Материалдар / Әдістемелік нұсқаулық «Дербес жазба жұмыстары»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әдістемелік нұсқаулық «Дербес жазба жұмыстары»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Дербес жазба жұмыстары» деп аталатын әдістемелік нұсқаулық жоғары сынып оқушыларына арналған. Бұл кітап арқылы дұрыс жазба жұмысын жазуды үйренеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2021
453
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын
қаруының бірі. ...Біздің заманымыз – жазу заманы,
жазу мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық
дәрежеге жеткен заман»

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Дербес жазылатын
жазба жұмыстары
әдістемелік нұсқаулық

АВТОР: ИЛИЛЯН Ж.Х., НҰРҒАЗЫ Г.А., ҒАЛЫМОВА А.

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ





















ДЕРБЕС ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ
жоғары сынып оқушыларына арналған әдістемелікнұсқаулық
Илилян Ж., Нұрғазы Г., Ғалымова А.






































Алматы, 2021

Алғы сөз
Мектеп оқушыларының ойлау, сөйлеу дағдыларын дамытып,
жетілдіруде дербес жазылатын жазба жұмыстарының алатын
орны ерекше. Дербес жазба жұмыстары қазіргі жаңартылған білім
беру жүйесінде оқытудың бір құрамдас бөлігі ретінде саналады.
Дербес жазба жұмыстарына шығарма, күнделік, монолог, хат,
өмірбаян жатады. Көптеген оқушылар дербес жазба жұмыстарына
онша көңіл бөлмейді. Соның ішінде оқушыларға шығарма жазуға
үйрету тіл мұғалімдерінің арасында өз шешімін таппай келе
жатқан мәселелердің бірі. Оқушылар шығарма жазуды белгілі бір
дайын материалды көшіріп беру деп санайды. Соның нәтижесінде
шығарма жазу түгілі жоспар құруды да білмейтін де оқушылар
кездеседі.
Казір әрбір жазылатын жазба жұмыстарға қойылатын талаптар
мен ережелер бар. Сол ережелерді сақтай отырып жазба
жұмыстарын орындаса оқушының ойлау қабілеті дамиды. Біздің
ұсынып отырған әдістемелік құралымыз дербес жазылатын жазба
жұмыстарының әрқайсысына анықтама беріп, олардың жазылу
ережелерін көрсетеді. Сонымен қатар, жазба жұмыстарын
жазудың үлгілері көрсетілген. Бұл үлгілермен оқушылар таныса
отырып, дұрыс жазба жұмысын жазуға дағдыланады.
Құрметті, оқушы! Бұл әдістемелік құрал саған дербес жазба
жұмыстарын дұрыс орындауға көмектеседі деген ойдамын. Осы
кітаптан өзің керекті әрі пайдал ақпараттар алатыныңа сенімдімін!

Илилян Жанель

ДЕРБЕС ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ
-------------------------------------------------------------------«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері – қазақ
тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне
коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым,
айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану болып табылады.
Бұл міндеттер – жаңартылған білім беру мазмұны аясында
жүзеге асырылуда. Жаңартылған бағдарлама оқушының ауызекі
тілде қарым-қатынас жасауымен қатар, жазба тілін дамытуды
көздейді. Бүгінгі таңда мектеп мұғалімінің алдында тұрған үлкен
міндеттердің бірі – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту
мәселесі. Оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту үшін арнайы
жазба жұмыстарын жүргізу керек.
Оқушылардың жазба жұмыстары - мұғалімнің
тапсырмасы бойынша және мұғалімнің жетекшілігімен
орындаталатын өздік жұмыстары. Жазба жұмыстарына
құттықтау, хат, эссе, мазмұндама, шығарма, хабарлама, күнделік,
т.б. жатқызуға болады. Әр жазба жұмысының өзіне сай
ерекшелігі болады. Жазба жұмысының ерекшеліктері - ойлау
жүйесін жүзеге асыру, ойлау үрдісі арқылы талдау және
жинақтау, мазмұны мен құрылымы үйлестіре білу
Дербес жазба жұмыстары – жазушының жеке тәжірибесі мен
сезімін көрсететін, бірінші жақты көзқарасты қолданатын,
баяндаудың басы, ортасы, аяғы қызықты құрылымды болып
келетін, оқиға орны мен реті логикалық тізбекте берілетін,
уақытты көрсететін сөздер мен оқиғалар ауысу тәртібі байыппен
баяндалатын жазылым түрі. Тақырыбы, мазмұны, стильдік және
жанрлық ерекшеліктер, әдеби норманы сақта - жазба
жұмыстарының негізгі дағдысына жатады.
Жазба жұмыстарынының мазмұны мен мақсатына қарай
дербес, нанымды, ақпараттық, шығармашылық деген түрлері
болады.
Дербес жазба жұмыстары - жазушының жеке тәжірибесі мен
сезімін көрсететін, бірінші жақты көзқарасты қолданатын, баян-

даудың басы, ортасы, аяғы қызықты құрылымды болып келеді;
Оқиға орны мен реті логикалық тізбекте беріледі;
Уақытты көрсететін сөздер мен оқиғалар ауысу тәртібі байыппен
баяндалады.
Дербес жазба жұмыстарына өмірбаян, хат, монолог, күнделік
жатады.
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолын хронологиялық тәртіпте
берілетін жанр. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы
және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу
орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б.
қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Дербес жазылымның тағы бір түрі – күнделік жанрын
жаздыруда ұсынылатын жазылымалды ұйымдастырушы құралын
пайдалана отырып күнделік жазуға болады.
Шығарма - оқушының білім деңгейін көрсететін творчестволық
жұмыс. Бұндай жұмыстар оқушыларға кең ойлауға, ойын
дәлелдей алуға, өзіндік көзқарасын нақтылауға үйретеді.

1.ШЫҒАРМА
---------------------------------------------------------------------1.1.Шығарма
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған
білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін
ұштастыра отырып, баяндайтын шығармашылық төл еңбегі.
Оқушының көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы
тұрғысында терең талдап пайымдауы, көркем тілмен әсерлі,
жүйелі баяндалуы талап етіледі. Осы шығарма нәтижесінде оқушы
өзін жеке тұлға ретінде көрсете алады.
«Шығарма» деген сөздің негізінде «шығару» деген ұғым жатады
(Яғни, ойдан шығару, ойлап шығару). Яғни, басқаша айтқанда,
шығарма дегеніміз - оқушылардың тілдік және әдебиеттік
білімдері мен өзінің таным-түйсігіне, көзқарасына сүйене отырып,
өз ойын еркін жеткізе алатын тәжірибелік жазба жұмысы.
Мектептегі оқу бағдарламасындағы кеңінен тараған, тәжірибеде
өте жиі пайдаланылатын жазба жұмыстардың ішінде күрделісі де,
маңыздысы да осы шығарма жұмыстары.
Шығарманың негізгі мақсаты - оқушының дүниеге көзқарасын
қалыптастыруға ықпал ету. Оқушының ақылой қабілетін дамытып,
белсенділігін арттыруда шығарма жұмысы оразан зор міндет
атқарады.
Шығарманың өзін бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Оқушының өз тәжірибесіне, алған әсеріне байланысты.
2. Еркін тақырыпқа жазылған шығарма.
3. Әдеби тақырыпқа жазылған шығарма.
Оқушының өмірден көрген, бақылаған өз тәжірибесі, өз өміріне
байланысты жазылған шығармада оқушы өмірінде болған оқиға
турлалы, осы негізде, соған ұқсас оқиғаны өз ойынан құрап
шығарма жазады. Бұл шығарма түрі оқушының қиялдауын
дамытуға көмектеседі. Ал еркін тақырыпқа жазылған шығармада
оқушы кез келген тақырыпта шығарма жаза алады. Әдеби
тақырыпқа жазылатын шығарма белгілі бір көркем шығарма
негізінде жазылуы керек. Сонымен қатар, шығарманың өнер
саласына байланысты шығарма, фото (экскурсия) бойынша шы-

ғарма, естіген, оқыған әңгімелерге байланысты шығарма деген
сияқты түрлері бар.
Шығарма жазу барысында алдымен шығарманың құрылысына
назар аударамыз. Ол бойынша мына схеманы есте сақтау керек:
1. Әңгіме түріндегі шығармалардың сызбасы
I. Кіріспе (экспозиция)
II.Негізгі бөлім:а) оқиғаның байланысы
ә) оқиға шиеленісінің жеткен жері
б) шешілуі
III. Қорытынды (эпилог)
2.Талдау түріндегі шығармалардың сызбасы
I. Кіріспе (тақырыпқа жүктелетін міндет)
II. Негізгі бөлім:а) Тақырып көтерген мәселе
в) Ұсынылған дәлелдер
с) Дәйексөз түріндегі мысалдар
д) Өзіндік ойлар
III. Қорытынды (эпилог)
Осы схемаларды басшылыққа ала отырып шығарма жазамыз.

1.2. Шығарма мен эссенің айырмашылығы
Көптеген оқушылар эссе мен шығарманы шатастырып жатады.
Эссе де, шығарма да – шығармашылық жұмыс. Мектепте ғана
емес, қазір жоғары оқу орнына оқуға түсу, арнайы білім алу,
жұмысқа тұру үшін де эссе мен шығарма жазуға тура келеді.
Өйткені адамның мінезі мен ойын, көзқарасы мен ұстанымын,
ішкі көркемдік дүниесін, адамгершілік қасиетін оның жазған
шығармасы мен эссесіне қарап ажыратуға болады. Сол себепті
эссе мен шығарманың айырмашылығын білу қажет.
Эссе дегеніміз – ғылыми емес, автордың жеке көзқарасы мен
ішкі ойын білдіретін прозалық мәтін. Егер шығармада автор жеке
ойын барынша білдірмеуге тырысса, эсседе, керісінше автор жеке
ойын білдіруге, оны дәлелдеуге тырысады. Эссені түрлі
тақырыпта, түрлі сала бойынша жазуға болады. Мәселен,
әлеуметтану, саяси, қоғамдық, публицистикалық, әдеби, тарихи

тақырыптарда жазыла береді. Ал шығарма әдеби жанрға жақын
болғандықтан, ол көркем тілмен жазылады.
Шығарма – оқушының әдебиеттен, халық әдебиетінен алған
білімін өз ойымен, дүниетанымымен ұштастыра отырып
баяндайтын шығармашылық жұмысы. Оқушы шығарманы көркем
тілмен жазып, ой-пікірі мен көзқарасын
терең талдап пайымдап,


әсерлі, жүйелі, әдеби түрде баяндап беруі тиіс.
Эссе шығармаға қарағанда еркіндеу. Көркемдік-публицистикалық
жанрға жақын, құрылымы тұрақты емес. Ал шығарма – белгілі бір
берілген тақырыпқа арналған, міндетті құрылымнан тұратын
жұмыс. Онда оқушы пәннен алған білімін барынша ортаға салып,
көркем мәтінді қал-қадірінше талдап шығуы керек.
Эссенің жоспарын құру міндетті емес. Ал шығармада жоспар
болуы тиіс әрі сол жоспар бойынша жазылады.
Шығарманың мақсаты – оқушының жазу тілін, сөз саптау мен
логикалық ойлауын дамыту, шығармашылық қиялын жетілдіру мен
алған әдеби білімін бойына сіңдіру. Оқушының әдебиетті іштей
түсіне отырып, оның мәні мен құдіретті орнын өз дүниесінде
көркемдеп бере алуы маңызды.
Ал эссенің мақсаты – оқушының сыни ойлау қабілетін дамыту.
Оның көзқарасы мен ұстанымын дәлелді түрде бекіту, тақырыпты
ашу үшін бар танымдық білімін ортаға салу, шығармашылық
қабілетін шыңдау, жазу тәсілдері мен стильдерін таңдай алуын
жетілдіру, ойын жеткізу кезінде сөз оралымдарын дұрыс қолдану,
сөздік қорын байыту сынды қабілеттерін қалыптастыру үшін
жазылады.
Енді әдебиет сабағына байланысты эссе мен шығарманың
қалай жазылатынына мысал келтіріп көрейік. Эссе, жоғарыда
айтқанымыздай, оқушының сыни ойлауына, өз ойын дәлелдеу
мақсатында аргумент пен факті ұсынуына негізделеді. Мәселен,
"М.Әуезовтің «Абай жолындағы» Құнанбайдың образы" деген
тақырыпта эссе жазатын болсақ, оқушы Құнанбайдың образын қай
жағынан қабылдап, тани алды, соны дәлелдеп жазуы тиіс. Мысалы,
Құнанбайды қатыгез адам деп таныса, онда Қодар мен Қамқаның
өлімін мысалға алып, жайылымды тартып алу үшін келіні мен
атасын өлімге кескенін аргумент ретінде пайдалана отырып,
Құнанбайдың мінезін сипаттауы қажет. "Мұхтар Әуезов
Құнанбайдың бұл әрекетін баяндай отырып, ел билеуші
Құнанбайды қолындағы билікті өз мүддесіне жұмсайтын әділетсіз
сұлтан ретінде көрсетеді" дегендей ойлар жазса құба-құп.
Ал шығарманы мұндай аргумент не тезис ұсынып қажеті жоқ.

Мұнда әдеби дүниелерге барынша мән берген жөн. Мәселен,
Ілияс Жансүгіровтің "Құлагер" поэмасы жайлы шығарма жазу керек
болса, ақынның аталмыш поэманы жазудағы көркемдік шеберлігі,
әдеби әдіс-тәсілдері талданады. Ақынның поэманы жазудағы ойы
мен идеясын талқыласа болады. Метафора, эпитет, шендестіру,
теңеу сынды әдеби троп түрлері мен көркемдеуіш құралдарды
анықтап, мән-мағынасын ашып жазса жөн болмақ.

1.3. Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар
Шығарма жазу барысында оқушы кейбір талаптарды ескеру қажет:
1. Шығарманың тақырыбын әбден ойланып жазу керек.
2. Тақырыпты толық ашу;
3. Жоспар тақырыпқа сай нақты жасалуы тиіс.
4. Эпиграфты тақырып пен негізгі идеяға сәйкес таңдау керек.
5. Тақырыпқа байланысты материалдардың ең негізгісін алу;
6. Шығарманың ретін,жүйесін сақтау және тақырыптан
ауытқымау;
7. Шығарма жазу барысында бөлімдердің негізгі идеямен
байланысуы;
8. Айтылатын негізгі пікір шығарманың негізгі бөлімінде болуы
керек.
9. Мақалалардан, еңбектерден үзінді келтіру, оқушының терең
білімін көрсетеді.
10. Барлық айтылған ойды жинақтап, дұрыс әрі нақты қорытынды
жасау;
11. Шығарма жазу кезінде грамматикалық және стильдік қателіктер
жібермеу;
12. Дәптердің, шығарманың сыртқы көрінісіне мән беру.




1.4. Шығарма жазудың талаптары мен тәртібі
1. Шығарма тақырыбы тырнақшаға алынбайды, тақырып дәйексөз
ретінде алынған жағдайда ғана тырнақшаға алынады.
2. Эпиграф оң жақта, тырнақшаға алынбай жазылады. Авторы бір
жол төменірек жақшаға алынбай жазылады. Егер шығарма жазушы
эпиграф алынған туындыны көрсеткісі келсе, автордың аты –
жөнінен кейін үтір қойып, шығарманың атын тырнақшаға алып
жызады.
3. Жоспар деген сөз эпиграф болса, одан төмен, ал эпиграф
болмаса, тақырыптан соң, жол ортасына жазылады. Жоспар
сөзінен кейін нүкте қойылады.

4. Жоспар үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды
бөлім. (рим сандарымен белгіленеді, олардан кейін нүкте, жақша
қойылмайды).
а) Негізгі бөлім тақырыпты ашуға бағытталып, араб санымен
белгіленген, кемінде үш пунктен тұруы керек. Араб сандарынан
кейін нүкте қойылады. Әр пункт жан-жақты қамтылса, бірнеше
бөлшектен тұруы мүмкін, ондай жағдайда әр бөлшек әріппен
белгіленіп, жақша арқылы жазылады.
(екі бөлшектен кем болмау


керек).
5. Шығарма бөлімдерінің аты бір жолға сыймай қалса, келесі
жолға жазылады, бірақ жоспардағы рим, араб сандары мен
әріптердің асты ашық көрініп тұратындай тәртіппен жазылады.
6. Шығарманың әр бөлімінің атынан кейін нүкте қойылады.
7. Келесі бөлімнің аты бас әріппен жазылады. Әр пунктің
бөлшектері болса, қос нүкте қойылып, бөлшек атының соңына
нүктелі үтір қойылады. Содан кейінгісі жаңа жолдан басталып
жазылады. Ең соңғы бөлшектен кейін нүкте қойылады. Келесі
бөлім жаңа жолдан бас әріппен басталады.
8. Шығарманың бөлімдері мен бөлшектерінің аты қысқа, нақты
түрде берілуі керек.
9. Жоспардың бөлімдері сұраулы сөйлемдермен берілмейді.
10. Егер шығарма авторы жоспарды дәйексөздермен
(цитатамен) берсе, дәйексөз тырнақшаға алынып, соңына оның
авторы жақшаға алынып жазылады.
11. Жоспарға сәйкес әр бөлім абзац арқылы жазылуы керек.
12. Шығармада берілетін сандық мәліметтер: ғасырлар – римше,
жыл, күн – араб сандарымен, ал басқа сан есімдер сөздермен
берілуі керек. Ғасырды араб санымен көрсетуге болмайды, дей

тұрғанмен кездессе, баға кемітуге ықпал жасамайды.
Ескерту: диктантта барлық сан есімдер, тіпті күндерді
көрсететіндері де сөзбен жазылады.
13. Өлеңнен алынған үзінді жолдың ортасынан, тырнақшаға
алынбай жазылады.
14.Шығарма өте ұқыпты, каллиграфиялық нормаға сай жазылуы
керек.
15. Дәйексөз жазғанда, қазақ тілі оқулықтарындағы тыныс
белгілеріне байланысты барлық ережелерге сүйену керек.
Өлеңнен алынған үзінді жолдың ортасынан, тырнақшаға алынбай
жазылады.
16. Шығарма өте ұқыпты, каллиграфиялық нормаға сай жазылуы
керек.

1.5. Шығарма жұмысындағы қателерді тексеру және
бағалау
Мұғалім шығарма жұмыстарын тексергенде, қателіктерге түзету
жасайды. Мұғалім оқушылардың қателіктерін әр түрлі жолмен
түзетуі мүмкін. Мысалы, орфографиялық қателерді түзету үшін
шартты белгілер қолданылады. Мұндай белгілерді оқушыларда
білуі тиіс:
1.Қате жазылған сөз сызылып,үстіңгі жағына дұрыстап жазылады;
2.Қате жазылған әріп н/е сөздің аты сызылады;
3.Қате әріп не сөздің астын сызу;
4.Артық әріпті немесе буындарды сызып тастау;
5.Қателесіп бөлек жазған сөзді қосып жазу (алабота т.б)
6.Қателесіп бірге жазған сөздерді бөлек жазу
7.Дәптердің шетіне қате кеткен айтылуы ұқсас, емлесі басқа
сөздерді жазып көрсету ( Анау-қойма. Жайылып жүрген қой ма?
деген сияқты сөлемдерді жазып көсрсету керек.)

Шығарманы тексергенде қателердi түрлi шартты белгiлер арқылы
көрсету дұрыс. Мұның өзiндiк бiр жүйесi бар.
/ - Емле қатесi белгiленедi.
V - тыныс белгiсiнен кеткен қате.
Z – абзац керек деген белгi.
Z – артық қойылған абзац.
? – дүдамал, екiұшты, осы сөйлемдi ойлан деген белгi.
?! – пiкiрдi немесе фактiнi бұрмалаудан кеткен кемшiлiк.
! – осы жерге ерекше көңiл аудар.
~~~ - ауыстыруды керек ететiн, бiрнеше қайталанған сөздер мен
сөйлемдер.
- стильдiк жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгi.
*** - сөз қалдырып кетсе, түсiнiксiз сөйлемдердi белгiлейдi.

Шығарманы бағалау барысында 4 мәселеге көңіл аударылады.
Олар:
1. Мазмұндылығы мен идеялылығы;
2. Ой – пікірдің жүйелілігі;
3. Стилі;
4. Граматикалық сауаттылығы;
Бұлардың қай – қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды.
1. оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің
дұрыс – бұрыстығы, дәлелділігі, негізгі ойды жеткізе алуы
жатады.Шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына
2. Ой – пікір жүйелілігіне шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір
бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы, т.б. енеді.
3. Стильге тақырыпты ашуға байланысты оқушының ойын қалай
жеткізгендігі, сөйлемдерінің оралымдылығы, сөз қолданысы,
сөйлемді дұрыс құруы сияқты мәселелер жатады.
4. Грамматикалық сауаттылыққа емле, тыныс белгісіне байланысты
жайлар қаралады.
Осы бағалау критерийлерін ескере отырып, оқушының шығарма
жұмысы бағаланады.

2. ШЫҒАРМА ҮЛГІЛЕРІ
---------------------------------------------------2.1. Айналайын, Атажұртым
«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде
тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа
қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге
ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден
аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да
мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.»
Н.Назарбаев


Жоспар
Кіріспе бөлім:
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Негізгі бөлім:
1) Сүйем сені, туған елім !
2) Елімнің бүкіл әлемдік аренадағы орны.
3) Менің жаңа Астанам
4) Елбасымды мақтан етемін!
Қорытынды : Жәннаттан артық ғажабым менің –
Мәңгілік мақтан Қазағым – Елім!
Отан... Атамекен... Атажұрт...Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ
естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған
сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды...
Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан – асыр даму көшінің өн
бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте,
осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы
соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне
түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті
ешқандай дүрбелеңдерсіз – ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның
алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс – жақын жұрттардың
бәрін ықтырып келген алып империяның ың –шыңсыз ыдырай
бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз
мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы
ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.
Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде
ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-

бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері.
Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір – бірімен
шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай- талай ұлыстар мен
ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре
жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып
жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін
Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан
кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.

XX ғасырдың сүргінін бастан кешіп, жаңа мыңжылдықтың
табалдырығын жаңғырған қалпында аттаған Қазақстан өзінің барша
төлтума болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында
қалыптасқан салт – дәстүрін, қызық
\т та қилы –қилы тарихын әлем
халықтарының алдына жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа
өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен мәдениетті жарастыру үшін, сұлулық
пен парасаттың салтанат құруы үшін, жаппай келісімі жарасқан
прогрессивті адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша өмірге қадам
басты.
Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына
түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі
ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты.
Бүгінгі Қазақстан - өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіл
әлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл
атқаратын ел.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне
әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды.Он бес жыл ішінде қазақ
халқының ұлттық санасы жаңғырып, өзін - өзі тану, өзінің бай ежелден
қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы
тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани қазынасын әлемдік
өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды.
Он бес жыл ішінде қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, өзін - өзі
тану, өзінің бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін
құрметтеу, ұлы тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани
қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар
шаруалар атқарылды.
Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама
мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі
көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем
елдерімен иық тіресуде.

2.2. Қилы заман келбеті - жыршылардың жырында
(Бұқар жырау жыры туралы)
Иә, Cap даласында сонау шөккен тастай қозғалмайтын қазақ халқы
ұзақ тарихында не көрмеді. Суға да батты, отқа да жанды, бірақ тірі
қалды, құрып кетпеді. Ғасырлар бойы жан-жағынан қаптаған жауына
қолындағы найзасымен, аузындағы өткір жырымен жауап беріп қорғана
білді. Осының бәріне айғақ-халықтың ерлігі, тағдыры үшін күресуі еді.
Ілияс Есенберлин, «Алмас қылыш»
Жоспар
I. Кіріспе бөлім:


«Ел болса, жыр туғызбай тұра алмайды».
ІІ.Негізгі бөлім:
1. Бабам Бұқар болашақты болжайды.
2. Бірлік бар жерде байлық та бар, тірлік те бар.
3. Абылай асқан асулар ақын жырында.
III. Қорытынды бөлім:
Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді.
XVIII ғасырда әдеби өмір жандана түседі. Ғасырдың алғашқы ширегінде
топандай басқан жоңғар шапқыншылығы және ақтабан шұбырынды,
алмағайып кезең, қырғын соғыстар мен жеңісті жорықтар, саяси және
қоғамдық өмірдегі өзгерістер бұл кездегі қазақ поэзиясының идеялық
бағыт-бағдарына, тақырып аясына айрықша ықпал етті. Ел өміріндегі
елеулі оқиғалардың барлығы да ақын-жыраулар өнернамасында өзінің
көркемдік шешімін табады.
XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі - Бұқар жырау
(1668-1781). Арқалы жырау, қабырғалы би Бұқар өз тұсындағы қазақ
хандығының бас идеологы болады. Ісімен де, жырымен де Абылай хан
саясатын мейлінше қолдайды. Хандықтың нығаюы, хан үкіметінің берік
болуы жолында күреседі. Өз шығармаларында Абылайды сырт
жауларға қарсы күресте айрықша қайрат көрсеткен қайтпас батыр, ел
қамын жеген көреген көсем ретінде бейнелейді. Алайда, ханға
орынсыз бас ұрудан ада жырау қажетті жеріндегі ащы шындықты
айтудан тайынбайды, оны сынау, шенеуге дейін барады. Сонымен
қатар жырау өз шығармаларында орыстармен де, қытаймен де тату
көршілік сақтау керектігін насихаттайды. Алайда, Бұқар патша
өкіметінің түпкілікті мұратын да нақты пайымдаған еді.
Бірде Абылай: «Қазына қайда?» - деп сұрағанда ханның азулы би,
ақылғөй ақсақалы Бұқар жырау: «Басы жеткен жігіттің екі езуі қазына:

бір езуі - алтын, бір езуі - күміс, аузы - қазына», - депті.
Бұқардың өзі осы қазынаны - сөз өнерін жеріне жете меңгерген еді.
«Өз заманындағы жандар бұл кісіні «көмекей әулие» деседі екен, - деп
жазады жырау өлеңдерін жинастырушы Мәшһүр Жүсіп. Қара сөз
білмейді, тек сөйлесе көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен».
Ойшыл Бұқар қазақ халқының өмірлік

мүдделері үшін оның орыс
халқымен достық қатынас орнатуы қажет екендігін түсінді. Бұл
саясаттың артықшылық жақтарын, сол кездегі тарихи оқиғалар да
дәлелдеген еді. Сондықтан да Бұқар осы көршімен тату-тәтті тұруды
жақтайды. Мемлекет қайраткері, дипломат Бұқар сол кезде қазақ
жерінде салынып жатқан бекініс, қорғандардың не үшін салынып
жатқанын бірден сезеді. Сондықтан да ол патша үкіметінің қазақ
даласына сұғынып енуінен шошынады.
Алтын тақтың үстінде
Үш жүздің басын құрадың,
Жетім менен жесірге
Ешбір жаман қылмадың.
Әділетпен жүрдіңіз,
Әдепті іске кірдіңіз.«Бірлік болмай, тірлік болмас» - деген. Сырт жау
соқтыға алмайтын айбынды ел болу үшін, жұрттың ынтымағы,
бірауыздылығы қажет. Бұл жайды Бұқар жақсы түсінеді, қазақ
руларының тату тұруын, мал үшін, қоныс, қыстау үшін бос
қырқыспауын насихаттайды, руаралық тартысты қоймаса, елдің
елдіктен айрылатынын, басына қиын күндер туып, әркімнің қолында
кететінін жырлады. Міне, бұл Бұқардың заманының көкейкесті
мәселелерін көтеріп отырған азамат ақын болғандығын көрсетеді.
Бұқар толғауларынан жыраудың өмірге, өзін қоршаған ортаға
көзқарасы айқын аңғарылады.
Аталыдан би қойсаң
Адаспас жол мен жобадан.
Атасыздан би қойсаң,
Босамас аузы парадан, -деп қоғамдағы жоғары дәрежелі адамдардың
да қандай болуы керектігін толғана айтады. Сол сияқты ассонанс пен
аллитерация көп кездессе де, дыбыс қуаламайды, сол бір шумақ
өлеңде-ақ халық қамын ойлаған көргендік пікір жатыр. Қай заманда да
қазақ жырының алтын қайнары, бұлақ көзі, ақылгөй сөзі сарқылған
емес. Ол қай кезде де, қай дәуірде болса да халқымның асқақ жанының
сәуле-жарқылын, күнгейі мен көлеңкесін, рухани ерісін жырлап айтып

кеткен. Енді міне, Тәуелсіз мемлекет болып, ата-бабалар ақылын, әдемі
нақыл жырларын оқып үйренудеміз. Ақын ағамыздың мына бір айтқан
өлеңін:
Қанекей, нелерің бар аталарым,
Ұрпағыңа ұран қып апарамын.
Сенімдеріңді ақтаймын, ақтаймын да,

Сендердің мұрагерің атанамын, деген Мұқағали Мақатаевтың пікірін жалғастырып, біз де, бізден кейін
келер ұрпақ та баба өсиетін ұластырады деп ойлаймын.

2.3. Жеңіс күні
Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес.
Жоспар
I 76 жыл өттi.
II Ауыр Жеңiстiң тарихы.
1. Кеңес Одағының Батырлары.
2. Халықтың батырлығы.
3. “Ленинградтық өренім”
III Жеңіс – Қасиеттi мерекесі.
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 66 жыл
толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та
ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін
ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі
жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен
офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың
ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып
қалмақ.
Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен
жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері
Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана
емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани
дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс
күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік,
Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.
Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне
деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса
жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын
алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей
Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және
көп басқалар. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда
ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол
жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық
мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға,
майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға
айналды.
Жарыстар Мәскеуде, Ленинградта, Сталинградта жүргізді. Көрнекті
Қазақ ақын, Жамбыл Жабаев, Ленинградтың ауыр тағдыры туралы
өлең жазды.

Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін...
9 мамыр - бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың
батырлығы. Бiздiң парызымыз - бұл күндi еске сақтау. Бiздiң
ардагерлеріміз! Олар кемде-кемде қалды. Оларға лайықты кәрілікті
қамтамасыз ету, оларға көмектесу керек.
Ұлы жеңістің күнімен құтты болсын!
Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата
апаларымыз аман болсын!
Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын!
Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан
еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық
міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал
патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы
отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Жеңіс
Қасиеттi мен ауыр
Халықтарды нығайтады, көмектеседі және бiзге дейiн жетедi.
Жеңіс - біздің ата-бабаларымыздың батырлығы.
Жетістік, салтанат, мейрам.



2.4. Мұқағали Мақатаев - ғасыр ақыны
«Өмірім, сірә да, әріден басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған…»
Жоспар.
І.Кіріспе.
1.Ақиық ақын
ІІ.Негізгі бөлім
2. ”Ғасыр ақыны”
ІІІ.Қорытынды
Ғажайып ақындардың бірі – Мұқағали Мақатаев кішкентай бала
кезінен бастап қаншама қиыншылық көрсе де, мойымай өлең –жырға
әуес болған. Алғашқы өлеңдерін он-он бір жасынан бастап жаза
бастаған Мұқағали атамыз көптеген тақырыптарға қалам сермеген
ақиық ақындардың біріне айналды. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі

орын алып, қуанышы мен
таңда барша жұрттың жүрегінен берік
қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Мұқағалидың
өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын
сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат
тақырыбын кеңінен суреттеген. Мұқағали атаның әр өлеңі өзінің
мағынасымен, шынайылығымен, тазалығымен оқырманын өзіне
баурап алады және ой салады.
Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды,
шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онды мен не жазам, соның
бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мен өз өлеңдерімнен
бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен.
Туған жеріне, өз Отанына арнаған өлеңін әдебиеттік оқудан жаттап,
жатқа айтқан кезде менің бойымды патриоттық сезім билеп алғандай
болды. Міне,ақынның құдіреттілігі осында екен ғой деп ойладым.
Мұқағали атамыздың әсерлі жырлары әр қазақтың жүрегін жаулап
алды. Сондықтан да осындай ақынына халқы «Ғасыр ақыны» деген ат
берді.
Мұқағали атамыздың жырын тыңдайтын, сүйіп оқитын ұрпағы бар
да, аты санамызда мәңгіге қалады.Мұқағали мұрасы, маржан поэзия –
мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қадірлейтін мұрасы.
Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені. Мұқағали – жалпыхалықтық,
ұлттық тұлға. Әрбір өлеңін оқығанда, оның қазақ екенін жазбай
танисың, ұлт ақыны екенін айқын аңғарасың. Мұқағали Мақатаев қай
тақырыпқа барса да, не туралы жазса да, шығармаларының астарына
адамның ғұмыры мен тағдыры айтылады.

Поэзия! Ақын рухы – ұлт рухының ажырамас бөлшегі. Мұқағали
Мақатаев – ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына
қалдырған ақын. Мұқағали Мақатаевта қазақтың ару-ақындарын
ерекше ардақ тұтқан. Бәріне де аса зор ықыласпен қарады. Жылы сөзін
ғана айтып қойған жоқ, отты жырларын да арнады.
Сондай өлмес туындыларының бірі – ақын Фариза Оңғарсыноваға
арналған ғажайып өлеңі.
— Фариза! Фаризажан! Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз…
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз. —деп басталатын бұл өлең осы күні
қазақ жастары жатқа білетін, тіпті ән ғып айтатын өте танымал
шығарма. Сол жырдың бір тұсында:
— Жанарымды тұманмен тұмшаладым.
…Серіппесі үзіліп тұр садағым!
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын!
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім!-деген жолдар да бар. Ақынжүрек неге осынша тарықты екен? Неге қазақтың жігіттері бір-біріне
тым салқын? Неге таланттылар тағдыры тайғанақ, жолы ауыр?
Әлде… Мұқағали Фаризаны ару-ақын бола тұра Махамбет-мінез
байқатып жүрген өрлігі үшін ұнатты ма? Сол үшін басын иіп, «Мен
сенімен дос боламын» деп көңіл түкпіріндегі асыл сезімін ақтарып
салды ма?
Әлде… Мұқағали ақын да осы өлеңді жазып отырып, баяғы балғын
шағын сағына еске түсірді ме екен! Анасының әлдиі – бесік жыры
санасында әуез болып тұрып алды ма екен? Бүгінде Мұқағали мұрасыкөпшіліктің жүрегінен орын ала білді.
Қалай десек те, ақындарымыздың болғаны, арамызда жайраңдап
жүргені, сырлы өлең өрнектегені ғажап нәрсе ғой!
Қорыта келе айтарым, «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің барлық
еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың

асыл мұралар қатарына
жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз
сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті.
Ақынның әр өлеңінде,әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен
сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де
ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз.
Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін
ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті.

2.5. Еңбек түбі - береке
Жоспар
1. Кіріспе бөлім
А) Адам еңбегі туралы түсінік;
Ә) Еңбек құқығының қағидалары;
2. Негізгі бөлім:
А) Еңбекті қорғау құқығының түсініктері және қағидалары;


Ә) Еңбек қорғау құқығы туралы;
Б) Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару және бақылау;
3. Қорытынды бөлім
Еңбек адамның табиғи жетістігі болып табылады. «Маймылды адам
еткен еңбек» деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар, еңбек
адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі: ол
адамның өмір сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктерін,
басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен
араласуға, білімге, қағазға, өнерге және тағы басқа өмірсүру
қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның
ғана емес, сонымен қатар да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі,
қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады.
Өзінің саналы тіпті санасыз ғұмырында да адам әйтеуір бір нәрсені
жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ,
адам 5-6 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші
бойынша бір нәрсені әкеліп береді, апарады, жылжытады және т.б.
Адамның қолынан жасалған заттардың барлығы – инеден бастап ұлы
жаңалықтарға дейін еңбектің нәтижесінде дүниеге келген. Сонымен
кез-келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, еңбек барлығын
жасайды, адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін
қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның материалдық
негіздерін құрайды. Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене,
ақыл-ой, рухани қабілетерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты
қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой және рухани қабілеттерден туындайды да,
бұлардың нәтижесінде материалдық рухани және санаткерлік
құндылықтар жасалады. Еңбек жеке шаруашылықта, бау-бақшада, тіпті
үйде және өзге де жерлерде жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай еңбекпен
адамдардың басым көпшілігі бала кезінен айналысады. Алайда, еңбектің
бұл түрі еңбек құқығымен реттелмейді.
Көп жағдайда еңбек бірлескен немесе ұжымдық сипатты иеленеді.
Бірлескен еңбектің нәтижесінде адамдар қоғамдық еңбек
қатынастарына қатысады. Мұндай жағдайда еңбектің екі түрін

алған жөн: игілігіне бағытталған жеке еңбек және жалданбалы еңбек.
Дәл осы жалданбалы еңбек – жұмыс берушімен қатынасқа түсуді еңбек
құқығы реттейді. Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес
тұлғалардың
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!