Әйелдер мен еркектер арасындағы жалақы теңдігінің маңызы қандай?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әйелдер мен еркектер арасындағы жалақы теңдігінің маңызы қандай?

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалақы теңдігі ұғымының негізгі мәні былайша тұжырымдалады: «барлық жұмыс жасаушы адамдар нәсіліне, ұлтына, жынысына қарамастан бірдей айлық алуға міндетті.» Адамзат тарихында жыныс аралық теңдік орнату үшін сан түрлі оқиғалар орын алғаны мәлім. Соңғы жылдары теңқұқықтың саясат әлемге орнығып келеді. Қазақ қоғамы да осы бір феминисттік көзқарасқа бойын үйрете бастағаны байқалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Айсара Мұратқызы



Әйелдер мен еркектер арасындағы жалақы теңдігінің маңызы қандай?



Жалақы теңдігі ұғымы

Жалақы теңдігі ұғымының негізгі мәні былайша тұжырымдалады: «барлық жұмыс жасаушы адамдар нәсіліне, ұлтына, жынысына қарамастан бірдей айлық алуға міндетті.»  Адамзат тарихында жыныс аралық теңдік орнату үшін сан түрлі оқиғалар орын алғаны мәлім. Соңғы жылдары теңқұқықтың саясат әлемге орнығып келеді. Қазақ қоғамы да осы бір феминисттік көзқарасқа бойын үйрете бастағаны байқалады. 

Экономикалық даму: Әйелдердің табысының артуы үй шаруашылығының жалпы кірісін көбейтеді, бұл өз кезегінде тұтыну деңгейін жоғарылатып, экономиканың өсуіне ықпал етеді.

Әлеуметтік тұрақтылық: Жалақыдағы теңсіздік әлеуметтік шиеленістерге әкелуі мүмкін. Теңдік әлеуметтік әділеттілікті нығайтып, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Таланттарды тиімді пайдалану: Жалақы теңдігі жұмыс орнында гендерлік әртүрлілікті арттырады, бұл инновация мен шығармашылықты ынталандырады.



Статистика

БҰҰ-ның мәліметінше, әлемде әйелдер мен еркектердің айлық табыс мөлшерінде 20% айырмашылық бар.

Қазақстан Республикасының ұлттық статистика бюросының сандық көрсеткіштері бойынша екі жыныстың жалақы айырмашылығы 21,7%- құрайды. Нақтырақ айтсақ, еркектердің орташа жалақысы 281 239 теңгені құраса, әйелдер қауымы орта есеппен 220 160 теңге табыс табады екен. Бұл деректер Ұлттық Статистика Бюросының ресми баяндауында жазылған.

Цифрларға мән беретін болсақ екі жыныстың статистикалық айырмашылығы бойынша Атырау және Маңғыстау облыстарында үлкен сандық ауытқу көрінеді. Атырау облысында 45,1%-ті құраса, Маңғыстау облысында тұтас 44% айырмашылық бар. Дегенмен, әйелдердің жалақысы басым облыс та бар. Ол – Жамбыл облысы. Бұл елді мекенде әйелдер еркектерден 0,1%-ға артық ақша табатыны статистикалық есептеу барысында байқалды. Себебі, батыс өңірлерде мұнай мен газ өндіру жұмыстары басым. Бұл қызметтерде көбіне ер адамдар жұмыс жасайды. Сол үшін Маңғыстау облысы мен Атырау облысында статистикалық айырмашылық едәуір жоғары. Ал Жамбыл облысында сән үлгісін жасау жұмыстары басым. Сол үшін де әйелдердің айлық мөлшері көптеу.  

Мамандық әсері

Жалақы мөлшері бойынша әйелдер қауымы сот мекемесінде, геология салаларында айлық мөлшерін еркек жыныстылардан әлде қайда көп алады. Ал ішкі істер органдары, яғни полиция мамандығы бойынша табыс көзі қарама-қарсы жыныс өкілдерінен аздау.





Әлеуметтік фактор

Сонымен қатар, айлық табыс көзі жас аралығына да тікелей байланысты. “atameken business” орталығының 2020 жылғы әлеуметтік зерттеулерге сүйенсек еркектер айлық табысының ең жоғарғы көрсеткішін 35-44 жаста табады екен. Ал, әйелдер ақшаны ең көп алатын уақыты – зейнет жасы, яғни 65-74.  Кез-келген жас аралығында еркектердің айлық мөлшері қыздар қауымынан жоғары екені байқалады.

Биологиялық және физиологиялық фактор

Әлеуметтік факторлардан бөлек жалақы теңдігінің болмауына биологиялық және физиологиялық факторлар да әсер етеді. Біздің қоғамда әйелге жақынырақ жұмыстар мен еркекке жақынырақ қызметтер бар. Мысалға маникюр жасау сынды мамандықтардың 90% процентін әйелдер жасайды. Ал, кері жағдайда көлік өңдеу, құрылыс жүргізу сынды қызметтерді көбіне еркектерден құралған топ немесе ұйым жүргізеді. Бұл факторда жалақы теңдігінің проценттік көрсеткішіне тікелей әсер етеді.

Экономикалық фактор

Экономика саласының басты байлықтары мұнай, газ сынды пайдалы қазбаларды өңдеу жұмыстарында еркектердің саны басым. Жер асты байлықтары қызметінен орташа есеппен 482,252 теңге айлық төленетін болса, мұнай және газ өнімдері еркек қауымына 805,984 теңге пайда әкеледі екен. Бұл сандық статистикаларда екі жыныс арасындағы айлық проценттік өсуіне әсер ететін фактор.

 Жалақы теңдігі не үшін қажет?

Осы уақытқа дейін әйелдер қауымы еркектерден қарағанда аз ақша тауып келді. Дегемен, қазіргі қоғамда әрбір жеке заңды тұлғаның құқығы сақталған. Сол үшін жалақы мөлшерінің теңдей берілуі адам құқықтарының сақталғанын көрсетеді. Қоғамда, «бұл әйел адам ғой, оның шаруасы бала бағу, үйде отыру» деген стереотиптерді жою арқылы біз жоғарыда келтірілген статистикаларды өзгерте аламыз.  Еркек те, әйел де бірдей жұмыс жасауға, бірдей айлық алуға міндетті және құқылы. 

Тақырыптың өзектілігін ашу үшін, осы салада эксперт Айгерім Құсайынқызынан пікір сұрадық. Белгілі феминисттің айтуы бойынша қоғамда әйелдер бастайтын топ менеджменттердің аздығы және мемлекеттің ішіндегі біраз қызметтерде әйел адамдардың карьералық тұрғыда өсе алмауы осы статистикалардың айырмашылық көрсеткішін ұлғайтады.  

дамыған еуропа елдерінің өзінде, бірдей қызмет үшін жалақы алшақтығы ол 17-18%-ды құрайды. Франция, аустралия, нидерланды сияқты мемлекеттерде ол сәл төменірек 15-17%, жапонияда 25%, кореяда тіптен қазақстаннан да нашарлау 35%, ал қытайдың кейбір өңірлерінде, сауд арабия елдерінде әйелдерге кейбір мамандықтар тыйым салынған, сол үшін жалақыдағы алшақтық 50%-ды құрайды екен.”

Проценттік көрсеткіштің жоғары болуы,  белгілі бір мансапқа барған  кезде әйелдерге көрінбейтін барьерлердің болуы, қандай да бір стеротиптердің қоғамда қалыптасуы  жалақы алшақтығының статистикалық айырмашылығына әкеліп соғады дейді Айгерім Құсайынқызы. 

 “Неге алшақтық пайда болады? Қазір қазақстанның әр саласына қарайтын болсақ,  саяси қызметкерлердің ішінде әйелдердің үлесі 15%-ға да жетпейді, мәжілісте 27%, бірақ, шағын және орта бизнесте әйелдердің үлесі жақсы дамып келе жатса да, банк сияқты қаржы саласында, жоғары салалардың өзінде 25%-ға жетпейді. Енді, парадокс, халық санында әйелдердің үлесі 52%, бірақта осы саясат, қаржы секілді салаларда әйелдердің пайызы аз болып табылады.”

Фемида секілді гендерлік салада білікті топтардың арқасында әйелдерге тыйым салынған мамандықтар туралы заң күшін жойған еді. Осыған дейін бұл құжат бойынша әйелдер, шахта, құбыр жұмыстары, мұнай секілді ақшаны көп әкелетін қызметтерде ресми жұмыс жасай алмайтын. Қазір қазақстанда әйелдергі тыйым салынған мамандықтар тізімі жоқ. Бұл жоғарыда келтіріглген проценттік көрсеткіштерді азайтуға өз септігін тигізеді. 

Жалақы теңдігі қоғамға қандай пайда әкеледі? Еңбіріншіден бұл адам құқығы және әлеуметтік әділеттілік. Әйелдердің еркектермен бірдей жұмыс жасауға, бірдей алуға құқығы бар, егер ол шектелген жағдайда мемлекет бұндай дискриминацияға жол бермей алдын алуы үшін барлығын жасауы керек”- дейді Айгерім Құсайынқызы

Тақырыпты кеңінен ашу үшін экономика саласында эксперттер Айжан Салимжанова, Майгул Нугманова және Стиви Марвиннің ғылыми еңбектерін зерттедік. 

Қазақстанның жаңа гендерлік режимі “Қос Олжашы” моделін қатты еске түсіреді, әйел-қамқоршы  деген түсінік формасы қалыптасқан. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жуырдағы саясаты жұмыспен қамту саласында гендерлік теңдікті көтермелеудегі нық ұстанымды қолдайды. Жеке әйелдерді жұмысқа орналастыру туралы шешімдерді талдау республикалық маңызды мәселелердің бірі”

біз 2 жасқа дейінгі балаларға сапалы күтім көрсетудің көбірек болуын және әкелер тарапынан күтімді күшейтуді ұсынамыз, бұл мүмкіндік гендер арасындағы жұмыспен қамтуды және жалақы теңдігін орнатуға септігін тигізеді.” 

Ер адамдар жұмыс күшіне мамандандырылған болғандықтан, әйелдер арнайы жұмыс орындарына дейін ақы төленбейтін жұмыстармен айналысады. 2000 ж. графеуіндегі уақытты пайдалану туралы деректерді талдау барысында "ЭЫДҰ елдерінің көпшілігінде жұмыс істейтін әкелер олардың серіктестері күнделікті үй жұмыстарына арнаған төрттен бір бөлігін және жартысынан азын жасайды" деп болжады, әйелдер өз балаларына қамқорлық жасауға көп уақыт кетеді. Ақылы жұмыспен қамту сияқты, күтім жұмысына қатысу дәрежесі әр түрлі болады. Ал, Швецияда әкелер бала күтіміне еуропа елдеріне қарағанда көп уақыт бөледі.”

Ғылыми зерттеуде көрсетілген тең жалақы моделінің сызбасын сіздерге ұсынамыз.



Отбасын мемлекеттік қолдау қамқорлық жұмыстарына бөлу

Мемлекеттік қолдау күтімі

швеция

Ақылы жұмыс қатынасы 0,82

Жалақы төленбейтін жұмыс қатынасы 1,3

Бельгия

Ақылы жұмыс қатынасы 0,78

Жалақы төленбейтін жұмыс қатынасы 1,8

АҚШ

Ақылы жұмыс қатынасы 0,64

Жалақы төленбейтін жұмыс қатынасы 1,6

Италия

Ақылы жұмыс қатынасы 0,47

Жалақы төленбейтін жұмыс қатынасы 2,8


Мемлекеттік қолдау күтімі. Дереккөз: Дүниежүзілік Банктің Гендерлік статистикасы, 

Бұл кесте мемлекеттік қамтамасыз етудің жоғары деңгейі отбасылық міндеттерді тең орындаудың статистикалық коффициентін көрсетеді.  Байқасаңыз Швеция "Қос өндіруші және қос күтім" моделіне жақын.

Зерттеудің басты түйіні: 

"Еркек - жұмыс жасайды, әйел - бала тәрбиелейді" деген әлеуметтік моделін "Қос асыраушы, Қос күтім" деген жүйемен алмастыру керек, онда әке мен шеше ақылы жұмыс пен күтімге бірдей қатысады.” 





Құқықтық теңдік: Әйелдер мен еркектердің айлық  мөлшері тең бе? 

18-құркүйек бүкіл әлемдік жалақы теңдігі күні. Осыған орай біз жыныстар арасындағы айлық мөлшердің толық статистикасын зерттеп, сіздерге ұсынбақпыз.

БҰҰ-ның статистикасы

Бірікке Ұлттар Ұйымы (БҰҰ): әлемдік деңгейде әйелдер мен еркектердің айлық көрсеткішінде 20% айырмашылық бар. Бұл жайында БҰҰ өзінің ресми сайтына жариялады. 

Ұлттық Статистика Бюросы

Қазақстан Республикасының ұлттық статистика бюросының сандық көрсеткіштері бойынша екі жыныстың жалақы айырмашылығы 21,7%- құрайды. Нақтырақ айтсақ, еркектердің орташа жалақысы 281 239 теңгені құраса, әйелдер қауымы орта есеппен 220 160 теңге табыс табады екен. Бұл деректер Ұлттық Статистика Бюросының ресми баяндауында жазылған. 

Өңірлік айырмашылық

Цифрларға мән беретін болсақ екі жыныстың статистикалық айырмашылығы бойынша Атырау және Маңғыстау облыстарында үлкен сандық ауытқу көрінеді. Атырау облысында 45,1%-ті құраса, Маңғыстау облысында тұтас 44% айырмашылық бар. Дегенмен, әйелдердің жалақысы басым облыс та бар. Ол – Жамбыл облысы. Бұл елді мекенде әйелдер еркектерден 0,1%-ға артық ақша табатыны статистикалық есептеу барысында байқалды. 

Еуропа және Қазақстан

Қазақстан жалақы теңдігі бойынша Еуропа елдерімен статистикалық тұрғыда бірдей. Германия мемлекетінде екі жынысқа айлық төлеу көрсеткішінің айырмашылығы 20,1% процентті құрайтын болса, Австрия да бұл есеп 20,4% көрсеткішіне ие. Қазақстан Республикасымен салыстырғанда 0,5-1% айырмашылық байқалады. Неміс заңгері, эксперті Надин Эплен  бұл жалақы теңдігі турасында мынандай пікір білдірген еді. «Мәселе мынада, егер еңбек шарты 40 сағаттық жұмыс аптасына бөлініп жасалса, жұмыс беруші бұл сағаттарды өз қалауынша бөле алады. Әрине, балалары бар әйелдер әрдайым бейімделе алмайды және график ыңғайсыздығы үшін оларды жұмыстан шығаруға немесе лауазымын төмендетуге әкеліп соғады»

2024 жылғы статистикалық мәліметтер

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылы келесі көрсеткіштер тіркелді:

  • Орташа айлық жалақы: 2024 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақы 382 279 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,3%-ға өсті, нақты мәнде өсім 2,7% болды. stat.gov.kz

  • Медианалық жалақы: 2024 жылы медианалық жалақы 285 677 теңгені құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда номиналды түрде 13,7%-ға, нақты мәнде 4,6%-ға өсті. stat.gov.kz

  • Гендерлік жалақы айырмашылығы: 2023 жылы ерлердің орташа айлық жалақысы 418 788 теңге болса, әйелдердің жалақысы 311 217 теңгені құрады. Бұл әйелдердің жалақысы ерлердің жалақысынан шамамен 25,7%-ға төмен екенін көрсетеді. stat.gov.kz

Ерлердің декреттік демалысқа шығуы бойынша әлемдік тәжірибе

Әлемде ерлердің декреттік демалысқа шығуы әр елде әртүрлі деңгейде жүзеге асырылады:

  • Исландия: Әрбір ата-анаға 3 айлық жеке демалыс және қосымша 3 айды бөлісу мүмкіндігі беріледі. Бұл ерлердің декреттік демалыс алуын ынталандырады.

  • Швеция: Ата-аналарға жалпы 480 күндік демалыс беріледі, оның 90 күні әр ата-анаға жеке бөлінген. Бұл жүйе ерлердің бала күтіміне белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.

  • Жапония: Ерлерге 12 айға дейінгі ақылы декреттік демалыс ұсынылады, бірақ мәдени стереотиптерге байланысты оны пайдаланатын ерлердің үлесі төмен.





Жалақы теңдігі не үшін қажет?

Осы уақытқа дейін әйелдер қауымы еркектерден аз ақша тауып келді. Дегемен қазіргі қоғамда әрбір жеке заңды тұлғаның құқығы сақталған. Осы орайда жалақы мөлшерінің теңдей берілуі адам құқықтарының сақталғанын көрсетеді. Қоғамда, «бұл әйел адамғой, оның шаруасы бала бағу, үйде отыру» деген стереотиптерді жою арқылы біз жоғарыда келтірілген статистикаларды өзгерте аламыз.  Еркек те, әйел де бірдей жұмыс жасауға, бірдей айлық алуға міндетті құқылы. 



Қорытынды шешімдер

  • Жалақы теңдігін қамтамасыз ету: Жұмыс берушілер мен мемлекет гендерлік жалақы айырмашылығын азайту үшін нақты шаралар қабылдауы қажет. Бұл үшін жалақы мөлдірлігін арттыру, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және гендерлік стереотиптермен күресу маңызды.

  • Ерлердің декреттік демалысын ынталандыру: Ерлердің бала күтіміне қатысуын арттыру үшін заңнамалық және мәдени өзгерістер қажет. Бұл жұмыс орындарында икемді жұмыс кестесін енгізу, ерлердің декреттік демалыс алуын қолдау және қоғамдағы дәстүрлі гендерлік рөлдерді қайта қарастыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

  • Қоғамдық сананы өзгерту: Гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін қоғамда әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктері туралы білім беру бағдарламаларын енгізу және насихаттау маңызды.

Осы шараларды жүзеге асыру арқылы гендерлік теңдікке қол жеткізуге және қоғамның барлық мүшелерінің әл-ауқатын арттыруға болады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.03.2025
54
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі