Материалдар / Ахмет Байтұрсынұлына арнау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ахмет Байтұрсынұлына арнау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыға керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2020
504
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде)
2-сынып


Page 2

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту
қазақ тілінде) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге
көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін)
бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша оқу
бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде
дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге
арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ,
жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)
сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен
балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық
бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім
беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік
үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді
ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
2


Page 3

Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ............. 4
«Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .................................................... 4
«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .................... 7
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 10
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 15
«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ........................................... 15
«Менің туған өлкем» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ....................................... 17
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 20
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 26
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ............................. 26
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ................ 28
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 31
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 36
«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ............................................. 36
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ........................................................... 38
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 41
3


Page 4

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 2.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін
белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған
сұрақтарға жауап беру
2.1.4.1 Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген
тақырып бойынша әңгіме құрау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді
•Тірек сөздер арқылы тақырыпқа қатысты әңгіме
құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1.Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Бүгін Аяулым өте қуанышты. Себебі, бүгін оның туған күні. Анасы Аяулымның
туған күніне арнап, үлкен торт пісірді. Тортқа әдемілеп «7» деген жазу жазды. Әкесі оған
сыйлыққа ертегілер кітабын тарту етті. Туған күнге Аяулымның дос қыздары келді. Олар
дастарқан басында Аяулымға тілектерін айтып, әкелген сыйлықтарын тарту етті. Туған
күн көңілді өтті.
Әр сұрақтың жауабын тауып, сәйкестендір.
2.Сен туған күніңді қалай өткізесің? Сұрақтарға сүйене отырып, ә ңгімеле.
•Сенің туған күнің қашан?
•Сенің туған күніңе кімдер келді?
•Сен туған күніңе қалай дайындалдың?
•Туған күніңе қандай сыйлықтар алдың?
•Туған күніңді қалай тойладың?
Тірек сөздер: туған күн, дайындалу, шақыру, сыйлық, тілек, көңіл күй.
Аяулым неге қуанды?
Себебі, бүгін оның туған күні.
Әкесі Аяулымға қандай
сыйлық жасады?
Ертегілер кітабын тарту етті.
Үлкен торт сатып әкелді.
Себебі, бүгін жексенбі күн.
4


Page 5

Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтарға жауап
береді
1
бірінші сұрақтың жауабын анықтайды; 1
екінші сұрақтың жауабын анықтайды; 1
Тірек сөздер арқылы
тақырыпқа қатысты әңгіме
құрастырады
2
сұрақтардың негізінде өзінің туған
күнін сипаттап айтады;
1
тірек сөздерді орынды пайдаланады; 1
сөйлемнің құрылымын сақтайды; 1
сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды.
1
Барлығы 6
5


Page 6

Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты- жөні _______________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтарға
жауап береді
1
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап беруде
қиналады
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап береді
Тірек сөздер
арқылы тақырыпқа
қатысты әңгіме
құрастырады
2
Тақырып пен тірек сөздерді
пайдаланып, әңгіме
құрастыруда қиналады
Тақырып бойынша
әңгімелеуде/ тірек сөздерді қолдануда/ сөйлем құрылымын сақтауда
қателіктер жібереді
Берілген тақырып бойынша
тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастырады
6


Page 7

«Менің отбасым және достарым » ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 2.2.3.1 Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар
құрастыру және жауап беру
2.4.1.2 «у», «и, й» әріптерінің емлесін сақтап жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Мәтінге қатысты сұрақ қояды және жауап береді
•«у» дыбысының дауысты және дауыссыз түрлерін
ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1.Мәтінді оқы.
Біз Гауһар екеуміз көрші тұрдық. Кішкентай кезімізден бірге ойнадық. Бірінші
сыныпқа да бірге бардық.
Қазір ол отбасымен шетелге көшіп кетті. Маған өзінің әдемі қуыршағын сыйлап
кетті. Осы ойыншықты қолыма алған сайын досым есіме түседі.
Мен оны туған күнімен құттықтап, телефон соқтым. Ол қуанып қалды. Мен оны
қатты сағындым.
1)Сұрақтарға қысқаша жауап жаз.
•Досының аты кім?
•Досы қазір қайда тұрады?
2)Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырып жаз.
____________________________________________________________
_________________________________________________________
2.Мәтіннен «у» дыбысы бар сөздерді теріп жаз. Дауысты «у» дыбысының астын бір,
дауыссыз «у» дыбысының астын екі рет сыз.
___________________________________________________________
___________________________________________________________
7


Page 8

Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтінге қатысты сұрақ
қояды және жауап
береді
1 бірінші сұраққа жауап жазады; 1
екінші сұраққа жауап жазады; 1
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ
құрастырады;
1
«
У» дыбысының
дау
ысты және
дауыссыз түрлерін
ажыратады
2 «у» дыбысы бар сөздерді теріп жазады; 1
дауысты «у» дыбысын анықтайды; 1
дауыссыз «у» дыбысын анықтайды. 1
Барлығы 6
8


Page 9

«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтінге қатысты
сұрақ қояды және
жауап береді
1 Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтар қоюда және сұраққа жауап беруде қиналады
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтар қоюда /сұраққа жауап беруде қателіктер жібереді
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтар қояды және сұраққа жауап береді
«у» дыбысының
дауысты және дауыссыз түрлерін ажыратады
2 Мәтіннен «у» дыбысы бар
сөздерді теріп жазуда және «у» дыбысының дауысты, дауыссыз түрлерін анықтауда қиналады
Мәтіннен «у» дыбысы бар
сөздерді теріп жазуда/дауысты «у» дыбысын/ дауыссыз «у»
дыбысын анықтауда қателіктер жібереді
Мәтіннен «у» дыбысы бар
сөздерді теріп жазады, «у» дыбысының дауысты және дауыссыз түрлерін анықтайды
9


Page 10

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1.Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың
мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2.Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту
аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
3. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
3.2. Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар,
қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды
қамтитын 3 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын
таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі оқылым дағдысын,
үшіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
10


Page 11

№ Сөйлеу
әрекетінің
түрлері
Ортақ
тақырып
Оқу мақсаты Тапсырманың
сипаттамасы
Тапсырма
саны
Жалпы
балл
1 Тыңдалым және
айтылым
Өзім туралы
Менің отбасым
және достарым
2.1.3.1 Күнделікті өмірде
кездесетін оқиғалар туралы
өзара сұхбаттасу
Білім алушы ашық түрдегі
қысқа жауапты қажет ететін
тапсырманы орындайды.
1 5
2
Оқылым 2.2.3.1 Мәтін мазмұнын
анықтауға бағытталған
сұрақтар құрастыру және
жауап беру
Білім алушы жабық түрдегі
көп таңдауы бар және ашық
түрдегі қысқа жауаптарды
қажет ететін тапсырманы
орындайды.
1 5
3 Жазылым 2.4.1.1 «я», «ю» әріптерінің
емлесін сақтап жазу
2.4.1.2 «у», «и, й» әріптерінің
емлесін сақтап жазу
Білім алушы ашық түрдегі
қысқа жауапты қажет ететін
тапырманы орындайды.
1 5
11


Page 12

4.Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәнінен
1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
1.Сұрақтарды мұқият тыңда. Берілген сұрақтарды пайдаланып, досыңнан оның
отбасы туралы сұхбат ал.
[5]
Балл қою кестесі
Сұрақ

Жауап Балл Қосымша ақпарат
1
Білім алушының ықтимал жауабы:
- Сенің отбасың қандай?
- Менің отбасым үлкен
- Отбасыңда неше адам бар?
- Менің отбасымда төрт адам бар. Олар:
әкем, шешем, мен және қарындасым.
- Әкең қайда жұмыс істейді?
- Әкем емханада дәрігер болып істейді.
- Қарындасыңның аты кім?
- Оның аты - Балнұр.

1
Білім алушының тақырыпқа
сәйкес кез келген диалогы
қабылданады.
Тақырыпқа сәйкес диалог
құрастырады.
1 Сұхбаттасына сұрақ қояды.
1 Сұхбаттасының сұрағына
сәйкес жауап береді.
1 Сөздер мен сөйлемдерді
орынды қолданады.
1 Сөйлеу барысында тілдік
нормаларды сақтайды.
Барлығы 5
Оқылым
2.Мәтінді оқы.
Менің досымның аты - Қанат. Оның түрлі түсті қарындаштары көп. Қанат сурет
салуды
жақсы көредi. Оның альбомында неше түрлi суреттер бар. Қанат күннің суретiн
салды. Оның астына «Әрқашан күн сөнбесiн!» деп жазып қойды. 12


Page 13

1)Сұрақтарға жауап бер. Белгіле ().
•Қанат нені жақсы көреді?
•Ол ненің суретін салды?
•Суреттің астына қандай жазу жазды? __________________________________
2)Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.
____________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі
Сұрақ

Жауап Балл Қосымша ақпарат
2
1 «Сурет салуды» жауабы да
қабылданады.
1 «Күннің» жауабы да
қабылданады.
Әрқашан күн сөнбесін! 1
Кейіпкердің аты кім?/ Оның қандай
қарындаштары бар?/Оның альбомында
нелер бар?/Оның альбомында қандай
суреттер бар? 2
Мәтіннің мазмұнына сәйкес кез
келген сұрақтар қабылданады.
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды – 1 балл. Сөйлемді бас әріппен жазады және тыныс белгісін қояды - 1 балл
қойылады.
Барлығы 5
Жазылым
3.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1.Ол қи...р жинауға көмектесті. 2. Келесі күні те...ізге бардық. 3. Бұлт қо...лана түсті. 4.
Балалар тоға...дан ж...дек терді.
[5]
13


Page 14

Балл қою кестесі
Сұрақ

Жауап Балл Қосымша
ақпарат
3
қияр 1
Теңізге 1
қоюлана 1
тоғайдан 1
жидек 1
Барлығы 5
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
14


Page 15

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде
мәтіннің мазмұнын болжау
2.1.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға
байланысты өзара сұхбаттасу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің
мазмұнын болжайды
•Тақырып бойынша диалогке қатысады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1.Берілген тақырып пен тірек сөздерді мұқият тыңда. Бұл мәтінде не туралы
айтылуы мүмкін?
Тақырып: Кітапханада
Тірек сөздер: мектеп кітапханасы, кітапханашы, қарсы алу, спорт туралы, кітап, іздеу,
көмек, қуаныш.
2.Ж . Сурет пен тірек сөздерді қолдана отырып, кітапханашы мен
оқушының рөлінде сұхбаттас.
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Тақырып пен тірек
сөздерге сүйеніп, мәтіннің
мазмұнын болжайды
1 тақырып пен тірек сөздердің негізінде
мәтіннің мазмұнын болжап айтады;
1
Тақырып бойынша
диалогке қатысады
2 берілген тақырыпқа сәйкес диалог
құрастырады;
1
тірек сөздерді орынды қолданады; 1
сұхбаттасына сұрақ қояды және
жауап береді;
1
сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды.
1
Барлығы 5
15


Page 16

«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты- жөні: _______________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Тақырып пен тірек
сөздерге сүйеніп,
мәтіннің мазмұнын
болжайды
1
Берілген тақырып пен тірек
сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжауда қиналады
Берілген тақырып пен тірек
сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжап айтуда қателеседі
Берілген тақырып пен тірек
сөздер арқылы мәтіннің
мазмұнын болжап айтады
Тақырып бойынша
диалогке қатысады 2
Берілген тақырып бойынша
диалогке түсуде қиналады
Берілген тақырып бойынша
диалог құрастыруда/тірек сөздерді қолдануда/тілдік
нормаларды сақтауда қателіктер
жібереді
Берілген тақырып бойынша
диалогке қатысады
16


Page 17

«Менің туған өлкем» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 2.2.1.1 Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?)
мәтін түрлерін (әңгімелеу/сипаттау/пайымдау)
және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім,
соңы) анықтау
2.3.7.1 Сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс
белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою
Бағалау критерийі Білім алушы
•Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады
•Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін анықтайды
•Сөйлем түрлерін ажыратады, тиісті тыныс
белгілерді қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1.Мәтіннің бөліктерін түсініп оқы.
1)Мәтіннің басқы, ортаңғы және соңғы бөліктерін анықтап, дөңгелектің ішіне ретін
көрсетіп жаз (1, 2, 3).


2)Мәтінге сәйкес сұрақты анықта және мәтіннің түрін көрсетіп жаз.
Бұл _____________________________________________ м әтіні.
Жаз соңында Қанат пен атасы алмадан мол өнім алды.
Алма ағашы жайқалып өсе бастады. Бірақ алма ағашында зиянды
құрттар пайда болды. Қанат пен атасы зиянды жәндіктермен күресуге
кірісті. Олар құрттарға қарсы дәрі қолданды.
Қанаттың атасы - бағбан. Ол баққа алма ағашының көшетін
отырғызды. Қанат атасына көмектесті.
Қандай? Не істеді? Неліктен?
17


Page 18

2. Берілген сөздерден 3 сөйлем құрастырып жаз. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс
белгіні қой.
1)Астана, орналасқан, қаласы, жерде, қай
2)Астанада, тұрады, өкілдері, ұлт, көптеген
3)Астанам, бер, гүлдене
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің құрылымдық
бөліктерін ажыратады
1 мәтіннің құрылымдық бөлігін
анықтайды (басы);
1
мәтіннің құрылымдық бөлігін
анықтайды (ортасы);
1
мәтіннің құрылымдық бөлігін
анықтайды (соңы);
1
Сұрақ қою арқылы
мәтіннің түрін
анықтайды
мәтінге сұрақ қояды; 1
мәтіннің түрін анықтайды; 1
Сөйлем түрлерін
ажыратады, тиісті тыныс
белгілерді қояды
2 тиісті тыныс белгісін қоя отырып,
хабарлы сөйлем құрастырып жазады;
1
тиісті тыныс белгісін қоя отырып,
сұраулы сөйлем құрастырып жазады;
1
тиісті тыныс белгісін қоя отырып,
лепті сөйлем құрастырып жазады.
1
Барлығы 8
18


Page 19

«Менің туған өлкем» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика
Білім алушының аты- жөні: _______________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің
құрылымдық
бөліктерін
ажыратады
1 Мәтіннің құрылымдық
бөліктерін анықтауда
қиналады
Мәтіннің құрылымдық
бөліктерін анықтауда қателеседі (басы/ортасы/соңы)
Мәтіннің құрылымдық
бөліктерін анықтайды
Сұрақ қою арқылы
мәтіннің түрін анықтайды
2 Мәтінге сұрақ қоюда және
мәтіннің түрін анықтауда
қиналады
Мәтінге сұрақ қоюда/ мәтіннің
түрін анықтауда қателеседі
Мәтінге сұрақ қояды және
мәтіннің түрін анықтайды
Сөйлем түрлерін
ажыратады, тиісті тыныс белгілерді қояды
3 Сөйлем құрастыруда және
тиісті тыныс белгісін қоюда қиналады
Сөйлем құрастыруда/сөйлемге
сәйкес тыныс белгісін қоюда қателеседі
Берілген сөздерден сөйлем
құрастырып жазады және
тиісті тыныс белгісін қояды
19


Page 20

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың
мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2.Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту
аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
3.2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны – 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар,
қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды
қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын
таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екінші тапсырма оқылым
дағдысын, үшінші, төртінші тапсырмалар жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
20


Page 21

№ Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Ортақ тақырып Оқу мақсаты Тапсырманың
сипаттамасы
Тапсырма
саны
Жалпы
балл
1 Тыңдалым және
айтылым
Менің мектебім
Менің туған өлкем
2.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұны
бойынша өз ойын
(ұнайды/ұнамайды, себебі...,
пайдалы/пайдасыз болды, себебі ...
т.б.) білдіру
Білім алушы қысқа
жауапты қажет ететін ашық
түрдегі тапсырманы орындайды
1
5
2
Оқылым 2.2.1.1 Сұрақ қою арқылы (не
істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу/сипаттау/
пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім,
соңы) анықтау
Білім алушы жабық түрдегі
көп таңдауы бар және ашық түрдегі толық жауаптарды
қажет ететін тапсырманы орындайды
1 5
3 Жазылым 2.3.7.1 Сөйлем түрлерін айтылу
мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі)
қою
Білім алушы ашық түрдегі
қысқа жауапты қажет ететін
тапсырманы орындайды
1 3
2.4.2.6 Сөйлемдегі бір-бірімен
байланысып тұрған сөздерді табу
Білім алушы ашық түрдегі
толық жауапты қажет
ететін тапсырманы
орындайды
1 2
21


Page 22

4.Тапсырма ү лгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді) пәнінен
2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
1.Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Бөгде адам
Балалар жол бойымен жүріп келеді. Олардың алдында бір қарт әжей кетіп бара
жатты.
Жолдың бетін мұз басқан, тайғанақ болатын. Бір кезде қарт әжей тайғанап кетіп,
құлап қалды. Ұл бала әжейге қарай тұра ұмтылды. Ол әжейді орнынан тұрғызып, жолдан
өтуіне көмектесті.
Қыз бала әрі қарай жүре берді. Ол досы өз әжесіне көмектесіп жатыр деп ойлады.
Бірақ әжей мүлде бөгде адам еді.
1)Мәтіннің кейіпкерлерін жаз _________________________________________
2)Әжейге кім көмектесті?
3)Екінші кейіпкер не деп ойлады?
4)Саған қай кейіпкердің іс-әрекеті ұнады? Неліктен?
5)Мәтіннің мазмұны бойынша қандай ой түйдің?
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап Балл Қосымша
ақпарат
1 Ұл, қыз, әжей 1 Екі кейіпкерден
кем болмаған
жағдайда 1балл
беріледі.
Әжейге ұл бала көмектесті/ұл бала көмектесті/ұл
бала/ұл
1 Сұрақтың
мазмұнына
сәйкес басқа да дұрыс жауаптар қабылданады.
Досы өз әжесіне көмектесіп жатыр деп ойлады/ өз
әжесіне көмектесті деп ойлады/әжесіне көмектесті
деп ойлады
1
Білім алушының ықтимал жауабы:
Маған ұл баланың ісі ұнады. Себебі ол өзі танымайтын әжейге көмектесті/Ұл бала ұнады.
Себебі ол құлап қалған әжейге көмектесті.
1
Білім алушының ықтимал жауабы:
Үлкендерге көмектесу керек/ өзімшіл болмау
керек/
1
Барлығы 5
22


Page 23

Оқылым
2.Мәтінді оқы. Мәтінге сәйкес сұрақпен сәйкестендір.




1)Мәтіннің түрін белгіле ().
2) Мәтіннің ортасын білдіретін бөлікті тауып, қоршап сыз.
3)Әселдің сабаққа кешігуінің себебі неде? Сұраққа жауап жаз.
__________________________________________________________________________ 4)Мәтінге ат қой _____________________________________
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат
2 Не істеді? 1
1
1
Себебі, өзін ұзақ уақыт ретке
келтіріп тұрды/Айнаның алдында
ұзақ тұрды/Киінуге көп уақыт
жіберіп алды.
1 Сұрақтың мазмұнына
сәйкес басқа да дұрыс жауаптар қабылданады.
Алғашқы күн/Мектепке дайындық/
Дайындық/Кешігу.
1 Білім алушының кез
келген дұрыс нұсқасы
қабылданады.
Барлығы 5
Пайымдау мәтіні Әңгімелеу мәтіні Сипаттау мәтіні
Бүгін – білім күні. Әсел мектепке жиналды.
Киініп айнаның алдына келді. Өзін тәртіпке
келтіре бастады. Өзіне- өзі қарап ұзақ тұрды.
Бантигінің байлауын шешіп, қайта байлады.
Содан соң қуанышы қойнына сыймай, сөмкесін
асынып, сыртқа шықты. Уақытын өткізіп
алғанын енді аңғарды. Жүгіре басып мектепке
келді. Алғашқы күні сабаққа кешігіп
қалғанына қатты өкінді.
Не істеді?
Қандай?
Неліктен?
23


Page 24

Жазылым
3.Сөйлемдерді сөйлем түрімен сәйкестендір. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгіні
қой.
Өркенің өссін, қарағым
Тоғайда түрлі аңдар болады
Қалада қандай үйлер бой көтерді
4.Сызбаға мұқият қара. Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықта. Сызба бойынша
2 хабарлы сөйлем құрап жаз.
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат
3 3 Әр дұрыс сәйкестікке
1 балл қойылады.
4 Білім алушының ықтимал жауабы:
Қалада биік үйлер салынды/Айжан
қызық кітап оқыды.
2 Сызбаға сәйкес кез
келген дұрыс сөйлме қабылданады. Әр сөйлемге 1 балл
қойылады.
Барлығы 5
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған
нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Хабарлы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Лепті сөйлем
24


Page 25

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім
алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға
немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс
үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
25


Page 26

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде
мәтіннің мазмұнын болжау
2.1.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға
байланысты өзара сұхбаттасу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Тақырып пен тірек сөздер бойынша мәтіннің
мазмұнын болжайды
•Тақырып бойынша диалогке қатысады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1.Берілген тақырып пен тірек сөздерді мұқият тыңда. Бұл мәтінде не туралы
айтылуы мүмкін?
Тақырып: Тіс күтімі
Тірек сөздер: тісті тазалау, тіс пастасы, тіс жегісі ауруы, тістің эмалі, тіс ысқышты
ауыстырып тұру, тіс дәрігерінің кеңесі, ауызды шаю, тәттіні аз жеу, әдемілік, сөзді дұрыс
айту.
2.Жұптық жұмыс.
«Тіс күтімі» тақырыбы бойынша тіс дәрігері мен науқас адамның рөлінде
сұхбаттас. Диалогті жалғастыр.
- Сәлеметсіз бе, дәрігер!
- Сәлеметсің бе! Кел, кір, орындыққа отыр.
- Рақмет.
- Қай жерің ауырады?
- ....
- ....
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Тақырып пен тірек сөздер
бойынша мәтіннің
мазмұнын болжайды
1 тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп,
мәтіннің мазмұнын болжайды;
1
Тақырып бойынша
диалогке қатысады
2 тақырыпқа сай диалог құрастырады; 1
берілген тақырып бойынша сұрақтар
қояды;
1
сұхбаттасының қойған сұрақтарына
жауап береді;
1
тірек сөздерді орынды қолданады; 1
сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды.
1
Барлығы 6
26


