Материалдар / Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды.7 сыныпқа арналған.Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау; шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
1361
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

6 бөлім: Ғаламтор және әлеуметтік желілер


Мектеп:




Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып:7


Қатысқандар:


Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы


Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.6.2.1 мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау;


7.6.2.3 шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану.


Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінде берілген ақпаратты интерпретациялайды. Шылаудың байланыстыратын қызметін біледі.



Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте, сызба) деректердің маңызды тұстарын анықтайды. Шылау түрлерін ажырата біледі, орынды қолданады.



Кейбір оқушылар орындай алады: Графиктік мәтінді құрастыруда өзіндік көзқарастарын білдіреді. Шылау түрлерін қатыстыра отырып ,мәтін құрайды.


Бағалау критерийі

1.Мәтіндік және графиктік ақпаратты ажыратады және өзіндік тұжырым жасайды.

2 Шылау түрлерін ажырата біледі, орынды қолданады.

Дескриптор

1.Мәтіндік және графиктік ақпаратты ажыратады және өзіндік тұжырым жасай алады.

2. Шылау түрлерін ажырата біледі және сөйлемде орынды қолдана алады.

Қолданылатын әдіс - тәсілдер

«Пазыл» әдісі, «Доп лақтыру», «Миға шабуыл», «Сенімділік межелігі» ,  «Ой түрткі», «Оқиғалар картасы», «Бес саусақ».


Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

1.Ақпараттар бойынша өзіндік тұжырым жасайды.

2. Шылау түрлерін ажырата біледі және орынды қолданады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

«Instagram», «Facebook», «Slate», «Microsoft»

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Әлеуметтік желі,жылдам хабар,сайт қолданушы


Талқылауға арналған сұрақтар:

Әлеуметтік желіліер қалай пайда болған?


Не себепті ..... деп ойлайсыз?


Ишара:


Құндылықтарға баулу

Әлеуметтік желіліерді тиімді пайдалануға баулу.


Пәнаралық байланыс

информатика,әдебиет.

Алдыңғы оқу

1. Бүкіләлемдік өрмек-ғаламтор

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

5 мин


Амандасу. Түгелдеу.

Телефон арқылы ыстық ықылас білдіру

І. «Пазыл» әдісі

Сурет қиындылары арқылы 3 топқа бөлу:

1. «Желілер»

2. «Спутник»

3. «Ғарыш»

І. Психологиялық жағымды ахуал жасау.

-Сәлем достым! (амандасады)

-Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

-Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

-Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

-Сен келдің! (қолдарын жаяды)

-Жақсы болды!(құшақтайды)

Үй тапсырмасын сұрау:

«Доп лақтыру» әдісі бойынша

Ғаламтор дегеніміз не?





















Сабақтың ортасы


30 мин







«Миға шабуыл» әдісі бойынша жаңа сабақтың тақырыбын ашамын:


Алыстағы досыңа, туысыңа мағызды ақпаратты айту үшін нені қолданасыңдар?


Оқылым және жазылым:


Жастар және әлеуметтік желілер

Әлемдегі ең бай адамның бірі Билл Гейтс 20 жасында«Microsoft» компаниясының

негізін қалап, өзінің алғашқы миллиондарын таба бастаған. Бүгінде оны идеал санап, 48

миллиардердің соның жолымен жүретін жастар да көп.«Chief Executive Officer» журналы

ғаламтор арқылы байыған жастардың тізімін тізіпті. Бірінші орында 30 жастағы

американдық Мэтт Мулленвег топты жарыпты. Хьюстон университетінің1-курс студенті

кезінде, яғни, 19 жастағы Мэтт бүгіндегі танымал «WordPress» сайтын құрған болатын.

Қазір әлемдегі ең қалтасы қалың жастардың бірі. Екінші орынға алдағы мамыр айында 30

жасқа толатын Марк Цукерберг жайғасыпты. Бала күнінен компьютер бағдарламаларына

жақын болған ол Гарвард университетінде оқып жүріп, 2004 жылы парталастары Крис

Хьюз бен Дастин Московицпен бірге Facebook әлеуметтік желісін құрады. Алайда

олардың арасында келіспеушілік орын алып, ақыр соңында Facebook-тің иесі Марк

Цукерберг болады. Содан байыған ол 2009 жылы әлемдегі ең жас миллиардер атанады.

Былтыр«Forbes» журналы Марк Цукербергтің байлығын19 млрд долларға бағалады.

Үздіктер тізімінде23 жастағы американдық Эшли Коуллске үшінші орын бұйырды.

Себебі ол өзінің 14 жасында Whateverlife.com сайтын ашып, миллионер атанған еді.

Мектеп қабырғасында жүріп графикалық дизайнмен айналысқан қыз өзінің жұмыстарын

аталған сайтта жариялап, оқырманның қызығушылығын тудырған, содан оның сайтына

жарнама берушілердің қатары көбейген. Алғаш рет жарнамадан 20 мың доллар табыс

тапқан. Үш жылдан кейін сайтқа күнделікті1 миллион адам кіретін болған. Ал2008 жылы

сайттың жылдық табысы1 миллион долларды құраған.

Төртінші орынды 28 жастағы үндістандық Сухас Гопинат иеленді. Бұл жігіт 14

жасында «Global Inc» интернет компаниясының негізін қалап, әлемдегі ең жас кәсіпкер

ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Бүгінде«Globals Inc» – әлемдегі жетекші IT-компания. Әлемнің 11 елінде бөлімшесі бар. Веб-сайттар, ұялы телефон қосымшалары

мен мектепке арналған бағдарламалармен айналысатын компанияның жылдық табысы100

миллион долларды құрайды.


Мәтінді оқыңыз. Мәтін бойынша графиктік сызба жасаңыз. Графиктік сызбаңыз диаграмма, сызықтық, шеңбер, кесте үлгісінде болуы тиіс.



«Сенімділік межелігі» әдісі



Шындық








Өтірік

Сенімді Сенімсіз


Дескриптор:

- мәтін бойынша негізгі ақпараттарды ажыратады;

- графиктік сызба жасайды /диаграмма, сызықтық, шеңбер, кесте/.



    «Ой түрткі» әдісі  

Тыңдалым және  айтылым

Ыбырай Алтынсариннің өлеңін тыңдап,өлеңде ғылым мен текниканың қай түрі туралы айтылғанын қазіргі заманда байланыстың қандай түрлері жүзеге асып жатқанын сипаттаңдар

Өнер-білім бар жұрттар

Өнер-білім бар жұрттар  
Тастан салай салғызды; 
Айшылық алыс жерлерден, 
Көзіңді ашып-жұмғанша, 
Жылдам хабар алғызды. 

Аты жоқ құр арбаны 
Мың шақырым жерлерге, 
Күн жарымда барғызды. 
Адамды құстай ұшырды;

Мал істейтін жұмысты 
От пен суға түсірді; 
Отынсыз тамақ пісірді, 
Сусыздан сусын ішірді. 

Теңізде жүзді балықтай, 
Дүниені кезді жалықпай, 
Білгендерге осылар 
Бәрі-дағы анықтай, 
Білмегенде танықтай;
Біз де бекер жатпалық, 
Осыларға таныспай; 
Ат өнері білінбес 
Бәйгеге түсіп жарыспай; 
Желкілдеп шыққан көк шөптей 
Жаңа өспірім достарым, 
Қатарың кетті-ау алысқа-ай, 
Ұмтылыңыз, қалыспай. 
Біз надан боп өсірдік 
Иектегі сақалды. 
Өнер – жігіт көркі деп 
Ескермедік мақалды... 
Біз болмасақ  сіз барсыз, 
Үміт еткен достарым, 
Сіздерге бердім батамды. 

Ы.Алтынсарин сөзінің әлеуметтік желілерге қатысы бар ма?


Дескриптор:

-Әлеуметтік желіліердің артқшылықтарын зерттейді.

-Тақырып бойынша пікір білдіреді.



Жазылым:


«Оқиғалар картасы» әдісін пайдаланып,шылаулар түрін қатыстыру арқылы мәтінді аяқтайды.


«Астана ақшамы» газетіндегі мәліметке қарасақ,Қазақстанда күнделікті 6 миллионға жуық адам әлеуметтік желілерді пайдаланады екен .Ең танымал әлеуметтік желілердің қатарына «Мой мир» мен «Вконтакте» және «Фейзбук» -ті жатқызуға болады.


Дескриптор:

-Шылау түрлерін ажырата біледі.

-Оларды сөйлемде орынды қолдана алады.



















Ғаламтор желісі







































































































Ыбырай Алтынсариннің өлеңдер жинағы










Сабақтың

соңы

Кері байланыс

5 мин





Рефлексия: «Бес саусақ»

  1. Дамытқан дағдым: тыңдауды үйрендім.

2.Қиын сөз: Шетел азаматтарының есімдерін есте сақтау және термин сөздер.

3.Көңіл күйім: жақсы

4.Кімге көмектестім? топ түшелеріне

5.Қандай ой түйдің?

Үйге тапсырма: Телефон арқылы байланыс жасау тақырыбында шылауларды қатыстыра отырып ойтолғау жазыңдар.


Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)






Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

  • Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

  • Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

  • Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

  • Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

  • Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

  • Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!