Материалдар / АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫН АНА ТІЛІМЕН САЛЫСТЫРА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫН АНА ТІЛІМЕН САЛЫСТЫРА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Шет ел тілін оқып, сол тілде сөйлей білу үшін осы тілдің тарихын, тілдік жүйесін білумен қатар тілдің фонетика, грамматика және лексика компоненттерін қатар игеру жүйелі білім алуға жетелейді. ХІХ-ХХ ғасырларда талай лингвистер ағылшын тілін оқыту әдістемесін зерттеп , сол тілде сөйлегісі келетіндердің танымдық белсенділігі мен әлеуетін көтеру туралы өз теорияларын ұсынды. Нәтижесінде көпшіліктің тілді тиімді жолмен меңгеруіне ықпал ететін және оларды ынталандыратын көптеген ой-тұжырымдар туындады. "Тілдерді оқытудағы тәсілдер мен әдістер" кітабының авторлары Ричард пен Роджерс тілдік материалды жүйелі түрде ұғыну үшін қолданылатын "әдіс" туралы «Тәсіл - аксиоматикалық, процедуралық әдіс. Бір тәсілдің ішінде бірнеше әдістер болуы мүмкін» деп сілтеме жасайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2024
256
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ 371.3:811.111

АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫН АНА ТІЛІМЕН САЛЫСТЫРА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Маденова Мира Жубатировна

Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,Тараз қаласы

Шет ел тілін оқып, сол тілде сөйлей білу үшін осы тілдің тарихын, тілдік жүйесін білумен қатар тілдің фонетика, грамматика және лексика компоненттерін қатар игеру жүйелі білім алуға жетелейді.

ХІХ-ХХ ғасырларда талай лингвистер ағылшын тілін оқыту әдістемесін зерттеп , сол тілде сөйлегісі келетіндердің танымдық белсенділігі мен әлеуетін көтеру туралы өз теорияларын ұсынды. Нәтижесінде көпшіліктің тілді тиімді жолмен меңгеруіне ықпал ететін және оларды ынталандыратын көптеген ой-тұжырымдар туындады. "Тілдерді оқытудағы тәсілдер мен әдістер" кітабының авторлары Ричард пен Роджерс тілдік материалды жүйелі түрде ұғыну үшін қолданылатын "әдіс" туралы «Тәсіл - аксиоматикалық, процедуралық әдіс. Бір тәсілдің ішінде бірнеше әдістер болуы мүмкін» деп сілтеме жасайды.

Шетел әдебиеттеріндегі ағылшын тілінің тарихында тілді ХХ ғасырдың басындағы Франция мен Германия арасындағы майдан-шайқастарда сарбаздарға тиімді қарым-қатынас жасауға көмектесу үшін «екінші тіл» ретінде үйретілгендігі айтылады. Қай уақытта да жалпы ағылшын тілін оқыту әдістемесін дамытудағы алдымен тіл лексикасы мен грамматикасын жеткілікті деңгейде меңгертуге бағытталған ең маңызды тәсілдерге шолу жасалып отырды. [1,7 б.]

Қазіргі уақытта ағылшын тілі барлық тілдердің ішіндегі ең көп қолданылатын тіл болғандықтан әлемдегі рөлі баға жетпес. 450 миллионнан астам адам оны туған ана тілім деп есептесе, 650 миллионға жуық адам оны қарым-қатынас үшін қосымша тіл ретінде пайдаланады. Тілді ауызекі сөйлеу немесе қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру үшін ең аз дегенде, осы тілдің лексикасы мен грамматикасын білу маңызды. Ағылшын тілінің грамматикалық ережелерін түсіндіру кезінде білім алушылардың ауызша сөйлеу және жазу дағдыларын лексикалық жаңа сөздіктер қорымен толықтыра отырып, оқу материалын тез игеру мақсатында қолданылады. Қазіргі таңда төл тіліміз бен ағылшын тілінің грамматикасын салыстыра оқыту бойынша көптеген мәселелер әлі де зерттеуді қажет етіп келеді. Әсіресе, қазақ тілді сыныптарда шетел тілінің грамматикасын оқытуда қиыншылықтар кездесетіні рас. Мысалы, етістіктің шақ формаларын ағылшын тілінде оқытуда екі тілдегі шақ формалары арасында белгілі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ескере отырып, салыстыра түсіндіреміз. Барлық тілдің өзіне тән жазу және сөйлеу заңдылығы бар. Тілді меңгеру сол заңдылықтарды есте сақтаудан басталады. Қазақ тілінде сөздердің өз орны бар. Бастауыш пен баяндауыштың не толықтауыштың орнын өзгерте алмаймыз. Орыс тілінде "бастауышпен баяндауыштың орнын ауыстырғанмен, сөйлемнің мәні өзгеріссіз қалса", қазақ тіліне бұл заңдылық мүлде келмейді. Біз секілді ағылшындар да сөздің ретін оңды-солды өзгерте бермейді.

1.Бастауыш (кім?) + баяндауыш (не істеді? Не қылды?) + толықтауыш (кіммен? немен?) + пысықтауыш (қашан қалай? не мақсатпен?)

Ол кітап сатып алды. — He bought a book.

Сөйлемде тұрлаусыз мүшелері кездеспеуі мүмкін, бірақ бастауыш пен баяндауышсыз сөйлем құру мүмкін емес. Егер сөйлемде бастауыш (іс-әрекетті атқарушы) белгісіз болса, оны "it" есімдігі арқылы береді. 

Дала суық. — It's cold outside.

2. Көмекші етістіктер:

Сұраулы сөйлемдер мен болымсыз сөйлемдерде көмекші етістіктің атқаратын рөлі зор. Қазақ тілінде де көмекші етістіктер бар. Бірақ, сұраулы сөйлемде шылаулар көмекке келеді. 

Сен музыканы жақсы көресің бе? — Do you like music?

Мен бұл кешке бара алмаймын. — I won't (will not) go to the party.

3. Be, have, do формалы етістіктер:

Ағылшын тілінде үздік үштік бар — олар арқылы көптеген іс әрекетті көрсетуге болады. Бұл етістіктердің мағынасы: "be" (болу), "have"(ие болу) және "do" (істеу). Оларды жиі қолданатындықтан, бірнеше формаға жіктеледі: [4,1-2 б.]

Ағылшын тілі мен қазақ тілі генетикалық жағынан да бөлек топтарға жататын тілдер. Генетикалық тұрғыдан ағылшын тілі үнді еуропа тілдері отбасына, қазақ тілі алтай тілдері отбасына жататыны бәрімізге белгілі. Ал типологиялық жағынан, яғни туыстық жақындығына қарап емес, грамматикалық құрылысына қарап,топтастыру нәтижесінде ағылшын тілі аналитикалық тілдерге, қазақ тілі жалғамалы (агглюнативтік) тілдерге жатады. Аналитаклық тіл негізінен көмекші сөздерге сүйенеді, немесе сөз түрлендірушілерді қабылдамайды. Ал агглюнативтік тілдерде жұрнақтар мен жалғаулар кең таралған және олардың түбірдің соңынан бірінен соң бірі үстемеленіп жалғану арқылы жасалады. Сондықтан бұл екі тіл арасында ұқсастықтарынан гөрі, ерекшеліктері көп. Алайда, екі тіл арасында мүлде ұқсастық жоқ деп айта алмаймыз. Бұл жерде мұғалім ана тілі алғашқы баланың қоршаған ортаға бейімделуімен қатар қарым-қатынас құралы екендігін, ал шет тілі- өмір қажеттілігінен туындаған қосымша құрал екендігін түсінуі қажет. Түсіндіру әр мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибелілігіне көп тәуелді, мұғалімнің де баланың да өз ана тілінен грамматикалық білімінің меңгеру деңгейіне де байланысты. Мысалы, бір тақырып төңірегенде тоқталып өтсем, «Сын есімнің шырайлары» тақырыбын бірінші күні түсіндіріп, екінші күні жаттығу орындатып пысықтап алуға болады. Білім алушылардың орташа оқитындары да мұндай тақырыптарды жылдам меңгереді. Сабақта грамматиканы оқытуға көп көңіл аудару тілді оқытудың маңызды «бағыты» болып саналады. [3, 2 б.]


Жалпы орта білім беруде сабақ барысында өтілетін тақырып бойынша сөйлеу дағдысын дамыту үшін тілдік тақырыпты түсінікті және жүйелі түсіндіру үшін дәстүрлі оқыту әдістері- сөздіктерді жаттату, қайталату, тақтада жаттығу орындату, көрнекілік қолдану арқылы жаңадан алынған сөздіктерді жаттығулар орындау барысында пысықтау, т.с.с. әдістемелер әлі де оқытудың негізгі аспектілері болып қалып отыр. Сондай-ақ жаңа тақырыпқа көшпес бұрын білім алушылардың әр сөз бен сөз тіркестерін іштей қабылдауларын бақылап, қажет болған жағдайда сөздік қорын белсенді қолдану сөйлеу дағдыларын дамытуда пайдасы зор. Ағылшын тілінің грамматикасы қазақ тілімен салыстыра отырып түсіндіріліп, меңгерген білім түрлі жаттығулар мен тесттік тапсырмалар арқылы тексеріліп отырса, нәтижесі дұрыс болмақ.

Аудио оқыту әдісі. Аудиолингвистикалық әдіс алғаш рет 1940 жылдары пайда болып, 1950-1960 жылдары шет тілдерін оқытудың жетекші әдісіне айналды. Бұл әдістер бүгінде де оқытуға күшті әсер етуде. Ол негізінен жалпы диалогтарды, содан кейін жаттығулар мен қайталауды түсініп тыңдауға бағытталады. Аудиолингвистикалық әдіс лингвистикалық және практикалық теорияға бірдей негізделе отырып , ауызша сөйлеу дағдысын дамытуға негізделген тәсіл. Ол Скиннердің айтуынша, аудиолингвистикалық әдісті грамматиканы меңгертуде қолдану да маңызды, себебі білім алушы мұғалімнің неғұрлым грамматикалық заңдылықтарды бірнеше рет қайталату тапсырмалары арқылы грамматиканы қолданып, жаттығатынын айтады. Аудиолингвистикалық әдісті американдық лингвист-теоретик Ноам Хомский көп зерттеген. [1, 2 б.]

Тілді коммуникативті оқыту тәсілі 1970 жылдары дамыған. Сондай-ақ «коммуникативті тәсіл» қазіргі мұғалімдердің көпшілігі қолданатын тәсіл, өйткені ол тілді оқыту мен үйрену процесінің өзара қарым-қатынасқа бағытталған түпкі мақсаты. Кез-келген тілді үйренуші бұл әдісті қолданудың нәтижесінде мазмұнды, мағыналы қарым-қатынаста тілді жедел меңгеретіндігі байқалған. Ларсен-Фриман өзінің «Коммуникативті тілді оқыту» атты еңбегінде грамматиканы мағынаны дұрыс жеткізуге көмектесетін құрал ретінде оқытады. Грамматиканы оқыту дедуктивті де, индуктивті де жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ басты назар ситуациялық контекстегі формалардың мағыналары мен функцияларына және әңгімелесушілердің рөлдеріне аударылады.

Коммуникативті тілді оқытуда мұғалім тіл құрылымдарын оқытуға көп уақыт жұмсамайтын болады, керісінше, білім алушыларды тілді практикалық қолдануға ынталандыруға көбірек уақыт жұмсайды. Әдетте сабақ уақытында жұптық және топтық өткізілетін ойындар мен басқатырғыштар сияқты коммуникативті іс-шараларда мұғалім тарапынан түзетудің қажеті болмайды. Осылайша, коммуникативті тілді оқытуда грамматиканы индуктивті жалпылау, түсіндіру, болжау, бейнелеу арқылы оқытуға болады. [1,8 б]

Оқу бағдарламасындағы тақырыпты меңгертуде пайдаланылатын әдісті таңдау бірнеше факторларға байланысты. Мысалы, коммуникативтік әдіс– ауызша оқытуда жақсы нәтиже береді. Дәстүрлі әдіс – лексиканы және грамматиканы ана тілімен байланыстырып, салыстырып түсіндіруде тиімді болып табылады. Қарқынды оқыту әдісі – тілді жылдам оқытуды қамтамасыз етеді. Жобалық оқыту әдісі – шығармашылық ойлауды үйретеді. Бұл әдістерді оқытуда қатар қолдану білім алушыны бір мезгілде оқи отырып, аударуға дағдыландырады. Дәстүрлі оқыту әдісі- мәтінмен танысып, аудару, сұрақ-жауапты ұйымдастыру, лексикалық және грамматикалық жаттығуларды орындауды қамтиды. Бірақ дәстүрлі оқыту әдісі уақытты қажет етеді. Бұл әдіспен оқыту грамматика мен лексиканы жетілдіреді, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуда жақсы нәтиже береді. Коммуникацияның ең басты мақсаты – шет тілінде өз ойын жеткізе білу, ол үшін сөйлем құрай білу, қарым-қатынасты орнату . Мұның барлығы – кішкене диалогтар, мәтіндер кұрудан басталады. Сондықтан да біз шет тілін үйренуге келген білім алушыны бірінші күннен бастап коммуникацияға дағдыландыруымыз қажет. Грамматика мен фонетиканы оқытуды бастамастан бұрын, кішкене диалогтар құрғызған жөн. Мысалы, «Сіз кайдан келдіңіз?», «Сіз бұл қалаға не үшін келдіңіз?», «Сіз не үшін шет тілін оқуды қаладыңыз?» деген сияқты сұрақтар қою арқылы диалог өрбітсек, онда біз шет тілі пәнінің оқыту мақсатына екі есе жылдамырақ жеткен болар едік. Жоғарыда келтірілген кысқаша сұрақтар, оларға жауап беру, ең алдымен фонетиканы, сөздерді дұрыс айта білуді қамтиды, онан соң білім алушы келген күннен бастап өз сөздік корын толтыра бастайды, бұл оқушының шет тілін үйренуге деген ынтасын арттырады. Бұл әдіс грамматиканы да камтыған болар еді. Сонымен катар, оқушы тек қана белгілі бір шеңбердің ішінде, алдын ала жазып алған сөздерін айтып қана қоймай, алғаш күннен бастап, саналы түрде шет тілінде сөйлеуге үйренеді. Білмейтін сөздерін сөздіктен іздей бастайды, сол арқылы есте сақтау қабілеті артады, біраз сөздерді сөздік қорына қосады . Шет тілін оқытуда тек коммуникативті әдісті ғана қолдану, ал грамматикаға мән бермеу – үлкен қате. Грамматиканы күшейту мақсатында грамматика-аударма әдісін қолдану тиімді. Жазбаша аударма жасау дәстүрлі әдіс болса да, сенімді тәсіл. [1, 2 б.]


Қазіргі оқу кабинеттерінің ақпараттық-коммуникациялық құралдарды толықтай пайдалануға мүмкіншілігі болып тұрған таңда оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану өте ыңғайлы және пайдалы. Өмірдің барлық саласына енген ақпараттык процестер жаңа ақпараттық технологияларға негізделген білім беру жүйесінің жаңа моделін құрудамыз. Өзіндік ойлауды, рефлексиялық кабілеттерді қалыптастыру үшін сабақта тек қана окулық пен мұғалімнің болуы аздық етеді. Енді АКТ көмегімен шешуге болатын лингводидактикалык міндеттердің негізгі түрлері, тіл аспектілерін меңгеруде оқытудың компьютерлік кұралдарды колдану, тілдік әрекеттің әр алуан түрлерінде дағды мен іскерлікті қалыптастырудың лингвоәдістемелік мүмкіндіктерін қарастырсақ, фонетиканы оқыту барысында АКТ көмегімен дұрыс дыбыстау, қабылдау деңгейіне қарай тыңдауға колайлылық туындатып, сөйлемдерді жеке-дара сөздерге бөліп дыбыстау жылдамдығын реттейді, сөз дыбысталуы мен жазылуын қатар қоя салыстырады. Микрофонды қолдану автоматты түрде дыбыстауды бақылап, фонетикалық дағдыны түзеуге мүмкіндік береді. Грамматиканы оқыту барысында АКТ-ны кез-келген грамматикалық тақырыпты өткенде колдануға болады. Аудиодыбыстық сүйемелдеу сызбалар мен кестелер қолданатын сабақтарда материалды тез және оңай қабылдауға көмектеседі. Уақыт та үнемделеді, сондай-ақ оқу материалын тактаға жазуды қажет етпейді. АКТ-ның көмегімен тестілік бағдарламалар арқылы бакылау жұмыстары қызығырақ жүргізіледі және сабақта ақпараттық анықтамалық колдау көрсетуге болады. Лексиканы оқыту барысында көрнекіліктер қолданылған тестілік және ойындык компьютерлік бағдарламалар арқылы анықтамалық-ақпараттық сөздіктерді пайдаланып, синонимдер мен антонимдерді жылдам табуға көмектесетін бағдарламалар білім алушылардың пассивті және белсенді сөздіктерін қолдану аясын кеңейтеді. Лексика, грамматика мен синтаксисті меңгерту үшін өткен тақырып бойынша берілген үй тапсырмаларын ұйымдастыру үшін төмендегідей жұмыс түрлері жүргізуге болады. Тыңдауға үйретуде оқушының фонетикалық дағдыларын калыптастыруда тыңдалған мәтінді дұрыс түсінуін бақылау, сөйлеуге үйрету барысында фонетикалық дағдыларын қалыптастыру, рөлдік ойындарды қолдану арқылы жұптық және шағын топтық сөйлесуді ұйымдастыру. Аударма жасауга үйретуде лексикалық және грамматикалық дағдыларды калыптастыру аударма мәтіндерін өңдеуді үйретеді. [2, 2 б.]

Күнделікті сабақтарымызда сабаққа дайындық кезеңінде мұғалім үшін де, білім алушы үшін де тақырыптық ақпарат жинауда ғаламтор белсенді қолданылуда. Бұл білім алушының ізденушілік қабілетін арттырып отыр. Power Point бағдарламасында презентация даярлайды. Презентацияларды көрсету, компьютерлік оқу бағдарламаларын, кестелерді, диаграммаларды пайдалану әрбір бала үшін бұл — өзін-өзі көрсету, өзінің қызығушылықтары мен қалыптасқан дағдыларын көрсету. Өтілген тақырып бойынша, білім алушылар өздері туралы презентациялар дайындайды, слайдтарында өздерінің суреттерін, кілт сөздер, тақырыпты хабарлайтын сөйлемдер орналастырады. Мұның бәрі бала тарапынан қызығушылық және көптеген сұрақтар тудырып, оқушыны алға ізденуге жетелейді. [3, 7 б.]

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туындап отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әртүрлі жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді күнделікті пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтиже беруде. Шетел тілін оқыту арқылы мұғалім білім алушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне де үйретеді. Басқа халықтардың мәдениеті мен дәстүрін туралы танымын арттырып, дүниежүзі мәдениетіне жол ашады. Білімнің рөлі мен маңызы артып отырған уақытта олардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Жоғарыда айтылып өтілген әдіс- тәсілдер оқушылардың білімін кеңейте түсуімен қатар, оның өз ойын басқа тілде мүдірмей жеткізуіне көп көмегін тигізеді. Оқытудың көп әдіс-тәсілдерін білгеніміз өзімізге пайдалы, бірақ тиімділігі жоғары әдістерді пайдалану білім сапасын көтерудің, баланы жан-жақты дамыту арқылы кәсіби жетістіктерге жетудің бір ғана жолы. [3, 6 б.]

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Аяпова Т.Т. Көптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы, №3(27), 2019 ж- 7-8 б.

2. Қазіргі әлемдегі ағылшын тілінің рөлі. Ағылшын тілін үйренудің өзектілігі.

https://kk.vogueindustry.com/17392187-the-role-of-the-english-language-in-the-modern-world-the-relevance-of-learning-english -2-4 б.

3. Аяпова Т.Т. Шет тілін оқытуда лексика-грамматикалық әдісті қолдану http://sp.kaznpu.kz/docs/jurnal_file/file20200206105209.pdf- 6-8 б.

4. Ағылшын тіліндегі басты 10 ереже https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/58257/ -1-2 б.































Labour- a key of achievement.



Everyone knows that Kazakhstan is a rapidly developing country in economic sphere, comparing with other countries in Central Asia. at this particular moment, the president of our country Hon. President Nursultan Nazarbayev is putting more focus in the development of professional and technical educational system.

in Teraz our college number 12 is one of the best colleges in our region, we offer various technical specialities in various fields and producing professionals in this field such as; Welding, Electrics, Crane operation, Filler-Repairers of gas equipments and other services in other fields of mechanical.

in the year 2015 our college was awarded an Honorary Award “ Golden Owl” by the Higher Institution of Business and Management Switzerland , (INSAM). For many years INSMA has been monitoring institutions in order to examine and determine those who are the top leaders in the field of electronics and technical eduction.

We believe that this award is a clear indication of our commitment, dedication and a well organized work force in our college. This is a good result of our determination and focus, working with a highly qualified team of staffs and teachers who have put more efforts and there time to make sure that we archive the best in our field thus hoping to emerge as victorious not only now but in the future ahead as well.

In our World today the field of science and industrialization has been constant changing thus adding more stress in the whole preparation work of finding specialists. With this in mind we would like to stress more in our main objectives which is trying to train and produce more professional who are competent, critical thinking and creative thinking with a high pedigree of motivation.

In our college we have initiated various programs such as the Foreign Teachers Attracting Program which has been going on for the last 5 years. This program has had lot’s of success because it has manage to bring about lot’s of positivities in our students due to the fact that we get many teachers from foreign countries who came and use various methods of teaching thus making the whole concept of learning more interested and taking it to the whole new level which is our main achievement  of our institution.

In these days, we try to focus more in demonstrating the increased requirement of developing creativity abilities of future specialists as well as trying to master knowledge, skills and creativity. All these initiatives aims immediately in enhancing the level of competitiveness, and professional adaptation. With the idea of Global marketing, our teachers and staffs put forward individual abilities, creativities, special skills, professionalism, emphasis in qualities, initiatives in actions and decision making which in all changes the requirements professional education of a future specialists.

Beginning from 2017 technical education in Kazakhstan will be free. This has been announced by Hon. President Nursultan Nazarbayev recently at the Palace of Independence. We are ready to work with the new system of Free Vocational Education Program on the purpose of training and retraining coerces. All students will be able to get a strong theoretical knowledge and to use the possibilities of the use of new available and accessible materials base in our college.

Learning a language has a beginning but no end.



Learning a language has a beginning but no end.

When I come to class, I establish good eye contact with my class, I don’t talk over their heads to the blackboard or to only one individual. I teach to all areas of the classroom and from all areas of the classroom. I try to make a clear lesson plan for myself and all materials and equipment set-up before class I provide a wide variety of exercises in class altemating the pace of the activities to keep the interest of the students. I always allow enough practice time in class so that students are more able to practice new skills and concepts outside of class . I begin each class with a simple entertaining open ended activity to wake up the group and prepare them for the topic. In my classes I plan a variety of interactions according some new technologies of teaching English. For example, individual work, partner work, small group activities , so that students have many opportunities to speak and feel accepted. When my students Ss finish the tasks ,I tell them when and what task they have done well. I finish each lesson with the short revision of theme. I think each class gives more results when the teacher organizes them very attentively. We must include interesting games to our classes .These kind of lessons may give more results. I keep up to date on new techniques in the language teaching profession by continually attending workshops , conferences and seminars , I read newspapers and journalists. When I identify a teaching strength that I have . I share the idea or practice with my collrgues. When I identify a weak point in my teaching ,I do not hesitate to ask for suggestions or assistance from my collegues. I organize activities that include real interactions. Students use English with a purpose not just English for the sake of language.



p.s Thank you for sharing ideas with me. Now I know your strong and weak points . But try to write your reflection from your point of view . ( It is very formal and general ) Try to share your ex

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!