400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Кері байланыс туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНУ

Акшалова Ақбота Болатқызы

botashkaaaaas@gmail.com

«Шет тілі:екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 4курс студенті

М.Өтемісов атындағы БҚУ, Орал, Қазақстан

Қазіргі қоғамымызда белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін алған білімнің сапалы да жүйелі болғаны дұрыс. Соныдықтан білім беруші мұғалімге де,білім алушы оқушыға да ізденіс пен шығармашылықта жқмыстану талап етіледі. Мұғалімдер үнемі даму үстінде болып,жаңашылдықты зерттеп отыруы керек.

Кері байланыс дегеніміз не?

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады. Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда  reflexio- кейінге  айналым мағынасын  білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда енгізген. 

Мұғалім рефлексия арқылы алынған нәтиженің  «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдеп, қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімді не тиімсіз болғанын анықтап, орындалған іс- әрекетін  зерделейді. Ең алдымен, мұғалім кері байланыс жасауға оқушыларын дағдыландырып алу қажет. Сонда ғана бұл  оң нәтиже береді. Оқушылардың ой-өрісінің  дамуы оқу үрдісі  кезінде болады, ол оқушының өз бетімен толықтыруы мен өзін-өзі дамытуды қамтиды. Оқушы  білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді бола алады. Қолайлы оқу  үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан  кері байланыс жүргізілуі тиіс. Ашық сауалдар, оқыту міндеттерімен  алмасу сияқты  әдістер  оқушылардың өз  біліміне  белсенді қатысу қабілетіне  әсер етеді. Оқушылар  жұппен де, өз беттерімен де  өз білім деңгейлерін  бағалауға және оған жеткенін түсінуге мүмкіндіктер бар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі