұғалімдерінің жаңа технологияларды оқып-үйреніп бүгінгі күн талабына сай қолдана білу, шығармашылық жұмыспен айналысуына мүмкіндік жасау. Шығармашылық топтар:

1. «Деңгейлік саралап оқыту технологиясына» сай жұмыс істейтін МИФ пәні мұғалімдері.

2. «Интерактивті оқыту әдістеріне» сай жұмыс істейтін орта, жоғары сынып мұғалімдері


ІІ. «Озат тәжірибе» мектебі. Мақсаты: Мұғалімнің инновациялық озық іс тәжірибесін зерттеу, жинақтау, оқу –әдістемелік кешендер, авторлық бағдарламалар құру, тәжірибе тарату .


ІІІ. «Жас мұғалім» жас мамандар мектебі. Мақсаты: Жас мұғалімдерді бағдарланған білім берудегі жаңа технологиялармен жан-жақты жұмыс істеуге баулу.


IV. «Дарын» оқушылардың ғылыми қоғамы. Мақсаты: Оқушылардың ғылыми-зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, оқушыларды ғылыми-көрегендікке шығармашылыққа баулып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу.

Шешім: . Әдістемелік жүмысты ұйымдастыруда төмендегі бағыттар басшылыққа алынсын:

 1.Мектеп мүғалімдерінің біліктілігін көтеру жүйесі, педагогтық шеберлікті, кәсіптік деңгейін жоғарлатуға  бағытталған және педагогтарды шығармашылық потенциалын көтеруді көзделсін.
ІІ мәселеде: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТЫ

Әдістемелік нұсқау хат келесі нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдарды қамтиды:

- 2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттарға сілтемелер;

- құндылыққа бағдарланған, құзыреттілік, STEAM/ STEAM педагогикалық тәсілдерді іске асыру бойынша ұсыныстар;

- пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылықты (оқу және жазу сауаттылығы, математикалық, ғылыми жаратылыстану сауаттылығы) қалыптастыру бойынша ұсыныстар;

- пәндік, метапәндік және түйінді құзыреттерді; цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту бойынша ұсынымдар.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі басым бағыт – балаға қамқорлық пен құрмет көрсету, сенім арту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу болып табылады.

Шешім: Білім беру процесінде білім алушы басты назарда тұруы тиіс. Барлық оқыту процесі оған қолайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталуы қажет.

ІІІ мәселеде: Мектептің әдістемелік қызметінің негізі – бұл пәнаралық әдістемелік бірлестік. Біздің мектепте бес әдістемелік бірлестік жұмыс істейді: қазақ тілі және әдебиет; орыс тілі және әдебиет; шет тілі; тарих, құқық, өзін-өзі тану, география; МИФ; технология, АӘД, дене шынықтыру, ; химия, биология.

Мектепте бірлескен іс-шараларын ұйымдастыруда білім алушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және олардың жас, жеке, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып іс-шаралардың мазмұнын білім беру ұймының басшыларымен, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен, педагог-психолог мамандармен алдын ала келісу ұсынылады.

Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері оқыту мен тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз ету үшін сыныптан тыс жұмыстар аясында бірлескен жобаларды ұйымдастыра алады. Жобалар ғылыми зерттеулерді, мәдени және тарихи ескерткіштерді зерделеуді көздеуі мүмкін немесе әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталуы мүмкін. Мұндай жобалардың мақсаты – білім алушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдануға үйрету, коммуникативті және шығармашылық қабілеттерін дамыту, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Бірлескен жобалар білім алушылардың сыни ойлауын, эмпатияны және қоғамдағы өзара әрекеттесу үшін маңызды әлеуметтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жобалардың көптеген түрлері бар. Мысалы, «Таза аула», «Жасыл мектеп», «Эковолонтерлер», «Экологиялық мониторинг», «Экологиялық туризм», «Үнемді тұтыну», «Қалдық заттарға екінші өмір сыйла», «Мектептегі энергияны үнемдеу», «Судың да сұрауы бар», т.б.

Білім алушылардың құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған жобалар практикалық жұмыстардан бастап ғылыми-зерттеу жобаларына дейінгі іс-шаралардың кең ауқымын қамтуы мүмкін. Олар: «Менің елім және менің құқығым», «Құқық-квест», «Заңға қосқан үлесім», «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Заң мамандықтары». Бұл жобалардың барлығы білім алушыларға өздерінің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ еліміздің құқықтық жүйесінің жұмысын түсінуге ықпал етеді.

Еңбекқорлыққа тәрбиелеу үшін келесі жобалар ұсынылады: «Қолөнер шеберханасы», «Еңбегі адал жас өрен», «Өзің жасап көр», «Аспаздық жоба» және т.б.

Ар-ұят, намыс, адалдық, жауапкершілік сияқты құндылықтарды жетілдіру үшін мынадай тақырыптағы жобалар ұсынылады: «Бейбіт күннің каһармандары», «Өнер мен құндылықтар», «Тарихқа құрмет», «Менің отбасымның өмірлік жолы», «Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» және т.б.

Салауатты өмір салтының маңыздылығын түсінуі және денсаулықты нығайтатын әдеттерге дағдылануы үшін келесі жобалар тақырыптары ұсынылады: «Күнделікті пайдалы тағам», «Зиянды әдеттен аулақ бол», «Спорт және мен», «Қауіпсіздік және алғашқы көмек», «Психологиялық әл-ауқат және күйзеліске төзімділік», «Ұйқы және оның денсаулыққа әсері», «Экранға тәуелділік: жаман әдет», «Цифрлық гигиена» және т.б.

Тәлімгерлікті іске асыратын педагогтің қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және оның мазмұны бойынша іс-шаралар

Жұмыстың негізгі бағыттары    

 жұмыста пайдаланылатын нормативтік-құқықтық құжаттамамен жұмыс;
-мектеп құжаттамасымен жұмыс істеуге көмек;
-жұмыс бағдарламаларын, сабақ жоспарларын жасау және іске асыру бойынша кеңес беру;
-оқу сабақтарын ұйымдастыруға көмек;
-диагностикалық жұмыстар жасауға және талдауға көмек;
-өзара сабаққа қатысу.

Жас маманның педагогикалық қызметін бағалау. Жүргізілген жұмыс туралы бірлескен есеп Тәлімгерлік жоспарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығымен бекітілген Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20486 болып тіркелген) сәйкес қосымша ақы алатын педагог толтырады.


    Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және оқушылардың өнерін, дарынын көрсететін жұмыстың түріне пән апталықтарын өткізу жатады. Оларды өткізу жоспары жылдың басында жасалынады. Пән апталығын өткізудің қорытындысы әдістемелік кеңестің отырысында қарастылырып, әр қайсысына жеке папкалар арналды.

Шешім: . Оқыту процесінің және білім алушының оқу жетістігінің сапасын арттыру, педагогтерде және білім алушыларда кездесетін проблемаларды зерделеу мақсатында мектепішілік бақылауды күшейту қажет.

ІУ мәселеде:    

Білім беру модернизациясы – даму үрдісі және тұрақты алға ұмтылу, білім беруді біртіндеп жүзеге асыратын және алынған нәтижені нақты талдау және қолдау. Осы жағдайда қазақстандық қоғамның айқын проблемасы бәсекеге қабілетті, бүгінгі күні әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүрумен қатар, қазіргі кезеңде әсер етіп қана қоймай, оны жақсы жағына өзгеруге ықпал жасау арқылы тұлға қалыптастыру. Бұл жоспарда мұғалімге үлкен роль бөлінеді. Мұғалім мамандық өндірісіндегі қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп қана қоймай, жаңа технологияларды меңгеруі тиіс. Тек қана жоғары дәрежелі ішкі мотивациясы жоғары, сын тұрғыдағы тұлға ғана, өздігінен жоғары дәрежедегі маман қатарына жетуі мүмкін. Осы жетістікке жету үшін негізгі роль әдістемелік қызметке бөлінеді. Әдістемелік жүмысты ұйымдастыруда төмендегі бағыттар басшылыққа алынсын:

 1.Мектеп мүғалімдерінің біліктілігін көтеру жүйесі, педагогтық шеберлікті, кәсіптік деңгейін жоғарлатуға   бағытталған және педагогтарды шығармашылық потенциалын көтеруді көздеу.

 2.Мектептің әдістемелік қызметін жетілдіру – ол педагогтардың кәсіптік дамуын қолдау

 3.Озық тәжірибені оқып үйрену, тарату.

 4.Педагогтардың жаңашыл қызметтері – мектептің оқыту үрдісінің сапасын көтеруге және мұғалімдердің    ғылыми-педагогтық қызметтерін жандандыруға бағыттау.

     Мектептің әдістемелік жұмысы, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінде шоғырланған және мектептің  әдістемелік кеңесі арқылы басқару.

     Бұл жұмыс мектептің негізгі әдістемелік мәселесін іске асыруға бағыттау.


Шешім: - 2023 жылдың қараша-желтоқсан аралығында «Негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР БжҒМ 2016жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Оқу –ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №533 бұйрығы негізінде аттестацияға төмендегі өтініш берген мұғалімдерді қатыстыруыңызды сұралсын:

Педагог-зерттеуші біліктілік санаты бойынша аттестациядан өтетін мұғалімдер тізімі:

мектебі

Мұғалім аты-жөні

лауазымы

Міндетті/

мерзімінен бұрын

Қолда бар біліктілік санаты

Мәлімделетін біліктілік санаты

Берілетін біліктілік санаты

1

24 мектеп-лицейі

Садирова Нурбиби Курмангасовна

Орыс тілі орыс әдебиеті пәні мұғалімі

Міндетті/

Пед.зерттеуші 27.12.2018 ж №169-НҚ б/к: 29.12.2018ж

Педагог- зерттеуші

Педагог- зертеуші

2

24 мектеп-лицейі

Орынбаев Сатдыкул Аджаевич

Орыс тілі орыс әдебиеті пәні мұғалімі

Міндетті/

Пед.зерттеуші 27.12.2018 ж №169-НҚ б/к: 29.12.2018ж

Педагог- зерттеуші

Педагог- зертеуші

3

24 мектеп-лицейі

Кувандыкова Гульнара Тилегеновна

Орыс тілі орыс әдебиеті пәні мұғалімі

Міндетті/

Педагог зерттеуші 29/08.2019 №199нқ

Педагог- зерттеуші

Педагог- зертеуші

4


24 мектеп-лицейі

Пиржанова Куралай Тагановна

дене тәрбиелеу пәні мұғ.

Міндетті/

Пед. зерттеуші 29.08.2019 №199нқ

Педагог- зерттеуші

Педагог- зертеуші

5

24 мектеп-лицейі

Овезова Күнсұлу Тоқмұратқызы

физика мұғалімі

Міндетті/

Пед.зерттеуші 27.12.2018 ж №169-НҚ б/к: 29.12.2018ж

Педагог- зерттеуші

Педагог- зертеуші

6

24 мектеп-лицейі

Джарылғасов Эркебай

математика а пәні мұғалімі

Міндетті/

Пед.зерттеуші 27.12.2018 ж №169-НҚ б/к: 29.12.2018ж

Педагог- зерттеуші

Педагог- зертеуші

7

24 мектеп-лицейі

Абылкасова Даме Хайытбаевна

Биология пәні

Міндетті/

Пед.зерттеуші 27.12.2018 ж №169-НҚ б/к: 29.12.2018ж

Педагог- зерттеуші

Педагог- зертеуші

Педагог-сарапшы біліктілік санаты бойынша аттестациядан өтетін мұғалімдер тізімі:

мектебі

Мұғалім аты-жөні

лауазымы

Міндетті/

мерзімінен бұрын

Қолда бар біліктілік санаты

Мәлімделетін біліктілік санаты

Берілетін біліктілік санаты

1

24 мектеп-лицейі

Серикбаева Арман Курмангасовна

математика а пәні мұғалімі

Міндетті/

Пед.сарапшы б/к 29.12.2018ж № 280- нқ 29.12.2018 ж

Педагог- сарапшы

Педагог- сарапшы


24 мектеп-лицейі

Сабирова Еркем Ибрагимқызы

информатика

Міндетті/

Пед.модератор №177/02-нқ 20.12.2018 ж

Педагог- сарапшы

Педагог- сарапшы

Педагог-модератор біліктілік санаты бойынша аттестациядан өтетін мұғалімдер тізімі:

мектебі

Мұғалім аты-жөні

лауазымы

Міндетті/

мерзімінен бұрын

Қолда бар біліктілік санаты

Мәлімделетін біліктілік санаты

Берілетін біліктілік санаты

1

24 мектеп-лицейі

Жарылгасынова Амангул Смайыловна

Тарих пәні мұғалімі

Міндетті

Педагог - 2021ж

Педагог- модератор

Педагог- модератор

2

24 мектеп-лицейі

Бисембаева Айша Жаназаковна

Тарих пәні мұғалімі

Міндетті

Педагог -

2018

Педагог- модератор

Педагог- модератор

3

24 мектеп-лицейі

Турсынбаева Камила Едисовна

Қазақ тілі мен әдебиеті

Міндетті

Педагог

2020

Педагог -модератор

Педагог -модератор

4

24 мектеп-лицейі

Озғанбай Раушан

информатика пәні мұғалімі

Міндетті

Педагог -

Педагог -модератор

Педагог -модератор

5

24 мектеп-лицейі

Балбаев Талғат Юрийұлы

дене тәрбиелеу пәні мұғ

Міндетті

Педагог -

Педагог -модератор

Педагог -модератор

6

24 мектеп-лицейі

Калабаева Айгерим

психолог

Міндетті

Педагог -

Педагог -модератор

Педагог -модератор

Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қалалық білім бөліміне қарасты мектеп директорларының екінші біліктілік санатқа өтініш бергендерді ұсынады:

Білім беру ұйымы

Т.А.Ә

Лауазымы

Бар біліктілік санаты

Өтініш берілген біліктілік санаты



24 мектеп-лицейі

Батырова Калдыбике Мадияровна

Мектеп басшысы,

Пед.шебер 2019 ж

«екінші санаттағы басшы» біліктілік санаты «басшы-менеджер» біліктілік санатына

Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қалалық білім бөліміне қарасты мектеп басшысының орынбасарларының біліктілік санатқа өтініш бергендерді ұсынады:

Білім беру ұйымы

Аты жөні, тегі

Лауазымы

Бар біліктілік санаты

Өтініш берілген біліктілік санаты



24 мектеп-лицейі

Орынбаева Гүлшат Сатдыкуловна

ОІМ,

«екінші санаттағы басшы орынбасары»

«бірінші санаттағы басшы»



24 мектеп-лицейі

Овезова К.Т.

ОІМ

«екінші санаттағы басшы орынбасары»

«бірінші санаттағы басшы орынбасары»


24 мектеп-лицейі

Бекетаева Айман Нурлыевна

Ғылыми әдіскер

«бірінші санаттағы басшы орынбасары»

«бірінші санаттағы басшы орынбасары»


ТӨРАЙЫМЫ: А.БЕКЕТАЕВА

Хатшы: Қожағұл Ж



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.07.2025
127
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі