Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ АНИМАЛИСТІК ИДИОМАЛАРДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ АНИМАЛИСТІК ИДИОМАЛАРДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ»
Орындаған: Әбдіхалықова Гүлдана
Жетекшісі: Мамішева Жанат
Зерттеу жұмысының қысқаша мазмұны.
Ағылшын тіліндегі идиомалардың басым көпшілігі жан-жануарлар атаулары негізінде қалыптасқан тілдік бірліктер. Бұл сөздердің, атаулардың сан алуан тіркес, тізбектерге түп қазық, ұйтқы болу себебі халықтың салт-санасымен, дүниетанымымен, тұрмыс-тіршілігімен байланысты. Кезінде еркін сөз тіркестерінің құрылымдық үлгілері негізінде жасалған бұл орамдардың тілде қалыптасып, тұрақтануының негізгі тетіктерін анықтап, фразажасамдық тұрғыдан болсын, ішкі мәнін ашу – ағылшын фразеологиясының өзекті мәселелерінің бірі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Ағылшын тіліндегі жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалар табиғатына тән ұқсастықтарды, ортақ заңдылықтарды, ерекшеліктерді анықтау арқылы жалпы фразеологиялық жүйедегі алатын орнын белгілеу, коннотативтік семантикасына талдау жасай отырып, тілде қалыптасу уәжін, бейнелік-аялық негізін айқындау және концептуалдық тұрғыдан саралау.
Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
-
зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық, әдістемелік қағидаларды айқындау арқылы мәселелерге қатысты зерттеулерге шолу жасап, оларға қысқаша сипаттама беру;
-
ағылшын тіліндегі жан-жануарлар атауларына қатысты идиоалар жүйесін зерттей отырып, тілдегі алатын орнын белгілеу;
-
идиомалық мағынаның тууы мен қалыптасуындағы ұлт менталитетінің рөлін айқындау;
Зерттеу жұмысында зерттеуге жататын теориялық және практикалық сұрақтар
-
Идиомалардың тіл білімінде зерттелуі
-
Ағылшын тіліндегі анималистік атауларға қатысты идиомалардың табиғатына тән ұлттық-мәдени ерекшеліктері
-
Ағылшын тіліндегі анималистік идиомалардың коннотативтік семантикасы
Әдебиеттер тізімі
1. Амосова Н.И. Основы английской фразеологии. – Л., 1963.
2. Бабушкин А.П. Типы концептов в лексико-фразеологической семантике языка. Воронеж: Изд-во Вор.гос. ун-та, 1996. 104 с.
3. айрамова Л.К., Садыкова Г.З. Универсалии и уникалии во фразеологии//материалы итоговой конференции. КГУ, 1989. 29 с.
4. Баранов А.Н. Введение в прикладную лингвистику, 2001
5.Воркачев С.Г. Лингвокультурология, языковая личность, концепт: становление антропоцентрической парадигмы в языкознании, 2001 №1
6. Виноградов В.В. Русский язык: Грамматическое учение о слове.
– М., 1972.
7.Гринберг Дж. и др. Меморандум о языковых универсалиях//Новое в лингвистике, 1970.
8.Григорьева Г.С. Фразеологические зоонимами в аспекте теории-номинации: автореф. ..к.ф.н. – Киев., 1983, 24 с.
9. Горо Мусса. Русская фразеология с компонентом названием животного мира в аспекте лингвострановедения: автореф: канд.филол.наук. – М., -1992., 20 с.
10.Добровольский Д.О. Основы структурно-типологического анлиза фразеологии современных германских языков: дисс.раб. – М., 1990. 441 с.
11.Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері. – Алматы: Ғылым, 1998.
12.Жапақов С. Эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік негіздері. Канд.дисс.А: 2003.
Мазмұны
Кіріспе ................................................................................................................9-12
1 Идиомалардың тіл білімінде зерттелуі
1.1 Идиомалардың зерттелу тарихы және классификациясы......................13-23
1.2 Ағылшын тіліндегі анималистік атауларға қатысты идиомалардың
табиғатына тән ұлттық-мәдени ерекшеліктері........................................23-25
2 Ағылшын тіліндегі анималистік идиомалардың концептілік құрылымы жағынан саралануы, түрлі мағыналары
2.1 «Концепт» ұғымы. Концептілік талдау негіздері...................................26-37
2.2 Ағылшын тіліндегі анималистік идиомалардың коннотативтік
семантикасы................................................................................................38-42
-
Ағылшын тіліндегі анималистік идиомалардың «жағымды», «жағымсыз»
мазмұндағы концептілер жасауға қатысы...............................................43-53
3 Ұсыныс 54-55
Қорытынды.....................................................................................................56-57
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................58-59
Қосымша
Кіріспе
Тіл қазынасына жататын көкейге қонымды, бейнелі, алуан түрлі тұрақты тіркестер, олардың тілдік табиғаты, заңдылықтары, құрылымдық ерекшеліктері әлемдік тілдердің көпшілігінде зерттеліп келе жатқаны белгілі. Себебі, олардың шығу төркіні, көнеленуі, мағыналық құрылымы, тұлғасы жағынан және стильдік тұрғыдан өзіндік ерекшеліктері бар. Осы көркем, мазмұны терең, көлемі шағын қат-қабат тіркес, тізбектердің танымдық мәні ерекше. Уақыт өте келе ықшамдалып, өңделіп, халықтық ортақ мұраға айналған сан-салалы тізбектерді жинақтап, бір ізге түсіру, олардың мазмұн межесіндегі кодқа салынған әртүрлі ақпараттарды айқындау тіл мамандарын ерекше қызықтырып отыр. Тілдік орамдардың құрамындағы кейбір компоненттер семантикалық жағынан ерекшеленіп, ұйтқы сөз қызметін атқарады. Осындай ұйтқы сөздердің бірі – жан-жануарлар атаулары, ал олардың негізінде тілде қалыптасып, қолдануға даяр үлгілерге айналған бейнелі сөз өрнектері – жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалар.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ағылшын тіліндегі идиомалардың басым көпшілігі жан-жануарлар атаулары негізінде қалыптасқан тілдік бірліктер. Бұл сөздердің, атаулардың сан алуан тіркес, тізбектерге түп қазық, ұйтқы болу себебі халықтың салт-санасымен, дүниетанымымен, тұрмыс-тіршілігімен байланысты. Кезінде еркін сөз тіркестерінің құрылымдық үлгілері негізінде жасалған бұл орамдардың тілде қалыптасып, тұрақтануының негізгі тетіктерін анықтап, фразажасамдық тұрғыдан болсын, ішкі мәнін ашу – ағылшын фразеологиясының өзекті мәселелерінің бірі.
Жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалар белгілі бір тілдің бейнелеу, көркемдеу жүйесін, оның ұлттық нақышын бүкіл бедерімен, күллі бояуымен айқын көрсетеді. Осы бағыттағы соңғы ізденістер идиомалардың пайда болу заңдылықтарын, даму сипатын, көркемдік мәнін, стильдік қолданысын айқындауға және тіл білімін теориялық тұрғыдан дамытуға өзіндік үлес қосады. Фразеология тілдік құбылыстарды тереңнен, түбегейлі, жан-жақты зерттейтін тіл білімінің болашағы зор салаларының біріне жатады. Тілдердің фразеологизмдерін зерттеу теориялық және практикалық маңызы ерекше.
Тілдерді, әсіресе, үнді-еуропа тілдерінің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық т.б. жүйелерін зерттеу, негізінде, XIX ғасырдың екінші жартысынан бастау алғанымен, бүгінгі таңда бұл бағыт салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі, яғни дербес лингвистикалық сала ретінде қалыптасты. Ал герман тілдері, оның ішінде, ағылшын тілінде шешімін таппаған сонғы мәселелер, міндеттер баршылық. Осындай тың, қиын мәселелердің бірі – ағылшын тіліндегі жан-жануарлар дүниесімен байланысты идиомалардың кешенді түрде зерттеуі.
Жан-жануарлар атаулары тілдердің басым көпшілігінің лексикасының ең көне қабатын құрап, көптеген фразеологиялық орамның тілде қалыптасуына негіз болған бірліктер санатына жатады. Әрине, тіл-тілдегі жан-жануарлар атауларының фразеологиялық тіркестер құрамында қолданылу деңгейі, кездесу жиілігі әртүрлі.
Зерттеу нысаны ретінде қарастырылып отырған идиомалар, негізінен, ағылшын тілінде кеңінен таралған, жиі қолданылатын, өздеріне тән құрылымдық және мағыналық ерекшеліктері бар, көркем ойлаудың ұлттық бояуын жинақтаған, дүниетанымның ұлттық ерекшеліктеріне қанық тұрақты тіркестер болып табылады.
Ағылшын тілі жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалардың тілдегі көрінісін, дара белгілерін, тұрақты тіркес ретінде тілде қалыптасуының себеп-салдарын зерттеу – отандық тіл білімінде әлі қолға алына қоймаған тың дүние. Бұл тәрізді зерттеулер тіл-тілдің табиғатынан ғана емес, ұлттық болмыс, дүниетаным, сөздің бейнелілігі тұрғысынан да сан алуан мәлімет берері анық.
Қазақстан Республикасының егемендік алуына, халықаралық қарым-қатынастың субъектісі болуына байланысты мәдениетаралық қатынасы күшейіп, қостілділік, көптілділіктің қалыптасуына орай көркем әдеби шығармалар мен сан-алуан құжаттарды тікелей қазақ тіліне аудару қажеттілігі туындайды. Зерттеу нәтижелері осындай мақсат-міндеттерді іске асыруда және бүгінгі күн талабына сәйкес шет тілін үйрету барысында, аударма теориясын қалыптастыруда да өзіндік септігін тигізер деп ойлаймыз. Осы аталған мәселелер зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының нысаны –ағылшын тіліндегі жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалар.
Зерттеудің пәні. Ағылшын тіліндегі құрамында анималистік атаулары бар идиомалардың құрылымын, тілдегі алатын орнын, тілдегі универсалия, фреквенталия, уникалия құбылыстарын және осыған орай ұлттық-мәдени ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ, анималистік идиомалардың табиғатына тән коннотативтік семантиканың қалыптасуындағы алғышарттарды айқындау.
Жұмыстың негізгі мақсаты - ағылшын тіліндегі жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалар табиғатына тән ұқсастықтарды, ортақ заңдылықтарды, ерекшеліктерді анықтау арқылы жалпы фразеологиялық жүйедегі алатын орнын белгілеу, коннотативтік семантикасына талдау жасай отырып, тілде қалыптасу уәжін, бейнелік-аялық негізін айқындау және концептуалдық тұрғыдан саралау.
Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
-
зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық, әдістемелік қағидаларды айқындау арқылы мәселелерге қатысты зерттеулерге шолу жасап, оларға қысқаша сипаттама беру;
-
ағылшын тіліндегі жан-жануарлар атауларына қатысты идиоалар жүйесін зерттей отырып, тілдегі алатын орнын белгілеу;
-
идиомалық мағынаның тууы мен қалыптасуындағы ұлт менталитетінің рөлін айқындау;
-
Жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалар табиғатындағы ұлттық-мәдени ерекшеліктер, универсалия, фреквенталия, уникалия құбылыстарына дәйектеме беру;
-
Анималистік идиомалардың құрамы мен құрылымын талдау, құрылымдық типтері мен модельдерін көрсету;
-
Концепт ұғымына сипаттама беру;
-
Концепт пен ұғымның ара-жігін ажырату;
-
Концептілік талдаудың негіздерін, анималистік идиомалардың концептілік типтерін, концептілік таным тұрғысынан ерекшеліктерін анықтау;
-
Номинативті мағынаға коннотативтік семантиканың жалғаса өрбуінің себеп-салдарын айқындау.
Зерттеу жұмыстарының дереккөздері ретінде ағылшын тілінің фразеологиялық түсіндірме, қостілді сөздіктері мен мерзімді баспасөз материалдары және көркем әдеби шығармалар алынды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат-міндеттерге орай ағылшын тіліндегі идиоалардың фразеология жүйесіндегі алатын орнын, ауқымын, анықтау барысында дәстүрлі сипаттамалы, статистикалық, құрамын, құрылымын жүйелеуде структуралық, ортақ заңдылықтары мен ерекшеліктерін саралау барысында лингвистикалық талдау әдістері мен ғылыми талдаудың концептілік, контекстік талдау және жүйелеу сияқты түрлері қолданылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:
- тілдің лексикалық қорындағы ерекше қабат саналатын анималистік атаулардың тілдегі алатын орны, фразажасамдағы ролі, мағыналық шеңбері, қолданыс аясы анықталды;
- «уәж», «уәждеме», «ішкі форма», «бейнелік-аялық негіз» ғылыми атауларына түсініктеме беріліп, нақты тілдік деректер негізінде дәйектелді;
- зерттеу нысаны болып отырған тілдік бірліктердің құрамы мен құрылымдық үлгілері сараланды;
- идиомалардың ауыспалы мағынада қолдану уәждері, бейнелік-аялық негіздері анықталды;
- универсалия, уникалия, фреквенталия құбылыстары айқындалды;
- идиомалық мағынаның жасалуына негіз болатын ұйтқы сөз тізбектері, олардың қолданыс иелігі анықталды, тақырыптық, мағыналық топ ауқымы көрсетілді;
- концептіге қатысты ғылыми зерттеулерге шолу жасалып, концепт пен ұғымның ара-жігін, ұқсастығы мен ерекшелігін айқындауға байланысты тұжырымдар жасалды;
- ағылшын тіліндегі идиомалардың концептілік типтері анықталды;
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Ағылшын тіліндегі жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалардың тілдегі алатын орнына, жасалу уәжіне, концептілік типтеріне, құрылымдық, мағыналық жүйесіне қатысты тұжырым, пайымдаулар жалпы, фразеология теориясының мәдениетаралық мәселелерін айқындауға белгілі бір дәрежеде үлес қосады.
Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдарды «Фразеология», «Лексикология», «Тіл біліміне кіріспе», «Жалпы тіл білімі», «Этнолингвистика», «Лингвомәдениеттану», «Лингвоелтану», «Аударма теориясы»тәрізді пәндерді оқытуда, «Салыстырмалы-салғастырмалы фразеология» бойынша арнаулы семинар жүргізуде және шет тілін үйрету барысында қолдануға болады. Сондай-ақ тақырыпқа негізделіп жинақталған, жүйеленген тілдік бірліктерді, олардың бейнелік-аялық негізіне байланысты мәліметтерді әртүрлі сөздіктерді түзуде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Жан-жануарлар атауларының ұйтқы болуы негізінде қалыптасқан, мағыналық шеңбері мен қолданыс аясы кең жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалар ұлт дүниетанымының, рухани мәдениетінің көрсеткіші іспеттес;
- Жан-жануарлары бар бірліктердің идиома жасаудағы белсенділігі, біріншіден, адамзат пен жан-жануарлар тіршілігіндегі, психо-физиологиялық ерекшеліктеріндегі бейнелік-аялық негізден және екіншіден, олардың семантикасындағы бағалаушы, сипаттаушы, бейнелеуші элементтердің басқа лексемалармен салыстырғанда басым келуінен туындайды;
-
Жан-жануарлар атуларына қатысты идиомалардың қалыптасуындағы ассоциативті қатынастар дүниені субъективті түрде бейнелейді және анималистік бірліктердің тұрақты тіркес құрамында мағыналық тұрғыдан түрленуіне, жалпы фразеологиялық мағынаның уәжделуіне негіз болады;
-
Анималистік идиомалар коннотациясы белгілі бір тілде сөйлеушілердің денотат пен сигнификат арасындағы ассоциативтік байланысты тіл арқылы білдіруінен туындайды;
-
Жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалардың тілде қалыптасу уәжі мен бейнелік-аялық негіздері жайлы мәліметтер ұлттың болмысының, тарихының, әлеуметтік өмірі мен тыныс-тіршілігінің тілдік бейнесін құрайды;
-
ағылшын тілі жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалар мағынасына, тірек мүшесінің белгілі бір тақырыптық өріске қатыстылығына, құрылымына байланысты жүйелеп топтастыру анималистік бірліктің тілдегі алатын орнын, ақиқат дүниені бейнелеудегі ролін анықтауға мүмкіндік береді.
1 ИДИОМАНЫҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
1.1 Идиомалардың зерттелу тарихы және классификациясы
Қазіргі таңда тіл білімінде тілдік құбылыстарды, олардың жүйелік байланысы тұрғысынан зерттеу кең қолдау тауып отыр. Шетел тіл білімінде тілдердің лексика-фразеологиялық жүйесін тақырыптық топтарға бөліп зерттеу әдісі кең көлемде жүргізіліп, өз нәтижелерін беруде. Фразеология саласында мұндай бағыт фразеологизмдерді фразео-тақырыптық өріс мүшесі ретінде қарастырады. Зерттеуді қажет ететін аса маңызды тақырыптық топтардың бірі – жан-жануарлар атаулары негізінде жасалған идиомалар.
Зерттеу барысында үй жануарлары мен жабайы аң-құстар атауларының дүниежүзі халықтарының басым көпшілігінің ауызекі тілінде, ауызша, жазбаша әдеби тілінде абстрактілі ұғымдар мен адамның көңіл-күйін, іс-әрекетін, түр сипатын, әлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды бейнелі түрде сипаттауда кеңінен қолданылатындығы байқалды. Мысалы, ағылшын тілінде фауналық атаулар және зоомифтерде, англо-саксондық эпостарда, діни кітаптарда, ортағасырлық бестиярийлерде, геральдикада, ертегілер мен балалар фольклорында молынан кездеседі. Сондай-ақ тіл ғылымының ежелгі тарихына жүгінсек, XI ғасырда өмір сүрген көрнекті түркітанушы, этнограф, тарихшы ғалым Махмұд Қашқари еңбегінде төрт түлік малға, оның түр-түсі мен ен-таңбаларына, ер-тұрмандарына т.б. қатысты атаулар мен тіркестер, мақал-мәтелдер келтірілген.
Ағылшын тіліндегі тұрақты тіркестерді ой елегінен өткізер болсақ, олардың басым көпшілігі жан-жануарлар атауларының негізінде қалыптасқан деп түюге болады, оның себебі де көпшілікке мәлім. Алайда, бұл тек ағылшын тіліне ғана емес, дүниежүзі тілдерінің көпшілігіне тән құбылыс. Сондықтан да болар, тірек мүшесі жануарлар атауы болып келетін фразеологизмдер тобы көптеген тілдерде, атап айтқанда, қазақ, орыс, неміс, украин, молдаван және т.б. тілдерінде әр қырынан қарастырылған. Мысалы, жан-жануарлар атауларының бейнелі қолданысының кейбір аспектілері В.В.Виноградов, Н.Д.Арутюнова, Ю.Д.Апресян, В.Н.Телия, В.А.Маслова, А.С.Аманжолов, Ә.Т.Қайдар, Р.Ғ.Сыздық, Т.Д.Жанұзақов және т.б., ал ағылшын тіліне қатысты А.Д.Молчанова, Н.Д.Петрова, Г.С.Григорьева, В.В.Тимофеевна сынды ғалымдардың еңбектерінде сөз етілді. Жан-жануарлар атауларының әртүрлі метафоралық қолданысын салыстыра, салғастыра зерттеуге арналған Е.А.Гутман, Ф.А.Литвина, М.И.Черемисина, О.А.Рыжкина, С.К.Сансызбаева және т.б. еңбектерін де атап өткеніміз жөн. Қазақ тілінде де бұл мәселе түрлі жұмыстар мен бірқатар мақалалар жүзінде қарастырылған. Алайда, зерттеу нысанының тілдік табиғаты толығымен айқындалды деп айту қиын, әрине. Ал аталмыш мәселеге қатысты зерттеулердің қай тұрғыдан алғанда да, фразеология саласына қосар азды-көпті үлесі болар деп ойлаймыз.
Жеке тұрғандағы мағынасы тіркестегі мағынасына сай келмейтін, бірінен-бірін бөліп алып қарауға болмайтын, өзге тілге сөзбе-сөз аударылмайтын түрақты сөз тіркестерін идиoмaлық тipкecтep немесе и д и o м a дейді. Егер фразеологизмдерді сөзбе-сөз аударатын болсақ, онда біз өз халқымыздың және басқа елдердің сөйлеу мен жазба әдебиетіне нұқсан келтірген болар едік. Мысалы ағылшын тіліндегі, As busy as a bee – толассыз жұмыс жасау дегенді сөзбе-сөз дәл аударсақ, ол тіпті күлкілі «жұмысты арадай жасау» деп шығар еді.
Қазақ тілінде тұрақты сөз тіркесі сөйлемнің құрамына еніп, оның синтаксистік сөз тіркесінің басыңқы не бағыныңқы сыңарының қызметін атқарады. Мысалы: Қас пен көздің арасында жетіп келді – деген сөйлеміндегі басыңқы сыңары жетіп келді, бағыныңқы сыңары қас пен көздің арасында болады.Сондықтан әр фразеологизмнің мағынасына қарау керек.Және де қазақ тілінде тұрақты сөз тіркесі фразеологизмдер деп аталса, ағылшын елдерінде идиома деп аталады. Идиомалық тіркестерге goose question (с.с.а: қаз сұрақ) – ақымақтың сұрағы, enough to make a cat laugh (с.с.а: мысықты күлдіретіндей) - өте күлкілі; rat race (с.с.а: тышқан жарыс) – жанталасқан жарыс сияқты жеке тұрғандағы мағыналарынан не мүлде, не жартылай айырылып, өзара жымдасып бір ғана ұғым ретінде ұсталатын сөздердің тұрақталған, қалыптасқан тізбектері жатады. Мұндай тіркестегі сөздерді өзге тілге сөзбе-сөз аударса, ешқандай түсінік бермей сөздердің мағынасыз тізбегі болып шығады. Сондықтан идиомалық сөз тіркестерін өзге тілге жалпы логикалық мағынасына қарай аударуға болады.
Идиома - дегеніміз бір тілдің сөздік қорындағы ең қымбат қазына, байлық деп айтсақ болады. Сондай-ақ, идиомалардың жиынтығын сурет көрмесіне теңеуге болады. Өйткені, көрмедегідей әрбір идиоманың мағынасына үңіле отырып, тұтастай бір елдің салт-дәстүрін, тарихын, әдет-ғұрпын, аңыз-ертегілерін, табиғатын және тұрмыс-тіршілігін оқып-үйренуге мүмкіндік туады.
Идиома ағылшындықтардан келген бірлік.Әрбір идиоманың өзіне тән тарихы бар. Белгілі бір идиоманы дүниеге әкелеу үшін көп уақытты талап етеді. Мысалы: Let your hair down- деген идиома –демал,тынышталу деген мағынаны білдіреді. VII ғасырларды әйел адамдар шаштарына заколка таққанда ұйықтар алдында олар шаш қыстырғыштарын шешіп қоятын еді. Сол кезде осы сөз тіркесін айтатын болған.Қазір бұл сөз тіркесі идиомаға айналып кеткен. a clean bill of health – быть здоровым. Бұл идиома IX ғасырда коробльге моряктар шықпас бұрын санитарлық тазарту жүргізіледі екен сонда осы сөз тіркесін қолданылған. Кейбір идиомалар ақын-жазушылардан келген ал кейбіреулері Библии кітабынан ал басқа идиомалар француз , латын тілдерінен келген. 15000 ағылшын идиомасы бар қазіргі таңда. Және де Шекспирдің еңбектерінде көп кездеседі.The green-eyed monster (букв. «зеленоглазое чудовище») – ревность. XX ғасырда жаңа идиомалар орын тапты. Smoke and mirrors-ашылмаған шындық.
Құрамындағы сөздердің мағыналарында метафоралық, парадигмалық ерекшеліктер болатын мәтелге бейім келетін тіркестер. Сондықтан тұрақты тіркестер құрамындағы кейбір сөздердің басқаша айтылуы көбінесе олардың нормалық сиқын өзгеріске ұшыратудың дәлелі болады.
Идиомалардың дамуының негізгі екі түрі бар:
-
Белгілі бір халықтың ұлттық ерекшелігіне орай жасалып, қалыптасады. Бұл әр тілдің өзіне тән ішкі даму процесімен байланысты болады.
-
Халықаралық қарым-қатынастың дамуы әсерінен идиомалар бір тілден екінші бір тілге ауызекі сөйлесу арқылы немесе жазбаша түрде ауысып отырады.
Идиомаларды бір тілден екінші бір тілге аударған кезде әр халықтың тілдік ерекшелігіне мән беру керек. Сонымен қатар, белгілі бір идиоманың қай тілге тән екенін және оның қалай қалыптасқанын білу қажет және де мағынасын түсінбей жатып, аударма жасауға болмайды.
Ал, идиоманың ағылшын тіліндегі анықтамасын берер болсақ: Figurative phrases, constructions, and expressions holding a different meaning from the lateral one are widely used in any language are known as idioms. An idiom is a group of words that has a completely different meaning from the meaning of each word on its own.
Идиома - дегеніміз бір тілдің сөздік қорындағы ең қымбат қазына, байлық деп айтсақ болады. Сондай-ақ, идиомалардың жиынтығын сурет көрмесіне теңеуге болады. Өйткені, көрмедегідей әрбір идиоманың мағынасына үңіле отырып, тұтастай бір елдің салт-дәстүрін, тарихын, әдет-ғұрпын, аңыз-ертегілерін, табиғатын және тұрмыс-тіршілігін оқып-үйренуге мүмкіндік туады. Мысалы, dark horse –үндемегеннен үйдей бәле шығады, white elephant –қымбат, бірақ, аса қажет емес нәрсе, bulls in china shops –ебедейсіз адам, green-eyed monsters - өте қызғаншақ адам, to let the cat out of the bag – біреудің құпиясын басқаларға жайып салу, to bark up the wrong tree –қателесу.
Ағылшын тіліндегі тіркестердің көбінің қолданыста жүрген идиомалар екені сөзсіз, әр салаға байланысты өзіне тән көптеген идиомалар қолданылады және осы идиомаларды аудару барысында біз тағы да аударма түрлеріне жүгінеміз.
Кейде, фразеологиялық сөз тіркестер толығымен еркін тіркестер арқылы жасалады. Сондықтан, аудармашының сол идиоманың мағынасын ажырату үшін контекстегі мағынасына назар аудара отырып, адекватты аударма түріне жүгінуі керек. Жалпы аударма кезінде мына жәйттерге мән беру керек:
-
идиоманы аударған кезде оның жалпы мағынасын беру, safe and sound – аман- есен;
- идиоманың мәндес баламасын беру арқылы аударма жасау, a quick temper – қызуқанды;
- идиоманы бір тілден екінші тілге сөзбе - сөз аудару немесе сипаттамасын
беру,
a big shot – маңызды адам;
Сонымен қатар, ағылшын тілінде көне грек мифологиясынан енген сөз образдары да көп кездеседі. Осындай сөз орамдарының ең алғаш қай тілде, қандай мағынада қолданылып, қалыптасқанын жақсылап біліп алмайынша, оларды бірден аудара салуға болмайды.
Ағылшын тілінде басқа тілдердегідей идиомалардың көп түрі қолданылады. Олардың арасында құрамы алғашқы мағыналарын жоғалтып, мүлдем басқа мағынаға ие болғандары да кездеседі. Мысалы, ағылшынның storm және teacup сөздерін біріктіріп, бір идиома шығару мүмкін емес сияқты, екеуінің мағынасы тіптен екі бөлек. Ал, енді екеуін біріктіріп, “a storm in a teacup”дейтін болсақ, «елеусіз көңіл бөлуге тұрмайтын нәрсеге бола жанжал шығару, босқа қынжылу» деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ, бұл сөз тіркесінің өзіндік қалыптасу тарихы да бар. Мұны алғаш рет француз философы Монтескье (1755-1889) қолданған.
А.И.Смирницкий фразеологиялық
тіркестерді фразеологиялық бірлік және идиома деп екі топқа бөледі.
Фразеологиялық: get up, fall in love секілді етістіктерді
жатқызады. Ал идиомаға ауыспалы, метафоралық мағынада қолданылатын
сөздерді жатқызады. Мысалы: take the bull by the horns действовать
решительно (қазақша сөзбе-сөз аударғанда өгізді мүйізінен ұстау) ал
нақты мағынасы «оқиғаны оздырмай бірден қолға алу».
Амосова фразеологизмдерді – фразема, идиома деп екі топқа
бөледі.
Фраземалар – оларды құрап тұрған компоненттерінен шығады. Фразема
В.В.Виноградовтың фразеологиялық бірліктеріне сәйкес келеді.
Мысалы: beef tea, крепкий мясной бульон, қою майлы сорпа, knit
one`s brows, нахмуриться, кеудесін қақты (жақтырмай
қарады).
Жалпы қазақ тілінде тұрақты сөз тіркестері
фразеологизмдер деп аталады, ал ағылшын тілінде фразеология немесе
идиома деп аталады.
Ал ағылшын идиомасын қарастыратын болсақ, оның өзіндік ерекшелігі
бар.
Мәселен: фразеологиялық
тіркестер және идиомалар ертегілерде, жай және құрмалас сөйлемдерде
көптеп қолданылады.
«He was brave and soft hearted» деген сөйлемді алсақ, бұл жердегі
soft hearted жұмсақ жүректі деп аударылады. Жоғарыда айтып
өткеніміздей әрбір тұрақты тіркестің (идиоманың) сөйлемдегі
мағынасына ерекше мән беру.
Тұрақты сөз тіркестерінің ішінде идиомалар ерекше орын алады. Бұл ретте академик І. Кеңесбаев былай дейді: «Идиомалар әрбір тілдің өзіне тән категориясы болуымен қатар, бұл категория – басқа сөз тіркестеріне қарағанда анағұрлым көнеленген категория. Басқаша айтқанда, бірнеше сөздің тобы идиома болу үшін көп замандар болу керек, өйткені, идиоманың шеңберіне енген сөздер дерексізденіп (абстрактанып) өзінің тікелей мағынасынан айрылу үшін белгілі бір мерзімдік шарт керек. Әр тілдің өзіне лайық идиома сөздері болу үшін, сол тілге бұл шарттан басқа халықтың салт-сана, әдет-ғұрып, тұрмыс-күй, мәдени дәрежесі, ортақтылығы керек екендігі белгілі нәрсе.» Идиомалар жеке сөздердің орнына қолданыла береді. Өйткені, идиомалар жеке сөздермен синонимдес болып келеді. Мысалы, «қас пен көздің арасында» - «тез» деген мағынаны береді. «Идиомадағы сөздердің морфологиялық тиянақтылығынан гөрі синтаксистік тиянақтылығы басым. Идиоманың ішіндегі сөздердің орны тиянақты болғанмен, оның ішіндегі кейбір жеке сөздердің тұлғасын өзгертіп бір жалғаудың орнына екінші жалғауды қоюға болады, - дейді академик І. Кеңесбаев [1].
І.Кеңесбаев тіркес атаулының бәрін фразалық тіркес деп алады да, алдымен оны идиомдар және басқа фразалық топтар деп екіге бөледі. Идиомдарды ерекше категория ретінде өз алдына бөлек қарайды да, тіліміздегі басқа тұрақты сөз тіркестерінің бәрін (мақал, мәтел, қанатты сөз т.б.) фразаның қатарында әңгімелейді. Идиома мен фразаның негізгі айырмашылықтарын былай түсіндіреді: «Идиом тобындағы сөздер өзінің жеке тұрғандағы негізгі мағынасынан айырылып қалады да, өзара жымдасып, бір ғана негізгі лексикалық ұғым береді. Басқаша айтқанда, идиом ішіндегі компоненттер өзінің лексикалық формасы мен мағынасын жоғалтады да, грамматикалық формасын сақтайды; бұлар (компоненттер) – негізгі бір кесек күрделі лексикалық единицаның грамматикалық элементтері (мүшелері) болып есептеледі.Идиоманың негізгі белгілері: біріншіден, «тұтас бір ұғым жеке сөздерінің ұғымынан алшақ кетеді де, жеке сөздер (компоненттер) өзінің дербес ұғымынан не жартылай, не мүлдем айрылып қалады», екіншіден, «бұл тізбектердің көпшілігі екінші тілге сөзбе-сөз аударуға келмейді». Ал фраза «жеке элементтердің негізгі мағынасынан барып жасалған тізбек». Идиом мен фразаның ортақ қасиеттері де бар, ол – тиянақтылық. Сөйтіп, біз идиом мен фразаның айырмасы олардың құрамындағы сөздердің жеке күйіндегі мағынасынан айрылу, айрылмауына байланысты ажыратылатынын байқап отырмыз. Авторлар мақал-мәтелдердің де негізгі қасиеттерін ашып, идиомдармен салыстыра зерттейді. Олардың ортақ белгілерінің бастысы орнықтылық, яғни бұл тіркестерді құрауға қатысып тұрған сөздердің арасына сөз қосып немесе олардың орнына басқа бір сөзді пайдалануға болмайтындығы деп көрсетілген. Бұлардың бәрін топтап келіп, жасалған мына бір тұжырымға назар салыңыз:
«Мақал, фраза, идиомдарды басқа системалық күйге аударарда бұлардағы өзара негізгі айырмашылықтардың бірі айқын көзге түседі – идиом сөздердің дені сөзбе-сөз (мақал, фразадағы сөздердей) аударуға келмейді. Бұл – жоғарыда біз атап кеткен лексикалық өзгешеліктен туған қасиет» Жалпы, авторлар идиома мен фразаны егжей-тегжейлі талдағанмен, мақал-мәтелді тұрақты сөз тіркесінің қай түріне жатқызуға болатынын ашып айтпайды.
Идиомдардың тағы бір ерекше белгілерінің бірі – олардың көнелігі. Сөздер тізбегі идиом болу үшін көп замандар керек. Оның құрамындағы сөздер мүлде дерексізденіп, өзінің негізгі лексикалық мағынасынан алшақтауы осындай ой туғызады. Мақалдарды қолданғанда, оны өзгертпей сол қалпында алып, басқа сөздермен араға де («деп», «деген», «дегендей») етістігін дәнекер етеміз. Ал идиомдарды морфологиялық өзгерістерге салуға болады да, олардың синтаксистік тиянақтылығын ешбір өзгерте алмайсыз. Морфологиялық, әрі синтаксистік беріктігі бірдей идиомдар да бар, бірақ олар көп емес. Идиомдар түгесінді бір ғана ойды білдіруіне орай, олар көбінесе бір сөздің орнына жүреді.
Идиом, фразалардың тағы бір ерекшелігі – біразының дыбыс үйлесімі. Бұл тізбектерде біркелкі не дауысты, не дауыссыз дыбыспен (аллитерация) келетін немесе не біркелкі жуан, не жіңішке сөздерден келетін идиомдар бар.
Идиом, фразалардың лексикалық мағыналарын бөлек әңгімелеу қажет.
«Қазақ тілі» практикалық курсында (авторлары: Н.Оралбаева, Г.Мадина, А.Әбілқаев, жалпы редакциясын басқарған проф. М.Балақаев) «Лексика» тарауының бір бөлімі «Тұрақты сөз тіркестері» деп аталған. Мұнда авторлар тұрақты сөз тіркестерін идиома, фраза, мақал-мәтелдер деп жеке-жеке бөліп талдайды. Қысқа болса да әрқайсысына анықтама беріп, нақты тұжырым айтуға тырысқан. Әрқайсысына берілген анықтамаларға жеке-жеке қарап шығайық.
а) Идиома деп іштей бөліп, жаруға келмейтін және оның тұтас мағынасы құрамындағы сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасына байланысты тумаған сөздер тобын тұрақты тіркес дейміз.
ә) Тұрақты тіркестердің енді бір түрін фраза деп атайды да, оған да нақты анықтама бермегенмен, мұның өзіндік айырмасын түсіндіреді. Авторлардың түсініктемесін берейік: «Тұрақты тіркестің бір түрі – фраза. Ол да идиома сияқты түйдекті тіркес қалпында айтылады. Алайда мұның идиомадан айырмашылығы құрамындағы сөздердің бәрі не біреуі өзінің бастапқы лексикалық мағынасынан айрылып қалмайды».
Шынында бұл келтірілген мысалдар құрамындағы сөздер өзінің негізгі лексикалық мағынасынан онша алшақтамайды. Ендеше идиомалар сияқты, фразалық тіркестер де сөзімізді өткір, көрікті, образды ету үшін жұмсалады деген тұжырымды әбден қолдаймыз.
Идиомаларға анализ жасап, аударма жұмыстарын оңайлату үшін грамматикалық тұрғыдан сөз таптарына бөлу және классификация жасау арқылы қарастырған өте ыңғайлы. Мысалы:
1. Ағылшын тіліндегі идиомаларды мынадай сөз таптарына бөлу арқылы қарастыруға болады:
-
idioms using adjectives: absent-minded – ұмытшақ адам;
-
idioms using nouns: the apple of someone’s eyes- біреудің көзінің қарашығындай болу (жақсы көретін адамға айтылады);
-
idioms using verbs: to keep a straight face – бет аузын жиырып алу (күлген кезде);
-
idioms using prepositions: on the dot – дәл уақытында;
2. Мынадай классификация жасау арқылы жіктеуге болады:
- Parts of the body idioms: have a sweet tooth – тәттіқұмар;
- Colour idioms: a white lie – ешкімге зияны жоқ өтірік;
- Animal idioms: an early bird – таңертең ерте тұратын адам;
- Idioms to do with health and illness: to be fighting fit – денсаулығы мықты болу;
- Idioms to do with money: to be broke – ақшасы болмау;
- Idioms to do with emotions: to be scared to death – қатты қорқу;
- Idioms to do with food: it is not my cup of tea – мен ұнататын нәрсе емес;
- Idioms to do with countries and places: to take coals to Newcastle – онсыз да өздері шығаратын нәрсені ол жаққа апарудың қажеті жоқ;
- Idioms to do with crime: launder money – заңсыз жолмен келген ақшаға банктен есеп- шот ашу;
- Idioms to do with movement and travel: thumb a lift – жолда кез келген машинаны тоқтатып, тегін жүру;
- Idioms as responses: it serves him right - өзіне де сол керек;
- Idioms in jokes: fell head over heels in love – ғашық болу;
Ағылшын тілінде әрбір идиома сөз таптарымен бірге қосарланып келеді. Мысалы: idioms are used with nouns, adjectives, verbs, prepositions және т.б.
Егерде сын есімдермен тіркесіп
келетін тұрақты сөз тіркестеріне келетін болсақ, ол екі немесе үш
сөзден құралады.
Мысалы: «light fingered» деген идиомалық тіркес ұрлыққа жақын,
қолының сұғанағы бар адам дегенге саяды. Long in the tooth бұл
тіркестегі long сөзі ұзын деп аударылып сын есім қызметін атқарып
тұр. Сөзбе-сөз аударсақ тісі ұзын кісі. Аталған тұрақты тіркес
(идиома) «кәрі» деп аударылады. Етістікпен қолданылатын тұрақты сөз
тіркестері де жетерлік. Етістік to go және зат есім song қосарланып
келсе, ол тұрақты сөз тіркесіне айналады. Алайда олардың қосарланып
келгендегі мағынасын болжау өте қиын. «To go for a song» бір зат өз
бағасынан төмен мөлшерде сатылған кезде қолданылады.
«As no
one else at the auction seemed interested іn the painting, it went for a
song». Аукционда қойылған суреттерге ешкім қызықпаған кезде, көңіл аударып, мән бермеген кезде,арзансатылады. Ал,
фразеологиялық тұтастықтың мағынасы тұрақты болады. Олардың жеке
тұрғандағы мағынасымен жалпы білдіретін мағынасы сәйкес
келмейді. Мысалы: to keep oneself in hand
(өзін-өзі қолға алу), to sit on one`s hands; not
to do a hands`s turn (қол қусырып отыру), not to move a finger
(қолының ұшын қимылдатпау), to kill time
(уақытты босқа өткізу), to kill two rabbits with
one stone (бір оқпен екі қоян ату), to give up all of it
(қолын
бір-ақ сілтеу), to keep the eyes shut
(бір
нәрсеге көз жұма қарау). Идиомалар әр елдің,
халықтың, ұлттың асыл қазынасы. Ата-баба қазынасы болып табылытын
фразеологизмдер халықтың, бір-бірімен жалғасқан ұрпақтар арқасында
міндетті түрде сақталады. Егер тілде идиомалар сақталмай, бізге
жетпеген болса, халқымыздың асыл туындылары болмаса, олар бүгінгі
күнге дейін сақталып жетпесе, жұртымыздың өткен өмірінен мақрұм
қалар едік. Сондықтан да тілдің байлығын арттыра түсетін сөздік
қордың көлемді бөлігін құрап тұратын тілдік бірліктер
–идиомалар.
Ал ағылшын идиомасына келсек,
ол да өзіндік ерекшелігі бар. Мысалға: идиомалар көбінесе
ертегілерде, жай және құрмалас сөйлемдерде көп
қолданылады.
1.The small boy was very
brave. Even when the large dog grawled at him and showed its teeth
he stood and did not turn a head. Бұл жердегі идиома «did not turn a
head». Кішкентай ұл өте батыл болған. Ол тіпті ит үрген кезде, қорықпай бір орында тұра берген деген мағынаны білдіреді. Ал, идиомасын сөзбе-сөз аударсақ, «ол басын бірде-бір қозғаған жоқ» десек, сөздің мағынасы өзгеріп кетеді де, тіпті түсініксіз болып қалады.
2.He was too soft – hearted and could not refuse money to his
children and relatives whenever they asked for it.
Бұл жердегі идиома «He was too soft hearted» soft
– hearted деген сөзінде жұмсақ жүрек деген мағынаны білдіреді. Ал былай негізінде ойланып көрсек, жүрек жұмсақ болмайды ғой, сондықтан бұл идиома. Толық аудармасы «Ол өте қайырымды адам болған. Егер балаға және өз туысқанына ақшалай көмек керек болса, ол көмектен ешқашан аянбаған».
3.When the boy asked his parents to allow him to learn to play
piano, they agreed because they knew he had a good ear for
music. Бұл жердегі идиома «good ear for
music» ал, оны сөзбе-сөз аударсақ good ear –
жақсы құлақ. Толық, мағыналы аудармасы – бала өз әке-шешесінен пианино оқуына баруын сұрады, олар балаға рұқсатын берді, себебі балада әнге деген ынтасы, қабілеті болды.
4.In the old films when he heroine was about to be foully murdered
the hero always managed to rescue her just at the eleventh
hour идиома «he just at the eleventh
hour». Ағылшын халқында идиома тағы көбінесе жай диологта пайдаланады.
Жан-жануарлар атаулары мен олардың негізінде қалыптасқан бейнелі тұрақты тіркестер тіл білімінде «зоосемизм», «зоосемалық фразеология», «анималистік лексика/фразеология», «животноводческая/скотоводческая лексика/фразеология», «фауналық атаулар», «зоофразеологизм», «фразеозоонимдік единицалар», «зоонимді/анималды ФЕ-лер», «фразеологиялық зоонимдер», «жан-жануарлар атауларына байланысты фразеология» тәрізді алуан түрлі терминдермен берілген. Терминнің ала-құлалығының өзі зерттеу жұмысының жалғасарын, көмескі тұстарының әлі де баршылық екенін көрсетеді. Біздің ойымызша, «зоо-«, «фауна» терминдерін тіл білімінен гөрі жаратылыстану ғылымдары шеңберінде қолданған тиімді тәрізді. Ал «животническая», «скотоводческая» деп келетін атаулар, бір жағынан, көбіне мал шаруашылығына, аңшылыққа байланысты терминдік ұғымдарды білдіруде қолданылып келсе, екіншіден, ауызекі тілде, кейде орыс тіліндегі «животное», «скот/скотина» сөздерінің коннотациясына байланысты жағымсыз ассоциация тудыруы мүмкін.
«Жан-жануарлар атауларына байланысты идиомалар» дейтін тірек атауды кейбір ғалымдар ықшам емес, көп сөзді және ауызекі сөйлеу тіліне тән емес деп таниды. Сондай-ақ зерттеу нысаны етіп құрамында жан-жануарлар атаулары бар, мысалы, қазақ тілінде ит ырғын болды – «мол олжаға кенелді», ағылшын тілінде every dog has his day (сөзбе-сөз аудармасы: әр иттің өз күні бар) – «дүние кезек, әркімнің жарыққа шығар кезі бар» деген секілді фразеологизмдерді ғана емес, сондай-ақ қазақ тілінде ақ қаптал болу, кежегесі кейін тартып т.б., ағылшын тілінде never cackle till your egg is laid (с.с.а: жұмыртқаң салынбай жатып, қытқылықтама) – «істің ақырына жетпей, ерте қуанба» (немесе «асатпай жатып, құлдық деме»), to bury one’s head in the sand (с.с.а: басын құм ішіне жасыру) – «жауапкершіліктен, қиындықтан қашу» т.б. тәрізді идиомаларды алуымызға тура келеді, өйткені, бұлар да жан-жануарларға (олардың іс-әрекетіне, тіршілігіне, бітім-болмысына, түр-түсіне т.б.) байланысты қалыптасқан тізбектер.
Осы айтылғандарды түйіндей келе, құрамында ұйтқы сөз ретінде жан-жануарлар атаулары кездесетін тұрақты тіркестерді дәстүрлі қолданыстағы терминмен «анималистік идиомалар» деп атағанды жөн көрдік. Әрине, тіл ғылымында қалыптасқан үрдіс бойынша, «зоофразеологизм», «зоосемалық фразеология» тәрізді қолданыста бар, көпшілікке танымал терминдер де сөзді жиі қайталамау мақсатында ауыс-түйіс қолданылып отырады.
Жануарлар атауларының ауыспалы мағынада келіп, өзіне тән емес ұғымдарда қолданылуын адамзат баласының тұрмыс-тіршілігінің ұзақ уақыт бойы жануарлар әлемімен тығыз байланыста болып келуімен түсіндіруге болады. ал дүниедегі алуан түрлі құбылыстар жөніндегі түсінігін халық өзін қоршаған ортадағы танымына етене жақын, ертеден танымал ұқсас бейнелер арқылы білдіретіні мәлім. Тілдегі қайдай да бір сөздің мағынасында таным объектісі болып отырған болмыстың (құбылыстың) ерекше сипатын білдіретін элементтер қаншалықты басым болса, сол болмысты (құбылысты) осы сөздің көмегімен бейнелеу мүмкіндігі соншалықты арта түспек. Алайда, барлық лексикалық бірліктер идиома жасауда бірдей дәрежеде қолданылмайды. Қандай да бір сөздің идиоманың тірек мүшесі ретіндегі қолданылу жиілігі немесе оның осы қызметтегі ролінің шектеулілігі белгілі бір тілдік заңдылыққа байланысты. Зоосемизмдер жағдайында бұл заңдылықты Н.Д.Петрова: а) шығу төркінінің көнелілігімен; ә) буындық және морфологиялық құрылымның қарапайымдылығымен; б) тілде қолданылу жиілігімен сабақтастырады.
Анималистік идиомалардың лексикалық құрамын талдау барысында идиома жасауда ең өнімді деген, белсенділігі жоғары жан-жануарлар атауларының тілдің негізгі сөздік қорына жататындығы анықталды. Сонымен бірге сөздің фразажасам белсенділігін анықтауда оның фономорфологиялық табиғатының (буындық/дыбыстық құрамы) да әсері мол. Бір немесе екі буындық ықшам құрылым сөздің идиома құрамында жиірек кездесуіне септігін тигізеді, ал көпбуындық құрылым бұл мүмкіндікті шектейді. Ағылшын тілдіндегі анималистік идиомалар құрамында көп жағдайда ағылшын тілінде dog, horse, cat, ass, pig т.б., сөздерінің жиірек кездесетіні анықталды.
Анималистік атаулардың фразажасам белсенділігі жоғарыда келтірілген тілішілік факторлармен ғана емес, сонымен бірге тілден тыс жатқан себептермен де сабақтасып жатыр. Зоосемалық бірліктердің идиома жасаудағы белсенділігі, біріншіден, адамзат пен жан-жануарлар тіршілігіндегі, психо-физиологиялық ерекшеліктеріндегі ортақ бейнелік-аялық негізден және екіншіден, олардың семантикасындағы бағалаушы, сипаттаушы, бейнелеуші элементтердің, басқа лексемалармен салыстырғанда, басым келуінен туындайды деп ойлаймыз. Әр халықтың дүниені бейнелі қабылдауының түп негізінде қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды сол халықтың тұрмыс-жағдайына, тіршілік-тынысына, салт-дәстүрі мен мәдени өміріне тікелей қатынасы бар заттармен салыстыру әрекеті жатыр.
Ағылшын тіліндегі анималистік идиомалар санының молдығына орай, олардың семантикасы, құрылымы, көркемдігі, эмоционалды-экспрессивті бояуы, шығу төркіні, жасалу жолдары да сан алуан. Сондықтан, анималистік идиомалар жүйесін зерттей отырып, олардың құрамы мен құрылымын және аталмыш фразеологизмдердің құрылымына тән грамматикалық үлгілерді (модель) айқындау мақсат етілді. Идиомаларды белгілі бір өріс ішінде кешенді түрде зерттеу олардың құрылымдық жүйесі мен компоненттерінің өзара синтаксистік байланысын сипаттамай жүзеге аспайды.
Идиомалық бірліктердің құрамында грамматикалық мәнін сақтап тұратын негізгі бір мүшесінің, яғни тірек компонентінің болатыны аян. Мұндай компонент идиомаға біртұтас лексика-грамматикалық мән беріп, оны белгілі бір сөз табына жақындастырады. Тіл білімінде идиомалар біртұтас мағынасы мен компоненттерінің арақатынасына, контекстегі басқа да тілдік бірліктермен тіркесуіне және сөйлемдегі синтаксистік қызметіне қарай лексика-грамматикалық топтарға, яғни сөз таптарына қарай бөлінеді. І.К.Кеңесбаев идиомаларды сөз таптарына қарай топтастыру күрделі мәселелердің бірі екендігін айта келе, идиомалардың семантикасы мен тұлғасы жеке сөз табына бара-бар келмейтіндігін, белгілі бір сөз табының қызметіне жуықтайтын ғана идиомалар болатындығын, белгілі бір сөз табының қызметінен мүлдем алшақ жататындығын ескертеді [2]. Дегенмен, фраземаларды бұлай топтастыру шартты түрде ғана.
Зерттеу нысанын бұлайша топтарға бөліп қарастыру, біріншіден, ағылшын фразеологиясының негізгі бөлімін құрайтын мағыналық-грамматикалық кластардың өзара сәйкестігінен хабардар ететін болса, екіншіден, фразеологизмдердің әралуан типтегі құрылымдық модельдерінен ағылшын тілінде бірдей немесе өзгешелеу болып келетін үлгілерін нақтылап көрсетуге мүмкіндік береді. Анималистік идиомалардың қай сөз табына қатыстылығын анықтау үшін жалпы тіркестен туатын фразеологиялық мағынаға аса мән берілуі қажет.
Фразеологиялық мағынадан туындайтын номинация өзінің белгілейтін объектісіне байланысты элементтік және ситуативтік деп бөлінеді. Элементтік номинация әлемнің белгілі бір элементін: затты, сапаны, процесті, қатынасты, кез-келген деректі немесе дерексіз объектіні білдіреді. Бұл жерде номинант сөз тіркесі болуы мүмкін. Ситуативтік номинацияны бейнелейтін тілдік бірлік өз мазмұнында микроситуацияны, яғни қатарынан бірнеше элементтерді біріктіретін оқиға, жағдай, факт т.б. қамтиды. Бұл номинацияның сыртқы формасы сөйлем түрінде болады [3].
Осы айтылғанға орай ағылшын тілі фразеологиясына қатысты зерттеулердегі теориялық тұжырымдар мен дәстүрлі ұстанымдар негізінде анималистік идиомалар грамматикалық тұрғыдан: а) сөз тіркесі түріндегі анималистік идиомалар (етістік, үстеу, зат есім т.б. мәнді анималистік идиомалар); ә) сөйлем үлгісіндегі анималистік идиомалар деп екі топқа жіктелді.
Зерттеу нәтижесінде етістік мәнді анималистік идиомалар ағылшын тілінде өте жиі кездесетіндігі анықталды. Әсіресе, екі және үш мүшелі анималистік идиомалардың сандық көрсеткіші басым, кездесу жиілігі жоғары, қолданыс аясы кең екендігі айқындалды. Ағылшын тілінде бұл заңдылықтың негізгі себебін аталмыш тілдік бірліктердің құрамының ықшамдылығымен, белгілі бір ұйқасқа, үйлесімділікке құрылуымен көңілдегі ойды қысқа да нұсқа да жеткізуге икемділігімен түсіндіруге болады. сондай-ақ ағылшын тіліндегі келесі аукымды топ – зат есім мағыналы анималистік идиомалар.
1.2 Ағылшын тіліндегі анималистік идиомалардың табиғатына тән ұлттық-мәдени ерекшеліктер
Әр типтес тілдерге салыстырмалы талдау жүргізуде зерттеліп отырған әрбір тіл құрылымдық және мазмұндық сипаты тұрғысынан екі түрлі жағдайды ескеруді талап етеді: оның бірі тілдің универсалды (барлық немесе көптеген тілдерге ортақ) қасиеттерге ие екені болса, екіншісі – оның өзіндік болмысын бейнелейтін идиоэтникалық, уникалды немесе ұлттық мәдени ерекшеліктер жүйесі [4].
Қазіргі тіл білімінің даму үрдісінде құрылымы әртүрлі тілдердің ортақ заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттеуге қызығушылық арта түсуде. Отандық және шетел тіл білімінде орын алған бұл бағыттың өзіндік даму тарихы бар [5].
Тілдік типология ғылыми әдебиеттерде универсалия құбылысын айқындауға бағытталған ізденістер арқылы сипатталады. (Вайларт, 1982; Гак, 1977). Тіл-тілдегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды типология деректері аясында талдау көбіне практикалық мақсаттарда жүргізіледі. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл барлық тілдерге тән құбылыстарды салыстыра-салғастыра зерттеліп отырған тілдерге қатысты ортақ құбылыстарды және бір тілге тән ерекше құбылыстардың ара-жігін нақты айыруға септігін тигізеді.
Осы мәселеге қатысты зерттеулерден тілдік универсалия құбылысына берілген Б.А.Серебренниковтың толық та, жан-жақты анықтамасын келтіргеніміз жөн болар: «Языковая универсалия – это единообразный, изоморфный способ выражения системных отношений языковых элементов или однотипный по своему характеру процесс, дающий одинаковые результаты, появляющиеся с достаточно высокой степенью частотности в различных языках мира» [6]. Тілдік универсалияға берілген бұл анықтама жалпылық, ерекшелік және жалқылық, абстрактілік және нақтылық диалектикасынан туындап отыр.
Ал құрылымы әртүрлі тілдер фразеологиясын зерттеуге арналған жұмыстардың алғашқы легінде (Кунин, 1960; Рожанский, 1948 және т.б.) негізінен фразеологизмдерді бір тілден екінші тілге аударудың әдіс-тәсілдері нақтыланды. Бұл әдіс-тәсілдер жүйеленіп, жалпыланып, бір ізге түсірілгеннен кейін ғана аударма мәселесі фразеология саласын игерудің тәсілі ретінде қарала бастады. Туыс емес тілдер фразеологизмдерін аударма тұрғысынан талдау мен фразеологияға жалпы тілдік зерттеу жүргізудің айырмашылығы көрсетіліп, ара-жігі ашылды. Алайда, жалпы және салыстырмалы-салғастырмалы фразеология мәселелерімен шұғылданған әрбір маман өз кезегінде құрылымы әрбасқа тілдер жүйесіндегі сәйкестіктер мен ерекше белгілерді айқындауға тырысты.
Тіл құрылымының басқа да деңгейлерімен салыстырғанда тіл мен мәдениеттің байланысы лексика мен фразеология аясында неғұрлым анық көрініс береді. Тілдің фразеологиялық құрамы қоғамның дамуына, әрбір кезеңнің тарихи өзгерістеріне тәуелді болатындықтан, әрбір тілде ұлттық реалияларды, халықтың тұрмыс-салтының атрибуттарын т.б. тікелей немесе жанама түрде білдіретін тұрақты тіркестер молынан кездеседі. Себебі, кез-келген фразеологизм мазмұнында тіл мен ұлттық мәдениет сүзгісінен өткен халықтың дүниені танудағы, қабылдауындағы ерен ерекшеліктері жатыр. Демек фразеологизмдердің ұлттық ерекшелігінің «кілтін» анықтау – ұлттың мәдени, рухани құндылықтарынан хабардар болуды талап етеді және фразеологиялық бірліктердің табиғаты, заңдылықтары, ерекшеліктері тілдік, тарихи-этнографиялық, психолингвистикалық т.б. деректермен ұштастыра қарастырғанда ғана толыққанды айқындалады.
Ағылшын тіліне тән: 1) фразеологизмдердің синтетикалық тәсілмен де, аналитикалық тәсілмен де жасауын; 2) фразеологизмдердің: а) сөз тіркесі және ә) сөйлем түрінде келуін; 3) фразеологизмдердің контекс аясында форма жағынан өзгеріке түсу-түспеуіне байланысты: а) еш өзгеріске ұшырамай, өзінің дербес формасын сақтайтындар; ә) өзге сөздермен қатынасқа түсіп, тұлғасы жағынан өзгеріп, қосымшаларды, сүйемел сөздерді бойына дарытатындар болып екі топқа жіктелуін; 4) жеке тұрғанда формасы сөз тіркесімен, сөйлеммен орайлас болып келетін фразеологизмдердің сөйлем ішінде бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаруын т.б. тілдің фразеожүйесіне тән ортақ заңдылықтар қатарына жатқызамыз. Бұл жайттар тек қана ағылшын фразеологияларына ортақ дүниеліктер емес, жалпы фразеологияның теориялық мәселелеріне қатысты зерттеулерде тілдік универсалиялар ретінде танылады.
«Фреквенталия» - латын тіліндегі frequentatus «жиі қолданылатын, дағдылы, жиілік қасиетке ие» деген сөзден қалыптасқан ғылыми атау, осы мәселені тілге тиек еткен бірқатар ғалымдардың бұл ұғымға қатысты «қарастырылып отырған екі тілдің ортақ заңдылықтарын бейнелейтін және сонымен бірге ұлттық мәдени ерекшеліктерін де көрсететін, екі тілге тән жиі кездесетін құбылыстар» деген тұжырымымен толығымен келісеміз.
Сонымен, ағылшын тілінде анималистік идиомалардың сөз тіркесі және сөйлем тұлғалы болып келуін, етістік идиомалардың сандық көрсеткішінің жоғары болуын, одағай, модальді анималистік идиомалар санының аздығын универсалия құбылысының көрінісі деп танимыз. Жалпы ағылшын тілі анималистік идиомалар жүйесіндегі құрылымдық үлгілер көрсеткендей, құрамы екі, үш мүшелі бірліктердің ауқымды орын алуын, идиомалардың белгілі бір әуезділікке, ұйқасқа құралатындығын бейнелейтін үлгілерінің кездесуін ағылшын тіліндегі анималистік идиомалар жүйесіндегі жиі орын алатын құбылыстарға, яғни фреквенталия құбылыстарына жатқызуға болады. ағылшын тілінде – зат есім мағыналы басым келуі, күрделі шылаулар мен предлогтардың, ілік септігіндегі есім сөздердің, сөз тәртібінің, бөлек бітімділіктің еркеше ролі мен сын есім мәнді сөздердің, етістіктің есімше, көсемше тұлғаларының, теңеу сөздердің идиома жасаудағы белсенділігі ағылшын тілінің флективті тілдер қатарына жататындығын, оның синтетикалық, аналитикалық табиғатынан туындап отырған уникалды құбылыстарға жатады.
Ағылшын тілінде бір-бірінен тәуелсіз қалыптасқан, өзара мағыналас келетін, барлық азаматқа ортақ не ұқсас жағдаяттарда туындаған идиомалар кездесіп отырады. Құрылымы бөтен тілдердің өзінде бірдей немесе ұқсас бейнеге негізделген, мағыналық және мазмұндық сипат, сыртқы құрылымдық-тұлғалық тұрпат жағынан біртектес идиомалардың болу себебін ғалым Ю.П.Солодуб, біріншіден, адам баласының өмірлік тәжірибесі және оның ойлау процесінде көрінуіндегі, сондай-ақ әлемді бейнелей тануының қайсібір формаларында біртектестіктің болатындығымен, екіншіден, жекелеген халықтар арасында, тіпті ірі ареалдар арасында орын тепкен мәдени-тарихи тығыз қарым-қатынастардың нәтижесімен түсіндіріледі[7].
Жануарлар мен өсімдіктер әлеміне байланысты қалыптасқан идиомалар, ең алдымен, олардың табиғи ортада таралу, таралмауына, халық тұрмысындағы, шаруашылығындағы ролінің маңыздылығына тікелей байланысты, яғни жануарлардың этностың өмір-тіршілігіндегі, табиғи, әлеуметтік ортасындағы үлес салмағы белгілі бір жануар (аң, құс т.б.) атауының идиомасының тірек мүшесі қызметінде жиі не мүлде қолданылмауын, аз дәрежеде немесе белсенді қатысуын айқындайды, бұл – идиомалардың образдық жүйесіндегі ұлттық ерекшеліктердің алғышарты болып табылады.
Фразажасам теориясын қалыптастырған ғалымдар кейбір идиомалардың ішкі формасының негізінде символдар жататынын тілге тиек етеді. Басқаша айтсақ, бейнелік-ассоциациядан туындайтын коннотативтік мағынаның тууы метафоралық символдану арқылы жүзеге асады. Метафоралық символданудың негізін салушы А.А.Потебняның сөзімен айтсақ, «символ – это не все содержание понятия, а именно то, которое представляется народному воззрению важнейшим» [8].
Зерттеу нысаны ретінде қарастырылып отырған ағылшын тілінің лексикалық қорында жан-жануарлар атауларының символдық табиғаты ерекше көзге түседі. Анималистік атаулар өзінің символдық мәнін сақтай отыра, кейде семантикалық тұрғыдан өзгерістерге ұшырап, алуан түрлі лексика-фразеологиялық орамдарда кездеседі. Мысалы, ағылшын тілінде момындық, жуастық символы ретінде «қой» - “sheep” сөзі қойдан жуас, қойдан қоңыр; қой аузынан шөп алмас; қойша жусап тыңдау т.б., ағылш: to follow smb. Like a sheep; a sheep among wolves; lost sheep т.б.; топастық, жағымсыздық символы ретінде “ass” – «есек» қаз: есекке үкі таққандай, итке жабу жапқандай; зәңгі есектей аңқылдау т.б., ағылш: to act (play) the ass – «ерсі қылықтар жасау»; never bray at an ass – «ақылсыз адаммен байланыспаған жөн» т.б. анималистік идиомалар, ал “chicken – балапан” – жастық, тәжірибесіздік ұғымын білдіріп, қаз: сары ауыз балапан, ағылш: to be (no) spring chicken тәрізді анималистік идиомалардың тілде қалыптасуына ұйтқы болды.
Жалпы, халықтың символдық мағынаны анималистік идиомалар көмегімен беруінде көптеген сәйкестіктермен (универсалия) қатар ерекше тұстар да (уникалия құбылысы) байқалады. Мысалы, жылқы малы қазақ тілінде адамның сенімді досы ретінде, еңбекқорлық, төзімділік символы ретінде көрінсе (ат – адамның қанаты; аттан жығылсаң, ат жалын төсейді, есектен жығылсаң, есек тұяғын төсейді; ат жүйрігі азптан құтқарады т.б., ағылшын тілінде “horse” – «жылқы, ат» көбіне тек еңбекқорлықты сипаттау барысында қолданылады, мысалы, ( a good horse should be seldom spurred (с.с.а: жақсы ат қамшы тигізбейді) – еңбексүйгіш адамға қатысты қолданылады; a willing horse – «еңбекқор адам» т.б.). Ал аңқаулық, ақылсыздық, топастық ұғымы «есек», “ass” атауымен ғана емес бұдан басқа қазақ тілінде сиырға байланысты (сиыр сипағанды білмес; жаман сиыр өрешіл т.б.); ағылшын тілінде “goose” (қаз) атауына қатысты келеді (as silly as a goose – «өте аңқау»; cooled (gone) goose – «құрдымға кеткен адам (аңқаулығының, ақылсыздығының нәтижесінде)» т.б.)
Сондай-ақ «молшылық, мол азық» ұғымы құрылымдық, семантикалық тұрғыдан өзара ұқсас келетін қаз: ақ түйенің қарны жарылды, ағылш: to kill the fatted calf анималистік идирма арқылы беріледі. Алайда әр халық өзінің дәстүрлі тіршілік ауанымен бұл символиканы жасауда бейнелі тіркестің ұйтқы мүшесі етіп бір «түйені» алса, екіншісі «бұзауды» қолданған. Қазақ халқы «молшылық» ұғымын ақ түйенің қасиеттілігімен, етінің молдылығымен, ал ағылшындар ассоциативті түрде бұзаудың семіз етімен байланыстырады. Демек, екі тілдегі аталмыш анималистік идиомалардың ішкі формасы ұлттық менталитетпен, ал өзара өзектес фразеологиялық мағына халықтың когнитивтік санасындағы ұқсас бейнелік-аялық негіз, оның құрамдас белгілері арқылы уәжделіп тұр.
Теңіз жануарларының (shark, grampus, whale, crocodile), ұлулардың (clam, oyster, prawn, lobster, snail) және Англияда кеңінен танымал аң-құстардың (ostrich, shag, zebra, rhinoceros, coon, possum, beaver, hyena, kangaroo т.б.) атауларының қатысуымен жасалған анималистік идиомалардың тек ағылшын тілінде орын алуы ағылшын тіліне қатысты уникалия құбылысына жатады. Жан-жануарлар атауларына қатысты фразеология жүйесіндегі ұлттық-мәдени ерекшелік басқа тақырыптық топтардағыдай (мысалы, кәсіпті, тарихи оқиғаны, сал-дәстүр, әдем-т-ғұрыпты сипаттайтын фразеологизмдер) әрдайым анық , айқын көрінбейді. Сондықтан, ең алдымен, идиомалар «бойындағы» ұлттық ерекшеліктің үнемі көзге «ұрып» тұрмайтынын ескеру керек, әдетте, қоғамның рухани мәдениетіндегі барлық құндылықтардың жиынтығымен астарлас келеді. Анималистік фразеология жүйесіндегі ұлттық мәдени ерекшелік басқа тақырыптық топтардағыдай (мысалы, кәсіпті, тарихи оқиғаны, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты сипаттайтын фразеологизмдер) әрдайым анық, айқын көрінбейді. Сондықтан, ең алдымен, фразеологизмдердің мазмұнындағы кодқа салынған ұлттық ерекшеліктің үнемі көзге «ұрып» тұрмайтынын ескеру қажет. Қандай да бір жан-жануарлардың әлемнің әр тарабында тіршілік еткенімен, халықтар өмірінде бірдей дәрежеде орын алуы, маңызды сипатқа ие болуы, тіл-тілде өзіндік «із» қалдырып, тіларалық сәйкестіктер тудыруы мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Сондай-ақ бірдей анималистік атаудың қатымуымен жасалған анималистік идиомалардың бейнелік негізі, семантикасы, экспрессивті-эмоционалды сипаты болуы мүмкін. Бұл ерекшелікті ұлттық санада қалыптасқан таным-түсінікпен, ассоциативтік бітім-болмыс, көрініс, символдық белгімен ұштастырамыз. Халықтар танымындағы әр басқа түсінік белгілі бір тіршілік иесінің бітім-болмысымен, алуан түрлі табиғи ерекшеліктерімен байланыстырылып отырады. Демек, бұл – қауымның белгілі объектіге (фауна «өкіліне») деген айрықша қатынасы, танымдық көзқарасы және тілден тысқара жатқан, когнитивті «әлемнің» негізгі «тетіктерінің» бірі болып табылатын ассоциациялары тіл-тілде сан алуан бейнелі тіркестердің туындауына негіз болды. Басқа лексика-фразеологиялық топтарға қарағанда, тіл-тілдің сөздік қоры жан-жануарлар атаулары мен олардың негізінде қалыптасқан тілдік орамдарға бай және оның себебі түсінікті де. Әр алуан фразеологизмдерге ұйтқы бола отырып, бұл сөздер дүниенің сан-саналы объектілермен, ұғым-түсініктерімен жүйелеп, әртүрлі тақырыптық топтарға бөліп, саралау қажеттігі туады. Себебі анималистік идиомаларды тақырыптық және мағыналық жағынан топтастыру барысында анималистік атаулардың фразеология жүйесіндегі алатын орны мен әрбір топтағы анималистік идиомалардың ағылшын тіліндегі сандық көрсеткіші, қолданыс аясы, мағыналық және қолдану ерекшеліктері айқындалды. Анималистік идиомаларды тақырыптық топқа жіктеу барысында құрамында бір тематикалық өріске жататын компоненттері бар түрлері іріктеліп алынды. Анималистік идиомаларды осы жүйеде бөлудегі мақсатымыз: а) тірек мүшелердің тематикалық өрісін белгіле; ә) тақырыптас мүшелердің анималистік идиома жасалуындағы қызметін айқындау; б) белгілі бір тақырыптық топқа жататын сөздердің, атаулардың анималистік идиомалар құрамында кездесу жиілігін анықтау; в) жоғарыда аталған мәселелерге байланысты зерттеу нәтижелерін салғастыру. Тақырыптық топқа жіктеу барысында синоним, антоним немесе қайталанып келген сөздер емес, бір тематикалық өріске жататын тілдік бірліктер негізгі алынды. Сондай-ақ анималистік идиомаларды топтастыруда, ең алдымен, саралауға негіз болатын тірек мүшені айқындау қажет екені байқалды. Осы орайда, қазақ фразеология саласының негізін салушы ғалым І.К.Кеңесбаевтың «ұйтқы сөздердің табиғатын, себеп-салдарын, тематикалық топтарын, өз алдына дара тексерудің мәні зор» деген пікірі алға қойған мақсат-міндеттің орынды екенігін көрсетеді. Дәстүрлі топтастыру әдіс-тәсілдерінің негізінде ағылшын тілінің анималистік идиомалар қоры тоғыз фразеотематикалық топқа (үй жануарлары; жабайы аңдар, түз тағылары; теңіз жануарлары; бауырымен жорғалаушылар; құс; балық; ұлу; қос мекенділер; құрт-құмырсқа, шыбын-шіркей) сараланды.
Жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалардың тақырыптық өрісі тұрғысынан топтастыру барысында әрбір тақырыптық топ аясына енетін анималистік атаулардың сан мөлшері бірдей емес екендігі байқалды. Мысалы, ағылшын тілі анималистік идиомалар құрамында: а) ең жиі түрде кездесетін атаулар: dog, horse, cat, fish, bird, pig, hog, goose, bull, wolf, ass, monkey, hare, cock, lion (668,50%) – бұлар ағылшын анималистік идиомалар қорының ауқымды бөлігін құрайды; ә) орташа жиілікпен кездесетін анималистік атаулар: snake, worm, bee, duck, hound, bear, chicken, pigeon, cow, sheep, calf, fox, mouse, ape, crow, hen, mare, ox, rat, flear, goat, kid (405,36,5%); б) Анималистік идиомалар жасауда белсенділігі төмен зоонимдік атаулар (165,13,5%): animal, ant, badger, bat, beast, beaver, beetle т.б.
Жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалар жағдаяттық, мәтіндік (контекстік), стильдік қолданыс тұрғысынан ширатылып, сөздің мән-мазмұнының айқындала түсуіне ықпал етеді. Себебі анималистік атаулар лексикалық деңгейде немесе фразеологиялық деңгейде болсын үлкен ономасиологиялық әлеуетке ие. Бұл атаулар тура және ауыспалы мәнде келе отырып, нақты заттар мен құбылыстарды атап қоймай, сонымен қатар, абстрактілі ұғымдарды да білдіре алады. Фразеологизмнің сигнификатында бекіген қандай да бір белгі-сипаттың тілден тысқары жатқан заттар мен құбылыстарға (денотатқа) қатыстылығы теориялық, әрі практикалық жағынан өте маңызды. Осы орайда, алдымен, әр алуан белгі-сипатқа ие денотаттың сан-салалы семантикалық өрісін айырып, белгілеу міндеті тұрады. Анималистік идиомаларды семантикалық тұрғыдан жіктеу барысында олардың негізгі үлкен уш тақырыптың мән-мағынасын ашатыны байқалды, олар: «Адам», «Табиғат», және «Қоғам». Бұл жерде тақырып деп отырғанымыз – басты-басты мағыналық топтарды үйіріп, жинақтап тұрған салалар.
Жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалардың фразеотақырыптық өрісі тарам-тарам семантикалық аяларда құрылымы алуан түрлі бірліктердің басын қосады. Анималистік идиомаларды мағыналық сәйкестіктері негізінде біріктіретін әрбір фразеосемантикалық өріс немесе топ ұғымның одан әрі нақтыланып, мағынаның тарылуына орай өз ішінде микроөрістерге, ал микроөрістер – қатарларға тармақталады. Зерттеу нәтижелері бойынша, анималистік идиомалардың ең көп кездесетін саласы «Адам» болса, одан кейінгі қатарда «Табиғат» және «Қоғам» салалары орын алады. Ағылшын тілінің анималистік идиомаларды зерттей келе семантикалық өрістерінің кеңдігі, дүниедегі қат-қабат құбылыстар мен адамзатты бейнелей сипаттауға белсенді түрде қатысатындығы байқалды. Адамның көңіл-күйін, мінез-құлқын, түр-тұлғасын сипаттауда ағылшын тілінде ит пне мысықтың, түз тағылары атауларынығ фразеологизм компоненті ретінде көріну жиілігі, ал қазақ тілінде төрт түлік, оның ішінде жылқы, қой атауларының тұрақты тіркес құрамындағы үлес салмағы жоғары. Сондай-ақ ағылшын тілі анималистік идиомаларының «Адам» және «Қоғам» салаларына жататын семантикалық өрістері аталған тақырыптарды жан-жақты, толықтай ашады деп түюге болады. Ағылшын тіліндегі бейнелі орамдарды зерттеу нәтижесінде жалпы санына, кездесу жиілігіне, қолданыс аясына, құрамы мен құрылымына, фразажасамдағы ұйтқы сөз ретіндегі қызметіне қатысты бірқатар ерекшеліктері анықталып, нақты тілдік деректердің негізінде дәйектелді.
2 АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЖАН-ЖАНУАРЛАР АТАУЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ИДИОМАЛАРДЫҢ КОНЦЕПТІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҒЫНАН САРАЛАНУЫ, ТҮРЛІ МАҒЫНАЛАРЫ
2.1 «Концепт» ұғымы. Концептілік талдау негіздері
Қазіргі тіл білімі ғылымының алдына қойған мақсаттарының бірі – ұлт тілі мен оның мәдениетке қатысты мәселелері мен оның ерекшеліктерін үлкен бой жиынтық ретінде қарастыру. Тіл мен мәдениет қоғам дамуының әлеуметтік азығы болып табылады. Тілдің әлеуметтік маңызы тіл мен мәдениетті, тіл мен қоғамды бірге алып қарағанда ашылады. Адамның жан дүниесі мен болмысы мәдениетінің қалыптасуына үлкен үлес қосатын халықтың баға жетпес байлығы – тіл.
Ресей тіл білімінде «концепт» термині алғаш рет XX ғасырдың 20-30 жылдары қоршаған орта құбылыстарын тіл әлемінде бейнелеу мәселесін зерттеуге байланысты пайда болды. Осы мәселеге қатысты орыс философы С.А.Аськольдов-Алексеевтің: «Тілдік қолданыста адам санасы сөздерге тән тұтас ұғымды пайдалана алмайды, сондықтан, мағыналық элемент ретінде ұғым емес, ықшамдалған ең алғашқы ойдағы түсінік – менталдық белгілер пайдаланылады, олар «концепт» деп аталады» деген пайымдауын нақтылағанынан гөрі күнгірт, көмескі тұстары көбірек, алайда, аталмыш мәселеге қатысты алғашқы оң теориялық тұжырымдардың бірі деп танимыз.
Ғылым теориясының назар аударар жағы, біздіңізше, дерексіздіктің ең жоғары деңгейінеұмтылатын концептінің әрбір элементінің иерархиялық біріккен құрылымда айқындалуы. Оның түсіндіруі бойынша, «концепт» сөз бен оның мағынасының арасына дәнекер болады. Тілдік қолданыста адам санасы сөздерге тән тұтас ұғымды пайдалана алмайды, сондықтан, мағыналық элемент ретінде ұғым емес, ықшамдалған ең алғашқы ойдағы түсінік – менталдық белгілер пайдаланылады, олар «концепт» деп аталады.
Фразеологиялық, когнитивтік, лингвомәдениеттанымдық білім жүйесіне қатысты теориялық тұжырымдарымен танымал В.Н.Телия аталмыш мәселеге қатысты пайымдауында «концепт» - белгілі бір нысан жөніндегі білімнің «нақтылық» әлемінен «идеялық» әлемге көшірілуі, яғни, белгілі бір объект турасындағы барлық мағлұмат жиынтығы», - дейді [9]. Сондай-ақ З.К.Ахметжанова, З.Д.Попова, И.А.Стернин, Е.С.Кубрякова, А.П.Бабушкин, Н.Г.Артюнова, С.Г.Воркачев, А.П.Булатова, Ю.С.Степанов, Т.А.Ван Дейк сынды ғалымдардың зерттеу жұмыстары аталмыш мәселені талдап-таратуаға арналған.
Қазақ тілі бөлімінде де «концепт» теориясының кейбір мәселелері мен ой түрткі болар нышандары Н.Уалиев, Г.Смағұлова, Р.Авакова, Қ.Жаманбаева, Б.Ақбердиева, М.Күштаева, Ж.Ұматова, С.Жапақов, Б.Жұмағұлованың т.б. ғылыми зерттеулерінде қарастырылды.
Осы тың, өзекті мәселеге қалам тартқан жоғарыда аты аталған және басқа да ғалымдардың тұжырымдарын қарастыру барысында «концепт» мәселесінің әлі де болса, нақты айқындалмағаны, күңгірттеу түсетін тұстардың, талас туғызар пайымдаулардың кездесетіндігін жоққа шығара алмаймыз. Мұндай пікір қайшылықтарының түьегейлі зерттеулер негізінде толастары, түйткіл тұстың шешімін табары анық.
Зерттеушілердің концепт мәселесіне байланысты теориялық пікір, тұжырымдарын негізге ала отырып, ұғым мен концепт өзара ұқсас, алайда, тепе-тең емес, ұғым белгілі бір объектінің ең мәнді белгілерін көрсететін сананың нәтижесі, ал концепт нысанның мәнді белгілерімен қатар мәнді емес белгілерін де қамтиды деген қағиданы ұстанамыз. Концепт құрылымына ұғымдық (понятийный), құндылықтар тұрғысынан бағалауыштық (ценностный) және бейнелілік (образный) компоненттер тән.
Бір сөздің концептісі оның семантикалық және асоциативтік өрісінде сақталған ақпарат когнитивті және прагматикалық мәні бар элементтерден тұрады. Концептінің ұлттық мәдени ерекшелігі дегеніміз – халықтың сөздік қорында сақталған рухани және материалдық мәдениеті. Концептілік жүйе – тіл арқылы берілетін, белгілі бір кезеңдегі дүниетаным нәтижелерін тіркейтін, жеке тұлға тарапынан емес, бүкіл ұжым тарапынан жасалатын құрылым. Лингвистикалық талдау жасалған концептілік жүйе, яғни, концептілер жиынтығы бірде теориялық құрылым, бірде дүниетанымдағы субъективтік тәжірибенің нәтижесі ретінде беріледі. Объектінің концептілік моделі оның белгілер жиынтығын көрсетумен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар, қосымша жағдайлар (уақыт, идиология, мәдениет т.б.) дамуымен бірге қарастырылады.
Концептілік зерттеу белгілі бір этностың лексикасы мен фразеологизмдерінде сақталған дүниенің мәдени ұлттық бейнесін «сомдауға» мүмкіндік береді. әрбір этнос қоршаған әлемді өзінше таниды, яғни өзіндік «дүниенің тілдік бейнесін» жасайды. Зерттеу барысында тілге тән болмысты концептілеу – бір жағынан универсалды болса, екінші жағынан ұлттық сипатқа ие екндігі анықталды. Себебі, дүние, қоршаған орта, табиғат құбылыстары т.б. жалпыға ортақ болғанымен, әр халықтың ой елегінен өткізуі, қабылдауы, көңілге түюі әр түрлі болып келуі мүмкін. Демек, когнитивтік санадағы «дүниенің бейнесінде» өзгешеліктердің орын алуы түсінікті. Концепт сөзбен де, сөз тіркесімен де, фразеологиялық т.б. бірліктер арқылы да беріледі.
«Концепт» ғылыми атауы тәрізді «концептілік талдау» терминіне де лингвистикалық әдебиеттерде бірыңғай анықтама берілмеген. Концептілік талдау сырттай семантикалық талдауға ұқсас болғанымен, өзіндік мақсаттарымен ерекшеленеді. «семантикалық талдау – сөздің семантикалық құрылымының айқындалуы, оның деногатты, сигнификатты және коннотатты айырмашылықтарын анықтауды жүзеге асыру; концептілік талдау – бір ғана таңбаның аясына жинақталатын жалпы концептілерді тауып, когнитивті құрылымдағы сол таңбаның болмыс-бітімін анықтау». «Концепт» ұғымын біздің дүниетанымымыздағы әлем туралы ақиқат болмысты бейнелейтін когнитивті бірлік ретінде қарауды, ал тілдегі концептілер жүйесін жеке адамның да, тілді қолданушы барша жұрттың да сөздік қорындағы әлеуетті мүмкіндігін ашатындықтан, «концептілік өріс» деп атауды жөн көрдік.
Концептілік өріс – мәдениеттің өзгеше бір тілдік ескерткіші. Осы арада концепт тұрақты мөлшерді сақтай ма немесе уақыт ағынымен өзгере ме деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа біржақты жауап беру қиын. Бір жағынан, концепт өзгермейді, ол сөздің тұтас мағынасын сақтайды және сол тілдік бірліктің жалғаса туған туынды мағынасын қамтиды, ал екінші жағынан, концепт адам тәжірибесін бейнелей отырып, толығуға, өзгеруге бейім. Концепт бастапқы және барлық жаңа мағыналарды біріктіреді, себебі, онда сөз семантикасындағы мүмкін болатын барлық өзгерістер «бағдарланған».
Концептуалды талдаудың әдіс-тәсілдеріне келер болсақ, қазіргі таңда тіл білімінде концепт түрлерінің ара-жігі нақты ажыратылмауына байланысты зерттеушілер мазмұндық жағынан әралуан ұғым-түсініктерді қамтитын ғылыми атауларды ұсынып отыр. Мысалы, Ю.С.Степанов концептінің үш түрін ажыратады: 1) «рамалық» түсініктер (өркениет, интеллигенция т.б.); 2) «тығыз ядролы», ішкі мазмұны тұтас түсініктер (махаббат, сенім т.б.); 3) адам жайлы концептілер. Концептілер жасайтын күрделі қатынастар жүйесіне аса мән бере отырып, А.П. Булатова көңіл-күй, эмоциялар және физикалық, психикалық жағдайларды суреттейтін көру, есту, иіс және сипап сезу сезімдерімен байланысты концептілерді сенсорлық концептілер тобына жатқызса[10], А.П.Бабушкин концептілерді лексикалық және фразеологиялық деп екіге бөледі. Бұлардың әрқайсысы өз кезегінде бірнеше құрылымдарға жіктеледі.
Концепт индивид санасында сәулеленген сезімдік-заттық образдың (перцевтивті модус) негізінде пайда болады. Концепт негізінде сезімдік тәжірибе жатады. Сезімдік-заттық образ (код) концептің ядросы болып табылады. Осы заттық код белгілі бір объектіні терең, жан-жақты білген сайын жаңа мәндік белгілермен байи түседі. Осының нәтижесінде концептің мазмұны ұлғаяды, мазмұны кеңи түседі. Әлгі белгілердің қайсыбірінің мәнділігі күшейе түсуі, қайсыбірінің көмескіленуі ықтимал.
Концепт ретсіз нәрсе емес. Оның компоненттері (белгілері) белгілі бір тәртіпте болады. Заттық-образдық ядро нақты болады, ал ядродан алшақтау жатқан белгілер дерексіз, абстрактілі болуы мүмкін [11]. Концептінің әртүрлі қабаттары бір-бірінен туындап жатады. Бұл жайт концепт ұғымының өзгеше сипатын көрсетеді.
Концептінің жасалуына ұғым емес, заттық образдар (заттың бейнесі) негіз болады. Мысалы, ат жалын тартып мінді (ержетті) дегенге ат, мін=, жал деген (субъект-предикат) ұғымдар емес, ақиқат өмірден алынған сенсорлық-перцептивті образ негіз болып тұр.
Ұғым мен концептінің мағынасы тепе-тең емес. Ұғым белгілі бір объектінің танылған аса мәнді белгілерінің жиынтығы болса, концепт-мазмұн межесі жағынан объект туралы барлық білімнің жиынтығы, ал тұрпат меже тұрғысынан тілдік бірліктердің (лексикалық, фразеологиялық, паремеологиялық тб.), құралдардың жиынтығы болып табылатын ментальды, ұлттық ерекшеліктерді танытатын құрылым.
Ұғымнан концептінің айырмасы, түптеп келгенде, мынаған саяды: концепт – денотат туралы бастапқы түсінік (представление). Денотат туралы осы түсінік жалпыланған инвариант-образ түрінде болады да, ол сөздің тууына түрткі, ұйтқы болады. Бұл – заттық-бейнелік концепт. Тілдік санада концепт форматына түскен бұл құрылым лингвокреативті ойлаудың негізінде әрі қарай өңдеуден өтіп, ұлттық-мәдени концепті пайда болуы мүмкін. Заттық-бейнелік концептіде (перцептивті модуста) этномәдени сипат бола қоймайды.
Зат-бейнелік концепті (перцептивті модус) мен мәдени-ұлттық концепт (инферентті модус) когнитивтік әрекеттің екі фазасы болып саналады; бастапқы таңбаланушы мен таңбалаушы әртүрлі модификацияда сөз таңба ретінде қалыптасу кезеңінен өтеді. Аяққы кезде сөз белгілі бір этномәдени кеңістікке енеді де, сол мәдениетті түсінудің (ұғынудың) және түсіндірудің (ұғындырудың) құралына айналады.
М.Минский фреймді стереотипті ситуацияның ойбейнесі деп атайды. Осы аталған когнитивті жасалым стереотипті денотаттық ситуациямен байланысты. Мысалы, аш ішектей созылды деген фразеологизм “ұзаққа созылған, бас-аяғы көрінбейтін, адамды ығыр қылатын баяу іс, әрекет туралы” айтылады. Фразеологиялық мағына ақиқат дүниедегі денотаттық ситуацияның тілдік ұжымның санасында фреймдік құрылым ретінде қалыптасуымен байланысты. Когнитивтік санада фреймдік форматқа түскен құрылымды таратып айтатын болсақ, – жаңа сойылған малдың ішек-қарны тазаланады, әсіресе аш ішек ұзын, жіңішкелеу болғандықтан, ши жүгіртіп, сумен шаю ұзаққа созылып, баяу істеледі. Ақиқат өмірдегі осы стереотипті денотаттық ситуация тілдік ұжымның когнитивтік санасында фреймдік құрылым түрінде орныққан. Ендігі тұста осы фреймдік формат “ұзақ, баяулық” сияқты басқа бір концептімен ассоцацияланып, ұзаққа созылған, баяу, адамды ығыр қылатын істі атайтын екінші реттегі номинацияға айналған.
Белгілі бір мәтінде фразеологизмдердің дұрыс/бұрыс қолданылғанын олардың ақиқаттағы денотатымен, сол денотаттың санадағы құрылымымен байланыста қарай отырып айқындауға болатыны байқалады.
Сондай-ақ ақиқат өмірде болғанмен, фреймдік құрылымға түспеген денотат, денотаттық стереотиптік ситуациялар да болады. Мысалы, судың, жаңбырдың тамшысы перцептивті образ түрінде кез келген тілдік ұжымның санасында болуы ықтимал. Бірақ бәрінде бірдей “егіз тамшы” деген фреймдік құрылым кездесе бермейді. Орыс тілінде “өте ұқсас, бірінен бірін ажыратуға болмайтын нәрсені” как две капли воды деген екінші реттегі номинациямен береді. Ал қазақ тұрмысында ‘егіз’ қозы біріне-бірі өте ұқсас, оларды бір-бірінен айыру, тәжірибелі адам болмаса, өте қиын. Ақиқат дүниедегі осындай перцептивті типтік ситуация ұжымның когнитивтік санасында фреймдік құрылымға айналып, соның негізінде ‘егіз қозыдай’ деген екінші реттегі атау пайда болған. Қазіргі кезде баспа беттеріндегі ‘егіз тамшыдай’ деген қолданысты бөтен тілдің дүниелік картинасы болғандықтан сөз мәдениеті тұрғысынан мақұлдауға болмайды.
Ақиқат дүниедегі заттар, құбылыстар, уақиғалар т.б. адамға қалай әсер етсе, тіл де солай әсер етеді. Адамның ішкі әлемі (эмоционалдық, интеллектуальдық әлемі) мен сыртқы әлемнің аралығында тіл әлемі бар. Индивид, субъект белгілі бір тіл әлемінде өмір сүреді. Сондай-ақ тіл индивидтің, субъектінің ішкі әлемінде (санада да) орын тепкен. Тіл тек қоғамда ғана өмір сүрмейді, ол индивидтің санасында өмір сүреді. Э.Сэпир, Б.Уорф т.б. неогумбольдшылдар мектебінің теориясы осы ұстанымды негізге алады. Адамдар ақиқат дүниені өзінің ана тілі арқылы ғана тани алады, біле алады және көре алады. Ақиқат өмірді тілде бейнеленгендіктен ғана көре аламыз, тани аламыз. Тілде бейнеленбеген нәрсе ақиқатта да жоқ. Әрбір тіл ақиқат дүниені өзіне тән ерекше тәсіл арқылы бейнелейді.
Дүниенің тілдік бейнесі эмпирикалық таныммен байланыста. Әрбір тіл, Б.Уорф-Сепирдің тұжырымдауы бойынша, дүниені өзінше жүйелеп бөледі, яғни оны концептуализациялаудың өзіне тән тәсілдері болады. Ақиқат дүниедегі заттарды, құбылыстарды, уақиғаларды белгілі бір концептіге топтастырады [12].
Тілдік бейне түріндегі концептуалды жүйе этностың заттық, мәдени тәжірибесіне тәуелді. Дүниенің концептуалды бейнесі логикалық-прагматикалық позитивтік танымға, әлеуметтік тәжірибеге негізделеді. Концептуалды бейне дүниенің тілдік бейнесінің бір бөлігі болып табылады. Дүниенің тілдік бейнесінде мифологиялық, діни, логикалық-позитивті танымның бәрі де болады. Дүниенің қарапайым бейнесінде дәмбейне, иісбейне, көзбейне, тәнбейне (ыстық, суық, қатты, жұмсақ т.б.), естілімбейне, яғни сенсорлық қабылдау басым болады. Тіл әрдайым ұжымдық стереотипті, эталонды, түсінікті тіркеп, көрсетіп тұрады.
Әрбір табиғи тіл ақиқат дүниені өзінше тәсілмен концептуализациялайды. Сөйтіп сөйлеушілердің бәріне ортақ ұжымдық философиясы тәрізді көзқарастар жүйесін жасайды.
Осылайша тілдік ұжымның когнитивтік санасында мағыналар кеңістігі, яғни дүние туралы тілде бекітілген дәстүрлі білімдер типі пайда болады.
Әр халық дүние алуандығын өз таным-түсінігінше таптастырып, топтастырады, дүниенің үзіктерін өздерінше атайды. Дүниенің өзіндік конструкцияланған бейнесінде индивидуалды, топтық және ұлттық тәжірибенің табы жатады. Дүниеде ең жаман – жаяулық деген тұжырым, қазаққа түсінікті, ал жер көлемі атшаптырым ғана шағын ел (тілдік ұжым) оны түсінбес еді.
Тілдік бірліктерде мәдени ақпарат мәдени семалар; мәдени ая (фон), мәдени концепт және мәдени коннотация арқылы беріледі. Мысалы, көш, айтыс қарашаңырақ, аға, батыр, би, жылқы, тары, босаға т.б. концептілік құрылымдардың қамтитын ұғымдары әр алуан әрі күрделі болуы олардың ұлттық мәдени өрістегі алатын орны мен үлесінің ерекше екенін байқатады. Өйткені “мәдени мәні айрықша объектілер мен концептілердің тілдегі сөздік қоры мейлінше бай болады” [13].
Байырғы қазақ мәдениетінде қазақ қызының ең бақытты шағы оң жақта, әкенің үйіндегі кезі (құдай-ау, оң жақтағы күнім қайда?), сондықтан күйеуге ұзатылып бара жатқан қыз үшін әкенің үйі –алтын босаға, ал атастырып қойған күйеуінің үйі болашақта келін болып түсетін үй – жат босаға, келін болып түсіп, оң аяғымен аттаған босағасы – ақ босаға.
Адам өз сөзінің иесі, өз сөзінің қожасы болса, тілдің иесі де, қожасы да халық деген ұстанымның мәні өте зор.
Тілді халық арқылы, халықты тілі арқылы, сондай-ақ адамды тілі (сөзі) арқылы, сөзі арқылы адамды тану идеясы әр дәуірдегі ұлы ойшылдарда да айтылған. “Адамына қарап сөзін алма, сөзіне қарап адамын ал” дейтін Абайдың философиялық ойы субъектінің сөзі арқылы оның әлеуметтік, білімдік, психологиялық тұлғасын тану жөніндегі антропоцентристік идеямен үндес екені айқын аңғарылып тұрады.
Тілдік тұлға тек тілдің ғана субъектісі емес, адресант және адресат ретінде сөздің де субъектісі. Дәстүрлі парадигма сөз мәдениеттің түп қазығы, орталық ұғым тілдік норма болса, ендігі жерде, жаңа парадигмада сөз мәдениетінің түпқазығы тілдік тұлға болуға тиіс.
Адамдар ақиқаттағы заттар мен құбылыстардың, уақиғалардың, қысқасы, денотаттар әлемінің ортасында өмір сүреді. Санада сәулеленген ақиқат өмір үзіктері адамның ой елегінен өтіп, білім дүниесіне, яғни интеллектуалдық, руханияттық, мәдени-әлеуметтік қажеттілікті өтейтін концептілерге айналады. Сөйтіп, адамдар тек ақиқат дүние ортасында ғана емес өздері жасаған идеалды дүние әлемінде де өмір сүреді.
Әрбір кезең, әрбір дәуірдің өзді-өзіне тән ақиқат дүние туралы білім жүйесі болады. Мысалы, қой, жайылу, ауыл, өріс т.б. сөздердің қандай мағынаны білдіретіні немесе қандай денотатты көрсетіп тұрғаны бізге белгілі. Бұл – тілдік білім. Ал “қой бытырап, шашырап бір-бірінен алшақ кетіп жайылса, ауыл қонған жерден тым ұзап кетсе, ол жердің оты нашар болғаны. Ауыл ондай жерде ұзақ отырмайды оты қалың, изенді, жусанды, өрісті жерге көшеді” десек, бұл – тілдік емес, дүниелік білім. Ал белгілі бір көркем шығараманы оқыған оқырманға сол дәуірдегі тілдік емес білімді білу қажет. Көркем шығармада тілдік семантикадан басқа да білім дүниесі бар. Сол білім дүниесі шығармада қалай берілді? Қазақ әдебиетінің класигі Ғ.Мүсіреповтің көркем шығармаларының оқырманды баурап алуының сыры риторикалық тәсілдерді, стильдік амалдарды шебер қолдануында ғана емес, оқырманға бейтаныс тілдік емес білімдер жүйесін ашып берумен де байланысты. Жазушының бір әңгімесінде батырдың мінген қазанаты “құлағын қайшылап, оқыранып, аяғымен жерді тарпи береді”. Атының бұл мінезіне қарап батыр не қалың жылқыға, не жылқыны қуып әкетіп бара жатқан жауға кездесетінін біле қояды. Осылайша жазушы оқырманға сол дәуірдің білім дүниесінің есігін ашпаса, оқырман сол дәуірдің ішіне кіре алмайды.
Дүниелік білім когнитивтік санада бір-бірімен ұштасып жатады. Мысалы, қауіп-қатер таянғанда жылқының әлгіндей жер тарпитын қылығы, қазақы қазанаттың тарпаң, құланмен туыстығымен байланысты көрінеді. Мысалы, құлан үйірін шақырғанда, үйіріне қауіп төнгенде алдын ала сезіп, ащы дауыс шығарады екен. Міне, осындай дүниелік білімдер оқырман-тілдік тұлғаның санасында болғанда, Махамбеттің “Құландай ащы дауыстым” деп, Исатай батырды жоқтағандағы жан-дүниесін тереңірек ұғынуға болады.
Белгілі бір тілдік таңбада екі түрлі мағына (білім) кодқа салынуы, соған сәйкес екі түрлі код болуы мүмкін. Біріншісі – тілдік код, екіншісі – мәдени код. Тілдік таңбалардың мәдени семантикасын зерттеуде осы екі түрлі мәнділікті ажырата білу қажет.
Тілдік тұлға ұлттық тілді тұтынушы ғана емес, ұлттық мәдениетті де тұтынушы. Осы тұрғыдан қарағанда белгілі бір тілдік концептінің құрылымдық түзіліміне мәдениеттің де қатысуы, “араласуы” кәдік. Олай болса, тілдік таңба мағынасының қай бөлігінде, қай тұсында мәдени мән болатынын айқындау қажет. Сөйлеуші я болмаса тыңдаушының сөз стратегиясында мәдени мәнді сезіне алатынын/алмайтынын анықтаудың [14] сөз мәдениеті үшін мәні ерекше.
Мәдени семантиканы айқындауда тілдік тұлға үшін қиындықтар да болады. Кейбір тілдік таңбаларда мәдени ақпараттар тілдік мағынаның тасасында тұрады да, имплицитті сипатта болады.
Тілдік семантика (білім) мен мәдени семантиканың (жалпы дүниелік білімнің) бір-бірімен байланысы бірде айқын, бірде көмескіленіп, кейде бір біріне жақындап, кейде бір-бірінен алшақтап тұрады. Мысалы, жұлдыздар тіркесіпті, жұлдыздар теңесіпті деген тұрақты тіркестің мәдени-ұлттық семантикасы тым көмескіленіп кеткен. Байырғы дүниелік білім бойынша төменнен жоғары тартылған түзудің бойымен жоғарыда Үркер және оның Үлпексарысы, одан төменіректе Үш Арқар-Таразы, одан төменде Сүмбіле жұлдызының бірінен кейін бірі қатар түзуін жұлдыздар тіркесіптідейді. “Күн суытып, қыс түсер шақ” келді деген ұғымды білдіреді. Жұлдыздар қазан айында тіркесіп болады. Жұлдыздар керуеніннің басында Үркер мен оның Үлпексарысы тұрады. Ал жұлдыздар теңесіпті деген тұрақты тіркес әлгі жұлдыздардың горизонталь түзудің бойымен қатар келуінжұлдыздар теңесіпті дейді. 22-24 наурызда Сүмбіле (сол жақта), Үш Арқар-Таразы (ортада), Үлкер мен Үлпексары (оң жақта) бір түзудің бойында, күннің батысында, тізілген моншақтай болып тұрады. Жұлдыздар теңесіпті дегенді, кейде Таразы басы теңесіпті дейді, “күн мен түн теңелді” деген ұғымды білдіреді.
Тілді тұтынушыда лингвистикалық құзірет, коммуникативтік құзірет, сондай-ақ мәдени-тілдік құзірет болады. Ал тілдік-мәдени құзірет дегеніміз тілдік тұлғаның сөйлеу (жазу) мен айтылған (жазылған) сөзді қабылдау кезінде тиісті мәдени семантиканы, мәнділікті қоса меңгеруі.
Тіл мен мәдениеттің өзара ықпалдастығы, әсері негізінде тілдік таңбаның мазмұн межесінде мәдени семантика қалыптасады. Аударма, тіл үйрету, көркем мәтінге талдау жасауда, сөздіктер құрастыруда тілдік таңбаның грамматика, лексика-стилистикалық мағыналарымен бірге ондағы мәдени ақпараттарды да ескеру аса қажет. Мысалы, қазақ тілінің онтомдық түсіндірме сөздігінде ‘жылқы’ сөзіне мынадай түсініктеме берілген:
ЖЫЛҚЫ з а т. Төрт түлік малдың көлік үшін пайдаланылатын тақ тұяқты түрі. Әрине, жылқының лексикалық мағынасы толық ашылған, төрт түлік, тақ тұяқты деген семалар лексикалық мағынасын жеткілікті дәрежеде беріп тұр. Басқа ұлттың тілі, мәдениеті үшін бұл түсіндірме, бәлкім, дұрыс та шығар, ал мәдени мәнділікке байланысты ақпарат қазақ тілінің сөздігі үшін толық болмай тұр. Өйткені жылқы сүтінен жасалатын қымыз – қазақ мәдениетінде астың асылы, ардақтысы. Сондай-ақ жылқының қазы-қарта, жал-жаясы да астың ең сыйлысы. Олай болса,жылқы сөзінің мәдени семантикасына қатысты негізгі ақпараттар дефиницияда мүмкіндігінше қамтылуға тиіс. Мысалы: ЖЫЛҚЫ з а т. Көлік үшін, еті, сүті тағам үшін пайдаланылатын төрт түліктің тақ тұяқты түрі деген нұсқада беру тілдік семантиканы әрі мәдени семантиканы қамти түсер еді.
Егер сөз мағынасының құрылымы денотаттық және сигнификаттық екі деңгейден тұратынын ескерсек, мәдени семантиканың сигнификаттық компоненттен орын тепкені байқалады. Халық тілінде кездесетін, этномәдени танымның мифологиялық санамен байланысын көрсететін фразеологизмдер мен паремологизмдердің өзі сақталғанмен, прототиптері, архетиптері көмескіленіп, жоғала бастады. Мәселенің қиындайтыны да осы арада. Сөзқолданыста қате-кемшіліктердің жиі кездесетін, сөз мәдениетіндегі қауіпті аймақтың бірі осы тұста деуге болады. Өйткені этномәдени лексиканың мән-мағынасын жете түсінбегендіктен, мәдени семантикаға қайшы келетін сөз қолданыстар жиі кездесе бастағаны байқалады. Мысалы, газет бетінен қайсыбір мектепте эстетикалық тәрбие мақсатында ‘үкілі қыз’ байқауын өткізгені жайында айтылған. Ал шынында ‘үкілі қыз’ сөзі “үкі тағылған, құда түсушілер ‘үкітағар’ ырымын жасаған” деген мәдени семантиканы білдіреді. Байқау конкурсты өткізушілердің ‘үкілі қыз’ сөзінің мәдени семантикасынан бейхабарлығын көрсетеді.
Тілдік тұлға үшін мәдени-тілдік семантиканың аса күрделі түрі фразеологимдер, паремологизмдер тәрізді тілдік таңбаның мазмұн межесіндегі құрылымдармен байланысты.
Этностың ақиқат дүние туралы көзқарасы, салт-дәстүрі, жол-жоралғылары әдет-ғұрпы, моралі, әдебі, тұрмыс-тіршілігімен байланысты ақпараттар жинақтаған тұрақты сөз орамдарының мазмұндық құрылымында ақиқат дүниенің тілдік бейнесін көрсететін ұлттық менталитетті танытатын компоненттер болады. Осыларды айқын аңғара білмеген жағдайда сөйлеуші/жазушы коммуникативтік сәтсіздікке ұшырауы ықтимал.
Тілдік тұлғаның коммуникативтік сәтсіздікке ұшырау қаупі жиі кездесетін аймақтың бірі негізінен мазмұн межесі этномәдени семантикаға ие тұрақты сөз орамдарымен, яғни фразеологизмдер мен паремологизмдердің мәдени-ұлттық семантикасымен байланысты деуге болады.
Сонымен, тіл білімінде концепт мәселесі аясындағы пікір, пайымдауларға жасалған шолудың, сипаттаманың негізінде бірқатар мәселелердің теориялық тұрғыдан негізделгендігі анықталды. «Концепт» ғылыми атауының, концепт теориясының қалыптасуы, оның ұғыммен ара-қатынасы, концептілік талдау тәрізді мәселелерге байланысты ғалымдардың теориялық тұжырымдары өзектесіп, ұштасып келсе, концепт түрлеріне қатысты ұстанымдардың әлі де болса, нақтылана қоймағандығы байқалды. Біз зерттеу нысанын жоғарыда аталған ғалымдардың оң теориялық тұжырымдарын, ұстаным, қағидаларын басшылыққа ала отырып, талдап тараттық.
Адамзаттың дүниені тануы барысында қалыптасатын бейненің ойсурет (наивная картина мира) кейпінде санада таңбаланылатыны белгілі. Дегенмен, санада қалыптасқан «ойсурет» деп біз нағыз бейнесі емес, жанамалап алынған бейнені айтып отырмыз, себебі, ақиқат дүниенің бейнесі мен дүниенің тілдік бейнесі өзара сәйкес келе бермейтіні айқын, ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Ойсурет ұлттық ерекшеліктерге қарай әртүрлі болып келеді және ол тіл иелерінің ұжымдық санасында қалыптасады.
Осы орайда А.П.Бабушкиннің «ойсурет дегеніміз – тура сол сәтте алынған суреттер емес, адамдардың ұжымдық санасындағы суреттер көрмесінің дискретті бірліктері. Жеке тұлғаның дүниені тану үрдісінің нәтижесі ретінде қалыптасатын «бейнелер суреттемелерінің қоры» болады және тіл иелерінің ұлттық санасында қалыптасқа «бейнелер суреттемесі» бар екені ақиқат» деген сипаттамасы ойсурет концептісінің мазмұнын толық қамтиды [15].
Сонымен, ойсурет концептісі белгілі бір заттың, құбылыстың адам санасындағы нобайы, қарабайыр кейпі, нышаны болып табылады және оған статикалық күй тән. Мысалы, жылқы туралы айтылатын дәуіт бас фразеологизмі қазақ халқының санасында әдемілік, сүйкімділік ұғымын қалыптастырады. Себебі, ат бабын білетін қазақ халқына дене бітімі ірі, бірақ басы ‘дәуіттің басындай’ жылқы шын мәнінде жүйрік сәйгүлік болып келетіні белгілі. Мысалы, Дәуіт бас, қамыс құлақ, қураған жақ... (І.Жансүгіров).
(as) slippery as an eel (с.с.а: жыланбалықтай жылтыр) идиомасының бастапқы еркін тіркес түріндегі үлгісі кәсіби балықшылар арасында қалыптасқан. Жыланбалықты ұстағанда, оның сусып, қолға ілікпейтін ерекшелігі өте қу, тиянақсыз және сенімсіз адамға қатысты тіркестің қалыптасуына себепкер болғаны айқын. Мысалы, “I am morally certain he uses money to get what he is after as freely as a fireman uses water. He is as slippery as an eel” (Th. Dreiser).
Зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, фрейм теориясының алғы шарттарын қалыптастырған америкалық ғалым – М.Минский. Адамның нақты бір жағдаятты (ситуацияны) игеруі барысында немесе әдеттегі заттар мен құбылыстарды жаңаша қабылдауда өз жадында бұрыннан сақталған жекелеген мәліметтерді (бейнелерді) таңдап алып, пайдалануы М.Минскийдің фреймдер теориясының бастау көзі болып табылады [16].
Біздің пайымдауымызша, ойдерек концепт пен фрейм концепт өзара байланысты, сондықтан да бірқатар еңбектерде олардың ара-жігі ажыратылмайды, алайда, ойдерек концептіде статикалық күй басым болса, фреймде динамикалық күй басым. Мысалы, С.К.Сәтенованың пайымдауынша, аузын үріп, аяғын сырып, табанын қырып өсіру тұрақты тіркесінің ішкі формасы, архетипі төлге, төлдеу процесіне байланысты. Төл енесінен тонымен бірге туылған жағдайда, енесі тонды тістерімен қиып, төлдің тыныс алуына мүмкіндік жасайды. Енесінің күш-қуаты жетпесе, төл иесі төлдің тонын аяғынан бастап сырып, тұншығып қалмас үшін аузына үрлеп ауа жібереді. Бастапқыда халықтың тұрмыс-тіршілігіне, өмір тәжірибесіне байланысты туындаған тіркестің бертін келе ата-ананың балаға деген қамқорлығын бейнелі түрде сипаттауда қолданылуының, тілде тұрақты тұлға ретінде қалыптасуының негізгі уәжі екі басқа жағдайдағы ортақ аялық білім (фоновое знание) элементері, нышандары болып табылады. Мысалы, әке-шешесінің көзі тірі, соларға келіп сәлем беріп кетсе болмай ма? Біздің жаққа қарап аяғын баспады-ау. Аузын үріп, табанын қырып өсірген әкесі мен шешесі не жазды? [17].
Live like fighting cocks (с.с.а: ұрыстыру үшін арнайы басталып, бағылатын әтешше өмір сүру). Тарихи деректерге сүйенер болсақ, бұл ағылшындардың ең бір қызық көріп, тамашалайтын ойындарының бірі - әтештер «сайысына» байланысты қалыптасқан тіркес (оған әтештер арнайы семіртіліп, дайындалатын). Қазіргі кезде бұл бейнелі сөз орамының бастапқы прототипі, аялық білім элементтері көмескіленіп, коннотативтік реңкі бар «көйлегі көк, қайғысы жоқ» деген ұғымды меңзейді. Мысалы, “If I had a tenth of his money I could retire on a chicken ranch in California and live like a fighting cock” (J.London).
Схема концепт. Бірқатар ғалымдар танымның әр уақытта қалыптасатын фрагменттерін схема деп атап, ол фрагменттер сенсорлық ақпарат және концептілік таным рқылы да берілетінін тілге тиек етсе, келесі ғалымдар тобы концептінің бұл түрінің жазықтық, кеңістік, биіктік, өлшем, уақыт семаларының объективтенуі арқылы жасалатындығын дәлелдейді. Біз осы соңғы қағиданы ұстанамыз.
Арыстанның аузында, түрікпеннің төрінде (түрікменнің түбінде) фразеологизмінің жоғарыда көрсеткендей екі варианты бар. Барымташылық заманда жоғалған малдың қиында, қол жетпейтін беделді адамдардың уысында екендігін тұспалдап жеткізу барыснда осы тілдік бірлік қолданылды. Академик Ә.Т.Қайдардың пайымдауы бойынша, түркіменің түбінде тіркесіндегі «түркіме» сөзінің бізбен туыстас түркімен халқымен еш байланысы жоқ, «түркіме» сөз этимологиясы жағынын, «жер асты, апан» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы жағынан бұлай пайымдау дұрыс, себебі, жоғалған малды табудың неліктен қиын екендігі белгілі, яғни адам көрмес жер астында, апанда немесе құрығы ұзын лауазымдының уысында. Бүгінгі күн тұрғысынан алғанда аталмыш бейнелі тіркес таптырмайтын, қолға түсе бермейтін затқа қатысты қолданылады.
Follow [make, take] a bee-line [beeline, in a beeline] (с.с.а: араның жолымен; араның жолын жасау) – «тұп-тура, ең қысқа жолмен» деген мәнге ие вариаттары тілде «бал жинау кезінде аралар өз ұясы мен гүлдің арасында түп-түзу сызық бойымен ұшады» деген сенімнен туындаған. Халық санасында қалыптасқан аталмыш түсінік кейіннен ұқсас бейнені, іс-әрекетті сипаттау мақсатында ауыспалы мағынада да қолданыла бастады. Мысалы: “The lieutenant always made a beeline for the kitchen” (J.Jones).
Концептілік құрылымдардың когнитивтік санада тағы бір жиі ұшырасатын түрі – сценарий концепт. Бұл концептіде әрекет етуші біреу болмай, бірнешеу болуы шарт және олар бір-біріне қарсы әрекет етеді. [9]. Демек, қозғалыс, серпін, әрекет, даму және т.б. семалар сценарий концепт арқылы беріледі. Мысалы, құлындағы сақауын, құнандағы тісеуін айту фразеологизмі де халықтың тұрмыс-тіршілігіне байланысты туындаған тіркестердің бірі. Құлын, құнанда аурулар (сақау, тісеу) жөнінде мәлімет астарланып, «дәнеңе қалдырмай, түп-тұқиянына дейін айту; жұртқа жария ету» мағынасында қолданылады. Ауыс мағынаның қалыптасуына қолындағы малының ауру-сырқауына дейін әңгіме еткен және белгілі бір нәрсе, оқиға т.б. жөнінде бүге-шүгесіне дейін қалдырмай айтқан жеке тұлғалар әрекетіндегі ұқсас, сәйкес нышандар негіз болған. Мысалы, Құлындағы сақау, құнандағы тісеуін айтып, қолдан келсе, Тобықтыны жырым-жырым қылып әкетпек болды.
Swoop like an eagle (с.с.а: бүркіттей шүлігу). Қарсыласына бар күш-жігерімен ұмтылып, қаһарын төккен адамның жоғарыдан шүйлігіп келіп, аңды бүріп алатын бүркітпен салыстырылуы ағылшын халқының да байқампаздығының куәсі. Бейнелі тіркестің қазақ тіліндегі баламасы: бүркітше шүйлігу. Мысалы: “As soon as they heard the news, the creditors swooped like eagles on their victim” [18].
Жоғарыда аталған концептілерден басқа адамның ішкі дүниесі, сезімі жайлы, яғни адам өмірінің эмоционалдық жақтарын (махаббат, қуаныш, қайғы, қатігездік т.б.) қамтитын концепт логикалық-ұғымдық концепт деп аталады. Мысалы, бастапқыда аңшылар арасында қалыптасқан жерден жеті қоян тапқандай (қуану) тіркесі. Бір іннен жеті қоянның көжегін табу әрбір аңшы үшін, әрине қуанарлық жайт. Бұл жерде жеті санының қолданылуы, біздің пайымдауымызша, дыбыстық эвфонияға байланысты. Бейнелі түрде қатты қуанған кезде айтылатын тұрақты тіркес. Мысалы, Атына міне сала, жерден жеті қоян тапқандай шауып барады. (Ғ.Мұстафин).
Great snakes! (с.с.а: Ұлы (үлкен) жыландар!) анималистік тіркесі діни көзқарасқа байланысты қалыптасқан (Інжіл (Matthew X, 16) кітабы бойынша жылан даналықтың белгісі болып табылады), таң қалған немесе өкінген кезде адамдардың эмоциалық жай-күйін жеткізу үшін қолданылатын одағай мәнді тіркес. Мысалы, “Great snakes! Regular circus layout! Just what you’d expect from a fool woman evangelist! Decided Elmer” (S.Lewis).
Сондай-ақ ағылшын тілінде анималистік идиомалардың жағымды/жағымсыз концептілер құруға қатысы да қарастырылады. Мысалы, ит сөзіне қатысты иттің жаманы ырыс әкеледі, ит жеті қазынаның бірі тәрізді бірліктер арқылы ит «жағымды» концептілер қатарына кірсе, екінші жағынан, иттің кейбір қылықтарына қарай бұл атау «жағымсыз» концептілер қатарын түзеді: as sick as a dog т.б.
«Тоқшылық» концептісі. Мысалы, there’s (here are) as good fish in the sea, there’s (there are) as good fish in the as ever came out of it (с.с.а: теңізден қанша балық шықса да, сонша балық қалады); the goose that laid (lays) the golden eggs (с.с.а: алтын жұмыртқа тапқан қаз); eat (live) high off (on) the hog (с.с.а: шошқаның үстінде өмір сүру (жеу)); (to kill) the fatted calf (с.с.а: семіз бұзауды сою). Here’s (here are) as good fish in the sea анималистік идиомада адамдардың ең байлығы ассоциативті түрде теңіздегі балықтың мөлшерімен сабақтастырылып, ауыс мағынада «ешнәрсеге мұқтаждығы жоқ» дегенді, eat (live) high (off) on the hog тұрақты тіркесі «тоқшылықта өмір сүру» ұғымын білдіреді. Мысалы, “You could get you back that apartment … and live as high off the hog as we’ve been living here (J.Jones).
Ағылшын халқы адамның жағымсыз қасиеттерін жан-жануарлардың, хайуанның нашар, белгілі бір ұқсастық туғызатын ерекшеліктеріне балап, «тіл – тас жарады, тас жармаса, бас жарады» дегендей тура айтып отырған.
«Екіжүзділік» концептісі. «Жағымсыз» концептілік өрістегі анималистік идиомалар: old fox, sly dog (cat); ішінде ит өліп, түлкі тұншығып жатыр; жылан жүрісті; қой терісін жамылған қасқыр т.б.
«Сараңдылық» концептісі. Іші тар, сараң адамдардың келеңсіз қасиеттері де, жануарлар ерекшеліктеріне теңеліп, тілде көрініс тауып отырған: jump at smb (smth) like a cock at a groser (groset) (с.с.а: дақылға ұмтылған әтешше); a dog in the manger (с.с.а: шөп қорыған ит); the older the goose the harder to pluck (с.с.а: қаз қартайған сайын оның жүнін жұлу қиынырақ) т.б. Үйрек – ағылшындар үшін сараңдық символына айналған, тіркестің уақыт өте келе қалыптасқан коннотативтік семантикасы: «адам үлкейген сайын оның сараңдығы да ұлғая түседі».
Зерттеу нәтижесінде ағылшын халқының «дүниенің тілдік бейнесін» жасаудағы ойсурет, схема, сценарий, фрейм, логикалық-ұғымдық концептілерінің қолданылатыны анықталды. Ағылшын тіліндегі анималистік идиомалардың көбіне ойдерек, сценарий концептілердің түзілуі және «жағымды», «жағымсыз» мазмұндағы концептілерді қалыптастыруға белсенді қатысатындығы айқындалды. Концепт құрылымына ұғымдық, бағалауыштық, бейнелілік компоненттер тән. Сондай-ақ коннотативті мағынаның қалыптасу уәждерінің (теңеу, ұқсату, балау, ортақ нышан, белгінің болуы т.б. ) сәйкестеніп келуі тілдік универсалияның бір көрінісі іспеттес.
2.2 Ағылшын тіліндегі анималистік идиомалардың коннотативтік семантикасы
Ағылшын тілінің дамуы мен таралуында да халық өмірінің әр қилы тұсы,атап айтсақ,тарихи-әлеуметтік және психологиялық аспектілері туғызған жағдайлар үлкен орын алады. Әсіресе,тарихи оқиғалар,қоғамдық құрылым,жағрафиялық аймақтың ұлғаюы,халықтың бір елдің шеңберінде немесе бір елден бір елге ауысуы, тайпалардың араласуы немесе бөлініп шығуы,саяси және экономикалық жағдайы,мәдениеті мен әдебиетінің дамып,өзге елдермен қарым-қатынасқа түсуі секілді факторлар ағылшын тілінің қазіргі халықаралық қарым-қатынас құралы саналатын дәрежесіне көтерілуіне ықпал етті.
Ағылшын халқының ауылшаруашылығы да, қалалық өмірі де ерте қалыптасып,дамыған.Олардың ежелден отырықшы халық болғандығына және тұрмыс-тіршілігіне орай анималистік фразеологизмдері де алуан түрлі болып келеді.Британ аралдарын мекендеп,ағылшын тілінде сөйлейтін халықтардың мал шаруашылығы,аңшылық дәстүрі және теңіз кәсіпшілігі мен балық аулау кәсібі де қатар өрбіген.Қазақ тілімен салғастыра алғанда,ұлттық ерекшелігін айқын көрсететін теңіз шаруашылығына қатысты АФ-тердің кеңінен таралуының бір сыры осы ұлттық тарихи кәсіпте жатыр деп ойлаймыз.
Қайта өрлеу дәуірінде ғылым мен техниканың,кеме жасау өнері мен жаңа құрылықтарды игерудің өркендеуі XVII ғасырда ағылшын тілінің Солтүстік Американың біраз бөлігіне таралып, Британ аралдарындағы кельт тілдерін ығыстырып шығаруына септігін тигізді. Ал XVIII ғасырда Үндістан елінде үнді және урду тілдерімен бірге мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілген ағылшын тілі жеті жылдық (1756-1763) соғыстан соң бұған дейін Франция колониясы болып келген Канадаға енді. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Австралияға,XIX ғасырда Жаңа Зеландияға,XX ғасырдың басында Оңтүстік Африкаға таралды. Қазаргі таңда ағылшын тілінде сөйлейтін халықтарды жер жүзінің әр түкпірінен кездестіруімізге болады.Осыдан да болар ағылшын тілінің фразеологиялық қоры Англияда кездеспейтін хайуанаттарға қатысты тұрақты тіркестермен де толыға түсті. Мысалы, as lithe as a panther анималистік фразеологизмін сөзбе-сөз «пантерадай шапшаң,икемді,иілгіш» деп аударуға болады,яғни пантера хайуанатының жүрісі сезілмейтін қасиеті,қимыл шапшаңдығы негізге алынып,теңеу түрінде адамға қатысты қолданылған.Сондай-ақ,тілде play possum (с.с.а.: опоссум* болып ойнау) – 1) өтірік ауру немесе өлі болу; 2)түкке түсінбеген кейіп таныту; see the elephant (с.с.а.: пілді көру) – 1)өмірді көру,тәжірибе жинау; 2)қаламен танысу,аралап қызықтау мәніндегі анималистік идиомалар да кездеседі.
Зерттеу барысында аталмыш топ құрамына енетін анималистік идиомалардың сандық көрсеткіші аздау болғанымен,қолданыста жиі кездесетіндігі анықталады.
Ағылшын тіліндегі анималистік фразеологизмдер жоғарыда аталған концепт түрлерінің барлығында дерлік кездесті,сондықтан,қазақ тіліндегі анималистік тұрақты тіркестердей бөліп,талдауға тырыстық.
Grin like a Cheshire cat (с.с.а.: Чешир мысығы секілді күлу,жымию) анималистік фразеологизмнің шығу төркіні қызықты. Бір кездерде Чеширде (Чешир-Англиядағы графтық аудан) жасалатын ірімшіктің формасын күліп тұрған мысыққа келтіріп дайындайтын болған.Осы бір тарихи оқиға тілде өз ізін қалдырған тәрізді. Себебі, бүгінгі таңда аталмыш бейнелі тіркес мүлде өзгеше объектіге, яғни жағымды мәнде әр кез күліп жүретін, жайдары адамға қатысты қолданылса, ал жағымсыз мағынада мысқыл ретінде айтылады.
Мысалы, "Mamma is smiling with all her might. In fact Mr. Newcome says …'that woman grins like a Cheshire cat."'(W. Thackeray). Ауд.: «Апам екі езуі құлағына жеткенше жымиып отыр. Ньюком мырза: «Мына әйел қалай жымияды,тура чешир мысығы дерсің»,-дейді...".
As mute [dumb] as a fish тұрақты тіркесі бастапқыда балықшылық кәсібімен айналысатындар арасында қалыптасқан тіркес,көп сөйлемейтінадамға қатысты айтылады.Қазақша баламасы – аузын буған өгіздей.
Мысалы: «'What is it,man? Have you committed a murder,that you stand there dumb as a fish» (J.Galsworthy). Ауд.: «Саған не болған? Адам өлтіргеннен саумысың,аузын буған өгіздей үндемейсің ғой».
As proud [vain] as a peacock (с.с.а: тауыс сияқты өркөкірек) фразеологизмінің аудармасы «қоқиланған әтеш сияқты» дегенге саяды. Көп тауықтың арасында қоқиланып, қожайын екендігін көрсетіп жүретін әтеш пен көкірегін керіп, маңғазданып, қыр көрсететін адамдар арасындағы сәйкес фондық элементтер, аялық белгілер теңеу түріндегі бейнелі тіркестің қалыптасуына негіз болған.
Мысалы: “She never tired of praising her beauty…’Darling, you’ll make me as vain as a peacock” (W.S. Maugham). Аудармасы: «Джулия Майклдің келбеттілігін айтып, мақтаудан жалықпайтын.... ‘Қымбаттым, сен мені әбден дандайсытып жіберетін болдың ғой”.
Like a dying duck in a thunderstorm (с.с.а: найзағайдың жарқылынан (найзағай түсіп өлгелі жатқан үйректей) тұрақты тіркесі «салы суға кету» ұғымын білдіреді. Бір мәселенің шешімін таппай қиналған, азып-тозған адамды сипаттау барысында қазақ тілінде «жүнін жұлған тауықтай» тіркесі де қолданылады. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі осы өзара мәндес тіркестерді балама ретінде қабылдауға болады.
Мысалы: “Blenkinsop… I’ve never been able to take my eyes off the ground without finding… yours fixed on me with the languishing expression of a dying duck in a thunderstorm” (W.S. Maugham). Ауд: “Бленкинсоп. ... Мен сіздің салыңыз суға кеткен кейпіңізге қарай алмай, жерден көзімді алмастан отырдым да қойдым ”.
Like water off a duck’s back (с.с.а: үйректің арқасынан аққан судай (қабылдау)) фразеологизмі не нәрсені болса да салқынқандылықпен қабылдайтын, ешнәрсе әсер етпейтін немесе жағымсыз мағынада жон терісі қалың, сөз өтпейтін адамдарға қатысты қолданылады. Бастапқыда құс өсірушілер арасында қалыптасқан аталмыш тіркес қаздың суға қанша сүңгісе де үстіне су жұқпайтын ерекшелігіне байланысты айтылса керек. Теңеу түріндегі еркін тіркестің тұрақты тұлғаға айналуына негіз: адекватты ортақ белгілер (су//сөз өтпеу).
Мысалы: “Flattery fell off him like water from a duck’s back” (W.S.Maugham). Ауд: «жарамсақтана айтылған сөздер, мақтау-мадақтаулар оған титтей де әсер етеді”.
Like a drowned rat (с.с.а: суға кеткен атжалмандай) ағылшын халқының мәдениетін, тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін тура көрсететін ерекше тіркестердің бірі, яғни жаңбырда, не теңізде үсті-басы малмандай су болған адамды суға батқан атжалманға теңейді. Біздің пайымдауымызша, бұл тіркес ертеректе теңізшілердің кеме апатқа ұшырағанда ондағы атжалмандардың суға кететінін байқауынан қалыптасқан.
Мысалы: “you’re as wet as a drowned rat. Sit down and dry yourself, and speak straight forward” (G. Eliot). Ауд: “Үсті-басыңыз малмандай су болыпты ғой. Отырып, кептірініңіз де, әңгімеңізді айта беріңіз”.
Like a fish out of water (с.с.а: судан шыққан балықтай) бейнелі орамы да бастапқыда теңізшілер немесе балық аулаушылар арасында қалыптасқан. Балықтың сусыз өмір сүре алмайтын ерекшелігі мен төрт құбыласы түгел, еш алаңсыз күй кешкен адамның тосын жағдайға тап болғандығы жай-күйі арасындағы ұқсастық (тынышы, берекеті, дегбірі кету) теңеу түріндегі тіркестің тілде қалыптасуына, тұрақты тұлғаға айналуына ұйтқы болған. Аталмыш тіркестің фразеологиялық мағынасын қазақ тіліндегі сең соққан балықтай бейнелі тіркесі дәл жеткізеді.
Мысалы: “The dance-hall was a mass of stamping, pushing, circling humanity. … As he sat there pale and silent, like a fish out of water” (A.J. Cronin). Ауд: “Би залында аяқтарын тарсылдатып, бір-бірін итеріп, айнала теңселіп жүрген бір топ масаң адамдар... Ал Стивен болса, қан жоқ, сөл жоқ, үн-түнсіз, сең соққан балықтай болып отырды”.
As red as a turkey (с.с.а: күркетауықтай қызыл) тұрақты тіркесінің тілде қалыптасу уәжі ағылшын тілінде сөйлейтін халықтардың басым көпшілігінің жаңа жылды қарсы алу рәсімімен байланысты тәрізді. Деректерге сүйенер болсақ, бұл халықтардың Жаңа жыл дастарқанындағы бас мәзірі – күркетауық. Зер сала қарасақ, қандай да бір зат, құбылыс, іс-әрекетті бейнелей жеткізу барысында өзінің дүниетанымына орай жете таныс, көңілге қанық, бөгде емес, белгілі бір сәйкес нышандары, адекватты белгілері бар нәрселермен салыстырып, сабақтастырады. Мысалы, қазақ халқы ұялғаннан қып-қызыл болған адамды, әсіресе, әйел адамды суреттеуде «екі беті шиедей қып-қызыл болды» немесе «екі беті алаулап кетті» деп, алаулаған отқа теңейді. Сол сияқты ағылшын халқының да осы мағынаны жеткізуде, сондай-ақ ішімдікті көбірек ішіп, қызара бөрткен, масаң адамдарды сипаттау мақсатында да аталмыш as red as a turkey тіркесін қолданады.
Мысалы: “I felt myself grow as red as a turkey-cock. I could hardly believe my ears. ‘Laura, what do you mean? I said. ‘You were in court’, she said. ‘You heard me say Carlo was my lover.’” (W.S.Maugham). Ауд: “Екі бетім қып-қызыл болып, алаулап бара жатқанын сездім. Мен өз құлағыма өзім сенбедім. – Лаура, сіз не деп тұрсыз? – Сіз сотта болдыңыз ғой. Менің Карло көңілдесім болғаны жөнінде айтқанымды естідіңіз”.
As blind as a bat (с.с.а: жарғанаттай соқыр) тұрақты тіркесі көз алдында тұрған нәрсені байқамайтын немесе «көргісі келмейтін» адамдарға қатысты айтылады, мағынасы «соқыр тауықтай». Түнде ғана ұшатын жарғанаттың күндіз көрмейтін ерекшелігі осы тіркестің туындауына себеп болды.
Мысалы: “Look at Mrs.Penterland, smiling at nothing. The point is, of course, she’s obviously as blind as a bat and won’t wear specs” (J.B. Priestley). Ауд: “Неге жымиып отырғанын өзі де білмейтін Пентерленд ханымға қараңыз. Көзі мүлдем көрмесе де, көзілдірік кигісі келмейді”.
As blind as a bat тұрақты тіркесінің мағынасы аудармада кейде көрмес түйені де көрмес фразеологизмі арқылы да беріледі.
Мысалы: “You are being too independent,’ Quartermain complained. ‘And you’re as blind as a bat if you can’t see that I’m a close friend of the Minister’s” (J. Aldridge). Ауд: “ – Тым білгішсіне берме, - деді Куортермейн. – Көрмес түйені де көрмес деген осы. Менің министрдің жақын досы екенімді білмеймісің?”.
Like a fly in amber (с.с.а: янтарь тасының ішіндегі шыбындай) фразеологизмі де теңізшілер арасында қалыптасып, кейіннен жалпыхалықтық қолданысқа ие болған. Себебі, теңіз түбінен табылатын янтарь тасында шыбын алады. Осы тіркес ауыс мағынада “сирек кездесетін”, “таң қалдырарлық”, “жақсы сақталған” дегенді аңғартады. Бұл тұрақты тіркес те ағылшын тілді халықтардың өмір салтының, тіршілік тәжірибесінің тілдік бейнесі іспеттес.
(as) gaudy as a peacock (с.с.а: тауыстай талғамсыз) фразеологизмі бізге таңсық, алуан түсті қауырсынды тауыс құсының сәндігінен туындаған. Қызылды-жасылды үлде мен бүлдеге талғамсыз оранып, сан алуан әшекей бұйымдарын үйлесімсіз тағынған адамға қатысты, кекесін мәнде айтылады.
(As) cross as a bear (with a sore head) (с.са: басы ауырған аюдай ашулы) фразеологизмінің шығу төркінін Англияда аңшылықтың дамыған кезеңімен байланыстырамыз. Ертеректе байлардың аюларға иттерді айтақтап, талататындығы жөнінде деректер бар. Әрине, итке таланған аюдың көзі қызарып, қаһарланатындығы сөзсіз. Аюдың сол кейпі де халық назарынан тыс қалмай, түп негізі күңгірттенгенімен, бейнелеу құралы ретінде аурудан мең-зең күй кешкен немесе қаһарланып, ашуға мінген адамға қатысты қолданылады.
Мысалы: “…Clodd went about his work like a bear with a sore head” (J.K. Jerome). Ауд: “... Клод ашулы қалпында өз жұмысымен айналыса берді”.
Eat like a pig (с.с.а: шошқа сияқты жеу) тіркесі ағылшын халқының христиан дінін ұстанып, шошқа өсіру кәсібімен айналысуына орай қалыптасқан. Қомағай, ашкөз шошқаның не берсең де талғамай, ашқарақтанып, айналасына төгіп-шашып жейтін ерекшелігі мен тамақтану мәнерін білмейтін, лас адамдардың қылығы ассоциативті түрде ұштастырылады.
Мысалы: “He watched them eating and decided that they ate like pigs” (J. London). Ауд: “Ол адамдардың тамақ жегеніне қарап тұрып, олар шошқа сияқты төгіп-шашып жейді деп шешті ”.
Eat like a wolf (с.с.а: қасқыр сияқты жеу) фразеологизмінің мағынасы «ашкөзденіп, қомағайлана жұту (жеу), тәбеті жақсы болу». Әрине, аталып отырған екі тіркес eat like a pig [wolf] сырт қарағанда өзара мағыналас, бір-біріне балама тәрізді, алайда, олардың мағыналық реңкінде сәл де болса айырма бар, алғашқысын қолдану барысында адамның ластығына, талғамсыздығына, ал келесісінде оның ашкөздігі мен қомағайлығына басты назар аударылады.
Мысалы: “Of course she’s feeling quite well. She’s eating like a wolf” (W.S. Maugham). Ауд: “Әрине, мисс Рид өзін жақсы сезінеді. Тәбеті де жақсы ”.
Swim like a fish (с.са: балықтай жүзу) тұрақты тіркесі «белгілі бір істің тәжірибелі маманы, шебері» деген мағынада қолданылады. Халық адамның қандай да бір істің майталманы, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар екендігін сипаттауда оны балықтың суда еркін жүзетін ерекшелігімен сабақтастырады.
Dance like an elephant (с.с.а: піл сияқты билеу) – “қолайсыз, ебедейсіз билеу”. Қазақ халқы үшін ірі қарадан сиыр малы баяу, қолайсыз қозғалатын болса, ағылшын халқы үшін ірі, ебедейсіз хайуан – піл. Тіркес дөрекі, икемсіз адамның билегендегі қимыл-қозғалысын көркем де ұтымды жеткізеді.
As the old cock crows the young one learns (с.с.а: кәрі әтеш қалай шақырса, жас әтеш солай үйренеді) тұрақты тіркесінің мағынасы «алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба солай жүреді», «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақ мақалдарымен төркіндес. Демек, ұстаздың үйреткенін шәкірті қалтқысыз қабылдайды.
2.3 Ағылшын тіліндегі анималистік идиомалардың «жағымды», «жағымсыз» мазмұндағы концептілер жасауға қатысы
«Ақылдылық» концептісі. Serpentine wisdom (с.с.а: жыланның даналығы); (as) wise as a serpent (абжыландай ақылгөй); (as) solemn (wise) as an owl (с.с.а: үкідей ақылды); never offer to teach fish to swim (с.с.а: балыққа жүзуді үйретуге тырыспа).
Мысалы: “Hope looked at the three middle-aged men, who were as a solemn as owls… and shook with laughter” (J.B. Priestley). Ауд: «Хоуп ақылды кейіпте отырған орта жастағы үш кісіге қарап, күлкіден жарыла жаздады».
«Кереметтілік» коцептісі. A box of birds (с.с.а: бір жәшік құс); a rare bird (с.с.а: сирек кездесетін құс); a black swan (с.с.а: қара түсті аққу); the flying horse (с.с.а: ұшатын ат). Ауыс мағынада керемет жағдайлар, ғажап нәрселерге қатысты қолданылады. The flying horse фразеологизмі миф бойынша, ертеде қанатты ат – Пегас (біздіңше – пырақ) дүниеде болған деген ұғымға қатысты қалыптасқан.
Мысалы: “Hell, Terry,’ he said, ‘how’s things?’ ‘A box of birds,’ Terry said [19]. Ауд: «сәлем, Терри, - деді ол. – жағдай қалай? – Керемет, - деп жауап берді Терри».
«Күштілік» концептісі. The great fish eat up the small (с.с.а: үлкен балықтар кіші балықтарды жейді); a big frog in a little pound (с.с.а: кішкене еөлшіктегі үлкен бақа); the bird of Jove (с.с.а: Юпитердің құсы); swoop like an eagle (с.с.а: бүркіттей шүйілу); (as) hard as goat’s knees (с.с.а: ешкінің тізесіндей қатты); (as) strong as a bull (с.с.а: өгіздей күшті).
The great fish eat up the small жан-жануар атауына қатысты фразеологизмі «әрқашанда күштінің дегені болады» дегенді білдіреді; a big frog in a little pound бейнелі сөз орамы қазақ тіліндегі түп төркіні тереңде жатқан ала тай тіркесімен мағыналас болып келсе, swoop like an eagle; the bird of Jove фразеологизмдері сұңқардың жемтікке ұмтылғандығы күшін ауыс мағынада адамға қатыстырып қолданудан, адамның күш-қайратын сипаттаудан қалыптасқан.
Мысалы: “ ‘And who was the other?’ ‘chap called Eddie Mold. Lives at Crowfield too. Used to work in the quarry. Strong as a bull and about as many wits - but a grand chap in his way’” (J.B. Priestley). Ауд: “ – Басқасы кім? – Эдди Молд. Ол да Кроуфилдта тұрады. Тас қашаушы болып жұмыс істеген. Өгіз қара күші бар, ақылы да өгіздікіне шамалас, дегенмен жаман жігіт емес ”.
«Тоқшылық» концептісі. There’s (there are) as good fish in the sea; there’s (there’re) as good fish in the sea as ever came out of it (с.с.а: теңізден қанша балық шықса да, сонша балық қалады); the goose that laid (lays) the golden eggs (с.с.а: алтын жұмыртқа тапқан қаз); eat (live) high off (on) the hog (с.с.а: шошқаның үстінде өмір сүру (жеу); (to kill) the fatted calf (с.с.а: семіз бұзауды сою). Here’s (here are) as good fish in the sea фразеологизмінде адамдардың ен байлығы ассоциативті түрде теңіздегі балықтың мөлшерімен сабақтастырылып, ауыс мағынада «ешнәрсеге мұқтаждығы жоқ» дегенді, eat (live) high off (on) the hog тұрақты тіркесі «тоқшылықта өмір сүру» ұғымын білдіреді, соңғы тіркестің қазақ тіліндегі баламасы – қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман.
Мысалы: “You could get you back that apartment … and live as high off the hog as we’ve been living here” (J. Jones). Ауд: “Сіз өзіңіздің ескі пәтеріңізді қайтып алып ... біз сияқты төрт құбылаңыз сай, қызық дәурен сүрер едіңіз”.
«Сұлулық» концептісі. Қыздың сұлу келбетін қазақ аспандағы айға, маржан тастарға теңесе, ағылшындар құсқа балап, a dolly bird (с.с.а: қуыршақ құс) тұрақты тіркесін қалыптастырған; сызылған ару қыздың аққуға балануы туыс емес екі тілге де тән құбылыс, мысалы, (as) graceful as a swan фразеологизмі.
«Мәңгілік» концептісі. The Arabian bird 9the bird of wonder) (с.с.а: араб құсы); rise like phoenix from the ashes (с.с.а: феникс секілді күден шығу). Ағылшын халқы мәңгілік, қайта жаңғыру жөнінде түсінігін мифологиялық ұғым, мифтік құс – феникс арқылы жеткізе білді. Мифтік құс – феникс туралы көп жыл өмір сүріп, қартайғанда өзін-өзі өртеп жіберіп, күлден қайта пайда болады деген сенім бар.
Мысалы: “Within ten days he had half-filled a notebook with metrical expressions of despairing love. Then a bright idea rose like phoenix from these ashes of misery. He wrote Diana a long, not to say poetic, letter, which would have left the most obtuse reader with no doubt about his sentiments” (R. Aldington). Ауд: “Он күнде ол өзінің үмітсіз махаббатын білдіретін шумақтарман дәптердің тек жартысын ғана толтырды. Кенет қайта туылған феникстей болып басына бір ой келді. Ол Дианаға қандай түйсіксіз оқырман болмасын, бейжай қалдырмайтын, ұзақ өлең түррінде десе де болады, хат жазып шықты”.
«Көптік» концептісі. Bread like rabbit; (die) like flies т.б.
Bread like rabbit тұрақты тіркесі қоянның көжегі көп болатынына байланысты ауыс мағынада «көбею, өсіп-өну» ұғымында адамға қатысты қолданылады.
Мысалы: “Irish immigrants and free Negro workers were employed building turn-pikes and canals, and they died like flies in the swamps” (W.Foster). Ауд: “Ирланд иммигранттары мен еркін негр жұмысшылары жол және құбырлар құрылысына алынды, олар батпақтарда шыбындай қырылатын”.
Адамның нашар қасиеттерін сипаттайтын жан-жануарлар атауларына қатысты фразеологизмдер арқылы біз ағылшын халқының дүниетанымын, ұлттық ерекшелігін бағдарлай аламыз.
«Сараңдық» концептісі. Іші тар, сараң адамдардың келеңсіз қасиеттері де жануарлар ерекшеліктеріне теңеліп, тілде көрініс тауып отырған: jump at smb. (smth.) like a cock at a groser (groset) (с.с.а: дақылға ұмтылған әтешше); a dog in the manger (с.с.а: шөп қорыған ит); the older the goose the harder to pluck (с.с.а: қаз қартайған сайын оның жүнін жұлу қиынырақ). Үйрек – ағылшындар үшін сараңдық символына айналған, тіркестің уақыт өте келе қалыптасқан коннотативтік семантикасы: «адам үлкенген сайын оның сараңдығы да ұлғая түседі».
«Жалғыздық» концептісі өрісіне жататын like a shag on a rock (с.с.а: құз басындағы бірқазандай) тұрақты тіркесінде бірқазан құсының жалғыз жүретін ерекшелігі жалғыз адамның бейнесін сомдау мақсатында негізге алынған, фразеологизм теңеу сипатында қолданылады.
«Қулық, жылпостық» концептісі. A fly on the (coach-)wheel; a snake in the grass; wriggle like a cut snake; shoot at a pigeon and kill a crow; cry wolf (too often). Жоғарыда атап кеткендей ағылшын халқының діни наным-сенімі бойынша жыланның екі түрі болады, бірі – қулық символы болса, екіншісі – ақылдылық символы. Жыланның қу адамдарды бейнелей сипаттау барысындағы, яғни жағымсыз мәндегі қолданысы тілде жиірек кездесетіндігі байқалды, wriggle like a cut snake фразеологизмі де осы тіркес мағынасына жақын (с.с.а: кесілген жыландай ирелеңдеу), жылпос адамдарға тән мінез-құлықты дәл жеткізеді.
«Аштық» концептісі. Бұл концептілік өріске енетін фразеологизмдер құрамында негізінен «аш қасқыр» бейнесі орын алады. Аш қасқыр аш адамның қалпын, іс-қимылын суреттеуде теңеу түрінде немесе ауыс мағынада қолданыдады: (as) hungry as a hawk; keep the wolf from the door; eat like a wolf; (as) greedy as a wolf; a daughter of the horse-leech.
Мысалы: “I made a hearty supper, for I was as hungry as a hawk” (R.L. Stevenson). Ауд: «Қарным аш болған соң жақсылап ас әзірледім» .
«Кедейлік» концептісі. Poor snake тіркесі баюға еш мүикіндігі жоқ, жадау, кедей адамның бір қалыпты тұрмыс-тіршілігін жыланның жорғалап қимылдау мүмкіндігімен ассоциативті түрде ұштастырудан, балаудан туындаған.
«Мақтансүйгіштік» концептісі. Ағылшын халқы өзін жоғары ұстап, мақтанып, басқаларға қыр көрсететін адамдардың бейнесін сипаттауда оларды әтештің, түйеқұстың, жылқының қылық ерекшеліктеріне, сырт сипатына ұқсастырады, соның нәтижесінде төмендегідей фразеологизмдер қалыптасқан: each bird loves to hear himself sing; strut (swell) like a turkey-cock; a cock is valiant on his own doughill; talk horse; come (get) off the high horse т.б.
Мысалы: “ ‘He could do better,’ said Grandma candidly. ‘Indeed?’ said Scarlet haughtily. ‘Come off your high horse,’ said the old lady tartly, ‘I shan’t attack your precious sister… ‘” (M. Mitchell). Ауд: “Ол бұдан да жақсы жасай алатын еді, - деп әжесі ашық айтты. – Шынымен бе? – деді Скарлет маңғаздана. – Мақтанбай-ақ қой. Мен сенің қымбатты әпкеңе тиіспеймін, - деп әжей қатал жауап берді”.
«Қорқыныш» концептісі. Адамның қорыққандағы кейпін «судан шыққан тауықтай (үрпию)», «бытырап қашқан тышқандай», «жүнін жұлған қаздың денесіндей (бөрту)» сияқты ұқсастықтар арқылы жеткізе білген: like a dying duck in a thunderstorm; a goose is walking over smb’s grave; (as) timid as a hare; (as) scared as a rabbit т.б.
Мысалы: “… and, says I, he looked as scared as a rabbit” (G. Eliot). Ауд: “зәресі ұшты”.
«Пайдакүнемдік» концептісі. All is fish that comes to his net тұрақты тіркесі «барлық нәрседен пайданың көзін табады» деген мағынада қолданылады.
«Боссөздік, мылжыңдық» концептісі. Ағылшын халқы бөспе, құр сөзбен таң атыратын адамдарға қатысты «бұлбұлша сайрау» деген ұғымда келесі фразеологизмдер тізбегін қалыптастырған: sing like a nightingale; shoot (sting) the bull; talk a dog’s (donkey’s) hind leg off т.б.
Мысалы: “That’s the sort of wife to marry, my boy. Look at her.’ ‘ I believe you’d talk the hind leg off a donkey, Athelny, she answered calmly” (W.S. Maugham). Ауд: “Міне, осындай әйелге үйлену керек, балам! Қарашы оған! – Сен бос сөзбен кімнің болса да басын қатырасың, Ательни, - деді ол жай ғана”.
«Ақымақтық» концептісі. Аталмыш халық түйсіксіз, ақымақ адамның мінез-құлқын бейнелеу барысында оларды есекке, маймылға, балыққа теңеп, төмендегі жан-жануарлар атауларына қатысты фразеологизмдерді қалыптастырды: a poor fish; as crazy as a bed-bug; it is an ill bird that fowls its own nest; go off at half cock (halt-cocked); God’s ape; ass in grain; (as) stupid as a donkey; an ass in a lion’s skin;
Есек халықтардың басым көпшілігінде ақымақтық белгісі болатын болса, ағылшын халқы есуас адам бейнесін «сомдауда» оны маймылмен де теңестіреді. Мысалы: ass in grain, God’s ape.
Ағылшын халқының «дүниенің тілдік бейнесін» жасаудағы ойсурет, схема, ценарий, фрейм, логикалық ұғымдағы концептілер анықталды. Ағылшын тіліндегі идиомалардың көбіне ойдерек, сценарий концептілерінің түзілуіне және «жағымды», «жағымсыз» мазмұндағы концептілерді қалыптастыруға белсенді қатысатындығы айқындалды.
Ағылшын тіліндегі концепт құрылымына ұғымдық, бағалауыштық, бейнелілік компоненттер тән.
Фразеологиялық қордың негізін құрайтын идиомалар халықтың материалдық және рухани өмірі жайлы мағлұматтарды оқырманға дәл және бейнелі түрде жеткізеді.
«Ит» және «мысық» сияқты жануарлар жақсы мағынада қолданылған.
лексема |
Оң, жағымды мағына |
Мысық |
A cat has nine lies. |
Ит |
Every dog is a lion at home. |
Ат |
It is a good horse that neer stumbles. |
Түлкі |
The fox is not taken twice in the same snare. |
Бұқа |
An old ox makes a straight furrow. |
Арыстан |
Great lion.- |
Қазақ тілінде ит- жеті қазынаның бірі, адамның досы. Ал ағылшын тілінде ол теріс, жаман жағынан сипатталатын кездері де бар.
Зерттеу нәтижесін мына кестеден көруге болады.
Доинантты лексема |
Қолданылу жиілігі |
Оң, жағымды көзқарас |
Теріс, жағымсыз көзқарас |
Ит |
25,4 |
Living dog trots about , lucky, clever dog (ақылды), sad dog (көңілді), sky dog (қу). |
Barking dog, scornful, dirty (жаман), surly dog (қырсық), yellow dog (оңбаған), dump dog (үндемес). |
Ат |
16,1 |
Willing horse, good horse. |
Run away horse, high horse (маңғаздану), dead horse, white horse |
Мысық |
14,9 |
Has 9 lives, curious. |
Melancholy, scalded, stealing cream. |
Идиоманың образдық семантикасының ұлттық-мәдени ерекшелігі әдетте көп жағдайда фразеологиялық бірліктің бөлшегі ретінде жасалады. Идиомалардың ұлттық- мәдени ерекшелігі әсіресе екі тілді салыстырғанда байқалады. Ат немесе жылқы қазақ халқы үшін де, ағылшын халқы үшін де еңбектің, шыдамдылықтың символы, ал қасқыр ашулы азулықты, қаттылықты білдірсе, түлкі қулықты, қоян-қорқақтықты, қой- жуастықты, конбістікті білдіреді. Осы образдардың негізінде мынадай идиомалар пайда болды. Олар құрылымы немесе мағыналық жағынан толықтай немесе жартылай сәйкес келуі мүмкін.Зоокомонетті мақалдар:
Ағылшын мақалдары |
Let sleeping dogs lie. |
To live cat – and- dog. |
Man to man is wolf. |
The wolf may change his coat, but not his disposition. |
Barking dogs seldom bite. |
All cats are grey in the dark. |
The cat shuts its eyes when stealing cream. |
It is a good horse that never stumbles. |
Don’t swap horses in the middle of the stream. |
A curst cow has short horns. |
If you sell a cow, you will sell the milk too. |
To cast pearls before swine. |
The bull must be taken by the horns. |
There is life in the old horse yet. |
It’s too late to lock the stable when the horse has been stolen. |
One can not run with the hare and hunt with hounds . |
With foxes we must play the fox. |
Pigs might fly if they had wings. |
Never buy a pig in a poke. |
First catch your hare , then cook him. |
Анималистік идиомалар әлемнің барлық тілдерінде лексиканың ең көне бөлшегі. Өзінің әрекетін, сезімін, жағдайын, сыртқы келбетін суреттеу үшін адам өзіне жақын аңдардың әлемімен салыстырған.
Идиомалардың ішкі мазмұны адамдардың жан-жақты өмірін бейнелеген: ақылды не ақымақ іс-әрекет, жолының болуы не болмауы. Сол сияқты адамдардың арасындағы қарым-қатынасты: олардың әсерлері мен сезімдері, ұнату, ұнатпау, достасу, қастасу, салғаласу, тәкаппарлықб мүсіркеу.
Оларды мынадай топтарға топтастырдық.
1. Сақ, абай болу- 39 идиома (27,1 %),
Better be head of a dog than the tail of a lion.
Dumb dogs are dangerous.
It is ill to waken sleeping dogs.
The scalded cat fears cold water.
Don’t swap horses when crossing a stream.
2. Өмірлік тәжірибе- 26 идиома (18%)
A good dog deserves a good bone.
If two men ride on a horse, one must sit behind.
It’s too late to lock the stable when the horse has been stolen.
The old cow thinks she was never a calf.
An old dog will learn no new tricks.
A living dog is better than a dead lion.
3. Еңбекқорлық-7 идиома (4,9%)
The dog that trots about finds a bone.
All lay loads on a willing horse.
4. Субьективті пікір/ шынайы көзқарас- 7 идиома (4,9%)
Pigs might fly if they had wings.
If you sell a cow, you will sell the milk too.
5. Сараңдық- 6 идиома (4,2%)
A dog in the manger.
Dogs that put up many hares kill none.
6. Топастық- 5 идиома (3,5%)
If the ass brays at you, don’t bray at him.
7. Коллективизм - 4 идиома (2,8%)
One barking dog sets the whole street barking.
8. Тәкаппарлық- 4 идиома (2,8%)
To flog a dead horse.
9. Дөрекілік-4 идиома (2,8%)
All lay loads on a willing horse.
What you can expect from a hog but a grunt.
10. Қамсыздық-4 идиома (2,8%)
Never buy a pig in a poke.
11. Толеранттылық-4 идиома (2,8%)
Love me, love my dog.
12. Жалқаулық-4 идиома (2,8%)
A lazy sheep thinks its wool heavy.
A cat in gloves catches no mice.
The cat would eat fish and would not wether feet.
13. Өзін жоғары ұстау-3 идиома (2,1%)
An ass in a lion’s skin.
Every dog is a lion at home.
14. Көлгірсу-3 идиома (2,1%)
A wolf in sheep’s clothing.
15. Консервативтілік-3 идиома (2,1%)
The wolf may lose his teeth, bu tnever his nature.
The fox may grow grey but never good.
The wolf may change his coat, but not his disposition.
16.Көңілді болуды-3 идиома (2,1%)
When the cat is away, the mice play.
It’s enough to make a cat laugh.
17. Қастасу, жауласу-2 идиома (1,4%)
To live cat –and-dog.
18. Қорқақтық-2 идиома (1,4%)
Hares may pull dead lions by the beard.
19. Сыртқы бейне, қалып-2 идиома (1,4%)
The leopard cannot change his spots.
20. Батылдық-2 идиома (1,4%)
The bull must be taken by the horns.
21. Денсаулық-2 идиома (1,4%)
A cat has nine lives.
22. Тәуелсіздік-2 идиома (1,4%)
You may lead a horse to the water, but cannot make him drink.
23. Менсінбеушілік-1 идиома (0,7%)
Scornful dogs will eat dirty puddings.
24. Тыңдау, көну-1 идиома (0,7%)
If one sheep leaps over the ditch, all the rest will follow.
25. Сабырлық-1 идиома (0,7%)
As melancholy as a cat.
26. Әр нәрсеге қызығу-1 идиома (0,7%)
Curiosity killed the cat.
27. Бел буу-1 идиома (0,7%)
I will either win the saddle or lose the horse.
28. Өзімшілдік-1 идиома (0,7%)
Dog eat dog.
Этникалық ділінің басты, әрі басым сипаты абай болу, алдын алу. Екінші орында -өмірлік тәжірибе, үшінші орында-еңбек сүйгіштік. Ең азы-тәуекелге бару, әрнәрсеге қызығу. Бұл айтылғандарды диаграммада көрсетуге болады.
Зерттеу нәтижелері ағылшын халқының өзіндік ұлттық сипатын білдіреді. Анималистік идиомаларды қарастырғандықтан, бұл топтама негізінен жалпылама сиатта берілген. Зерттеу барысында кейбір идиомалар жалпы мағынада қолданылған. Сондықтан олар адамды сипаттағанда оның мінез-құлқының көп жақтарын бейнелейді. Мысалы,
-One barking dogs ets the wholes treet barking.- коллективизм және өмірлік тәжірибе.
-All lay loads on a willing horse.-дөрекілік және еңбексүйгіштік
-When the fox preaches, take care of your geese.- қамсыздық, сақ болу және өмірлік тәжірибе.
-The wolf may change his coat, but not his disposition. – жек тұлға болу, консервативтілік
-A good dog deserves a good bone.-толеранттылық, өмірлік тәжірибе.
-Do not spur a willing horse.-еңбексүйгіштік және дөрекілік.
Доминантты лексикалық бірлік негізінде жасалған топтама.
1.Ең көп қолданылатын лексикалық бірлігі баор идиома- ит. Мысалы,
Dog eat dog.
Every dog has his day.
The dog returns to his vomit.
Barking dogs seldom bite.
A living dog is better than a dead lion.
An old dog will learn no new tricks.
2. Екінші орында ат лексемасы тұр.
Don’t swap horses when crossing a stream.
If the wishes were horses, beggars might ride.
All lay loads on a willing horse.
It is a good horse that never stumbles.
You may lead (take) a horse to the water, but cannot make him drink.
Do not spur a willing horse.
3. Үшінші орында мысық лексемасы.
Care killed a cat.
A cat has nine lives.
When the cat is away, the mice play.
A cat can look at a king.
Curiosity killed the cat.
To live cat-and-dog life.
Лексемалардың қолданылу жиілігін №2 диаграммадан көруге болады.
Анималистік идиомаларды зерттей келе олардың мынадай титерін ажыратуға болады.
-
Хабарлы сөйлемдер
-
Лепті сөйлемдер
-
Сұраулы сөйлемдер
Көп жағдайда хабарлы сөйлемдер басым қолданылады. Идиомалардың синтаксистік құрылымын зерттей келе, ағылшын тілінде мынадай түрлерін көруге болады.
-
Жай сөйлемдер:
A cat may look at a king.
The fox is not taken twice in the same snare.
All cats are grey in the dark.
A good dog deserves a good bone.
An old dog will learn no tricks.
Two dogs over one bone seldom agree.
One scabbed sheep will mar a whole flock.
There is no room to swing a cat.
One cannot run with the hare and hunt with the hounds.
Don’t make yourself a mouse, or the cat will eat you.
If the ass brays at you, don’t bray at him.
Let sleeping dogs lie.
Don’t swap horses when crossing a stream.
Do not spur a willing horse.
Don’t put cart before the horse.
Don’t look a gift horse in the mouth.
2. Салалас құрмалас сөйлемдер
The wolf may lose his teeth, but never his nature.
Two dogs fight for a bone, and a third runs away with it.
3. Сабақтас құрмалас сөйлемдер
Who keeps company with the wolf, wil llearn to howl.
If wishes were horses, beggars might ride
It is a good horse that never stumbles.
When the cat’s away, the mice will play.
When the fox preaches, take care of your geese.
If the ass brays at you, don’t bray at him.
First catch your hare, then cook him.
When the fox preaches, take care of your geese.
-
Сөз тіркестері
Great lion, war horse, lost sheep, yellow dog, sad dog, dirty dog.
Инфинитифпен де қолданылады.
To follow like a sheep.
To flog a dead horse.
Тo buy a white horse.
Тo put one’s horses together
To have a wolf in the stomach.
Тo milk the bull.
5. Салыстырмалы айналымдар
As ass in a lion’s skin.
As a hog on ice.
As melancholy as a cat.
Like a cat on hot bricks.
3.Ұсыныс
Ағылшын тілінде бір-бірінен тәуелсіз қалыптасқан, өзара мағыналас келетін, барлық азаматқа ортақ не ұқсас жағдаяттарда туындаған идиомалар кездесіп отырады. Мағыналық және мазмұндық сипат, сыртқы құрылымдық-тұлғалық тұрпат жағынан біртектес идиомалардың болуы адам баласының өмірлік тәжірибесі және оның ойлау процесінде көрінуіндегі, сондай-ақ әлемді бейнелей тануының қайсібір формаларында біртектестіктің болатындығымен, екіншіден, жекелеген халықтар арасында, тіпті ірі ареалдар арасында орын тепкен мәдени-тарихи тығыз қарым-қатынастардың нәтижесімен түсіндіріледі.
Жануарлар мен өсімдіктер әлеміне байланысты қалыптасқан идиомалар, ең алдымен, олардың табиғи ортада таралу, таралмауына, халық тұрмысындағы, шаруашылығындағы ролінің маңыздылығына тікелей байланысты, яғни жануарлардың этностың өмір-тіршілігіндегі, табиғи, әлеуметтік ортасындағы үлес салмағы белгілі бір жануар (аң, құс т.б.) атауының идиомасының тірек мүшесі қызметінде жиі не мүлде қолданылмауын, аз дәрежеде немесе белсенді қатысуын айқындайды, бұл – идиомалардың образдық жүйесіндегі ұлттық ерекшеліктердің алғышарты болып табылады.
Фразажасам теориясын қалыптастырған ғалымдар кейбір идиомалардың ішкі формасының негізінде символдар жататынын тілге тиек етеді. Басқаша айтсақ, бейнелік-ассоциациядан туындайтын коннотативтік мағынаның тууы метафоралық символдану арқылы жүзеге асады. Метафоралық символданудың негізін салушы А.А.Потебняның сөзімен айтсақ, «символ – это не все содержание понятия, а именно то, которое представляется народному воззрению важнейшим».
Ағылшын тілінің лексикалық қорында жан-жануарлар атауларының символдық табиғаты ерекше көзге түседі. Анималистік атаулар өзінің символдық мәнін сақтай отыра, кейде семантикалық тұрғыдан өзгерістерге ұшырап, алуан түрлі лексика-фразеологиялық орамдарда кездеседі.
Ағылшын халқының «дүниенің тілдік бейнесін» жасаудағы ойсурет, схема, сценарий, фрейм, логикалық-ұғымдық концептілерінің қолданылатыны анықталды. Ағылшын тіліндегі анималистік идиомалардың көбіне ойдерек, сценарий концептілердің түзілуі және «жағымды», «жағымсыз» мазмұндағы концептілерді қалыптастыруға белсенді қатысатындығы айқындалды. Концепт құрылымына ұғымдық, бағалауыштық, бейнелілік компоненттер тән. Сондай-ақ коннотативті мағынаның қалыптасу уәждерінің (теңеу, ұқсату, балау, ортақ нышан, белгінің болуы т.б. ) сәйкестеніп келуі тілдік универсалияның бір көрінісі іспеттес.
Ағылшын тілінің дамуы мен таралуында да халық өмірінің әр қилы тұсы,атап айтсақ,тарихи-әлеуметтік және психологиялық аспектілері туғызған жағдайлар үлкен орын алады. Әсіресе,тарихи оқиғалар,қоғамдық құрылым,жағрафиялық аймақтың ұлғаюы,халықтың бір елдің шеңберінде немесе бір елден бір елге ауысуы, тайпалардың араласуы немесе бөлініп шығуы,саяси және экономикалық жағдайы,мәдениеті мен әдебиетінің дамып,өзге елдермен қарым-қатынасқа түсуі секілді факторлар ағылшын тілінің қазіргі халықаралық қарым-қатынас құралы саналатын дәрежесіне көтерілуіне ықпал етті.
Ағылшын халқының ауылшаруашылығы да, қалалық өмірі де ерте қалыптасып,дамыған.Олардың ежелден отырықшы халық болғандығына және тұрмыс-тіршілігіне орай анималистік идиомалары да алуан түрлі болып келеді. Британ аралдарын мекендеп,ағылшын тілінде сөйлейтін халықтардың мал шаруашылығы, аңшылық дәстүрі және теңіз кәсіпшілігі мен балық аулау кәсібі де қатар өрбіген. Ұлттық ерекшелігін айқын көрсететін теңіз шаруашылығына қатысты идиомалардың кеңінен таралуының бір сыры осы ұлттық тарихи кәсіпте жатыр деп ойлаймыз.
Анималистік идиомалардың қолданылуы жиілігін, үйретілуін жүзеге асыру мақсатында сабақ барысында, қосымша сабақтарға, оқу жоспарларына арнайы тақырып ретінде енгізілсе, арнайы курстар оқытылса.
Қорытынды
Философиялық пайымдаулар бойынша ғылыми таным әрекетін, тіпті дүниенің жалпы болмыс-бітімінің өзін материалдық және идеалдық деп бөлу орын алған. Десек те, бұл қарама-қарсылықты бір тұтастықтың екі құраушысы деп түсінген дұрыс. Сондай-ақ материалдық пен идеалдылықтың бір-біріне айнала алуы, бірінің орнын бірі басу қабілетін халықтың тұрмыс-тіршілігінің тілде көрініс табуы дәлелдей түскендей.
Идиомалық мағына негізіне қаланатын тілдік бейнелердің жиынтығын, тірек мүше компоненттерін, еркін және ауыс мағыналы тіркестер мен осылардың барлығын біртұтас етіп бейнелі тіркес жасайтын ассоциативтік қатынасқа құрылған адамдардың ойлау әрекетін, тіпіті, тұтастай ұлттар мәдениетін салғастыруды қажет етеді.
Тілі, ділі, мәдениеті, дүниетанымдық көзқарасы халықтың жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалардың жан-жақты, құрамы, құрылымы, ішкі форма, жалғаса туындаған ауыспалы мағына, универсалия, уникалия, фреквенталия, концепт тұрғысынан зерттеу нәтижесінде тіл-тілге тән ортақ заңдылықтар, жалпыхалықтық рухани дүниеліктер, ұлттарға тән танымдық ерекшеліктер т.б. жөнінде бірқатар көпшілікке беймәлім мағлұматтарға қол жеткізілді.
Ағылшын тіліндегі кейбір жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалардығ шығу төркіні сонау тереңде жатқан, тарих қаттауынан орын алған, көзден таса, көңілге жат болған тарихи оқиға, наным-сеніммен т.б. астасып, негізінен, мағынасы айқын, ағылшын халқының шаруашылығына, кәсібіне, мекен-жайына, заңына т.б. байланысты болып келеді.
Ағылшын тілінде теңіз жануарлары мен жәндіктеріне қатысты идиомалар жиі кездеседі.
Ағылшын тілінде бақа-шаяндарға қатысты идиомалар молынан кездессе, фразажасам процесіне белсенді қатысатын тілдік бірліктер – сол аялық білімге қатысты атаулар.
Ағылшын халқының талғам таразысына сұлулық символы – аққу құсы болса, піл – тұрмыс-тіршілігіне орай ең күшті жануар ретінде күштілікті, кемеңгерлікті білдіреді.
Тілдік деректерді талдап-тарату барысында кейбір ұлттық ерекшеліктердің де көрініс берері айқын, соның бірі – ағылшын табиғатына туралық, нақтылық тән.
Сондай-ақ ағылшын тілінің төл тілдік бірліктерінің тура, ауыспалы мағыналарына, заман ағымына орай үстеме жаңа мағынаның телінуі тілдік, мағыналық дамудың көрсеткіші іспеттес (мысалы, компьютерлік терминологияға қатысты «өрмекші тұзағы», ұялы байланыс жүйесіне қатысты «араның жолы» тіркестері).
Ағылшын тіліндегі концепт түрлерін салғастыра алғанда ойдерек, фрейм, схема, сценарий және логикалық-ұғымдық концепт типтері нақтыланды. Ағылшын тіліндегі жиі кездесетін концепт түрі – ойдерек концептісі.
«Жағымды/жағымсыз» концептілік өріске енетін тұрақты тіркестер әртүрлі жануарлар атаулары негізінде қалыптасқанымен, фразеологиялық мағыналары жалпы алғанда сәйкес болып келеді.
Ағылшын тілінде «жағымсыз» концептілік өрісіне енетін нашақорлық, маскүнемдікке байланысты идиомалар баршылық.
Жоғарыда аталғандар тілдер табиғатындағы, ұлттық болмыстағы универсалия құбылысының көрсеткіші іспеттес.
Мағыналық шеңбері мен қолданыс аясы кең жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалар жүйесінің ұлттық танымнан мол мағлұмат беріп, ұлт→мәдениет→өркениет жиынтығынан құралатын дүниенің тілдік бейнесін сипаттаудағы мәні ерекше.
Этностар дүниетанымының, тұрмыс-тіршілігінің, тәлім-тәрбиесі мен өмір тәжірибесінің әртүрлі болуына орай ақиқат дүниенің үзігі болып табылатын дүниенің тілдік бейнесінде азды-көпті айырмашылық болуы да заңды.
Ағылшын тіліндегі «мәдени елтаңбалы» идиомалардың коннотативтік семантикасын талдау нәтижелері, әсіресе, жалпы және қолданбалы тіл білімі үшін қажетті аялық білім, ұлттық ерекшелік, ұлттың материалдық, рухани мәдениеті жөнінде ақпараттар жүйесін толықтырары айқын.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Кеңесбаев I. Қазақ тілінің фраз-лық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. –712
2. Амосова Н.И. Основы английской фразеологии. – Л., 1963.
3.Бабушкин А.П. Типы концептов в лексико-фразеологической семантике языка. Воронеж: Изд-во Вор.гос. ун-та, 1996. 104 с.
4. Байрамова Л.К., Садыкова Г.З. Универсалии и уникалии во фразеологии//материалы итоговой конференции. КГУ, 1989. 29 с.
5. Баранов А.Н. Введение в прикладную лингвистику, 2001
6. Воркачев С.Г. Лингвокультурология, языковая личность, концепт: становление антропоцентрической парадигмы в языкознании, 2001 №1
7. Виноградов В.В. Русский язык: Грамматическое учение о слове. – М., 1972.
8. Гринберг Дж. и др. Меморандум о языковых универсалиях//Новое в лингвистике, 1970.
9. Григорьева Г.С. Фразеологические зоонимами в аспекте теории-номинации: автореф. ..к.ф.н. – Киев., 1983, 24 с.
10. Горо Мусса. Русская фразеология с компонентом названием животного мира в аспекте лингвострановедения: автореф: канд.филол.наук. – М., -1992., 20 с.
11. Добровольский Д.О. Основы структурно-типологического анлиза фразеологии современных германских языков: дисс.раб. – М., 1990. 441 с.
12. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері. – Алматы: Ғылым, 1998.
13. Жапақов С. Эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік негіздері. Канд.дисс.А: 2003.
14. Литвин Ф.А. Об обучении разновидностей зооморфных характеристик (на материале английского языка) // В помощь преподавателям ин.языков. – Вып.5 – Новосибирск. 1974. 23-24 с.
15. Кенесбаев І.К. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977.
16. Қайдаров А.Т. Образно-фоновая основа устойчивых выражений, связанных со скотоводством в казахском языке//актуальные проблемы казахского языка. – Алматы,1998.
17. Кунин А.В. Курс фразеологии современного английского языка. М., - 1970.
18. Кунин А.В. Большой англо-русский фразеологический словарь. М., 1998. 942 с.
19. Копыленко М.М. Типология казахских эквивалентов фразесочетаниям русского языка, 1986. 178 с.
20. Минский М. Фреймы для представления знания, 1988
21. Молчанова А.Н. О соотношений внешних и внутренних факторов, влияющих на процесс вторичной образной номинации: автореф. ..к.ф.н. М., 1981, 27 с.
22. Oxford Dictionary of Modern Quatations. Oxford Univ. Press., 1996-530 p.
23. Петрова Н.Д. Фразеотематическое поле зоосемизмов в современном английском языке, 1983.(дисс. Раб.) 24 с.
24. Попова З.Д., Стернин И.А. Понятие «концепт» в лингвистических исследованиях. – Воронеж: Изд.ВГУ, 1990. 30 с.
25. Потебня А.А. эстетика и поэтика – М., 1976., 146-147 с.
26. Сағидоллақызы Г. Поэтикалық фразеологизмдердің этномәдени мазмұны. – Алматы: Ғылым, 2003. 247 с.
27. Сансызбаева С.К. метафоры-фреквенталии в сфере «животное –человек» , дисс. К.ф.н., - А. 2001., 110 с.
28. Сәтенова С. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты. Алматы, 1997. 284 б.
29. Серебрянников Б.А. О лингвистических универсалиях, М., 1972. 5-11 с.
30. Солодуб Ю.П. Образность фразеологизмов и фразеологическая номинация, Ростов-на-Дону, 1989. 4-12 с.
31. Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культурологии. – М.: Наследие, 1993.
32. Телия В.Н. Русская фразеология: Семантический, прагматический и лингвокультурологической аспекты. – М.:Школа «Языки русской культуры», 1995. 284 с.
33. Тимофеевна В.В. Семантические и коммуникативно-функциональные особенности зоосемической фразеологии в американском вариантах английского языка: автореф. ...канд.филол.наук. – Киев, 1990.- 26 с.
34. Тоқхожаева О. Қазақ тіліндегі жан-жануарлар лексикасы: ... филол.ғыл.канд.автореф. –Алматы., 1991.
35. Тіл білімі сөздігі. – Алматы, 1998. 131 б.
36. Terban, M. Dictionary of Idioms Scholastic, 19967
37. Шанский Н.М. Фразеология современного русского языка. – М.: Высшая школа, 1969. 231 с.
38. Балақаев М, Жанпейісов Е, Томанов М, Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы, 1974. – 93б.
39. Абдыгаппарова С.К. Язык и культура. – Алматы, 2002. – 21б.
40. Голуб И.Б. Стилистика современного русского языка. – Москва. 1986.
41. Одинцов В.В. Стилистика текста. Москва. 2006.
42.I.Нұғыманов, 3. Қашқынбаева. Сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері.
Қазақстан мектебі. - 2000. – №3. - 35б.
43.http://www.bsh.kz/print/news/1298281879.html
44.Жалмаханов Ш.Ш. Қазақ тілінің лексикологиясы және стилистикасы. – Қарағанды: Болашақ, 2009. –129 б.
45.Кунин А.В. Курс фразеологии современного английского языка. – Москва:
Высшая школа, 1996. –
381с.
46. Peter Watcyn-Jones. Test your idioms. – China: Penguin English
Guides, 2002
–133 p.
47.Жуков В.П. Школьный фразеологический словарь русского языка.
– М.: Просвещение, 1980.
48.Словарь идиом английского языка, 2008 http://www.schoolife.ru
Қосымша
Ағылшын тіліндегі жан-жануарлар атауларына қатысты фразеологизмдердің қысқаша сөздігі
all is fish that comes to his net (с.с.а: ауына түскеннің бәрі балық) – ешнәрседен бас тартпайды, не нәрседен болса да, пайданың көзін табады;
ant’s eyebrows! (с.с.а: құмырсқаның қасы) – епті, жылпос;
a fine kettle of fish; dog my cats! - Сайтан алғыр!, Міне, қызық!, О, тоба!
a flea pit (с.с.а: бүргелі ой, орын) – арзан театр;
a fly in the ointment (с.с.а: май ішіндегі шыбын) – бір қарын майды бір құмалақ шірітеді деген тіркеспен мағыналас;
a gone coon (с.с.а: кеткен жанат) – құрдымға кеткен адам;
a little bird told me (с.с.а: маған бір кішкентай құс айтты) – ұзынқұлақтан естідім;
a worm’s eye view (с.с.а: құрттың көзіндей көрініс) – астынан қарағандағы көрініс (әзіл-оспақ);
(as) sharp as a serpent’s tooth (с.с.а: жыланның тісіндей өткір) – ащы сөз, өткір тіл;
(as) slow as a snail (с.с.а: ұлудай баяу) – тым баяу қимыл, әрекет;
(as) sick as a cat (с.с.а: мысықтай ауру) – а) басы айналып, лоқсып, жүрегі айнып отырған (адам); ә) ашушаң, көңілі толмайтын (адам);
(as) fit as a flea (с.с.а: бүргедей епті) – дені-қары сау, шапшаң; ысылған;
(as) tame as a chicken (с.с.а: балапандай жуас) – қойдай жуас;
(as) deaf as an adder (с.с.а: сұржыландай саңырау) – тас керең;
(as) lean as an alley cat (с.с.а: қаңғыбас аула мысығындай арық) – арық; ит жанды;
(as) rabbits in a warren (с.с.а: қоян ініндегі көжеттердей) – қысылып-қымтырылған, тар жерде;
at cock-crow (с.с.а: әтеш шақырғанда) – таң алдында;
at a snail’s pace (с.с.а: ұлудың адымындай) - өте баяу; тасбақа жүріс;
beast of burden – көлік, тасымал ретінде пайдаланатын жануар;
beauty and the beast (с.с.а: сұлу мен тағы) – сұлулық пен ұсқынсыздық;
bug in the butter (с.с.а: сары май ішіндегі шіркей) – молшылықта өмір сүріп жатқан адам;
between hawk and buzzard (с.с.а: ителгі мен жамансарының ортасында) – жанұя мүшесі мен қызметші ролінің аралығында;
сan’t say to a goose (с.с.а: қазға да ештеңе дей алмау) – аса момын;
cat and dog life (с.с.а: мысық пен ит өмірі) – ит пен мысықтай өмір;
cat and mouse game (с.с.а: мысық пен тышқан ойыны) – бір-бірін аңдып жүретін кісілер жайлы;
cat’s meow (с.с.а: мысықтың мұрты) – ең жақсы, керемет;
chicken and egg problem (с.с.а: балапан мен жұмыртқа мәселесі) – бітпейтін, шешілмейтін мәселе;
cock and bull story (с.с.а: әтеш пен өгіз әңгімесі) - өсек, ұзынқұлақ;
cock of the walk (с.с.а: тауық қораның әтеші) – беделді адам;
dog’s dinner (с.с.а: иттің түскі асы) – түкке тұрмайтын, беделі жоқ, қадірсіз;
eel’s hip! (с.с.а: жыланбалықтың мықыны) – епті, жылпос адамға қатысты;
every dog has his day – дүние кезек, әркімнің жарыққа шығар кезі бар;
everything is lovely and the goose hangs high (с.с.а: бәрі керемет, қаз жоғарыда ілулі тұр) – бәрі ойдағыдай;
enough to make a cat speak (с.с.а: мысықты сөйлететіндей) – таңқаларлық;
enough to make a cat laugh (с.с.а: мысықты күлдіретіндей) - өте күлкілі;
gay bird (с.с.а: көңілді құс) – үнемі жақсы көңіл-күйде жүретін адам;
goose question (с.с.а: қаз сұрақ) – ақымақтың сұрағы;
goose that lays golden eggs (с.с.а: алтын жұмыртқа салатын қаз) – байлықтың, молшылықтың бастау көзі;
Great snakes! (с.с.а: ұлы жыландар);
He got where the chicken got the ax (с.с.а: балапанға балта қай жерден тисе, оған да сол жерден тиді) – сазайын тартты;
Holy mackerel! (с.с.а: қасиетті скумбрия); Holy cow! (с.с.а: қасиетті сиыр) - әдетте таңырқанғанда немесе көңілі қалғанда айтылады;
Hot dog! (с.с.а: ыстық ит) – тамаша! Керемет!
hyena laughter (с.с.а: гиена күлкісі) – ащы күлкі;
in a bull rage (с.с.а: өгіздің ашуындай) - өте ашулы, қаһарлы;
in a bee-line (с.с.а: араның жолымен) – тұп-тура, ең қысқа жолмен;
in a pig’s whisper (с.с.а: шошқа сыбырлаған уақыт ішінде) – лезде, жылдам;
like a shag on a rock (с.с.а: құздың басындағы баклан секілді) – жалғыз, оңаша;
like a duck in a thunderstorm (с.с.а: найзағайда қалып қойған үйректей) – абыржыған, бейшара кейіпте;
like a fish out of water (с.с.а: судан шыққан балықтай) – ыңғайсыз, таныс емес, бөтен ортада;
like a bird in a gilded (golden) cage (с.с.а: алтындаған тордың ішіндегі құстай) – барлығы жеткілікті болса да, еркіндігі шектелген жағдайда (өмір сүру);
like a cat on hot bricks (с.с.а: ыстық кірпіш үстіндегі мысықтай) – мазасыз, жағдайсыз қалыпта;
lazy dog (с.с.а: жалқау ит) – еріншек адам;
like cats and dogs – ит пен мысықтай;
like water off a duck’s back (с.с.а: үйректің арқасынан аққан судай) – сөз өтпеу; ешнәрсе әсер етпеу; шыбын шаққан құрлы көрмеу;
old serpent! (с.с.а: кәрі жылан) – кәрі сайтан, малғұн! (кейде әзіл-қалжың ретінде айтылады);
mare’s nest! (с.с.а: биенің ұясы) – миф, ойдан шығарылған нәрсе;
mice and men (с.с.а: тышқандар мен адамдар) – қыбырлаған жан иесінің бәрі;
neither fish nor flesh (с.с.а: не балық емес, не ит емес) – тірі болып төрде жоқ, өлі болып көрде жоқ;
neither man nor mouse (с.с.а: не адам жоқ, не тышқан жоқ) - өте тар, лық толы;
no room to swing a cat (с.с.а: мысықты ілетін жер жоқ) - өте тар, лық толы;
on the hog (с.с.а: доңыздың үстінде) – молшылықта;
pig’s whisper (с.с.а: шошқаның сыбыры) – тез, дереу;
peacock’s feathers (с.с.а: тауыстың қауырсындары) – жақылдаған қымбат киім;
rat race (с.с.а: тышқан жарыс) – жанталасқан жарыс;
swan song (с.с.а: аққу әні) – соңғы туынды;
snake in the grass (с.с.а: шөп ішіндегі жылан) – күтпеген жерде кездесетін қауіп-қатер, зымияндық;
sheep that have no shepherd (с.с.а: шопаны жоқ қой) – басшысы, ақылшсы жоқ тобыр;
tune the old cow died of (с.с.а: кәрі сиырды өлтірген дыбыстар) –ыз орындалған әуен; мазасыз, жағымсыз дыбыстар;
to assume the ermine (с.с.а: ақкіс (терісін) кию) – жоғары сот мүшесі қызметіне алыну (сот қызметкерлері киетін мантияның жағасы ақкіс терісінен жасалатын болған);
to feed the fishes (с.с.а: балықтарды тамақтандыру) – суға кету;
to smell a rat (с.с.а: атжалманның иісін сезу) – бір жайсыздықты сезу;
to pig (hog) it – құныға ішіп-жеу;
to talk cold turkey (с.с.а: суық күркетауықты сөз ету) – бүкпесіз жайып салу, тура, анығын айту;
to be for the birds (с.с.а: құстар үшін болу) – еш пайдасыз, түкке тұрғысыз нәрсе жайлы айтылады;
to pay in cats and dogs (с.с.а: ит, мысықтармен төлеу) – ұсақ ақшамен есеп айырысу;
to go to the devil and dogs (с.с.а: сайтан мен итке кету) – берекесі кетіп, жоқ болу;
to put the cart before the horse (с.с.а: арбаны аттың алдына жегу) – барлығын керісінше жасау;
to separate the sheep from the goats (с.с.а: қойды ешкіден айыра білу) – бір нәрсенің парқын білу;
goose question (с.с.а: қаз сұрақ) – ақымақтың сұрағы to set a herring to catch a whale (с.с.а: акуланы ұстап алу үшін майшабақты пайдалану) – үлкен нәрсені қолға түсіру мақсатында ұсақ-түйекті құрбан ету,
to set the wolf to keep the sheep (с.с.а: қасқырды қой күзетуге қою) – оңай жол ашып беру;
to see how the cat jumps (с.с.а: мысықтың қалай секіретінін көру) – бір ісітің артын бағып, немен тынатынын көру;
to see how the gander hops – бұл да сол мағынада;
to stay until the last dog is hung (с.с.а: соңғы итті асқанша қалу) – жұмыстың, бір істің аяғына дейін болу;
to keep a dog and bark oneself (с.с.а: итті ұстап, өзі үру) - өзінің қол астындағылардың жұмысын істеу;
to cut the cackle and come to the horses (с.с.а: көп сөйлемей, жылқыға бару) – уақытты босқа өткізбей, іске кірісу;
to shoot at a pigeon and kill a crow (с.с.а. көгершінді атып, қарғаны өлтіру) – бір нәрсеге қол жеткізуге ұмтылған сияқты болып, шын мәнінде басқа мақсатты көздеу;
the cat jumps (с.с.а: мысық секіреді) – іс насырға шауып тұр;
that’s my pigeon (с.с.а: бұл менің көгершінім) – бұл менің ісім, шаруаң болмасын;
the bird has flown (с.с.а: құс ұшып кетті) – (қылмыскер) қашып кетті; іс бітті, қу кетті;
with the lark (с.с.а: бозторғаймен бірге) – таңертең ерте;
with the whip of scorpions (с.с.а: шаяндардың шыбыртқысымен) – аяусыз, қатігездікпен;
63