Материалдар / Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы

Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлтымыздың бір туар қайраткерлерінің бірден, бірегейі 150 жылдық мерейтойы жаңа ғасырымен үндесіп келіп отырған ол, Ахмет Байтұрсынұлы.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы

Талдықорған агро-техникалық колледжі

Тарих және география пәндерінің мұғалімі

Ғ.Н.Тойлыбаева

Басынан сан қилы заман өткерген халқымыздың тарихында шешуші рөл атқарған тұлғалар көп. Сондай бір туар қайраткердің бірден, бірегейі 150 жылдық мерейтойымен жаңа ғасырымен үндесіп келіп отырған ол, Ахмет Байтұрсынұлы. Халқының азаттығы мен теңдігі еркін ел ретінде қалыптасуы, төл тілін сақтап қалу жолында жан қиярлықпен күресті. Сол жолда құрбан болды.

Адамдық диқаншысы – қырға шықтым,

Көлі жоқ, көгалы жоқ қуға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,

Көңілін көтеруге құл халықтың.

Деген өлең жолдарынан –ақ алаш арысының өмірлік миссиясын аңғаруға болады. Ахмет Байтұрсынұлы — қазақтың әдебиетін зерттеуші ғалымы, ақын, аудармашы, түркітанушы, педагог, публицист сонымен қатар қоғам қайраткері.

20 ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының көрнекі жетекшілерінің бірі, ағартушы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. «Алаш» партиясының жетекшісі ретінде жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халқтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысқандардың бірден-бірі және бірегейі. Өзімнің ойымды Байтұрсынұлының еңбегін тарихи бағыттағы негізгі 4 дерекке тоқталуды жөн көріп отырмын

Біріншіден: 1917 жылы революциялық өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ комитеттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді. Оларға тікелей араласып, ел-жұртын адастырмау жолына «Қазақ газеті» арқылы саяси теориялық бағыт – бағдар беріп отырды. Ахмет Байтұрсынұлы патшаның тақтан құлауын зор қуанышпен қарсы алып, Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен қазаққа бостандық, теңдік әперу үшін саяси күрес майданына араласты. 

Екіншіден: Ақпан революциясының жеңісінен кейінгі елдегі революциялық процестердің қарқынды дамуы барысында Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан либерал-демократиялық көзқарастағы қазақ интеллигенциясының өкілдері ұлттық партия құру жоспары бойынша өз жоспарларын жүзеге асыруға кірісті. Сол Алаш партиясының жоспары:

І. Мемлекет қалпы.

ІІ. Жергілікті бостандық.

ІІІ. Негізгі құқық.

ІV. Дін ісі.

V. Сот және билігі.

VІ. Ел қорғау.

VІІ. Салық.

VІІІ. Жұмысшылар.

ІХ. Ғылым білім үйрету.

Х. Жер мәселесі сынды бағыттарынан тұратын бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Дәлірек айтқанда 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында І-ші жалпықазақтық съезде Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов «Тәуелсіз автономия» құру идеясын ұсынды [3, 101 б.]. І-ші жалпықазақ съездінің қортындасында «Алаш» ұлттық саяси партиясы құрылды. Әлихан Бөкейханов қазақ халқының көсемі, партия басшысы болып сайланды. Бірақ қоғамда аласапыран ахуал қалыптастырған большевиктердің төңкерісі Ахмет Байтұрсынов және оның серіктерінің қазаққа дербес ұлттық автономия алып береміз деген әрекеттерін тұйыққа тіреді. Алаш қозғалысы білімсіз кедей-кемшіктің қалың тобырына арқа сүйеген жүгенсіз коммунистік қозғалысқа қарсы тұруға ол заманда қауқарсыз еді. Осыны түсінген және халқымен бірге болуды ойлаған Байтұрсынұлы 1919 жылдың наурызында Кеңестер өкіметі жағына өтті. Осындай ірі тарихи тұлғаның беделі уақытша болса да 

большевиктерге де қажет болды.

Үшіншіден: Ол екі жылдай Республика халық ағарту комиссары қызметінде болып, қазақты ағарту ісіне, осы саланы аяғынан тұрғызуға қыруар еңбек сіңірді. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды және осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-рев. к-ті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болған Байтұрсынұлы 1920 жылы В. И. Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған «... Ресейде коммунистер көп, бірақ нағыз идеялық коммунистер өте аз, оның үстіне олар шет аймақтарда аз немесе мүлде жоқ», — дей келе қазақ жерінің билігін қазақтан шыққан комунистер қолына беруді талап еткен еді [5, 4 б.]. деген мазмұнды хаты негіз бола алады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешіміне қарсы Ахмет Б-тың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды.

Төртіншіден: Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Деректер бойынша Қазақ халқының қоғамдық ой-санасының дамуындағы барлық саяси қозғалыстар А.Байтұрсыновтың есімімен байланысты. Ол бейбіт ұлттық либерализмнен Октябрь революциясын және Совет өкіметін тануға дейінгі саяси даму кезеңдерінен өтті [4, 202 б.].

Бесіншіден: Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген. 1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді.

КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930 ж. 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 ж. қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды. 1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасы әйелі мен қызымен бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 жылы М. Горькийдің жұбайы Е. П. Пашкованың көмегімен Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. 1937 жылы 8 тамызда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды.

«... Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмаш болып, кейбірі арын сатып, ұлықтық іздеп жүргенде, қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды... Халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті.» Сәкен Сейфуллин

Байтұрсыновтың ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды. 1923 жылы Байтұрсыновтың 50 жасқа толғаны Орынбор, Ташкент қалаларында салтанатты түрде аталды. С. Сәдуақасов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, М. Дулатов, Е. Омаров сияқты замандастары баспасөзде мақалалар жариялап, Байтұрсыновтың қазақ халқына сіңірген еңбегін өте жоғары бағалады. Өмірі мен қызметіне, шығармашылығына ғылыми пікір-тұжырымдар айтылды. 1988 жылдан кейін Қазақстандағы көптеген көше, мектептерге Байтұрсынов есімі берілді. Тіл білімі институты, Қостанай университеті Байтұрсыновтың есімімен аталды. 1998 жылы оның туғанына 125 жыл толған мерейтойы салтанатпен атап өтіліп Алматы қаласынданда республика ғылыми конференция өткізілді, Байтұрсыновтың мұражай-үйі мен ескерткіші ашылды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Имаханбет Р.С. Ахмет Байтұрсынұлы: ғұмырбаяндық деректер. «Алаштың Ахметі»: Респ. Ғыл.-тәж. конф. Материалдары.-Қарағанды: «TENGRI Ltd», 2013.-382 б.
2. Нұрпейісұлы К. Ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция. // Егемен Қазақстан. 1997 ж. 5 желтоқсан. −3-5 бб.
3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. — Алматы: «Атамұра», 2002. — 768 б.
4. Нұрпейісов. К Алаш һәм Алашорда. — Алматы «Ататек» 1995- 256 б.
5. Омарбеков Т. Қателескен Ленин бе, жоқ әлде қазақ зиялылары ма? // Егемен Қазақстан, 1991. 26
6. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. Алматы: Қазақ университеті, 2004.-388 б.

Беймәлім дерек. Ахмет Байтұрсынұлы: https://www.youtube.com/watch?v=JA9jJBoGFC8

14 Қаңтар 2022
1085
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі