Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

әКЕМНІҢ АЛТЫН ІЗІМЕН.......

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал менің әкеме арналады. Бұл материалда мен өз әкеме деген құрметімді, рахметімді жеткіздім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әкемнің алтын ізімен...

«Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.» (А.Македонский)

Шыныменде! Ұстаз алдындағы қарызымыз өте үлкен. Ал, егер сол ұстаз әрі сіздің әкеңіз болса, онда бұл қарыз еселене түседі. Ес білгелі ұстаздық- менің өмірімнің ажырамас бір бөлігі болып келеді.

Анам, әкем, әпкелерім.... мен жалпы ұстаздардың отбасында дүниеге келдім. Балалық шағымнан анам мен әкемнің топ-топ дәптерлерді тексеріп, журнал толтырып, кітап оқып отырған кездерін көріп өстім. Анам бастауыш сынып, ал әкем физика пәні мұғалімі болатын. Жастайымнан ұстаздыққа құрметпен қарап олардың еңбектерін бағалап келемін. Мектеп кезінде жүргенде мен өзімнің болашақта әкем сияқты ұстаз болатындығымды көз алдыма елестететінмін.

Менің әкем Қыдыралиев Калшеріп Қыдыралыұлы – өмірінің 41 жылын осы салаға арнаған Ұлағатты ұстаз.

Shape1 Кеңес үкіметі кезінде халыққа білім беру саласындағы ұзақ жылғы адал еңбегі үшін "Еңбек ардагері" медалімен марапатталған, түрлі дәрежедегі мемлекеттік медальдар мен алғыс хат, мақтау қағаздарының иегері, ауылымыздың құрметті азаматы. Әкем Қарақалпақ Мемлекеттік педагогикалық институтын 1961 жылы физика пәнінің мұғалімі мамандығымен бітіріп шығып, сол жылдан бастап ұстаздық қызметін атқара бастаған. 1990 жылы менің ауырып қалуымның себебінен әкем отбасымызды Қазақстанға көшіріп алып келді. Біздер қазіргі Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған бекетіне қоныс аудардық. Сол жылы Шамалғандағы ВЛКСМның 30 жылдығы атындағы орта мектепке анам мен әкем жұмысқа орналасып алғашқы қазақ сыныптары ашыла бастады. Біз келген жылдары ауылымда 99 пайыз орыс, неміс ұлтының адамдары тұратын. Мектепте қазақ сыныптары аз, ал көшеде қазақ балаларын кездестіру мүмкін емес еді. 1991 жылы осы мектепке мен де 1- сыныпқа бардым.Уақыт өте келе мектебімізде қазақ сыныптары көбейіп, жан – жақтан қандастарымыз көптеп көшіп келе бастады. 1996 жылы қаңтар айынан бастап мектебіміздің атауы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп болып ауысты. Менің әкем маған физика пәнінен сабақ беретін. Физика сабағында түрлі – түрлі приборларды көрсетіп, қызықты зертханалық жұмыстар жасап, тәжірибелер жүргізетініміз әлі есімде. Әкем ешқашан мектепке автобуспен барған емес. Таң атпай қоңыр папкасын қолтығына қысып жаңбыр болсын қар болсын, ауа – райының ыстығына, суығына қарамай мектепке жаяу кететін. Жанына ілесе отырып ауыр сөмкемді арқалап сабаққа менде ілесе шығатынмын. Сонда әкем бір дамылдамай, артына қарамастан мектепке жеткенше мен артынан қалмауға барымды салып, ентігіп, шалынып құлап, қайта тұрып жүгіріп жетіп еріп отыратынмын. 2002 жылы мен 11 – сыныпты аяқтаған жылы менің әкем зейнеткерлікке шықты. Сол жылы мен өзім үшін «осы мектепте әкемнің жолын жалғастырамын» - деп шештім. 2006 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетін физика пәні мұғалімі мамандығымен бітіріп келіп өз мектебіме ұстаз болып орналастым. Содан бері 15 жыл өтті. Қазір мен отбасылы көпбалалы анамын. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте физика пәнінен сабақ беремін. Әлі күнге дейін әкеме барып ақыл кеңесін сұрап, сөресінде тұрған кітаптарын қолданып отырамын. Әкемнің бөлмесінде әлі күнге дейін Кеңес Үкіметі кезіндегі физика пәнінен таптырмас оқулықтар жиналып тұр. Әкем биыл 85 жасқа толды. Қазіргі таңда 7 баласынан 28 немере 4 шөбере көріп отырған ақ сақалды қария. Мереке сайын алтын ұямызға барып ардақты әкемнің жүзін көріп, аяулы анамның иісін иіскеп, мәз мейрам болып қайтамыз. Аллам осы кісілерге ұзық ғұмыр беріп алдымызда аман есен жүруін нәсіп етсін деп тілей отырып төмендегі өлең жолдарын арнаймын.

Әкемнің алтын ізімен.......

Мейірім шашқан жүзінен

Ұстаздың көрдім жүзін мен.

Еңбегін жалғап келемін

Әкемнің алтын ізімен.



Заманның сақтап талабын,

Жалындап оттай жанамын.

Әкемнің салған ізімен

Ұстаздық етіп барамын.



Үстіне шығып ақ тайдың ,

Дамылдап тыным таппаймын.

Сеніммен артқан әкемнің

Үмітін сірә ақтаймын.



Өтеді күндер талай мың

Бақытқа мұны балаймын.

Алдымда Ұлы ұстаз боп

Жүргеніңізді қалаймын.



Шыңына әлі жетпедім,

Аларым сізден көп менің.

Толтырып жазып алайын

Ұстаздығымның беттерін.



Ардақты әкем бақытым

Ұсынған әркез сарқытын.

Келіп тұр еккен талыңның

Жемісін жейтін уақытың.

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі

Кыдыралиева Нуржайна Калшериповна









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.07.2021
293
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12