Материалдар / Ахмет Байтұрсынұлы аудармаларымысалмен айтқан көп олар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ахмет Байтұрсынұлы аудармаларымысалмен айтқан көп олар

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Ақынның өскен ортасы туралы материалдар жинау. 2.Ақын шығармаларын жан-жақты талдау. 3.Мысалмен айтылған ойлардыдәлелдеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2024
90
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ СОЗАҚ АУДАНЫ Т.ӘЛІМҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ №14 МЕКТЕП ИНТЕРНАТ-ЛИЦЕЙ





Ғылыми жоба авторы: Рахымжан Айзере Нұрланқызы

Сыныбы: 3 А



Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары – мысалмен айтқан көп ойлар.


Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Секциясы: қазақ тілі және әдебиеті


Жетекшісі: Иманбердиева Айжан Сапарханқызы

Бастауыш сынып мұғалімі























Шолаққорған 2024 жыл





Жоспар:

1.1 «Адамдық диханшысы»

Зерттеу бөлімі

2.1 «Ақынның өмірі мен шығармалары»

2.2 «Мысалмен айтқан көп ойлар»

Қорытынды

3.1 «Қалдырған ізің мәңгілік…»

Пайдаланған әдебиеттер.


Зерттеу мақсаты:Ахмет Байтұрсынұлы мысалдары мен аудармаларына терең үңіле отырып, ғылыми зерттеу жүргізу. Ақынды жан-жақты қырынан танып, білу. Ақынның ерекше қырларын айқындау.

Зерттеу міндеті:

Тақырыбымның мақсаты негізгі жоспарға сәйкес төмендегі зерттеу міндеттерімен толықтырылып, айқындалды.

«Ақынның өмірі мен шығармалары»

«Мысалмен айтқан көп ойлар»

Өзектілігі:

Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары өзінің тәрбиелік мәнін бір ғасырдай уақыт өтсе де, құндылығын жойған жоқ.

Ғылыми жаңалығы:

Алаш ардагері А.Байтұрсынұлының тереңірек насихатталуына түрлі жобалар ұсыну. Әлеуметтік желілерде өз құрдастарыма мысалдармен той тастау.

Ғылыми ұсыныстары:

  • Бастауыш сыныптарда «Ахметтану» сабағы өтілсе;

  • Мысалдарына қазақ тілінде мултьфильмдер түсірілсе;

  • Оқу құралдарының сыртқы мұқабасына мысалдарынан үзінді келтірілсе;

  • «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында шығармалары насихатталса;

  • Бастауыш сынып оқушылары арасында «Ахмет оқулары» өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді.

Зерттеу әдісім:

Ғылыми жобаны зерттеуде алдын ала ойластырған зерттеу әдістері белгілі бір мақсатқа негізделіп,әр тақырыпшаларды қарастыруда төмендегідей зерттеу әдістері көзделді:

1.Ақынның өскенортасытуралыматериалдаржинау.

2.Ақын шығармаларынжан-жақтыталдау.

3.Мысалмен айтылғанойлардыдәлелдеу.






Кіріспе.

    1. Адамдық диханшысы

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім.

Көңілін көтеруге құл халықтың.

Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,

Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.

Оттай бер, жануарымекіаяқты,

Адамдықхайуанғақаншақажет?!

Жаратқанмалдықұдай не керекке–

Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.

Жортаберқамыткиіп, қамшыңдыжеп,

Бұйрықжоқұрасыңдепүндемекке.

Таяққаетіүйренгенқойшыжайлап,

Көкесекқозғаламатүрткендеайдап.

Есептеналданғандайболғандаркөп,

Жасықты,асылмадеп,білмейқайрап,-депжырлағанАхметБайтұрсынұлының осы өлеңжолдарыоныңбүкілөмірінің эпиграфы іспеттес.

Ақын арманы – «Адамдық диханшысы» болып халқына қызмет ету. Ахмет бұл арманын орындады. Ол туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етті. Халқының, елінің қалаулы сәулелі жұлдызына айналды. Шын мәнінде ол мұралары арқылы «Адамдық диханшысы» атанды.

Ол – ақын, жазушы,аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші-ғалым. Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.Ахмет Байтұрсынұлы - қыры мен сыры мейлінше мол адам. Ол көп қырлы ғалым, сан қырлы санаткер. Скрипкада, домбырада, пианинода ойнаған, палуанАхмет-қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дарынды ақын, өз бетін танытқан мысалшыл,қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы. Ол шын мәніндегі нағыз күрескер-демократтық поэзияның негізін қалап, азаттыққа ұмтылған, азаматтық жыр үлгісін жасаған халқының қалаулы азаматы.

Ахмет «Қазағым, елім, Алашым!»,-деп ұрандап,өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте бұқараның жүрегіне қозғау салып,ұйқысынан «Маса» болып оятты. Қазақ халқының тағдыры, бүгіні мен ертеңгісі Ахмет поэзиясының өзегі болды. Ол өзінің халқына тәлім-тәрбие беру жолын поэзия тілімен жеткізуді қалады.А.Байтұрсынұлы қазақ әндерін зерттеуші А.Затаевичке бірнеше әндер жаздырған композитор әрі өз ұлтының әндерін жақсы білетін және ол әндерді тамаша орындайтын шебер домбырашы болған. Скрипка тартқан, пианинода ойнаған, күреске де түсіп палуан атанған ұлттық мәдениетіміздің мақтанышы.



2.1 Ақынның өмірі мен шығармалары

«Кезінде репрессияға ұшырап, мерт болған боздақтар қайта тірілді, сөнген жанып, жоғалған табылды. Алыптар қайта оралды.Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым.тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын.аудармашы Ахмет Байтұрсынов қалыптасқан дәстүрлі құжаттар бойынша айтқанда, қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сарытүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген.Ахметтің «Өмірбаянында»көрсетуінше: мешін жылы, 1872 жылы туған, № 5 ауыл, Тосын болысы Торғай уезі. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық.зорлыққа шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз начальнигі Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты . дүние.мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылу.

Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша.қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 жылдың 1 маусымынан бастап мұғалім болады: Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. Кейін екі сыныптық мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жинайды. Ел ішінде оқыған, еркін мінезді батыл ойшылдың бедел.атағы өсе бастайды. Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкий жарлығы бойынша Қарқаралыдағы екі сыныптық училищінің меңгерушісі Ахмет 1909 жылы 1 шілде күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан нақақ

8 ай бойы азап-қорлық көріп, торығады, қиналып ширайды, күреске белді бекем буады. Бостандық аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы 21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты, қажырлы кезеңдер басталып кетеді. 1913-1918 жылдар арасында «Қазақ» газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан-алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске, өнер-білімге үндейді.

Алаш қозғалысы тұсында (1918-1919 жылдың басы) Ахмет Байтұрсынұлы жаңа өткел, соны өріс іздейді. Ұлт азаттығы жолындағы күрес басшыларының бірі болады. Әділет нормалары бұзылып, сталинизм қылышынан қан тамған кезеңде Ахмет Байтұрсынов әуелі 1929 жылы бір ұсталып, абақтыға қамалады да, лагерьде ұзақ азап көріп, одан1936 жылы қайтып келгенмен,1937 жылы тағы репрессияға ұшырап, 1938 жылы атылады.


2. 2 Ахмет – аудармашы. «Мысалмен айтқан көп ойлар...»

Қараңғы, қапас тіршілікте жарық сәуле шашып,қоғамдық әділеттілік пен ұлт бостандығына бірте-бірте ұмтылудың даңғыл жолы – байтақ өлкеде оқу-ағарту ісін жолға қою деп білген А. Байтұрсынов И.А.Крыловтан аударып құрастырған, 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген "Қырық мысал" еңбегі арқылы сол кезде көздері ашылып, ұлттық сана-сезімдері оянып, туған халқымның қамын ойлай бастаған қазақтың зиялы азаматтарына қозғау салмақ болады.Ахмет Байтұрсыновтың аудармашылығы 1909 жылы Петербургте басылып шыққан осы жинақтан басталды.«Қырың мысал» - Ахмет Байтұрсынұлын халыққа аудармашы ақын ретінде танытқан тұңғыш жинағы. Кітапқа оның орыстың әйгілі мысалшы ақыны И.А.Крыловтан аударған қырық мысалы енген. Жинақтың «Қырық мысал» аталуының мәнісі де осында.

«Крыловтын мысалдары,-деп жазады Белинский,-жай мысалдар емес: ол повесть, комедия сықақ, очерк,ұлы сатира...» Крылов мысалдарының қазақ тіліне аударылуы өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан басталады. Бұл істі алғаш қолға алған Ы.Алтынсарин болса, одан кейін Абай ақын Крыловтың 40 мысалын қазақшаға аударып, қайталанбас үлгі-өнеге көрсетті.

Крылов мысалдарын В. Г. Белинский үштопқабөледі. Біріншісіақыл- өсиетдәрежесіндегібаяндаужағынанәлсізмысалдартобы; екіншісіөсиеттшілбағыттағымақалдартобы; үшіншісі-әрісатирикалық, әріпоэзикалықмысалдардыжатқызады.

«Қырықмысал» - ұлыағартушыныңтүбірлі, түбегейлітәрбиелікмақсаты мен мұратынантуғанөлеңдішығармалартоптамасы.Кітапқа енген қырық мысал түгелдей атақты орыс ақыны М.А.Крыловтан аударылған:

Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,

Әзірге қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоққа сабыр,

Қомсынып,қоңырайма,құрбыларым,- дей тұрғанмен, осы қырық өлеңнің бәрі де түгелімен тіпті аударма секілді емес.

Әр түрлі тапқырыпқа арналған қай аудармасында болмасын А.Байтұрсынов Крылов мысалдарының идеялық-көркемдік мән-мағынасын, сатирикалық-әлеуметтік өткірлігін жасытып алмай, болаттай шыңдай түседі.

Крыловтың бірқыдыру мысалдарында бұхара халықты ақсүйек төрелерге қарсы қоя суреттейді. Мысалы: «Аңдарға келген індет»деген мысалда патша әкімшілігінің зорлық-зомбылығы мен ел ішінің азып-тозып кетуін, үстем таптардың екіжүзділігін мысқыл етеді.

Залымдар айран ішіп, аман келіп,

Момындар тұтылып жүр шелек жалап,- деп қорытынды сөзін айтады.


«Қырық мысалдағы» қырық өлеңнің бәрі қырық түрлі оқиғаны баяндаудан басталып, әр түрлі ғибарат айтылады. А.Байтұрсынұлының ерекшелігі еркін аударма арқылы аударып, өз жанынан соңғы түйінді шумағын қосып, қорытынды жасап отырған.

қ/с

Мысалдың аты

Тақырыбы

Тәрбиелік мәні

1

«Айна мен маймыл»

Өзімшілдік

Өзгені мінеп-сынамау

2

«Ала қойлар»

Әлімжеттік

Әлімжеттік жасамау

3

«Арыстан, киікһәмтүлкі»

Достық

Достық пен дұшпандықты айыра білу

4

«Ат пен есек»

Еңбекқорлық

Біреуге жәрдем беру

5

«Аққу, шортанһәмшаян»

Ынтымақ, бірлік

Бірлікке шақыру

6

«Аңдарғакелгеніндет»

Үстемдік жасамау

Өзгенің малын жемеу

7

«Бұлбұл мен есек»

Қисынсыз ақыл

Өз ақылымен жүру

8

«Егінніңбастары»

Тәкаппарлық

Тәкаппарлықтан арылу

9

«Екібөшке»

Адамды танып-білу

Ақылсыздан бойды аулақ ұстау

10

«Екішыбын»

Жалқаулық

Біреудің ісін пайдаланып кетпеу

11

«Емен мен қамыс»

Мақтаншақтық

Асыра сілтеп сөйлемеу

12

«Еменнің түбіндегі шошқа»

Ғылымның пайдасы

Өз өміріңе балта шаппау

13

«Жарлы бай»

Сараңдық

Тапқан байлықты рақатына жұмсау

14

«Жас ағаш»

Көре алмаушылық

Жаман әдеттен аулақ болу

15

«Жүргіншілер мен иттер»

Күншілдік

Біреудің теріс пікіріне мойын бұрмау

16

«Замандастарыма»

Қанағатшылдық

Жоққа-сабыр, азға-қанағат тұту.

17

«Иттіңдостығы»

Амал дос

Достыққа берік болу

18

«Кісі мен арыстан»

Тапқырлық

Күшіңе емес, ақылыңа сен.

19

«Кісі мен аю»

Ақымақтық

Надан достан, ақылды жау артық

20

«Кісі мен көлеңке»

Ойсыздық

Барын бағалай білу

21

«Маймыл»

Ысырапшылдық

Босқа мал шашу

22

«Маймыл мен көзілдірік»


Әр затты өз орнына жұмсау

23

«Малшы мен маса»

Дос қадірі

Достың қадірін білмеу

24

«Сары шымшық»

Мақтанға салыну

Қолдан келмейтін істі мойнына алмау

25

«Түлкімен қарашекпен»

Ұрлық

Кісі малына қол салмау

26

«Шал мен ажал»

Шыдамсыздық

Өзіне өлім тілемеу

27

«Шал мен жұмыскер»

Қайырымсыздық

Жақсылықтың парқын білмеуден сақтану

28

«Шымшық пен көгершін»

Менмендікке салыну

Біреуге ор қазбау

29

«Қайыршы мен Қыдыр»

Қанағат ету

Біреуді күндемеу

30

«Қайырымдытүлкі»

Залымдық

Жетімдерге жебеу болу

31

«Қарабұлт»

Жағымпаздық

Мұқтаж адамға жақсылық жасау

32

«Қарашекпен мен қой»

Турашылдық

Дұрыс шешім шығару

33

«Қартайғанарыстан»

Жағымпаздық

Жаман әдеттен аулақ болу

34

«Қарға мен түлкі»

Алдап-соғу

Өтірік мақтанға иланбау

35

«Қасқыр мен мысық»

Әлімжеттік

Біреуге орынсыз соқтықпау

36

«Қасқыр мен тырна»

Қайырымсыздық

Жақсылыққа жақсылық жасап үйрену

37

«Қасқыр мен қозы»

Қоқан-лоқы көрсету

Кез келген адамға мейіріммен қарау

38

«Үлес»

Дүниеқоңыздық

Қанағатшыл болу

39

«Өгіз бен бақа»

Мақтаншақтық

Көре алмаушылық қасеттен арылу

40

«Өзен мен Қарасу»

Еңбекқорлық

Тыңбай еңбек ету


Қорытынды

«Қалдырған ізін мәңгілік» дегендей, Ахмет сынды Алаш ұлының артына қалдырған тау сілеміндей мол мұрасы өлшеусіз.Қорытындылай келгенде, Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармалары, саяси ағартушылық қызметі – ұрпақтар үшін қазыналы мол мұра деуге болады. Кеңес империясы дәуірінде Ахмет есімін атаудың өзін қылмыс саналса, еліміз тәуелсіздік туын тіккеннен кейін халқымыз өзінің ұлы перзентімен қайта табысып отыр.Сөз соңында айтарым, бастауыш сыныптарда «Ахметтану» сабағы өтілсе, «Қырық мысалына» қазақ тілінде мултьфильмдер түсірілсе, оқу-құралдарының сыртқы мұқабасына мысалдарынан үзінді келтірілсе, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында шығармалары біздей ұландарға насихатталса, бастауыш сынып оқушылары арасында «Ахмет оқулары» өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді.

Хаббас Тоғжанов«Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып сүйсінеді» деген екен. Олай болса, «Қырық мысалымен» әрбір адамның, келешек ұрпақтың өміріннұрландырған, тәрбие дәнін сепкен, тәлімнің сәулелі мектебі болған Ахмет есімі мәңгілікке әдебиет төрінде қалады. «Мысалмен айтқан ойларын» оқитын біз секілді балалар барда, ақынның үні өшпейді. Ірі тілші-ғалым, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының есімі бүгінгі таңда әр жас ұрпақ жүрегінде жатталып, мәңгі есте қалары хақ.Ахмет Байтұрсыновқа және оның серіктеріне «ұлтшылдар» деген айып тағылып, ажалсыз от құшты. Кезінде айта алмасақ та, бүгінді «ұлтым» деп соққан Ұлы жүрегіңнен айналайын дегім келеді.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!