Материалдар / Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы" мақала
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ахмет Байтұрсынұлы ұлт ұстазы



Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымызда

ешкімменсалыстыруға болмайтын ерекше тұлға.

Әбіш Кекілбаев

Биылғы жыл –Әбіш ағамыз айтқандай,халқымыздың бағына туған ерекше ұлдарының бірі, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, адамдығы да, азаматтығы да, өз ұлтына деген сүйіспеншілігі де бір төбе Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл.
Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың –деген өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес.Ол – ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорші, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым…Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол–бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ҰЛТ ҰСТАЗЫ.

Білім алып, өзгелерге де білім шырағын жағу халқының біртуар азаматының өмірлік мақсатына айналуы да жайдан-жай емес еді. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен ағалары жазықсыз Сібірге жер аударылғанда, әкесі өз руынан үкіметке арыз жазуға білімі бар ешкімді таба алмапты. Сол уақыттта оның Ахметке берген ақылы, өтініші: "Балам, мен, міне, үкіметке арыз бере алмай, Сібірге айдалып кетіп бара жатырмын. Егер арыз берген болсам, үкіметтің бастығы берген уақытын азайтар ма еді немесе мүлдем қысқартып тастар ма еді. Сол себепті қандай қиыншылыққа ұшырасаң да, аш қалсаң да, жалаңаш, жалаң аяқ жүрсең де, жататын орның болмаса да, қанша қорлық көрсең де, оқы, тағы да айтатын тілегім- оқы. Біздің үйде шешеңнің жанында маған хат жазатын балам болсын” деген екен. Әке өсиеті орындалып, оқып, сауат ашқан Ахмет Байтұрсынұлы сол кезде барша сахарадағы ең өзекті де қайғылы мәселелерге ден қойды. Барша қазақ балалары мен азаматтарын сауаттандыруға, қара танытуға күш салды.
Ахмет Байтұрсынұлы – қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914-1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының "Әліп-биімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының "Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
Ахмет Байтұрсынұлының жас қазақ ғылымына қосқан үлесі тек тіл білімі саласында емес, әдебиеттану саласында да орасан зор. Өткен ғасырдың II жартысында-ақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, 1923 жылы "Ер Сайын” жырын Мәскеуде шығаруы, 1926 ж. "23 жоқтау” атты жинағының жарық көруі әлі қыры мен сыры толық зерделенбеген әдебиетіміз үшін тың жаңалық еді. Өзінен кейінгі әдебиет зерттеушілеріне бағыт, бастама болды.
А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі- әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы.Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, әдістемелік арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған.
Ахмет Байтұрсынұлыелдің санасын оятуда, сауатын ашуда тек оқулықтар жазумен ғана шектелмей, өлеңдер мен мысал өлеңдер де жазды. Оның өлеңдері "Қырық мысал”, "Маса”, "Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. "Масаға” енген өлеңдерінде қазақтыңқараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық сияқты ұнамсыз қасиеттерін сөз етіп, аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы болады. Мысалдарда әр түрлі аңдар, әр түрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасалады. Кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды, әсіресе, патша отаршыларының зорлық-зомбылығы, жуандардың, байлардың тепкісі, елдің азып-тозуына байланысты сарындарды А. Байтұрсынұлы жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді. Кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар.Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын ұлы Абай бастаған орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне де мойынсұнады. Ақын шығармаларының қазақ қоғамына рухани тәрбие беруде рөлі өлшеусіз және бүгінгі күні де осы қуатынан айрылмағанын мектеп бағдарламасында берілген мысал өлеңдерді балалардың сүйсіне оқуынан аңғарамыз.

Бүгінгі күні өз тілімізді өгейсітіп жүрген өгей ұлдардың көбеюі, оларды жөнге сала алмауымыз - «ұлтшылдығы, ұлтын сүйгені» үшін атылған арыстарымыздың алдында кешірілмес күнә. Сондықтан, саналы ғұмырын халқының болашағы үшін қатерге тігіп, бар азап пен қорлыққа көнген Ахаңның «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»деген даналық сөзін әрбіріміз қаперімізден шығармай, жаһандану дәуірінде жұтылып кетудің аз-ақ алдында тұрған тілімізді, тіліміздің грамматикасын балаға үйретуді жүйелі, асықпай, ұдайы жүзеге асыруымыз керек. М. Әуезовше айтсақ,халықтың "рухани көсемінің” даналығынан ой түйіп, қалдырған қазынасын қажетімізге жарата білуіміз керек. Ел боламыз десек А. Байтұрсынов мұрасын толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз қажет. "Байтұрсыновшыл” болу – бүгінгі қазақ зиялысы алдында тұрған басты міндет екенін естен шығармағанымыз жөн. Әрбіріміз рухани көсеміміздің шығармаларын өскелең ұрпақ бойына сіңіріп, ана тіліміздің қыр-сырын ғалым зерттеулеріне сүйене меңгертіп, Ұлт ұстазының алдындағы парызымызды өтеуіміз керек.
…Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын
Ел бүгіншіл, менікі – ертеңгі үшін,-деп өз биігінде қала алған Аханның күткен «ертеңінің» бүгін туғанын ісімізбен дәлелдеуге тиіспіз.




Аннотация

Бұл мақалада Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқын сауатсыздық пен құлдықтан арылту үшін жасаған ұшан-теңіз еңбегі, тіл білімі, әдебиет теориясы саласы бойынша жазған ғылыми әдістемелік құралдары, балаларға, ересектерге арнап жазған шығармалары туралы сөз болды. Оқу мен оқытудың Ахмет Байтұрсынұлының өмірлік мақсатына айналу себебі зерттелді. Әр әдістемелік құралдарының қолданылу саласы жеке қарастырылды. Ақынды қынжылтқан, толғандырған қазақтың бойындағы теріс мінездері жан-жақты талқыланды.


Аннотация

В данной статье рассматриваются труды Ахмета Байтурсынова по освобождению казачьего народа от неграмотности и рабства – научные пособия в области морского труда, языкознания, литературоведения, труды для детей и взрослых. Исследованы причины, по которым преподование и обучение стали целью Ахмета Байтурсынова. Область применения каждого методического средства рассматривается отдельно. Подробно рассмотрены отрицательные черты казаха, которые печалили и тревожили поэта.


Annotation

InthisartileyouwilllearnaboutAkhmetBaitursynov,sscientific and methodological aids in the field of maritime labor, linguistics, literary, his works for children and adults forid the Kazakh people of illiteracy and slovery. The reasons why reading and teaching became the life gools of A.Baitursynov were studied. The scope of application of each methodical tool is considered separately. The poet was sad. The negative behavior of the Kazakhs was discussed in detail.




















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Имаханбетов Р. «Ахмет Байтұрсынұлы: ғұмырнамалық деректер. Алаштың Ахметі», Tengri Ltd баспасы, Қарағанды, 2013ж [2;82]

  2. «Қазақ әдебиеті энцтклопедиялық анықтама» Алматы, 2010ж [3;70]

  3. Сейдазым А. «Тұран-Түркістан халықаралық қоғамдық-саяси, әдеби-көркем, мәдени-әлеуметтік, тарихи-танымдық журналы», Print House Gerona баспасы, Алматы, 2022 ж [1;3]

  4. Нұрпейісов К. «Алаш һәм Алашорда», Алматы, Ататек, 1995ж [5;91]

  5. «Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін». Бес томдық. 3-том, Алматы , Атамұра, 2002ж [4;34]



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!