Әдістемелік кеңес хаттамасы №3 қаңтар айы

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Әдістемелік кеңес хаттамасы №3 қаңтар айы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік кеңес хаттамасы №3 қаңтар айы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ХАТТАМАСЫ


3



6 қаңтар 2025 жыл №37 мектеп - лицейі


Төрағалық етуші: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Д.Тауекелов

Қатысқандар: 13

Қатыспағандар: 0


КҮН ТӘРТІБІ

  1. І жартыжылдық бойынша ТЖБ, БЖБ алу қорытындысы туралы

  2. 5-7 сыныптарында жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі, дене шынықтыру пәндерінің берілу жағдайы

  3. Математика, физика пәндері бойынша олқылығы бар оқушылармен жүргізілетін жұмыстар туралы

  4. ІІ тоқсан өтілген пән апталықтар қорытындысы

  5. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау – білім сапасын басқарудағы негізгі критерий

  6. «Білім сапасын арттыру мақсатында белсенді оқыту тәсілдерін анықтаудағы LESSON STUDY-дің рөлі»

  7. «Жаңашыл» шығармашылық тобы және жетекші мектеп желілік қауымдастық бойынша ІІ тоқсан жұмыстарының қорытындысы.



ТЫҢДАЛДЫ:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Д. Тауекелов әдістемелік кеңестің күн тәртібімен таныстырды.


СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Күн тәртібіндегі алғашқы сөзді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д. Тауекелов: - І және ІІ тоқсан бойынша бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарын тексеру қорытындысы туралы пән мұғалімдерінің БЖБ және ТЖБ жұмыстарын стандартқа сай жүргізуі, оқушы білімін әділ бағалауын және Kundelik kz сайтымен сәйкес келеді.

Бірлестік жетекшілеріне модерацияның әділ жүргізілуін, тапсырмалардың оқушы деңгейіне сай дайындағанын БЖБ,ТЖБ оқушылардың жұмыстары және модерация хаттамаларын салынғанын қадағалау тапсырылды.

ҰСЫНЫС:

  • Бөлім бойынша жиынтықтарды алып, талдауымен және жұмыстарымен өткізу

  • Күндерін кестемен бірдей болуын қадағалау және уақытылы БЖБ және ТЖБ жұмыстарын өткізбеген пән мұғалімдеріне тәртіптік шара қолдану

  • Оқу жылының аяғында бірлестік отырысын жасап, І,ІІ,ІІІ,ІҮ-тоқсандағы жиынтықтарын тексеріп, қорытынды жасау.


Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Молдажарова: 5-7 сыныптарында жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі, дене шынықтыру пәндерінің берілу жағдайы.

Бақылау барысында анықталды:


  • Сабақ жабдықтары, сабақтың әр кезеңінде көрнекі құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану;

  • сабақтың әр кезеңінде мұғалім қолданатын әдіс-тәсілдері;

  • сабақтың мазмұны мен мақсатарына, оқушылардың жасы мен деңгейіне әдістердің сәйкес болуы; қолданған әдістердің тиімділігі;

  • оқушылар алдында сабақ мақсатын қою және қорытындысын шығару;

  • сабақта үлгермейтін және нашар үлгеретін оқушылармен атқарылған жұмыстар;

  • мұғалім белсенді оқыту әдістерін меңгеруі; осы әдістерді сабақта қолдануы мақсатқа лайықтылығы;

  • мұғалімнің оқушылар білім сапасын бағалау жүйесі; оның педагогикалық құндылығы;

  • Білім алушылардың білім сапасы


Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 2024 жылдың 02 – 20 желтоқсан күндері 5 - 6 сынып оқушыларының жаратылыстану пәнінде оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуда оқытудың инновациялық технологияны пайдалану ерекшеліктері бойынша күнделікті күнтізбелік-тақырыптық жоспар мазмұнының үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкестігі, білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану деңгейі, оқу мақсаттарының сабақ мазмұнына сәйкестігі, бағалау критерийлерін пайдалану мен тапсырмаларға дескрипторларды дұрыс құрастыру деңгейі бақыланды. Жас ұрпақты сындарлы тұрғыдан оқытып, нәтижесінде ойын еркін жеткізетін, ынталы, сыни пікір — көзқарастары жүйелі жолға қойылған, шығармашылық қабілеттері дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру. Осы орайда жаратылыстану пәнінен сабақ беретін мұғалімдеріміз сабақты тек кітаптағы берілген материалдар мен жаттығуды орындаумен шектелетіндігі, оқушыларды шығармашылық тапсырмаларды орындауға дағдыландырмағандығы қынжылтады. Аталған мәселе бойынша жаратылыстану пәні мұғалімдері Ш.Әбілқасым, Р.Бексейтова, Ж.Аманқұл. Ж.Сәрсенбекқызы, С. Қабылбекова – ға оқушының зертеушілік қабілетіне қарай түрлі технологиялар арқылы тапсырмаларды ұйымдастыру және сабақта тиімді пайдалану ұсынылды.

Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 2024 жылдың 02 – 20 желтоқсан күндері орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша күнделікті күнтізбелік - тақырыптық жоспар мазмұнының үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкестігі, білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану деңгейі, оқу мақсаттарының сабақ мазмұнына сәйкестігі, бағалау критерийлерін пайдалану мен тапсырмаларға дескрипторларды дұрыс құрастыру деңгейі бақыланды. 5 – 7 сыныптарда Ғ.Ошақбаев, Л. Төрехожаева, Г.Жантөреева, Т. Казка, М. Оспанова, сабақ береді. Аталған мұғалімдер сабақтарына тиянақты дайындықпен келді, қысқа мерзімді сабақ жоспарлары бар. Сабаққа қатысу барысында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің басты мəселесінің бірі тіл үйренуге деген құлшынысының болмауы ғана емес, оларға орыс тілін меңгеру айтарлықтай қиын екендігі байқадым. Яғни мұғалімнің пәні қызықты болу үшін, ол әртүрлі тәсілмен сабағын өткізуі керек. Сабақтың қызықты өтуі ұстаздың үнемі ізденуі, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Атап айтқанда пән мұғалімдері Т.Казка мен М.Оспанова - ға аталған мәселе бойынша әдістемелік көмек керек екендігі айқындалды.

Ағылшын тілі пәні бойынша 5 – 7 - сыныптар “Excel for Kazakhstan ” by Virginia Evans, Jenny Dooley and Bob Obee оқулығымен аптасына 3 рет оқытылады. Осы мақсаттарды ескере отырып 5 – 7 сынып оқушыларымен күнделікті сабақта оқытудың жаңа технологиялары арқылы шет тілі меңгертіледі. Осы сынып оқушыларымен меңгерген тақырыптарын ескере отырып білім деңгейлерін бақылау мақсатында бақылау жұмыстары алынды. Сабақта шығармашылық тапсырмаларды қолдану баланың өз бетінше жаңа бейне құруымен сипатталады. Сабақ — әрқашан диалог, ізденіс, шәкірттердің дайындала, үйрене алатын еңбек пен тәжірибе бірлігі. Яғни баланың қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу сын тұрғысынан ойлата білгенде ғана жүргізіле алады.

Яғни оқыту процесінің нәтижелі болуы мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттыратыны сөзсіз. Осы орайда ағылшын тілі пәні мұғалімдері С.Тұңғышбаева, Г.Умирова. А.Байдулдаева - ға оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға арналған тапсырмаларды тиімді пайдалану ұсынылады.

Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастыру мақсатында дене шынықтыру пәнінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына   сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене    мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен  айқындалады.

Осы аталғанның бәрін бірлесе отырып іске асыру білім және іскерлік дағдыларын жүйелі түрде меңгертуді қамтамасыз етеді, оқу бағдарламасы бойынша қарастырылған міндеттер шешіледі, оқушылардың дене тәрбиесінің жан – жақты білім алуының негізін құрайды. Бұл оқушының сабақ кезінде алған қимыл қозғалыс жөніндегі білімі мен іскерлік дағдыларын іске асыруының жемісі болып табылады. Тапсырманы оқушылар өз бетімен үйде, сыныпта және сыныптан тыс уақыттарда да орындайды. Дене шынықтыру сабағында орындалатын жаттығулардың маңызы зор. Олар күнделікті өмірде және тұрмыста қолданылады. Мектептің мақсаты оқушылардың дене шынықтыру сабағында алған білім, іскерліктерін күнделікті өмірде, оқуда, еңбекте, демалыста тиімді пайдалануын көздейді. Осының бәрін оқушы ең алдымен дене тәрбиесі сабағында үйренеді. Осы орайда дене шынықтыру пәні мұғалімдері М.Медетов, С.Әбілқасым, Н.Тұйғынов-қа оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға арналған тапсырмаларды тиімді пайдалану ұсынылады.

Бүгінгі мектептің міндеті де — білім арқылы дара тұлға қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туғызу. Жас ұрпаққа саралы да, саналы білім беру, заман талабына сай оқыту үшін сабақтарда жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін өмірде өздерінің қажеттіліктеріне пайдалануға тәрбиелеу

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Тауекелов: Математика, физика пәндері бойынша олқылығы бар оқушылармен жүргізілетін жұмыстар туралы

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты: жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңарту. Ол үшін алдымызда отырған оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруіміз шарт. Өкінішке орай алдымызға келетін оқушылардың барлығының деңгейі бірдей емес, оқу материалдарын меңгеруі қиынға түсетін, яғни үлгерімі нашар оқушылар да бар. Оқушылардың үлгерімін жақсарту арқылы оқу сапасын көтеру үшін үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жүргізу үлгерімін жақсарту бағытында оқушыға сыныптағы оқушылардың тарапынан еркін түрде көмек мұғалімнің басшылығымен ұйымдастырылады. Оқушыға белгілі бір тәртіпті сақтап, талапты орындауды үйретеді. Бұл өз кезегінде әр түрлі деңгейдегі оқушылардың қарым-қатынасын жақсартып, өзара түсінушілікті қалыптастырады, оқуға деген қызығуларын арттырады, өз еркімен білімін кеңейтуге және өзін-өзі тәрбиелеуге жетелейді.

Оқу жылының басында математика, физика пәндері бойынша тұжырымдама жасалынып, ілінді. Осы тұжырымдама негізінде математика, физика пәндері бойынша оқушы моделі жасалынды. Математика, физика пәнінен алған білімдері негізінде тоқсан сайынғы алынған бақылау, тексеру, сынақ және күнделікті алынатын өздік жұмыстар бойынша талдау жасап, диагностикаға түсіріп, үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жоспарын жасадым. Ең алдымен «Үлгерімін жақсартуды талап ететін оқушы кім?» екендігін анықтап, олармен жүргізілетін жұмыс түрлері айқындалды. Нәтижесінде, кез келген оқушы үшін үлгерімді жақсарту жұмыстары қажет екен, себебі әр оқушының білімді қабылдау деңгейі әр түрлі, өйткені ең төменгі деңгейде оқитын оқушымен қатар үлгерімі жоғары оқушы бар. Мектеп психологымен бірге барлық сыныптардағы оқушылардың педагогикалық және психологиялық зерттеу диагностикасының картасы, оқушылардың педагогикалық-психологиялық, дәрігерлік зерттеу диаграммасы жасалынды. Осы диаграмма бойынша және сабақтағы білім, тексеру жұмыстарының гистограммасы негізінде үлгерімі нашар оқушылардың тізімі анықталды.

Ең бастысы, оқушылардан сабақты әрбір сабақ сайын берген жақсы жауаптарын мадақтап отыру, қате болса күлкі мазаққа айналдырмай өздеріне түзетуге ерік беру керек. Сонда ғана оқушының өз күшіне сенімі пайда болады да белсенділігі дамиды, үлгерімін жақсарту бағытындағы жұмыс түрлерін қажет ететін оқушының саны азаяды.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Молдажарова ІІ тоқсанда өтілген пән апталықтар қорытындысы бойынша: Мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән апталықтарын өткізу. Біздің мектебімізде де барлық пәндер бойынша пәндік апталықтарын өткізу дәстүрге айналған. №37 мектеп – лицейінде қараша  айында ағылшын тілі  пәні бірлестігінің «English explorers» тақырыбында аптылығы өткізілді. Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби және шығармашылық шеберліктерін көрсету, таныстыру; Мектеп оқушыларының ағылшын тілін оқып-үйренуге жәрдемдесу үшін қойылатын талаптарды күшейту. Оқушылардың бойындағы зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамыту және тілдік белсенділіктерін жоғарылатуға  ынталандыру.  Ағылшын тілінің қазіргі адам өмірінде және көп мәдениетті әлемдегі рөлі мен маңыздылығы туралы таным қалыптастыру. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру. 

Ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері барлық сыныптан тыс шараларда  жаңа технологияны қолданып, сабақтары жоғары дәрежеде өтті. Оқушылар сыныптан тыс іс- шараларда да белсене қатысты. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» -дегендей, Президентіміз міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемлекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. Апталықтың  аяқталуына  орай арнайы салтанатты жиын өткізілді, сабақтарға және сыныптан іс-шараларға белсене қатысқан оқушыларға алғыс жарияланды.

Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылады. Қорыта келе, ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.

Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты – желтоқсан айында «Ел тарихы – ұлттық құндылық» тарих және география пәнінің апталығы болып өтті. Мақсаты: Жас ұрпақты қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құметтеуге үйрету, адамгершілік,  патриоттық сезімдерді қалыптастыру арқылы Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу - сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.

Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ф.Абенова: Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау – білім сапасын басқарудағы негізгі критерий бойынша Қазақстанда білім сапасын бағалау әлі де бақылаушы және басқару органдарының бақылау қызметі ретіндегі іс-әрекет болып отыр. Ол сыртқы бақылау-тестілеу, бақылау үзігі және аттестациялау, лицензиялау арқылы жүзеге асырылады. Білім сапасын бақылау сол оқу орындарының өзімен жүргізіледі. Атап айтқанда, оқушылардың күнделікті және жылдық үлгерімі, көшірілу және мемлекеттік емтихандар қорытындысы, оқу-тәрбие үрдісінің жеке параметрлерінің жағдайын талдау. Тек соңғы жылдары біздің мемлекеттің дүниежүзілік білім беру кеңістігіне енуіне байланысты. Шет елдің тәжірибені зерттеу және білім сапасын бағалауда білім сферасындағы салыстырмалы талдау жүргізу нәтижесінде белгілі бір жүйелілік қалыптасып,жаңа әдістер мен іс-әрекеттер қолданыла бастады.

Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша педагог-зерттеуші ағылшын тілі пәні мұғалімі С.Арысланова: «Білім сапасын арттыру мақсатында белсенді оқыту тәсілдерін анықтаудағы LESSON STUDY-дің рөлі» бойынша қазіргі уақытта әрбір педагог үшін өз білімдерін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады. Себебі, білім бір орында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отырады. Әр күн сайын біз жаңа ашылулар, жаңалықтар оқып, көруімізге болады. Сол жаңалықтардың бірі — жаңаша тәсіл — Lesson Study деп аталады. Lesson Study — мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study–ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Сабақты зерттеу, яғни Lesson Study әдісінің мазмұны бойынша құнды мәліметтер беріп, олардың тәжірибесінің жақсаруына көп септігін тигізетіндігі сөзсіз. Осы секілді құралдардың арқасында еліміздің педагогтары Lesson Study әдісі туралы өз түсініктерін кеңейтіп, оның ерекшеліктерімен танысуда. Сабаққа қатысушы басқа ұстаздар тек мұғалімнің әрекеттерін бақылап, олардың кем-кетік жерлерін тізбектеп, сабақ талқылауда сол кемшіліктерді тілге тиек етіп, мұғалімге ақыл айтып, нұсқау беретін. Ал бүгінде Lesson Study әдісі бойынша сабаққа қатысқандар өздері таңдаған зерттеу проблемасы ауқымында оқушының әрекеттерін бақылап, олардың қалай оқитындықтарына назар аударып, оқушылармен сұхбаттасып, олардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын айқындап, сабақты талқылағанда осыларды дерек ретінде қолданып, сабақты жақсартуға қолданады. Lesson Study әдісін қолдану барысында мына негізгі ұстанымдарға сүйенген жөн:

І. Сабаққа дейін.

1) Lesson Study тобын құру.
2) Lesson Study-дің мақсатын және күтілетін нәтижелерді айқындау.
3) Таңдалған проблема ауқымында коучинг өткізіп, мәселенің теориялық мазмұнын ашу, мүмкін шешімдерін таңдау.
4) Сабақты бірлесе жоспарлау.
5) Бақыланатын оқушылар мен шағын топтарды, бақылау барысы мен интервьюде қолданылатын құралдарды таңдау.
6) Оқушылардан сабаққа дейін сұхбат алу (бұл қадам міндетті емес).
7) Оқушылардан алған интервью негізінде сабақ жоспарына өзгертулер енгізу (егер оқушылардан сабаққа дейін интервью алынбаса, бұл қадам да қолданылмайды).

ІІ. Сабақ кезінде.
Lesson Study сабағы.
а) оқушыларды бақылау.

ІІІ. Сабақтан кейін.

9) Оқушылардан сабақтан кейін сұхбат алу.
10) Сабақты талқылау, сабақ жоспарына өзгерістер енгізу, сабақ жоспарының жақсартылған нұсқасын дайындау.


Күн тәртібіндегі жетінші мәселе бойынша бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары М.Есжанова «Жаңашыл» шығармашылық тобы және жетекші мектеп желілік қауымдастық бойынша ІІ тоқсан жұмыстарының қорытындысы:

Білім беруді дамытудың жолдары белгілі бір дәрежеде мұғалім даярлығынан бастап оның іс әрекетінің тәжірибелік тұрғыдан ұшталып, шыңдала түсуіне дейін тікелей қатысты. Сондықтан, мұғалімге қойылар талаптар ауқымы да үлкен: жеке көзқарасы бар, оны қорғай білетін,психологиялық- педагогикалық білімдерін жетілдіріп, үйренумен қатар оларды шебер қолдана білу, оқушыларды өздігінен оқып үйренуге бағыттау, болып жатқан педагогикалық жағдайларды, құбылыстарды талдай білуі шарт.

«Жаңашыл» шығармашылық тобының жоспары құрылып, мектеп басшысымен бекітілді.

Мақсаты: Деңгейлік бағдарламалар бойынша оқыған мұғалімдердің іс-әрекеттерін зерттеп, мектепішілік ұстаздар қауымы арасында кіші топтар құрып, жаңа технологияны өз іс-әрекеттеріне енгізуге бағыт-бағдар беру. Әлемдік педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибелері негізінде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту. Мектепті дамыту жоспарына сай көшбасшылық ат қару. Жаңа мазмұнға бағытталған оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастыру және топтық жұмысты оқу үдерісіне енгізе отырып оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру Міндеттері: Білім беру сапасын жетілдіру, педагог қызметкерлердің ақпараттық- педагогикалық технологиялар бойынша біліктілігін көтеру. Оқушылардың фунционалдық сауаттылығына байланысты жаңа технологияларды оқу үдерісіне енгізу. Мектепте коучинг пен тәлімгерлік жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастыру.Мектепті дамыту жоспарында белгіленген іс шараларды орындау. Негізгі идеясы: Оқыту тәжірибесінде өзгеріс енгізудің қажеттігін қалыптастыру. Мұғалімдерге оқу мен оқытудағы көзқарастарын өзгерту үдерісінің өзектілігін түсіндіру..

Нәтиже және табыс критерийлерін белгіледік.

Мұғалімдер жаңашылдыққа ұмтылады және әдістемелерін жетілдіруге талпыныс жасайды. Оқушылар топпен жұмыс істеуге дағдыланады. Сындарлы оқытудың мақсаты мен міндетін үйрене отырып сабақтарына жеті модулді қамтиды. Оқушылар өздерін бағалай отырып, өз-өзін реттеу, өз мүкіндіктерін түсінеді; Оқушының  қызығушылығы мен  өзіндік қажеттілігі анықталады. Оқу сапасын арттыруға, білім деңгейінің жоғарылауын дамытуға жұмыс жасайды. Мектеп мұғалімдері өзгерістерге ашық, әрқашан әдістерін жетілдіруге талпыныс жасайды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады. Оқу сапасы жоғарылайды. Сыныпта ынтымақтастық қарым -қатынас қалыптасады. Оқушы өзін-өзі реттеу арқылы сабақ үлгерімін жақсартады. Оқушылар бірін-бірі бағалауды үйренеді. Оқу белсенділігі төмен оқушылардың оқуға деген ынтасы артады. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұны өзгереді. Оқушылар өздерін-өздері бағалай алады және өздерінің оқуын қалай жақсартуын біледі. Оқушылардың сабаққа көзқарасы өзгереді. Топтық жұмыста мұғалім мен оқушы белсенділігі жоғарылайды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылай келе әдістемелік кеңес шешім қабылдады:




  1. І жартыжылдық бойынша ТЖБ, БЖБ алу қорытындысы қанағаттанарлық деп танылсын.

  2. Мұғалімдер арасында өзара сабаққа еніп, тәжірибе алмасу және кемшіліктермен жұмыс жасау пән мұғалімдеріне міндеттелінсін.

  3. Математика, физика пәндері бойынша олқылығы бар оқушылармен тұрақты жұмыстар жүргізілсін.

  4. ІІ тоқсан өтілген пән апталықтар қорытындысы қанағаттанарлық деп танылсын.

  5. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы жұмыстар күшейтілсін.

  6. LESSON STUDY- зерттеу топтары құрылып, зерттеу сабақтары өткізілсін.

  7. «Жаңашыл» шығармашылық тобы және жетекші мектеп желілік қауымдастық бойынша ІІ тоқсан жұмыстарының қорытындысы қанағаттанарлық деп танылсын.



Әдістемелік кеңес төрағасы Д.Тауекелов

Хатшы П.Мекебаева




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2025
85
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі