Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ағаш шеберлерінің қазіргі таңдағы мүмкіндіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағаш ұстасы мамандығы жұмысшы мамандықтардың бірі болғандықтан, қазіргі таңда тапшылығы бұрын соңды болмағандай сезіледі, оның ең басты артықшылығы әрине сұраныс. Сонымен қатар, мұндай мамандар барлық жерде сұранысқа ие: ағаш өңдеу кешендеріне, орман шараушылығы, ағаш-химия өнеркәсібі, құрылыс және жөндеу-құрылыс кәсіпорынларында, ұйымдар мен мекемелердің әкімшілік-шаруашылық бөлімдерінде, жиһаз өндірісінде, кеме жасау және т.б. Сол себепті ағаш ұстасы мамандарының дипломы осы мамандық бойынша жұмысқа орналасуға және жақсы деңгейдегі жалақыға кепілдік береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжі.

Өндірістік оқыту шебері. Рахымбаев Жасұлан Ерболатұлы

Ағаш шеберлерінің қазіргі таңдағы мүмкіндіктері

Адам баласының алғаш игерген қолөнерінің бірі – ағаш өңдеу. Ал ағаш ұстасы мамандығының жеке сала болып қалыптасуы сонау XVIIIғ-дан бастау алады, бірақ ағашты игеру XVIIIғ-дан басталды деген сөз емес, оның тарихы тереңде. Ағаш ұстасы - ағаш өңдеу жұмыстарымен: күрделі жиһаз, есік, терезе, арка, баспалдақ және басқа да ағаштан жасалатын тұтыну бұйымдарын жасаумен айналысады. Яғни, ағаш ұстасы ағаш кескіндеме бұйымдарын дайындаудың барлық кезеңдерін өз бетімен жүзеге асыратын кең профильдің маманы болып табылады: дайындамаларды таңдаудан және дайын өнімнің түпкілікті өңдеуіне дейін. Ағаш ұстасының жұмысы жоғары дәлдік пен біліктіліктің биік деңгейін қажет етеді.

Ағаш ұстасы мамандығы жұмысшы мамандықтардың бірі болғандықтан, қазіргі таңда тапшылығы бұрын соңды болмағандай сезіледі, оның ең басты артықшылығы әрине сұраныс. Сонымен қатар, мұндай мамандар барлық жерде сұранысқа ие: ағаш өңдеу кешендеріне, орман шараушылығы, ағаш-химия өнеркәсібі, құрылыс және жөндеу-құрылыс кәсіпорынларында, ұйымдар мен мекемелердің әкімшілік-шаруашылық бөлімдерінде, жиһаз өндірісінде, кеме жасау және т.б. Сол себепті ағаш ұстасы мамандарының дипломы осы мамандық бойынша жұмысқа орналасуға және жақсы деңгейдегі жалақыға кепілдік береді.

Тағы бір артықшылығы жақсы біліктілікпен әрбір ағаш ұстасы жеке жұмыс істей алады. Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінің Құрылыс ағаш шебері мамандығының өндірістік іс-тәжірбие шеберханасында әр түрлі құрал жабдықтрды қолданып тұрмыстық қажетті затар жасап үирене алады

Егер жеке кәсіпкер ретінде танылатын болса бұған қажетті ағаш ұстасының құрал-жабдықтары қарапайым (балға, пышақ, сүргі, ара, бұрғы және тағы басқа) және сатып алуға қолжетімді, әрі оларды тасымалдау жеңіл. Егер шебердің өз құралдары бар болса, онда ол үйде немесе ағаш ұста цехында отырып тапсырыс ала алады. Сонымен қатар, клиент табу үшін жарнаманы бір рет, интернет желісіне немесе газет-журналдарға беру жеткілікті, содан кейін оларды үнемі сол тұрақты клиенттері шақырып отырады.

Ағаш ұсталарының тағы бір мүмкіндігі – ұстаздық. Яғни ағаш ұсталары шәкірт даярлай алады. Қазіргі күнде ағылшын тілі, математика, шаштараз, өнер саласына қатысты және тағы басқа да курстарды адам қаласа кез келген уақытта оқи алады. Меніңше ағаш шебері мамандығына да осындай қысқа мерзімді курстар қажет. Бұл кәсіпкерліктің бір түрі, әрі осы мандардың көлемін арттыруға қосатын үлес болып табылады. Енді бір жағынан осы мамандықта игергісі келетін адамдарға мүмкіндік десе де болады. Бұндағы мақсат әр бір адамның бір шаруаға деген шығармашылық қабілеті, икемі болады. Алайда олардың ұзақ мерзімді оқуға шыдамы жетпеуі мүмкін, немесе өзінің қабілетін қосымша дамытқысы келуі де мүмкін. Осындай курстың арқасында олар қабілеттерін шыңдап, теориялық жағынан да білім алар еді.

Ағаш ұстасы мамандығын бірнеше жолмен алуға болады. Біріншіден, тәжірибелі шебердің жетекшілігімен шәкірттікке жазылуға және мамандық негіздерін меңгеруге болады. Екіншіден, мамандандырылған колледжге түсуге болады, оның негізінде білікті ағаш ұсталары дайындалады. Мысалға елімізде «Базис» құрылыс компаниясы және Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжі жас мамандарға бірегей мүмкіндіктер ұсынады - студенттер колледжде кәсіптік білім алады, «Базис» құрылыс алаңдарында біліктіліктерін арттырады және тұрақты жалақысы мен шексіз мансаптық мүмкіндіктері бар тұрақты жұмысқа орналаса алады. Егер сіз жоғары санаты шебер болғыңыз келсе, онда сіз осы мамандықты алудың екі жолын біріктіруіңіз керек. Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінін Құрылыс ағаш шебері мамандығы бойынша ірі кәсіп орындар бар сол кәсіп орындарда мамандық тәжірбесін алуға болады.Бұдан басқа, диплом жұмыс берушілер арасында үлкен сенім тудырады, сондықтан табысты жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады.

Ұсталақ жұмысы қолмен жасалады, сондықтан ұтымдылық, қозғалыс жылдамдығы және дәлдігі маңызды. Ағаш ұстасы шексіз қиял мен төзімділікке ие болуы керек. Әрбір мамандық бойынша өз бетіңізше біліміңізді дамыта аласыз, әсіресе біліктілік деңгейін көтеру. Тәжірибе қолдың жұмысын дамытады, ағаш өңдеу өнеркәсібіне арналған машиналардың дамуы туралы білімі де лайықты жұмыс табудың жақсы алғышарты болып табылады.

Жылдан жылға орта кәсіптік білімі бар қызметкерлерге деген сұраныс артып келеді. Кәсіптік білімі бар қызметкерлерге сұраныстың жоғары болуына байланысты осы мамандықтарға білім гранттары көптеп бөлінуде және оларға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Сондықтан, Қазақстанда оқушылардың басым бөлігі колледждер мен кәсіптік оқу орындарына түсу туралы шешім қабылдағаны таңқаларлық емес. Мамандық таңдау адам өміріндегі маңызды шешімдердің бірі. Олай болса аты ауыз толтырып айтылғанымен, диплом алумен ғана шектелетін мамандықтарға қарағанда, ағаш ұстасы мамандығы қай жағынан алып қарасақта біздің тілектерімізді қанағаттандырады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.06.2021
323
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі