Материалдар / "Әкенің тұлғалық қасиеттері" эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Әкенің тұлғалық қасиеттері" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайды Абай еткен Мұхтар, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дегендей, мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясын 11-сыныптармен өткен кезде жазылған үздік эссенің бірі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2019
679
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайға берген әке тәрбиесінің негізінде жатқан тұлғалық қасиеттерді дәлелдеп жазыңыз

Әкесі қой баға білмегеннің –

Баласы қозы баға алмайды.


Абайды Абай еткен Мұхтар, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дегендей, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайға әке тәрбиесінде жасырын жатқан тұлғалық қасиеттері қандай! Абайдың әкесі Құнанбайдың тәрбиесі не себепті қатыгез де, қатал болды деген сан түрлі сұрақтар кез-келген оқырман ойын сан-саққа баурап алары анық. Біз де осы тақырып барысында сыныптастарымызбен ұзақ уақыт пікірталас өткізген болатынбыз. Сол пікірталас барысында менің байқағаным, Абайға берілген Құнанбайдың тәрбиесін көптеген оқушылар қатыгез, қатал, әделетсіз деп көп сынға алды. Неге? Не себепті? Қодар мен Қамқаның өлімінен бе? Әлде әділетсіз әкенің өз қызы Кәмшатты татулықтың құны ретінде Бөжейге сыйлауы ма? Осы тұста пікір екіге бөлінді. Абайдай ұлды дүниеге келтірген Құнанбай қалайша озбыр, жаман әке болуы мүмкін? Қазақтың бас ақыны, Абай атамыз тарихта ойып орнын қалдырған Құнанбай мен Ұлжан анамыздың қаны мен жанынан нәр алған ұл емес пе?

Құнанбай аса дәулетті бай, биліктің саясындағы ауыл болысы болды. Құнанбай өз баласы Абайды билікке тартты, ел ісіне араласқанын қалады. Ол өз баласының ақын, жазушы болғанына түбегейлі қарсылық танытты. Абай жастайынан зерек болып, әжесі Зеренің ертегілерінен сусындап өсті, анасы Ұлжанның жұмсақ мінезіндегі құндылықтарды да, әкесі Құнанбайдың әділ әрі қатал тәрбиесін де көрді. Абай билік өкілі болуды қаламады, ол ақындық жолдың жолаушысы болуды көздеді.

Менің ойымша, Құнанбайдың Абайға берген тәрбиесі орынды әрі жөнді. Құнанбай болыс болды, Абайды билік басына шақырды, онысы дұрыс. Неге? Бұрын қалай болды? Қазір де дәл солай. Қазіргі таңда да билік басындағы шенеуніктеріміз де өз балаларын, өз туыстарын билік басына тартатыны белгілі және оны көріп те жүрміз. Көптеген оқырмандар, оқушылар Құнанбайдың Қодар мен Қамқаны аса айуандықпен өлтіртілгенін көп саралайды, әділетсіздік деп санайды. Шындығында олай емес. Сол кездегі заң солай болды., өліс жазасына кесілді, қаза тапты. Бұл ісі Құнанбайдың халық алдында, билік алдында әділеттілігін паш етті және солай жасауға мәжбүр болды. Қазір, біздің заманымызда, елімізде заңдар жинағында өлім жазасы атымен жоқ, мүмкін, болғанда заң өкілдеріміз Құнанбайдың әділеттілігін қайталауы да ғажап емес. Бүгінде балалар, жасөспірімдер неге Құнанбайдың қаталдығын әділетсіздік деп санайды?

Себебі, бұл ХХІ ғасыр – әйел мен ер теңдігі қалыптасқан, кез-келген бала еркіндікте, әке тәрбиесі тым қатал емес. Сондықтан да жас жеткіншектеріміз Құнанбайдың Абайға деген қатал тәрбиесіне селқос және жеңіл оймен қарайды деп есептеймін. Мен елімізде Құнанбайдай әкелеріміздің болғанын қалаймын және де осындай әкелер қазіргі қоғамда еліміздің отыз елдің қатарына ену үшін өз үлесін қосатын қайсар да қайратты жастар тәрбиелеуге керек екендігін үлкен қаріптермен айтқым келеді. Сөз соңында өз ойымды мына өлең шумақтарымен дәйектеп қорытқым келеді:

Ұшқыр ой мен ақыл керек адамға,

Тәрбиемен сусындайды балаң да!

Абайымдай ұлым болсын десеңіз

Құнанбайдай әке болыңыз заманға!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!