Материалдар / Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған әдеби сазды кеш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған әдеби сазды кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Ұлттың ұлы ұстазы - Ахмет Байтұрсынов. (Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай) Мақсаты: Қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орыны айырықша зор тұлға - Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, Отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын,қоғам қайраткері, педогог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2024
243
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






(Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай)

әдеби – сазды, танымдық шара

Тақырыбы: «Ұлттың ұлы ұстазы»

Тобы: І курс, Б,ҮСА, Ф, ХД, ӘС тобы



Дайындаған:

Қазақ тілі мен әдебиет

пәні оқытушысы

А. Б. Изтелеуова



























Шараның өту жоспары:


Тақырыбы: Ұлттың ұлы ұстазы - Ахмет Байтұрсынов. (Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай)

Мақсаты: Қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орыны айырықша зор тұлға - Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, Отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын,қоғам қайраткері, педогог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Ұлт ұстазы, Алаш ардақтысы, Ахмет Байтұрсынұлына құрмет, қазақ әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.


Дамытушылық: Бар ғұмырын еліне арнаған ұстаз-ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту. Ұстаздық мамандықты терең ұғыну. Сөз мәдениетін дұрыс меңгеріп, сөздік қорларын байыту, көркем әдебиет, поэзия оқуға қызығушылығын ояту, көркем сөз оқу мәнерін дамыту.

Көрнекілігі: Ахмет Байтұрсынұлы портреті, афоризмдер, эпиграф, ұстаз, ақын, зерттеуші туралы таныстырылым, баяндама, бейнежазба, деректі фильмнен үзінді.

Өтетін орын: 215 а кабинеті



















Оқытушы:

«Білімді болуға – оқу, бай болуға – кәсіп, күшті болуға – бірлік керек» деп ұлтымыздың бағына жаралып, жоғын түгендеумен өткен, “Алаштың Ахметі” атанған ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың ұрпаққа қалдырған қазынасы, мол мұрасы ұшан теңіз. Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Алаштың арда азаматының бұл жолғы мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде әлемнің бірнеше елінде, әрине, алдымен Қазақ елінде кең ауқыммен тойлануда. Қазақтың әдебиеті мен тарихында ерең еңбегімен ойып тұрып орын алған Ахмет Байтұрсынұлы жайлы жазылған еңбектер де аз емес. Алайда қазақ келешегі үшін өз өмірін құрбан еткен қайраткер туралы айтылатын әңгіме таусылмайды. Бүгінгі ашық шарамыз да 150 жылдық мерейтойы аясында «Ұлттың ұлы ұстазы» атанған Ахмет Байтұрсынов туралы насихаттаудан жалықпайтын бір ісіміз болмақ.

1.Баяндама. Тақырыбы: «Ұстаз дегеніміз кім, қандай болу керек?» Шауман Ақбота.

    1. Таныстырылым. (Слайд) Ақын өмірінен сыр шерту. Ахмет Байтұрсынов кім? Табидуллева Мадина

Оқытушы: Ахмет Байтұрсынұлы кім? Қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) ХХ ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетеулеуге ұмытылған зиялы топты қалыптастырды. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиетіне мен әдебиеттану ғылымның, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған, ол өзінің алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды. Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріңдегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсынұлы Шошақұлы намысқой, сергек,еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсынмен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі-уезд бастығын соққыға жығып,түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып,хат таниды да,кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды.1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде даярлайтын мектепте білім алады.Ахмет Байтұрсынұлы 1895 жылдың 1 шілдесінен өзінің мұгалімдік, ұстаздық қызметін бастайды. 1895-1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық,облыстық мектептерде,екі сыныптық училищелерде сабақ береді.Бір басында сан салалы өнер тоғысқан тілегей-теңіз энциклопедиялық білім иесі,қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалын елін жарқын болашаққа бастаудан асқан бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың рухани көсемі.



  1. Таныстырылым. (Слайд) Ақын шығармашылығы бойынша Қасымғали Асылхан

  2. Таныстырылым. (Слайд) Ақынның зерттеу еңбектері, оқу құралдары бойынша Демеу Динара

  3. Таныстырылым. (Слайд) Ақын туралы пікірлер Саматқызы Жасмерей

Деректі фильмнен үзінді (Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай, өмірі мен қызметіне қатысты деректер)

Оқытушы: М.Әуезов былай деген болатын: Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса» ; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.

Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты» деген болатын. Адам баласының дүниеде шашатын жемісі - мәңгілік мейірімді қызметі деген, міне сол адамдық диқаншысы - Ахмет Байтұрсынұлы еді... Ал, енді Ахмет Байтұрсынұлының отты өлеңдеріне кезек берейік.

1-оқушы: Миялбай Жадыра

Қазақ қалпы”өлеңінен ақынның алаштың өткен күніне деген сағынышын және Ресей мемлекетінің билігінен кейінгі қазақтың жағдайына деген күйінішін байқауға болады.

Қазақ қалпы”

Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,
Сахара көлге қонып салқындаған.
Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
Не қалды тәнімізде шарпылмаған?!
Алаштың адамының бәрі мәлім:
Кім қалды таразыға тартылмаған?
Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр,
Жақсылық өз басынан артылмаған.
Тақылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп,
Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған

Қазақ халқы балаларын молдаларға беріп оқытқан. Қазақ елінің озат ұлдары тек молдадан білім алып қоймай, Ресей мемлекетіне барып жоғары оқу орындарында оқи бастады. Әрине, елде орысша білім алған азаматтар сынағандар болды. Бұл туралы ақынның “Ғылым” деген өлеңінде жазылған.

2-оқушы: Тамбай Арайлым

«Ғылым»

«Ғылымдар дүниелік сиқыр болмақ,
Оқыған ол ғылымды кәпір болмақ».
Зулатып шариғатты шарт жүгініп,
Молдекең отырғанда мойнын толғап.
Сондықтан заман жүйрік, біздер шабан,
Артында ілесе алмай жүрміз әман.
Күн сайын өзгеріліп, өнер артып,
Бәрі де бара жатыр алға таман.
«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» —
Деген сөз аятпенен бірдей маған.
Алақтап артымызға қарағыштап,
Жүргенде-ақ озып, ұзап кетті заман.

3-оқушы: Елдос Дильнара

Ахмет Байтұрсынұлының абақтыда отырып анасына жазған сезімге толы “Анама ” атты өлеңі ақын туындыларының маржан деп те айта аламыз.



Анама ”

Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!
Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.
Сені онда, мені мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай еді Хақ тағалам!
Бара алмай, өтірікші болып әбден,
Семейдің түрмесінде отыр балаң.
Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ,
Өкімет, өр зорлыққа не бар шараң!
«Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар,
Жолдар көп жәннатқа да тарам-тарам.
Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма, оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі харам.
Адамнан туып, адам ісін етпей,

Ұялмай, не бетіммен көрге барам?!


4-оқушы. Жолдас Ақтолқын

«Досыма хат»


Қырағы, қия жазбас, сұңқарым-ай!

Қажымас қашық жолға, тұлпарым-ай!

Үйілген өлексені өрге сүйреп,

Шығармақ қыр басына, іңкәрім-ай!

Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,

Түнерген төбемізден бұлт арылмай.

Көк етті, көн терілі, көніп қалған,

Сықса да шыдай беру-жұрт жарылмай.

Кім біліп, ер еңбегін сезіп жатыр?

Кім шыдап, жолдастыққа төзіп жатыр?

Сасық ми, салқын жүрек,санасыздар

Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр./

Сынайтын, жақсы менен жаманды өлшеп,

Құлдықтың қолдарында кезі жатыр.

Кешегі кеңшілікте керек қылған

Бос болмаған соң безіп жатыр.

Айтқанмен таусылар ма оны -мұны?

Талайдың таңдамалы түпкі сыры:

Жанасқан шын көнілген жақындық аз-

Көбінің іші салқын, сырты –ақ жылы.

Ақшаға абыройын, арын сатып,

Азған жұрт, адамшылық қалмай сыны.

Жаны ашып, жақын үшін қайғырар ма,

Жаны-мал, жақыны-мал, малдың құлы?!


Оқытушы: Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әліпбиінің реформаторы, қазақ филологиясы мен өнертануының негізін салушы ғалым, таза қазақ емлесімен шыққан газет «Қазақтың» (1912-1918ж.) тұрақты редакторы, көрнекті ақын,аудармашы,публицист-журналист,ірі қоғам қайраткері,ағартушы-ұстаз, этнограф, флоклорист, композитор әрі орындаушы... Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген. Сондай-ақ ән де шығарған көрінеді. Композиторлық дарынының айғағы ретінде «Аққұм», «Қарагөз» әндері кейінгі ұрпаққа мирас болып қалған.

Унгарова Айдана. Ән: Ахмет Байтұрсынұлының әні: «Аққұм».

Жақсылық Қанатжан. Ән: Ахмет Байтұрсынұлының өлеңіне жазылған: «Анама хат».


Оқытушы:

Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ақын орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты.

И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды. Ендігі кезекті ақын аудармаларын жатқа оқитын студенттерге кезек берейік.

Қайратқызы Перизат

Маймыл мен көзілдірік

Қартайып, нашар көрді Маймыл көзі,
Ойлады ем етерге оған өзі.
«Көз азса - Көзілдірік емі» деген
Тиетін құлағына жұрттың сөзі.
Бес-алты Көзілдірік Маймыл тапты,
Біразын құйрығына тізіп, тақты.
Қарады бірін иіскеп, бірін жалап,
Бір мезгіл төбесіне қойып жатты.
Пайда жоқ иіскесе де, жаласа да,
Қойып-ақ әр жеріне қараса да.
Маймылға көзілдірік ем болмады,
Адамның көздеріне жараса да.
«Жоқ, - деді, - титімдей де пайда тіптен,
Мәжнүн бұл шыныдан дару күткен!
Жақсы-ақ деп Көзілдірік, шулаушы еді,
Бәрі де жалғаншы екен адам біткен.
Сөздері жұрттың айтқан бәрі жалған,
Мен жарым жалған айтқан сөзге нанған.
Көрмедім жау алғырдан ешбір пайда,
Еңбегім босқа кетті іздеп талған!»
Қараңыз, Маймыл не етті сонда тұрып?
Бір тасқа ұрды бәрін лақтырып.
Ашу мен жарымдықтан пайда бар ма,
Күл-күл боп Көзілдірік қалды сынып.

* * *
Алғанға бұл кеңесте ғибрат бар,
Маймылша іс ететін көп надандар.
Пайдалы затты орнына жұмсай алмай,
Сөгетін пайдасыз деп жоқ па адамдар?

Әкімгерей Қайырбек

Бояров Азамат

Бұлбұл мен есек

Бір күні бұлбұл құсты есек көрді,
Қасына сөз айтпаққа жақын келді:
«Сыртыңнан сайрағыш деп жұрт мақтайды,
Тыңдайын, достым, біраз сайра, - деді. -

Кім білсін мұнан былай көрерімді,
Сайра деп тағы саған келерімді.
Мен тұрмын өзім естіп сынамаққа,
Мақтаудай бар ма екен деп өнеріңді».

Есектің сөзін бұлбұл қабыл алды,
Құлағын салып есек тұра қалды.
Дауысын әлденеше түрлендіріп,
Сандуғаш не әдемі әнге салды.

Бұлбұл тұр түрлі-түрлі әнге салып,
Сайрайды бірін нәзік, бірін анық.
Даусындай сыбызғының алыстағы
Құлаққа кейбір даусы келді талып.

Біресе шықылдаған ащы дауыс
Шекеңнен өте жазды құлақ жарып.
Жан-мақлұқ, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа
Тыңдады орны-орнында тұра қалып.

Сайрады бірде ақырын, бірде қатты,
Кейде ысқырып, кей уақыт таңдай қақты.
Жел тынып, құстар қойып шулағанын,
Қойлар да күйісін тыйып, тыңдап жатты.

Көрсетіп бар өнерін болды бұлбұл,
Есекке қарсы қарап қонды бұлбұл.
Қарап тұр екі көзін айырмастан,
«Сыншы не дер екен?» - деп енді бұлбұл.

Сонда есек сөз айтады бұлбұл құсқа:
«Мақтаулы бар ғой әнпаз әрбір тұста.
Солардың баршасы да әдемі әнге
Тауықтың айғырындай емес ұста.

Айтайын мен бір ақыл, бұлбұл шырақ,
Тыңда сен ілтипатпен салып құлақ.
Қораздан біразырақ ән үйренсең,
Сайрар ең мұнан гөрі де артығырақ».

Бұл сөзге жәбірленіп бұлбұл қатты,
Сөз тыңдап онан әрі тұра алмапты.
«Есекке сынатпасын Құдайым», - деп,
Пыр етіп ұшыпты да кетіп қапты.

Ал енді мұнда қандай ғибрат бар?
Есектей іс ететін көп адамдар.
Сары жезден саф алтынды айырмайтын
Дүниеде бар емес пе не надандар.

Есектей қалпы кейбір адамдардың,
Көзі тар, көңілі соқыр жамандардың.
Асылды жасық пенен танымайтын
Сынынан сақта, Алла, надандардың!



Оқытушы:

Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсыновтың алғашқы кітабы – «Қырық мысал»1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Байтұрсынұлы мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеум. сананың оянуына ықпал етті. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды. Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, Байтұрсынұлы 20 ғ. басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге көтерді.

Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды. Байтұрсыновтың Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсынов 1917 жылы рев. өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ газеті»арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. А.Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады. Осы Ахмет Байтұрсынов бастаған Алаш орда зиялыларын түгелдей дерлік жалған жаламен жабылып, қамалып, жазаға кесілгенін бәрімізге жақсы мәлім. Ұлы тұлғалар рухына арнап, «Аңсау», «Ел айырылған» күйлерін назарларыңызға ұсынамыз.


Қобызшылар тобының орындауында «Аңсау» шығармасы

Қайыржан Дәулеттің орындауында «Ел айырылған» күйі



«Серпілмелі сауалдар»

1. А.Байтұрсынов кім?

2. Қандай шығармаларын білесіңдер?

3. А.Байтұрсынұлы қай жерде дүниеге келген?

4.Оның қандай жинақтары бар, қай жылдары жарық көрді?

5. «Қазақ» газеті неше жыл жұмыс жасады, қай жылдары?

6. Ахмет Байтұрсыновтың қандай әндері бар?

Оқытушы:

Әрине, Ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі,тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы ұлы миссияны орындауға,туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған. Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып, бүгінгі әдеби –шығармашылық кешімізді тәмамдаймыз. Қатысушыларға бек рахмет, күніміз жарық, болашағымыз жарқын болғай!





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!