АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ
КӨРНЕКІЛІК ПРИНЦІПІНІҢ РӨЛІ
Алматы қаласы Алатау
ауданы
№152 мектеп -гимназия
Ағылшын тілі пәні
мұғалімі
Жусупова Актоты
Жомартовн
Ағылшын тілі сабағында көрнекілік әдісін қолдану
аталмыш тілді тез меңгерудің бірден бір тиімді әдістерінің бірі.
Бұл мақалада көрнекілік туралы мағлұмат беру, сабақ барысында
көрнекілік әдісін дұрыс қолдану, оның пайдасы мен одан шығатын
қорытындыны және оны қолданудың қызықты да қолайлы жолдарын
қарастырмақпыз. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы
барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан
үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және
бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін
технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу
сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану
тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде.
Елімізде білім беру саласында қазір
демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда. Шетел тілі ана
тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана
жетілдіріп 10 қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен
қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді. Қазіргі таңда халықаралық
қатынастардың күшеюі мен шет тілін меңгерген білікті мамандардың
қажеттілігіне байланысты тек әдіскер, педагогтар мен психологтардың
тарапынан ғана емес, сонымен қатар қоғамның тарапынан шет тілін
ерте жастан оқытуға деген қызығушылық арта түсті.
Шет тілін ерте жастан оқыту – баланың дүниега
келген кезден бастап мектепке барғанға дейінгі
интуитивті-тәжірибелік негізде жүретін оқыту. Шет тілін оқыту
әдістеменің бір тармағы ретінде ХІХ ғасырда дами бастады. Бұл кезде
балаларды ерте жастан шет тіліне оқыту Ресейде кеңінен таралды.
Кейбір ақпараттарға қарайтын болсақ, Ресейде ХІХ ғасырда бір емес
үш шет тілінде: ағылшын, француз, неміс тілдерінде сөйлей алатын
балаларды кездестіруге болатын.
Шет тілін ерте жастан оқыту мәселесі
педагогикалық баспа басты назарында болды және №1 бөлім №4 (124),
сәуір 2023 жыл орыс журналдарының, сонымен қатар К. Д. Ушинский, Е.
Водовозова, Е. И. Тихеева сияқты әдіскерлердің педагогикалық,
психологиялық, әдістемелік әдебиеттерінде талқыланды. Бұл —
балаларды ерте жастан оқыту әдістемесінің қалыптасу кезеңі болып
есептелды. Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Мектепке дейінгі жас ағылшын тілін оқытуға өте
қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау
қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін,
тіл «құпияларын» байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде
берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы кері айтып
бере алады.
Балалардың жасы қосылған сайын мұндай факторлар
өзінің күшін жоғалта бастайды. Зерттеу жұмысының пәні – балаларды
ерте жастан ағылшын тіліне оқыту әдістемесі. Зерттеу жұмысының
мақсаты –балаларды ерте жастан шет тілін оқытуға деген тұрақты
қызығушылықты қалыптастыру, осының негізінде баланың
интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
Зерттеу жұмысының мақсатына сай мынадай міндеттер
алға қойылды:- ағылшын тілін оқытуда ынта деңгейін көтеру;-
мектепке дейінгі балалардың білімін тереңдету;- балаларды сөйлеу
қабілетін дамыту;- сөздік қорды кеңейту;- ағылшын тілінде сөйлейтін
елдер туралы қосымша ақпарат беру. Зерттеу жұмысының теориялық
негізін Асеев В. Г., Бим И. Л., Вайсбурд М. Л., Толстиков С. Н.,
Витлин Ж. Л., Даниленкова Г. Г., Зимняя И. А., Сахарова Т. Е.
сияқты әдіскер ғалымдардың жұмыстары мен мақалалары
құрайды.
Шет тілі сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану
өзекті мәселелер болып қала бермек. Қазіргі таңда адамзат шексіз
қоғамға ұмтылу барысында, әлем халықтарының мәдени мұрасы мен
рухани құндылықтарына баулуға ұмтылу кезеңінде, шет тілін білу
мәдениетаралық қарым-қатынастың қуатты құралы ретінде қажеттілігі
мен беделі артты. Сондықтан бүгінгі күні шет тілдерді оқытуда
көрнекіліктерді қолдану кеңейді аумағы айтарлықтай және қолданатын
құрал саймандары күрделенді: ымдау мен қозғалыстардан, суреттер мен
заттардан видеофильмдер күрделі компьютерлік бағдарламалардың
көмегімен мұғалім сабақта және сабақтан тыс жұмыста объективті
шынайы өмірден үзінділер көрсетуге мүмкіндігін алып отыр. Төртінші
және бесінші курста тәжірибе кезінде қолданған ағылшын тілінен жаңа
ОӘҚ құрамында көптеген иллюстрациялық материалдар бар, олар
мұғалімге қолдануға көптеген мүмкіндік береді.
Қазіргі кезеңде шет тілін оқытуда басты
басымдылық бағыты коммуникативті әдіс, оның мақсаты қарым қатынас
біліммен, дағдылармен, тәжірибемен пайдалы және қажетті ақпаратпен
бөлісу арқылы іске асырылатын субъектілердің өзара әрекеттері.
Сондықтан орта мектептің шет тілі мұғалімінің басты міндеті:
оқушыларды тілді білуге және қолдануға үйрету. Қарым қатынас
орнатуда басты факторы: сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда шет
тілде сөйлеу қажеттілігі, өйткені уәжділік бұл үдерістің ерекшелігі
болып табылады. Қазіргі таңда орта мектептерде коммуникативті
әдістер аясында ағылшын тілін оқытуда бастауыш, орта, жоғарғы
кезеңдерде оқушыларды уәждеудің бірнеше тәсілдері бар. Оның пайдалы
және тиімді әдістерінің бірі көрнекілі материалдарды қолдану,
өйткені ол тілде сөйлеуге ықпал етеді. Қазіргі таңда шет тілін
оқытуда үдерісінде коммуникативтік маңызды роль атқарады және жаңа
ӘМҚ коммникативтік негізінде жасақталған. Коммуникативті оқыту
әдісі коммуникация үдерісінің моделі болып табылады, оның мақсаты
ақпарат алмасу үдерісінен сөйлеуге қарым қатынасқа қатысушыларды
итермелеу.
Коммуникативті ынталандыру субъектінің объективті
шындықпен өзара әрекеттестігі негізінде туындайды, ол ойын білдіру
қажеттілігін тудырады, яғни, коммуникативтік ынталандыру оқушының
ойлау белсенділігінің мазмұнымен байланысты. Бұл мазмұн қаншалықты
қарқынды болса, оның мәнінің қажеттілігін қарқыны соншалықты.
Әңгімелесуге деген ниет адамның қарқынының арасында жиі орын алады,
олар оны бірлескен тәжірибелік әрекетке шақырады. Шет тіліне
осындай оқыту әдістері көрнекілік ретінде қарым қатынасқа
итермелейді. Шет тілі сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда
ситуациялық ынталандыру орта оқу орындарының оқушыларында
әнгімелесу қажеттілігін тәрбиелейді, ынталануға дайындық жағдайын
туындатады, ол бөгде тілдерді үйренуде басты фактор болып
табылады.
Коммуникативтік ынталандырудың деңгейі шет тілі
бойынша оқу үдерісін ұйымдастырумен байланысты емес, дегенмен, ол
ситуативті ынталандырудың фоны болып табылады, оның деңгейі
мұғалімнің тілге қалай үйрететініне, сөйлеу жағдайларын қалай
жасайтындығына, сыныпта және сабақтан тыс жұмыстарда қандай
әдістерде қолданылатынына, тақырып бойынша қандай жаттығуларға және
қосымша материалға қатысты қолданылатынына
байланысты.
Ситуативті ынталандыру орта мектептің оқушылары
арасында қарым-қатынас жасау қажеттілігін тудырады, қарым-қатынасқа
сәтті қатысу, ауызша серіктестікті құру үшін өте маңызды болып
табылатын тұрақты мотивациялық дайындықты қалыптастырады.
Коммуникативті ынталандыру - оқушылардың шет тіл сабағында және
одан тыс жерлерде қарым қатынасқа ынталы қатысатындығын қамтамасыз
етудің тәсілі, ал объективті шындық қарым қатынас қажеттілігін
тудыратын негіз болып табылады. Қарым қатынас жасауға үйретпей,
сөйлеу қарым қатынасына шет тілі сабағында жағдай жасамай, сөйлеуге
үйрету болмайды.
Қатынас - адамдардың бір-бірімен байланыс
ретінде, сондай-ақ олардың өзара түсіністігі ретіндегі ақпараттық
үдеріс ретінде де өзара әрекеттесу процесі ретінде әрекет ете
алатын күрделі және көп қырлы процесс. Қатынастың үш функциясы бар:
11 Шетел тілі когнитивтік, эмоционалды және тәрбиелік. Қатынас
дағдыларын дамыту тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу арқылы өтеді. Сөйлеуді
үйренудің ерекше белгілерінің бірі және ол арқылы ауызша шет
тілінде қарым қатынас жасауға ынталанушылық болып табылады.
Ынталандырудың негізінде қажеттілік жатыр, ал коммуникативтік
ынталандырудың негізінде қажеттіліктің екі түрі жатыр: адамға тән
қасиет ретінде қатынас қажеттілігі (жалпы коммуникативтік
ынталандыру), және нақты осы сөйлеу амалын жасау қажеттілігі, осы
сөйлеу ситуациясына қосылу қажеттілігі (ситуативтік
ынталандыру).
Ситуативтік ынталандырудың деңгейі, атап
айтқанда, сөйлеу жағдайларын қалай материалды құратынымызды,
пайдаланатынымызды, қандай техниканы және т. б. қалай
оқытатындығымызбен шешуші дәрежеде анықталады. Ситуативтік
ынталандыру оқушыларда шет тілі сабағында және сабақтан тыс уақытта
қатынас қажеттілігін тәрбиелейді. Сабақта және сабақтан тыс уақытта
шет тілі мұғалімдері оқушылардың сөйлеуін дамыту үшін оқушылардың
табиғи қарым-қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқытуды
ситуативті ұйымдастыруды қолданады. Осындай коммуникативті жағдайды
қалыптастырудың тәсілдерінің бірі болып көрнекілік құралдарды
қолдану болып табылады.
Әдістемелік әдебиетінде көрнекілік шет тілін
оқыту үдерісінде тірек ретінде қарастырылады, оның көмегімен оқыту,
оқушылар қабылдайтын нақты заттарға, құбылыстарға, бейнелерге
негізделеді. Көрнекілік - бұл сөйлеу қызметін түсіндіруге,
ассимиляциялауға және пайдалануға көмектесу үшін арнайы
ұйымдастырылған лингвистикалық және экстравингвистикалық материал.
Көптеген мұғалімдер визуальды семантизациялау әдісімен шет тілін
үйретеді, егер сөздің мағынасы аударма емес, түсіндіру арқылы
түсіндірілсе, бұл сөзбен көрсетілген сурет немесе суретті бейнелеу
арқылы көрсетіледі. Белгілі бір затты көрсету басты кемшілік болып
табылады, өйткені бұл жағдайда көрнекі айқындық тек лингвистикалық
құбылыстарды құрмайтындығын көрнекі қабылдауды ғана
қысқартады.
Бұл нақты затты көрсету негізгі кемшілік болып
табылады, себебі, бұл жағдайда көрнекілік тек көрнекі қабылдауды
дамытады. Өйткені бекітуге ана немесе мына тілде айтатын заттар
емес, лингвистикалық құбылыстар жатады. Егер психологиялық
мәліметтерге сүйенсек (Б. В. Беляев (1965), көрнекілікті тек көру
қабілетіне ғана сүйенбеу керек, себебі көрнекіліктің басқа да
түрлері болуы мүмкін: иіс сезімі, дәм сезімі, сенсорлік, моторлық
(қозғалыс), заттық, тиімді, сыртқы (қабылдауға негізделген), қиял
мен есте сақтау қабілетіне негізделген ішкі, немесе интеллектуалды,
олар үшін қабылдау емес қиял тән. Лингвистік көрнекілікті ұмытпау
керек, ол оқушылардың нақты үйренетіні. Көрнекіліктің тек бір ғана
түрі кеңінен 12 тараған– тікелей сезімдік шындықтың көрінісіне
негізделген сыртқы немесе перспективалық
көрнекілік.
Педагогикада ең негізгі мәселелердің бірі болып
қолданылатын көрнекілік және дидактикалық материалдарды оқу
процесінде тиімді қолдану мәселесі ерекше рөл атқарады. Бұл
мәселені шешу үшін, педагогикалық ұжымдарда және оқу орындарында,
ғылыми конференцияларда қарастырған жөн. Оның маңызы мен мазмұны
ерекше болып табылады.
Қазіргі заманда тәжірибелік жобаларда көрнекі
құралдарды дайыңдау үшін үлкен жүйелі жол жасалады. Бұл жерде
көрнекі құралдарының мазмұны, формасы және оқыту әдісі
байланыстырылып қолданылады. Осының бәрін кешенді қамтамасыз ету
үшін оқу бағдарламаларында көрнекі құралдарды сабақта кезеңмен
қолдануы кезінде оқыту үрдісінің маңыздылығын, сапасын
арттырады.
Қорыта келе көрнекілік құралдарды оқыту мен
тәрбие беру барысында қолданудың маңызы мен берер
нәтижесі:
1. Оқушының жеке сезім - күйіне әсер етеді (яғни,
танымын арттырады);
2. Ақпаратты меңгеруді жеңілдетеді (яғни,
ақпаратпен жұмыс жасау қабілетін
арттырады);
3. Объекті жөніндегі ақпаратты
белгілі шамаға дейін ұғынуға мүмкіндік береді (сананы
қалыптастырудағы көрнекілік қызметі
көрінеді);
4. Іскерлік пен дағдының
қалыптасуына үлес қосады (жаттығу
қызметі);
5. Оқу — тәрбие жұмыстарының
нәтижесін бақылауға үлес қосады (бақылау мен бағалау көзқарасы
қалыптасады);
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі: 1.
Мектептегішеттілі // Республикалықәдістемелік
журнал //– Алматы, 2012. 2. Мектептегі шеттілі №3 2006 ж 3. Т.
Баймолдаев «Ақпараттық-білімдік ортада педагогтардың
ақпараттық-коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру»// Информатика
негіздері 2010 ж. №1. 4. К. К. Жаксымбетова «Информационно
коммуникационные технологии в обучении иностранному языку»//
Шетелтіліноқыту әдістемесі. 2007ж. №28 5. Екибасова Д. Д.
//Ағылшынтілімектепте журна лы. 2009 ж. № 4 6. Қ. Әсірәлиев «тілін
оқытуда жаңа модульді қолдану» //Қазақстан мектептеріндегі шетел
тілдері 2007ж №1. 7. М. коммуникациялық Ғалымжанова технологияларды
«Ақпараттық пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру»//
Информатика негіздері 2006 ж. №3.