Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама "Ағылшын тілін ерте жастан оқыту"


Жоспары: 
I.Кіріспе бөлім.

«Баланы ерте жасынан шет тіліне үйретудің маңызы»
II.Негізгі бөлім.

2.1Шетел тілін ерте жастан оқыту мәселелері.
2.2. Шетел тілін бастауыш сыныптан оқыту тиімділігі.
2.3. Ағылшын тілін үйренуге қызығушылығын ояту.
2.4. Оқушылардың оқу, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.

III Қорытынды бөлім.
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың тиімді жақтары.

Ағылшын тілін ерте жастан оқыту
Сапарова Дания 
Махамбет ауданы Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі

Ағылшын тілін ерте жастан оқыту бүгінгі танда өзекті мәселелердің бірі 
болып саналады, себебі Қазақстан Республикасының шет елдермен саяси, 
экономикалық, әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастары күннен-күнге даму үстінде. 
XXI ғасыр мектебі түбірлі өзгерістерді талап етуде.Ағылшын тілін білмеген адамға жаңаша өмір сүру мүмкін емес екендігін шынайы фактіге айналып отыр. Мемлекеттік деңгейде бұл факт өзінің Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында анықталған. Тұжырымдамада «Білім берудің деңгейлері мен мазмұнында орта білім беру елдің үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны ретінде жұмыс істейді. Орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, қабілетін дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген.Яғни,мемлекетіміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасында басым бағыттардың бірі ретінде шетел тілдерін оқыту атап көрсетілген. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 2013-2014 оқу жылынан бастап мектебімізде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 сәуір №115 қаулысына сәйкес ағылшын тілін 1-сыныптан бастап оқытып келеміз.
Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап,әлемдік ғылым құпияларына үңіліп,өз қабілетін таңытуына мүмкіндік алады. Осы орайда мектептердің үш тілде оқытуды қолға алудағы негізгі мақсаты-бірнеше тілді меңгерген,жан-жақты білімді,бәсекеге
қабілетті,мәдениетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»,-деген болатын.Сондай-ақ, 2020-шы жылға қарай биология, химия сияқты негізгі пәндер ағылшын тілінде оқытылмақ. Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, баланы 1-ші сыныптан бастап үш тілде оқыту жаңа заманның талабына,сұранысына сай болмақ. Сондықтан баланы ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу қажет.
Ағылшын тілін ерте жастан оқытуда алатын орны мынадай деп ойлаймын:
1. Достық қарым-қатынас нығая түседі.
2. Ағылшын тілін тыңдап түсінеді.
3. Ойлау қабілетін дамытады.
4. Жеңіл мәтіндер мазмұнын сөздіксіз, суретпен сипаттау арқылы түсіне алады.
Осы мақсатта ағылшын тілін үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың есте сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда.
Алайда, 1-ші сыныптан бастап балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырамыз. Оқыту әдісінің бастапқы кезеңінде сұрақ-жауап әдісі қолданылады, себебі диалог балаларды қарапайым ауызша сөйлеуге үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, тыңдай отырып ұғынуына және өз ойын жеткізе білуіне үйретеді. Балаларды алғашқы оқыту сатысында сөзді жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру, өлең және т.б. қолданылады. Бұл жаттығулардың мақсаты балалардың өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан ауызша сөйлемдерді енгізген кезде He has a… This is a…деген сияқты сөз тіркестерін балалар игеріп қана қоймай тез ұғып алып, ұғымдарды дұрыс қолдана алатындай етіп жүргізу қажет. Сондай-ақ, ерте жастан оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ болады. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады.Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз дамыған тұста ағылшын тілі сабағында балалардың коммуникативтік, танымдық және басқа да белсенділіктерін, оның еркіндігімен, өзін-өзі шығармашылық тұрғысынан көрсетуге деген қабілеттілігін арттыру жолдарына баса назар аударуымыз қажет.
Бастауыш сынып табалдырығында оқушының оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілі мен ауыз-екі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінде мазмұндауға үйрету, жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс-әрекеттерін әңгімелеуге үйрету. Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін ұстаз ерінбей еңбек ету нәтижесінде жете алады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 1-сыныпта ағылшын тілін оқытуда авторы Джейн Перрет оқулығын пайдаландым. Оқулықпен бірге жұмыс кітабы бар. Оқулық оқушыларға ұнады. Түрлі-түсті суреттері мен тақпақ, қысқа өлеңдер шумағы музыкасымен берілген. Мұндай жаттығулар оқушының есте сақтау қабілетін дамыта түседі. Осы мақсатта 1 дискіде тұратын фонетикалық, грамматикалық және музыкалық аудиокурс тыңдалып отырды. Сонымен қатар тілді оқып үйренуде айтарлықтай қиындықтар тудыратын ағылшын тіліне тән дыбыстарын дұрыс айту дағдыларын қалыптастыруды әрдайым жалғастыра жүргізіп отыру тиімді. Бұл тәсілде Валентина Скультэнің «Английский для детей» оқу-әдістемелік көмекші құралын пайдаландым.
Өзімнің шығармашылық тақырыбым бойынша жұмысымның келесі бағыты сыныппен жұмыста орын алады. Енді мен 1-сыныптарда ағылшын тілі сабағында қолданылған кейбір ойындарға тоқталып кетпекпін. Төменде өзім сабақ беріп жүрген 1-сынып оқушыларына дайындаған шағын ойын түрлері 
көрсетілген.
«Ойын бала қанының азығы» деп С. Торайғыров айтқандай бастапқы этапта ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол — ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады.

Ойын дегеніміз:
1. іс-әрекет (тілдік)
2. зорлықтың, қыстаушылықтың жоқтығы
3. жеке адамға ғана тән іс-әрекет
4. коллектив арқылы тәрбиелеу және білім беру
5. баланың психикасын, ой-өрісін дамыту
6. қызықтыра отырып үйрету

Ағылшын тілінде жұмбақтар, кроссвордтар, байқаулар түрінде де, лингвистикалық ойындар, қолғап ойыншықтар, жануарлар, көкөністер т.б. түрінде де ойналады. Шетел тілін үйрету ойынының мынадай түрлері бар:
1. грамматикалық ойындар
2. фонетикалық ойындар
3. лексикалық ойындар
4. орфографиялық ойындар
5. рольдік ойындар
1.What’s in the bag? Сумкада не бар ойыны.
Мұғалім алдымен балаларға бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды. Балалар сумкада не бар? Балалар ішінде дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында қолданса болады. Әсіресе жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолдануға болады. Мұғалім сумканың ішіндегі заттармен таныстырады. Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан What’s this? Сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы: Pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке қайталатады. Сөздерді ұмытпау керек. Сосын оқушыларға сумка ішіндегі заттарды таратып беріп,оқушылардан осы заттарды мына сұрақ арқылы сұрауға да болады.Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? Жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек.Оқушылар тапса Janar has a pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, сөздік қорлары молайып, есте сақтау қабілеті артады.
2. B - bread, bag, boy. - Ойыншықтар аузы байланған қалтада. Ойынның мақсаты оқушылар қалтаның ішіндегі ойыншықтарды қалтаның сыртынан сипау арқылы табу керек.
3.Бұл ненің иісі?Бұл ойын үшін тамақ түрін,көкөністер мен жемістер,гүлдер қажет.Ойынға қатысушының көзі орамалмен байланып,берілген тамақ түрлерін оған иісін сезуге болады.Ал ойыншы сезген иісінің неге тән екенін табуы тиіс.
-It is an orange.
-It is a cake.
Ағылшын тілі сабағының әр кезеңінде ойын элементтерін пайдалануға болады. Мысалы: сабақтың басында ұйымдастыру бөлімі кезінде алынатын фонетикалық рифмовка алған кезде, ал кәне кім мына өлеңді бірінші жаттап алып, маған айтып берер екен деп жарыс ойынын ұйымдастырса және эстафета таяқшасын дайындап алып барып, оны алда отырған оқушыға берсе, ал оқушы өлеңді айтып болып, келесі оқушыға берсе, балалар жарыса отырып өлеңді қалай жаттап алғандарын байқамай да қалады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Ойын арқылы баланың өтіп жатқан тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендігі байқалады.Ойын үстінде сөйлемейтін, нашар оқитын оқушының өзі өзін жан-жақты көрсеткісі келіп, сыныптастарымен, ұстазымен қарым-қатынасын жақсартады, сөйлеу дағдысын байқатады. Ойын баланың жеке ерекшелік қасиеттерінің дамуына, ішкі жан дүниесінің жаңаруына, пәнге деген қызығушылығын оятады. Ойын оқушының байқампаздығын жетілдіреді, тілді білуге деген құмарлығын арттырады. Осыдан да ойын араласқан сабақтың жаңа түрін ойлап табу мұғалім шығармашылығын талап етеді.
Ойындар оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып ынтымаққа, бірлікке баулиды. Баланы оқыту, балаға берілетін білімнің сапасын арттыру, сабақтың жаңа заманға сай жаңаша сипатын күшейте түсу, оқушының пәнге сүйіспеншілігін дамыту әр пән мұғалімінің біліміне, ізденімпаздығы мен шеберлігіне байланысты. Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуды ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ағылшын тілін үйретуде алғашқы кезде балалардың көздерімен көріп, құлақпен тыңдау арқылы - тыңдау мен сөйлетуге үйрету керек. Түрлі - түсті суреттерді іліп, ауызша оқылуын айтып бала әріпті танымаса да сурет астына оқылуын жазу керек. Сабақ процесінде ойын пайдаланылған кезде баланың миында Не істеймін? Қалай айтам? Қалай жеңем? деген сұрақтар тұрады. Шет тілін нашар білетін бала ойын басқалармен бірдей үйретіліп жатқан тілде сөйлеп, мен де басқалармен бірдей екенмін ғой, мен де біледі екем деген ойда болады. Психологтардың айтуы бойынша бастауыш сыныптардың балалары ойын іс-әрекетінен оқу іс-әрекетіне көшеді. Дегенмен, ойынның маңызы бұл жаста мол. 6-7 жастағы балалардың қызығушылығы мол, жаңа тақырыпты қабылдағанда әдемі, қызықты заттарға назар аударады, бірақ олардың назары тұрақсыз болып келеді. Балалар 2-3 минуттан астам әңгімесін тыңдай алмайды, сондықтан сабақ түсіндіргенде сұрақ-жауап тәсілін қолданған жөн. Бастауыш сынып оқушылары ұзақ отыра алмайды,тез шаршағыш болады, сондықтан 10-15 минут сайын ойындар, қимыл іс-әрекет жаттығулар өткізген жөн. 
Үй ішіндегі бұйымдарға немесе кабинеттегі бар заттарға, мысалы есікке DOOR, терезеге WINDOW, тақтаға BLACKBOARD, қабырғаға WALL, гүлге FLOWER - деп жазып іліп қойса, оқушы есікті т. б заттарды көріп тұрып, оны қалай аталатындығын көреді, естиді, сонымен бірге әріпті танымаса да сөздің қалай жазылатындығы көзбен көру арқылы баланың есінде қала береді. Осыған орай, күнделікті сабақта әр түрлі ойын түрлерін пайдалану оқушыларға өте қызықты болды. 
Сонымен бірге, оларды ағылшын тіліне қызықтыруда «The little red riding hood» тақырыбында қойылым көрсету маңызды орын атқарды. Олар сахнада өздерін еркін ұстауымен, жақсы ойнауымен қойылымды тамаша қойып шықты. Тілді меңгерту мақсатында өзім өткізген қойылымды ұсынып отырмын.
Theme:Little Red Riding Hood
Mother
Granny
Wolf
Hunter 1
Hunter 2

Қойылым 1
LRRH: Hello, dear teachers, parents and children!
My name is Little Red Riding Hood. I’m glad to see all.
Mother: Little Red Riding Hood! Little Red Riding Hood! Where are you?
LLRH: I’m here, mum! What’s the matter?
Mother: Little Red Riding Hood, today is your Grandmother’s birthday. Take a cake, some apples and a jug of honey and bring it to her.
LRRH: All right, Mother!
Mother: Don’t speak to anybody on the way. Don’t stop in the wood. And don’t pick any flowers or mushrooms there!
LRRH: Ok, ok, Mother, dear! Good bye!
Mother: Good buy, darling.
Song “Let Us Sing Together”

Қойылым2
LRRH: How wonderful it is in the wood! There are so many green trees, beautiful flowers and mushrooms! I’ll pick some flowers for my granny!
Wolf: I’m big and I’m grey. I live in the wood. I want to eat Little Red Riding Hood!
(
қызыл телпек келеді)
Wolf: Good morning, Little Red Riding Hood! 
LRRH: Good morning, Mr Wolf!
Wolf: Where are you going, Little Red Riding Hood?
LRRH: I’m going to my Grandmother. It’s her birthday today. I’m carrying a cake, some apples and a jug of honey to her.
Wolf: Where does she live, your Grandmother?
LRRH: She lives in a little house in the wood near the river.
Wolf: Is it far from here?
LRRH: No, it isn’t.
Wolf: Well, good bye, Little Red Riding Hood!
LRRH: Good bye, Mr Wolf!

Қойылым 3
Song “I Like Food”
(
есік соғылады)
Granny: Who is there?
Wolf: It’s me, Little Red Riding Hood!
Granny: Come in, darling!
Қойылым 4
(
Қызыл телпек келіп,есікті соғады.)
Wolf: Who is there?
LRRH: It’s me, LRRH.
Wolf: Come in, dear!
LRRH: Good morning, Granny!
Wolf: Good morning, LRRH!
LRRH: Many happy returns of the day!
Wolf: Thank you, my dear!
LRRH: What big eyes you have, Granny!
Wolf: The better to see you, my dear!
LRRH: What big ears you have, Granny!
Wolf: The better to hear you, my dear!
LRRH: What big teeth you have, Granny!
Wolf: The better to eat you up!
(
Қасқыр қызыл телпекке жабысады.)

Қойылым 5
(
Осы уақытты әжесі аңшыларға қоңырау соғады)
Hunter1: 911. Speak!
Granny: Help me, please! The Wolf is here! He wants to eat me up! Help me!
Hunter2: Don’t worry. Stay calm.
Hunters: We are coming!
Song “When All The Hunters…”
(
Аңшылар келіп,қасқырды ұстайды.)
Granny: Oh, thank you very much!
Hunters: It’s really nothing!
LRRH: Thank you!
Song
Әрине,мұндай шараларда көптеп,қызықты әрі түрлендіріп өткізуге болады.
Мұндағы жеткен жетістігім мынадай:
Оқушы сабаққа белсене араласады.
Ой өрісі кеңейе түседі.
Сабаққа қызығушылығы артады.
Өз ойын толық жеткізе алады.
Жетістіктерімізбен қатар қиыншылықтарымыз да бар дер едім. Қашан да жаңа бастаған істе көптеген кемшіліктер болары анық. Көш жүре келе түзеледі дегендей қателіктерді болдырмау мақсатында жұмыстар жасаудамыз
Ашық сабақтар өткізіп, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырып, ағылшын тілі мұғалімдері бір-біріміздің сабақтарымызға кіріп тәжірибе алмасудамыз.
Соның дәлелі ретінде 1-сыныпта өткізілген ашық сабағымды ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Letter L
Мақсаты: Жаңа сөздермен танысу, L - әріпі
Сабақтын міндеті: Жаңа сөздерді еңгізу: sad, happy, cross. L - әріпі, сол әріптен басталатын сөз - lion.Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіскестері және сөйлемдер құрату арқылы сөйлеу тілін дамыту. Грамматикалық тұлғада жүйелі түрде сөйлемді толық, анық айтуды меңгерту
Әдіс-тәсілдер: CD, түрлі-түсті қарындаш, оқулықтар, дәптерлер.
Сабақ лексикасы:sad - мұнды, happy - бақытты, cross – ашулы, lion - арыстан.
Оқу іс- әрекетінің барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.Cәлемдесу, оқушыларды түгендеу,
o
қушының назарын сабаққа аудару.
ІІ.Өтілген әріпті еске түсру. K k – kangaroo, Don’t have.
III.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
1.C
урет бойынша мұғалімді тыңдап , жаңа сөздерді бірнеше рет қайталаймыз
sad -
мұнды, happy - бақытты, angry – ашулы.

2.
Суреттерді аяқтап сал

ІV.Жаңа әріппен танысайық,L l - әрпінен басталған,
және боя Lion – aрыстан,
Ақырған алыстан.


Кішкентай торайдың қандай көңіл- күйде тұрғанын айт. Шарларды аяқтап сал.

V.C
ергіту сәті. Ормандағы аюдың құлпынайы көп екен,
Теріп,

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.05.2019
504
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12