400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ағылшын тілін тиімді меңгерудегі геймификация рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілін тиімді меңгерудегі геймификация рөлі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ағылшын тілін тиімді меңгерудегі геймификация рөлі.



Булгакбаева Аида Бакытовна

Жетісу облысы, Көксу ауданы , Балпық би ауылы

Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі



Еліміз егемендігін алып, білімді жастарымызға шет елдерде өз білімдерін жетілдіруге, саяхат жасауға кең мүмкіндік туған кезде болашағымыз балаларға ағылшын тілін сапалы үйрену қадамы мектептен басталатыны айқын. Осы орайда біз ауыл мектебінің мұғалімдері тілді қалай оңай әрі оңтайлы жолмен үйретеміз деген сауалдарға жол іздейміз. Баланың әлемі өзгеше, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының шет тіліне қызығушылығы жоғары, қабылдауы шапшаң. Қозғалғыш, көру арқылы жақсы қабылдайтын оқушыларға шет тілін тиімді меңгертуде мұғалімге көмекке келетін тиімді әдістердің бірі -геймификация.

Геймификация  ұғымына ғаламтор беттерінде мынадай анықтама беріледі: (ағылш. gamification) - қатысуды ынталандыру, оқыту және әртүрлі тапсырмаларды шешу мақсатында ойын дизайны элементтерін, механика мен принциптерді ойын емес контексттерде қолдану. Яғни ағылшын тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану . «Ойын – ойды өсіреді демекші» ойын арқылы балаларды шапшаңдыққа, топта жұмыс жасау белсенділігіне, сыни ойлауға үйретіп қана қоймай ақпараттық сауаттылығын да дамытуға болады. Ойын кезінде балалар шет тілінде еркін қарым қатынас жасап, қызығушылықтары артады. Бастауыш және орта буын оқушыларына қозғалыс ойындары, рөлдік ойындар, ойын сергітулері оң ықпал етсе жоғары сынып оқушыларына интерактивті ойындар арқылы жақсы нәтиже көре аламыз. Мұғалім сабақта ойынды тек қызығушылық мақсатында ғана емес тілді меңгертуді меже етіп қана сапалы қолдану керек, және оқушылардың пәнді игеру деңгейі динамикасын басты назарда ұстауды ұмытпаған жөн. Тілдегі фонетикалық, лексикалық , грамматикалық мақсаттарға сай ойындар таңдап алу басты шарттардың бірі болып табылады.

Шет тілін үйретуде геймификацияны қолданудың негізгі басты талаптары деп

-Таңдалған ойынның сабақ тақырыбы, мазмұнына сай болуын;

-Ойын элементтерінде тайм менеджментті сақтау;

-ойын ережелері анық, нақты, түсінікті болуы;

-қажетті ресурстардың түгел болуы;

-Ойынның әр қатысушысының рөлі нақты бөлінуі;

-Ойынның күтілетін нәтижесі айқын болуын айтуға болады.

Мақсатты, арнайы міндеттермен жүйелі жүргізілген ойындар ағылшын тілін меңгертуде әр оқушының шығармашылығын артуына, жылдам жұмыс істеу дағдысы қалыптасуына, топ ішілік коммуникацияның жақсаруына, ойлау қабілетінің дамуына, және бәсекеге қабілеттілік қабілетінің ұшталуына зор ықпал етеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 тамыз
149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі