Ағзам А.А. Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ағзам А.А. Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы - белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастырады
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОТБАСЫ - ЕРЕКШЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ

- Ағзам Асима Ағзамқызы. 

- тәрбиеші 

- ШҚО білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы КМҚК, Бозанбай ауылы, Ұлан ауданы 

- 21-745, - 87786423346; assima.assima171168@mail.ru

Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойылып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп, жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын баса көрсетуде. Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта. Отбасы - белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастырады. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты. Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі - отбасыішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінеді. А.С. Макаренко «Ата - аналарға арналған кітабында»: «Бала тәрбиесінде сіздің іс қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, сөйлейтініңіз, қалай күлгеніңіз, осы іс-әрекеттің барлығы бала үшін өте маңызды. Ал отбасында сіз дөрекілік көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз», - дейді. Жақсы перзент ата - ана қолындағы аманаты. Отбасында баланың жан дүниесін рухани пәктігіне тәрбиелеген абзал. Отбасында ата - ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көріп өскен бала балабақшада да, мектепте де өз ісіне жауап бере алады.

Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеппен ынтымақтасып ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп, бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі - ата–ананың өнегелі тәрбиесінде. Баланы жанұяда және балабақшада дұрыс тәрбиелеу оның мектепте жақсы оқуына, болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді. Үйде балаларды жазу-сызуға, ауызша есепке машықтандыру, оларға қызықты әңгімелер айтып беру сияқты істермен қоса оларды бір мезгіл үй шаруасымен айналыстырып отырса, бала үшін оның маңызы зор. Бұл ретте бала ,біріншіден, білімге құштар болса, екіншіден, еңбекке дағдыланады. Ал еңбек пен білім егіз екені анық. Жас жеткіншекке жанұяда дұрыс тәрбие берілсе, болашақта одан үлкен нәтиже күтуге болады. Дұрыс тәрбие алған бала ата - анасын қуантып отырады. Балаға дұрыс тәрбие берудің өзекті бір саласы жас жеткіншекті еңбекке деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Бұны тек тәрбиешілері мен мұғалімдері ғана емесғ әрбір ата - ана қолға алып, өз балаларының гүл, ағаш егіп, ауланы көгалдандыру сияқты игілікті іске қатысуын қадағалап отыруы керек. Сонда ғана еңбексүйгіштік қасиет берік дағдыға айналады. Еліміздің болашағы - ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру - баршаға ортақ, әрі міндет. Құрметті ата - аналар, балаларыңыздың бойынан жат қылық көрсеңіздер, педагогтерін, жолдастарын, қоғамды кіналаудан гөрі, «менің баламды тәрбиелеуімде қай жерінен ағаттық кетті, баламның бойына жақсы әдет сіңіруде, жақсы тәрбие беруде қай жерден жаңылдым», - деген ой түйсеңіздер екен. Тәрбиенің отбасынан басталатыны сөзсіз. Күнделікті «беті қолыңды жу, тісіңді тазала, өтірік айтпа, біреудің затын рұқсатсыз алма т.б.» деген сияқты сөздерді айтуға жеңіл болғанмен, осы сөздердің тәрбиелік мәні зор екенін естен шығармау керек. Осыдан бала тазалыққа, шыншылдыққа, ұқыптылыққа үйренеді. Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде көретіні ата-ана, ал ата-ана өмірінің жалғасы - бала. Өмірінің жалғасы баласының керемет ғалым болмаса да, тәрбиелі үлгілі, ақылды кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып өсуін ата–ана қадағалайды. «Тәрбие басы - тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», - деген дана сөздер текке айтылмаса керек. Баланы тәрбиелеуде ата–ананың бір–біріне деген қарым-қатынасы, қалай сөйлесетіндігі, туған – туыспен, көрші - қолаңмен қалай араласатындығы, келген қонақты қалай сыйлайтыны, тіпті ұсақ-түйек болса да қалай тамақтанатыны, дастархан басындағы әдептілігі, қалай киінетіні бұның барлығы балаға әсер етеді. Бала үлкенге қарап өседі. Баланы үнемі ұрып - соғып, қателескен жерінде қатаң жазалап тәрбиелеудің қажеті жоқ. Ақылмен, мысал келтіре отырып түсіндіру керек. Баланы адамгершілікке қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке ұқыптылыққа, жауапкершілікке сөзбен жеткізе отырып тәрбиелеуге болады. «Жақсы сөз - жан азығы». Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп келген.

Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, балалардың мектепке дейінгі жасынан бастап оқу-білім беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. XXI ғасыр білім жарысы ғасыры. Тәрбиенің мақсаты тек қана білімді керемет меңгерген бала тәрбиелеу емес, ең бастысы - адамгершілікке тәрбиелеу, іс білім берумен ғана шектелмейді. Бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады. Ана тілінің тағдыры отбасынан басталады. Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған, болашағына, арманына жетсе деп тілеген. Сондықтан да халқымыз баласына «Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар», - деген асыл сөзін арнаған.

Қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы ата-аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ол үшін ата–аналар күнделікті өмірде балаларының мінез–құлқын, қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударуды, тәрбие үрдісінде теріс қылықтарды болдырмауды ойластыруы шарт. Отбасында тәрбие ісімен айналысу үшін, ең алдымен ата–ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. Баланың көп уақыты сәби шағынан бастап отбасында өтеді. Оның өмірін, іс-әрекетін, демалысын бірқалыпты ұйымдастырып, реттеп отыру үшін қажетті жағдай керек. Ал жағдай ұтымды күн ырғағы негізінде жасалады. Күн ырғақ – бұл өмір тәртібі. Тәртіп болған жерде бала өз міндетін қашан да орындауға тырысады. Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керек, өзін өзі қалай ұстай білу керек, жағымды, жағымсыз мінез–құлықтарды байқайды. Ата - ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылап бала жан дүниесіне оң әсер ететін іс - әрекеттерді дағдыға айналдыру керек, себебі ата-ана - бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді байқай білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата - аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ», - деген себеп айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл - қыздармен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесіп, ойын арасында ой бөлісуге неге болмасқа? Баланы балабақшаға апарып алып, қайтар жолда сырласып әңгімелесуге болатынын естен шығармаған жөн. Бала күні бойы болған жайларды әңгімелеп, достары жайлы ой пікірімен бөліскісі келеді. Балаға «уақытым жоқ!», - деп тыйып тастамай, сұрақтарына жауап беріп, өз пікіріңізді ортаға салсаңыз ол баланың ойында дұрыс пікір қалыптастырады. Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз сондай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін - өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін - өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан оң моральдық - психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір - біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл - күйі тікелей ықпал етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - деген Әл-Фараби.

Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, педагогтар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ, болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет. Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы балабақша мен мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде педагогтармен тығыз байланысты болудың маңыздылығын өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, бастапқы баспалдағы балабақшада нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата - аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, ғылыми - техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананың денсаулық жағдайына, балалардың балалық шағын қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің дем алуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру. Отбасында басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу - әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады. Отбасы барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Балалардың отбасындағы тәрбиесі белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендігі, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды. Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы қадам. Ол балаға моральдық нормалар туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата - ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады. Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы: ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары балабақшада, одан ары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі. Сол себепті, бұл мәселеде баланың отбасымен тығыз байланыстар орнату мәселесі туындайды. Мұндай байланыс орнатудың психологиялық - педагогикалық негіздері төмендегідей:

1. Отбасымен байланыс орнатудың психологиялық - педагогикалық негіздері

2. Ата-аналармен, баланың отбасымен байланыс орнату - педагогтың ең басты міндеті.

Ондай байланыс орнатудың бір формасы - баланың отбасында болу. Бұл форма педагогтар мен ата-аналарға өте таныс болғандықтан, оның екі кезеңіне ғана тоқталған жөн.

- Отбасында болу шақыру арқылы іске асқан жөн. Себебі - статистикалық мәліметтер бойынша балалардың 80%-нан астамы әкесі де, шешесі де жұмыс істейтін отбасыларда тәрбиеленеді. Демек, кез келген тәрбиеші немесе мұғалім үшін қолайлы бола бермейді. Педагогтың кенеттен үйге келуі ата-аналар үшін де белгілі бір қолайсыздықтар туғызуы мүмкін. Мысалы: жұмыстан қалдыруы; күн тәртібін бұзуы, алаңдатуы мүмкін. Шақыру бойынша отбасында болу ата-ананы да, педагогты да қолайсыздықтан құтқарады.

- Баланың отбасы мен балабақша тәрбиешісінің, кейін мектеп мұғалімінің байланыс жасауының тағы бір түрі - ата-аналардың педагогикалық тапсырмаларды орындауы. Педагогикалық тапсырмалардың бірнеше түрлеріне тоқтала кетсек:

а) Тапсырманың бірінші түрі–белсенді тәрбиелік позиция, ол балалармен тікелей жұмыс жасаудан туындайды. Олар: қызығушылықтар бойынша құрылған үйірмелерге жетекшілік жасау, дербес қамқорлыққа алу, тәлімгерлік және т.б.

ә) Тапсырманың келесі түрі - тәрбиешіге,кейін мұғалімге ұйымдастырушылық көмек көрсетуден туындайды. Олар: Саяхат ұйымдастыруға ықпал жасау, қызықты адамдармен кездесу ұйымдастыру, табиғат аясына серуен ұйымдастыруға көмек, ертеңгіліктер мен қоғамдық іс-шараларға балалардың қатысуына көмек, т.с.с. Ата-аналармен, басқа да отбасы мүшелерімен байланыс орнату дегеніміз - отбасы тәрбиесін насихаттауға ықпал ету.

Отбасымен жұмысын ұйымдастыру нысандары әр түрлі болуы мүмкін. Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы педагогикалық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттің бір тұтас жүйесінде бірін бірі толықтырып отыруы өте маңызды. Ата-аналар жиналысы да екіжақты біріккен іс-қимылдардың ең қажетті буыны. Біз, педагогтар, ата-аналарымыз жиналыстарға түгел қатысса екен деп жиі күресеміз. Қазіргі заман талабы бойынша тәрбиелеу және оқыту мекемелері, білім беру ұйымдары ата - аналарды да, балаларды да тәрбиелейтін, оларды өз тәрбие ықпалының объектісіне айналдыратын жетекшілік қызметінен бас тартуда. Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді білім мен тәрбие беретін ұйымдардың мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі. Г. Фигдордың «Психоаналитическая педагогика» кітабында ата-аналар жиналысының бейімделген нұсқасы төмендегідей болуы мүмкін:

Сәлемдесу;

Балалардың осы білім мекемесіне беруді қалағаны үшін ата-аналарға алғыс білдіру;

Педагогикалық мәселелерді еркін түрде атап көрсету («Барлық отбасыларда мынадай жағдайлар кездеседі...», «Осы жастағы балаларға мыналар лайық...»). Осындай қиындықтар педагогтарға мәлім екендігі және оларды жеңуге болатындығы көрсетіледі;

Балалар балабақшада және мектепте үйдегімен салыстырғанда, неғұрлым тәртіпті болатынын «жеңілдетілген» түрде түсіндіру. Қарым-қатынас қарқынды болған жерде егеске түрткі де көп болатыны белгілі;

Ата-аналар жиналысын серіктестердің кездесуі ретінде де өткізуге болады: өткен оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы әңгімелеп беру, туындаған мәселелерді айтып өту, шешілу жолдарын табу үшін ата-аналардан көмек сұрау. Ата-аналарға оқу пәндері бойынша не өтілгені, балаларға қандай қиындықтарға кездескені, ата-аналар өз балаларына немен көмектесе алатыны туралы ақпарат беру де дұрыс. Сонымен бірге, жалпы балалармен шағын ұжымдық сипаттағы қандай іс-шаралар жобаланғаны, оларды өткізуде ата-аналар қалай қатыса алатыны туралы мәлімдеме жасауға да болады. Бірақ, ешбір жағдайда ата-аналар жиналысында жеке балаға қатысты мәселелерді көтермеу керек, олар педагогтің баланың ата-анасымен жеке кездесуінде талқылануы тиіс.

Психологиялық - педагогикалық кеңес беру жұмысы. Педагог баланың отбасы мүшелерінің психологиясын түсініп, ескеріп әрекет етуі қажет. Табысты диалогтың келесі шарты педагогтің де, ата-ананың да баланы және оның қажеттіліктері мен қызығуын түсіну бағытындағы білімдерін ортаға салуы. Бұл бала тұлғасының біртұтас дамуына қажетті тәрбие мен оқыту тәсілдерін таңдауға көмектеседі. Білікті педагог ата-аналарға ешқашан балалары үстінен шағымданбауға және «тиісті шара» қолдануын талап етпеу керек. Ата-аналармен кездесу баланың мінезінің кейбір сапалары дамытуға байланысты жолдастық және іскерлік талқылау ретінде өтуі мүмкін.

Педагогтің ата-аналарымен жұмыс істеуге дайындығын анықтайтын бірнеше факторлар бар.

Олар:

Теориялық білімі;

Балалардың ата-аналарымен өзара қарым-қатынас тәжірибесі;

Педагогтың рефлексиясы, ата-аналарға ғана емес, өзіне де, ата-аналармен тілдесудегі өзінің іс-әрекеттеріне де сын көзбен қарауы;

Балалардың отбасыларымен байланыс орнату, оларды сабақтан тыс тиімді ісқимылға тарту қабілеті;

Ізгілік және педагогикалық мәдениеті.

Ақпараттық-әдістемелік жұмыс – педагогикалық ұжым мен отбасының ынтымақтастық жүйесінде ерекше орын алады. Бұл бағытта ата-аналарға тәрбие мәселелері бойынша әдістемелік көмек беру, ақпарат құралдарында бақша өмірі, отбасы тәрбиесі мәселелеріне байланысты мақалаларды жариялау, ата-аналар қауымына арналған ақпараттық және әдістемелік буклеттерді шығару жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Тағы бір шарт – ата-аналар университетіндегі дәрістерді және топтағы тақырыптық ата-аналар жиналыстарын біріккен іс-әрекеттің өзара белсенді (интерактивті) түрлерін пайдалану арқылы өткізу. Олар: пікірсайыс, рөлдік және жағдаяттық ойындар, педагогикалық және психологиялық тренингтер, т.б. Қызықты өткізілген дәріс – ата - аналардың келесі дәріске толық қатысуының кепілі. Пайдалы дәріс немесе пікірталас, сұрақ-жауап кешін заңгер немесе дәрігер ата-ана ғана өткізе алады деу дұрыс емес. Диагностикалық - талдау жұмыстарын ата-аналармен өзара іс-әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты деуге болады. Онсыз педагогикалық ұжым мен отбасы қарымқатынасының күрделі қиылыстарына тізгінді қолда ұстау мүмкін емес. Ата-аналардың пікірлерін зерттеу, нәтижелерін біріктіріп талдау арқылы педагогтар ата-аналардың баласының білім мен тәрбие алып жатқан орнына, ондағы оқу-тәрбие үрдісіне, педагогтардың жеке тұлғасына деген жағымды және жағымсыз көзқарасын айқындайды. Ата-аналардың өзара қарым-қатынасын, бақшада жүріп жатқан құбылыстарға реакциясын сергек қабылдап, соның негізінде іс-әрекетін түзетіп, ұтымды арнаға бағыттап отыратын педагогты жақсы педагог деп бағалауға болады. Қорыта айтқанда, педагогтің мәртебесі мен кәсіби біліктілігі, іс-әрекетінің нәтижесі көп жағдайда ата-аналардың пікірінсіз бағаланады. Өйткені, ата-аналардың пікірі мен берген бағасы баласының пікіріне тәуелді болғандықтан, әрқашан объективті бола бермейді. Дегенмен, ұжым әкімшілігі «тындырымды», «табысты» педагогтың бейнесін тануда ата-ана қауымының сұранысын ескере алады және ескеруі қажет.


Қолданылған әдебиеттер:

1. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика. Оқу құралы. - Астана: «Фолиант», 2012.

2. Дүйсенова Ж.Қ., Нығыметова Қ.Н. Балалар психологиясы. Оқулық. - Алматы: «НурПринт», 2015. 3. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. Оқу құралы. - Астана: «Фолиант», 2015.

4 Ахметов С. Ата-ана не үшін өмір сүреді // Тәрбие құралы. – 2005. - №3. – Б. 76-77.

5. Әубакірова А. Отбасындағы сыйластық // Бастауыш мектеп. – 2005. - №4. – Б. 22-23.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.04.2025
111
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі