Материалдар / А.Кемелбаеваның "Шашты" әңгімесі бойынша тест тапсырмалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

А.Кемелбаеваның "Шашты" әңгімесі бойынша тест тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиетінен Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сынып үшін А.Кемелбаеваның "Шашты" әңгімесі бойынша тест тапсырмалары(жауабымен)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2024
1786
10 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесі бойынша тест тапсырмалары


1.Кенжебектің атасын көрсет.

А. Тасқұл. Ә. Ерторы. Б. Құлпейіс. В. Атажан.

2. Жылқышы шал баламен қоштасарда қолына не ұстатты?

А. Ер-тоқым. Ә. Найза. Б. Шоқпар. В. Қамшы.

3.Кенжебек тұтқынға түскенде неше жаста еді?

А. 15. Ә. 13. Б. 14. В. 11.

4. Тұтқын жылқышы қартты тап.

А. Тасқұл. Ә. Ерторы. Б. Құлпейіс. В. Кенжебек.

5.Кенжебек қай елге тұтқынға түсті?

А. Қырғыз. Ә. Өзбек. Б. Түрікпен. В. Ноғай.

6. « - Ұлым, ат арқасында тіп-тік түзу отырғаныңды талай мәрте байқадым. Шап айылын қатты тартып мін. . . ». Қай кейіпкердің сөзі?

А. Тасқұл. Ә. Ерторы. Б. Құлпейіс. В. Атажан.

7. Тұтқын жылқышы қартқа түрікпендер қандай ат қойды?

А. Тасқұл. Ә. Ерторы. Б. Құлпейіс. В. Азбанқұл.

8. Бала қашқанда қандай ұран айтты?

А. Абылай. Ә. Ағатай. Б. Ойбас. В. Қабанбай.

9. Бәйгеге неше ат тігілді?

А. 20. Ә. 30. Б. 40. В. 50.

10. Бала қашпас бұрын неден қорықты?

А. Елі қабылдамайды деп.

Ә. Түрікпендер ұстап алып, өлтіреді деп.

Б. Еліме жете алмаймын деп.

В. Тасқұл сатып жібереді деп.

11. Кенжебекке ерді жылқышы шал . . . . . . жасап берген. Керекті сөзді тап.

А. қайыңнан Ә. Еменнен Б. қарағайдан В. жөке ағашынан

12. Қазақ шал . . . . . . жылқыны аунатты. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қой.

А. астау толы суға

Ә. жал-жал құмға

Б. шөпке

В. балшық сазға

13. «Шашты» әңгімесінің жанрын анықта.

А. Роман. Ә. Повесть. Б. Очерк. В. Әңгіме.

14. Әңгіме неліктен «Шашты» деп аталды?

А. Кенжебектің шашын қиюына байланысты.

Ә. Кенжебектің шашының тез өсуіне байланысты.

Б. Кенжебектің шашының ұзындығына байланысты.

В.Кенжебектің еліне келгенде шашының қалың болып өсіп кетуіне байланысты.

15.Кенжебек еліне келгенде бата берген кім?

А. Ақсақал. Ә. Би. Б. Дуана. В. Атасы.

16. Жазушы оқиғаны қандай әдіспен жеткізген?

А. Суреттеу. Ә. Монолог. Б. Баяндау. В. Сипаттау.

17. Үзіндіде автор кейіпкердің кескін-келбетін суреттеуде бейнелеу тәсілінің қай түрін қолданған?

А. Мінездеу. Ә. Пейзаж. Б. Портрет. В. Кейіптеу.

18. Үзінділердің ретіне қарап, әңгіменің қандай ерекшелігін анықтауға болады?

А. Жазушының стилі.

Ә. Кейіпкерлерді сипаттауы.

Б. Сюжеттің бірте-бірте өрбуі.

В. Кейіпкерлерді талдауы.




19. Қай үзіндіде оқиға мерзімі көрсетілген?

А. Ешқашан алақан жайып, бата берген жан емен. Батамды бердім! Темірқазықты жадыңа мықтап тұт, шөмішті шоқ жұлдыздар ылайым оң жолға салады. Оразалы құтылар, бейнетті тұтылар.

Ә. - Жылқышы ата, қашуын қашармын, бірақ мен қайтар жолды білмеймін. Әмудариядан өте алмасам, өлдім ғой. Жау қолына қайта түссем, осы күніме зар болып, озандап қалармын.

Б. Алпыс жыл табыннан шашау шығармай, жылқысын ерен адал баққан егде қазақтың шегір көзіне көзі түскенде Атажан бай ыза-ашуы күрт басылып, табан астында өзгеріп шыға келді.

В. Бала тез тітіркеніп, қорқып кетті, үкідей дөңгеленген көзіне шүпілдей үрей толды.

20. Үзіндідегі кейіпкердің іс-әрекетінен оның қандай ерекшелігін байқадың?

-Жылқыша ата, мен ойласам... қашу михнаты тым қиын сияқты, - деп күмілжіді Кенжебек көзімен жер шұқылап.

А. Сенімділік. Ә. Өз-өзіне сенімсіздік. Б. Батырлық. В. Қайсарлық.

21. Шығарманың тарихи құндылығын анықта.

А. Шығармада көтерілген мәселенің заманнан заманға өтіп, әрбір заманда да өзекті бола білуі.

Ә. Шығармада мазмұн мен мағына, ой-сезім байлығы, олардың түрлі суреттеулер арқылы көркем жеткізілуі.

Б. Шығармада тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметінің көрініс беруі.

В. Екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынас.

22. Үзіндінің тарихи және көркемдік құндылығын тап.

А. Автор аспан денелеріне қатысты ақпаратты халық ұғымындағы Баба түкті Шашты Әзизбен шебер байланыстырып, көркем тілмен жеткізе білген.

Ә. Автор Кенжебектің дүниеге келген сәтін шебер жеткізе алған.

Б. Автор кәрі мен жастың диалогы арқылы халық дәстүрінен хабар береді.

В. Автор Кенжебектің тұтқынға түсуін шебер жеткізе білген.

23. Үзіндіде қандай көркемдегіш құралдардың қолданылғанын анықта.

Тұйық судай тұнжырап тұратын шегіре көзіне от толып, жасынша жарқ етті.

А. Метафора, метонимия.

Ә. Теңеу, эпитет.

Б. Кейіптеу, синехдоха.

В. Гипербола, литота.

24. «Шашты» әңгімесінде қандай ұлттық құндылықтар баяндалады?

А. Ұлттық намыс, бата беру.

Ә. Ұлттық дәстүр, шапқыншылық.

Б. Аманат, әңгімені баяндау.

В. Ат баптау, әңгімені сипаттау.

25. Әңгіменің стилін анықта.

А. Публицистикалық стиль.

Ә. Ғылыми стиль.

Б. Көркем әдебиет стилі.

В. Ресми ісқағаздар стилі.

26. «Шашты» әңгімесі қандай оқиғадан басталады?

А. Кенжебектің Атажан байдың тойына келуі, бәйгеге ат шаптыруы.

Ә. Кенжебектің түрікпен еліне қонаққа келуі.

Б. Кенжебектің еліне қашып кетуі.

В. Ежелгі түрікпен елінің Сыр бойы қыпшақтан алған қалың жылқыны дүркірете қуып, онымен қоса он бір жасар баланы құлдыққа түсіруі.

27. Автор неліктен кейіпкер баланың есімін Кенжебек деп алып, соңынан Шашты деп атайды?

А. Жылқышы шалдың баланы осылай атауынан.

Ә. Түрікпен елінің құл балаға қойған есімі.

Б. Ай мен күннің ауысуына байланысты атаған.

В. Шашының өлең шөптей қаулап өсіп, еліне шашты болып келуінен.

28. Кенжебектің қашқан тұлпары.

А. Тайбурыл.

Ә. Байшұбар.

Б. Түрікпенбоз.

В. Тарлан.

29. Қай ханның тұсында Шашты жорықта қол бастады?

А. Абылай ханның

Ә. Әз Тәуке ханның

Б. Жәнібек ханның

В. Кенесары ханның.

30. Кенжебек бала ата ақылымен жол азыққа не дайындады?

А. Қазы мен жая.

Ә. Екі кесек таба нан, кепкен майлы құрт.

Б. Ірімшік пен айран.

В. Көже мен шалап.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!