Page 27

«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты- жөні ____________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Тақырып пен тірек
сөздер бойынша
мәтіннің мазмұнын
болжайды
1 Берілген тақырып пен тірек
сөздер арқылы мәтіннің мазмұнына болжау жасауда
қиналады
Тақырып пен тірек сөздер
арқылы мәтіннің мазмұнын болжауда/ тірек сөздерді қолдануда қателеседі
Берілген тақырып пен тірек
сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжайды
Тақырып бойынша
диалогке қатысады
2
Берілген тақырып бойынша
сұхбаттасуға қиналады
Берілген тақырып бойынша
сұрақ қоюда / сұраққа жауап
беруде/тірек сөздерді
қолдануда/ тілдік нормаларды сақтауда қателіктер жібереді
Берілген тақырып бойынша
сұхбатқа қатысады
27


Page 28

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 2.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта
жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен
айырмашылығын (жанры/мәтін түрі) табу
2.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны
а жырату
2.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық
қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және
құрастырған сөйлемін толықтыру
Бағалау критерийі Білім алушы
•Салыстыру арқылы мәтіндердің ұқсастығы мен
айырмашылығын анықтайды
•Сөз құрамына талдайды
•Сөйлемдегі орфографиялық және пунктуациялық
қателерді анықтап, түзетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1.Мәтіндерді оқы және салыстыр. Салыстыру нәтижесін кестеге түсір.
Ұқсастығы Айырмашылығы
2.Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.
1-мәтін
Асанның анасы – шебер тігінші.
Ол теріден ішіктер тігеді. Апасы Асанға қойдың терісінен жылы ішік
тігіп берді. Асан қатты қуанды.

2-мәтін
Ішік – қыста киетін жылы киім.
Ішік суық күндері киіледі. Ішік киген
адам суықта тоңбайды. Оның тысы
қымбат матамен қапталады.
Тігінші
Матамен
28


Page 29

3.Жіберілген қателерді түзетіп, мәтінді көшіріп жаз.
Асан мен мәди сырғанақ теуіп жүрді. Асан қолғапын жоғалтып алды. Қолы тоңған
Асан жылады!
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Салыстыру арқылы
мәтіндердің ұқсастығы
мен айырмашылығын
анықтайды
1 мәтіндердің ұқсастығын
анықтайды;
1
мәтіндердің айырмашылығын
анықтайды;
1
Сөз құрамына талдайды 2 сөздің түбірін және жұрнағын
анықтайды;
1
сөздің түбірін және жалғауын
анықтайды;
1
Сөйлемдегі
орфографиялық және
пунктуациялық қателерді
анықтап, түзетеді
3 бірінші сөйлемдегі орфографиялық
қатені анықтайды және түзетеді;
1
екінші сөйлемдегі орфографиялық
қатені анықтайды және түзетеді;
1
үшінші сөйлемдегі пунктуациялық
қатені анықтайды және түзетеді;
1
Барлығы 7
29


Page 30

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты- жөні___________________________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Салыстыру арқылы
мәтіндердің
ұқсастығы мен
айырмашылығын
анықтайды
1
Мәтіндердің ұқсастығы мен
айырмашылығын анықтауда
қиналады
Мәтіндердің ұқсастығын/
айырмашылығын анықтауда
қателеседі
Мәтіндердің ұқсастығы мен
айырмашылығын ажыратады
Сөз құрамына
талдайды
2 Берілген сөздерді сөз құрамына
талдауда қиналады
Сөздің түбірін/жұрнағын/
жалғауын ажыратуда қателеседі
Берілген сөздерді сөз
құрамына дұрыс талдайды
Сөйлемдегі
орфографиялық және пунктуациялық
қателерді анықтап, түзетеді
2
Мәтіндегі орфографиялық/
пунктуациялық қателерді түзетіп жазуда қиналады
Мәтіндегі орфографиялық/
пунктуациялық қателерді
тауып, түзетіп жаз уда
қателіктер жібереді
Мәтіндегі орфографиялық/
пунктуациялық қателерді тауып, түзетіп жазады
30


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!