Материалдар / Айналайын абайла!

Айналайын абайла!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық тәрбие сағатында балалар жолда жүру ережелерімен танысады.Анықтамалар және ескертулерді ажыратады. Түрлі жағдаяттарды шешеді және жол тәртібіне байланысты көріністер қояды. Жол ережесіне байланысты өлеңдер мен тақпақтар айтады.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Айналайын абайла!

Мақсаты: Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ержелерін қайталау. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан таблица. Қиылған жіңішке ұзын тілім қағаздарды еденге жапсырып, үлкен көше, жиекжол, екі көшенің қиылысқан кескіні түсіріледі. Бағдаршамның оттарын қатты қағаздан қиып алып, оқушылар қолдарына ұстап тұрады.

Барысы:


Жүргізуші: Бағдаршам – өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.


Мұғалім: Балалар, көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?

1-оқушы: Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.

2-оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктің жүріп-тұруына кедергі келтіреді. Мысалы: жұмысқа, сабаққа, дәрігерге асығып баруға кешігуі, фабрика, зауыттарға, дүкенге, жүк мезгілінде апырылмауы, вокзалдарға басқа қалаларға дер кезінде жете алмауы мүмкін.

Мұғалім: Біздің елімізде басқа да қала, ауылдардың бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де , яғни көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Мұғалім: Баларлар енді жолда жүру ережелеріне байланысты оқушылардың дайындап келген өлеңдерін тыңдайық.

1-Оқушы: Машинамен қабысып,

Сырғанама жабысып.

Бір жеріңді жаралап,

Майып болып қаласың

Кімге кінә тағасың

Ата менен анаңды

Сергелдеңге саласың .

2-Оқушы: Қауіппенен ойнама,

Өтемін деп ойлама

Шыққаныңда көшеге

Еріп әке-шешеңе

Көңілді қой сызыққа

2-оқушы:Қызыл, сары, жасыл

Бір өзіңде үш от

Қызыл жанса тоқта,

Жасыл жанса тез өт

3-Оқушы: Арманға алда күткен асығамыз

Біз қалай толқын атпай басыламыз,

Жол жүру ережесін жақсы біліп

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз

4-оқушы: Табамын деп тәтені

Қиып өтпе көшені

Түсін мұны қатем деп

Түсін мұны қатер деп.

5-оқушы: Тоқта досым саумысың,

Топтан асқан дәумісің

Көше сырын білмесең

Керден қағып жүрме сен,

Көшенің біл тәртібін

6-оқушы: Үлкен кіші қыдырмақ,

Болма бәрің ұрыншақ

Өңірдің көп сыры бар

Түрлі-түрлі жолы бар

Балалар абай болыңдар


Мұғалім: Балалар сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік. Мынандай сұрақтарға жауап беріңіздер:


Жиекжол деген не?

1-оқушы: Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.


Жаяуға қай жолмен жүруге болмайды?

2-Оқушы: Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұхсат етілмейді.


Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?

Бір оқушы көшеде жүру тәртібін көрсететін бағдаршам суретін көрсетеді.

3-оқушы: (Бағдаршамның қызыл отын көрсетіп) Бағдаршамның қызыл оты жанғанда жүргіншіге де, көліктерге де тоқтап тұру керек.


Сары шам бағдаршам отының ауысуын крсетеді: Бұдан да жүруге болмайды.

Сарыдан кейін жасыл. Жарық жанғанда жол ашық, жүруге болады.

Гүлбану: Көреген дәу қырағы,

Көшемізде тұрады

Ол бергенде команда

Бағынамыз әманда.

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін

2-Оқушы: Тоқта!

3-оқушы: Сақтан!

4-оқушы: Жол ашық!

1-оқушы: Жүрме жолға таласып,

2-оқушы: Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға

3-оқушы: Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға

4-оқушы: Жасыл көзін ашқанда

Өте бергін жасқанба.


Мұғалім: Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?

1-оқушы: Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңінен сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамың жасыл жарығы жанған кезде қтуге болады?


Мұғалім: Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтуге болады?

2-оқушы: Егер өтетін жерінде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса, тіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.


Мұғалім: Балалар, сендер Дұрыс және Бұрыс атты екі оқушының көшеде қалай жүретінін көресіңдер. Екеуінің қайсысы көшеде жүру тәртібін білмейді, аңғарып отырыңдар!

Екі оқушы жиекжолмен жүріп келеді. Бұрыстың түймелері салынбаған, қалай болса солай киінген, ал Дұрыс болса, тап-тұйнақтай, жиекжолдың оң жағымен келе жатыр. Бұрыс жолда қария әжейді қағып кетеді, әжейдің сөмкесі түсіп кетеді.Кешірім сұрауды да ұмытады. Ал Дұрыс болса Бұрыс қағып кеткен әжейден кешірім сұрап, сөмкесін алып беріп шығарып салады.


Балалар, Дұрыс пен Бұрыстың қайсысы қателіктер жіберді және қандай қателіктер?

1-оқушы: Бұыстың үсті-басы кір, киімі алқым-салқым, өзіне мән бермейді екен, қарияны қағып кетіп кешірім сұраған жоқ.


Мұғалім: Не себепті кісіні қағып кетті?

2-оқушы: Көшеде жүру тәртібін білмеді. Жиекжолда дұрыс жүрген жоқ.


Мұғалім: Ал жиекжолда қалай жүру керек.

3-оқушы: Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.


Мұғалім: Онда тағы қалай жүруге рұхсат етілмейді?

4-оқушы: Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды.

Шағын көрініс:

Үш оқушы мектепке бару үшін үйінен шықты да, көлік жүретін көшеде қуаласып ойнады. Бірінші оқушы өте тәртіпсіз, сабақты нашар оқитын. Жүгіріп келіп, екінші оқушыны итеріп жібереді. Ол жығылып қалды. Үшінші оқушы дереу жығылған баланы тұрғызуға көмек көрсетті. Дәл осы кезде бұрылыстан шыға келген машина әзер тоқтады. Жығылған бала қатты қорықты. Итерген тәртіпсіз оқушы бар ықыласымен айқайлап, күліп тұрды.

Міне осындай ережеге сай емес ойындар кездейсоқ апатқа кезіктіреді.


Жүргізуші: Балалар, сендер Тұманбай Молдағалиевтің «Болар бала еді ол» деген өлеңін тыңдап көріңдер.

Мұғалім: бұл өлеңнен балалар, сендер кейбір жақсы оқитын оқушылардың көшеде жүру тәртібін сабақта жақсы біліп, өте жақсы жауап бергенімен шыға бере ұмытатын, сондай оқушының бірі Арман қандай жағдайға ұшырағанын естисіңдер.

1-оқушы: Жаудыраған көздері,

Қарақаттай қара еді

Ойлап айтар сөздерін,

Ойшыл болар бала еді,

Ары-бері өткенде,

Бізге сәлем береті,.

Өзінен сәл үлкенді.

«Сен» демейтін «сөз» дейтін

2-оқушы: Әр жыл сайын оқудан

Мақтау қағаз алатын,

Оқығанын тоқыған,

Болар бала болатын.

Өсе келе ғылымға,

Жақын болар дейтін ем,

Жайнап өнер шағында,

Ақын болар дейтін ем.

3-оқушы: жұртты аузына қаратқан

Ғалым болар дейтін ем.

Аты әрбір тарапқа,

Мәлім болар дейтін ем.

Көзіме жас сүзілді.

Келе алмадым көмекке.

4-оқушы: Добын қуып көшеде,

Жел болып ол ұшыпты.

Машинаның астына,

Абайсызда түсіпті,

Өшіп қалған отындай.

Жатыр бала сәл жанып,

Шофер да тұр дел-сал боп,

Жүзін қара тер жауып,

5-оқушы: Ана байғұс аңырап.

Айқайлап қатты жылады.

Бақыт лағып жамырап,

Үй қаңырап бос қапты.

Әкесі кеп еңкілдеп,

Бала үстіне құлады

Екі иығы селкілдеп,

Өксіп-өксіп жылады.

6-оқушы: Арман еді ұл аты

Лайық еді атына,

Ата-анасын жылатып,

Көзін жұмды қапыда.

Одан бері зуылдап,

Талай-талай жыл өтті

Жасыл көше дуылдап,

Қуантады жүректі.

7-оқушы: тұрды талай жаңа үйлер,

Сәні болып қаланың,

Туды талай сәбилер

Үміті боп ананың,

Жыламасын аналар,

Жас ұландар өсе бер

Сақ болыңдар, балалар,

Сақ жүріңдер көшеде!

Мұғалім: Арман не себепті қаза болды?

Мұғалім: Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.

1.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді

Есіркеп ешбір адам жемдемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді. (трамвай)

2.Арқаным тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім (жол)

3.Қозғалмасаң құлайды

Сүймесең сұлайды

Құймышақта ері бар

Бұл не деген жануар (велосипед)

4.Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

Мұғалім: тәрбие сағатының соңында белсене қатысқан оқушыларға алғыс ала отырып, жолда жүргенде абай болыңдар деп ескертеміз.

ЖИ арқылы жасау
01 Желтоқсан 2018
789
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі