Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Ағылшын әріптері мен латын әріптерінің ұқсастықтары мен маңыздылығы»
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы
Еңбекшіқазақ аудан әкімдігінің «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жаңашаруа орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Әдістемелік құрал
«Ағылшын әріптері мен латын әріптерінің
ұқсастықтары мен маңыздылығы»
Құрастырған: Нугманова Мадина Садыковна
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жаңашаруа ауылы 2024 жылы
«Ағылшын әріптері мен латын әріптерінің ұқсастықтары мен маңыздылығы» тақырыбындағы әдістемелік құрал. Автор-құрастырушы: Нугманова М.С. «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жаңашаруа орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі , Жаңашаруа, 2024– б.
Ұсынылып отырған әдістемелік құрал сыртқы түрі жағынан таза, сөзі айқын, түсінікті, қойылған талапқа сай. Бұл ғылыми жобада мектеп оқушысы Аққұл Ақнұрдың таңдаған тақырыбы қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі. Уақыт талаптарына байланысты, латын әріптері мен ағылшын тілінің ұқсастықтары, айырмашылықтары мен маңыздылығы дәлелденіп жатыр. Бұл жобада осы процестің негізгі мәселелері қарастырылған.
Латын әрпі негізінен таңсық нәрсе емес, медицина тілінде де латын әріптері қолданылып келеді. Бұл жаңалықтың тиімділігінің бірі ағылшын тілі алфавиті мен латын әліпбиінің ұқсастықтары өте көп. Бүгінгі таңдағы ағылшын тілін меңгерген жастар үшін, латын әріптерін үйрену еш қиындық тудырмайды. Ал латын әріптерін үйренген оқушы үшін, ағылшын тілін игеруде қиналмай оқып, жаза берері сөзсіз. Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясаты туралы бастамасында қазақ тілі арқылы ұлт болып сақталу, орыс және ағылшын тілінде әлемдік кеңістікке, халықаралық байланыстарға шығудың мүмкіндіктері ашылатындығы айтылған болатын. Бұл заман ағымына ілесуге жасалған қадамдардың бірі.
Әдістемелік құрал «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жаңашаруа орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 29-тамыз №1хаттамалық шешіміне сәйкес ұсынылған.
«Ағылшын әріптері мен латын әріптерінің ұқсастықтары мен маңыздылығы» тақырыбындағы әдістемелік құрал.
Мазмұны
І. Кіріспе--------------------------------------------------------------------------------------4-бет
II Негізі бөлім ------------------------------------------------------------------------------9-бет
2.1. Латын әліпбиінің ағылшын тілімен ұқсастығы мен айырмашылығы ---------------------------------------------------------------------------------------------------------8-бет
2.2. Ағылшын әріптері мен латын әріптерінің ұқсастықтары---------------16-бет
2.3. Латын, ағылшын әріптері интернет пен IT технология ғылымдарының
тілі---------------------------------------------------------------------------------------------20-бет
ІV. Қорытынды ---------------------------------------------------------------------------23-бет
V. Түсінік хат-------------------------------------------------------------------------------26-бет
VІ.Пайдаланған әдебиеттер------------------------------------------------------------27-бет
І. Кіріспе
Казіргі заман талабы болашақ ұрпағымызға – жаңаша білім беру, жаңаша тәсілдер арқылы балаларды болашаққа деген көзқарастарын дұрыс қалыптастырып, әлем елдерінің қатарынан көріну. Ал латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру Стратегиясын, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму және қоғамдық сананы жаңғырту стратегиясын іске асыру алдыңғы қатарлы технологиялармен, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен, ХХІ ғасырдағы ғылыми-білім беру процесінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты, мұнда латын графикасы барынша кеңінен қолданылуға тиіс. Біріншіден, біздің халқымыз үшін латын әліпбиі жаңа нәрсе емес, жай ғана қазақ тілінің бастауына оралу.
Латын әліпбиіне көшуді жүзеге асыру кезінде билік шешуі керек тағы бір мәселе бар. Болашақ ұрпақтар кириллицада жазылған көптеген ғылыми және әдеби туындыларға жүгіне алмайтындығында - көптеген кітаптар жай латынша қайта басылып шыға алмайтындығында. Сарапшылар бұған аса назар аударуы керек деп ойлаймын. Себебі 1 сыныптан бастап латын тілін меңгерген бала, жоғары сыныптарға барғанда кітапханадан алған кітаптарын оқи ала ма деген мәселе туындайды. Ол үшін еліміздегі барлық кітаптар латын ғарпімен қайтадан басылып шыққаны дұрыс.
Мәңгілік Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы терең мазмұнға ие тағы бір құнды еңбек екені сөзсіз. Кемел келешекке бағдар болған ауқымды құжатта ұлттық идеологияның, рухани жаңғырудың маңызды тетіктері қарастырылған. Мемлекетіміздің одан әрі дамып, көркейіп, гүлденуі үшін қолға алынған маңызды бастамалардың бірі – латын әліпбиіне көшу. Тілдің басқа да қырларының аса қажеттілігін мойындай отырып, жазудың ой мазмұнының графикалық таңба ретінде жеткізу жолдарының бірі екендігін естен шығармау қажет. Жазу ой мен сезімді объективтендіруде,сондай-ақ ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мәселесінде де өзіндік дербес мәнге ие. Көптеген халықтар үшін олардың жазу ұлттық мәдениет пен бірегейліктің ең басты элементі болып табылады.
Әдістемелік құралдың өзектілігі: Латын әрпін үйрену ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне жағдай туғызады.Жас ұрпаққа саналы да, сапалы білім беруде жаңа әліпбидің алатын орны ерекше. Латын әрпі негізінен таңсық нәрсе емес, медицина тілінде де латын әріптері қолданылып келеді. Бұл жаңалықтың тиімділігінің бірі ағылшын тілі алфавиті мен латын әліпбиінің ұқсастықтары өте көп. Бүгінгі таңдағы ағылшын тілін меңгерген жастар үшін, латын әріптерін үйрену еш қиындық тудырмайды. Ал латын әріптерін үйренген оқушы үшін, ағылшын тілін игеруде қиналмай оқып, жаза берері сөзсіз. Мәңгілік Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясаты туралы бастамасында қазақ тілі арқылы ұлт болып сақталу, орыс және ағылшын тілінде әлемдік кеңістікке, халықаралық байланыстарға шығудың мүмкіндіктері ашылатындығы айтылған болатын. Бұл заман ағымына ілесуге жасалған қадамдардың бірі. Латын тіліне көшуді де осындай қадамдадың бірі екенін түсініп, санамызға сіңіруіміз қажет.
Әдістемелік құралдың мақсат-міндеттері: Латын әріптерімен тереңінен таныса отырып, ол туралы тың деректерді зерттеп, танып-білу. Ағылшын әріптерімен латын әріптерінің ұқсастықтарын білу, зерделеу, талдау
ХХІ ғасырда латын тілі – технология, ақпарат, коммуникация тіліне айналып отыр. Бұл латын тілінің экономикалық тиімділігін айқындайды.Аталған әліпбиді қолдану арқылы басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады. Әрбір жаңа тіл – жаңа әлем. Оның үстіне, латын тілі – жаңа технология тілі, ғаламтор тілі екендігі баршамызға аян. Сонымен қатар, әліпби өзгерту төл сөздерімізді жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектесіп, қазақ сөздерінің дұрыс айтылуына ықпал етеді. Ғаламтор мен ұялы байланысты пайдаланушылар, әсіресе, бүгінгі жас буын өкілдері латын әліпбиін пайдаланып та жүр. Алайда, осы жұмысты жүйелеп, бір бағытқа салу үшін қазақ тілінің түбегейлі латын әліпбиіне көшуі қажет. Жазу – әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс. Ол өткенді, бүгінді және келешекті жалғастыратын алтын көпір. Қазіргі жазуымыз бірнеше ұрпаққа білім беріп, оларды талай биіктерге жетеледі, қазақтың әдебиетін, мәдениетін, ғылымын көтеріп, егеменді мемлекетімізге де қызмет етіп келеді. Бұл рас. Бірақ барға қанағат етуге болмайды.
Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену үшін Елбасының алға қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру жолында жұмыла жұмыс істеуіміз керек. “Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін” деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Қазір қолға алып жатқан дүниенің бәрі біз үшін емес, кемел келешек жолында жасалып жатқан ауқымды іс. Олай болса, Елбасының сындарлы саясатын қолдап, бірлік, білім, еңбекті ұштастырып, ортақ межеге қол жеткізуге атсалысуымыз керек. Ақпараттық технологияның қарыштап дамыған заманында әлеуметтік жүйеде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігі даусыз. Қазіргі заман - жазу заманы, ғылым мен техника, оқу-білім, ақпарат, жаңа технологиялар заманы. Адам жазу арқылы білім алады, жазу арқылы бір-бірімен байланыс жасап, жүрген-тұрғанын, жасаған жұмыстарын да жазып отырады, яғни хаттама, түрлі қатынас іс қағаздары, компьютер, интернет, агент т.б. арқылы хабарласулар - бәрі де жазу арқылы жүзеге асады.
Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатаны байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б. латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Осы жаңа заманда өмір сүріп, білім алу, еңбек ету, белгілі бір мамандықты игеру, т.б. адамның белсенді іс-әрекеттері мемлекеттік тіл мен ағылшын тілінен, оның жазуынан айналып өте алмайды. Сондықтан латын әріптері өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі деп білеміз. Латын әріптерімен жазу арқылы ағылшын тілін де меңгеру, оны жазу да бір-біріне жақындап, бір әріптен екінші әріпке ауысып отыру қиындығын жеңілдетіп, тілдің қолданысына да оң әсер етеді. Осындай жағдайда білім алып, мамандығын шыңдап жатқан жастарға әлемнің қай жерінде жүрсе де кедергі келтірмей, жұмысын жеңілдете түсуге ықпал етеді. Ендеше латын әліпбиінің болашағы да зор.Қазір әлемдегі халықтың 80 пайызы латын графикасын игеріп, пайдаланып отыр, әлемдегі ақпараттың 70 пайызы осы таңбамен таратылады.
Латын әліпбиіне көшу бастамасы Қазақстанның рухани болмысы мен қоғамдық ой-сананы өзгертіп, оны жаңғыртуға зор үлес қосады. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады.Баршамыздың қолданып отырған электрондық жеке поштамыз бар. Ол кирилл, араб, немесе басқа емес, латынмен жазылған. Керек десеңіз, астымыздағы көлігіміздің нөмірі, жеке куәлігіміздегі әріптер де латын тілінде берілген. Осындай мысалдар жетерлік. Демек, латын әліпбиі бізге таңсық дүние емес.
Жазба әдебиеттердің көп бөлігі жоғалады, дәлірек айтсақ, олар қол жетімді және дәл қазақ әдебиетінің классикасы, өйткені олар орыс тілін латын және орыс тілдеріне аудармайды. Олар қазақ тілін аударады, яғни қазақтардың жылдар бойы жасағанының бәрін қайта басып шығару керек немесе қазақ әдебиетінің классиктерімен танысу үшін ол қазақ жастары үшін қол жетімсіз болады. Сондай-ақ сыншылар мен ғалымдар үлкен жастағы адамдарға латын графикасына үйренудің оңай еместігін ескертеді. Шамасы, сарапшыларымыз әлі де осы сәттерді ескереді, сондықтан латын тіліне көшу үшін де атқарылатын жұмыстар аз емес.
Ал ағылшын тіліне тоқталатын болсам, рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі – ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін оқытудың тарихи тәсілдері мен оның негізгі тенденцияларын жетілдіру жүйесіне орала кету орынды. Қазір шетел тілін оқыту методикасы ғылым болып қалыптасып келе жатқанына ешкім күмән келтіре қоймас.
1930 жылы Е. М. Рыт методикаға алғаш анықтама берген. Ол: Шетел тілін оқыту методикасы салыстырмалы тіл білімінің тәжірибелік айқындауышы, - деп баға берген болатьн. 1930 жылдардың аяғы мен 1940 жылдардың басында педагогикалық ғылым ретіндегі методика анықтауыш бағыты ресімделді. Педагогика мен методика үйретуде бір ғана нысанға ие. Ол – оқыту процесстері, тәрбиелеу, оқытудың мақсат-міндеттері, сабақтың мазмұны. Мұның ішінде біртұтас болып қалған педагогикалық ғылым ретіндегі әдістемеге берілген анықтама. Тіл – қоғамдық құбылыстың бір формасы. Тіл – ең алдымен қоғам мүшелерінің өзара пікір алмасуына, қарым-қатынас жасауына қажетті құрал. Осыған орай, ол негізінен өзінің коммуникативтік қызметін атқарады. Бірақ тілдің қоғамдық қызметі тек мұнымен шектелмейді. Тіл - құрамдық жағынан үнемі жаңарып, толысып отырады да халықпен, оның өмірімен бірге өзгеріске ұшырайды. Тіл – қауымның әрбір мүшесіне тікелей байланысты обьективті құбылыс, обьективті шындық.
Әрбір қауым мүшесі оны қарым-қатынас жасау, бір-біріне әсер ету құралы деп есептейді. Тіл жүйелілікті сүйеді, жүйесіз тіл болмайды. Сөйлеу тілі мен жазба тіл – жалпы тілдің өмір сүру формалары. Сөйлеу тілі мен жазбаша тіл өте тығыз байланысты. Осы ғылыми жобамда ағылшын әріптері мен латын әріптерінің маңызы мен ұқсастықтарын зерттеп, Сіздерге ұсынатын боламын. Себебі мен үшін ағылшын тілі мен латын алфавитін меңгеру үлкен мәртебе, өзге тілдерді біліп, өз тілінді құрметтеу бүгінгі жастардың басты мақсаты деп ойлаймын.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Латын әліпбиінің ағылшын тілімен ұқсастығы мен айырмашылығы
Әліпби-адамды сауаттандырудың, сөйлеу тілін дамытудың алғашқы құралы екендігі баршаға аян. Әрбір мемлекет өз елінің ерекшелгіне сай жазудың ең қолайлы әрі тиімді тілдік әліппесін таңдайтыны анық. Сондай әліппенің бірі латын әліпбиі. Латын әліпбиі біздің заманымыздың бірінші ғасырында қалыптасып, орта ғасырда Еуропаға, Африкаға, Америкаға және Азияға тараған.
Қазіргі әліпбиіміздегі орыс тіліне тән, біздің тілге мүлдем жат дыбыс-әріптерді (в, ф, ц, ч, э, ё (ио), и (дауысты), у (дауысты), я, ю, ь, ъ, х,), сондай-ақ араб-парсы тілінен келген, бірақ қазақ тілі сөздерінің мағынасын өзгертуге еш қатысы жоқ, «арбаның бесінші дөңгелегі» сяқты болып, қазақ тілінің «қ» дыбысымен қосамжарласып жүрген «һ» дыбыс-әрпін алып тастасақ, латынша болып шыға келер еді.
Тіпті толықтай кирилден құтылғымыз келсе, қазіргі кирилше әліпбиіміздегі «б», «г», «ж», «з», «л», «м», «н», «ш» әріптерімізді латындық «в», «g», «j», «z»» «l», «m», «n», «c» әріптерімен алмастырсақ, ал қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін танытатын ә, ө, ұ, ү, і, ғ, қ, ң дыбыстарына кейбір латынша әріптерді өзгертіп (өзгерсе болды – ол латыншада, ағылшынша да емес) таңба береміз деп аса қиналмай-ақ, қазіргі кирилшедегі, бірақ өзінше өзгеше болып таңбаланған қалпында қалдыра салсақ, орынды болатын сияқты.
5 - сыныптан бастап «Жаңғыру жазудан басталады» атты тақырыбында элективті курс бөлініп берілген. Сол курсты негізге ала отырып, әдістемелік құрал жүргіздім. Зерттеу жұмыстарында оқушылармен латын әліпбиін таныстыру жұмыстар жүргізілді. Сол кездерде оқушыларды ағылшын тілін жақсы меңгерген оқушылар латын әліпбиін жылдам меңгеретіні байқалды. Ағылшын тілі пәні мұғалімімен байланысып, қосымша оқушылармен жұмысты жандандыру керектігін түсіндім. 6-сыныптан бастап оқушылармен жұмыс жүргізгенде жеке дара оқушылардың латын әліпбиіне қызығушылығы бар оқушыны таңдап алдым.
Қалай дегенмен қазақ тілі әліпбиінің ертелі-кеш пе латыншаға көшетіні – басы ашық мәселеге айналды. Латыншаға көшуді көпшілік қолдап отыр. Алайда қазақ тілі дыбыстық жүйесінде қанша дыбыс бар екені және олардың саралануы, дауысты-дауыссыз болып жіктелуі баяғыда жасалып қойылса да [1; 2; 3; 4], латынша жаңа әліпбиге көшкенде қандай сипатта болатыны әлі күнге даулы болып келеді.
Біреулер қазіргі кирилше әліпбидегі барлық әріптерді латыншалай салуды көздесе, енді біреулер қазақ тілінің А.Байтұрсынұлы түгендеп беріп кеткен 28 төл дыбысын ғана латыншалау керек деп есептейді. Ал енді біреулер кезінде, негізінен, орыс тілі арқылы дендеп енген «в», «ф», «х» дыбыстарын да қазақтың болашақ латыншы әліпбиіне қосу керек, өйткені бұл дыбыстармен жазылып-айтылатын сөздер баршылық, оларды қазіргі қазақ қоғамы айта да, жаза да алады. Олар қазақ тілі дыбыстары болып кеткен деген сияқты әлемдік тілдердің тілдік заңдылықтарына еш сәйкес келмейтін өз уәждерін алға тартып, әріптер санын 31-ге, тіпті 33-ке де жеткізіп жүр [5, 309-315].
Біз, негізінен алғанда, осы үш бағытты ұстанып, ағылшын тілі әріптері бойынша қазақ әліпбиін құрастырушылардың [5; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 12] нұсқаларын зерттеп-зерделеу барысында олардың көпшілігі көп жағдайда бірін-бірі қайталайтынына және 1929 жылғы қазақ әліпбиінің барынша дұрыс нұсқасы болған латынша әліпбиден кем түсіп жатқанына көз жеткіздік. Олар – біздіңше, мыналар:
31 және одан да көп дыбыстарға әріп арнағандар қазақ тілінің 1929 жылғы латынша әліпбиінде жоқ дыбыстарды да таңбалаймыз деп әуре болған;
Дүниежүзі тілдірінің басым көпшілігіне көп жағдайда ортақ болып келетін дыбыстарды латынша таңбалауда, негізінен, бірізділік сақталғанмен, қазақ (түркі) тілінің төл дыбыстарын таңбалауға ағылшын тілінің белгілі бір дыбыстарының таңбасы болып тұрған әріптерді алған. Тіл дыбыстары да шартты таңбаларға жататыны ескерілмей, қазақ тілінің өзіндік дыбыстарын ағылшын тілі дыбыстарын таңбалайтын әріптермен түрлі диакритикалық символдардың көмегімен сәл өзгертіп беру басшылыққа алынған. Бұл қателік, біздің ойымызша, қазақ тілінің 1929 жылғы латынша әліпбиін құрастыру кезінен бастау алған. Бірқатар жобаларда қазақ тілінің кейбір төл дыбыстары жуан-жіңішке болып жұптасып келетіндігіне байланысты бір ғана таңба беріліп, олардың бір-бірінен айырмашылығын арнай белгілер арқылы таңбалау ұсынылған. Бұндай әліпбидің аса ықшамдылығы жағынан өзіндік артықшылығы болғанымен, әліпби үйретуде болатын кемшін тұсы да бар екенін аңғардық.
Оған ретіне қарай кейінірек арнайы тоқталамыз.
Әліпби құрастырушылардың баршасы – қазақ тілі дыбыстарын қалай да ағылшын тілі әліпбиінің 26 әрпі негізінде құрастыру керек дегенді қатаң басшылыққа алып, қазақ тілінде жоқ, бірақ ағылшын тіліндегі бір дыбыстың таңбасы болып тұрған бір әрібіне қазақ тілінің басқа бір дыбысын теліген. Қазақ тілінің төл дыбыстарын диакритикалық символдардың көмегімен немесе қос әріппен таңбалау – жазу кезінде көптеген қиындықтар тудыратыны мүлдем ескерілмеген. Ең бастысы, ағылшын және тағы басқа да көптеген тілдерде жоқ, бірақ қазақ (түркі) тіл(дер)інде бар, олардың сол төл дыбыстарын өзінше таңбалау қажет екендігі қаперге алынбаған. Атап өтетін жайт – қазақ тілінің 1929 жылғы латынша әліпбиінде [11] және Қытай қазақтарының 1965-1982 жылдар аралығында қолданған латынша әліпбиінде [13] бұл мәселе, негізінен, ішінара ескерілген. Мысалы, «ә», «ө», «ғ», «ң», «ы» дыбыстарына арнай әріптер берілген. «Ең» дегендегі ең бастысы – латынша немесе ағылшынша әріпті сәл өзгертсе болғаны – ол латынның да, ағылшынның да әрібі (таңба) болмай қалатынын әліпби құрастырушылардың ешқайсысы қаперге алмай келеді. Сөйтіп, олар латын/ағылшын әріптерінің жоғары жағына бір белгі қойсақ, ағылшын тілінің 26 әрібімен (таңбасымен) қазақ тілі дыбыстарын таңбалаймыз деп қате жолға түсіп кеткен.Мен ұстазыммен осы жобаны өткен ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап бүгінге дейін дайындалған латыншаға негізделген небір әліпби нұсқаларымен танысып, саралап, зерделеп шықтым. Солардың ішіндегі қазақ тiлiнің табиғи дыбыстық жүйесіне сәйкес келетiндері де, мүлдем қате бағыт ұстанып кеткендері де баршылық. Барлығына ортақ кемшілік біз жоғарыда атап өткендер деуге болады.Барлық жобалық әліпбилер ағылшын тілі әліпбиіндегі a, b, c, d, e, g, i, j, k, l, m, n, o, p, q, r, s, t, u, y, z әріптерін қазақ тілінің а, б, с, д, е, г, и, ж, к, л, м, н, о, п, р, с, т, у, з дыбыстарына балама етіп алса да, қазақ тілінің төл дыбыстары ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, ы, ідыбыстарын ағылшын әліпбиінен артық қалған f, h, v, w, x әріптерімен немесе бір дыбысты таңбалау үшін қолданылған бір әріпке қосымша белгілер қою арқылы таңбалауға тырысқан. Демек, барлығына қиындық келтірген қазақ тілінің төл дыбыстары ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, ы, і болған.Адамзаттың, оның ішінде белгілі бір ұлттың бір-бірімен қарым-қатынас жасасуы (сөйлесуі) дыбыстық тілге негізделетіні барша жұртқа белгілі. Кез келген ұлттық тіл дүниедегі (жаратылыстағы) барлық зат пен ұғымды өзіне ғана тән тіл дыбыстары және солардың сан ғасыр бойы қалыптасқан тіркесімі бойынша таңбалап, түрлі сөздерге айналдырады. Сол себептен әрбір ұлттық тілде барлық адамзат танып-білген заттар мен ұғымдар түрліше дыбысталып айтылып, өзіндік ұлттық ерекшелігін танытады.
Демек, тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшелігі болса, оны жазбаша жеткізуде тіл дыбыстарын дәл таңбалау – аса маңызды. Кез келген таңбаның, оның ішінде тілдік таңбалардың (морфемалар, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) екі жағы болатыны белгілі. Бірінші жағы – формасы болса, екінші жағы – мазмұны болып табылады [14, 68-80].Әріп – дыбыстың сыртқы формасы болса, бір әріпке телінген дыбыс оның мазмұны. Екеуінің арасындағы байланыс – шартты. Әр дыбысқа қандай таңба берсең де бәрібір. Алайда жаңадан таңбалар ойлап тауып, жаңа әліпби құрастырғаннан гөрі, бүкіл адамзат тұтынып жүрген жалпыхалықтық әліпбиді (мәселен, ағылшын) өзіне лайықтап құрастырып алудың көпжақты пайдасы бар екені даусыз. Оған тоқталып жатудың қажеті жоқ болар.Жанды (ауызша) тілде тілдік таңбалар (сөздер және т.б.) дыбыстармен таңбаланатын болса, сол дыбыстар жазбаша тілде әріптермен таңбаланады. Ал ұлттық жазу (графика) қай елдің (тілдің) әліпбиіне (алфавитіне) негізделсе де, өзінің ұлттық сипатын жоғалтпай, ұлттық тіл болдып қалуы қашанда маңызды.Қай ұлт, мейлі, кімнің әліпбиін қабылдаса да, өзінің мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тілдік зандылықтары бойынша барша адамзатқа ортақ дыбыстармен қатар өзінің төл дыбыстарын, өзіндік дыбыс тіркесімдерін (сөздерін) таңбалау, жазу, оқу, айту үшін алады. Бұл да табиғи заңдылық. Сондықтан да жазбаша тілдік таңбалардың ішіндегі өте-мөте маңыздысы – тіл дыбыстарының дұрыс таңбалануы.Өзге тілдік дыбыстарды және олардың таңбаларын (әріптерін) немесе ұлттық тілде бар дыбыстардың әріптерімен жазылған, бірақ дыбыс тіркесімдері өзгеше сөздерді (лексика, грамматика, синтаксис т.б.) «халықаралық сөздер» деген желеумен талғамсыз-талғаусыз қабылдау ұлттық тілдің өзінің табиғи бітім-болмысынан біртіндеп ажырап, өзгеруіне, бүлінуіне апарады.
Оның алдын алу үшін, ең әуелі, қазақ тілінің болашақ латынша әліпбиі өзінің ұлттық сипатын сақтауы аса маңызды. Сондықтан да А. Байтұрсынұлы түгендеп беріп кеткен қазақ тілі дыбыстары санынан артық та, кем де болмауы қажет.Осы жерде А. Байтұрсынұлының ә, ө, ү, і дауыстыларын жеке фонема (дыбыс) санамағанын және «қ» мен «к», «ғ мен «г» дыбыстарын да бір таңбамен беріп, оларды дәйекше арқылы ажыратуға болады дегенін, сөйтіп, қазақ тілі әліпбиіндегі әріптер санын барынша ықшамдауға болады дегенін [1, 146-147] біз де ойға алдық және «А.Байтұрсынұлының дәйекшесі негізіндегі Интернет әліпби» деген атаумен дайындалған бұндай әліпбимен де таныстық [5, 260-266].Алайда бұндай әліпбиді үйретудің мектеп табалдырығын алғаш аттаған жас балаға едәуір қиындық келтіретіні байқалады. Өйткен әр дыбыстың әріптерін үйретумен қатар қазақ тілі дыбыстарының сапалық сипатын (дауысты-дауыссыз, дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке болып жіктелуі т.б.) да оқытуға тура келеді екен.
Заман талабына орай, ағылшын әліпбиі құрамындағы әріптерді қазақ тілі дыбыстарына барынша сәйкестендіріп алудың қажет екенін біз де мойындаймыз, бірақ ағылшын әліпбиі қазақ тілінің латынша әліпбиін құрастыруға қаншалықты қажет болса да, қазақ тілінің төл дыбыстарын таңбалауға жарамай жатыр.
Біз қазір, көп жағдайда, қазақ тілінің (түркі) төл бір дыбысын таңбалау үшін ағылшын тіліндегі (әліпбиіндегі) бір әріпті қосымша белгілер немесе екі әріпті қосарлау арқылы сәл өзгертіп пайдаланғымыз келіп жүр. Қалай дегенмен, бұның бір кемшілігі бар. Себебі олар ағылшын тілінде бір дыбысқа таңба болғандықтарынан және сол әріптер ағылшын тілін оқытып-үйрету (оқып-үйрену) кезінде бастапқы қалпында ұғындырылатындықтан, өзінің бұрынғы дыбыстық мазмұнына тартып кете береді. Сөйтіп, ағылшын тілін қазақ тілімен салыстыра үйрету немесе ағылшынтілділердің қазақ тілін оқып-үйренуі кезінде қиындық туғызуы мүмкін.
Бұның нақты дәлелін қазақ тілінің қазіргі кирилше әліпбиінен көруге болады. Онда дыбысталуы жағынан бір-біріне жуық келетін, алайда өзіндік ерекшеліктері бар «й», «у», «ы» дыбыстарына бірдей таңба берілгендіктен, Қайсыбір орыстілді қандастарымыз тұрмақ, қазақтілділердің өздері құрамында осы әріптер жазылған қазақ сөздерін дұрыс оқып, дұрыс айта алмайды.Мәселен, қазақ тіліндегі «й» мен «у» үнді дауыссыз дыбыстары еш уақытта жалаң қолданыла алмайды. Олардың алдында, яғни «й» дыбысының алдында еркін қолданыла алатын «а/ә», «о/ө», «е» ашық дауысты дыбыстарды айтпағанда «ы/і» және «ұ/ү» қысаң дауысты дыбыстары қолданылатын болса, ал қос еріндік жуысынқы «у» үнді даусыз дыбысының алдынан да, соңынан да «ы/і» қысаң дауысты дыбыстары емес, міндетті түрде «ұ/ү» еріндік дауысты дыбысы айтылады.
Қазіргі емлеміз бойынша «у», «уыз», «ауыл», «жауын», «тәуір», «сәуір» сияқты болып жазылып жүрген тағы басқа да толып жатқан сөздердің «жанды дауыспен»дыбысталуы да, әріптермен таңбаланып жазылуы да басқаша, яғни [ұу], [ұуұз], [ауұл], [жауұн], [тәуүр], [сәуүр] болуы керек еді. Жоқ, олай болмай, орыс тілінің дауысты «у/ы» дыбыстарының таңбасы еш талғамсыз-талғаусыз қазақ тілінің дыбыстарына да беріле салғандықтан, біздің атағы «бүкіл әлемге» мәшһүр бір ағамыз: «Сендер, қазақтар, өз сөздеріңді өздерің дұрыс жазып, дұрыс оқып, айта алмай жүрсіңдер. Сендердің «ауыл» деп жазып жүргендерің – қате. Ол сөз және де сол сияқты т.б. сөздер «аул» деп жазылуы керек. Осыны білмеген қазақ тілінің профессорларына қайран қаламын» деп жазады.
Оның бұлай айтуының өзіндік себебі бар. Оған қазақ тілі мен орыс тіліндегі «у» мен «ы» дыбыстарының бір-бірінен айырмашылығы бар екені ескерілмей, бірдей таңба берілуі себеп болып тұр. Қазақтың «ауыл» сөзін орыс тілі дыбыстарымен оқысақ, [аууыйл] болатынын орыс тілін біршама жақсы білетін қазақтарға «жүдә» түсінікті. Ал осы сөздің «аул» делініп орысша жазылуы қазақтың [ауұл] деп дыбыстауына әлдеқайда жақын екеніне қай қазақ болсын дау туғызбайтыны анық. Жобалық латынша әліпбилердің басым көпшілігінде «ң» дыбысын «ŋ» таңбасымен берген. Біз де оны орынды санап, солайша таңбалауды жөн көрдік.
«Ғ» дыбысы «г» дыбысымен жұп екендігі ескеріліп, оны (ғ-ны) таңбалайтын әріп «г» дыбысының латынша «g» таңбасына барынша ұқсас болуы қажет екенін қаперге алдық. Сол себептен «ғ» дыбысына таңбалар жүйесіндегі «Ƹ ƹ» таңбасын берсе, қалай болар деген ойға келдік.
Тілші ғалымдарға мәлім болар, қазақ тілінің 1929 жылғы латынша әліпбиінде де, Қытай қазақтарының 1965-1982 жылдар аралығында қолданған латынша әліпбиінде де «ғ» дыбысына әуелде «ƣ» таңбасы берілген болатын. Жазу кезінде қолайсыздық туындаты ма екен, әлде басқадай тағы бір себебі болды ма екен, әйтеуір, кейінірек бұл таңба «ğ» таңбасына ауыстырылыпты. Осы таңба сияқты 1929 жылғы латынша әліпбидің әуелдегі нұсқасындағы «ә», «ө» таңбалары да кейінірек «ä», «ö»таңбаларына ауыстырылғаны белгілі. Ал біз кирилшедегі «ә», «ө», «ұ», «ү»таңбаларын бұрынғы мазмұнда қалдырдық.
Қазақ тілінің қазіргі кирилше әліпбиіндегі «ы» мен «і» дыбыстарын сол қалпында қалдырмауға бірер себеп болды. Біріншіден, «ы» дыбысын латынша «у» әрпімен таңбалау жалпы қолданысқа жаппай еніп кетті.
Екіншіден, жоғарыда атап айтып кеткеніміздей, «ы» дыбысын кирилше таңбалауда пайда болған қайшылықтар ескеріліп, оны латынша «y», яғни латынша «игрек» әрпімен таңбалаған жөн болар деген шешімге келдік.
Ал қазақ тілінің «і» қысаң дауысты дыбысының қазіргі кирилше таңбасы ағылшын тілінде басым жағдайда қазіргі біздің «й» дыбысымыздың таңбасы болғандықтан, оған «ь» немесе «ɪ» таңбасын берген дұрыс болар дегенді ұйғардық. Айта кетерлік бір жайт – «ь» таңбасы 1929 жылғы латынша әліпбиімізде қазіргі кирилше «ы»дыбысының таңбасы болған еді. Біздің ойымызша, «ы» дыбысын «ь» таңбасымен, ал «і» дыбысын «ɪ» таңбасымен беруге де болады.
Біз осы нұсқаны құрастырған кезде жазуға қолайлы болу жағын ескеріп, түрлі дәйекшелер арқылы ағылшын тілі әріптерін өзгертіп, қазақ тілінің төл дыбыстарын таңбалаудан саналы түрде бас тартық. Басты уәжіміз – қазақ тілінің төл дыбыстары өзінше бөлек таңбалауға мейлінше сұранып тұр. Өйткені ондай дыбыстардың өзінше таңбаланып жазылуы және оқылуы қазақ үшін керек. Ал басқа жұртқа, соның ішінде туысқан түркі халықтарына да олардың қалай таңбаланғанының ешқандай мән-маңызы жоқ.
Осы ретте тағы бір айта кететін мәселе – біз өзіміздің осы нұсқамызды дайындау барысында түрік, әзірбайжан, өзбек, түрікмен тілдерінің [15;16; 17; 18; 19; 20; 21; 22; 23; 24] де латын негізді әліпбилерімен толықтай танысып шықтық. Оларда да, жоғарыда атап өткеніміздей, біздің әліпби құратырушыларымыздың қателіктері қайталанған. Тек әзірбайжан тілінің латынша әліпбиінде ғана «ә» дыбысының таңбасы сол кирилдегіше қалған. Олар оны бұл дыбыстың әзірбайжан тілінде аса белсенді де жиі қолданылатынымен түсіндіреді. Егер олар туысқан түрік, түрікмен, өзбек тіліндегідей, «ä» таңбасымен бетін болса, әзірбайжан тілі жазуының жоғары жағы нүктеге немесе басқа бір белгілерге толып кетеді екен. Қазақ тілінің төл дыбыстары бұрынғы кирилл әліпбиіндегі, оның өзінде сол ерекше дыбыстарды кирлдегіден өзге етіп таңбалаған сол әріптер арқылы берісек, олар жаңа әліпбиді игеруде көп қиналмас еді.
2.2 Ағылшын әріптері мен латын әріптерінің ұқсастықтары. Біз ағылшын тіліндегі латын әріптерімен өте жақсы таныспыз. Күнделікті өмірімізде қолданатын заттардың атауында көп кездестіреміз. Мысалы, сусабын, жеміс шырындары, балалар ойыншықтары, киімдердің этикеткалары және т.б. Сәйкесінше, біз интуитивті түрде оларды түсініп, оқи аламыз. Ағылшын тілі әліпбиі латын әліпбиіне негізделген және 26 әріптен тұрады. 6 әрпі дауысты дыбысты білдіреді (монофтонгтар және дифтонгтар, дербес немесе құрамында диграфтармен): "A", "E", "I", "O", "U", "Y".
21 әрпі дауыссыз дыбыстарды білдіреді: "B", "C", "D", "F", "G", "H", "J", "K", "L", "M", "N", "P", "Q", "R", "S", "T", "V", "W", "X", "Y", "Z".
"Y" әрпі дауыссыз дыбысты білдіреді, сондай-ақ дауысты дыбыс ретінде қолданылады.
"W" әрпі дербес дауыссыз дыбысты білдіреді, бірақ ол диграфтардың құрамында дауысты дыбысты береді.Үлгі:Нет АИ Британдық айтылуда (ағылш. received pronunciation) "R" әрпінеде осы заңдылық қолданылады .
Сырт көзге қиын болып көрінгенмен, ағылшын тілінің алфавиті өзіміздің тілден әлде қайда әріпі де аз, үйренуге де жеңіл. Бар болғаны, 26 әріп және оның ішіндегі 6 әріп дауысты дыбыстар (A, E, I, O, U, Y). Алфавитті және оның оқылуын толығырақ зерттеп көрейік.
Aa /ei/ - name /neim/ - есім
Bb /bi:/* - bingo /’biŋgəu/ - бинго
Cc /si:/ - fancy /’fænsi/ - ұнату
Dd /di:/ - dig /dig/ - қазу
Ee /i:/ - eagle /’i:gl/ - бүркіт
Ff /ef/ - effort /’efət/ - күш салу
Gg /dʒi:/ - geography /dʒi'ɔgrəfi/-география
Hh /eitʃ/ - H&M /eitʃænd em/ - H&M (атақты киім дүкен аты)
Ii /ai/ -ice /ais/ -мұз
Jj /dʒei/ - Jake/dʒeik/ -Джейк
Kk /kei/ - Kate /keit/-Кейт
Ll /el/ - elbow /'elbəu/-шынтақ
Mm /em/ - ham /hæm/-ветчина
Nn /en/ - end /end/-соңы
Oo /əu/ - go /gəu/-жүру
Pp /pi:/ - pillow /’piləu/-жастық
Qq /kju:/ - queue /kju:/-кезек
Rr /a:/ - car /ka:/-көлік
Ss /es/ - blessing /'blesiŋ/- бата беру
Tt /ti:/ - Yeti /'jeti/- Йети
Uu /ju:/ - universal /ju:ni'vɛ:s(ə)l/-әмбебап
Vv /vi:/ - cavity /’kæviti/-қуыс
Ww/dʌblju:/ - BMW /bi: em dʌb(ə)lju:/–БМВ автокөлігі
Xx /eks/ - x-ray /’eksrei/- рентген
Yy /wai/ - lullaby /’lʌləbai/-бесік жыры
Zz /zed/ - zebra /'zebrə/ -зебра.
Ағылшынша сөздердегі дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуы және оқылуында өзіндік ерекшеліктер бар. Олар әрдайым алфавиттегі дыбысқа сәйкес келе бермейді. Солайша, Аa әріпі дәйім /ei/ болып оқылмайды. Мысалы, apple, cat, talk және т.б. Дауысты дыбыс қандай буында тұрғанына байланысты әріптің оқылуы өзгереді.
Ал латын әріптері біздің қазақ елінде әлі де болса пайдаланылып келеді десем жаңылмаймын. Мысалы: « математика» пәнінде формулалар латын әріптері арқылы жазылып келеді. Ал ағылшын тілінің бүкіл әлем бойынша ортақ түсінетін, ақпарат пен технологияны дамытуда үлкен орны бар. Ақпараттық технология заманында компьютер тілі латын тілі екені белгілі. Латын әрібін үйрену ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне жағдай туғызады. Жас ұрпаққа саналы да сапалы білім беруде жаңа әліпбидің алатын орны ерекше. Латын әліпбиіне көшу жаңалығының тиімділігінің бірі – ағывлшын тілі алфавиті мен латын әліпбиінің ұқсастықтары өте көп. Латын әрпі негізінен таңсық нәрсе емес, медицина тілінде де латын әріптері қолданылып келеді. Бұл жаңалықтың тиімділігінің бірі ағылшын тілі алфавиті мен латын әліпбиінің ұқсастықтары өте көп.
Ел ішіндегі аға буын ата-апаларымыз қалай оқиды, олар құжаттар толтыру мәселесінде қиындықтарға тап болмай ма деген сұрақтарға менің өз ойым:
Біріншіден аға буын ата-апаларымыз мен мектеп бітіріп кеткен жастарымыздың бәрі мектепте ағылшын , неміс тілдерін оқыған. Ал ол пәндерді оқыған адамдар үшін латын әрпі еш қиын емес, өйткені латын әрпімен неміс, ағылшын әріптері өте ұқсас.
Қазіргі уақытта компьютер, смартфон мен гаджеттерді бәрі пайдаланады, ондағы кейбір хабарламалардың өзі латын әріптерімен жазылып келеді. Сол хабарламаларды ағылшын алфавиті негізіне алып оқып түсініп отырады.
Екіншіден осы смартфон мен гаджеттерді пайдаланатын жастарымыз өзара хабарламалар жазу барысында қазақша кирилица әріпін пайдалана бермейді. Сол смартфон мен гаджеттерді енгізіліп қойған орысша алфавит пен ағылшын әріптерін қолданады. Мысалы «қалың қалай?» деген сөзді «калын калай», «не жұмыс істеп жатырсың» деген сөздерді «не жумыс истеп жатырсын» деп жаза береді, бұл дегенің таза тілдің шұбарлануы мен қазақ тілінің болашақта жойылып кетуіне апарары сөзсіз.
Ағылшын тілінің Word форматты компьютер клавиатураларындағы апострофқа (’) қатысты. Себебі апострофты диакритикалық белгі деуге мүлде болмайды, өйткені ол – ағылшын тіліндегі тәуелдік жалғауының немесе кейбір сөздердің қысқарып қалатын әріптерінің орнына қолданылатын, сондай-ақ клавиатура бетінде қолжетімді жерде жеке орналасқан толыққанды таңба. Сондықтан да бұл таңбаны (’) 1928 жылы қазақтың тұңғыш дипломаты Нәзір Төреқұлов өзі ұсынған қазақ/латын әліпбиінің нұсқасында жуан дауысты [а], [о], [ұ] дыбыстарының жіңішке сыңарлары ретінде, яғни Аа, Оо, Ұұ әріптерінің [ә], [ө], [ү] болып дыбысталуын қамтамасыз ететін ең ыңғайлы тетік ретінде қолданған болатын. Сондықтан әлгі таңба (’) қазақ/латын әліпбиінің стандарт нұсқасына қабылданар болса, Әлім, әзәзіл, өндіріс, өлке, үнемшіл, үндестік деген сөздердің латын графикасындағы сипаты Парламентке ұсынылған нұсқадағыдай, Aelim, aezaezil; oendiris, oelke; uenemshil, uendestik емес, A’lim, a’za’zil, o’ndiris, u’nemshil, u’ndestik болып таңбаланар еді.
Латын графикасының британдық нұсқасы 2500 жылдық тарихы бар латын әліпбиінің ең жетілдірілген үлгісі екенін естен шығармаған жөн және осы үлгіге негізделген заманауи компьютерлердің тұтынушыларға клавиатура аумағымен ғана шектелуге толық мүмкіндік беретінін ескерген абзал. Сосын, бұл тұрғыдан келгенде латын әліпбиінің ағылшын графикасындағы нұсқасы Президент назар аударып отырған ұстанымға да толық сәйкес келеді.
Латын графикасында бар болғаны 26 әріп бар және олардың 6-ы дауысты дыбыстардың, ал қалған 20-сы дауыссыз дыбыстардың таңбалары. Солай бола тұрғанмен, бүгінгі таңда, әлемнің жүздеген тілдерінен енген кірме сөздерді қоса есептегенде 1,5 миллион сөздік қоры бар жаһандағы ең бай тіл саналатын ағылшын тілінде 44 дыбыс бар. Өйткені латын әліпбиінің ағылшынша нұсқасындағы әріптер сөз ішінде тұрған орнына қарай, түрліше дыбысталады. Кейде жекелеген дауыссыз дыбыстарды таңбалау үшін екі әріптен тұратын диграф немесе үш әріптен тұратын триграф қолданылады. Сондықтан да, ағылшын графикасының орфоэпиялық ресурстарын шегіне жеткізе пайдалана білсек, олар қазақ тілінің төл дыбыстарын ғана емес, осы уақытқа дейін әлем өркениетінен қазақ тіліне еніп, сөздіктерімізде тіркелген немесе болашақта тіркелетін терминдер мен неологизмдердің құрамындағы дыбыстарды да бұлжытпай, дәл таңбалауға қауқарлы.\
Латын графикасына негізделген ағылшын тілі озық ғылым мен білімнің, заманауи инновациялар мен заманауи технологиялардың, халықаралық көлік пен логистиканың, халықаралық банктер мен қаржы жүйелерінің, халықаралық заңдар мен конвенциялар жүйесінің, миллиондаған халықаралық терминдердің, сондай-ақ мемлекет лидерлері қатынасатын әртүрлі халықаралық саммиттердің және ең бастысы Интернет пен ақпараттық коммуникация технологияларына негізделген миллиардтаған тұтынушылардың сұраныстарын санаулы секундтарда қанағаттандыратын Google, Yahoo cекілді заманауи іздеу жүйелерінің де, сонымен қатар бүгінгі таңдағы олимп басында тұрған цифрлы технологияның да іргетасы.
Ағылшын графикасындағы Y таңбасының қазақ/латын нұсқасында Ыы әріпі мен [ы] дыбысының баламасы ретінде ұсынылуын толық қолдай отырып, сол таңбаның, сонымен қатар дауысты дыбыстардың алды-артында [й] болып оқылатынына назар аударсақ, бұл ресурсты да пайдалануға болатынына көз жетеді. Мысалы, Ялта/Yalta; ядро/yadro; яғни/yaghnj; Ясауи/Yasawj, япырмау /yapyrmaw немесе қой/qoy; той/toy; тай/tay; бой/boy; жой/zhoy секілді мысалдар пікіріміздің дәлелді екенін байқатады. ағылшын/латын графикасында [f] дыбысы Ff таңбасымен де, PH (ph) диграфымен де таңбаланады. Алайда PH (ph) диграфы, негізінен, ағылшын тіліне грек тілінен енген philosophy/философия, phenomen/феномен секілді сөздерді таңбалау үшін қолданылады.
Ағылшын/латын графикасының және бір ресурсын, атап айтқанда, ew диграфының [ю] болып дыбысталатынын ескерсек, Нью Йорк қаласының ағылшынша атауын қазақ/латын графикасында да ешбір өзгеріссіз New York күйінде қалдыра беруге де болатыны көрініп тұр.Латын әліпбиіне көшу, ағылшын тілінің де қолданыс аясын одан әрі кеңейтеді. Бұрынғы Емлемізде шеттілдік сөздердің түп нұсқасы сақталуы басты орфографиялық талап болса, енді оларды қазақ тілінің ішкі табиғи ерекшеліктеріне бейімдеуге ерекше көңіл бөлінген. Сонымен бірге халықтың қазіргі жоғары сауаттылығына байланысты шеттілдік сөздерді көп өзгеріске түсірмей, халықаралық терминдер мен атаулардың тұрпатын сақтау арқылы жазу заңдылықтарын тым күрделендіріп жібермей, сол арқылы шетел тілдерін оқып- үйренуге де оңтайлы болу жағы ескерілгені байқалады. Мысалы, rejısor, valy`ta, dızaın, y`chılıshe, pıesa, fılm, sement, pa`rol, pitsa, komersıa, moderator.Ағылшын тіліндегі сөздің нұсқасында келген «w» әрпін қазақ жазуында «y`» әрпімен жазуды ұсынған: y`eb-saıt, y`atsap, y`ıkeıpedıa. Шетел тіліндегі танымал бренд, марка, тауар,т.б. атаулар түпнұсқа тұрпатында да, сондай-ақ қазақша игерілген түрінде де таңбаланатыны көрсетілген. Мысалы, Coca – cola / Koka – kola, Air astana /Eirastana.
2.3. Латын, ағылшын әріптері интернет пен IT технология ғылымдарының тілі
Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Латын әріптері графизация (әріп таңбалау) заңдылықтарына, яғни, «көру-қабылдау-тану» талаптарына да сай. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер, т.б латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Латын графикасын қолданатын барлық елдердің әліпбиіндегі әріп саны тілдегі фонемалар санынан әлдеқайда аз болуы да оның жетістігі болып табылады.
Ақпаратты белгілі бір алфавит
арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір ғана ақпаратты әр түрлі
әдістермен ұсынуға болады.
Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп
атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну және өңдеу әдістері
іс-жүзінде ақпараттың ұсынылу (кодтау) түріне байланысты.
Ақпараттың кодталуы (кейде оны шифрлау деп атайды) оның кері
кодталу (декодталу) процесімен тікелей байланысты. Кодтауға
қолданылатын алфавиттің әріптері неғұрлым аз болса, кері кодтау
құрылғысы соғұрлым қарапайым болады.
Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрлері – сөздер,
сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары – бәрі де
екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан, есептеу
техникасында 0 және 1-ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы
терминмен бит деп аталады.
Бит – ағылшын тіліндегі binary digit екілік таңба деген қысқарған
сөз. Ақпаратты осы екі таңбаның көмегімен кодтау оларды сақтау мен
жеткізу құрылғыларының нұсқауын мейлінше жеңілдетті. Екілік сандар
алфавитінің қарапайымдылығы оның есептеу техникасында кең тарауына
себеп болды. 0 және 1 белгілері төрт символды ғана таңбалауға
мүмкіндік береді: 00, 01, 10, 11 бұл — өте аз. Кез-келген мәтіндік
ақпаратты кодтау үшін, кемінде 200-ден астам символ қажет.
Сондықтан, символдарды кодтау үшін 8 биттен, яғни 8 екілік
таңбалардан тұратын тіркестерді (8 нөлдер мен бірлер) қолдану
қабылданған. 8 биттен тұратын кодты байт деп атаймыз. 1 байттың
көмегімен 256 символды кодтауға болады: 00000000, 00000001,
00000010, …, 11111111.
Егер алфавиттің әр символына белгілі бір санды сәйкестендіріп қойса (мысалы реттік номерін), онда мәтіндік ақпаратты екілік кодтың көмегімен кодтауға болады. Қазіргі компьютерлерде ақпарат ASCII (American Standart Codе for Information Interchange – американский стандартный код для обмена информацией) кодымен беріледі. ASCII коды АҚШ-тың (ANSI) американың стандарттық ұлттық институтында жасалған, бірақ оның 256 стандарт символдан тұратын бөлігі арнайы программаның көмегімен ұлттық алфавиттің символдарымен ауыстыруға болатындықтан басқа елдерде пайдалана алады.Қазақстанда құрамында кириллица символдары бар ASCII-ге алтернативті кодтау қолданылады. Онда үлкен және кіші орыс және латын әріптері, цифрлар, тыныс белгілер және арифметикалық амалдар және т.б. қамтылған. ASCII символының әрқайсысына 8 биттік екілік код (байт) сәйкес қойылған, бұл 256 әр түрлі символды кодтауға мүмкіншілік береді.Сонымен қатар, басқа да кодтау жүйелері бар: — 8 бит немесе 1bayt Windows 1251, KOI-8 және басқалары жоғарыда кодтау жүйесін Барлық бір таңбаны кодтау үшін пайдаланылады. 1991 жылы ол 16-биттік жүйесін Юникод (Unicode) ұсынылды. Бұл жүйенің әрбір өкілдік символы 2 байттан тұрады. Сонымен, егер адам текстік файл құрып және оны дискіге жазса, онда адамның енгізген әр символы компьютер жадында сегіз нольдер мен бірлердің жиынымен сақталады.
Тексті экранға немесе принтерге шығарғанда осы кодтарға сәйкес символдар бейнеленеді. Латын әліпбиінде әр түрлі диакритикалық таңбалар (нүкте, қос нүкте, сызықша, айшық, дәйекші, т.б), яғни қосымша белгілер арқылы көптеген елдің барлық фонемалары латынның 26 таңбасымен ғана белгіленуі жазу үнемділігін танытатын тиімді әліпби дәрежесіне жеткізіп отыр. Жазуға қойылатын басты талап лингвистикалық (тілді дәл жеткізу) бағытта ғана емес, техникалық жағдайларға (баспа ісі, компьютер, телефакс, интернет, т.б.) да сай болуы керек. Бұл мақаланың шығуына «Латын әліппеге көшудің техникалық мәселелері» атты физика-техникалық институтының жетекші ғылым қызметкері, ф.-м.ғ.к., С.Киккариннің еңбегі себеп болды, мақала 2006 жылы жазылған, техникалық тілде жазылу себепті, көп оқырманға жетпеген. Қазір латын әліпбиі осы талаптар биігінен де көрінеді, сондықтан оның бұл артықшылығын ескеріп, халық өз еркімен таңдауға мүмкіндігі болып тұрғанда әлемнің озық елдері игілігін көріп, көпшілігі қолдап отырған латын әліпбиіне біздің де көшкеніміз дұрыс деп білеміз.
Қорытынды
Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға қарыштап, өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келеді. Қуантарлығы бүгінде мектеп шәкірттері даярлық сынып, бастауыш сыныптардан-ақ ағылшынша үйренуде. Жастардың көбі ағылшын тілін жақсы меңгеруде. Әлеуметтік желілерде де ағылшынша жазатын жастардың дені күннен күнге артуда. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан, көп кешікпей көпшілік арасында кең таралып, ауқымы кеңейе түсетініне сенімдімін. Сондықтанда латын әліпбиіне көшуден қорқуға еш негіз жоқ деп ойлаймын. Шыны керек, қазіргі кезде көп адам латын әліпбиіне ағылшын тілі ретінде қарайды. Сонымен салыстырады. Алайда тіл мен әліпби - ол екі бөлек нәрсе. Тіл мен әліпбиді шатастырмау қажет. Ағылшын тілі бар, ал олардың әліпбиі латын графикасына негізделген. Француз тілі де солай. Қазақ тілі де өз алдына бөлек тіл. Ол да латын әліпбиіне негізделетін болады, бүгінде қазақстандықтардың көбі латын әліпбиін ағылшын тілімен салыстырып, бір жерде жоқ нәрсені екінші жерден іздейді. Оның да өзіндік себебі бар. Қазақстан xалқының 20 пайызы ағылшын тілін біледі. Сол себепті латын әліпбиіне ағылшын тілі деп қарайды. Біздің басты міндетіміз - қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толығымен қамту. Ол үшін ағылшын тіліне, француз тіліне қараудың қажеті жоқ. Біз латын әліпбиін алып, соған қазақ тілін бейімдеуіміз керек.Латын тілі – бұл әлемдегі ең дамыған ғылыми және әдеби туындылар тілі.
Латын әліпбиіне көшу – тілдік ерекшелігімізді сақтау, әлемдік интеграция, ақпарат алу мүмкіндігіміздің артуына серпін болатындығы анық. Біз латын әліпбиіне көшу барысында не ұтамыз, латын әліпбиі бізге не береді десек, тіл жанашыры ретінде латын тіліне деген өз көзқарасымды білдіріп, төмендегідей жіктеймін: Ең алдымен, болашақ жастарымыздың тіл тазалығы, қазіргі әліпбиіміз бен жазуымыздағы халықтың өз еркімен қалап алмаған, кешегі бодандық жүйенің өктем саясатының әмірімен күшпен таңылған кейбір кірме әріптерден арылып, таза казақ әліпбиін калыптастыру бағытындағы игілікті қадам деп түсінеміз.
Сондықтанда тіліміздегі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Ұрпағымыз таза ана тілінде, латынша ғаріптермен сауатты жазуға үйренеді. Екіншіден, латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Қарапайым ғана мысал келтірер болсақ, қазір ұялы телефондарымыздың өзінде латын қарпінде жазу оңай, ал кириллицада қазақшаны тере алмай қиналып жататынымыз бар.Себебі, латын әліпбиінің базасы қалыптасқан, әрі ауқымы кең. Болашақ ұрпағымыз ақпараттық коммуникативтік технология саласында латын тілін жетік меңгеріп, интернет желісінде латын әліпбиін қалыптастырады. Жастар арасында жүрген жаргон сөздер азайып, қаймағы бұзылмаған ана тіліміз қайта дамып, ғарыштайды. Тіл байлығы сақталады. Үшіншіден, бүгінгі таңда кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен.Ал қалған мемлекеттердің көбі толықтай латын әліпбиіне көшкен. Түбі бір түркі дүниесі негізінен латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.
Ол-табиғи іс. Сондай-ақ бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақтар тұратынын ескерсек, солардың 80 пайызы латын әліпбиін қолданатын көрінеді. Демек, біз болашақта латын әліпбиіне көшер болсақ, сол қандастарымызбен жақындаса түсеміз. Түсіне білген қоғам үшін мұның да маңызы зор екенін атап көрсеткім келеді. Түркі халықтарының арасында бауырмалдық, туыстық, мәдени араласу, ана тіліміздің дәрежесінің жоғарылауы жүзеге асқаның көреміз. Қазақта «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді», – деген әдемі сөз бар. Бүгінде тұтас ел болып талқылап жатқан еліміздің жаңа әліпбиіне қатысты пікірлер тоғысына әрбір азаматтың жанашырлықпен қарап жатқаны менің жүрегімде қуаныш сезімін ұялатады. Бұл біздің қоғамның ел ертеңі үшін бей-жай қарай алмайтындығын білдірсе керек. Латын қарпі біз үшін таңсық емес. Өйткені, кезінде сол әліпбиде алдыңғы буын ағалар жазған, оқыған. Маған ұнағаны – әр әріптің өзінше дербес таңбаланғаны. Бұрынғыдай қосарланған әріптер жаңа ұсынылған қаріпте жоқ.
Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.Жастарымыздың болашағы айқын, мақсаты бір! Дамыған, ғарыштаған, рухани жаңғырған Қазақстан елінде латын тілін дамыту баршамыздың міндетіміз. Мен латын әліпбиін қолдаймын!
Түсінік хат
Ағылшын әріптері мен латын әріптерінің ұқсастықтары мен маңыздылығын
пайдалану мемлекеттіліктің іс жүзінде барлық бағыттарын қозғайтын маңызды қажеттілігі болып табылады. Ғасырлар бойы графиканы өзгертудің бір маңызды себебі қазақ дыбыстық ауқымының кейбір элементтерінің айтуы ерекшелігі болғандықтан белгілі бір алфавитті таңдауды қиындатты. Араб, латын немесе славян графиктерін пайдалана жүріп және пайдалану үшін қазақ халқының ғалымдары, әйгілі тұлғалары мен қайраткерлерінің арасындағы талай уақыт бойы келіспеушілік пен пікірталас сүйемелдеуін+098е пайда болды. Уақыт талаптарына байланысты, латын әріптері мен ағылшын тілінің ұқсастықтары, айырмашылықтары мен маңыздылығы дәлелденіп жатыр. Әдістемелік құралда осы процестің негізгі мәселелері қарастырылады.
Әдістемелік құралдың болжамы: Латын тілінің елімізде күннен-күнге дамуы, латын әліпбиіне кезең-кезенмен көшуі.
Әдістемелік құралдың кезеңдері: Әдістемелік құралдың мақсатын тақырып ерекшелігіне байланысты терминология, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Әдістемелік құралдың әдістері: Әдістемелік құралдың мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Әдістемелік құралдың негізгі нысанасы ретінде латын әліпбиі, ағылшын әріптері алынды
Әдістемелік құралдың жаңалығы: Әрбір қазақстандықтың латын тілін сауатты меңгеруі өмір қажеттілігі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері // «Егемен Қазақстан» газеті. – 18.01.2019.
2. Жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын реформалау: теориясы мен практикасы. Ұжымдық монография. Жалпы ред. басқарған А.Фазылжанова. – Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2016. – 560 б.
3. Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және болашағы. – Алматы: Арыс, 2007. – 410 б.
4. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). – Астана: Елорда, 2000. – 532 б.
5. Уәлиев Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері: филол.ғ.к. ... дисс. – Алматы‚ 1993. – 162 б.
6. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту орталығы, 2010. – 380 б.
7. Күдеринова Қ. Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы. – Алматы: 2005. – 144 бет.
8. Әміржанова Н. Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының графикасы мен орфографиясы (1929-40 жж.): филол.ғ.к. ... дисс. – Алматы‚ 2010. – 142б.
9. Байтұрсынұлы А. Дыбыстарды жіктеу туралы // Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі‚ 1992.
10. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым‚ 2010.
11. Байтұрсынұлы А. Емле туралы // «Еңбекші қазақ» газеті. – 27.03.1929.
12. Шонанұлы Т. Шет сөздердің емлесі жайында // «Еңбекші қазақ» газеті.
13. Базарбаева З. Некоторые аспекты реформирования казахского алфавита на основе латинской графики // Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және болашағы. – Алматы: Арыс, 2007. – 410 б
14. Досанова А.Ж. Латын әліпбиі негізінде сауат ашу әдістемесі: пед.ғ.к. ... дисс. – Алматы: Абай ат-ғы ҚазҰПУ, 2009. – 166 б.

