Айналамдағы заттарды санаймын. 1-ден 5-ке дейінгі сандар.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Айналамдағы заттарды санаймын. 1-ден 5-ке дейінгі сандар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Айналамдағы заттарды санаймын. 1-ден 5-ке дейінгі сандар.

Мектеп: «Теректі негізгі мектебі» ММ

Күні:

Педагогтің аты-жөні: Ахметова Г.И.

Мектепалды топ

Қатысушылардың саны:


Қатыспағандардың саны:

Оқыту мақсаттары

О.2.1.1. 20 көлеміндегі сандарды тура және кері санау.

О.2.1.2. Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атау.

Күтілетін

нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:


-5 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды.

Көптеген тәрбиеленушілер:

-заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атайды.

Кейбір тәрбиеленушілер:

-заттарды саны бойынша салыстырып, ара-арасынан олардың реттік нөмірін атайды.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

-өзінің сұрақтарын қойғанда және педагог пен тәрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен терминологияны пайдалана алады.

Пәндік лексика және терминология:

Санау,сан.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

  • Заттарды қалай санау керек екенін түсіндір?

  • Сен 5-ке дейін қалай санайсың?

  • Карточкада қандай заттар бейнеленген?

Жазу:

-қарындашпен суреттерді 5-ке дейін толықтырып салу.


Алдыңғы білім

Заттардың сандық ұғымы туралы түсінік, геометриялық фигуралар мен денелердің атауы.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

0-5 минут

Ынталандыру.

Педагог балалармен санай білудің өмірде өте қажет екені туралы әңгімелеседі.

Өзектендіру.

Жиынтық полотнода (немесе кесілген материалда) педагог 1-ден 5-ке дейінгі цифрлары бар карточкаларды көрсетеді. Балалар жиынтық полотноны немесе кесілген жиынтықты пайдалана отырып, өздерінің алдына заттардың тиісті санын қоюы керек.

Үлестірмелі материалды пайдаланып - «Карточкаларды

сандармен біріктір» ойынын ұйымдастыруға болады.

Үлестірмелі

материалдар,

17 кесте

Балаларға қима материалынан жинақтар беріледі, олар карточкаларды бейнеленген заттардың саны бойынша жалғайды.

Ортасы

6-15

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Әліппе-дәптер.

(Ұ) Педагог сұхбат ұйымдастырады:

(Ұ) - Бүгін біз 5-ке дейін қаншалықты жақсы санап үйренгенімізді білеміз және «қанша?» деген сұраққа жауап беретін боламыз.

- Конструктордан бұйым жасау үшін ұл балалар түсі мен саны бойынша әртүрлі бөлшектерді жасауы тиіс. Біз оларға бөлшектерді санауға көмектесуіміз керек.

Жаңаны ашу.

1-тапсырманың екінші бөлігінде педагог балаларға көрсетілген заттарды өз бетінше санауды, нүктелер мен цифрлардың керекті санын жапсыруды ұсынады.

Балалар №1 тапсырмаға арналған суретті қарайды.

Педагог сұхбат ұйымдастырады:

  • Балалар не істеп отыр?

  • Олар қандай бөлшектерді пайдаланады?

Одан кейін бөлшектерді түстері бойынша санап, нүктелері бар карточкаларды жапсыруды ұсынады.

«Неше» сөзін қолданып сұрақ қойып, оған «бір», «екі» деген сөзбен жауап беруге болатынын айтады.

Бөлшектерді санап, цифрлар мен нүктелерді жапсыруды тапсырады.

Сергіту сәті.

Педагогтің қалауы бойынша. (Әдістемелік нұсқаудың соңын қараңыз.)



Әліппе-дәптер.


Жаңаны қолдану.

(Ұ) Педагог заттардың санын, сандар мен цифрларды

сәйкестендіру білігін пысықтау үшін №5-8 электрондық

жиынтық полотно материалын қолдана алады.

(Ө) Әліппе-дәптердегі №2 тапсырманы орындаудан бұрын педагог қималы материалды пайдаланып, «Әрқашан 5!» ойынын өткізе алады.

Ол балаларға заттардың белгілі бір санын көрсетіп, бес санына дейін жетпейтін заттардың санын (1-ден 4-ке дейін атауды сұрайды.

(Ө) Әліппе-дәптердегі 2 - тапсырманы балалар өз бетінше орындайды.

(Ө) 3-тапсырманы тексере отырып, өз беттерінше орындайды.

(Т) 4-тапсырма педагогтің қалауы бойынша түсіндіре отырып немесе өз бетінше орындалады.

Балалар цифрдың бейнесін саусағымен жүргізіп көрсетеді, суреттің үстінен цифрды бұршақпен, ұсақ моншақтармен жазуға немесе кейбір дайын карточкаларда оларды ермексаздан жасап шығуларына болады.




Әліппе-дәптер.

Электрондық

жиынтық










Рефлексия

26-30

Рефлексия

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сәттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса және бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.


Әліппе-дәптер



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2019
1962
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі