Материалдар / Ахмет Байтұрсынов - ұлт ұстазы

Ахмет Байтұрсынов - ұлт ұстазы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынов туралы
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады












Ғылыми жобаның тақырыбы: «Ахмет Байтұрсынов – ұлт ұстазы»

Бағыты: Қазақ тілі мен әдебиеті















Орындаушы: 1-курс суденті Ауезхан Кәусар

Жұмыстың жетекшісі: Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Калиева Балнур Онламбаевна







2024

оқу жылы



«Ахмет Байтұрсынов– ұлт ұстазы»

Мазмұны


І. Кіріспе...............................................................................................................4

Ахмет Байтұрсынов – ұлы тұлға........................................................................5

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 А.Байтұрсынов қазақ тілі білімі мен әдебиеттануының реформаторы.....7

2.2 Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы ұлттық рух................................10

2.3« Әдебиет танытқыш» еңбегінің ғылыми маңызы ......................................11

2.4 А.Байтұрсынов – адамдық пен білім диқаншысы.......................................13

ІІІ. Қорытынды ұсыныс........................................................................................16

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................17























Аннотация

Ахмет Байтұрсыновтың ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы – баршасы осы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған.

«Әдебиет танытқыш» - Ахмет Байтұрсыновтың эстетикалық философиялық – танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылдық келбетін толық танытатын жүйені зерттеу, қазақ филологиясының ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек. Бұл ретте, зерттеу жұмысында Ахмет Байтұрсынов – тіл терминдерін жасауда қандай кемеңгер, данышпан болса, әдебиеттану, өміртану, фольклортану, терминдерін жасауда да сондай данышпан, кемеңгер екендігі дәлелденеді.


















Аннотация

 Все работы Ахмета Байтурсынова как поэта, публициста, ученого, общественного деятеля, все унижения и страдания, надежды на светлое будущее – все это посвящено выполнению одной великой миссии, служить без колебания своему народу

«Әдебиет танытқыш» – это уникальный труд, который полностью отражает эстетическое философское познание Ахмета Байтурсынова и его литературную точку зрения. Благодаря большой глубине и точности изложенных мыслей, работа никогда не утратит своей значимости в казахской филологии. При этом в исследовательской работе доказывается, что Ахмет Байтурсынов так же гениален как в создании языковых терминов, так и в создании терминов в литературоведении и фольклоре.





























КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған.

Жұмыстың мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық  көзқарастарының негіздерін анықтау. «Әдебиет танытқыш» теориялық еңбегінің ғылыми жаңалығы мен оның бүгінгі «әдебиеттанудағы мән-маңызын саралау, әдебиетші ғалымдардың пікірі, мұның барлығы тақырыптың негізгі мақсаты болып табылады.

Жұмыстың міндеттері: А.Байтұрсынов шығармашылық зертханасының ерекшеліктерін зерттеу барысындағы міндеттер:

- Ахмет Байтұрсыновтың әдебиет теориясы негізін салудағы еңбегінің маңызы мен ғылыми жаңашылығына  назар аудару;

- Ахмет Байұрсыновты әдебиетші ретінде көрсету барысында ғалымның «Әдебиет танытқыш» еңбегін негізгі нысанға алу;

- Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері бүгінде қалай бағалануда, осыған көңіл бөлу;

- А.Байтұрсыновтың педагогикалық еңбектерінің құндылықтары;








Ахмет Байтұрсынов – ұлы тұлға


Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,

Жол сілтедім жақын емес алысқа.

Өзге жұрттар өрге қадам басқанда

Дедім: «Сен де қатарыңнан қалыспа»

Қазақ халқының ұлы перзенті, ұлт-азаттық қозғалысының рухани көсемі, Қазақ газетін ұйымдастырушы және оның бас редакторы, Алаш партиясының, Алашорда үкіметінің негізін қалаушы қоғам және мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынов 1872 жылы 5 қыркүйекте Торғай уезінің Тосын болысындағы 5 ауылында Сарытүбек деген елді мекенде дүниеге келген. А.Байтұрсынов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы тарихында ерекше орыны бар аса ірі саяси қайраткер. Ол өзінің орасан зор ерік-жігерімен, ірі ұйымдастырушылық қабілетімен, саяси оқиғаларға көзқарасының тұрақтылығымен зор беделі мен құрметке ие болды.
А.Байтұрсыновтың есімі Алашорда үкіметімен тығыз байланыста болғандықтан, оның қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметін зерттеудің қиыншылығы да аз емес. Себебі зерттеу нысанасының ауқымы өте кең әрі тым қайшылықты. Сол себептен қайраткердің өмір сүріп, қызмет еткен кезеңдегі аса күрделі тарихи құбылыстар мен саяси оқиғаларға барынша терең үңілуге тура келеді. А.Байтұрсынов 1905 жылдан бастап өмірінің соңына дейін (1937 ж.) саяси оқиғалардың бел ортасында жүрді, сол үшін 1907 жылдан бастап қуғынға ұшырап, бас бостандығынан айырылып, кейін Қазақ даласынан тысқары жерлерге жер аударылады және оған саяси сенімсіз деген айдар тағылып үнемі патша үкіметінің бақылауында жүрді 1913 жылдан бастап Қазақ атты апталық газетін ұйымдастырып, осы газет арқылы саяси үгіт-насихатқа өзі жетекшілік етіп, айналасына қазақ зиялыларын топтастыра білді. Отарлық езгіге қарсы ірі саяси оқиғаның бірі — 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұсында қазақ халқын аман-сау сақтап қалудың жолдарын іздеп, патша үкіметі мен халықтың арасында ымырагершілік саясатын ұстанды. Саяси сауатты, мол тәжірибе жинақтаған А.Байтұрсынов осы тұста газет арқылы халықтың һәм құлағы, һәм көзі және нағыз жанашырына айналды. А.Байтұрсынов Ресей патша үкіметінің қазақ халқына қарсы ұстанған отарлау саясатын әшкерелеп, оларды қатаң сынап қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақ халқына саяси даму жолдарын ұсынды. Екіншіден, халқының ұлттық сана-сезімдерін қалыптастыру үшін қазақ халқының сауатын ашып, білімге жетектеді, оның саяси-экономикалық және мәдени жағынан жайғастырылып жаңғыртылуы үшін күресті. Үшіншіден, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық жүргізу нысандарын жойып, тіршілік етуінің экономикалық негіздерінен айыруға ұмтылған патша үкіметінің саясатына қарсы тұрып, үкіметтің хұзырлы орындарына хұзырхат арқылы өз тілек-талаптарын қойып, үгіт-насихатын күрес құралына айналдырды.
Тарихқа үңілсек, қазақтардың күнделікті мұқтажын айқындап отыру үшін қазақ тілінде газет шығару қажеттілігі туралы айтып, үкімет алдына талап қойған. Газетті ұйымдастыру, ашу қандай қиын болса, оны патша үкіметінің қатаң бақылау жағдайында шығарып тұру одан да қиынға түскені анық. Деректердің көрсетуі бойынша, Қазақ газетін шығаруға рұқсат куәлігі А.Байтұрсыновқа 1913 жылдың қаңтар айында берілген. Куәлікте газеттің шығуы, редакторлары жайында Орал облыстық әскери губернаторының 1913 жылы 5 қаңтарда Жоғары баспасөз басқармасына берген бұйрығынан анықталды. Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, «Қырық мысал» жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою-ернек әкелген «Маса» жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді. 1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге «Қазақ» газетін шығарады.

2.1 А.Байтұрсынов қазақ тілі білімі мен әдебиеттануының реформаторы

«Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Біздің заманымыз – жазу заманы, жазу мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» - деп жазды реформатор-ғалым өзінің тіл туралы зерттеу мақаласында. Сондықтан ол қазақ әліпбиін түзеп, түрлеудің, ана тілінде оқулықтарды жазудың мәні зор екенін ғасыр басында қоғами ахуалмен байланыстыра отырып, аса жауапты жұмысты қолға алған. Реформаланған араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінің өз кезінде қазақ халқының мәдени дүниесінде зор серпілістер әкелгенін, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына, баспа жұмысының жандануына ықпал еткені туралы замандастары жарыса жазды. Мәселен, өз ұлтымыздың зиялылары ішінен алғаш қалам тербегендер – М.Дулатов, Е.Омаров, Т.Шонанұлы, С.Сейфоллаұлы және М.Әуезов т.б. болғанын алдыңғы бөлімде сөз еткенбіз. Яғни, тұлғаның ұшан-теңіз атқарған жұмыстары ғасыр басында-ақ айырықша аталып, жоғары бағаланды.

ХХ-шы ғасыр басындағы қазақ елінің ұлттық ғылымында жүргізілген жұмыстардың бір саласы – оқулықтар жасау болғаны белгілі. Сол тұста елімізде жаңадан ашылып жатқан жоғары оқу орындарын есептемегенде, мектеп оқулықтарының өзі де жоқтың қасы болатын. Қазақ тіл білімі мен әдебиетте сан салалы зерттеу жұмыстарын жүргізумен бірге, түрлі оқулықтар жасаудың да қажеттілігі сезіліп, маңызды мәселе ретінде алға қойылған тұста – А.Байтұрсынұлы оқулықтар жазу мәселесіне өте жауапкершілікпенұлт мүддесі тұрғысынан қараған. Ол патша заманында қазақ жұртының қажетін өтеген кирилл таңбасындағы қазақ алфавитіне мойынсұнбаған, төтеден жол іздеген. Қазақ жұртының төл, ана тілін саф қалпында сақтау үшін қандай таңбаны «әліпби» етіп алу керектігіне зор мән берген.

Picture 5

А.Байтұрсынұлы ұлт жазуының таңбасын алуда аса сақтықпен «қазақ ұлтының болмысын жоғалтпайтын, дыбыстық ерекшеліктерін бере алатын, әрі ислам дінінің уағызы арқылы келген араб графикасын таңдады. Сонымен қатар, ежелден келе жатқан қадим жазуындағы дала ғұламаларының зерттемелерін де негізге алды. Қазіргі қазақ филологиясы ғылымында ғалым-реформатор, қазақ тілі мен әдебиетінің негізін салушы А.Байтұрсынұлы туралы тіл саласында бірнеше зерттеу еңбектер жазылды.

Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор. Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Орыс, татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы кемшіліктерін көріп: «Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп жазды. Байтұрсынұлының «Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін қам қылды. 

Ахметтің қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (синтаксис) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. «Ахметтің Октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі секілді орында оның еңбегі мол.. Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет.

  Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды-жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын, өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады.





    1. Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы ұлттық рух

Қазақ санасының шамшырағы іспеттес сүйікті ұстазымыз, қажымайтын қаһарманымыз - Ахмет Байтұрсынұлы.Ол сауаты, саңылауы жоқ қазақтың надан халқын қалың жау еңсесін басып, қара бұлт қаптап, түнше түнеріп тұрғанда, кеудесінің бар күшін аямай, жанын құрбан қылып, жарыққа қарай өрге сүйреген Алаштың асыл ұлдарының бірі. Бірінші рет басталған, бұрын ешкім ескермеген жұмыстың барлық ауыртпалығы Ахмет Байтұрсыновтың басына түсті. Ойға - қырға бірдей қуылды, түрмеге түсті. Қуғын - сүргінде жүрген кездерінде қолынан қаламын тастамаған. Маңайындағыларды өлең қуатымен жылытып, рухтандырып отырған. Маңайындағыларды өлең қуатымен жылытып, рухтандырып отырған. Бірақ Ахмет Байтұрсыновтың қайраты тасымаса, қайтпады, ақылы аспаса, саспады. Өзінің тізесін, түрменің терезесін үстел қылып, Ахаң қаламын тартпай жазумен болды. Ахмет Байтұрсыновтың атын қазақ баласының естімегені жоқ шығар. Оның әліпбиі мен оқу құралдарын оқып, сол ғылыми еңбектерінің арқасында қаншама адам сауатын ашты. Ол Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашып, ұстаздық жұмыспен айналысты, жарғақ құлағы жастыққа тимей, «масаша» ызылдап, туған халқын оқуға, өнер - білімге шақырды, өркениетті елдерден кейін қалып, көрінгенге жем болып жүргеніміз біліміміздің, өнеріміздің жеткіліксіздігінен, оқыса, ілгері кеткен елдер қатарына қосылуға талпынса, қазақ халқы да ешкімге есесін жібермейді, әңгіме талаптануда, намыстануда дейді, оны мына бір өлең жолдарынан байқаймыз. Адамдық диқаншысы - қырға шықтым, Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім. Көңілін көтеруге құл халықтың. Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет, Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет. Оттай бер, жануарым екі аяқты, Адамдық хайуанға қанша қажет?! Жаратқан малды құдай не керекке - Мінуге, сою, соғу, жүндемекке. Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп, Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке. Таяққа еті үйренген қойшы жайлап, Көк есек қозғала ма түрткенде айдап? Есептен алданғандай болғандар көп, Жасықты асыл ма деп білмей қайрап, -деп жырлаған Ахмет Байтұрсыновтың осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес. “Оян, қазақ!” деген бір - ақ сөзге тірелген ұран өлеңдер көп тарап еді. Солардың алғашқы қарлығашы - Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері, оның “Қырық мысал” кітабы болатын.“Қырық мысалды” оқи отырып, таныс сюжеттерге ұшырасқанда, олардың И. А. Крыловтан аударылды дегеніне қол қойсаң да, таза қазақы түсінік, ұлттық ұғыммен түйінделген ғибрат бөліміне келгенде ойналып - ақ қаласың. Ел тағдыры жайлы ойланғанда, Ахмет Байтұрсынов, ең алдымен, сол елдің өзімен тілдесуді, олардың жай - күйі жайлы көргендері мен ойларын ортаға салуды, болашақ жөніндегі ұғым - түсініктерін бөлісуді парыз санайды. Оған әдебиетті, өлеңді пайдаланды. Алайда, Ахмет көрген ел әлі ұйқыдан оянып болмаған, ынтымағы жоқ алауыз, сөз тыңдауға салғырт, берекесіздікке ұйыған қауым еді. Сондықтан Ақан өлеңін “Маса” етіп жұмсап, ел құлағына барып ызыңдап, ұйқыдан оятуға тырысты. Атақты “Маса” жинағы осылай туды. Ахмет Байтұрсынұлы - ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері “Қырық мысал”, “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.


2.3 «Әдебиет танытқыш» ғылыми маңызы

Әдебиеттану ғылымының негізін салушы, қазақ әліппесін (төте жазу) жасаушы, оқу құралының авторы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымында алар орны орасан зор. Қай еңбегін алып қарасақ та, «Қазақ!», - деп жаңғырып тұрғаны тайға таңба басқандай. Сол еңбектерінің арасында қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап, сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып берген, қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салуға арқау болған асыл мұрамыз да бар. Ол – биыл жарық көргеніне 96 жыл толып отырған «Әдебиет танытқыш» атты тұңғыш қазақы трактат. Ахмет Байтұрсыновтың ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы «Әдебиет танытқыш» деген атпен басылған. Араға екі-үш жыл салып авторы ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап үлгермеді. Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методалогиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған. Ғалым әдебиеттің барлық жанрларына, көркемдік құралдарына қатысты европалық орыс әдебиеттануларындағы ұғым, термин, категорияларға шып-шырғасын шығармай түгелдей қазақша балама табады. «Әдебиет танытқыш» деп атаудың өзінде үлкен мағына бар. Әдебиет – сөз өнері болса, оны халыққа түсіндіріп, оның көркемдік ерекшеліктерін, адамгершілік, кісімен, яғни,  имани, рухани сипаттарын таныту әдебиетшілердің, зерттеушілердің қасиетті парызы екенін А. Байтұрсынов осы екі сөзбен ғана түсіндіріп кетті. «Әдебиет танытқыштың» бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылым» деп аталып, бірнеше шағын бөлімшелерге, баптарға бөлініп, олардың әрқайсысында нақты мәселе қаралады. Ең алдымен тіл, сөз  өнері, шығарма дегеніміз не деген  сұрақтарға, ғылыми дәлді, ықшам, толық  анықтама беріледі. Автор сөз өнері  ғылымын:

1. шығарма тілінің ғылымы;

2. шығарма түрінің ғылымы;

деп екіге бөліп қарайды. «Әдебиет танытқышта» қойылған күрделі мәселенің бірі – қара сөз бен дарынды сөз жүйесінің, ғылым мен әдебиеттің айырмасы. А.Байтұрсынов қазақта бұрын бала қоймаған терминдердің баламасын тауып, не өз жанынан жаңадан сөз жасай отырып, өте күрделі ғылыми, философиялық, эстетикалық көзқарастарды айтады. “Әдебиет танытқыштағы” қазақ әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын топтап, жіктеп берудегі ғалым даналығына таң қаласың. Эпосты — әуезе, лириканы – толғау, драманы – айтыс деп бір қайтарып алып, сала-салаға жіктеп әкетеді; шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме, саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошемет шешен сөз, білімір шешен сөз, уағыз, көсемсөз (публицистика). Ауыз әдебиеті түрлері былай жіктеледі: ертегі, аңыз-әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш – бұлар бір топ. Батырлар жыры, тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, толғау, терме – бұлар екінші топ. Мысал, ділмар сөз (афоризм), тақпақ, мақал, мәтел – бұлар үшінші топ. Тойбастар, жар-жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата – бұлар төртінші топ. Жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыр – бұлар бесінші топ. Сан алуан фольклорлық шығармаларды топтап, саралауға мүмкіндік беретін сауықтама, зауықтама, сарындама, салттама, ғұрыптама, қалыптама деген терминдер қазіргі ұғымымызға өзі сұранып тұр.

Бүгінде қайта жаңғырған Алаш зиялыларының еңбектері қазақы таным мен әлемдік мәдениетке сүбелі үлес қосуда. Алаш зиялыларының қай-қайсысы болсын, ұлтқа барын салып қызмет етуді басты мұрат еткен. Мұны олардың, ең алдымен, білім мазмұнын жетілдіруден бастағаны белгілі. «Ұлт ұстазы» Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетіндегі «Қазақша оқу жайынан» атты мақаласында: «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі», – деп жазады. Иә, сөзді тану, әсіресе, әдебиетті тану – ғаламның өзегіндегі аса нәзік үйлесімділік пен әсемдікті танудан бастау алып, тіршіліктің қарапайым заңдылықтарын ұғынуға дейін жалғасады. Мұны жаратылыстың өзіндік қарапайым тілімен сөйлете білу де өнер. Сондықтан, кез келген көркем дүниенің туу, жазылу, өмір сүру тарихы, ең бастысы, оның өнер ретіндегі құндылығы – аса ауқымды мәселе.


2.4 А.Байтұрсынов – адамдық пен білім диқаншысы

Ахмет Байтұрсыновтың өмірде аддына қойған басты мақсаты қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс жағдайын жақсарту болатын. Педагог-ғалым ол үшін халықты жаппай сауаттандыру керек екенін айтып, өзінің халықтық идеясын насихаттады. Ол «барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, мектеп, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектебінде, семинарияда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмысын жетідіру саласында көп ізденді», — деп жазады профессор С.Қалиев.

 Ахмет Байтұрсынұлы қазақ елінің тарихи тұлғасы,ұлттық рухымыздың ұлы тіні,ХХ ғасырдың реформатор ғалымы.

Халқын жайлаған қараңғылықты тым ерте аңғарған Ахмет қызметін Ақтөбеде, Қарқаралы уездерінде, ауылдық, облыстық мектептерде мұғалім болудан бастайды.  «Құл халыққа адамшылық тұқымын шаштым» дегенді сол кездері жазған. Ахмет ағартушылықтан өз халқының мұқтажын іздеді.

Өзін  «адамшылық диханшысымын»,- деп көрсетті.

Сауаты, саңылауы жоқ надан қазақты қалың жау еңсесін басып, қара бұлт қаптап, түнше түнеріп тұрғанда , бар күшін аямай, жанын құрбан қылып, жарыққа қарай, өрге сүйреген  ұстаз-Ахмет  Байтұрсынұлы.

А.Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен  өмірінің мақсаты деп санаған. Ол 1911 жылдың өзінде:

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,

Сап – сары аяқтары ұзын маса.

Өзіне біткен түрі өзгерілмес,

Дегенмен қара я қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса, –

деп, білім-ғылымнан кенже қалған, мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан маса болып ызыңдап оятып, алып шығуды өзінің күрес жолының мақсаты етіп қояды.


«Менің арманым – мүмкіншілігінше қазақ халқының дәулеттілігін, мәдениетін жоғары деңгейге көтеру. Ол ізгі іс енді ғана басын алып тұрғандықтан мен басымды тек қана менің тілегімді қанағаттандыратын билікке иемін».

Әдебиеттерге шолу бүгінгі зерттеушілер көзімен (отандық және шетелдік)

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеттануының дамуына мұрындық болған іргелі ғылыми зерттеулердің авторы. Бұл тұста ең алдымен ауызға «Әдебиет танытқыштың» ілінетіні – заңдылық. «Қазіргі қазақ тіл  біліміндегі секілді, қазақ әдебиеттануындағы  әдеби терминдердің басым көпшілігінің баламаларын ойлап тапқан да Ахаң: көріктеу, меңзеу, ауыстыру, алмастыру, кейіптеу, пернелеу, әсірелеу, шендестіру, дамыту,  түйдектеу... –осылардың бәрінің түп-тамыры Ахаңда жатыр. Мұхтар Әуезовтың «Ахаң түрлеген ана тіл» дейтін әлдейінің әдебиет аясындағы бір нақты да затты көрінісі – осы». «Әдебиет танытқыштың» ең басты байлығы – осылайша әдеби терминдерді қазақша қалыптастырғандығы», – дейді академик Зейнолла Қабдолов.

Қазақстанда  Байтұрсынов  есімін ауызға алуға да, жазуға да тыйым  салынған уақыттарда түркологтар тарапынан  оқта-текте ол туралы бір-саран пікірлер айтылып қалып жүрді.  Әсіресе  академек А.Н.Кононов еңбегі көпшілікті елең еткізді. Аты шартарапқа мәлім, беделді тілші-ғалымның редакциясымен және алғы сөзімен Москвада жылы шыққан «Отандық түркологтардың био-библиографиялық сөздігі» кітабында Ахмет Байтұрсыновтың туған жылы, өскен ортасы, ата-бабасы, білім алған мектептері, қызмет еткен орындары, әлеуметтік-қоғамдық қызметі, басты еңбектері нақты айтылып, ол «араб алфавиті негізінде жетілдірілген қазақ әліппесінің авторы, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, сол сияқты әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазды» деп тарихи тұрғыдан әділ көрсетті.

А.Байтұрсынов әдебиеттің барлық жанрларына, көркемдік құралдарына қатысты Еуропалық орыс әдебиеттануындағы ұғым, термин, категорияларға шып-шырғасын шығармай түгелдей қазақша балама тарады. Мұның бәрін термин дәрежесіне көтерген Ахмет Байтұрсынов екенін айту – тарихи әділеттілік деп санаймын.





ІІІ. Қорытынды


Қазақ әдебиеті тарихында Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі мен мәдениеті тарихында Ахмет Байтұрсыновтың орны сондай. Оның өмірбаяны, бар тірлік-тынысы, ой-арманы туған халқына деген қалтқысыз қызметтен тұрады. Оның өмірін сондықтан да жеке адамның, жеке бір маманның өмірі деп қарауға болмайды. Ол халықпен біртұтас, қалың елмен тамырлас, ел жүгін қайыспай көтерер нағыз халық перзенті.

Ахмет Байтұрсыновтың ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы – баршасы осы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған. Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен мол шығармашылық мұрасын талдап, тарихи маңызын анықтау. Айтар ұсынысым:

1) Ахмет Байтұрсыновтың еңбегін жас ұрпаққа түсіндіру мен кеңінен насихаттау мақсатында мектепішілік апталықтар өткізілсе;

2)Баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар оқушылардың оқу программасында кеңінен орын алса;

3) Мектеп қабырғаларында болашақ ізденімпаздар мен жас ғалымдарға арнайы жобалар қарастырылып, үздіктерге ынталандыру мақсатында А.Байтұрсынов, М.Дулатов сынды зиялылардың мұражайлары мен көрмелеріне жолдама берілсе;

Қорыта келе айтарым, өзімнің қатарластарыма А.Байтұрсыновтың «Аяз би» ертегісін, «Анаға хат», «Достыма хат», «Ат пен есек» атты шығармаларын оқуға кеңес беремін. Адал достықтың қандай болатынын, асығыс ашу үстінде шешім қабылдамау, әр кезде қанағат тұта білудің маңыздылығын осы шығармаларда айтылады. Білім-ғылымнан кенже қалған, мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан маса болып ызыңдап оятып, алып шығуды өзінің күрес жолының мақсаты етіп қояды.



ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Иманбекова Б., Ахмет Байтұрсынов мысалдарының тәрбиелік мәні. /Ақиқат, 1999. №2., 83-86 бб.

2. Байтұрсынов А. Ақ жол. Шығармалары, өлеңдері, аудармалар, зерттеулер. – А: «Жазушы». 1989. – 320 б.

3. Байтұрсынов А. Ақ жол. – А: «Жалын». 1991. – 461 б.

4. Ерназарова Т. Қазақ публицистика тілінің дамуындағы Байтұрсынұлы кезеңі. – А: «Карат-Принт». 2004., 9-11 бб.

5. Қазақстан Республикасы Президентінің халық бірлігі мен ұлттық тарих жылына арналған қаулысы. / Егемен Қазақстан, 1997, (2).

6. Қазақстан Республикасы Президентінің жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған қаулысы / Егемен Қазақстан, 1998.

7. Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңның орындалу барысы тақырыбына өткізілген қалалық ғылыми-практикалық конференция. / Алматы ақшамы. 25 қыркүйек, 1998.

8. Байтұрсынов А.  Ақ жол.-Алматы: Жалын. 1991 ж.

9. Байтұрсынов А.  Шығармалары. І том.-Алматы: Жібек жолы. 2002 ж.

10. Байтұрсынов А. Көп томдық шығармалар жинағы. І том.-Алматы: Алаш. 2003ж.







.



9


ЖИ арқылы жасау
15 Қаңтар 2025
215
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі