Ағылшын тілін тиімді меңгерудегі геймерфикацияның рөлі.
Булгакпаева Аида Бакытовна
Жетісу облысы, Көксу ауданы , Балпық би ауылы
Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Еліміз егемендігін алып, білімді жастарымызға шет елдерде өз білімдерін жетілдіруге, саяхат жасауға кең мүмкіндік туған кезде болашағымыз балаларға ағылшын тілін сапалы үйрену қадамы мектептен басталатыны айқын. Осы орайда біз ауыл мектебінің мұғалімдері тілді қалай оңай әрі оңтайлы жолмен үйретеміз деген сауалдарға жол іздейміз. Баланың әлемі өзгеше, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының шет тіліне қызығушылығы жоғары, қабылдауы шапшаң. Қозғалғыш, көру арқылы жақсы қабылдайтын оқушыларға шет тілін тиімді меңгертуде мұғалімге көмекке келетін тиімді әдістердің бірі -геймерфикация.
Геймификация ұғымына ғаламтор беттерінде мынадай анықтама беріледі: (ағылш. gamification) - қатысуды ынталандыру, ынталандыру, оқыту және әртүрлі тапсырмаларды шешу мақсатында ойын дизайны элементтерін, механика мен принциптерді ойын емес контексттерде қолдану. Яғни ағылшын тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану . «Ойын – ойды өсіреді демекші» ойын арқылы балаларды шапшаңдыққа, топта жұмыс жасау белсенділігіне, сыни ойлауға үйретіп қана қоймай ақпараттық сауаттылығын да дамытуға болады. Ойын кезінде балалар шет тілінде еркін қарым қатынас жасап, қызығушылықтары артады. Бастауыш және орта буын оқушыларына қозғалыс ойындары, рөлдік ойындар, ойын сергітулері оң ықпал етсе жоғары сынып оқушыларына интерактивті ойындар арқылы жақсы нәтиже көре аламыз. Мұғалім сабақта ойынды тек қызығушылық мақсатында ғана емес тілді меңгертуді меже етіп қана сапалы қолдану керек, және оқушылардың пәнді игеру деңгейі динамикасын басты назарда ұстауды ұмытпаған жөн. Тілдегі фонетикалық, лексикалық , грамматикалық мақсаттарға сай ойындар таңдап алу басты шарттардың бірі болып табылады.
Шет тілін үйретуде геймерфикацияны қолданудың негізгі басты талаптары деп
-Таңдалған ойынның сабақ тақырыбы, мазмұнына сай болуын;
-Ойын элементтерінде тайм менеджментті сақтау;
-ойын ережелері анық, нақты, түсінікті болуы;
-қажетті ресурстардың түгел болуы;
-Ойынның әр қатысушысының рөлі нақты бөлінуі;
-Ойынның күтілетін нәтижесі айқын болуыын айтуға болады.
Мақсатты, арнайы міндеттермен жүйелі жүргізілген ойындар ағылшын тілін меңгертуде әр оқушының шығармашылығын артуына, жылдам жұмыс істеу дағдысы қалыптасуына, топ ішілік коммуникацияның жақсаруына, ойлау қабілетінің дамуына, және бәсекеге қабілеттілік қабілетінің ұшталуына зор ықпал етеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ағылшын тілін тиімді меңгерудегі геймерфикацияның рөлі.
Ағылшын тілін тиімді меңгерудегі геймерфикацияның рөлі.
Ағылшын тілін тиімді меңгерудегі геймерфикацияның рөлі.
Булгакпаева Аида Бакытовна
Жетісу облысы, Көксу ауданы , Балпық би ауылы
Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Еліміз егемендігін алып, білімді жастарымызға шет елдерде өз білімдерін жетілдіруге, саяхат жасауға кең мүмкіндік туған кезде болашағымыз балаларға ағылшын тілін сапалы үйрену қадамы мектептен басталатыны айқын. Осы орайда біз ауыл мектебінің мұғалімдері тілді қалай оңай әрі оңтайлы жолмен үйретеміз деген сауалдарға жол іздейміз. Баланың әлемі өзгеше, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының шет тіліне қызығушылығы жоғары, қабылдауы шапшаң. Қозғалғыш, көру арқылы жақсы қабылдайтын оқушыларға шет тілін тиімді меңгертуде мұғалімге көмекке келетін тиімді әдістердің бірі -геймерфикация.
Геймификация ұғымына ғаламтор беттерінде мынадай анықтама беріледі: (ағылш. gamification) - қатысуды ынталандыру, ынталандыру, оқыту және әртүрлі тапсырмаларды шешу мақсатында ойын дизайны элементтерін, механика мен принциптерді ойын емес контексттерде қолдану. Яғни ағылшын тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану . «Ойын – ойды өсіреді демекші» ойын арқылы балаларды шапшаңдыққа, топта жұмыс жасау белсенділігіне, сыни ойлауға үйретіп қана қоймай ақпараттық сауаттылығын да дамытуға болады. Ойын кезінде балалар шет тілінде еркін қарым қатынас жасап, қызығушылықтары артады. Бастауыш және орта буын оқушыларына қозғалыс ойындары, рөлдік ойындар, ойын сергітулері оң ықпал етсе жоғары сынып оқушыларына интерактивті ойындар арқылы жақсы нәтиже көре аламыз. Мұғалім сабақта ойынды тек қызығушылық мақсатында ғана емес тілді меңгертуді меже етіп қана сапалы қолдану керек, және оқушылардың пәнді игеру деңгейі динамикасын басты назарда ұстауды ұмытпаған жөн. Тілдегі фонетикалық, лексикалық , грамматикалық мақсаттарға сай ойындар таңдап алу басты шарттардың бірі болып табылады.
Шет тілін үйретуде геймерфикацияны қолданудың негізгі басты талаптары деп
-Таңдалған ойынның сабақ тақырыбы, мазмұнына сай болуын;
-Ойын элементтерінде тайм менеджментті сақтау;
-ойын ережелері анық, нақты, түсінікті болуы;
-қажетті ресурстардың түгел болуы;
-Ойынның әр қатысушысының рөлі нақты бөлінуі;
-Ойынның күтілетін нәтижесі айқын болуыын айтуға болады.
Мақсатты, арнайы міндеттермен жүйелі жүргізілген ойындар ағылшын тілін меңгертуде әр оқушының шығармашылығын артуына, жылдам жұмыс істеу дағдысы қалыптасуына, топ ішілік коммуникацияның жақсаруына, ойлау қабілетінің дамуына, және бәсекеге қабілеттілік қабілетінің ұшталуына зор ықпал етеді.
шағым қалдыра аласыз













